Азаматтардың мүліктік емес құқықтары оны қорғау тәсілдері


Азаматтардың мүліктік емес құқықтары оны қорғау тәсілдері

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1 Азаматтық құқықтарды иелену және жүзеге асыру ұғымы . . . 8

1. 1 Азаматтардың құқық қабілетгілігі . . . 8

1. 2 Мүліктік емес өзіндік құқықтарды иелену және жүзеге асыру . . . 13

1. 3 Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел ұғымы мен құқығы . . . 20

1. 4 Жеке тұлғаның ар-намыс, қадір-қасиеті және іскерлік беделін қорғау . . . 23

2. Азаматтардың интелектуалдық мүліктік емес құқықтары . . . 32

2. 1 Азаматтардың интелектуалдық өзіндік құқықтардың түсінігі . . . 32

2. 2 Қазақстан Республикасында авторлық және сабақтас құқық субьектілерінің құқықтық жағдайы . . . 40

2. 3 Авторлық және сабақтас құқықтардың обьектілері және оларды құқықтық реттеу әдістері . . . 50

2. 4 Авторлық және сабақтас құықтарды қорғау ерекшеліктері . . . 53

Қорытынды. . . . . … . . . …61Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі . . . …… . . . … . . . 63

Кіріспе

Тарихта адамның ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының ескі тәртіпті жоюды талап еткен түрліше революциялық ақыл-ойдың шабыттануы, ұлт-азаттық қозғалыстарының толқуыныңда қайта әзірлеп отырғаны тегін емес. Мұның жарқын мысалдары ретінде Адам мен азамат құқықтарының деклорациясын (Франция, 1789ж), Тәуелсіздік декларациясын (АҚШ, 1776ж), «Құқықтар туралы билльді» (АҚШ, 1791ж), Вирджиния штатының конституциясын (АҚШ, 1776ж) алуға болады. Адамның ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасы көптеген қазіргі мемлекеттердің, соның ішінде АҚШ, Франция, Италия, Испанияның конституцияларында көрініс тапты. Қазіргі дамыған елдерде адамның құқықтары мен бостандықтары конституциялық жолдармен бекітілген, бұл мемлекеттің адамға байланысты басып-жаншу мен зорлық-зомбылық жасауына тыйым салып, оның дербестігін және адам құқықтарының мемлекетке қарағанда басымдылығын қорғайды [1] .

Қазіргі кезде адам ең жоғарғы құндылық екені, оның құқықтары мен бостандықтарының ажырамастығы туралы идеяның өзіне лайықты баламасы жоқ. Адамзат тарихы қоғамдық басқа басымдылықтарын шектеуге, тоталитарлық режимдердің орнауына алып келетінін дәлелдеді.
Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының адамның ең жоғарғы құндылық екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль атқарғаны даусыз. Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен бостандықтары идеяларының ҚР Конституциясында бекітіліп, онда адамның мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше назар аударылуы өте орынды [2] .

Адам құқықтарының жалпыға бірдей деклорациясымен басқаға жалпы мойындалған халықаралық актілерінің қағидаларын кеңінен қабылдап, қайталаған Қазақстан Республикасының 30. 08. 1995 жылғы қабылданған қолданыстағы Конституциясының адам құқықтарын қорғау аясында алдыңғы Конституциясымен (1993) сабақтастығын сақтап, оның негізгі қағидаларын, яғни адам құқықтары мен табиғи сипатын, халықаралық құқықтың жалпы жұрт мойындаған нормалары мен қағидаларының ішкі заңнамадан басымдылығын, мемлекеттің азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндеттілігін және басқа да көптеген мәселелерді бекітіп, дамытты. Қазақстандағы әлеуметтік заңнаманың жүйесі мен мазмұнының дамуына қайта құру және одан кейінгі кезеңдерде бір сыпыра факторлар әсер етті.

ҚР Конституциясында тек әлеуметтік мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге құқықтық мемлекеттің де қағидалары дамытылады. Тұңғыш рет мемлекет пен тұлғаның қарым-қатынасы сот негізінде қойылды, барлық құқықтар мен бостандықтарды сотта қорғау құқығы бекітілді, заңға мемлекеттік органдар, азаматтар мен олардың бірлестіктері араларында туындайтын барлық дауларды сот жолымен шешу қағидасы енгізілді. 1994 жылы азаматтық құқық заңдарының қабылдануына орай 1995 жылғы Конституцияның талаптарына сай адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдік кеңейтілді. Адамнаң құқықтары мен бостандықтары мен мүдделерін басымдылықпен қорғау қағидасын бекітудегі келесі маңызды қадам ҚР Конституциясының қабылдануы болды.

Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарының үлкен тізімі бекітілген. Бұл арада құқықтары мен бостандықтарының адам құқықтарының халықаралық стандарттарынан бастау алып, бекітілуінің аса маңызды факт екенін талап еткен жөн. ҚР Конституциясында бекітілген адамның құқықтары мен бостандықтары заңдардың, мемлекетті билік органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының қызметтерінің мәнін, мазмұны мен қолданылуын белгілейді. Конституция құрамындағы бұл маңызды ережелер мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін бөлімдердің алдында келтірілген, бұл мемлекеттің адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп санап, қоғамның оның мүдделерін мемлекеттікінен жоғары қоятынын білдіреді. ҚР Конституциясында тұлғаның еркін өздігінен дамуында көмектесетін адам құқықтыра мен бостандықтарының кең тізімі бекітілген, ол халықаралық стандартқа сай келеді. Оның үстінде, Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар абстракция емес, оларды қорғаудың және кепілдік берудің нақты механизмі бар. Аталған қағиданың Конституцияда бекітілуі Қазақстан Республикасының даму бағытын дұрыс таңдағанын дәлелдейді, өйткені тарих сабақтары қоғамдық проблемаларды шешу, әлеуметтік өзгерістер барысында адам мен оның мүдделері ұмыт қалған жағдайда осы өзгерістердің өз мағыналарын жоғалтып, қоғамдық прогреске кедергі болатынын талай мәрте дәлелдеді [3] .

Қазіргі заманда адамның бостандығы басқаша түсіндіріледі. Адамның бостандығы тек белгілі бір әрекеттер жасау және оларды іске асыруда кездесетін кез-келген кедергілерді жоюдан ғана құралмайды. Адамның бостандығы көрініс табатын маңызды тұстардың бірі-жауапты шешімдерді қабылдау екендігі. Бұл адамның санасы мен мәдениеттің даму деңгейінің аса жоғары болуын қажет етеді. Осылайша, қазіргі адам құқықтарының тұжырымдамасы мына қағидаларға негізделеді: адамның өзінің дербес дүниесі бар, оған ешқандай биліктің қол сұғуына болмайды; өзінің құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке өзінің талаптарын қоя алады. Егер азамат өзінің қандай да болмасын моральдық құқығының бұзылғаны туралы талап-арыз қоярда өзінің ондай құқықтарға иелік етуін дәлелдеуге тиіс болса, адам құқықтарына байланысты мұндай дәлелдеудің қажеттілігі жоқ, өйткені олар оған тумысынан тиесілі.

Қазіргі кезде сот тәжірибесі мен ғылыми пікірге сүйенсек, баспасөзде, радио және теледидар хабарларында, кино бағдарламаларында және басқа бұқаралық ақпарат құралдарында кір келтіретін мағлұматтардың жарияланатындығын көреміз. Сондай-ақ қызмет мінездемесінде, жария түрде сөйлеген сөздерде, лауызымды тұлғаға байланысты жасалған мәлімдемелерде немесе бір немесе бірнеше тұлғаның атына бағытталған ауыз-екі әңгімелерде ондай кіркелтірушілік кездесетіні белгілі болып отыр. Заңда әлгіндей мағлұматтарды таратудың нысандарына қатысты арнайы талаптар қаралмаған. Дейтұрғанмен ондай кіркелтіретін фактілердің кезкелген сәтте көрінуі оны теріске шығаруға жеткілікті негіз болады. Кір келтіретін мағлұмат деп - азаматтың (ұйымның) қолданып жүрген заң мен моральдық қағидаларды бұзу туралы (әділлетсіздікке бару, ұжымда, тұрмыста теріс қылықтар жасау, өндірістік шаруашылық және қоғамдық қызметтерді, беделдік қаралау, және тағы басқа туралы) олардың абыройы мен арнамысына негізсіз нұқсан келтіруді айтамыз. Демек, азамат немесе ұйым туралы кез-келген кір келтіретін мағлұматты шындыққа жанаспайды дей алмаймыз. Ал құқықтық немесе моральдық жағдайды байыбына бармай теріс бағалаған хабарлар жөнсіз кінәлауды білдіреді. Егер мағлұмат ар-намысқа, қадір-қасиетке тимесе, ол бейтарап сипатқа ие болады, яғни оны азамттық заңға сәйкес теріске шығаруға негіз болмайды.

Азаматтың ар-намысына, қадір қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар қатарына баспасөзде жарияланған теріс мағлұматтар, радио және телидидар арқылы және басқа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және басқа мінездемелерде, жария сөз сөйлеулерде, түрлі ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға бағытталған, оның ішінде ауыз екі түрде айтылған хабарлар жатады. Ауыз-екі нысандағы мағлұмат бір немесе бірнеше тұлғаға қатысты болуы мүмкін.

Адамзат болып XXI ғасырды бастай отырып, салауатты өмір кешуге өз әлінше талпынып келеді. Айналасына зерделі көзбен зер сала жүріп, өткен- кеткенін ой елегінен өткізуге, болашақ үшін еңбек етуге ұмтылады.

XXI ғасырда дамудың тұрақты экономикалық және әлеуметтік жолдарын анықтау, болашақ ұрпақ қамын ойлау - бүгінгі дүниежүзілік қауымдастықтың басты міндеті болып отыр. Біз қазіргі таңда ұлы өзгерістер мен тұрақтану кезеңінде өмір сүрудеміз. Ел басының «Қазақстан 2030» бағдарламасында «2030 жылға қарай Қазақстан-Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін» -деген болатын. Иә, Қазақстанның болашағы жарқын демократиялы ел болу үшін әділдік пен шындық үстемдік орнатуға тиіс. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының әрбір азаматы барынша өз бойындағы барлық күш жігерін жұмсай отырып, ат салысуы қажет.

Тәуелсіз, жас Қазақстанымыздың болашағының дамуына әрбір Қазақстанның азаматы өз үлестерін қосып, қандай да болса, құқықтардың бұзылмауын болдырмауға тырысса, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беріп, олардың білімін жетілдіруге өте көп көңіл бөлуі керек. Біздің тәуелсіздігімізді орнықтырып, нығайту, біздің мемлекетіміздің қуаты мен байлығын еселей түсіп, дүние жүзілік қауымдастық та біздің ар-намысымыздың туын жоғары ұстау, Отанға адал қызмет ету, біздің ортақ та қасиетті парызымыз.

Кеңес одағы тарап, Қазақстан Республикасы демократиялық ел болуға бет алып, өтпелі дәуір кезеңдерін бастан өткізуде. Елдің ең қымбат қазынасы ретінде адамның құқықтары мен бостандықтарына, қадір-қасиетіне ерекше көңіл бөліп, олардың құқықтық шеңберін кеңейтіп, жан-жақты дамыған елдер мен қарым -қатынасы арқылы жеке тұлғаның орнын ерекше белгілеген. Өйткені, адамдар жаратылысына байланысты бірге өмір сүруге тиіс. Мұндай өмір сүруді әлеуметтік өмір сүру дейміз, әлеуметтік өмірдің тәртіпті және бірқалыпты болуы үшін де бірқатар ережелердің болуы тиіс. Бұл ережелер болмаған жағдайда, әлеуметтік өмірде дағдарыстар туындап, күш иелерінің әлсіздерді езуінің алдын ешкім ала алмайды. Әлеуметтік өмірді реттеу мақсатында, азаматтық құқық субъектісі ретіндегі азаматтарға арналған бірнеше қағидалар жинағы бар. Олар-діни қағидалар, моральдық қағидалар, әдет-ғұрыптық қағидалар және құқықтық қағидалар. Осы қағидалардың барлығын әлеуметтік тәртіп қағидалары деп те айтуға болады.

Осыған орай, қазіргі кезеңде БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымының) келіссөзінде, нәсіл, жыныс және дін немесе тіл айырмашылығына қарамастан барлығының адамдық құқықтарына және төл тәуелсіздігіне құрмет көрсетілуі керек деп жазылған [4] .

Менің бұл дипломдық жұмысымның тақырыбы «Мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау» жоғарыда айтылған мән-жайларға байланысты ҚР заңдарымен белгіленген адам және оның өмірі, бостандығы, ар-намысы мен қадір-қасиеті, жалпы адам баласына тән барлық қасиеттері мен мүшелерін, бірінші кезекте қоя отырып, қорғау аясында жазылған жұмыс. Сондықтан да адам баласының бас бостандығы қадір қасиеті, жалпы Қазақстан Республикасының қандай заңында болмасын, оның алатын орны өз алдына ерекше маңызды болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Мүліктік емес құқықтар ұғымын ашу, оның қалыптасу негіздерін анықтау, азаматтық құқықтағы қалыптасқан нормаларын талдау.

Дипломдық жұмыстың міндеттері: Азаматтық құқықтағы мүліктік емес құқықтарды оны қорғау үшін қажетті заң нормаларын пайдаланып пікір жинақтау.

Зерттелу обьектісін теориялық және әдіснамалық негіздері: мүліктік емес құқықтардың пайда болуы, иелену мен қорғау үшін ҚР-ның заңдарында қалыптасқан нормаларды қарастырып түрлі жағдайларда қолдануды үйрену.

1 Азаматтық құқықтарды иелену және жүзеге асыру ұғымы

1. 1 Азаматтардың құқық қабілеттілігі

Құқық қатынастарына қатысушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттері болады, олар құқық қатынастарының субъектілері деп аталады. Азаматтық кодекстік 1-бабында азаматтық зандармен реттелетін қатынастардын қатысушылары азаматтар, занды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген.
Азаматтық құкық қатынастарының субъектідері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі - Қазақстан Республикасының азаматтары. Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қарамастан бірыңғай және тең болып табылатыны атап көрсетілген [5] .

Азаматтық Кодекстің 1-ші бабында көрсетілгеңдей, азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субъектілерінің бірі - азаматтар. Азаматтардың құқықтық жағдайы олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі арқылы сипатталады. Сондықтан да азаматтық құқық қабілеттілігіне анықтама беруіміз қажет. Азаматтық Кодекстің 13-ші бабына сәйкес, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз - азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілетін айтамыз. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқталады. Азаматтық құқықтың алдына қойған мақсаты сол - азаматтық құқық қабілеттілігін тек аталған саланың шеңберінде ғана көрсетпеу, себебі құқық қабілеттілігі басқа да құқық салаларының көкейкесті мәселелерінің бірі. Азаматтың құқық қабілеттілігі шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге катысына, кәсібінің тегі мен сипатына, тұратын жеріне және т. б. жағдайларға қарамастан Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына тендей мойындалады. Азаматтық құқық қабілеттілігін азаматтан айырып қарауға болмайды. Азаматтық зандарда көрсетілгендей, ол адамның ақыл-есіне, жасына, денсаулығына байланысты емес. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болғаннан кейін тоқтатылады. Сонымен бірге занда әлі дүниеге келмеген нәрестенің, болашақ азаматтың құқығын қорғау мүмкіншілігі де көрсетілген.

Азаматтық Кодекстің 525-ші бабына сәйкес мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған, ол өлгеннен кейін туылған азаматтар да басқа мұрагермен бірдей тең үлеске тиесілі. Азаматтардың құқық қабілеттілігінің мазмұнына тоқталатын болсақ, ол жайында Азаматтық Кодекстің 14-ші бабында айқын көрсетілген. Азамат меңшік құқығы деңгейінде мүлікті алуға, мұраға салдыруға, республика аумағында" еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйымсалынбаған кез келген мәміле жасасып міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, . - ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады.

Азаматтардың әрекет қабітеттілігі құқық субъектілігінің екінші элементті болып табылғаңдықтан оған төмеңдегідей анықтама беруге болады. Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру, өзі үшін міндеттерді туғызу және оларды орындау қабілеттілігі (Азаматтық Кодекстің 17-ші бабы) . Азаматтық әрекет қабілеттілігінін маңыздылығы сонда, ол өз әрекеттерінің нәтижесіңде белгілі заңды салдардың пайда болатынын түсіну. Сонымен қатар, өз әрекеттерінің нәтижесіңде келтірілген зиянның орнын да өзі толтыру мүмкіншілігі, яғни айтқанда, әрекет қабілеттілігін тек келісімдер жасау және-олар үшін жауап беру ғана түсінгеніміз жөн, өйткені азаматта әрекет қабілеттілігімен бірге өзі келтірген зияңды өтеу қажеттілігі де бір мезгілде пайда болады.

Азаматтың толық әрекет қабілеттілігі кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, яғни 18 жасқа келген кезден бастап пайда болады. Заң құжаттарында 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап, толық көлеміңде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Он сегіз жасқа толғаннан соң азамат азаматтық айналымның толық қатысушысы болып саналады. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады. Әрекет қабілеттілікті шектеудің екі түрі бар:

1. Әрекет кабілеттілігін табиғи түрде шектеу;

2. Әрекет қабілеттілігін сот орыңдарының шешімі негізінде шектеу.
Әрекет қабілеттілігін табиғи түрде шектеу азаматтың жасына байланысты. Сөйтіп, азаматтық құқық теориясыңда қалыптасқан ережелерге байланысты әрекет қабілеттілігін үш түрге бөлуге болады.

-толық

-жартылай (ішінара)

-шектеулі әрекет қабілеттілігі [6] .

Азаматтардың толық әрекет қабілеттілігі туралы жоғарыда айтылып кеткендіктен, оған тағы қайтып оралудың қажеті жоқ. Азаматтық кодекстің 23-ші бабында атап көрсеткендей 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, бір заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды.

Азаматтық құқықтарды иеленіп оны жүзеге асыру үшін азаматтық құқақтың бастаулары басшылыққа алынады, кеңінен айтатын болсақ ол нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтык-құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасы азаматтық заңының мейлінше маңызды тұстарын көрсетеді. Демек азаматтық заңды түсіну мен оны қолдану азаматтық құқықтың тек жалпы қағидалары арқылы мүмкін болады. Қағидалар Азаматтық құқық жүйесінде әрқашанда бастапқы норма болып саналады. Сондықтан да басқа нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады, демек қағидалар өзгелерден басым түседі. Қағидалар азаматтық-құқықтық нормалардың барлық жүйесін қамтып, басшылыққа алынады. Азаматтық кодекстің 2-бабындағы азаматтық зандардың жалпы негіздері мен мәнісін бекіте түсуіне байланысты, енді қағидалар нормативтік мәнге ие болды және оны колдану міндеттілікке айналды. Бұрын-соңды азаматтық қағидалар заң нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырындама ретінде бекітілмеген еді, тек "азаматтық заңның жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты" деген жалпы тұжырымдамамен шектелетін (Қазақ КСР АК-тің 4-бабы) .

Профессор Ю. Г. Басин азаматтық құқық қағидалардың ролі мен маңызы туралы былай деп тұжырымдайды:

- Біріншіден, ол тікелей әрекет ететін нормалар түрінде кездеседі.

- Екіншіден, ол жаңа заңды жасау немесе бұрынғы заң құжаттарын өзгерту кезінде ескеріледі.

-Үшіншіден, құқық ұксастығын қолдану қажет болған жағдайда заң қағидалары басшылыққа алынады.

-Төртіншіден, мұндай қағидалар құқықтық нормалардың бастапқы мазмұнының немесе шарт талаптарының тиісті жағдайларының мазмұнының түсіндірілуі жүзеге асырылғанда назарға алынуы тиіс (мысалы, Азаматтық кодекстің 6, 392- баптарын қараңыз) .

- Бесіншіден, заң қағидаларына сүйене отырып, заң нормалары арасындағы қарама-қайшылықты жоюдың жолдарын табуға болады, мұның өзі егер бұл аталған жағдай кездескенде ғана қолданылады. Осы мәселелерге орай оған екі жағдайды қосып айтуға болар еді: біріншіден, қағидалар тек заң актілері жүйесінің сипатын керсетіп қоймайды, сонымен қатар ол заңгерлердің құқықтағы құқықтарын белгілейді. Екіншіден, азаматтық құқық қағидалары өзінің реттеу жүйесі арқылы бірқатар мемлекеттік құқықтық институттар мен нормаларды, яғни бірінші кезекте азаматтардың конституциялык құқығын азаматтық құқықтар аркылы өзіне тән тәсілдермен қорғауды нақтылай түседі.

Азаматтық құқықтын мынандай қағидалары бар:

1) азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың тендігі;

2) меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;

3) шарт еркіндігі;

4) жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығы;
5) азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;

6) нұқсан келтірілген құықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;
7) азаматтық құқықты сот арқылы қорғау [7] .

Міне, осы қағидалардың бәрі де Азаматтық кодекстің " Азаматтық зандардың негізгі бастаулары" деп аталатын 2-бабын да бекітілген. Яғни сол арқылы мемлекет пен қоғамнын азаматтық зандарының алдына қойған мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялық және ізгілікті қасиеттері көрініс береді. Енді осы көрсетілген қағидаларды талдасақ дейміз.
Азаматтык, құқықтык, қатынастарға қатысушылардың теңдігі қағидасы азаматтық құкықтың басты қағидаттарының бірі, олардың катысушыларының теңдігіне байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға катысушылардың теңдік қағидасы қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесінің өзімен айқындалады. Яғни бұдан азаматтық-құқыктық қатынастарда тараптардың жағдайы тәуелсіз, тең дережеде болатындығын көреміз. Демек, азаматтық қатынасқа қатысушының бірі екіншісіне тіптен бағынышты емес, ал тәуелділігі оның мінез-құлқына, екшшісінің ерік-жігеріне қатысты болмау керек.

Азаматтық заңмен реттелетін мүліктік және мүліктік емес қатынастар жүйесінде субъектілер теңдігі төмендегідей жәйттерді білдіреді:
1) мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бөлінісі азаматтық-кұқыктық қатынастарға жалпы негізде, өзге қатысушылармен тең құқықта қатысады. Бір айта кететін жайт, азаматтық-құқықтық қатынастардағы мемлекеттің жауапкершілік ерекшелігі (дербес иммунитеті) занда көрсетілмеген (АК-тің 111-114 баптары) ;

2) занды тұлғалардың құқықтық мәртебесі жеке тұлғалардың мәртебесіне біртабан жақын келеді. Мысалы, қазіргі кезде азаматтар ғана емес, заңды тұлғалар да шартпен өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілей алады, сондай-ақ заңға қайшы келмейтіндей шарт талаптарының кез келгенін таңдау ға ерікті; занды тұлға және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар еңбек шартын, оның ішінде келісім шартты жасасуға құқығы бар;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалдық емес игіліктер және жеке мүліктік емес құқықтар
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар
Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы
Азаматтық құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары
Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғаудың жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz