Әуезов Мұхтар Омарханұлы ( 1897- 1961 жж.)


Әуезов Мұхтар Омарханұлы ( 1897- 1961 жж. )
Менің аңдауымша, бір кезде орыс мәдениетінің өсіп- өркендеуіне Пушкин әсері қандай болса, бүгінгі Орта Азиялық көркем ойдың, іргелес халықтарымыздың күллі рухани өмірінің қалыптасуына Әуезов әсері де дәл сондай болды.
( Шыңғыс Айтматов)
Қазақ халқының мәдени даму тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың алатын орны ерекше.
М. Әуезов - ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын артттыруға, әдеби тілді байытуға ересен еңбек сіңірген ұлы жазушы. Жазушы 1897 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Семей облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау деген жерде туды. 1908 жылы Мұхтарды немере ағасы Қасымбек Семейге алып келіп, орыс мектебіне түсіреді. Оның тұңғыш күрделі шығармасы - " Еңлік-Кебек" драмасы 1917 жылы, семинарияда оқып жүргенде жазылды. 1923 Ленинград университетінің филология факультетіне оқуға түсіп 1928 жылы бітіріп шығады. Оқуды бітірісімен Ташкентке келіп, орман техникумында әдебиеттен сабақ береді, 1929 жылы Орта Азия мемлекеттік университеті туркология кафедрасына аспирантураға түсіп, онда 1930 жылдың октябрьіне дейін болады.
Кемеңгер жазушының өмір жолына көз жіберсек, оның бір кездерде қилы кезең, қиын асуларға тап болып, қысылып- қиналған сәттерін еске алмай өте алмайсың. 30- жылдардың басында жазықсыз жаламен екі жыл түрмеде отырды. Қазақтың бетке шығар қаймағы " халық жауы" атанған кезде ендігі бетке ұстар азамат М:Әуезовке де құрық түсуге шақ қалды. Алашордашыл, ұлтшыл жазушы деп қудалағандар аз болған жоқ. Соның салдарынан жазушы 30- жылдары өзінің " Еңлік-Кебек", " Көксерек", " Қилы заман" сияқты тамаша туындыларынан бас тартса, 40-шы жылдары " Қаракөз", " Айман-шолпан", " Түнгі сарын" сияқты ғажайып пьесалары сахнадан түсіп қалды. Жазушының әңгімелеріне тән оқиғалық, тартыстық жүйелер драмалық шығармаларында да кездеседі. Бұл да суреткердің өмір ақиқатын неғұрлым шыншыл әрі толық бейнелеу ниетінен туған көрініс. Творчестволық жолының алғашқы кезеңінің өзінде- ақ М. Әуезов көп қырлы талантын айқын танытты. Ол бұл тұста, әсіресе, көркем прозаның майталман шебері болып қалыптасты. Өмір оқиғаларын қаһарман мінезімен ұштастырып, қайталанбас сом тұлғалар жасау дәстүрін тереңдетті, прозаның әңгіме- повесть түрлерін жетілдірді. Тарихи тақырыпты да, заман шындығын да өзіне ғана тән өрнектеп жырлайтын арнаға түсті.
М. Әуезов қазақ әдебиетінде драматургия жанрының негізін салушылардың бірі болды. "Еңлік-Кебек", "Қаракөз", "Түнгі сарын", "Ақ қайың", "Тас түлек", "Тартыс", "Алма бағында" сияқты шығармаларында кеңес адамдарының жаңа өмір қалпын, жасампаз еңбегін бейнелейді. Осы салаға ерекше көңіл бөліп, қаламгерлік жолының әр кезеңінде бас-аяғы жиырмаға жуық пьеса жазды. М. Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясы- бүкіл кеңес әдебиетінің аса көрнекті шығармасы. Романның идеялық- көркемдік биік жетістігін жер жүзінің прогресшіл әдебиет, өнер қайраткерлері жоғары бағалады. Француз жазушысы Л. Арагонның: " Эпикалық "Абай" романы…. . ХХ ғасырдағы ең мәнді романдардың бірі ", - деген сөздері демократиялық бағыттағы шетел жазушыларының ортақ лебізі болып естіледі. Бұл пікірлер роман- қазақ әдебиетінің зор жетістігі болғанын дәлелдейді. Дүние жүзінің отыздан астам тіліне аударылып жарық көрген бұл шығарма миллиондаған оқырманды сусындатып, оларға ұлы Абайды, Абай арқылы қазақ халқын паш етті.
Әуезов - тек қана жазушы емес, қазақ әдебиет ғылымының ірі теоретигі, абайтанудың негізін салушы. Ол түркі тілдері әдебиетінің тарихы жөнінде терең ғылыми зерттеулер жасады. Оның қаламынан әлемдік және орыстың тамаша классикалық әдебиетінің, бауырлас халықтар әдебиетінің танымал шығармаларының тәржімелері туды. Жазушы, академик, тұңғыш драматург, талантты романист, білгір сыншы, белгілі қоғам қайраткері " Сегіз қырлы, бір сырлы азамат" - өзінің ғажайып таланты, асқан еңбекқорлығы арқасында халқына қалтқысыз қызмет етті, көркем сөздің шыңына шығып, соңына мәңгі өлмес мұра қалдырды. Әдебиетіміздің қос биігі Абай мен Мұхтарды кезек-кезек оқығанда жерлес ақынымыз Қ. Алтынбаевтың " Бірі - өлеңнің патшасы, бірі-проза құдайы " деген жыр жолдары есіңе түседі.
Мұхтар Әуезов Қазақ әдебиетіндегі драматургия жанрының негізін салушылардың бірі болды . 1926 жылы Қазақтың мемлекеттік драма театры оның « Еңлік - Кебек » пьесасымен ашылады . Драмашы бұл шығармасын кейінне әлденеше рет өңдеп, жетілдірді, соның арқасында пьеса театр репертуарының тұрақты орын алған классикалық туындыға айналды .
« Еңлік - Кебек » трагедиясы ел ішінде кең тараған тарихи аңыз негізінде жазылған . Ол - ескі рулық-феодалдқ әдет-ғұрып шырмауын үзіп, жүрек қалауымен бір-біріне қосылған екі ғашық - жас Еңлік қыз бен Кебек батырдың ру шонжарларының қатал үкімімен өкінішті қазаға ұшырап, арманда кеткендіктері туралы аңыз еді . Мұхтар Әуезов аузша айтылып келген аңызды идеялық бағыты айқын, көркемдік қуаты мол трагедиыға айналдырды . Пьеса жазылған кезеңде қазақ ауылында көне кертартпа салт-сана айығып болмаған еді . Қызды сүймеген адамына айттырып, күйеуі өлген жесірді сол елден шығармай, ағайын-туған рулас біреуге зорлап қоса салатын әмеңгерлік әшкереленуге тиіс болатын . Алғаш рет жайлауда, жалғастырыла тігілген киіз үйде қойылған « Еңлік - Кебек » пьесасы қазақ сахнасында мүлде жаңа бір түрінің - драматургияның пайда болғанын әйгілейді, дала өңірінде талай жылдар бұрын өткен қайғылы оқиғаның кейіпкерлері тұңғыш рет сахнада көрермендер алдына шықты . Пьесе тек әдеби оқаға ғана емес, халқымыздың рухындағы ұлттық рухани, мәдени оқиға да болды . Шығарма толық, сенімді ашылған көркем тұлғаларымен де, қазақтың байырғы шешендік өнерінің жарқырап көрінуімен де тартымды .
Мұхтар Әуезовтың әйгілі трагедияларының бірі - « Қарагөзде » ( 1926 жылы ) көне заманда бас бостандығына жете алмай ескі ғұрып - драматургиясының алтын қорына қосылған бұл шығарманың идеялық мазмұнын жазушы былайша ашып көрсетеді : « Жалпы пьеса тақырыбы - беймезгіл заманды жолсыз өмір кешіп, ерте тартқан қайғы зардың уынан қаза тапқан өнерлі жастар жайы ; асықтық пен ақындық құмарлығында елтіген уыз жастар жайы . Пьесаның екінші айқындаған идеясы . . . азатан туған ақындық, қан-қайғыдан туған қаза, жеке бастың ғана шерінен басталып барып, халықтық қайғы-қамды ұсынуға беттеген шабытты көрсетпек » . Мұхтар Әуезов дараматургия жанырыныа ерекше көңіл бөліп, творчестволық жолының әр кезенінде бас-аяғы жиырмаға жуық пьеса жазды . Оның бұл жанырдағы қалам қуаты 30-жылдардағы шығармаларында көбірек танылды . Жазушының « Абай жолы » роман эпопеясына дейінгі идеялық-көркемдік өресі неғұрлым биік шығармалары драматургияда жасалды . Драмашының « Еңлік - Кебек » пен « Қарагөзден » басталған творчестволық ізденісі 50-жылдардың екінші жартысында жазылған « Дос- Бедел Досқа » дейін жалғасты . Бұл аралықты М . Әуезов тарихи адамдар өмірінен де, замандастар жайынан да, фольклорлық шығармалар сарынымен де алуан тақырыпта қалам тартты . Солардың бәріне ортақ сипат - уақыт алға қойған мәдени, көркемдік талаптарға жазушының дер кезінді сергек үн қатып отырғандығы, тұтас бір жанрдың ауыр жүгін қайыспай көтергендігі еді .
Оның соғысқа дейінгі 5 жылдықтар дәуірінде жазылған пьесалары Қазақстандағы революциялық өзгерістердің, шаруашылықпен салт - санадағы жаңарулардың терең сырларын ашуға арналды . «Түнгі сарын » мен «Ақ қайында» олхалықтың азаттық үшін күресін көрсетсе, « Тас түлек », « Тартыс », « Алма бағында », « Шекарада » сияқты шығармаларында совет адамдарының жаңа өмір қалпын жасампаз еңбегін бейнеледі .
Бұл - қазақ халқының 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалысы оқиғаларына құралған драма . Пьеса негізіне алыннған тартыс, үстем тап пен езілген тап арасындағы тартыс . Мұның бір жағында жебір болыс Майқан, оның болыстыққа кандидат інісі Нұрқан, ажарлы да айлалы Бибіш ( Жүзтайлақ ) , бай Қыдырбай, оқыған Жүніс, адвокат Кәрімдер көрінсе, екінші тарапта Жантас, Тәнекерлер, осылардың бағытындағы Сапа, Мөржан, Бойбермес, Бөрібасар бейнелері беріледі . Бұл топтарды бір-бірімен бітімсіз күреске киліктіріп, араларын шиеленістіре түскен жағдай - патшаның қазақ жігіттерін империалистік соғыс майданының қара жұмысын алу туралы 1916 жылғы июнь жарлығы болады . Ертеден екі жақты қанаудан - патша әкімдерінен, әрі жергілікті болыс-билерден зәбір көріп келген халық алыс майданға барып, жат мүдделер үшін құрбандық болуға көнбейді . Осыдан барып халық кегі лаулады, таптық және ұлт азаттық мақсат қосылып, дала төсінде бостандық ұраны көтерілді . Түнгі сарын - қазақ драматургиясында азаттық үшін күрес тақырыбын үлкен шеберлікпен суреттеген, кесек адам мінездерін көрсете алған жазушының революциялық дүниетаныммен қаруланып, тарихи оқиғалардың көркемдік шындығын терең толғап ашатын биікке көтерілгенін, жанрдың шарттары мен заңдылықтарын қапысыз игергенін көрсететін үздік шығарма . « Шекарада » ( 1938 жылы ) - М . ӘУезовтың жаңа заман тақырыбына жазған пьесасы . Оқиғалық құрамы « Шатқалаң » әңгімесімен үндес бұл шығарма драматургия жанры талаптарына сай шыққан . Драмашы тартыс табуда, сюжет дамытуда ысылған шеберлік танытады . Тартыс мұнда колхоздың жасырын жаулары мен тоаншыл совет азаматтарының арасында жүреді . Аудандық партия комитетінің секретарі Мұрат, шекара отрядының командирі Ганшин, дәрігер қадиша - әрқайсысы өзінше тартымды шыққан бейнелер . Пьеса совет жұртшылығын империалистік күштердің қастандықтарына қарсы қырағылыққа үндеу идеясына құралған . Отызыншы жылдардың орта тұсында, халықтардың қас жауы - фишизм зұлым әрекеттері бой көрсете бастаған шақта мұндай тақырыптағы шығармалардың маңызы зор болды « Шекараданың » ширамаған босаң жерлері пьесада кейіпкерлердің шамадан тыс көптігіне, олардың бәріне бірдей әрекеттік жүк жете бермейтіндігі, олардың бәріне бірдей әрекеттік жүк жете бермейтіндігіне байланысты . Мұхтар Әуезовтің драматургиялық шығармаларының қатарында Л . Соболевпен бірігіп жазған « Абай » ( 1939 ) трагедиясы айрықша орын алды . Бұл пьеса тек М . Әуезовтың ғана айтулы туындысы емес, бес жылдықтар дәуіріндегі жалпы қазақ драматургиясының жетістігі . Шығарма шын мәніндегі тартыс туғызарлық, адам характерін ашарлық түйінді оқиғаларға құрылған . « Абай да » замана қайшылықтары ең ұрымтал тұсынан көрінеді . Пьесаның құрылысы мен тіл щеберлігі - драмашының биік творчестволық мәдениетінің дәлелі . Трагедия жесір дауы, әйел еріксіздігі мәселесі зор көркемдік күшпен көтерілді . Орталық қаһарман Абайдың тұлғасы бірін-бірі сүйген жазықсыз жастар - Айдар мен Ажарды өлім қаупінен алып қалуы үстінде ірілініп көрінеді . Бай ауылдың қалыңдығы Ажардың ғұрып « бұзуы », кедей жігіт Айдарды сүйюі ескі феодалдық заман ұғымы бойынша адам естіиеген сұмдық болып көрініп, қиян-кескі дау тудыратын оқиға . Міне, осындай шытырман тартысқа Абай батыл араласып, сүйіскен жастардың басына азаттық әперді . Қазақ эпосының сарынымен жазылған « Айман - Шолпан » ( 1934 жылы ) , « Қарақыпшақ Қобыланды » ( 1945 жылы ) пьесалары М . Әуезовтің драматургия жанырындағы елеулі шығармалары . 1934 жылы қазақ музыка театры шымылдығының « Айман - Шолпанмен » ашылуы үлкен мәдени оқиға болды . Қазақ фольклорын терең зерттеген драмашы эпостың қазынасынан жаңа мағыналар таба білді, оның қазіргі заманға үндес келетін қырларын ашты . « Қарақыпшақ Қобыланды » - халықтың қаһармандық жырлаындағы өшпес идеялары - асқан оотаншыл-дық, теңдесі жоқ ерлік сарындарын жаңғырта көрсету арқылы мәдени мұраның сарқылмас көздерін ашудың жақсы үлгісі . Сонымен қатар бұл ауыз әдебиеті шығармаларының көркемдік тәсілін дүниедегі ең өскелең социалистік реализм әдебиетінің қажетіне жаратудың да жаңа дәстүрі болып табылады . Пьесадағы Қобыланды - ел азаттыған ту қып көтерген үлгі тұрар бейне .
Ел назарында - «Қилы заман»
М. О. Әуезовтің «Қилы заман» повесі - сол кезеңдегі қазақ халқының өмірі мен түрмысын, жарасымды табиғатымен қоса адамдар арасындағы элеуметтік тартысты, оның ақыры қазақтардың көтерілісіне экеліп соққан жағдайды шебер суреттейтін көркемдік дэрежесі жоғары шығарма.
Биыл елімізде ерекше атаулы жыл Қазақстан мен Орта Азиядағы үлт -азаттық көтеріліске - 90 жыл. Тарихта өзіндік орны бар Қазақстандағы қазіргі тэуелсіз, демократиялық қоғам орнауының бір баспалдағы - 1916 жылы шілде айының алғашқы күндерінде басталып, қыркүйек айының аяғына дейін созылған Қарқара жэрмеңкесінде болған көтеріліс.
Көтеріліс үлт-азаттық сипат алды, сол кездегі империалистік соғысқа қарсы, басқыншы отарлау саясатына жері, елі үшін шыққан. Бүл көтерілістің қозғаушы күші қазақ ауылының шаруалары болды. Басшылары да ауылдан шыққан болыс, би, данагөй, елі үшін кеудесін от пен оққа тосқан жалаңтөс батырлар еді. Орта Азия мен Қазақстандағы көтерілістің ірі ошақтары Торғай мен Жетісу облысында жаппай бү- қаралық сипатқа ие болды.
Содан да болар 1917 жылы 6 желтоқсан күнгі «Қазақ» газетінің №254 санында Мүхаметжан Тынышбайүлы көтеріліс қоламтасы сөнбей жатып баға беріп, Албан руынан 69440 жаннан 35100 адамның қырылғандығын, көбі
*
эйелдер мен балалар, қарттар екендігін атап көрсетті. Тарихи деректерде Жаркент уезінің халқы 1916 жылға дейін 6 Суан, 14 Албан барлығы 20 болыс, түтін саны 17712 болса, көтерілістен кейін 5094, Қытай ауғандар 12612, оққа үшқандар 40 мыңдай деп көрсетеді. Екі басты самүрық белгісі бар ел билеген, орасан зор қару-жарағы бар мемлекетке халқын бастап атой салған ерлер кім еді?
Көтерілістің басшылары Жэмеңке, Үзақ, Түрлықожалармен бірге тізе қосып күрескен, осы көтерілістің басшыларының бірі - Әубэкір
Солтанбекұлы. Қазіргі кезде көзі тірі халық батырларының баласы сексеннің сеңгіріне шыққан
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz