Мүсін өнері



1 Мүсіннің басқа бейнелеу өнері түрлерінен айырмашылығы
2 Зевстің алтын мүсіні
3 Мүсін өнерінің ірі.ірі шеберлері
Мүсін, яғни "скулъптура" /латынша sсulptura/ сөзі , алғашқыда қатты материалдардан фигураларды қашап жасауды, шекуді /мүсін жасауды/ білдірген. Кеңінен пішіндеу арқылы жасалған шығармалар да осы
Мүсіннің басқа бейнелеу өнері түрлерінен айырмашылығы сол, оның басты әсерлік құралы аймақтың форма. Мұның өзі оны жасаған кезде ағаш, металл, тас сияқты ұзақ сақталатын материалдарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Түрлі халықтар мен дәуірлердің толып жатқан мүсіндік шығармалары бізге дейін жетті. Ежелгі Мысырдың, Үндістан мен Американың мүсіндері мен барельефтері кеңінен мәлім. Антикалық Грекия аса көрнекті мүсіншілер ― Фидийдің, Мирон мен Поликлеттің мәңгі өшпейтін шығармаларын әлемге тарту етті.
Мүсін жұмыр /оны барлық жағынан қарауға болады/ және бедерлі (рельеф) болып келеді. Жұмыр мүсінде адамды бейнелей отырып тек маскамен, яғни бетпен, баспен ғана шектеліп қала алады. Басты иықпен бірге кеудеге дейін мүсіндеу кеуіт (бюст) болып табылады. Адамды беліне дейін бейнелеу жартылай фигура, ал бүкіл бойымен бейнелеу мүсінше (статуя) деп аталады. Көпфигуралы композиция мүсіндік топ немесе ансамбль деп аталады.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мүсін өнері
Мүсін, яғни "скулъптура" латынша sсulptura сөзі , алғашқыда қатты
материалдардан фигураларды қашап жасауды, шекуді мүсін жасауды білдірген.
Кеңінен пішіндеу арқылы жасалған шығармалар да осы ұғыммен білдірілген.

Мүсіннің басқа бейнелеу өнері түрлерінен айырмашылығы сол, оның басты
әсерлік құралы аймақтың форма. Мұның өзі оны жасаған кезде ағаш, металл,
тас сияқты ұзақ сақталатын материалдарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Түрлі халықтар мен дәуірлердің толып жатқан мүсіндік шығармалары бізге
дейін жетті. Ежелгі Мысырдың, Үндістан мен Американың мүсіндері мен
барельефтері кеңінен мәлім. Антикалық Грекия аса көрнекті мүсіншілер ―
Фидийдің, Мирон мен Поликлеттің мәңгі өшпейтін шығармаларын әлемге тарту
етті.
Мүсін жұмыр оны барлық жағынан қарауға болады және бедерлі (рельеф)
болып келеді. Жұмыр мүсінде адамды бейнелей отырып тек маскамен, яғни
бетпен, баспен ғана шектеліп қала алады. Басты иықпен бірге кеудеге дейін
мүсіндеу кеуіт (бюст) болып табылады. Адамды беліне дейін бейнелеу жартылай
фигура, ал бүкіл бойымен бейнелеу мүсінше (статуя) деп аталады. Көпфигуралы
композиция мүсіндік топ немесе ансамбль деп аталады.
Рельеф - тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазық беттегі
мүсіндік бейне. Рельеф екі түрге бөлінеді: фигуралар фонның жазықтығынан өз
көлемінің жартысынан аз шығып тұрса, барельеф деп, ал фигуралар жартысынан
көбірек шығып тұрса ол горельеф деп аталады.
Мүсін шығармалары жанды бейнедегі сияқты, станокты және монументті-
сәндік болып бөлінеді. Станокты шығармалар айналадағыларға тәуелсіз өмір
сүреді, сондықтан түрлі жардайларда қоюға болады. Монументті-сәндік
шығармалар әдетте жеке ансамбльдің, алаңның немесе саябақтың сәулет
композициясының құрамдас бөлігі болып табылады.
Монументалды мүсін өнерінің тууына өзіндік әсерін тигізген ежелгі
менгирлер, дольмендер мен кромлехтер тәрізді алып тастар әртүрлі
кезеңдерде, түрлі нұсқалар мен Қазақстан даласында, сол сияқты Моңғолияда,
Батыс Еуропада, Оңтүстік Сібір т.б. көптеген аймақтарда кездеседі.
Антропоморфтық көріністері бар баған түріндегі менгирлер төрт қырлы болып ,
келген. Ежелгі адамдардың космогониялық тұжырымдамасы бойынша төрт бұрыш,
әлемнің киелі төрт бағыты ұғымынан туындаған Шеңбер тәрізді, шаршы пішіні
де құрылым негізін сақтаушы қызметін атқарады.
Сонымен ежелгі ескерткіштердің өзінде-ақ әлемнің кеңістікті-
пластикалық және бейнелеу түріндегі образы пайда болып және ондағы адам
өзін әлемнің ажырамас бөлігі ретінде қабылдайды.
Қазақстан жеріндегі ежелгі тайпалардың діни көзқарастары құрбандық
жануарлары мүсіндерінің құрылымдары мен биік менгирлер құрылымдарындағы
діни-табыну пішіндерінен анық байқалады. Осындай пішіндегі қойтас, түйетас
деп аталатын төрт қырлы бағандар Бетпақ-су, Желтау, Қойшоқы, Бұғылы, Қанат-
тас жерлерінде көптеп кездеседі.
Сол сияқты отқа, ата-бабалар рухына табыну ретіндегі зәулім мазарлық
ескерткіштері мен ата-бабалар мазары жанындағы құрбандық шалу орындары сол
кездегі адамның дүниетанымынан біраз мағлұмат береді. Бұндай ескерткіштер
Бегазы, Бұғылы, Айбас-Дарасы жерлерінде табылған.
Қазақстан территориясында мүсіндердің екі түрі кездеседі.
Олар жануарлар мен адамдар бейнесі. Ондағы адамдар мен жануарлардың
әсіресе, бас пішіндері үшбұрышты геометриялық шартты түрдегі
стилизацияланған пішінде бейнеленеді.
Бұл кезеңнің мүсін өнері қарапайым пішіндерден күрделі пішіндерге
дейін өзінің ағымымен біртіндеп дамиды. Мүсіндердің сол кездегі діни және
әлеуметтік атқарған қызметтері анық байқалады.
Түркі дәуіріндегі бейнелеу өнерінің ескерткіштері - тас
мүсіндер. Осы ескерткіштер Қазақстанның барлық аудандарында кеңінен
тараған. Қалалардан мүсінші, тас қашаушылардың шеберханалары табылған.
Мүсін жасау үшін ұзынша тастар (0,5м - Зм) алынып, терең ойықтар салу
арқылы өңделген. Ірі мүсіндер сирек кездеседі. Оларды балбал тастар деп те
атайды. Көбінесе адам бейнеленген. Ер адамдарды бейнелегенде сақал мұрты
бар, белін белдікпен буынған, беліне қару іліп, бас киім сирек көрсетіледі,
кейде шашы бейнеленеді.
Тас мүсіндерінің көбінің қолына тостаған ұстатып бейнеленген. Тас
мүсіндерде атақты адамдар бейнеленіп көбінесе оны зират басына, шығысқа
қаратып орнатады. Кейбір мүсіндер зират сыртында қойылды. Түркі тайпалары
тас мүсіндерді табынатын құдайларында бейнелеген. Мысалы, Умай әйел құдайын
бейнелеген, Сонымен қатар, далаларда тас мүсіндер жол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пластикалық пішіндер өнері мен мүсіндеуді оқушыларға үйретудің әдістемесі
Жапсырмалаудың салалары және түрлері
ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫЛАРҒА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА МҮСІНДІК КОМПОЗИЦИЯ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бейнелеу өнерінде мүсін өнерінің шығу тарихы
Мүсіндеме, мүсін, скульптура
Мүсін өнерінің түрлері оның жасалу техникасының теориялық негіздері
Әр түрлі жас топтарында жүргізілетін мүсіндеуге үйрету жолдарының ерекшеліктерін анықтау
Бейнелеу өнерінің негіздері
Қазақ бейнелеу өнері
Романдық өнердің стильдік формалары
Пәндер