Заттық құқықтың ұғымы


КІРІСПЕ 3

1. ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ 4
2. МЕНШІК ИЕСІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ 11
3. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ӘДЕТ.ҒҰРЫП ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ 21

ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26
Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы соңғы уақыт шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алға тартады
Қазақ халқының тарихы өте күрделі кезеңдерді басынан кешкені белгілі. Соған байланысты қазақ халқының тәуелсіз мемлекет болу кезеңдерінде біршама заңдардың қабылданғанын білеміз. Мысалы XVІ ғасырдың бірінші ширегінде Қасым хан (1511-1520 жж.) тұсында «Қасым ханның қасқа жолы» атты акті қабылданса, Есім хан билік еткен кезде (1598-1628 жж.) «Есім ханның ескі жолы» аталған заң қабылданған еді. Ал бізге тарихтар қойнауынан хат жолымен жеткені Тәуке ханның (1680-171 жж.) «Жеті жарғысы» аталған жинақ болып отыр. Оның маңызы туралы, ондағы мүліктік және мүліктік емес құқық объектілері туралы сөз қозғау өз алдына бөлек зерттеуді талап етеді. Әңгіме біздің алып отырған тақырыбымыздың бастауы сонау ықылым заманнан бері келе жатқан өзекті мәселелердің бірі.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы, Ерекше бөлімдері. Алматы, Юрист, 2003 ж.
3. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заң Алматы: Жеті-Жарғы. 2002 ж.

Арнайы әдебиеттер
1. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999 ж.
2. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 г.
3. Сүлейменов және Басин «Азаматтық құқық» – жалпы бөлім I том 59-69 беттер...
4. Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексі» – жалпы және ерекше бөлімі 2005 жыл...

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 900 теңге
Кепілдік барма?

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 3

1. ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ 4
2. МЕНШІК ИЕСІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ 11
3. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ 21

ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы,
Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы соңғы уақыт
шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан
зерделеп, бағамдап алу міндетін алға тартады
Қазақ халқының тарихы өте күрделі кезеңдерді басынан кешкені белгілі.
Соған байланысты қазақ халқының тәуелсіз мемлекет болу кезеңдерінде біршама
заңдардың қабылданғанын білеміз. Мысалы XVІ ғасырдың бірінші ширегінде
Қасым хан (1511-1520 жж.) тұсында Қасым ханның қасқа жолы атты акті
қабылданса, Есім хан билік еткен кезде (1598-1628 жж.) Есім ханның ескі
жолы аталған заң қабылданған еді. Ал бізге тарихтар қойнауынан хат жолымен
жеткені Тәуке ханның (1680-171 жж.) Жеті жарғысы аталған жинақ болып
отыр. Оның маңызы туралы, ондағы мүліктік және мүліктік емес құқық
объектілері туралы сөз қозғау өз алдына бөлек зерттеуді талап етеді. әңгіме
біздің алып отырған тақырыбымыздың бастауы сонау ықылым заманнан бері келе
жатқан өзекті мәселелердің бірі.

1. ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ

1. Заттык құқық деп белгілі бір тұлғаның өз карамағындағы жеке
заттарға үстемдік (қожалык) етуін айтады. Әдетте адамның затқа катынасы
әртүрлі болады, біріншіден, ол сол заттын меншік иесі, екіншіден, оны
иеленуші, үшіншіден, езгенің затын меншіктену құкығын еншілей алады1.
Олардын ара жігі занда өзіне тән ерекшеліктерімен айкындалады.
Азаматтык кодекс жүйесінде қүқықтың өзі меншік құкығы және басқалай
заттык құқык болып бөлінеді. Онын соңғысына жерді пайдалану құқығы,
шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару кұкығы және басқа да заттык
кұқықтар (мысалы, сервитуттар) жатады.
Азаматтық кодексте заттық кұкық деген түсінік болған жоқ. Әрине, оның
мәнісін де түсіну қиын емес, өйткені кеңестік Азаматтық кодекс тұлға мен
затты, меншік иесі мен меншік объектісін байланыстыратын кұкыкты елемеді.
Азаматтық кодексте меншік құқығы заттык кұкыктың жалпы жүйесіндегі
негізгі кұқык институты бола тұрса да, түптеп келгенде ол заттық кққыктың
бірі болып саналады. Заң шығарушы затқа ауыртпалық түсірумен қатар оған
өкілеттілікті жүктейді. Мысалы, өзге заттык құқықтың субъектілері сол
заттың меншіктен туатын ауыртпалығын көтерді немесе белгілі бір адамға
меншік иесінін. құқығын жүзеге асыру өкілеттігі беріледі. Барлық заттық
құкықтарға — меншік құкығына, сондай-ақ басқа да заттық құқықтардың
табиғатына тән нәрсе, олардың шексіз (абсолютті) құқықтар қатарына
жататындығын айту керек. Ал құқықпен коғам мүшелерінің бәрі бірдей шексіз
(абсолютті) корғалады. Мысалы, азаматтың меншігіндегі машинаға ешкімнін
тиісуге қүкығы жоқ.
Цивилистика ғылымында зат адам еңбегімен жасалған, сондай-ақ табиғи
күйінде кездесетін физикалық дене және адамның пайдалануына болатын сыртқы
материалдык дүниенің нәрсесі деп түсіндіреді2.
Сонымен, заттық құқық дегеніміз — өкілетті жақтың немесе өзге
жақтардың заң актілері арқылы танылатын және қорғалатын белгілі бір жақка
немесе (жақтардың жиынтығына) тиесілі әртүрлі заттарға өз қалауы бойынша
тікелей үстемдік (қожалық) ету құқығы болып табылады3.
1 Затгық құқық барлық құқық жүйелеріне тән. Мысалы, Францияның
Азаматтық кодексінде мынадай заттық құқыктар бар: меншік кұқығы, пайдалану
және баспаналау, сервитут құқығы, кепілдін түрлері.
3 Әдебиетте затгық құқықтың басқа да анықтамалары бар. Мысалы, Ю.К.
Толстой затгық құқыкка мынадай анықтама береді: "Заттык құқық деп
шаруашылық жүргізу жүйесіндегі затқа тікелей ықпал ету жолымен өкілетті
түлғаның мүддесін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін қүкықты айтамыз."
Гражданское право. Учебник. Ч.І. Подред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого, 326-
OCT.) '
2. Кеңес зандарында затгық қүқық ережелері әрқилы болды. РСФСР-дің
1922 ж. қабылданып, Қазақстан Республикасы аумағында 1964-жылға дейін
қолданылып келген Азаматтық кодексінде заттық қүқықтың бөлімдері болған
еді. Ол меншік құқығы, кұрылыс салу құқығы және кепіл кұкығы деп бөлінді.
Мұндай бөлудің өзі иелену құқығының, меншік кұкығы мен басқа біреудің
заттарын иелену құкығының классикалык түрінен біршама ерекшеленді. Алайда,
бұдан былай заттық құқыкты дамыту шектеліп қалды. Оған РСФСР-дің 1922 ж.
қабылданған Азаматтық кодексінен затты нактылы иеленуді алып тастауы
(меншік құқығымен әркез сәйкес келмеуіне бай-ланысты) оның дамуына кері
әсерін тигізді. Екіншіден, бірқатар объектілердің айрықша мемлекет
меншігіне айналуы да (жер және басқа табиғи ресурстар) оған себепкер болды.
Заң заттарды қозғалатын және қозғалмайтын деп бөлуді қабылдамай тастады.
Демек, заттар өндіріс құрал-жабдығы және тұтыну заттары деп белінетін
жағдайға жетті де, ал жердің тек мемлекет меншігіне ауысуымен түсіндірілді.
Міне, сондыктан да 1964 жылғы Азаматтық кодексте заттық құкық арнайы
бекітілмей кояды, оған тек "Меншік кұкығы" деген бөлім енгізілді, бұл,
сайып келгенде, социалистік меншікке қолайлы жағдай туғызу үшін жасалған
болатын.
Жаңа Азаматтық кодексте заттык кұқық меншік құқығы нормалары ретінде
көрініс тапты, мұның өзі оның бұл құқықтармен заңдық табиғаты жағынан
біртұтас екендігін дәлелдейді Әрі бұл нормаларға тек аталған құқык еніп
қана қоймай, сондай-ақ өзге де меншік түрлері, мысалы, меншік иесі болып
табылмайтын адамдардың заттық құкықтары бекітілді (АК-тің 194және 195-
баптары).
Азаматтык кодекстің "Иелену мерзімі"1 деп аталып 240-бабы негізінде
иелену мен пайдаланудың жаңа заттык құкығы пайда болды. Біздің ойымызша,
енді иелену құкығының екі түрін бөліп қарауымыз керек: а) АК-тің 188 және
194-баптарына сәйкес меншік иесінің езіне берілетін мүлікті иелену күқығы
және меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттык құқыктары (АК-тің 195-
бабы); ә) мерзімдік иелену күкығы.
1 Мұндай дербес иелену бұрынғы орыс цивилистикасында "Өзіне иеле-ну"
деп аталды. Мұндай иелену айтарлықтай дербес, бұл өзі меншік кұқығына жата
қоймайды, бірақ меншікке жакын басқаға берілуі де мүмкін, тіпті иемдену
мерзіміне орай нағыз меншікке айналып кете алады, яғни уақытына байланысты
бастапқы түрін ауыстырады (Анненков К. "Система русского гражданского
права", Т.2., 1900., 517-бет. "Өзіне иелену" Наполеон Кодексінің 2230-
бабында каралған).
Мүліктің меншік иесі болып табылмайтын мүлікті АК-тің 240-ба-бының
шарттары сақталса, бірақ өзінің жеке қозғалмайтын мүлкіндей 15 жыл бойы,не
өзге мүліктік кем дегенде 5 жыл, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе
заңды тұлға мүлікке меншік құқығын (иелену мерзімін) алады.
3. Заттық құкықтар жөніндегі тиісті нормаларды жіктей отырып, оның
бірқатар белгілерін атап өтелік: занда бекітілген заттық құқықтың шектелген
шеңбері; заттық құкықтардың шексіздігі (абсолюттік күқьіқ): затқа тікелей
үстемдік ету; затпен үздіксіз байланыс жасау; осыдан келіп "құкык жалғасуы"
өкілеттігі шығады; затты алудың занды тәсілдерінің нақтылы және қорғау
нысанының ерекшелігі.
Заттық құықтың тізбе шеңбері заңның езімен айқындалған (АК-тің 188,
194, 195-баптары), яғни тұлғалардьщ өз беттерімен заттық құқықтың жаңа
түрлерін жасауға хақысы жоқ. Айта кететін жайт, заттық құқықтың аясы тек
Азаматтык кодекспен шектеліп қалмай, бұл кодекске енгізілмеген кейбір
заттық қүқықтар басқа зандарда көрініс табуы мүмкін.
Заттық құқық шексіз (абсолюттік) құқық түрінде сипатталады. Демек, бұл
барлық басқа субъектілердің аталған құқык өкілетгілігін жүзеге асыруына
бөгет жасамау міндетін алға тартады. Шексіз (абсолюттік) құқыққа мазмұны
жағынан карама-қарсы тұрған міндеттемелік құқық. Бұл құқық бойынша міндетті
болатын бір ғана жақ немесе бірнеше жақтар. Бұл құқықтың сол міндетті
болған субъектіге не міндетті субъектілерге ғана күші бар, сондықтан бұл
міндеттемелік қүқықты бұзатын тек солар ғана. Мысалы, мәмілеге негізделген
құқыктардың бәрі де міндеттемелік құқық болып табылады. Бүл құқықтарды
орындауды мәміле бойынша сол міндеттерді мой-нына алушылардан ғана талап
етуге болады. Мысалы, затты беру, белгілі бір жұмысты орындау, т.б.
міндеттер. Заттық құқык басқа құкықтардан өзінің объектісімен ерекшеленеді.
Заттық құқықтың объектісіне жеке дара белгілі бір мүліктер жатады. Бір-
біріне тектес заттар, сондай-ақ материаддық емес өзіндік игіліктер заттық
қүқықтың объектісі бола алмайды. Өйткені, заттық қүқыктың өзіне тән қасиеті
басқа біреудің иелігінен затты қайтару болып табылады әрі бұл затты сыйға
беруге болмайды1, заттай жүзеге асады.
Екінші жағынан алғанда, заттық құқықтың шексіз (абсолютті) сипаты
басқа адамдармен қатынасқа түскенде айқын көрінеді. Мәселен, олар меншік
иесінің кұқығына кол сұқпауға міндетті. Демек, заң меншік құкығын қорғай
отырып, азаматтарға өз құқығын жүзеге асыруға бөгет жасамауына жағдай
жасайды. Мысалы, меншік иесінін затты иелену немесе пайдалану құкығына
заңсыз түрде бөгет жасау әрекеттерінің бәрі де жоғарыда айтылған міндетті
бұзушылық болып табылады.
Заттык құқықтың маңызды белгісі оның затқа тікелей үстемдік етпуі
болып табылады. Мұның өзі кұкық объектісі араға үшінші бір адамды салып
үстемдік етпейді дегенді білдіреді1. Бұл арада затқа үстемдік толық күйінде
болуы мүмкін, ал кейде заттык құқыктың шектелуіне орай шектелген түрінде де
кездеседі.
Заттық кұқықтың тағы бір ерекшелігі заттың иесі мүлкін басқа біреуге
берген кезде өзінің құыгы иеленуш іретінде сақталып қалатындыгы деуге
болады. Азаматтық кодекстің 188-бабына сәйкес меншік иесі өзіне тиесілі
мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекетгер жасауына, соның
ішінде мүлкін басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, бірақ
өзі меншік иесі больш кала беруіне құқылы. Басқаша айтқанда, мүлікке меншік
құқығы сақталады. Егер зат заңсыз иеленген болса, онда ол виндикацияланады,
яғни меншік иесі өзінің заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге кұкылы.
Мысалы, кепілге салынған мүлікке құқық басқа түлғаға кұкықты мирасқорлық
тәртібімен көшірілгенде кепіл сақталады (АК-тін 323-бабы). Затгык құкьіқ
мекемені меншіктену құкығы басқа адам-ға ауысқан кезде бұл мекеме өзіне
тиесілі мүлікке оралымды билік жүргізу кұқығының сақталып калуына
байланысты заттық құқықта сақталады (АК-тің 208-бабы).
Занда заттық құқықтың затты алудың занды тәсілдерінің нактылығы (АК-
тің 7-бабы 4-тармақшасы, 198-203-баптары) мен қорғау нысанының ерекшелігі
(АК-тің 260-261-баптары) көрсетілген.
4. Заттық құқықтың түрлері. Заттық құкық екі үлкен топка бөлінеді:
меншік құқығы және меншік иесі болып табылмайтын тұлғаның заттық күкығы2.
Азаматтық кодекстің 95-бабында заттық құкыктың үлгі тізімі келтірілген,
бірак, онда бәрі бірдей қамтылмаған. Заттык кұқыққа меншік кұкығымен қоса
жерді пайдалану құқығы, шаруашылык жургізу құкығы, оралымдыы басқару
кұкығы, басқа да заттық қүкықтар жатады.[1]
Өзге заттық қүқыққа мекеме және қазыналық кәсіпорынның мүлікке билік
етуде қатысты болуы мүмкін (АК-тің 206-бабы). Сондай-ақ отбасы мүшелерінің
тұрғын үйді пайдалану құқығы ("Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 22-
бабы) және жер қойнауын пайдалану құқығы ("Жер туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы, 2-бөлім), тағы басқалар заттык күқыкқа қатысты бола
алады.
Олардың субъектілеріне тән нәрсе, оны иеленіп, пайдаланып, билік
еткенімен, мүліктің меншік иесі бола алмайды. Шаруашылық жүргізуге кұқығы
бар мемлекеттік кәсіпорындар, егер заң актілерінде өзгеше көрсетілмеген
болса, кәсіпорынның меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік
органның келісімінсіз кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін жасауға: 1) өзіне
тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықты және кәсіпорыннын, басқа да негізгі
қорларын өзге адамдарға сатуға және беруге, айырбастауға, ұзақ мерзімді (үш
жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге; 2) филиалдар
және еншілес кәсіпорындар құруға, жеке кәсіпкермен бірге кәсіпорындар мен
бірлескен өндірістер құруға, оларға өндірістік және акша капиталын салуға;
3) жеке кәсіпкерлерге қарыз беріп, олар бойынша Қазақстан Республикасының
¥лттық банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан төмен
сыйақымен (мүддемен) төлетіп алуға; 4) үшінші тұлғалардың міндеттемелері
бойынша кепілдеме немесе кепілдік беруге кұқығы жоқ (АК-тін, 200-бабы 1-
тармағы).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде заттық қүқықтың
жіктелуі (классификациясы) толық түрде берілмеген.1 Әдебиетте заттық
құқықтарды дәрежелеуге ұмтылыс бар. Айталық, Ю.К.Толстой құқықты мынадай
түрге бөледі: белгілі бір мүлікке катысты кұқық (мысалы, жер учаскесіне);
белгілі бір адамға қатысты құқық (мысалы, бөтен адамның үйінде өмір бойы
тұру құқығы); жария мүддеге байланысты бекітілген құқық (мысалы, жария
сервитуттар); жеке мүддені корғау үшін бекітілген құкык (мысалы, жер
учаскесін өмір бойы мұрагерлікпен иелену); белгілі шектелген қатынаста
бөтеннің затын пайдалануға берілген кұқық (мысалы, сервитуттар);бөтеннің
затына билік жасауға берілген құқык (мысалы, ипо-тека).1
Л.В.Шенникова заттық құқыкты өзінше жіктеп, оны мынадай топтарға
бөледі: 1) меншік иесінің мүлкіне шаруашылык жүргізуге занды тұлғалардын,
заттық құкығы; 2) азаматтардың мүлкін белгілі бір іпектеу шегінде
пайдаланатын сервитуттык түрдегі құкык; 3) ұйымдар мен азаматтардың жер
учаскесін пайдаланудағы заттык құқыктары; 4) мүліктің кепілі туралы
шарттағы кепіл ұстаушының өкілдігі2. Заттык құқыктардың бұдан баска да
түрлері әр жағдайда кездесуі мүмкін (сот шешімімен, шарт бойышпа және
т.б.).

2. МЕНШІК ИЕСІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ

1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан — 2030" деп
аталатын халыққа Жолдауында жеке меншік институтгары жерге меншік арқылы
беки түсетіндігі, сондай-ақ меншік құкығын қорғайтын зандық жүйелердің
құрылатындығы айтылған.
Меншік күкығының заңдық жүйесін құру меншік иесі болып табылмайтын
адамдардың қүқылық тәртібін бекітіп, тағайындамайьнша мүмкін болмайды.
Бұл орайда әңгімемізді жерді пайдалану мен сервитутқа қатысты заттық
құқықтан бастамақшымыз. Шаруашылық жүргізу құқығы мен оралымды басқару
күқығы "Мемлекеттік меншік құкығы" тарауында қаралады.
Жерді пайдалану құқығы — заттық құқық бұрынғы Кеңес азаматтық
заңдарында жерді пайдалану кұқығы заттық құкық болып есептелмеді. Қазақстан
Республикасының "Жер туралы" Заңымен жер пайдалану кұқығына заттық кұқық
берілді (Заңньщ 20-бабы). Бұл орайда меншік құқығынан баска жер учаскесін
және меншіктегі уақытша пайдалану құкығы, сервитуттар және басқа да заттық
құқықтар пайда болды. "Жер туралы" Заңның 5-бабы 4-тармағына сәйкес жерді
пайдалануға байланысты меншік кұқықтар азаматтық зандардың нормаларымен
реттеледі, әрине ол "Жер туралы" Заңға қайшы келмеуі тиіс. Заң сондай-ақ
"Жерге меншік құкығы, жер пайдалану құқығы және өзге де заттық кұқықтар"
деп аталатын арнайы бөлімді енгізген (Заңның П-бөлімі).[2]
Жерді пайдалану құқығы дегеніміз — тұлғаның мемлекеттік меншігіндегі
жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде мерзімсіз (жерді тұрақты
пайдалану) немесе белгілі мерзім ішінде (жерді уақытша пайдалану) иелену
және пайдалану қүқығы.
Бұл анықтамада айтылғандай, жерді пайдалану құқығынан жеке меншік
құқығы негізгі ерекшелікке ие. Өйткені, жеке меншік иесі жер учаскесін
иеленеді, пайдаланады және оған билік етеді, ал жерді пайдаланушы болса
берілген учаскеге ғана иелік жасап, пайдаланады. Ал жерге билік ету меншік
иесі ретінде мемлекет құзырында болады. Оның үстіне заң жер пайдаланушыға
жерді белгілі бір шекте пайдалану құқығын береді.
Жер пайдалану субъектілері азаматтар мен занды тұлғалар болады. "Жер
туралы" Заңның 22-бабына сәйкес:
1) мемлекетгік және мемлекеттік емес;
2) ұлттық, шетелдік;
3) жеке және заңды тұлғалар;
4) тұрақты және уақытша;
5) бастапқы және кейінгі болып белінеді.
Мерзімі бойынша жер пайдалану тұрақты (мерзімсіз) және уақытша болады.
Жерді тұрақты пайдалану құқығындағы жер учаскелері мына мемлекеттік
жер пайдаланушыларға: 1) кондоминиум объектілеріндегі үйлерді
(құрылыстарды, ғимараттарды) үй-жайларды шаруашылық жүргізу құқығымен
немесе оралымды басқару кұқығымен иеленетін заңды түлғаларға; 2) ауыл
шаруашылық және орман шаруашылығы ендірісін жүзеге асыратын занды
тұлғаларға; 3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінде жер пайдалануды
жүзеге асыратын занды түлғаларға; 4) заң актілері көзделген өзге
жағдайларда беріледі. Түрақты жер пайдалану құкығы шетелдік жер
пайдаланушыларға тиесілі бола алмайды (Занның 27-бабы).
Жерді уақытша пайдалану құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және
ұзақ мерзімді (5 жыддан 49 жылға дейін) болуы мүмкін. Бастапқы ұзак
мерзімді ақылы жер пайдалану кұкығы бар мемлекеттік емес жер пайдаланушылар
егер занда өзгеше белгіленбесе, өздеріне тиесілі жер учаскелерін (немесе
олардың бір бөлігін) жалға (кіші жалға) немесе өтеусіз уакытша жер
пайдалануға беруге, сондай-ақ өздеріне тиесілі уақытша жер пайдалану
кұқығын иелігінен шығаруға кұқылы. Жер пайдалану құқығының объектісі
дегеніміз — жекелеген жер пайдаланушыға занды бекітілген тәртіп бойынша
берілген жер учаскелері болып табылады. Жер учаскесінің құқық объектісі
ретінде белгілі бір аумағы, нақты мекені және сыртқы шекарасы болады.
Жер учаскелері өзінін. Құқыктық тәртібі бойынша жер пайдалану
объектісі ретінде шаруашылык бағыты, нысаналы мақсатты пайдаланылуы, жер
пайдалану субъектісі, жерді пайдалану құқығының түрлеріне орай (тұрақты
немесе уақытша, иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулі немесе
өтеусіз алынатындығына байланысты) бір-бірінен ерекше-ленеді. Жер
пайдаланудың өзіне тән объектісі жалпы жер пайдаланудағы жер үлесі болып
табылады. Жер үлесі дегеніміз — учаскесіне құқықтар мен міндеттерге басқа
түлғалармен бірге қатысудың Жер туралы Занда және өзге де заң актілерінде
белгіленген жағдайлар мен шарттарда бөлінуі мүмкін сан жағынан анықталған
үлесі болып табылады.
Жер пайдаланудың маңызы Азаматгық кодекстің 195-бабы 2-тармақшасында
айқындалған. Жер пайдалану құкығына байланысты болатын ерекшеліктер жер
пайдалану құқығының кімде болуына катысты келеді. Мемлекеттік жер
пайдаланушылар шаруашылық жүргізуге жерді алғаннан сон жер учаскесін
иеленіп, пайдалануға күқык алады, оның өзі мақсатты пайдалану шеңберінде
жүзеге асады әрі ол жер бөлу актісінде керсетіледі. Ал негізгі билік
мемлекеттің қолында қала береді. Жерді алып, оралымды басқаруға қүқығы бар
жер пайдаланушылар, сондай-ак жер учаскесін иеленеді және оны пайдаланады,
бірақ билік тізгіні мемлекетте де, сонымен бірге меншік иесі болып
табылатын мемлекеттік емес занды тұлғаларда да болады. Сонымен, мемлекеттік
жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер пайдалану құкығын пайдалануға сондай-
ақ кепілдікке беруге хақысы жоқ, бұған жер учаскесінде орналасқан
жылжымайтын мүлікті белгіленген тәртіппен оқшаулауға не оның кепілдікке
берілуіне байланысты жағдайлар қосылмайды. Мемлекеттік жер пайдаланушы
өзінің қарауындағы жер учаскесін ұзак мерзімді жалға беруіне болады, бірак
бұл ораңда алдымен өкілетті орган ретінде мемлекеттен келісім алуы тиіс, ал
өзіне тиесілі жер учаскесін біреу тетегін пайдалануға беруіне мүлдем рүқсат
етілмейді, бүл тек қызмет бабына орай жер учаскесін бөлгенде ғана мүмкін
болады.
Жер учаскесіне заттык күқықтар осы учаске шекарасындағы, яғни
аумағындағы топырактың үстіңгі қабаттарына, тұйық су тоғандарына, орман
ағаштарына қолданылады.
Егер "Жер туралы" Заң мен өзге заң актілерінде өзгеше белгіленбесе,
жер пайдаланушылардың: 1) жер учаскесін оның мақсатынан туындайтын мақсатқа
пайдалана отырып, жерде дербес шаруашылык жүргізуге; 2) ауыл шаруашылык
және өзге де дақылдар егістеріне және отырғызылған көшеттерге, өндірілген
ауыл шаруашылық өнімі мен жер учаскесін. пайда-лану нәтижесінде алынған
өзге де өнімді және оны өткізуден түскен табыска меншік, шаруашылық
жүргізу, оралымды басқару; 3) өз шаруашылығының қажеттері үшін жер
учаскесінде бар құмды, сазды, қиыршык, тасты және басқа да жалпы таралған
пайдалы қазбаларды, шымтезекті, екпелерді, жерүсті және жерасты суларын
кейіннен мәмілелер жасасу ниетін көздемей, белгіленген тәртіппен пайдалану,
сондай-ақ жердің өзге де пайдалы қасиетгерін пайдалану; 4) жер учаскесі
мемлекеттік қажеттер ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Заттардың ұғымы және оны саралау
Заттық құқықтың белгілері
Азаматтық құқықтар объектілерінің ұғымы мен түрлері
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
Меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтары
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Заңды тұлғалардың заттық құқығы
Азаматтық құқық нормалары
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ
Пәндер