1970-80-ж.ж. БАТЫС ЕУРОПАДАҒЫ БІЛІМ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



1 Білім құрылымының дамуы
2 Батыс Германиялық реформа
Білім құрылымының дамуы қазіргі таңдағы білім беру жүйесін реформалаудың аса маңызды мәселелері болып табылады. Қоғамдағы құрылымдық жаңаланулар, маңызды да, көп қырлы мәселе. Оның күрделілігінің басты себебі, білімдегі қандай да мәнді құрылымдық өзгерістер, әдетте, ол бүкіл қоғам мүддесін қарастырады, аса қомақты материалдық шығындарға байланысты, бүкіл қоғамның назарын өзіне тартушы нысанға айналатыны белгілі. Осы тұрғыдан алып қарағанда шетелдер тәжірибесін қарастырумыздың маңызы артып келеді.
Батыстық білім құрылымының реформалық табиғаты және оларды бағалау екі мәселені қамтиды: әлеуметтік және педагогикалық. Отандық педагогтар көбіне әлеуметтік мәселелерін қарастырады. Жаңа құрылымдық формалардың туындау қажеттігіне, жан-жақты баға беру, олардың білім мазмұнына сәйкестігі, оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігіне ықпалы, яғни бұл жерде педагогикалық мәселелер көлеңкеленіп қала береді.
Жаңа педагогикалық ой, біздің тарапымыздан қарастырылып жатқан мәселелерді зерттеуге жаңа бағдар таңдауға жол ашып отыр. Құрылымдық реформалардың әлеуметтік талдауының маңызын жоққа шығарудан аулақ бола тұрып, тақырыптың педагогикалық мәселелеріне басым назар аударамыз.
Бұл мәселелерді зерттеудің бағыттарына тоқталғанда, ерекше атайтынымыз - соңғы жылдары білім құрылымындағы өзгерістер жоғары дәрежеде өткен кезеңдердегі қайта құрылымдардың жалғасы болып табылады, ал, бұл мәселе бұрынғы дәуір болмысына назар аударуды қажет етеді.
Ескірген білім құрылымдарының жойылып, жаңаларының қалыптасуы – күрделі де кешенді үдеріс. Бұл үдеріс біздің ойымызша, үш негізгі бағытта өтіп жатады. Біріншісі - негізінде педагогикалық себептер, басым келген құрылымдық реформалар. Екінші бағыт – әлеуметтік-экономикалық жағдаяттарға телінген құрылым өзгерістері. Ал, үшіншісі - демографиялық үдерістерді негізге алған құрылым аусымдары. Осыларды кеңірек қарастыруды негізгі міндет етіп алып отырмыз.
Тарихи ерекшелік принципін негізге ала отырып, соңғы он жылдықтардағы
1. Развитие образования и науки на пороге ХХІ века. Сборник №3. Издательство МГГУ, 1996. -168 с.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы. –Астана, 2006. -60 б.
3. Қазақстандағы ағарту ісі және педагогика. –Алматы, 2006. -93 б.
4. Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е., Жумабекова Р.М. Развитие системы среднего общего образования: -Алматы: НИЦ Ғылым, 2002. -220 с.
Развитие системы общего среднего образования в современном мире: учебное пособие / Составитель Абылкасымова А.Е., Ушаров Е.А., Омарова Р.С. –Алматы: НИЦ Ғылым, 2003. -112 с.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
1970-80-ж.ж. БАТЫС ЕУРОПАДАҒЫ БІЛІМ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Білім құрылымының дамуы қазіргі таңдағы білім беру жүйесін
реформалаудың аса маңызды мәселелері болып табылады. Қоғамдағы құрылымдық
жаңаланулар, маңызды да, көп қырлы мәселе. Оның күрделілігінің басты
себебі, білімдегі қандай да мәнді құрылымдық өзгерістер, әдетте, ол бүкіл
қоғам мүддесін қарастырады, аса қомақты материалдық шығындарға байланысты,
бүкіл қоғамның назарын өзіне тартушы нысанға айналатыны белгілі. Осы
тұрғыдан алып қарағанда шетелдер тәжірибесін қарастырумыздың маңызы артып
келеді.
Батыстық білім құрылымының реформалық табиғаты және оларды бағалау
екі мәселені қамтиды: әлеуметтік және педагогикалық. Отандық педагогтар
көбіне әлеуметтік мәселелерін қарастырады. Жаңа құрылымдық формалардың
туындау қажеттігіне, жан-жақты баға беру, олардың білім мазмұнына
сәйкестігі, оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігіне ықпалы, яғни бұл жерде
педагогикалық мәселелер көлеңкеленіп қала береді.
Жаңа педагогикалық ой, біздің тарапымыздан қарастырылып жатқан
мәселелерді зерттеуге жаңа бағдар таңдауға жол ашып отыр. Құрылымдық
реформалардың әлеуметтік талдауының маңызын жоққа шығарудан аулақ бола
тұрып, тақырыптың педагогикалық мәселелеріне басым назар аударамыз.
Бұл мәселелерді зерттеудің бағыттарына тоқталғанда, ерекше
атайтынымыз - соңғы жылдары білім құрылымындағы өзгерістер жоғары дәрежеде
өткен кезеңдердегі қайта құрылымдардың жалғасы болып табылады, ал, бұл
мәселе бұрынғы дәуір болмысына назар аударуды қажет етеді.
Ескірген білім құрылымдарының жойылып, жаңаларының қалыптасуы –
күрделі де кешенді үдеріс. Бұл үдеріс біздің ойымызша, үш негізгі бағытта
өтіп жатады. Біріншісі - негізінде педагогикалық себептер, басым келген
құрылымдық реформалар. Екінші бағыт – әлеуметтік-экономикалық жағдаяттарға
телінген құрылым өзгерістері. Ал, үшіншісі - демографиялық үдерістерді
негізге алған құрылым аусымдары. Осыларды кеңірек қарастыруды негізгі
міндет етіп алып отырмыз.
Тарихи ерекшелік принципін негізге ала отырып, соңғы он жылдықтардағы

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010

Жетібаев К. 1970-80-ж.ж. Батыс Еуропадағы білім құрылымындағы реформалар
ерекшеліктері

батыстық білім жүйесіндегі құрылымдық қайта жасаулар мәнін зерттеуге назар
аудару қажет. Бұл білімдік реформалар эпидемиясы кезеңі еді. Мұндай
кезеңнің туындауы, қайта құрулар мен нәтижелері, батыс білім реформасының
әдістемелік сипат тұрғысынан қызығарлық мәселе болып тұр.
Батыс Еуропаның дамыған елдерінің көбіндегі білім жүйесі реформаға
дейінгі кезеңдегідей келесі құрылымға ие болған: Бастауыш мектепті
бітіргеннен кейін шәкірттер білім мекемелерінің үш түріне бөлінген. Бірінші
түрі - жоғары мектепке бағыттап оқытатын толық орта мектеп (Англиядағы
грамматикалық мектеп, Германия Федеративті Республикасында – гимназия,
Францияда - лицей). Екінші түрі - орта буында қызмет жасаушыларды
дайындайтын толық емес орта мектеп (Англияда – техникалық мектеп, ГФР-да –
реалдық мектеп, Францияда - жалпы білім колледжі). Үшінші түрі – негізінен
өндіріс жұмысшыларын дайындауға бағытталған практикалық білім (Англияда –
осы заманға мектеп, Францияда - бастауыш мектептің жоғары сыныптары, ГФР-да-
негізгі мектеп).
Франциядағы орта білім жүйесіндегі құрылымдық реформаны мысалға ала
отырып, олардың әрекет механизмдеріне назар салайық. Аби жоспары аталған
құжат бойынша (1975) дамушы типті міндетті мектеп-колледж ұйымдастырылған
болатын. Бұл толық емес орта мектептің үш түрін біріктірген, алтыншы
сыныптан үшінші сыныпқа дейінгі (француз мектептерінде сыныпты номірлеу
кері қарай ... алтыншы, бесінші-бітіруші) бес жылдық мектеп негізіндегі
төрт жылдық білім. Бұл құбылыс алға бағытталған қадам болып, білім
баршаға теориясының практикалық өмірге келуінің көрінісі болатын.
Осылайша, колледждегі оқу үрдісі екі айналым бойынша жүргізілді.
Біріншісі, А және Б бағыттаушы бөлімдерге бөлініп, әрқилы бағдарламаларға
орай қызмет атқарды. А бөлімі лицейде оқу жалғастыруға мүмкіндік беріп,
жоғары мектепке жол ашатын; Б бөлімі бұдан әрі оқуды кәсіби бағыттарда, не
2-жылдық техникалық колледждерде жалғастыруды көздеді. Мұндай оқу мекемесі
– Білім баршаға және жіктемелі білім - екі тұжырымдаманы да іс жүзінде
өмірге әкелудің үлгісі сипатында болды. Бұл дұрыс шешім деп қабылданып,
жаңа мазмұнды өзгерген құрылыммен байланыстыруға мүмкіндік берсе, екінші
тараптан – реформаның әлеуметтік салдары қатаң сынға тап болды. Осылайша,
озық ойлы француз педагогтары бұл реформаны қоғамға жат элитарлықты
түбегейлі жоймай-ақ, білім мүмкіндіктерін кеңейту міндеттерін шешудің бір
тиімді қадамы ретінде қабылдайды. Педагог Р.Жилю өз пікірінде Мұндай қайта
құрулар форманы ғана есепке алып, бірақ мазмұнды жоққа шығарады - деп
жазды [1.94].
Құрылымдық жаңарудағы көзқарастарды талдау, реформа барысында
мектептік білімнің орта буынына өзгерістер енгізу басты назарда болды. Бұл,
Англия білім жүйесін қайта құруда өз орнын тапты. Ағылшын мектептеріндегі
ірі құрылымдық ауысымдар Білім Актісінде (1944) және

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010

Жетібаев К. 1970-80-ж.ж. Батыс Еуропадағы білім құрылымындағы реформалар
ерекшеліктері

50-60 жылдардағы реформаларға байланысты орындалды. Аталған үш түрі мектеп:
грамматикалық, орта техникалық және осы заманға негізінде міндетті орта
білім қажеттігі жарияланды.
50-60 жылдардағы интеграцияға деген шынайы бетбұрыс бірлескен
мектептер ұйымдастырумен өз мәресіне жетіп, біртіндеп орта техникалық
мектептердің толық жойылуына қол жеткізді. Мұның басты себебі, олардың
аралық жағдайда қалуы еді. Алайда, орта техникалық мектептерді жоюға болған
әрекет көп ұзамай ғылыми-техникалық үдерістердің шынайы талаптарына қайшы
келіп, 80-жылдардың аяғында, жаңа жетілдірілген құрылымдық формада қайта
тіркелді. Осының нәтижесінде қалалық техникалық колледждер өз жұмысын
бастады.
ГФР-да бұл дәуірдегі реформалау міндетті оқу-үйретім мерзімін ұзарту
қажеттігін туындатты, оқудың бесінші және алтыншы жылдары арасында аралық
тетік - бағыттау сатысы пайда болды. Оның мақсаты: оқушыларға екі жыл
ішінде өз білімдерін жетілдіруге қосымша мүмкіндік беріп, одан әрі жалпы
білімдік орта мектептің әрқилы түрінде оқу үшін үлгерімі мен қабілетіне
қарай іріктеу мерзімін созу еді. Батыс Германиялық жаңашыл педагог
Р.Вильмердің бағыттау сатысына берген бағасына назар аударсақ, мазмұн мен
форма үйлесімі мәселелердің қалай шешілуі тиіс екендігіне көзіміз жетеді.
Бағыттау сатысы автордың пікірінше, үлгерімнің көтерілуіне; қиын
балалардың кемуіне, оқушылар үлгерімінің әсіресе ауылдық жерлердегі
оқушылар үлгерімінің жоғарылауына, балалардың оқуға деген қызығушылығының
артуына, ата-аналар мен мұғалімдердің көпшілігінде жаңалықтарға деген
ұнамды көзқарастардың пайда болуына көп жәрдемін тигізеді.
Батыс Германиялық реформа сондай-ақ, орта буынды оқу мекемелерінің
барша түрін біріктіруі тиіс болған жалпы мектеп түзуді де назарға алып,
балалардың жоғары оқу орындарына түсуге дайындалуына ұтымды жағдайлар
жасауға ынталы болды. Алайда, жалпы мектеп саны айтарлықтай болмай,
оқушылардың жаппай санының 3 пайызын-ақ қамтыды. Іс жүзінде, елдегі білім
жүйесінің әлеуметтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕУРОПАДАҒЫ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Батыс еуропа және оның терроризммен күресі
Халықтар географиясы
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Еуроодақ құрылуының алғы шарттары
Эмигрант және эмиграция ұғымы
ЕҚЫҰ және Қазақстан: бүгіні мен болашағы
Германияның саяси бірігу мәселесінің жүзеге асуы және екі герман мемлекетінің интеграциясы
Польшадағы постсоциалистік кезеңдегі демократиялық өзгерістер
Қазақтар (шетжұрты)
Пәндер