12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқушылардың оқу танымдық құзыреттілігін жетілдірудің ғылыми-теориялық әдістемесі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Садыбекова Сауле Абылсанқызы
12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқушылардың оқу танымдық құзыреттілігін жетілдірудің ғылыми-теориялық әдістемесі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010200- «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы
Түркістан-2015
Қазақстан Республикасы Бәләм және ғылым министірлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Білім технологиялары кафедрасы
Қорғауға жіберілді
Білім технологиялары
Кафедрасының меңгерушісі,
п. ғ. д., доцентБ. Т. Ортаев
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: 12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқушылардың оқу танымдық
құзыреттілігін жетілдірудің ғылыми-теориялық әдістемесі
5В010200- «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
мамандығы
Орындаған Садыбекова С. А.
Ғылыми жетекшісі Тоққұлова Г. Т.
п. ғ. д., доцент м. а
Түркістан-2015
Аннотация
12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқушылардың оқу танымдық құзыреттілігін жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздерін аша отырып, 12-жылдық білім беру жүйесіндегі білім берудің мазмұндық ерекшеліктерімен қоса оқушылардың оқу-тәрбие үдерісінде оқу танымдық құзыреттілігін оқытуды жетілдірудің әдістемесін көрсеткен
Аннотация
12 летняя система образования чтобы уличшеть познавательные навыки учеников открытие теоритические основы содержания системы образования 12 летней особенностей содержания системы образования в учебный процесс учеников показаны в улучшение познавательные навыков методике
Abstract
12 summer system of education that improve cognitiveskills of students opening of theoretical basis ofmaintenance of the system of education 12 summerfeatures of maintenance of the system of education in theeducational process of students shown in an improvementco gnitive skills to methodology
Анықтамалар
КТМ- кәсіптік техникалық мектептер
АПН СССР- кеңестер одағы педагогика ғылымдар академиясы (Академия педагогических наук)
ҚР БҒМ- Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
ЖОО-жоғары оқу орны
Нормативтік сілтемелер
- ҚР 12 жылдық білім беру Тұжырымдамасы;
- ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
- 12 жылдық орта білім берудің МЖБС;
- ҚР Үкіметінің «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары»;
- ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2012 ж арналған Қазақстан халқына Жолдауы;
- Н. Назарбаев«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам».
МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтеме . . .
Анықтамалар . . .
КІРІСПЕ . . . 4
1 12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқушылардың оқу танымдық құзыреттілігін жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздері
1. 1 12-жылдық білім беру жүйесіндегі білім берудің мазмұндық ерекшеліктері . . . 9
1. 2 Оқушылардың оқу танымдық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары . . . 22
2 Оқушыларының оқу-тәрбие үдерісінде оқу танымдық құзыреттілігін оқытуды жетілдірудің әдістемесі
2. 1 Қазіргі мектептердегі сынып оқушыларын оқу танымдық оқыту барысы . . . 47
2. 2 12 жылдық білім беру жүйесінде сынып оқушыларының оқу танымдық құзыреттілігін оқытуды жетілдірудегі тәжірибелік жұмыстарының нәтижелері . . . 53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 71
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 74
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласына түбегейлі өзгеріс, яғни 12 жылдық жалпы және орта білім беру жүйесін енгізу - баса назар аударарлық мәселе. Осы мектептің негізінде білім беру мерзімін 12 жылға ұзартуды психологиялық және физиологиялық тұрғыда болады. Біздің қоғамымыздың саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы қайта құрулар алдыңғы қатарға халыққа білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптарды тудырды.
ХХI ғасыр мектебінің маңызды мақсаты балаларды оқытудың барысында олардың түрлі салада жеткілікті түрде күрделі білімдерді, икемдер мен дағдыларды игеруді талап ететін олардың одан кейінгі оқуына толыққанды негіз бола алатын психикалық дамудың ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Сондықтан, көздеген мақсатымызға жету үшін 12 жылдық білім беру жүйесін енгізген болатын. Ал 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша бастауыш сыныпқа оқушыларды қабылдау мәселесі теория әрі тәжірибе жүзінде талдау мен енгізу мәселесі көптеген уақытты талап етеді.
Баланың жеке басын жан-жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі бүгінгі таңда білім беру саласындағы аса маңызды. Жалпы білім беретін мектептерде 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың оқу жүйесінде айтарлықтай қиыншылықтарға кезігеді. Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару - бүгінгі күн талабы. Бастуыш сынып оқушының жаңа ортаға түсуіне байланысты көңіл-күйінің сипаты, сынып сабақтық жүйеге қаншалықты төзімді оның еріктік қасиеттері, жазбаша білімдерді игерудегі таным процестерінің даму деңгейлері тексеріле бермейді. Сондықтан баланың мектептегі оқу жүйесіне педагогикалық-психологиялық тұрғыдан әлі де толық қарастырылып, талдануы тиіс.
Мектепке жаңадан келген бала даралық сапаларымен таныла отырып, бір ортаға бейімделу кезеңін бастап кешіреді. Бұл жолдағы қиындықтар, яғни баланың құрдастарымен, сабаққа көзқарасы, өзіндік сана сезімі, тіл табысуы, сөйлеу ерекшелігі, түсіну, ұғыну деңгейлері - осының бәрі бала психикасына едәуір әсер етеді. Мұғалімге оқушының жай- күйін бақылап, жаңа ортаға баулу үшін оқушылардың психикалық ерекшеліктері туралы алғашқы деректер өте қажет. Бұл деректер баланың мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан даярлығын анықтау барысында алынады. Ал психологиялық даярлықты анықтау ісін арнайы маман-психодиагност немесе психолог жүргізуі керек. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық психикалық даярлық диогностикасын анықтап алудың жалпы теориялық және практикалық жүзіндегі тиімділігін ғылыми тұрғыда негіздеу қажет.
Халыққа білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін тәжірибелі психологтар балалардың мектепке оқуға психологиялық дайындығын анықтау мәселесімен жиі кездеседі. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясының талаптарына сай, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беретін, үлгісі жасалып жатқан ұлттық мектептерімізде - жаңашыл, шығармашылық ізденістермен еңбек ететін болашақ еліміздің тізгінін ұстайтын жастарды тәрбиелеу, білім нәрімен сусандыру және ХХІ ғасыр деңгейінде дайындау бүгінгі күннің уақыт күттірмейтін талаптарының бірі. “Әрбір елдің келешегі - мектебіне байланысты”, «Қазақтың тағдыры-келешекте ел болуы мектебінің қандай негізде құрылуына барып тірелді. Мектебімізді таза, сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» - деп, Мағжан Жұмабаев айтып кеткендей, [ 1 ] тәуелсіз Қазақстан республикасының тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда әліде болса қолға алынар істер көп.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу үшін, педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруымыз керек» - деген талабына сай 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу басты міндет болып саналады. Осыдан-ақ, бұл жолдаудан мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туындап отырғанын көруге болады. Мұның өзі егемен еліміздің білім мазмұны мен құрылымның әлемдік елдер деңгейінде сай болуын меңзейді. [2]
Жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ой салуда. Қоғам сұранысынан туындап отырған талапқа сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып алған білімдерін өз тәжірбиесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы 12 жылдық білім беру жүйесінің тиімділігін әлемдік тәжірбие дәлелдеп отыр. Республикамызда 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі 2000-2001 оқу жылынан басталғаны баршамызға белгілі.
Білім тұрғысындағы демократиялық өзгерістер - жеңіл үдеріс емес, нақты ойланып қарауды талап етеді. Бір жағынан, соңғы он жылдықта білім беру саласындағы қол жеткізілген барлық оңды жақтарды міндетті түрде сақтау, ал екінші жағынан - білім беру өрісіне жаңа тәсілдерді енгізу міндеті тұр. 12 жылдық білім беруге көшу Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне шығу көрсеткіштерінің бір адымы болып табылады. 12 жылдық білім беру жүйесі қоғамдық ағымдағы және болашақ қажеттіліктерді ескеріп және адам танымының ерекшеліктерін бейнелеп, әлеуметтік даму деңгейін есепке алудың негізінде қоғамда қабылданған білім берудің даму тұжырымдамасына сәйкес.
Жалпы орта мектептердегі білім беру тарихына көз жүгіртсек, білім сапасын одан әрі дамытуға және жаңа деңгейге көтеруге тек 12 жылдық білім беруді қолға алғанда ғана мүмкіндік бар. 12 жылдық оқытуға көшу Қазақстанның білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін шешуге мүмкіндік береді және бұл білім беру жүйесінің ерекшелігі баланың жан-жақты дамуына, әр баланың табиғатынан берілген шығармашылық әлеуметін толық іске асыруына ықпал ететін проблемалық тұрғыдан оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындап практика жүзінде дәлелдегенде ғана іске асатыны белгілі.
12 жылдық мектептің тағы бір ерекшелігі-оқу жылының басында барлық оқушылар портфолио жүргізе бастайды. Бұған дейін оқушының еңбегі алған білім көлеміне қарай бағаланып келсе, енді оның білім алу процесіндегі жетістігі жас және жеке ерекшелігіне байланысты өмір сүрген ортасына бейімделуіне, жинаған тәжірибесіне қарай икемделуіне, құзырлық негізінде қалыптасқан қабілетіне, білім мазмұнының рухани қажеттілігіне қарай игере білуіне орай бағаланатын болады. Портфолио дегеніміз - білім алушының білім саласындағы жетістіктерінің жинағы. Мұнда оқушының өзінің маршруттық беті бойынша жетістіктері, яғни жетістіктер парағы, ілгерілеу кестесі, шығармашылық жұмыстары, нәтижелері жинақталады. Портфолио жүргізудің нәтижесінде оқушылар білім, білік дағдыларын бақылауға үйрене бастады, пәнге деген қызығушылығы артады, бала, мұғалім, ата-ана қарым-қатынасы нығаяды, бақылау жұмысынан анықталған нәтижелерді бақылап отыруға ықпал етеді, оқушылардың ғылыми дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін, ынтасын дамытады. Оқушылар портфолио безендіру, толтыру жұмыстарын қызыға орындады және өз біліміне баға беру, өз жетістігін көре білуді үйренді. Бүгінде оқушылар мен мұғалімдер портфолионың үш түрін қолданады: жеке жетістіктер портфолиосы; пән портфолиосы; зерттеу жұмыстарының портфолиосы.
Осығын cәйкес 12 жылдық білім беру жүйесінде оқушы сыныпта проблемалық оқыту мәселесі туралы жинақталған тәжірибені ғылыми талдап, қорыту мен зерделеу деңгейі және ғылыми-педагогикалық қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінің негізін қалаушы сатысы ретінде 12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқушы сыныпта тәжірибелік зерттеу практикасын қажетсінуі, 12 жылдық білім беру жүйесінде проблемалық оқытудың теориялық негіздері және 12 жылдық білім беру жүйесінде оқушыларды проблемалық тұрғыдан оқытудың құралдарының жеткілікті шамада зерттеліп дайындалмауының арасында, қайшылықтар бар. Сондықтан, педагогика ғылымының теориясында, сондай-ақ, оқушы мектеп тәжірибесінде, бұл тақырып жеткілікті дәрежеде зерттелуді талап ететін тақырып. Осыған орай республикамыздағы 12 жылдық білім беру жүйесінде оқушы сыныпта проблемалық оқыту бағыттары мен заңдылықтарын ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыдан айқындау және жұмысты жүргізу барысында алынатын ғылыми-зерттеу нәтижелері бүгінде көптеген фактілер, талдаулар мен қорытындылар ой таразылауды және ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап ететіндігі зерттеу жұмысының негізін анықтап отыр.
Оқыту үдерісін белсендіру теориясы (М. А. Данилов, М. Н. Скаткин) [3, 4], төменгі сыныптардағы мектеп оқушыларын қиындатыла түскен дәрежеде оқыту теориясы (Л. В. Занков) [5], проблемалық оқыту теориясы (А. М. Матюшкин, И. Я. Лернер) қарастырған [6, 7] .
Оқытуды белсендіру идеясының әр түрлі аспектілерін көптеген ғалымдар эксперимент түрінде және теориялық жақтан зерттеді. Неғұрлым елеулі нәтижелер М. А. Данилов, Л. В. Занков, М. Н. Скаткин және Ю. К. Бабанскийдің еңбектерінде сипатталып жазылған [8, 9, 10, 11, ] .
Проблемалық оқыту жүйесін ежелгі дәуірлердің ғұлама педагогтары оқыту үдерісін шәкіртке қуаныш ләззатын беретін таным үдерсіне айналдырудың, оның ақыл-есін дамытып, қабілетін арттырудың жолдарын әрдайым іздестірумен болған. (Я. А. Коменский, Ю. м. Лотман, И. Г. Песталоции, К. Д. Ушинский және т. б. ) және Дж. Дьюи оқудың проблемалық бағытының маңыздылығын нұсқаған [, 12, 13, 14, 15, ] .
Проблемалық оқыту теориясын қалыпқа келтіруде ерең еңбегімен көрінген ғалымдар - А. М. Матюшкин, И. Я. Лернер, және т. б. болады [16, 17, ] . Проблемалық оқыту теориясының кемелденуіне кеңестік дәуір психологтарының еңбектері үлкен маңызға ие болды. (С. Л Рубинштейн, Н. А. Менчинская ) [18] .
Проблемалық оқыту әдістерін педагогикалық жаңа технологиялармен байланыстыра пайдаланудың жолдары мен шарттары, дидактикалық-әдістемелік негіздері туралы соңғы жылдары Қазақстан көлемінде Ж. А. Қараев, Омарова Р. С. [19, 20] сынды зерттеушілер өздерінің ғылыми ізденістерінде проблемалық оқыту технологияларының жалпы ерекшелігі, ғылыми дәйектілігі туралы құнды пікірлер мен нақты ұсыныстар келтірген.
Педагогика ғылымы дамуының қазіргі кезеңінде қоғам талап ететін дербес жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамытуға деген қажеттілік пен оқушылардың өз бетінше ізденіс әрекеті, яғни проблемалық оқыту жетілдіру мақсатында қазіргі кезеңдегі білім сапасының деңгейінің төмендей бастауы аралығында, он екі жылдық білім беру жүйесіндегі оқушы сынып оқушыларын проблемалық оқытуды жетілдіру мен құралдарының жеткілікті шамада зерттеліп дайындалмауының арасында қарама-қайшылық орын алуда. Бұл қарама-қайшылықтарды шешу үшін зерттеудің проблемасын анықтап, 12 жылдық білім беру жүйесінде оқушы сыныпта проблемалық оқытуды жетілдірудің ғылыми-педагогикалық шарттарын анықтау мен одан әрі дамуына тиімді ықпал ететін ғылыми-теориялық негіздерін қарастыруды міндеттейді.
Зерттеліп отырған тақырыптың өзекті маңыздылығы, бүгінгі күнге дейін ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыда, сондай-ақ, 12 жылдық білім беру жүйесінде оқушы сыныптарының тәжірибесінде қажетті дәрежеде қарастырылмауы, біздің ғылыми-зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: « 12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың оқу танымдық құзіреттілігін қалыптастыру » деп белгілеуімізге негіз болды.
Зерттеу нысаны : 12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқушылардың оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу мақсаты :
12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқушылардың оқу танымдық құзыреттілігін жетілдірудің ғылыми - теориялық және әдістемелік негізін анықтау және оны оқу-тәрбие үдерісіне ендіру.
Зерттеу міндеттері:
1. 12-жылдық білім беру жүйесіндегі оқушылардың оқу танымдық құзыреттілігін мазмұндық ерекшеліктерін талдау;
2 Оқушылардың оқу танымдық құзыреттілігін оқытудың мазмұны мен оқытуды жетілдірудің теориялық негізін айқындау;
3 Оқушылардың оқу танымдық құзыреттілігін оқытуды жетілдірудің педагогикалық шарттарын анықтау;
4. 12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқушы сыныпта оқушылардың оқу танымдық құзыреттілігін оқытуды жетілдірудің ғылыми-әдістемелік жүйесін құру, құрылымдық-мазмұндық нобайын жасау, іс-тәжірибелік дәлелдеп, ғылыми-әдістемелік нұсқаулар беру.
Зерттеу әдістері : психологиялық-педагогикалық еңбектерді ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеу; белгіленген мәселе бойынша озық педагогикалық тәжірибелерді талдау және қорытындылау; тәжірибе ұйымдастыру (сауалнама, тестілеу, бақылау, сұхбаттасу, әңгімелесу) ; зерттеудің нәтижелерін, алынған мәліметтерді өңдеу, оларды талдау және қорытындылау.
Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:
1. 12-жылдық білім беру жүйесіндегі оқушы білім берудің мазмұндық ерекшеліктерін айқындалды;
2 Оқушылардың оқу танымдық құзыреттілігін мазмұнын мен оқытуды жетілдірудің теориялық негізі ғылыми тұрғыдан талданды;
3 Оқушы сыныпта оқушылардың оқу танымдық құзыреттілігін оқытуды жетілдірудің педагогикалық шарттары нақтыланды;
4. 12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқушылардың оқу танымдық құзыреттілігін оқытуды жетілдірудің ғылыми-әдістемелік жүйесін құру, практика барысында тәжірибеде дәлелдеп, ғылыми-әдістемелік нұсқаулар берілді.
Зерттеудің практикалық маңызы: ізденістің теориялық тұрғыда негізделген, сыналған, іс жүзінде тексеруден өткен материалдарын, оның қорытындылары мен нәтижелерін 12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқушылардың оқу танымдық құзыреттілігін оқытуды жетілдірудің педагогикалық шарттарын айқындау оқушының білім үдерісін қарқындандырып, оқу сапасының артуына негіз болады.
Дипломдык жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- 12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқушылардың оқу танымдық құзыреттілігін жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздері12-жылдық білім беру жүйесіндегі білім берудің мазмұндық ерекшеліктері
Еліміз егемендікке ие болып, Қазақстан өз алдына мемлекет мәртебесіне жетіп, бүкіл әлемге, жер жүзіне өзінің елдігінің саясатын танытып отыр. Ал оны жетілдіріп, дамытатын жас ұрпақ. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру- мектепті қазіргі қоғамға ақыл-ойы кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, қандай қоғамда болсын мектептегі-тәрбие берудің мақсатын (бұл бүкіл, оқу-әдістемелік жүйенің негізі-базисы болып есептеледі), ең алдымен осы қоғамның мүддесінен туындайтын әлеуметтік сұраныс анықтайды. Сонымен қатар, осыншама жоғарғы деңгейдегі әлеумет халық игілігіне жарайтын ізгілікті, жасампаз істерге жұмсалуы шарт. Қазақстан Республикасы Конститутциясы, «Білім туралы» Заңы-осылардың негіздерін қалаудың тірегі және кепілі [21] .
Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде «Оқушы мектеп» ұғымына төмендегідей түсініктеме беріледі. Оқушы мектеп - ол жалпы білім беретін мектептің бірінші басқышы [22] .
Тарихта 1991 жыл өзіндік оқиғаларымен сипатталатын өтпелі кезеңмен бейнеленеді. Бұрынғы Одақ құрамындағы барлық республикалар өз дербестігін иеленіп, терезелері тең тәуелсіз мемлекет аталды. Республикамыздың тәуелсіздік алғанынан бастап, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы ұлттық сипатын жоғалтып, дәстүрімізді ұмыта бастаған халқымыз тарихына, тарихтың қойнауында жатқан ұлттық мұраларымызды қайта қарауға, өзін-өзі тануына қолайлы мүмкіндіктер туғызды, көп нәрсеге деген көзқарасымызды қайта сараптауға үйретті.
Ұлттық болмысымызды сақтап қалуға үлкен жұмыс жасаған Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Міржақып Дулатұлы, Шәкерім Құдайбердіұлы т. б. [23, 24] халқына қайта оралып, білім мен тәрбие берудің ұлттық нышанға негізделуі жөніндегі құнды еңбектері мен педагогикалық мұраларына терең талдау жасауға және оны осы күнгі қазақ оқушы мектептерінің өміріне енгізуге толық мүмкіндік алынды.
Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, әлемдік өркениеттен өзіндік орнын таңдап алуы, ең әуелі, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне байланысты. Сондықтан Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялап, өркениетке бағыт алған кезден бастап білім беру ісін реформалауға кірісті. Бұл барысты шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады. 1991-1993 жылдарды қамтитын біріңші кезеңде Қазақстанның білім жүйесінің құқықтық негізі қалыптасып, «Білім туралы», «Жоғары білім туралы» Заңдар қабылданды. Екінші кезеңде (1993-1996 жж) білім жүйесі тұжырымдамалық-бағдарламалық тұрғыдан жаңарып, бағыт-бағдар белгіленді. Ал үшінші кезеңде (1996-1997) білімді басқару мен қаржыландыру жүйесі жетілдірілді. Бесінші кезеңге 2003-2006 жылдардағы Қазақстан Республикасының әлемдік кеңістегі білім беру жүйесіне өту барысындағы ұлттық мектеп моделін құрудың алғашқы жобаларының тәжірибелік сыннан өткізілуі мен “Білім берудің тұжырымдамалары” (жаңа толықтырулармен) “Білім беруді дамыту бағдарламасы” (2005-2010) жасалып ұсынылуы болашақ үміт дүниесіне жетудегі қабылданған құжаттар мен білім мен тәрбие беру саласындағы жаңа белеске көтеру барысындағы іс-шаралардың өмір тәжірибесіне ену мерзімі. [25] .
Реформаның 1998-2002 жылдарды қамтитын төртінші кезеңін-білім жүйесін тұрақтандыру және оның дамуының стратегиялық бағдарлану кезеңін бастан өткіздік. Өйткені дәл осы кезеңде «Білім туралы» Заңның жан-жақты жетілдірілген жаңа нұсқасы қабылданып, Білім саласының қызметкерлерінің съезі өтіп, «Білім туралы» Заң толықтырулармен қабылданды.
Білім беру дәрежесі қандай болса, мемлекеттің де сондай дәрежеде болатыны зиялы қауымға белгілі. Сондықтан да білім беру жүйесінде жаңа кезең туындайтыны-өмірлік заңдылық. Осының нақты көрінісі ретінде «Орта білімді дамыту туралы тұжырымдама» қабылданғаны мәлім. Соған байланысты Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің өміріне елеулі өзгерістер енгізілді. Тұжырымдаманың кейбір тараулары оқу-тәрбие ісімен тығыз байланысты. Атап айтқанда, «Оқу үдерісін басқару», «Орта білімнің негізгі мақсаттары, міндеттері және бағыттары», «Орта білім стандарттарының тұжырымдамалық негіздері» деген бөлімдермен ара-жігі ажыратылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz