Ғылым және техника түсінігі



1.Кіріспе бөлім

2.Негізгі бөлім

1) Ғылым және техника түсінігі

2) Ғылым және техниканың шығу тарихы

3) Қазіргі замандағы ғылым мен техника

3.Қорытынды
Бүгінгі қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көзге елестету мүмкін емес. Ғылым – дүниетану, жалпы алғанда, рухани өндірістің қалыптпсқан ерекше түрі. Оның өз мекемелері (ғылыми- зерттеу институттары, зертханалар т.с.с), ғылыми қауымдастықтары, зерттеу жабдықтары,ақпарат алмасу (журналдар, конференциялар т.с.с), қаржы орталықтары т.с.с. бар. Ғылымның негізгі мақсаты- адамзат қажеттіліктерін өтеу жолында соған керек білімді өндіріп, оны іс-жүзінде өмірде пайдалануға болатындай етіп, қайта өзгерту. Мыңдаған жылдар бойы ғылым ұрықтары философияның ішінде пайда болады. Математиканың (геометрия) негіздері жер өлшеу, су каналдарын өткізу т.с.с, астрономия көшіп-қонудағы аспанға қарап бағыт алудан. Орта ғасырдағы алхимия байлықты өсіру (қорғасынды алтынға айналдыру) іс-әрекеттерінен пайда болды. Дегенмен де бүгінгі ғылым өз түп- ытамырларымен Жаңа дәуірге, яғни капитализмнің тарихқа келуімен байланысты дүниеге келді. Оның топырағы – Еуропа топырағы. Егер Батыс пен Шығыс елдерінің даму қарқыны мыңдаған жылдар бойы біркелкі болса,16 ғасырдан бастап Еуропа ғылыми зерттеулерді дамыту барысында тез қарқынмен алға қарай өрлей бастады.Шығыс елдері ғылыми-техникалық салада артта қалды.
1.Философия . Ә.Х. Тұрғынбаев. Алматы «білім» 2001ж.
2.Философия . Серік Мырзалы. Алматы, 2010ж.
3.Техника философиясы. Т. Ғабитов. Алматы. «қаржы-қаражат»
4. Интернет желісі. Gооgle.кz.

Жоспар

1.Кіріспе бөлім

2.Негізгі бөлім

1) Ғылым және техника түсінігі

2) Ғылым және техниканың шығу тарихы

3) Қазіргі замандағы ғылым мен техника

3.Қорытынды

Кіріспе
1. Бүгінгі қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көзге елестету мүмкін
емес. Ғылым – дүниетану, жалпы алғанда, рухани өндірістің қалыптпсқан
ерекше түрі. Оның өз мекемелері (ғылыми- зерттеу институттары, зертханалар
т.с.с), ғылыми қауымдастықтары, зерттеу жабдықтары,ақпарат алмасу
(журналдар, конференциялар т.с.с), қаржы орталықтары т.с.с. бар. Ғылымның
негізгі мақсаты- адамзат қажеттіліктерін өтеу жолында соған керек білімді
өндіріп, оны іс-жүзінде өмірде пайдалануға болатындай етіп, қайта өзгерту.
Мыңдаған жылдар бойы ғылым ұрықтары философияның ішінде пайда болады.
Математиканың (геометрия) негіздері жер өлшеу, су каналдарын өткізу т.с.с,
астрономия көшіп-қонудағы аспанға қарап бағыт алудан. Орта ғасырдағы
алхимия байлықты өсіру (қорғасынды алтынға айналдыру) іс-әрекеттерінен
пайда болды. Дегенмен де бүгінгі ғылым өз түп- ытамырларымен Жаңа дәуірге,
яғни капитализмнің тарихқа келуімен байланысты дүниеге келді. Оның топырағы
– Еуропа топырағы. Егер Батыс пен Шығыс елдерінің даму қарқыны мыңдаған
жылдар бойы біркелкі болса,16 ғасырдан бастап Еуропа ғылыми зерттеулерді
дамыту барысында тез қарқынмен алға қарай өрлей бастады.Шығыс елдері ғылыми-
техникалық салада артта қалды.
Қорыта келе, ғылым мен техниканың даму сатыларын былайша көрсетуге болады:

1. Ғылымға дейінгі саты (көне заманнан 15ғ. дейін)
2. Қазіргі ғылымның қалыптаса бастауы (16-19ғ. 70жж.)
3. Классикалық ғылым мен техника сатысы (19ғ. 70жж. Бастап 20ғ.ортасына
дейін)
4. 20ғ. ортасынан бастап, осы күнге дейін (постклассикалык саты)
Енді ғылыммен тығыз байланысты екінші техника ұғымын талдауға уақыт
келген сияқты. Гректің техне деген сөзі алғашқыда өнер, шеберлік
деген мағынада қолданды. Бүгінгі таңда техника деп барлық қоғамның
салаларында қолданылатын неше түрлі құралдарды атаймыз. Бүгінгі таңда күнбе-
күнгі өмірде технология деген ұғымды да көп пайдаланып жүрміз. Қарапайым
сананың деңгейінде техника мен технология ұғымдары бір мағынада
қолданылады. Алайда бұл ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін
байқаймыз. Егер техникаға неше түрлі заттардан жасалған құралдарды
жатқызсақ, технологияға белгілі бір жасанды затты, я болмаса құбылысты
жасау жолындағы әдістерді, олардың бірінің соңынан бірі келетін тәртібін
айтамыз.Қайсібір за тты жасау үшін белгілі бір шикізатты әкелу (көлік),
содан кейін оны өңдеу (технология), осы жолда бір шама күш қуат жұмсау
(энергия) және шешеім қабылдау мен оны іске асуын бақылау (контроль) керек.
Тарихтың алғашқы сатыларында оның бәрін де адамның өзі жасады. Бірақ жүре
келе, жануарларды үйретіп, көлік ретінде пайдалана бастады. Үй салу жолында
адам неше түрлі тастарды жоғарыға көтеретін алғашқы дәнекерлерді жасайды
да, сонынан оның ішкі сырын ашып, механиканың алғашқы қағидаларын тудырады.
Содан кейінгі үлкен жаңалық-адамсу шығыршығын ойлап шығарып, ағыс күшін
игерді, нітижесінде су диірмені пайда болды. Бұл алғашқы технологиялық
машинаның дүниеге келуі еді. Онда қозғаушы күш, оны жеткізу, жұмыс жасау
механизмдері бірге берілген. Жүре келе, ғасырлар шеңберінде олар бір-
бірінен бөлініп, қозғаушы механизмдер, оны жеткізу жіне технологиялық
машиналар пайда болды.Технологиялық машиналарды жасауда 18ғ. аяғы нданағыз
төңкеріс болды: жіпті иіретін, мата тоқитын, машиналар дуниеге келді.Бу
күшіне негізделген қозғалтқыштар пайда болып, мұның өзі алып өндірістер-
фабрикалардың дүниеге келуіне себеп болды. 20ғ. дүние келген электр күшіне
негізделген жеке қозғалтқыштар әрбір машинаның құрамдас бөлігіне айналып,
өндірісті әрі қарай дамытты.
Алайда қандай машиналар жасалса да, оларды бақылап басқаратын адам болды.
Бірақ ол да 20ғ.көп ұзамай, автоматттандырылған өндіріс ошақтарымен
ауыстырыла бастады. Бүгінгі таңда дамыған елдерде көп өндіріс ошақтарында
автоматтандырылған цехтар жиі кездеседі. Мысалы, автомобильдерді шығаратын
зауыттарда, машина қорабын жасау, оны бояу, т.с.с. жұмыс түрлері автоматтар
мен роботтарға берілген.
Компьютерлік техника дамып, көп жағдайда бүгінгі таңда олар ақпаратты
таңдап алу, оларды жүйеге келтіру, түр-түрге бөлу, т.с.с. істермен
айналысып, өндірістегі шешімдерге келуге, оларды іске асыруға көмектеседі.
Соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың дамуы үлкен жарылысты еске
түсіреді. Бүгінгі таңдағы өндірістегі автоматикалық зауыттар, бүкіл дүние
жүзін қамтыған интернет жүйесі, теледидар, ұялы телефондар, 2,5 дыбыс
жылдамдығына жеткен ұшақтар (конкорд), Ғарышта орналасқан стансалар мен жер
серіктері т.с.с. қазіргі ғылым жетістіктеріне негізделген.Ғылым мен
техниканың дамуын тоқтату мүмкін емес. Сонымен қатар ғылымның жетістіктерін
өмірге енгзген кезде (ол ғылымның негізігі мақсаты), ойланып-толғанып, тек
бүгінгі күннің мүддесін ғана ойлап қоймай, сонымен қатар алыс болашаққа
тигізетін оң, я болмаса теріс әсерін сипаттауға салу керек. Ал ол үшін
білім беру саласын тез қаркынмен дамыту керек.Қазіргі қоғамның негізгі
капиталына адамдардың қабілетттері, табиғи дарындары, оларды дамытып,
тиімді пайдалану жататыны айдан анық. Қай ел өз азаматтарының шығармашылық
мүмкіндіктерін гүлдетіп, тиімді пайдалана алса, табиғи байлықтары аз
болсада, өркендеп алғы шепке өтіп кетуі мүмкін. Ол үшін білім саласына көп
көңіл бөлінуі керек.
Сондықтанда біздің жас мемлекетімізде де білім беру саласына, оның дамуына
көп көңіл бөлінуде. Бұл салада тәуелсіздік жылдары көп өзгерістер пайда
болды.
Біріншіден, жаңа заман үрдістеріне сай мектептер мен жоғары және орта
арнаулы оқу орындары компьютерлік құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді. Ел
қандай қиын жағдайда болсада, жас мемлекет оған қаржы аяған жоқ. Көп оқу
орындары интернет желісіне қосылып, мектеп оқушылар мен студенттер дүние
жүзілік ақпарат қорымен пайдалануға мүмкіндік алды. Жаңа заманға сай оқу
құралдары дайындалып, мултьмедиалық білім беру әдістері алдыңғы шептегі
мұғалімдердің күнбе күнгі жұмысына айналды.

2.Қоғамдық сананың басқа формалары сияқты, ғылым да шындықтың адам
санасында бейнеленуі. Ғьшымның мөнін түсіну үшін оның шығу себептерін,
шындықты бейнелеу ерекшелікгерін және қоғам дамуындағы рөлін білу қажет.
Ғылым дегеніміз табиғат және қоғам қүбылыстары мен процестері жайындағы
теория түрінде бір жүйегс кслтірілген білімдер. Бірақ ғылым дегеніміз
тәжірибедс тексерілген теориялық білім ғана емес. Ол сонымен қатар, жаңа
білімдер алуга багытталған қызметті дс, эксперимент жүргізу базасын,
түрліше прибор, аспаптар сияқты таным қүраддарын да қамтиды. Ғылымды
қоғамдық сананың бір формасы ретінде қарастырғанда, біз оны шындықты
бейнелендірудің формасы, дүниетанудың формасы ретінде ғана аламыз.
Дүниені ғылыми бейнелендірудің ерекшелігі неде? Оның қоғамдық сананың
басқа формаларынан, мәселен өнерден, діннен айырмашылығы неде? Дін сыртқы
дүниенің бұрмаланған, жалған бейнесі, ал ғылым — дәл, ақиқат бейнесі. Өнер
шындықты көркем образ, типтік образ түрінде бейнелендіреді, яғни жалпыны
жске, нақты образ арқылы көрсетеді. Ғылым шындықтың абстракциялық формада-
ұғым. категория, заң түрінде - бейнсленуі. Ғылым дүниені танып білудің
нсгізгі формасы болып табылады.
Ғылымның ерекшелігі ең алдымен оның пәнімен анықталады. Адамды қоршаған
сыртқы дүние - табиғат псн қогамның, сондай-ақ ойлаудың да объективтік
зандары бар. Ғылымның міндеті - міне осы зандарды танып ашу. Адамның
мақсатты қызмсті үшін, материалдық ендірісті жүзегс асыру үшін ғылым
заңдарында бейнеленстін сыртқы дүниенің объективті заңдарын білу қажст.
Дүние — біртүтас дүние, оның бірлігі материялылығында Олай болса, ғылым
да біртұтас матсриалдық дүние туралы озара байланысты, біртұтас, үнемі
дамып отыратын білімдер жүйесі. Бірақ ғылым сонымен қатар, көптсгсн білім
салаларына, яғни нақты ғылымдарға бөлінеді. Нақты ғылымдардың бір-бірінен
айырмашылығы олардың объективтік шындықтың қай жағын, матсрия қозғалысының
қай формасын зерттейтініне қарай айқындалады. Демек, нақты ғылымдардың көп
түрлілігінің негізін, идеалистер сияқты, адам санасының қасисттерінен
іздемей, объективтік дүниенің қасиеттерінен, материя қозғалысы формаларының
коп түрлілігінен іздеу керек.
Ғылым қоғамдық-өндірістік практиканың қажеттерінен туындайды. Ф. Энгелъс
1894 ж. 25 қаңтарда В Боргиускс жазған хатында ғылымның өндіріске
тәуелділігін ашып көрсете келе: „Егер, Сіз айтқандай, техника айтарлықтай
дэрежеде ғылымның жағдайына тәуелді болса, онда ғылым техниканың күйі мсн
кажстінен әлдсқайда кебірск тәуелді. Егср қоғамда бір тсхникалық' қажет
туса, онда ол ғылымды ондаған университтсрдсн гөрі көбірск алға бастырады"'
- деп жазды. Энгсльстің бүл айтқандарын ғылымдардың даму тарихы толық
дәлелдеді
Ғылымның практикаға өндіріске төуелділігін атап керсете отырып, тарихи
материализм сонымен қатар, біріншіден, ғылымның дамуындағы салыстырмалы
дербесіікті жәнс, екіншіден, гылымның практикаға, өндірістің дамуына
тигізетін ксрі әсерін де мойындайды.
Ғылымның дамуы сайып келгенде ғана қоғамдық-тарихи практиканың,
өндірістің қажеттерімен анықталады. Бірақ оның дамуының өз ішкі логикасы
бар: ғылым өзінің ішкі қайшылықтарының негізінде дамиды, өйткені
эксперименттің, тәжірибенің жаңа мәліметтері мен ескі теориялардың
арасындағы қайшылықтардың нәтижссінде ғылымда жаңа проблемалар, гипотезалар
(ғылыми жорамалдар) туып отырады Ал бұл соңғылар дүниені бүрынғыдан
тереңірск танып білу қажетін тудырады. Мәселен, ғылымның көптеген ұлы
жаңалықтары, (айталық, атомдық физиканың ашқан жаңалықтары) өндірістің
қажетінен тікелей туған жоқ, ең алдымен ғылымның ішкі даму заңдылықтарының
нөтижесінде туып, адамдар оларды практикада пайдаланудың жолдарын кейін
ғана тапты.
Оқушылар ғылым дамуының бұл диалектикасын ұғына білуі тиіс, өйткені
дүниетанудың дамуындағы әрбір жаңа қадам жаңа проблемалар тудырады.
ғылымның дамуындағы салыстырмалы дербестік дүниетанудағы сабақтастық
байланыстан айқын керінеді. Ғылым қоғамның бұған дейін қол жеткен біліміне
сүйене отырып қана дами алады. Мұнсыз қоғамдық прогресс жүзеге аспас еді.
Ғылымның дамуындағы салыстырмалы дербестік оның өндіріске тигізетін кері
әсерінен ерскше айқын көрінеді. Ғылым қоғамдық өндірістің дамуында қуатты
күш болып табылады, өйткені ғылымның күші, адамның ақиқатты танып білудегі
күш-қуаты практикада ғана айқын көрінсді. Ол өндіріс құрал, техникасының
дамуында, қоғамның бүкіл өндіргіш күштерін жетілдіруде аса зор роль
атқарады.

К. Маркс ғылымды өндірістің және, тұтас алғанла. бүкіл қоғамның дамуының
рухани күш-қуаты дсп атады. Ол өзінің бір қолжазбасында былай деп жазды:
„Табиғат машиналар, паровоздар, темір жолдар, электр телеграфтарын,
сельфакторлар т.б жасамайды Мүның бәрі — адам миының адам қолымен жасаған
органы, білімнің затқа айналдырылған күші"1.
Бірақ ескеретін бір адам миының адам қолымен жасаған органы, білімнің
затқа жағдай, бүл айтылғандардан ғылымның маңызы мен ролін асыра
бағалаушылық сияқты теріс қорытынды жасауға болмайды. Ондай асыра
бағалаушылық буржуазия социологиясына тән. Көптеген буржуазия социологтары
қазіргі атом қуаты мен кибернетика деуірінде ғылым мен техника қоғамнан
жоғары тұрған, қоғам тағдырын билейтін бірден-бір қуатты күшке айнадды деп
дәлелдейді. Олардың пікірінше, ғылым қоғам өмірінің жетекші және шешуші
күші, өндірісті де, экономика мен саясатты да айқындап берстін сол, ғылым
мсн техниканың құдіретті күші адамдарды "дәрменсіз, әлсіз тобырға"
айналдырды. Олай болса, тарихтың тағдыры, олардың пікірінше, ғалымдардың
және ғылым мен техника жасаған барлық құралдардың иесі – дәулеттілердің
қолында
Мүндай идеалистік көзқарас, түсініктердің әлеуметтік түптамыры бар:
монополистік буржуазиянын идсологтары ғылым мен техниканы асыра дәріптеу
арқылы капиталистердің саясатын ақтауға, капиталистік система тудырып
отырған жүмыссыздықты, экологиялық дағдарысты т.б қасіретті жағдайларды осы
күнгі ғылым мен техника дамуының қажетті нәтижесі деп түсіндіруге тырысады
Олар, сөйтіп, ғылым мен техниканы адамға, бүкіл адамзат дамуына қарсы
қояды.
Қазіргі кезде ғылымның дамуының өндіріс пен техника үшін шешуші маңызы
бар, өйткені ғылымның дамуы өндірістің дамуынан алда келеді, сөйтіп осының
негізінде өндірісті түбірінен қайта құруға, сапа жағынан жаңа техника
жасауға мүмкікдіктер туады. Қазіргі ғылым мен техника адамзат мүддесіне
қызмет жасауда, еңбекті жеңілдетіп5 тұрмысты жақсартуда.
Рас, буржуазия идеологтары айтып отырғандай, ғылым мен техниканың теріс
нәтижелері де жоқ емес, бірақ ол нәтижелсрді тудырып отырған ғылым мсн
техниканын дамуы емес, оларды пайдаланудың капиталистік әдістері Шынында
да, ғылым мен техниканың жаңалықтары капитализм жағдайларында барынша мол
пайда табу мүддссінс қызмет етіп, сңбекшілсрдің мүддесіне қарсы келеді,
өйтксні оларды ондіріске снгізу жүмыссыздықты молайтады.Жалпы алғанда,
антагонистік қоғамда
ғылымның дамуы қайшылықты сипатга жүзсгс асады. Мұны түсіну үшін қазіргі
кезде жүзеге асып отырған ғылыми-тсхникалық революцияның мәнін, оның түрлі
қоғамдардағы ерекшеліктері мен әлеуметтік нәтижелерін білу керек.
Қоғам дамуының белгілі бір тарихи дәуірінде ғылым өңдіріс дамуының
қажетті бір шартына айналды. Ол — капиталистік ірі машина өндірісінің
дәуірі. Ірі индустрияның дамуына байланысты, деп атап көрсетті Маркс, онда
машинамен қатар, барған сайын бу жөнс электр сияқты нәрсслердің маңызы
артады, ал олардың еңбек өнімділігі ғылымның жалпы даму және өндірісте
қолданылу дәрсжссіне байланысты Капиталистік өндірістің даму барысына
талдау жасаи отырып, Маркс сңбек қүралдарының даму дәрежссі бұдан былай
жалпы қоғамдық білімнің - ғылымның - тікелсй өндіргіш күшке қаншалықты
айналғандығының көрсеткіші болады деп жазды.
Маркстың бұл сөздері бұдан бір Ғасырдан астам бұрын жазылған еді. Содан
бері ғылым мен техника саласында орасан зор өзгерістер болды — шын мәніндс
ғылми-техникалық революция жүзсгс асып ксле жатыр. Біздің заманымызда
ғылымның жетістіктері техникада барған сайын кеңінен қолданылып, өндірісті
комплсксті түрде автоматтандыру, атом қуатын пайдалану, ғылыми
эксперименттің өндіріспен бірігуі, сөйтіп ғылымның шын мәнінде тікелей
өндіргіш күшкс айналуы кеңінен өріс алып келсді.

Ғылымның тікелей өндіргіш күшкс айналуы дегеніміз нс? Ғылыми тсориялар
мсн идсялар материалдық игіліктер өндіреді деп түсінуге бола ма?
Әрине, болмайды. Бұлай дсу тап-таза идсалистік көзқарас болар сді. Тарихи
материализм ғылымның тікелей өндіргіш күшке айналуын мынандай түрғыдан
түсіну керек деп үйретеді: а) ғылымдар ашқан теориялар мен заңдар
өндіріскс енгізіле отырып, өндіріс құралдары мен техникасына,
технологиялық процестерге айналады, ал мүның бәрі өндірісті комплексті
түрде механикаландыру және автоматтандыру, элсктрониканы, жаңа химиялық
материаддарды, энергияның барлық жаңа түрлсрін кеңінен пайдалануды
тудырады, сөйтіп техникалық прогрссті тсздстсді Бұл істің барысында
өндірісте жургізілетін ғылыми эксперимент өндіріспсн, матсриалдык,
игіліктср өндіру процесімен тұтас бірігіп кетсді; ә) ғылым мен техникада
болған түбірлі өзгерістер, ашылған жаңалықтар өңціргіш күштердің
екінші жағы — адамды да өзгертеді, ғылым мен техниканың жаңалықтары
адамның біліміне, тәжірибесіне, дағды-іскерлігіне айналуы тиіс, яғни
адамның рухани күшіне де айналуы тиіс, өйткені мұнсыз ол жаңа техниканы
басқара алмайды, ал бұл техникалық прогреске кедергі болар еді. Кең
көлемді ғылыми-техникалық білім алған еңбекші адам жаңа техниканы жай
басқарып қана қоймайды, ғылыми-техникалық творчсствоға белсене қатыса
отырып, еңбек өнімділігін арттырады. Демек, еңбскші адамның ғылыми-
тсхникалық дөрежесін ұдайы арттырып отыру - ғылыми-техникалық
рсволюциядан туып отырған объсктивтік заңдылық.

2.1Философия тарихында адамзат өркениеттерін, тарихты зерттеуде,
талдауда әр түрлі тәсілдер, принциптер, критерийлер қолданылады. Олардың
қатарына экономикалық, географиялық, биологиялық, діни, гуманистік
детерминизмдерді жатқызуға болады. Олардың арасында қазіргі қоғам
өміріндегі бүгінгі өзгерістерді неғүрлым толық бейнелейтіні технологиялық
детерминизм болып табылады. Технологиялык, детерминизм - бүл қоғамдық
дамудағы техниканың анықтаушы рөлі туралы көзқарастардың, постулаттардың
біріккен жиынтығы Шындығында да, қазіргі өмірде техника мен технологияның
маңызы, рөлі орасанзор.
Адаммен бетпе-бет келген бұл мәселенің маңыздылығы сонша, — деп жазады
К.Ясперс, - қазіргі уақытта техника біздің ахуалымызды түсінудің басты
мәселесіне айналды. Қазірі техниканың барша өмір салаларына енгізілуін
және оның өмір сүруіміздің барлық қырларына тигізген салдарын қайта
бағалау мүмкін емес. Мүны түсінбей және ойлау барысында дәстүрлі тарихи
қалыптарды қолдана отырып, қазіргі және өткен өміріміз арасында салыстыру
жүргізу мүмкін емес. Өткен мен біздің заман арасында параллель жүргізу
үшін міндетті түрде қазіргі техникамен байланысты орын алған радикалды
өзгерістерді ескеру қажет (Смысл и назначение истории. М., 1991, 113-
бет).
Техника мен технология бүгінгі қоғам жедел дамуыньщ маңызды факторына
айналды және техника ықпалын тигізбеген адам өмірінің бірде-бір саласы
қалмады. Қазіргі коммуникация құралдары арқасында мемлекет еркін ең шалғай
аудандарға дейін қамтып, кезкелген уақытта әр шаңырақтан өз құдіретін
сездіре алады. Техника өсерімен терең үдерістер орын алады, еңбек
өнімділігі қарышты қарқынмен өседі. Оның мазмұны өзгереді. Қоғамның
әлеуметтік құрылымы өзгереді. Оның үстіне адам да өзгереді. Қазіргі техниха
тіпті адамның тылсымдық түңғиығына да ықпалын тигізеді. Егер ертеректе адам
табиғатта да, әлеуметтік салада да өмір сүрудің өзгерген жағдайларына
бейімделуі үшін жеткілікті дәрежеде уақыт тауып жатса, ал қазір табиғат пен
қоғамдағы техника, технология ықпалымен өтетін өзгерістер жылдамдығы сонша,
бүгінгі адам өмір сүрудің өзгерген жағдайларына бейімделіп те үлгере
алмайды және қашан да таусылмайтын жаңа мәселелер толассыз туып жатады.
Осыған байланысты қазіргі философияда адам мәселесін зерттеудің техника
философиясы түріңдегі жаңа қырын айқындау қажеттілігі туындайды.
Техника философиясы - бүгінгі күні өзінің гүлдену кезеңін бастан кешіп
жатқан батыс философиясының қазіргі бағыттрының бірі. Батыста техника
философиясының қалыптаса бастауын И.Бекман есімімен және 1777 жылы басылып
шыққан оның Технология бойынша жетекшілік, немесе қолөнерді, фабрикалар
мен мануфактураларды тану деп аталатын еңбегімен байланыстырады. Бірақ
көпшіліктің пікірінше, бұл саладағы негіз қалаушы еңбек 1877 жылы
жарияланған және жүз жылдан кейін Германияда қайта басыльш шыққан Э.Капптың
Техника философиясының негізгі белгілері деп аталатын жүмысы болып
саналады.
Техника философиясы – қазіргі әлемдегі техника феноменін философиялық-
методологиялық және дүниетанымдық тұрғыда зерттеуте негізделген қазіргі
философиядағы бүтіндей бір бағыт. Бұл бағыт бастапқыда Батыс Еуропа мен
Солтүстік Америкада, кейінірек 60-80 жылдары Жапонияда кеңінен таралды.
Батыстағы қазіргі техника философиясының бастапқы өкілдері қатарына Э.Капп
және Ф.Дессауэрмен қатар О.Шпенглерді, М.Хайдеггерді, Ортега-и-Гассетті,
Мэмфордты, К.Шиллингті жәие т.б. жатқызуға болады. Бірақ, сонымен қатар
техника үғымы ертедегі ойшылдарда да кездеседі. Мысалы, еңбектің табиғи
және жасанды органдары арасындағы анология туралы ой Платон мен
Аристотельде ұшырасады. Егер Аристотель қолды қүралдың құралы деп атаса,
Гегель де осы идеяны қайталайды. Гегель техника табиғатын түсінуде бірқатар
ңдеялар ұсынады. Гегельдің пікірінше техникалық жабдықтар объект
табиғатымен анықталады, ал екінші жағынан жабдықтар техникалық құралдар
арқылы іске асатын мақсаттың тасымалдаушысы болып табылады. Гегель былай
деп жазады: адам өз мақсатында сыртқы табиғатқа бағынышты болғанымен,
өзінің қүралдары арқылы үстемдікке ие болады. Антик әлемі авторлары мен
Гегелъдің бүл идеяларын Батыстың кейінгі философтары Э.Капп және Л.Нуаре
жалғастырды. Олардың негізгі идеясы техника феноменін органопроекция
негізінде түсінумен сипатталады. Олардың пікірінше техника жасанды орта
болъш табылады, бірақ ол адам органдарының табиғи материалға проекциясы
ретінде көрінеді, яғни техниканың бүкіл дамуы адамның табиғи еңбек
органдарын көшіру арқылы, оларды сыртқы әлемге проекциялау арқылы жүзеге
асады.
Техника феноменін түсіндіруде өзге, қарама-қарсы позицияны ұстанған
философ-неотомист Ф.Дессауэр болды. Ф.Дессауэр Э.Капп және Л.Нуаре ұсынған
техниканың биологиялық концепциясымен келіспеді. Ол техника табиғат
заңдарымен байланысты және оньщ шектерінен тысқары шыкдайды деп есептейді.
Алайда бұл да ешнәрсені айқындамайды, техниканың автономды да мәні бар.
Оның пікірінше техникалық идеялар адам ақылында пайда болмайды, ол ақылдың
көмегімен ауланады. Техникалық идеялар құдайдың ойы, жаратушының құдіретті
ақыл-ойының көрінісі.
Техника мәселесі Хайдеггер философиясьшда негізгі орындардың бірін алады
және көптеген шығармаларында үнемі кездесіп отырады. Бірақ бұл тақырыпқа
арналған оның ең маңызды шығармасы Техника туралы мәселе деп аталады.
Бұл жұмысында М.Хаидеггер техниканы пайымдауды жаңа іргетаска қойды.
М.Хайдеггер былай деп жазады: техниканың мәні белгілі мағынада техникалық
емес. Сондықтан да біз ол туралы жай ғана ойлағанша, оны қолданганда,
басқарғанда немесе одан қашқақтағанда техниканың мәніне деген өз
қатынасымызды ешқашан да сезіне алмаймыз. Барлык осы жағдайларда, оны
қызығушылықпен қолдасақ та, теріске шығарсақ та, біз техникаға құлдар
секілді ажырамастай таңылғанбыз. Біз техниканы бейтарап нәрсе деп
есептеген кезде, оның нағыз тұтқынына айналамыз. Қазіргі кезде кең өріс
алған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техника философиясы өркениетті тұрғыда бағалау ретінде
Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология
ҒТР ҚҰРЫЛЫМЫ
Көз жетер болашақ және алыстағы көкжиек
Мәдениет семиотикасы
Ғылыми-техникалық прогресті жоспарлау
Информатиканы оқыту әдістемесі
Қылмыс. Криминалистика
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары. Апаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты
Пәндер