Азаматтық іс жүргізудегі тараптар және олардың маңызыдылығы
Кіріспе ... ... ... ..3
1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар және олардың маңызыдылығы
1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың түсінігі ... ...4
1.2 Азаматтық істегі тараптардың құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ...11
2. Азаматтық іс жүргізудегі біріккен қатысушылық және оның тараптардың мәртебесіне ықпалы
2.1 Азаматтық іс жүргізудегі біріккен қатысушылықтың түсінігі ... ... ...23
2.2 Тиісті емес жауапкер түсінігі және процестегі рөлі ... ... ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ...28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... .29

Азаматтық іс жүргізу құқығы мен заңдылығы ғылымында тараптарды іс жүргізу құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде іске қатысушы тұлғалар қатарына қосу туралы жағдай жалпы танылған сот пен істегі тараптар арасында туындайтын қатынастар негізгі азаматтық іс жүргізу-құқықтық қатынастар болып табылады. Сондықтан тараптар азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары болады. Азаматтық құқық туралы олардың арасында туындаған дау сот қарауы мен шешуінің пәніне айналады. Азаматтық істе заңда тараптар түсінігі ашылмайды және талапкер мен жауапкер үшін ортақ болатын заңды белгілер көрсетпейді, сол себептен бұл сот тәжірибесінде құқық қолдану кезінде белгілі қиындықтарға әкеледі. Азаматтық іс жүргізу кодексінде тек істегі талапкер мен жауапкер түсініктері, сондай-ақ тараптар болуы мүмкін тұлғалар тізімі ғана көрсетілген.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында бұл түсінік толықтай өңделген:
- тарап бұл даулы материалды – құқықтық қатынастың ықтимал субъектісі;
- тарап бұл құқық туралы даудың субъектісі;
Негізінен бұл екі анықтама арасында айырмашылық жоқ. Екеуінде де тұлға құқығын қорғау туралы айтылады. Яғни, міндет жүктелетін тараптыда ескереді. Ал бір тұлға құқығы мен басқа тұлғаның міндеті құқықтық қатынас болып табылады. Бұл екі анықтама әртүрлі болып қалыптасқанымен мәні бірдей және нәтижесінде бір затты білдіреді. Осылай істегі тарап түсінігін материалды–құқықтық қатынастар субъектілері түсінігімен анықтайды. Даулы материалды–құқықтық қатынас қатысушылары істе сәйкес емес тұлға қатысқан жағдайдан басқасында істегі тараптар болып табылады. Азаматтық істі қозғағанда талапкердің қорғау туралы өтінген субъективтік құқығының оған тиістілігі және құқық шынымен бұзылғаны не даулы екендігі туралы, сондай-ақ талапкер жауапкер ретінде жауапқа тартуды өтінген тұлға талап бойынша жауап беруі тиіс екені туралы нақты бекітіп айтуға болмайды. Негізгі жағдайды сот істі қараған кезде ғана анықтайды. Сондықтан, тараптар болып материалды–құқықтық қатынастың нақты не ықтимал субъектілері танылады.

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы 30–шы тамыз 1995 жыл.
2.ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі. Алматы, 2007 ж
3.“Азаматтық іс жүргізу құқығы « Е.О.Егембердиев Алматы 2006
4.Егембердиев Е.О. «Азаматтық іс жүргізу құқығы» Алматы 2006ж
5.Тұрлыбеков Қ., Есенжолова А.« Азаматтық іс жүргізу құқығы» Алматы 2012ж

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ..3
1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар және олардың маңызыдылығы
1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың
түсінігі ... ... ... ... ... , ... .. ... ... ... ..4
1.2 Азаматтық істегі тараптардың құқықтары мен міндеттері
... ... ... ... ...11
2. Азаматтық іс жүргізудегі біріккен қатысушылық және оның тараптардың
мәртебесіне ықпалы
2.1 Азаматтық іс жүргізудегі біріккен қатысушылықтың түсінігі
... ... ...23
2.2 Тиісті емес жауапкер түсінігі және процестегі рөлі ... ... ... ... ... ... .26
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер

...29
Кіріспе
Азаматтық іс жүргізу құқығы мен заңдылығы ғылымында тараптарды іс
жүргізу құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде іске қатысушы тұлғалар
қатарына қосу туралы жағдай жалпы танылған сот пен істегі тараптар арасында
туындайтын қатынастар негізгі азаматтық іс жүргізу-құқықтық қатынастар
болып табылады. Сондықтан тараптар азаматтық іс жүргізудің негізгі
қатысушылары болады. Азаматтық құқық туралы олардың арасында туындаған дау
сот қарауы мен шешуінің пәніне айналады. Азаматтық істе заңда тараптар
түсінігі ашылмайды және талапкер мен жауапкер үшін ортақ болатын заңды
белгілер көрсетпейді, сол себептен бұл сот тәжірибесінде құқық қолдану
кезінде белгілі қиындықтарға әкеледі. Азаматтық іс жүргізу кодексінде тек
істегі талапкер мен жауапкер түсініктері, сондай-ақ тараптар болуы мүмкін
тұлғалар тізімі ғана көрсетілген.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында бұл түсінік толықтай өңделген:
- тарап бұл даулы материалды – құқықтық қатынастың ықтимал субъектісі;
- тарап бұл құқық туралы даудың субъектісі;
Негізінен бұл екі анықтама арасында айырмашылық жоқ. Екеуінде де тұлға
құқығын қорғау туралы айтылады. Яғни, міндет жүктелетін тараптыда ескереді.
Ал бір тұлға құқығы мен басқа тұлғаның міндеті құқықтық қатынас болып
табылады. Бұл екі анықтама әртүрлі болып қалыптасқанымен мәні бірдей және
нәтижесінде бір затты білдіреді. Осылай істегі тарап түсінігін
материалды–құқықтық қатынастар субъектілері түсінігімен анықтайды. Даулы
материалды–құқықтық қатынас қатысушылары істе сәйкес емес тұлға қатысқан
жағдайдан басқасында істегі тараптар болып табылады. Азаматтық істі
қозғағанда талапкердің қорғау туралы өтінген субъективтік құқығының оған
тиістілігі және құқық шынымен бұзылғаны не даулы екендігі туралы, сондай-ақ
талапкер жауапкер ретінде жауапқа тартуды өтінген тұлға талап бойынша жауап
беруі тиіс екені туралы нақты бекітіп айтуға болмайды. Негізгі жағдайды сот
істі қараған кезде ғана анықтайды. Сондықтан, тараптар болып
материалды–құқықтық қатынастың нақты не ықтимал субъектілері танылады.

1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44-бабында
іске қатысушы тұлғалар құрамына кіретін іс жүргізу қатысушыларының тізімі
тараптарды анықтағаннан басталады. Бұндай құзыретті тараптарға қатысты
мойындау олар іске қатысушы тұлғаларға тән келесі белгілерге сай келетінін
білдіреді:
- іс шешіміне заңи қызығушылық таныту;
- істе өз атынан және өз мүдделерін қорғау үшін қатысады;
- өз алдына әрекеттер жасау құқығына ие;
- сот шешімінің және іс бойынша өндірісті тоқтату туралы анықтаманың заңды
күшінің әсері таралады;
- заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтар мен міндеттерге иеленеді;
Көрсетілген белгілердің ішіндегі заңи қызығушылық таныту ерекше мәніге
ие. Даулы материалды – құқықтық қатынас қатысушылары ретінде тараптардың
заңи қызығушылығының ерекшелігі іске қатысушы өзге тұлғалармен
салыстырғанда тараптардың іс шешімінде материалды – құқықтық және
қызығушылықтарының болуы болып табылады. Материалды – қ іс жүргізу құқықтық
қызығушылықтың мәні соттың талапкер үшін талапты қанағаттандыру немесе
жауапкер үшін одан бас тарту туралы шығаратын шешімге байланысты пайда алу
не оны сақтап қалу болады. Іс жүргізушілік қызығушылық деп іске қатыса
отырып сот өндірісіне қатысушы күтетін және оған ұмтылатын істі қарау мен
шешудің нәтижесін түсінуіміз керек, яғни талапкер үшін бұл талапты
қанағаттандыру туралы шешім шығаруды, ал жауапкер үшін талаптан бас тарту
туралы шешім шығаруды күту. Екі тарап үшін де процессуалдық қызығушылық
соттан тараптар арасындағы дауды шешетін шешім алумен байланысты болады.
Тараптардың заңды мүдделері қарама – қарсы болып табылады. Себебі, тараптар
материалды – құқықтық және заңды мүдде туралы дау жағдайында болады.
Субъектілері істе тарап болатын құқық туралы дау, яғни даулы материалды –
құқықтық қатынас сотта істі қараудың пәні болып табылады. Сот тараптар
арасындағы құқық туралы дауды қарастырып шешім немесе тараптардың ерік
білдіруіне байланысты, яғни талаптан талапкердің бас тартуымен не бейбіт
келісім орнатумен байланысты істі қарауды тоқтату туралы анықтама шығарады.
Осылай, сот актілерін шығару жолымен азаматтық құқықтық дау субъектілерінің
тәртіп ережелері анықталады. Сондықтан сот шешімінің заңды күшіне енуіне
байланысты туындайтын салдар толық көлемде тек тараптарға ғана таралады.
Тараптар – бұл субъективтік құқықтары мен міндеттеріне байланысты сот
қызметі жүзеге асатын тұлғалар. Сол себептен заң оларға сот шығындарын өтеу
міндетін (бұл шығындарды өтеуден босату жағдайларын қоспағанда) жүктейді.
Жоғарыда аталғандар іс жүргізудегі тараптарды сипаттайтын келесі ерекше
белгілерді көрсетуге мүмкіндік береді.
- қарама-қайшы материалды – құқықтық және іс жүргізушілік
қызығушылықтардың болуы;
- Заңды күшіне енген сот шешімі салдарының толық көлемде таралуы;
- Іс бойынша шығындарын өтеу;
Талап қою бойынша істі қозғаумен байланысты ғана тараптар арасындағы
құқық туралы дау сотта қарау пәні болмайды. Құқық туралы даудың болуы
ерекше талап өндірісінің де ерекше белгілерінің бірі болады. Әрекет етуші
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу заңдылығы құқық туралы
даулары ерекше талап өндіру тәртібінде шешіліетін субъектілерді іс
жүргізудегі тараптар деп атауға мүмкіндік береді. Осы жерде келесі
қорытынды шығады тараптар тек жай талап өндірідің ғана емес, сонымен қатар
ерекше талап өндірудің тұлғалары болып табылады. Қазақстан Республикасының
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 48-бабына сәйкес іс жүргізудегі тараптар
болып талапкер мен жауапкер танылады.
Талапкер мен жауапкер – бұл құқықтары туралы дауды сот қарастыратын
тұлғалар. Осылай азаматтық іс жүргізуде әр уақытта екі тарап болады.
Олардың бірі талапкер, екіншісі жауапкер деп аталады.
Талапкер – бұл өз мүдделерін қорғау үшін талап қойған, не олардың
мүдделеріне қатысты талап қойылған азамат пен заңды тұлға. Талапкер істе
құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты туындаған құқық туралы дауы сот
шешетін тараптардың бірі, яғни даулы құқық пен заңи мүдденің ықтимал
субъектісі.
Сотқа талап қою туралы шағымданған тұлға әрдайым талапкер болмайды.
Азаматтық істер мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару
органдары, азаматтар не прокурор азаматтардың, заңды тұлғалардың, қоғамдық
және мемлекеттік мүдделердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін
қорғау мақсатында шағымданған жағдайда да қозғалуы мүмкін. Бұл шешім
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 48-бабының 3- тармағынан шығады. Бұнда
келесі норма бекітілген: Өзге тұлғалар құқықтары мен, бостандықтары мен
заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа шағымдануға заң бойынша құқығы бар
тұлғалар мүддесіне қатысты іс қозғаған тұлғаларды сот туындаған іс туралы
алдын ала ескертеді және олар сотта талапкер ретінде қатысады. Бұл жағдай
өз кезегінде келесі басқа іс жүргізушілік нормаларының мазмұнына
негізделеді: егер талапкер прокурор ұсынған талаптар мен келіспесе, онда
сот үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделеріне кері
әсер етпейтін болса талапты қараусыз қалдырады. Егер мүдделеріне қатысты
мемлекеттік орган яғни жергілікті өзін-өзі басқару органы, ұйым не жеке
азамат іс қозғаған тұлға қойылатын талаптармен келіспейтін болса, онда сот
үшінші тұлғаларға кері әсе етпесе істі қараусыз қалдырады. Тиісті құзыреті
болғанда өкілдікке алушы атынан және оның мүдделерін қорғау үшін істе
әрекет ететін сот өкілі талап қою арызына қол қоя және оны ұсына алады.
Азамат әрекет қабілеттілікті толық не толық емес еселенетініне қарамастан
іс жүргізуде тарап болып саналады. Талапкердің мүдделерін қорғау үшін іске
қатысушы тұлғалар сотта оның өкілдері жағдайына иеленеді. Яғни талап қою
талапкерді анықтайтын белгі болып табылмайды. Іс бойынша талапкерді
анықтағанда сот кімнің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтынын,
материалдық пайданы алуда және мәжбүрлеп орындалатын сот шешімінің өзі үшін
тиімді болуын күтуде кім қызығушылық танытатынын ескеру керек.
Жауапкер - өзіне қатысты талап қойылған азамат немесе заңды тұлға.
Жауапкер бұл талапкердің пікірінше, оның құқықтары мен заңды мүдделерін
бұзған құқық туралы даудағы екінші тарап.
Іс жүргізуде тараптар ретінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен
заңды тұлғаларынан басқа шетел құқығының субектілері, яғни шетелдіктер,
азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңи тұлғалар, халықаралық ұйымдар
олардың құқықтары дау қатысуымен Қазақстан Республикасының соттары құқық
туралы дауды қарастыратын болса қатыса алады. Заңмен қарастырылған жағдайда
заңды тұлға болып табыдмайтын мекемелер де тараптар бола алады. Іске тарап
ретінде заңды тұлға емес мекеменің қатысу мүмкіндігіне М.А Викут көңіл
бөлген: Азаматтық іс жүргізу кодексі Азаматтық іс жүргізуде заңды тұлға
болап табылмайтын мекеменің тарап ретінде қатысуына бөгет етпейді. Істегі
тараптар ретінде тек заңды тұлға болатын мекемелер ғана қатысады деген
қорытынды процессуалдық нормалардан шықпайды. Заң шығарушы басқа анықтама
заңды тұлға құқықтарын пайдаланатын қолданған. Сондықтан тарап ретінде
заңды тұлға болып табылатын, сонымен қатар заңды тұлға құқықтарын
қолданатын мекеменің қатысуына жол беріледі. Заңды тұлға емес мекеменің
тарап ретінде қатысуына мысал ретінде ұжымдық еңбек дауы бойынша азаматтық
істі келтіруге болады. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 8 шілдесінде
қабылданған Ұжымдық еңбек туралы заңының 1-бабы 1-тармағында келесілер
анықталған: Ұжымдық еңбек даулары – бұл мекемелерде еңбек ақысын төлеу мен
жұмыс жағдайларын орнату және өзгерту, ұжымдық шарттар мен келісімдерді
орындау, сондай-ақ әрекет етуші заңдылықтарды, ұжымдық шарттар мен
келісімдерді қолдану мәселелеріне байланысты жұмыс беруші мен жұмысшылар
ұжымы арасындағы келіспеушіліктер. Яғни құқық туралы дау тараптары
жұмысшылар ұжымы талапкер және жұмыс беруші жауапкер болып табылады. Еңбек
туралы заңдылықтың немесе өзге нормативті құқықтық актілерді қолдануға
байланысты ұжымдық еңбек дауларын тараптардың бірінің өкілі берген арыз
бойынша сот қарастырады. Құрылтай құжаттарына сәйкес өкілдік етуге
құзыретті кәсіподақ органдары мен оның бірлестіктері, мекеме жұмысшылары
жиналысында құрылған қоғамдық органдар мен оның бөлімшелері және
өкілдіктері жұмысшылырдың өкілдері болып табылады. Тараптар іске қатысушы
барлық тұлғалар сияқты құқықтарға иеленіп, міндеттер атқарады. Бірақ,
азаматтық құқықтық дау субъектілері ретінде тараптарға талап қою қызметін
жүзеге асыруға және оған шағымдануға, сондай-ақ құқық туралы дау объектісін
иеленуге мүмкіндік беретін тек оларға тиіс процессуалды құқықтар мен
міндеттер беріледі.
Заңда азаматтық іс жүргізуге қатысушылардың нақты тізімі жоқ.
Азаматтық іс жүргізуге қатысушыларын негізгі үш топқа бөлуге болады:
Бірінші топқа сот пен сот орындаушысы; Екінші топты іске қатысушы тұлғалар
құрайды. Олар тараптар, үшінші тұлғалар және Азаматтық іс жүргізу
кодексінің 41-бабында көрсетілген өзге тұлғалар. Өз кезегінде олар екі
топқа бөлінеді :
- іске өз атынан және өз мүдделерін қорғау үшін қатысатын және іс
шешілуінде материалдық және құқықтық қызығуы бар тұлғалар;
- іске өз атынан, бірақ басқа адамдар мүдделерін қорғау үшін қатысатын,
сонымен қатар іс шешімінде тек құқықтық қызығуы бар адамдар.
Тараптар яғни талапкер мен жауапкер – азаматтық іс жүргізудің негізгі
қатысушылары.
Талапты өндіру тараптары талапкер мен жауапкер болып табылады.
Талапкер мен жауапкерлер ретінде жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
Әрекет етуші азаматтық іс жүргізу заңдылығы азаматтық іске талапкердің
қатысуының екі негізгі нысанын ажыратады.
Біріншіден, сотқа өзінің бұзылған не дауласушы құқығын қорғау үшін
шағымданған тұлға талапкер болып табылады.
Екіншіден, талапкер болып өзге тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын
мүдделерін қорғау үшін сотқа шағымдануға құықығы бар тұлғалар мен айыптаушы
арызы бойынша қозғалатын істе қызығушылығы бар тұлға табылады.( А.І.Ж.К 33-
б. 2-б.)
Бірінші жағдайда істі талапкер бастайды, ал екіншісінде туындаған іс
туралы хабарлаған сотпен іске қатысады.
Бұл нормаларды салыстыру талапкерді даулы құқығы не сот қарастыратын дауда
заңмен қорғалатын мүдделерін иеленуші тұлға ретінде сипаттауға
болады.Сонымен талапкер презумпциясы туралы айтуға болады. Бұл презумпция
біріншіден, сотқа шағымданғанда хабарлайтын дәлелдемелер, екіншіден, даулы
материалды-құқықтық қатынас қатысушыларының мүмкін тізімін анықтайтын құқық
нормаларының бастамаларына негізделген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде жауапкердің
нақты түсінігі жоқ. Азаматтық іс жүргізі кодексінің 44 және 48 баптарының
салыстырмалы талдауы жауапкер туралы , біріншіден сотқа шағымданушы
тұлғаның субъективтік құқықтары мен мүдделерін бұзушы тұлға ретінде ,
екіншіден талапкердің субъективтік құқықтары мен мүдделерін ықтимал бұзушы
ретінде сот іске тартатын тұлға ретінде айтуға мүмкіндік береді. Яғни
жауапкер бұл талап қойылған тұлға, сонымен қатар сот талап бойынша жауап
беру үшін тартатын тұлға.
Талапкерге қатысты сияқты, жауапкерге қатысты өз презумпциясы әрекет
етеді. Оған сәйкес негізінен талап қойылған тұлға (талап бойынша жауапқа
тартылған) ақырында бұл талап бойынша жауап бермейді. Талапкер мен
жауапкердің процессуалдық мүдделері өзара қарама- қайшы. Талапты өндіру
кезінде іс тараптар атынан жүреді. Сот шешімі ең алдымен талапкер мен
жауапкерге таралады. Тараптар іс бойынша сот шығындарын өтейді.
Тараптардың процессуалдық жағдайы олардың процессуалды құқықтары мен
мүдделерінде көрініс табадаы. Субъективтік құқықтар мен заңмен қорғалатын
мүдделер сот қарауының пәні болып табылады. Сот шешімдерінің заңдылығы мен
негізделуі іс бойынша барлық жағдайларды зерттеу мен бекітуді толық
жүргізуге байланысты. Көбінесе бұл іске қатысушы барлық тұлғалардың ең
алдымен тараптардың процессуалдық жағдайын дұрыс анықтаумен негізделеді. Іс
қатысушысының құқықтық жағдайын дұрыс емес анықтау сот қателігіне әкеледі.
Сондықтан іске қатысушылардың қайсысы тараптарға жататынын дұрыс анықтау
өте маңызды. Бұл мәселені шешу тәжірибеде қиындықтар туғызады.
Азаматтық іс жүргізу түсінігін азаматтық сот өндірісінің негізгі
қатысушыларының құқықтық жағдайын соттардың дұрыс анықтауына және оларға
заңмен берілген субъективтік құқықтарын қолдануға мүмкіндік береді. Бірақ
азаматтық процессуалдық заңдылыққа тараптар түсінігін кірістіру туралы
мәселе заңи әдебиеттерде даулы болып қала беруде. Теориялық жағынан ол
дұрыс өңделмеген. Бұл судья істі қозғағанда талаптың және сот отырысында
тексерілмеген өзге құжаттарға негізделген материалдық құқықтар
сәйкестігімен оның бұзылуы туралы тек қана алдын ала пікірі болуымен
анықталады. Сондықтан азаматтық істе талапкер мен жауапкер ретінде даулы
материалдық құқықтық қатынастың нақты, соныменқатар мүмкін субъектілер
қатысу жағдайлары ықтимал. Яғни, тұлғаны тарап деп тану үшін кем дегенде
даулы материалдық құқықтық қатынас субъектісі болуы туралы негізделген
түсінігі жеткілікті. Бұл тараптардың бірінші белгісі. Даулы материалдық
құқықтық қатынас субъектілерінің іс тараптарының болуын тараптардың басқа
белгісі – олардың іс шешіміндегі заңи қызығушылығының болуы анықтайды.
Тараптардың заңи қызығушылығы материалды құқықтық және процессуалдық
болып жіктеледі. Талапкердің материалды – құқықтық қызығушылығы талапты
қанағаттандыру туралы сот шешімінің оған әкелетін пайдасын алуды құрайды.
Бұнымен талапты қанағаттандыру туралы сот шешімін шығару талапкердің
процессуалдық қызығушылығы негізделген. Жауапкердің материалдық – құқықтық
қызығушылығы соттың талапкер алдында қандайда бір құқықтық міндеттемелері
жоқтығын шешіммен бекітуді құрайды. Сондықтан оның процессуалдық
қызығушылығы соттың талаптан бас тартуы туралы шешім шығару болады.
Сонымен, талапкер мен жауапкер қарама – қайшы материалды – құқықтық және
процессуалдық қызығушылықтар танытадыp.
Тараптардың заңи қызығушылықтары заңмен қарастырған жағдайда құқықтар мен
мүдделерін қорғау туралы арызбен шағымданған тұлғалар қызығушылығынан
ерекше болады. Бұл тұлғалардың мүдделері жеке сипатта емес және көбіне тек
процессуалдық, яғни соттың сотқа құқықтарын қорғау үшіншағымданған тұлғаның
пайдасына шешу болып табылады. Тараптар белгілеріне сонымен қатар шешімі
мен заңды күшіне енген барлық материалды – құқықтық және процессуалдық
салдардың (сот шешімінің обеътивтік және субъективтік шектері )
міндеттілігі де жатады. Дау пәніне жеке талаптар қоятын үшінші тұлғалардан
басқа іске қатысушы өзге тұлғалар үшін заң күшіне енген сот шешімі тек
кейбір салдар туындатады. Тараптар сонымен қатар іске өзінің субъективтік
құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін түсуімен сипатталады. Тараптар іс
бойынша сот шығындарын заң бойынша не сотпен босатылмаса өтейді. Сонымен
талапты өндіруге тараптарды сипаттайтын белгілерге жатады:
- істе заңи қызығушылықтың материалдық – құқықтық және процессуалдық болуы;
- өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін іс жүргізуге қатысу;
- сот шешімінің заңи күшіне енгенде оларға барлық материалды –құқықтық және
процессуалдық салдардың тарауы;
- іс бойынша сот шығындарын толтыру;
Аталғандар кеңестік азаматтық іс жүргізуде тараптар – бұл материалды
–құқықтық және процессуалдық қызығушылығы бар және заң күшіне тек сот
тәртібін реттелуі мүмкінқұқықтыр немесе өзара қатынас туралы арасында дау
туған азаматтық істегі материалды-құқықтық қатынастың нақты және ықтимал
субъектілері екендігі туралы нәтиже шығаруға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде азаматтық іс жүргізу құқығы теориясында азаматтық іс
қатысушылары түсінігінің екі түрлі анықтамасы бар. Олардың мәні келесі:
- тараптар бұл - даулы материалды – құқытық қатынастың нақты немесе ықтимал
субъектілері;
- тараптар бұл – құқық туралы дауларын сот шешуі тиіс тұлғалар.
Талап өндірісінде тараптар түсінігі туралы мәселені азаматтық іс
жүргізу құқығы теориясында шешудің кейбір аспектілері осындай болады.
Әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын істерге қатысатын тұлғаларды
тараптар деп есептеуге болатыны туралы әдебиетте біртұтас ой жоқ. Бір
ғалымдар бұндай тұлғаларды тарап деп есептейді, басқалары оларды тарап деп
есептеуге болмайды дейді, себебі тараптар түсінігі тек талап өндірісіне
ғана тиісті. Әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын істегі шағымданушы
және әрекетіне жасалған шағымға байланысты іске қатысуға тартылған
лауазымды тұлғаны (әкімшілік орган) тарап деп санау құқық сай сияқты. Бұл
істер бойынша соттар аталған тұлғалар арасындағы құқық туралы дауларды
қарастырып шешеді. Яғни бұл істер өзінің процессуалдық мәніне қарай талап
өндіру істерімен біркелкі болады. Олардың арасындағы айырмашылық – бірінші
жағдайда соттар мемлекеттік, әкімшілік, қаржылық қатынастардан туындайтын
дауларды, ал екінші жағдайда – азаматтық, отбасы, еңбек шаруашылық
қатынастардан туындайтын дауларды қарастырады және шешеді. Материалды
құқықтағы айырмашылықтар көрсетілген азаматтық сот өндірісі түрлеріне
тиесілі істерді қараудың процессуалдық ерекшеліктеріне сай келеді, бірақ
олар аталған істерде қатысатын тұлғалардың процессуалдық жағдайларының
мәнін өзгертпейді. Бұл барлық істерде соттар бір тараптың (талапкердің),
екінші тарапқа (жауапкерге) қойылатын материалды – құқықтық талаптарын
қарастырады. Әдебиетте әкімшілік құқықтық қатынастан туындайтын істер
бойынша сотта талап өндіру істеріндегідей бір тараптың екіншісіне
материалды – құқықтық талаптарын қарастырмайды және бұл істердің сотта
қарау пәні лауазымды тұлға, не әкімшілік орган әрекетіне шағымы дұрыс емес
әрекеттен бас тарту, бұл әрекеттердің жағымсыз салдарын жою туралы өтініші
болады деп жазылған. Бұнымен келіспеуге болмайды. Дұрыс емес әрекеттен бас
тарту, бұл әрекеттердің жағымсыз салдарын жою туралы өтініші талапкер сотқа
арызданған бір тараптың екіншісіне қойған материалды – құқықтық талаптары
болып табылады. Мысалы, салынған айыппұлды алып тастау туралы талап сотқа
берілген тұлғаның шағымы қалай қалыптасқанына қарамастан дәл сондай талап
болады. Құқық туралы даулар бойынша істерде материалды – құқықтық
талаптарды шешпей соттың бұзылған субъективтік құқықтарды қорғау бойынша
қызметінің мәні болмайды. Бұның барлығы әкімшілік – құқықтық қатынастардан
туындайтын істерге қатысатын тұлғалар бұл істерді қарау және шешу бойынша
сот өндірісіндегі тараптар болып табылатынын дәлелдейді. Заңға сәйкес талап
өндіру ісіндегі тараптар секілді сондай процессуалдық құқықтарға иеленеді
және процессуалдық міндеттерді атқарады. Талапты өндіру ісіндегідей бұл
жерде де тараптар түсінігі даулы материалды – құқықтық қатынас субъектілері
түсінігімен байланысты. Қарама – қайшы заңы қызығушылығы бар араларында
құқық туралы дау туған екі тараптың болуы аталған азаматтық сот өндірісі
істері үшін де тән. Істегі заңи қызығушылық сондай ақ азаматтық құқықтық
қатынастардан туындайтын істердегі тараптардың да міндетті белгісі болады.
Әр тараптың материалды – құқықық және процессуалдық қызығушылықтары бар.
Бұл істер бойынша тараптарға сот шешімінің заң күшіне ену салдары да толық
таралады. Кейбір авторлар тараптар түсінігі негізінен талапты өндіру ісіне
жатады, дегеннен бұл түсінікті ерекше өндіріс істеріне мүлдем қолдануға
болмайды деп есептейді. Бұл жағдай даусыз авторлардың көбі бұл істерде
құқық туралы дау болмағандықтан тараптар болмайды деп есептейді. М.С
Шакарян тараптар түсінігі ерекше өндіріс істеріне қатысушы тұлғаларға да
қолданылады деп ой айтқан. Бұл бекітілім келесі жағдайлармен негізделген:
- ерекше өндіріс істері азаматтық сот өндірісінің жалпы ережелері
бойынша соттармен қарастырылады.
- ерекше өндіріс істеріне қатысушы тұлғалар заңмени бекітілген
құқықтарға иеленіп, міндеттер атқарады.
- заңда бұл тұлғаларды тарап деп атауға шектеу жоқ.
Бұл жерде дәлелдемелерді нақты деп тану мүмкін емес деген ой туады.
Ерекше өндіріс істері азаматтық сот өндірісінің жалпы ережелерімен
соттардың қарастыру фактісі бұл өндіріс ісіне қатысатын тұлғалардың
құқықтары тараптар жағдайымен бірдей дегенді білдірмейді. Бұл істерді бір
тараппен екіншісіне қойылатын материалды – құқықтық талаптары болмайды. Бұл
оны қарастыру кезінде диспозитивтік толық түрде көрініс таппайды дегенді
білдіріеді. Құқық туралы даудың болмауы тараптар болатындағыдай
бәсекелестіктің жоқтығын алдын ала анықтайды. Азаматтық сот өндірісінің
негізін салушы бұл принціптердің толық әрекетінсіз азаматтық істегі тарап
секілді процессуалдық бейненің бомауын көрсетеді. М.С Шакарянның екінші
дәлелдемесіне: ерекше істер өндірісіндегі тұлғалар заңменкөрсетілген
құқықтарды қолданып, міндеттер атқарады – келсек, онда да ол өз ойының
негізделуін көрсетпейді. Заңмен белгілеген құқықтарға иеленіп,
міндеттемелер атқарады түсінігі іске қатысушы өзге тұлғаларға да, мысалы
дау пәніне жеке талап қойған үшінші тұлғаларға, сондай-ақ бұндай талаптар
қоймайтын үщінші тұлғаларға да қолданылады.. М.С Шакрянның соңғы
дәлелдемесіне: ерекше істер өндірісіне қатысатын барлық тұлғаларды тарап
деп тануға заңда шектеу жоқ –келсек . Бұл дәлелдеменің ғылыми негізделуі
күмән тудыртады. Заң істің өзге қатысушыларын да тарап деп тануға шектеу
қоймайды. Бірақ бұл олардың барлығында тарап деуге болады дегенді
білдірмейді. Нәтижесінде М.С Шакарянның ерекше іс өндірісіндегі барлық
қатысушыларын тараптарға жатқызу ұсынысы не ғылыми, не тәжірибе тұрғыдан
қолдау таппайды.
Істің бұл қатысушылары істің дұрыс шешілуіне қызығады. Қызығушы
тұлғалар ретінде бұрын жасалған жазбаларға өзгерту жасаудан бас тартқан
азаматтық жағдай актілерін жазу органдары(268 бап), жеке нотариалды әрекет
жасаған не оны жасаудан бас тартқан жеке тәжірибемен айналысатын жеке
нотариус тартылады. Қызығушы тұлғалар қатарына шешім шыққаннан кейін
арызданушы шағымдана алатын органдар мен мекемелер де жатады ( мысалы,
әлеуметтік қорғау бөлімі асыраушысынан айырылуға байланысты зейнетақы
рәсімдеу үшін тұлғаның қамқорлықта болу фактісін бекіту туралы іс бойынша
шешім шығарғаннан кейін , әскери комисариат, шақырту өндірістік істер
бойынша жинақтаушы банкісінің бөлімі). Қызығушы тұлғалар қатарына
өндірістік щақырту істері бойынша ұсынушы ретіндегі құжат иесі, мемлекеттік
билік органдарының өкілдері де жатуы мүмкін. Ерекше істери өндірісіне
қатысушыларды тарту арызданушы өтініші бойынша, соттың не қызығушы тұлғаның
бастамасы бойынша жүзеге асады. Егер сотқа арызбен шағымданған немесе іске
жауапкер ретінде тартылған тұлға негізінен даулы материалды – құқықтық
қатынас субъектісі болмаса, бірақ бұл жағдай істі сотта қарау аяқталғанша
сот анықталмаса, онда бұл тұлға іске нақты түрде тарап ретінде қатысты.
Сондықтан азаматтық істе даулы материалдық – құқықтық қатынастың нақты,
сонымен қатар ықтимал субъектілері тараптар бола алады. Азаматтық іске
қатысатын кеңестік азаматтық істегі тараптар - бұл тек сот тәртібімен ғана
заңға сәйкес реттелетін қатынас немесе құқық туралы араларында дау туған
және де істе материалдық – құқықтық және процессуалдық қызығушылық
танытатын материалдық – құқықтық қатынастың нақты не ықтимал субъектілері.
1.2 Азаматтық істегі тараптардың құқықтары мен міндеттері және оның мазмұны
Тараптардың процессуалдық жағдайы олардың құқықтары және міндеттерінде
көрініс табады. Заңға сәйкес тараптар тең құқықтарға иеленеді (33б. 3т),
олардың көлемі іске қатысушы өзге тұлғалардың құқықтары мен міндеттеріне
сәйкес келеді. Бұл құқықтар жалпы деп аталады. Жалпы құқықтармен қатар
оларға Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің өзге
баптарында көрсетілген арнайы, диспозитивтік құқықтарда тиесілі.
Жалпы процессуалдық құқықтар Азаматтық іс жүргізу кодексінің 47-бабы мен
қарастырылған. Оларға:
- іс құжаттарымен танысу құқығы;
- іс құжаттарының көшірмесін түсіру;
- іс құжаттарын жазба алу;
- шығарып тастауға өтініш беру;
- дәлелдемелер ұсыну;
- дәлелдемелерді зерттеуге қатысу;
- іске қатысушы өзге тұлғаларға, куәлар мен сарапшыларға сұрақ қою;
- өтініш жасау,
- сотқа жазбаша және ауызша түсініктеме беру,
- сот өндірісі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша қортындылар
мен ойлар ұсыну;
- іске қатысушы өзге тұлғалар өтініштеріне, қорытынды мен пікірлеріне қарсы
болу;
- сот шешімі мен анықтамасына шағымдану;
- Азаматтық іс жүргізу кодексімен бекітілген өзге процессуалдық құқықтарды
қолдану.
Тараптардың арнайы құқықтары – жалпы процессуалдық құқықтар мен
міндеттерден басқа заң тек азаматтық істің тараптарына тән құқықтарды
қарастырады. Бұл құқықтар диспозитивтік болып табылады. Олар бір деңгейден
екіншісіне өтуді болжайтын іс объектісінің қолдануына бағытталған. Бұл
топта басым құқық қабілеттілік жоқ. Бұл құқықтардың кейбіреулері талапкерге
тән:
- талаптан бас тарту құқығы;
- талап пәнін не негізін өзгерту;
- талап көлемін көбейту не азайту;
сонымен қатар жауапкерге тән құқықтар да қарастырылған:
- талапты мойындау, не мойындамау құқығы;
- қарсы талап қой;
Үшіншілері тараптардың біртұтас әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін;
- ортақ келісім жасау құқығы.
Бұл диспозитивтік құқықтардың бірі нақты сипатта және тараптар қарауымен
толықтай жүзеге асады. Өзге құқықтар сот бақылауымен жүзеге асады. Сот дау
пәнін иелену бойынша немесе жауапкердің талапты мойындауы бойынша егер
заңмен қорғалатын өзге тұлғалар құқықтары мен мүдделерін бұзса дәне заңға
қайшы келгенде тараптардың әрекеттерін қанағаттандырудан бас тарта алады.
Сол уақытта заң тараптардың құқықтарына араласуға тыйым салады. Мысалы,
соттың талап пәнінне негізіни талапкер келісімісіз өзгертуі шешімді жоюға
әкеледі. Өз пайдасына шешім шыққан тарап шешімді күштеп орындауды талап
етуге, шешімді орындау бойынша сот орындаушысы әрекеттері кезінде қатысуға
және заңмен қарастырылған өзге процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыруға
құқылы.Кейбір құқықтарды анық қарастырсақ:
- Талап пәнін, не негізін өзгерту құқығы, талап мөлшерін көбейту , не
азайту, талаптан бас тарту, не оны мойындау, бейбіт келісім жасау құқығы
.
Сонымен диспозитивтілік қағидасы, яғни азаматтық сот өндірісінде өз
құқықтарымен тараптардың иелену мүмкіндігі шектеулі болған . Бұл азаматтық
құқық пен іс жүргізудегі жариялық бастаманың, жеке бастамадан басымдығымен,
бұл қатынастарды реттеудегі мемлекеттің белсенді бақылау рөлімен
түсіндірілген. Бірақ азаматтық құқықтағы негізі жеке құқықтар мен
субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарда өз еркімен әрекет ету
мүмкіндігін көбейту құраған түбегейлі өзгерістерден кейін диспозитивтілік
қағидасын азаматтық іс жүргізуде бұлай реттеу жаңа азаматтық құқықтық
қағидалық жағдайларына қайшы келген болатын. Осылай Қазақстан
Республикасына әрекеті тараған және республикалардың азаматтық заңдылықтары
негізінде азаматтар мен заңи тұлғалар өздеріне тиесілі азаматтық
құқықтармен өз еркімен иеленуіне жол берілетіндігі көрсетілген. Осы сияқты
сәйкес норма Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде де көрініс
тапқан, ал оның сәйкес баптарында міндеттемелерді тоқтату: бас тартуды
қабылдау және қарызды кешіру үшін жаңа негіздер бекітілген.
Осылай, тараптар келісімі бойынша міндеттеме орнын толтыру жолмен
тоқтатыладыделінген ( ақша төлеу, мүлік беру т.б). Оның көлемін, мерзімін
және тәртібін тараптар өзара бекітеді. Заңға сәйкес сондай-ақ міндеттеме
несие берушінің қарызгерді, егер бұл несие беруші мүлкіне қатысты өзге
құқықтарын бұзбаса борышынан босату жолымен де тоқтатылады. Осылай жаңа
азаматтық құқық нормаларына сәйкес өз құқықтарын қоғауын не қорғамауын,
яғни сотқа шағымданатынын не одан бас тартатынын (сондай-ақ талап қойғаннан
кейін одан одан бас тарту жолымен), талапты мойындау, мойындамауын, бейбіт
келісімді қандай шарттарда жасайтынын және тағы басқа құқық қатынас
субъектілерінің өздеріне ғана байланысты болады. Бастысы, біріншіден – бұл
әрекеттер өз еркімен жасалуы тиіс, екіншіден – оның мәндері мен салдарын
түсінуі тиіс, үшіншіден – бұл әрекеттер заңды бұзбауы тиіс, төртіншіден –
бұл әрекеттерөзге тұлғалардың (тарап тараптардан өзге) құқықтарын бұзбауы
тиіс(мысалы, бейбіт келісім іске қатыспайтын өзге тұлғаға тиесілі мүлік
туралы жасалған.) Осыдан соң жаңа заң Азаматтық іс жүргізу кодекске сәйкес
өзгертулер мен толықтырулар енгізген. Құқық мазмұнына байланысты жүйе
қалыптастыратын тараптардың процессуалдық құқықтарын М.А Викут келесі үш
топқа бөлген:
а) жүзеге асыруы істің дамуы мен қозғалуына әсер ететін құқықтар:
- талапкердің талап пәнін немесе негізін өзгерту, талап көлемін көбейту
немесе азайту, талаптан бас тарту құқықтары;
- жауапкердің талапты мойындау құқығы;
- тараптардың бейбіт келісім жасау құқығы;
- аппеляциялық, кассациялық шағым беру және тағы басқа;
б) Істі қарауға қатысу құқықтары:
- сот өндірісіне өзі қатысу;
- сот өкілеттілігіне ;
- сот талқылауына түсу;
- айғақтарды зерттеуде қатысу және тағы басқв;
в) Кең мағынада тараптарды сот қорғанысымен қамтамасыз ететін құқықтар:
- шығарып жіберу құқығы;
- сот отырысы хаттамасына ескертулер енгізу құқығы және тағы басқа;
Тараптар өздеріне тиесілі құқықтарды адал қолдануы тиіс. Жалған
негізделмеген талап берген немесе талапқа қарсы жалған дау туғызған, не
істің дұрыс және жылдам қаралуы мен шешілуіне жүйелі түрде қарсы әрекет
ететін тараптардан сот нақты уақытын жоғалтқан үшін басқа тарап пайдасына
үстемақы өндіре алады. Әр тарап келесілерге міндеттенеді: өз талаптарын, не
қарсылықтарының негізі ретінде жүгінетін жағдайларды дәлелдеуге, соттың
айғақтарды ұсыну туралы сұранысын орындау, сот шығындарын өтеу, іс
жағдайларына байланысты олардың сот отырысына қатысуын міндетті деп сот
таныса сотқа келу. Азаматтық сот өндірісінде тараптардың теңдігі қағидасына
сәйкес тараптар тең процессуалды міндеттер атқарады. Азаматтық іс жүргізу
заңы процессуалдық беделдерді қоса иемденуге жол бермейді, іс жүргізудің
қатысушысы тек бір ғана бедел иемденуі тиіс. Бірақ екі процессуалдық
беделді иемденудің екі жағдайы белгілі:
- егер жауапкер талапкерге қарсы талап қойып және сот оны қарауына алса,
онда осы негіз бойынша жауапкер талапкер жағдайын, ал талапкер бұл
жағдайда осы істе бір уақытта жауапкер жағдайын иемденеді.
- Егер бірігіп қатысушылар істі жүргізуді біреуіне тапсырса, онда бұл
құзыретті тұлға істе бір уақытта тарап та сот өкілі де болады.
Құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұлға оларды қорғау үшін сотқа
шағымданады және талапкер жағдайына өтеді. Талап қойып отырған тұлға
жауапкер болады. Қызығушы тұлға іске қатысу туралы өз еркімен шешім
қабылдайды, ал оң шешім қабылдаған жағдайда талапкердің, жауапкердің,
үшінші тұлғаның процессуалдық жағдайын таңдау мүмкіндігін иемденеді.
Кейбір жағдайларда істегі тұлғаның құқықтық жағдайы оның іске дейінгі алған
жағдайымен қатаң түрде анықталады: несие беруші талапкер, ал қарызгер
жауапкер болады. Бұл жағдайда несие берушінің ерік факторы қорғану үшін
сотқа шағымдану не шағымданбай альтернативасымен шектеледі. Ал кейбір
жағдайларда материалды құқық пен процессуалдық жағдай бір мәнді емес және
тұлғаның өз құқықтық жағдайын таңдау мүмкіндігі пайда болады. Бұндай
тұлғаның қарастыруынан оның іске қатысу немесе қатыспауы ғана емес, сонымен
қатар өзіне қандай да бір процессуалдық жағдайды таңдауы да байланысты.
Істе қандайда бір жағдайды таңдау ең алдымен іс жүргізуге дейінгі
факторларға байланысты болады. Процессуалдық жағдай таңдаудағы негізгі
түрткі пайдаға талап объектісіне тұлғаның қатысы болып табылады. Мысалы,
мәжбүрлеп айырбастау туралы талап бойынша айырбастаудың қатысушысы талап
қоя алады, сонымен қатар айырбастауды талап етіп отырған тұлғаныңт оның
тарапында үшінші тұлға болуы мүмкін. Өз жағдайын өзгерту және талап қою
жолымен талапкер ретінде қатысуы мүмкіндігі оның артынан істің барлық
барысында сақталып отырады. Бұны басқа мысалдан да байқауға болады.
Еңбекақыны өндіріп алу туралы іс бойынша біріккен талапкерлер үшінші тұлға
рөлін алуды жөн көреді: өз еңбегі үшін ақша алу қажеттігі баспа иесімен
дауласқысы келмеуімен есептеледі. Өз еркінсіз үшінші тұлға жағдайында
болғанда бұл тұлға баспа иесімен дауға түспейді. Жауапкердің, ұтылу
және талапкердің ұту мүмкіндігі анық байқалған жағдайда баспа иесімен
дауласуы келмегендіктен еңбек ақыны алуға сенімдікпен жеңіледі. Және
керісінше , талапкер пайдасына іс шешілуі мүмкін болмағанда үшінші тұлға
сотқа қоғану үшін шағымданбайды, істе талапкер жағдайын иемденбейді. Бұндай
жағдайларда үшінші тұлға жағдайы ерекше сипатқа иеленеді: ол ықтимал
талапкер (тарап). Талапкердің ықтимал жағдайы үшінші тұлға үшін артық
мүмкіндік болады. Талапкерге айналу мүмкіндігі істің барысында оның артынан
сақталып отырады.
Енді жаңа заңның Азаматтық іс жүргізу кодексінің баспасында былай
делінген: Сот егер әрекеттер заңға қайшы болса немесе құқықтар мен заңмен
қорғалатын өзге тұлғалар мүдделерін бұзса, жауапкердің талапты мойындауын
қабылдамайды және тараптардың бейбіт келісімін бекітпейді. Сол тәртіппен
осы нормамен байланысты Азаматтық іс жүргізу кодексінің өзге баптары да
өзгертілген. Осыдан келесілер келіп шығады:
а) талапкердің талаптан бас тартуы (бұл ерекше өндірісте қорғалатын
арыздан да немесе әкімшілік – құқықтық қатынастан туындайтын іс бойынша
шағымнан бас тартуға да тиісті,) енді сот үшін міндетті, себебі Азаматтық
іс жүргізу кодексінің жаңа баспасында соттың талаптан бас тартуды
қабылдамау мүмкіндіктері туралы ескертілмеген.
б) жауапкердің талапты мойындауы және тараптардың бейбіт келісім
жасауын сот тек бұл әрекеттер заңға қайшы келмеуі үшін және өзге тұлғалар
құқықтарын бұзбау үшін ғана қадағалайды. Мысалы, жауапкердің өзі тұратын
мекен -жайды қоныстандыру туралы талабын мойындауды қабылдай және егер
аталған мекен-жайға жауапкерден басқа талапты мойындамайтын өзге
тұлғаларға иелену құқығы тиісті болса, талапты қанағаттандыру туралы шешім
шығара алмайды. Мысалы, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz