Буддизм ұлттық дін



Кіріспе
1. Буддизм ұлттық дін
2. Буддизмнің Үндістаннан басқа жерлерде таралуы
3. Махаяна
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Дін - адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өөзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы; адамзат танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия және ғылымнан ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс. Діннің басты белгісі – адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшек екенін адам өз жүрегі арқылы сезетін болады. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнату болса, ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп, шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді.
Діннің шығуы қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша 40 – 50 мың жыл бұрынғы палеолит (тас дәуірі), яғни алғашқы қауымдық қоғамның салыстырмалы түрде жоғары деңгейдегі даму кезеңіне жатқызылып отыр. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылықта қолданылған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай- ақ, діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдейді.
1. Мәдениеттану. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет.
2. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. – Алматы. Дәнекер, 2000.
3. Қазақстан тарихы./ Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев,
т.б. — Алматы. 2006. — 232 бет
4. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және
саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д.,
профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Буддизм ұлттық дін
Буддизмнің Үндістаннан басқа жерлерде таралуы
Махаяна
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Дін - адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге,
табиғатқа, өөзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен
тысқары тылсым дүниеге қатынасы; адамзат танымының дүние мен жаратылысқа
деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия және ғылымнан ерекше
өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-
мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс. Діннің басты
белгісі – адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс
түріне сену және оны мойындау. Ислам философиясының түсіндіруінше, дін
дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл
әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне
ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшек
екенін адам өз жүрегі арқылы сезетін болады. Діннің басты мақсаты – адамның
рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнату болса, ислам
тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған
адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады.
Сөйтіп, шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы
болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне
және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді.
Діннің шығуы қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша 40 – 50 мың жыл
бұрынғы палеолит (тас дәуірі), яғни алғашқы қауымдық қоғамның салыстырмалы
түрде жоғары деңгейдегі даму кезеңіне жатқызылып отыр. Аталмыш кезеңнің
мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылықта қолданылған
сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай- ақ, діни наным-сенімдердің
болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және
әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдейді.

Буддизм ұлттық діні
Түркі дәуірінде қазақ жеріне буддизм діні де енген. Бұмын қағанның ұлы
Мақан қаған будда дінін қабылдап, буддалық насихат кітаптарды түркі тіліне
аудартқаны белгілі. Бұл жұмыс Таспар қаған кезінде де жалғасқан. Түркі
кағандарын буддизмнің: "Адам өлтірме, өтірік айтпа, ұрлық жасама, қызулы
ішімдік ішпе" деген уағыздары қызықтырған болса керек. Будда храмдары
(ғибадатханасы) Жетісу жерінде Акбешім, Краснореченск ортағасырлық
қалаларында, Сайрамда (Испиджаб) табылды.
Буддизмді б.з.д. VI ғасырда Үндістанда Будда деген адам құрды және ол
әлемдік сипатқа ие болды. Бұл дін Үндістанда пайда болғанына қарамастан,
оның жолын ұстанушылар әлемнің әр түкпіріне тарап кеткен. Қазіргі таңда ол
үлкен діндердің алғашқы бестігіне кіреді. Дінді тұтынушыларының саны – 300-
400 млн. шамасында. Басым көпшілігі Үндістан, Қытай, Манчжурия, Монғолия,
Цейлон, Тайланд, Бирма, Камбоджа, Лаос, Бенгал, Вьетнам, Бутан, Бирмания,
Сингапур, Малайзия, Тибет, Корея, Жапония сияқты Оңтүстік Азия елдерінде
және Қиыр Шығыста шоғырланған. Кейбір Батыс елдерінде ерекше жаңа буддистік
ағым болып табылатын зен буддизмі өз жақтастарын тауып, қатарын
толықтыруда.
Буддизм атауы батыс елдерінде Будда негізін салған дін ретінде
қолданылады. Буддистік Азия елдерінде бұл дін Будда жүйесі және діні
мағынасындағы Будда-Сасана атымен белгілі. Буддизмнің өз қасиетті кітабы,
доктринасы, бұйрық-тыйымдары және өз қауымдары бар. Дегенмен оның дін,
ағым, жол немесе философиялық ағым болған-болмағандығы айқын емес.
Буддизм Азия мен Алдыңғы Азияға тарап жатқанда І ғасырда Батыс
Түркістанда кейін Шығыс Түркістанда түркілер осы дінмен танысты. Бірақ
ішінде қасиетті қайыршылық, молдас құрып отырып ойға шому (медитация)
секілді ерекшеліктері бар дін оларға тартымды болмаған. Ет жеуге, құрбан
шалуға, атқа мініп сауыт-сайман киюге үйреншікті, табиғатпен етене араласып
кеткен түркілер, ет жемейтін, көбінесе өсімдікпен қоректенетін буддизмге
үйрене алмады. Олардың уақыт өте келе Исламды бар болмысымен қабылдауына
осы мәселелер және жиһад түсінігі мен қоса буддизмде кездеспейтін, бірақ
әрі ежелгі түркілерде әрі Исламда тамыры терең жалғыз тәңір сенімі рөл
ойнаған болатын.
Буддизм Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ның кезеңіндегі үлкен діндердің бірі
болатын. Алайда Құранда немесе хадис кітаптарында бұл жайында оған қатысты
мәлімет жоқ. Сонымен қатар бұрынғы және жаңа деректерде Құранда Тин
сүресінің 1 – аятында баяндалған інжір Будданың астында аянға қол
жеткізгендігі айтылған жабайы ағашты меңзегендігі алға тартылады. Будданың
туылған жері Капилавасту қаласының Зул Кифл (Кифтік адам, яғни араб тілінде
п әріпі болмағандықтан капилалық) атындағы пайғамбардың аталуына себеп
болғандығы білдіріледі (213). Зул Кифл жайында Құран, хадис және басқа
Ислам деректерінде көп мәлімет жоқ. Тек қана Құранда екі рет сөз қозғалады
(214).
Буддист деректері бойынша Буддадан алдын 24 Будда келген. Ол жиырма
бесіншісі. Одан кейін Меттея (Майтрея) келеді. Будда Тусита пейішінде
болып, уақыты келгенде дүниеге келгені сияқты Меттея да осылай жасайды.
Буддист деректері бойынша Будданың дүниеге келуінен алдыңғы, балалық және
жастық шағы, сарайдан кетуі, сопылық өмірі, апта астында көлеңкелеген
Інжір ағашы (Бо, Бодхи ағашы) және одан кейінгілерімен қатысты өте көп
мифологиялық аңыздар орын алған. Будда Інжір ағашының астында хабардар
болғанға дейін Бодхисатва (Будда өкілі) болып есептеледі. Оның алғашқы
шәкірттері; бірге сопылық өмірге кіріп, оның сопылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буддизм және саясат
Шығыс діндерінің шығуы
Шығыс діндері
Дін және адам туралы түсінік
Буддизм iлiмi туралы
Әлемдік діндер тарихы: буддизм, христиан, ислам
Митру құдайы
Діндер тарихы лекциялар жинағы
Дінінің пайда болуы және даму кезеңдері
Қазіргі кезеңдегі діндегі эволюция пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Пәндер