Балабақшада тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру



І . Кіріспе ... ... ... ... ... ... 3

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Балабақшада тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру туралы ... ... ...4.7
2.2 Балабалардың тілін дамыту және айналадағы ортамен таныстыру (2.3 жас арасындағы балалар) ... ... ... ..7.8
2.3 Балабақшада балаларды көркем әдебиетпен оқыту ... ... ... ... ... ... ... 8.10
2.4 Бала тілін дамытудағы ойын көріністер ... ...10.17
2.5 3.4 жас арасындағы балалардың тілін дамыту ерекшеліктері ... ... ..17.19

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ...20

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... 21
Тіл - коғамдағы адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы, қоғамдағы өндірістің, ғылым мен техниканың, әдебиет пен мәдениеттің шарықтап өсіп, кемеліне келуі тілдің жемісі екені мәлім.
Тілдің қоғамдағы алатын орны туралы Жүсіпбек Аймауытов «... ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі десе, Ахмет Байтұрсынов: «... өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек... Өз алдына ел болма 0ққа, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз» дейді.
Сүйемін туған тілді, ана тілім
Бесікте жатқанда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен миңутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім, -
деп Сұлтанмахмүт Торайғыров айтқандай бесік жырымен басталатын әуезді ана тілі — ана әлдилеуімен нәрестенің рухани жан дүниесін байытып, сырлы сөз маржанына құлағын үйретіп , құймақұлақ тыңдармандыққа баулитыны ешбір дәлелдеуді қажет етпесе керек. Ананың алғашқы әлдиімен емірене өсіртетін мейірбан сүйіспеншілігі сәбидің ойына сәуле түсіріп сезімін оятады. Ана мен бала арасында ыстық ықылас қалыптасып, ол сәбиімен тілдесу арқьлы өрістей бе реді. Алайда, ана сүтімен келетін тілдік қуаныш баланың ата-анасы халық тілінің қыры мен сырына, оның тарихи бай мұрасына қанық болса ғана табысты
Баланы осылайша сөз өнеріне сөйлесе білуге үйрету күнделікті үй-ішілік тәлім-тәрбие арқылы іске асырылады. Сондықтан отбасында әрбір ата-ана баланың ақыл-ойын, ауызша сөйлеу тілін дамытуға мүмкіндігінше көңіл бөлуге тиісті.
1. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев ‘ Педагогика ’
2. А.Аңсарина ‘ Сәбилік кезеңге сипаттама’
3. Б.Баймұратова ‘ Мектеп жасына дейіңгі балалардың тілін дамыту методикасы’
4. Б.Баймұратова, М.Сансызбайқызы ‘ Отбасында баланы мектепке дайындау’
5. Б.Баймұратова ‘ Балабақшадағы даярлық топ балаларының тілін дамыту’
6. Р.Керімбаева, Б.Керімбаева ‘ Дидактикалық ойындар’
7. С.Желдебаева ‘ Мәнерлеп оқу’

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І . Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Балабақшада тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру туралы ... ... ...4-7
2.2 Балабалардың тілін дамыту және айналадағы ортамен таныстыру
(2-3 жас арасындағы
балалар) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-
8
2.3 Балабақшада балаларды көркем әдебиетпен
оқыту ... ... ... ... ... ... ... 8- 10
2.4 Бала тілін дамытудағы ойын
көріністер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..10-17
2.5 3-4 жас арасындағы балалардың тілін дамыту ерекшеліктері ... ... ..17-19

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

ІҮ. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...21

Кіріспе
Тіл - коғамдағы адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас
жасайтын құралы, қоғамдағы өндірістің, ғылым мен техниканың, әдебиет пен
мәдениеттің шарықтап өсіп, кемеліне келуі тілдің жемісі екені мәлім.
Тілдің қоғамдағы алатын орны туралы Жүсіпбек Аймауытов ... ана
тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене
беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі десе, Ахмет Байтұрсынов: ...
өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек... Өз
алдына ел болма 0ққа, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын
біз ұмытпауға тиістіміз дейді.
Сүйемін туған тілді, ана тілім
Бесікте жатқанда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен миңутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім, -
деп Сұлтанмахмүт Торайғыров айтқандай бесік жырымен басталатын әуезді ана
тілі — ана әлдилеуімен нәрестенің рухани жан дүниесін байытып, сырлы сөз
маржанына құлағын үйретіп , құймақұлақ тыңдармандыққа баулитыны
ешбір дәлелдеуді қажет етпесе керек. Ананың алғашқы әлдиімен емірене
өсіртетін мейірбан сүйіспеншілігі сәбидің ойына сәуле түсіріп сезімін
оятады. Ана мен бала арасында ыстық ықылас қалыптасып, ол сәбиімен
тілдесу арқьлы өрістей бе реді. Алайда, ана сүтімен келетін тілдік
қуаныш баланың ата-анасы халық тілінің қыры мен сырына, оның
тарихи бай мұрасына қанық болса ғана табысты
Баланы осылайша сөз өнеріне сөйлесе білуге үйрету күнделікті үй-
ішілік тәлім-тәрбие арқылы іске асырылады. Сондықтан отбасында әрбір
ата-ана баланың ақыл-ойын, ауызша сөйлеу тілін дамытуға
мүмкіндігінше көңіл бөлуге тиісті.
Ертеде білім беретін мектеп тіпті аз , ал мектепке дейінгі
балаларды тәрбиелейтін бақшалар болмады. Өмірінің қызығы да, бақыты
бала деп қараған ата-аналар қауымы сол кезде балаларын тәрбиелеуге
шама-шарқынша көкіл бөлгені мәлім. Ол кездегі тәрбие құралы - ауыз әдебиеті
нұсқалары, халық қазынасы -ертегі жұмбак, мақал-мәтелдер, өлең
–тақпақтар ауызша жатталып, балаға жетіп, оньң ой-өрісін
кеңейтіп, тілін ширату, айналадағ ы қ оғамдык, өмір шындығын таныту ісіне
үлес қосты, қосып та келеді. Бұл жөнінде заманымыздың кемеңгер ойшылы,
жазушы академик Мұхтар Әуезов Абайдың тіл байлығы жөнінде: Ең алғашқы
өлең жайын баяндаған жырында Абай Шортанбайды, Бұқар жырауды ауызға
алса, солардың сөзін бала күнінен естіп, танытып , жаттап өскенін сезуге
болады. Әрине осындай, ақындық мұралармен қатар, мақал, аңыз, дастан,
айтыс сияқты сан қазынаны әжеден, анадан, қонақ-жолаушылардан көп естіді...
Осындай мұраларды сүю Абайды қатал суық билер ортасында қ алдырмай,
халық мұрасына жақын етіп жүрді. ... Абай тілінің аса бір мол, бай тіл
екенін тану қиын емес, сол байлық Абайда бала, жігіт күнінен құралып
өсіп келген байлық деген болатын.

1. . БАЛАБАҚШАЛАРДА ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ

Мектеп жасына дейінгі балалар тілінің дамуын зерттеген
ғалымдардың пікірлерінше, олардың сөздік қоры мына түрде: екі жастағы
балалардың сөздік қоры — 500 сөзден астам, үш жастағылардың сөздік қоры
шамамен — 1200, төрт жастағы балалардың сөздік қоры — 1900, алты-жеті
жастағы балалардың сөздік қоры 2560—3500 сөз мөлшерінде болады екен.
¥зақ жылдар арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелері балалардың сөз
меңгеруі семьяда, балабақшада жүргізілетін тәрбие жұмыстарына, ата-аналар
мен тәрбиеші педагогтардың бұл аса маңызды мәселеге көңіл бөліп, баланың
сөйлеу тілін дамыту, айналадағы өмір құбылысын ұғын-дыру, олармен сөйлесе
отырып , пікірлесе білуге жетелеу, бала қызыққан сұрақтарға дұрыс жауап
беріп отыру жұмыстарына байланысты екенін көрсетеді. Ал тәрбиеші басшылыққа
алатын білім маз.мұны программада нақты көрсетілген. Сондықтан жас
ерекшелігіне қарай жұпталған әр топта өтілетін сабақтардың алдына қоятын
мақсатын. программалық білім мазмұнын тәрбиеші жете білуге тиісті. Бұл
жөнінде программада тілді барлың жағынан дамыту керек сөздің ана тілі
формасына сәйкес айтылуын, программаға сай болуын, сөздің бір-бірімен
байланыстылығьн, пікірдің дәйектілігін, бейнеелілігін қамтамасыз ету
керек. — делінген.
Тәрбиеші балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық қажетті шараларды
пайдаланып, балабақшаның қызметін Балабақшада оқыту және тәрбиелеу
программасының орындалуына бағыттап, білім беру сапасын арттыруға
міндетті.
Осы мәселелердің балабақшадағы мән-жайын анықтау мақсатымен Алматы
қаласындағы бірнеше балабақша мен ауылдық балабақшалардағы естияр, ересек,
дайындық топтарына бақылау жүргізілді. Бақылау кезінде оқу-тәрбие
жұмыстарының жоспарларымен танысып, талдау жасадық. Тәрбиешілердің
жоспарына жасалған талдау барысында тіл дамыту сабақтарының программа
талабына сай, методикалық, дидактикалық принциптерді сақтап өткізілетіні,
оларда сөздік жұмысын жүргізу, сөздік-дидактикалық ойындар ойнату,
творчестволық әңгіме құрату, т. б. жұмыстардың жолға қойылғаны байқалды.
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы балабақшада өтілетін
барлық сабақтарда (шығарма оқу, сауат ашу, сурет, математика, музыка, дене
шынықтыру, т. б.) баланың жасына қарай жүргізіледі. Мысалы, жазда балабақша
ауласында Шаплауға саяхат, Шопан ата ңонақта, Ыдыс дүкені), Мектеп,
Мұғалім, Фермаға барғанда, Дәрігер, т. б. Творчествалық органдар
өткізіледі. Бұл ойындарға қажетті материалдарды тәрбиешілер, балаларды
қатыстыра отырып, өздері жасайды. Олар әзірлеген түрлі түсті кәмпит,
нан, тоқаш, құрт, ыдыс-аяқ, шұжықтар, Жайлау ойыны үшін
жасалған киіз үй, үй мүліктері, төсек-орын, көрпе-жастық, кілем, алаша —
балалардың бұрын үйренген сөздерін дұрыс айтуға, бір-бірімен сөйлесіп,
пікір алысуға, бір-біріне әңгімелеп беруге мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Балабақшадағы естияр, ересек балалар тобындағы оқу-тәрбие жұмысында,
балалардың сөздік қоры мен сөйлеу дәрежесі, программада аталған әдеби
шығарыаларды меңгерту — әңгімелеп беру, шығармалардың жанрын ажырата білу
(әңгіме, ертегі, өлең, т. б.), оқыған шығармаларды есте сақтау деңгейі
ескерілді.
Ол үшін программрлық шығармаларды оқу, тыңдау, әңгімелеу, әңгімелетіп
айтқызу (сабақта және сабақтан тыс) жұмыстары жүргізілді. Бақылау жұмысы
әңгімелесу, әңгімелету, жаттығу жұмыстарына негізделді. Ересек балалар
тобында өтілген ондай жұмыс түрлері төмендегідей:
1. Оқылған шығарма бойынша сұрақ қойып, жауап
алу. Қандай шығарлма оқыдық? Ертегі екенін қалай бідің? Бұл әңгімеде кім,
не туралы айтылтан? Сен не істер едің? деген сияқты сұрақтар қоя отырып.
білім деңгейін анықтау.
2. Өздеріңе сөздік жұмысын орындату. Синоним, антоним және көп мағыналы
сөздердің мағынасын қалай түсінетінін байқау. Сыңарын тап, Тез ойлан,
т. б. ойын түрінде бақылау жасалады. Ол үшін тәрбиеші бірнеше сөз айтады,
ал балалар әр сөздің сыңарын табады.
Тез, жылдам, шапшаң, жедел: жаз. жазу; жыл мезгілі, уақыт, мерзім,
мезгіл; ұзын — қыска, үлкен — кішкене, алыс — жақын, кең — тар; қара, ер,
ат, таң деген сездер алынады.

2.2.Балалардың тілін дамыту және айналадағы ортамен таныстыру.
Сөздік қорын дамыту. Екі жастағы балалардың тілін дамытуда сөздік
қорын молайтумен қатар, сол сөздерді түсінікті айта және қажетіне қарай
қолдана білуге үйрету көзделеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөз қорын молайтып, тілін дамыту өзін
қоршаған өмір шындығын бақылатумен тығыз байланыста жүргізіледі. Сондықтан
тәрбиеші әр сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда балаға сөз үйретуде заттың
атауын білдіретін сөздермен қоса іс-әрекеттерді білдіретін сөздерді де
меңгерту керек. Әр сабақта 2—3 жаңа сөз меңгерту көзделеді.
Тәрбиеші балаға программа талаптарына сәйкес әр заттың белгілі жағымен
қоса, бұрын белгісіз жаңа белгімен таныстырады. Мысалы, бала бұрын доп,
қуырша, т. б. сөздермен таныс болса, ендігі кезекте — Мына доп үлкен,
қызыл. Мына қуыршақ кішкене, ал мынау үлкен — деп түсіндіре отырып,
сәбилерді сөйлеуге үйретеді.
Бала тілінде грамматикалық формаларды қалыптастыру
Тәрбиеші балалармен сөзбе-сөз қарым-қатынас жасағанда сабақ үстінде баланың
әр сөзді анық та дұрыс дыбыстап айтуын бақылап, түзетіп отыруы қажет.
Әсіресе зат ретіндегі сөздер мен іс-қимылды білдіретін етістік сөздерді
өзара байланыстыра сөйлеп үлгі көрсетіп, баланың сөйлем құрап айта алуьна
бағдар беріп, жаттықтыру қажет. Мысалы: Бала сурет салып отыр. Қыз доппен
ойнады деген сөйлемдегі затты білдіретін және қимылды білдіретін сөздерді
тапқызу, қалай байланысып тұрғанын түсіндіру.
Балаларды коллективтік әңгіме құрап айта білуге үйрету көзделеді. Ол
үшін Біздің бөлмеде тақырыбына әңгіме құрату керек. Біздің бөлмеде
ойыншық көп. Біз олармен... (балалар осы сөйлемді толықтырады). Бірыңғай
мүшелі жай сөйлем түрінде сөйлеуге үйретуден бастаған жөн. Заттың
қасиетін, оқығаның себебін, өткен мезгілін білдіретін сұрақтарға жауап
беруге үйрету. Оны қ а ш а н? қайда? неліктен? не себепті? сұрақтарын
қойып, оған жауап алу арқылы үйрету керек.
Б а й л а н ы с т ы р ы п с ө й л е у. Арнайы өтілетін сабақта
көзделетін мәселе — баланы сөйлей білуге жаттыңтыра отырып, тәрбиешінің
берген қарапайым және күрделі сұрақтарын түсініп, соған жауап беруге
үйрету: Мысалы: Бала қызыл гүлді суарып жүр десе, тәрбиеші: Ол суды қайдан
алды?— деп сұрақ қояды.
Осылайша оқиғаның себебін анықтата отырып, оның ойлау, жүйелі сөйлеу
қабілетін біртіндеп жетілдіру мақсаты іске асады.

2.3. Балабақшада балаларды көркем әдебиетпен оқыту.
Программада 2 — 3 жастағы балаларға әңгімелеуге, оқып беруге халык,
ауыз әдебиетінен, балалар жазушыларының шығармаларынан, туысқан халықтар
әдебиетінен жеңіл тақырыптар алынады.
2—3 жастағы балаларға ергегілерді ауызша әңгімелеп береді (2—3 рет
қайталап). Соңынан ертегі мазмұнын еске түсіру үшін сұрақтар беріледі де,
соған тиісінше жауап алады. Ал ертегіні оқып беруден бұрын дайындық
жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, Лақтар мен қасңыр, Бауырсақ ертегілері
оқылса, лақтар сияқты секіру, маңырау, бауырсақтай домалау. қ а й т т і? қ
а н д а й? н е і с т е д і? деген сұрақтарға жауап бергізе отырып, қыймыл-
қозғалысын жасату. Ертегі сюжетіне арналған суреттерді фланеграфта орнын
ауыстырып көрсетеді.
Сабақта шығарма сюжетіне орай көріністер жасату, рольге бөліп
орындау (кейіптендіру), көлеңке театрын керсету. Балаларға таныс ертегіні
көрнекі құралсыз айтып беріп, есте сақтауға үйрету.
Жаңа программа мазмұнына сәйкес екі жастағылармен етілетін тіл
дамыту сабақтары мына түрде жүйеленеді: оқу жылының алғашқы жартысында
затты көрсете отырып, оның қалай аталатынын айтып түсіндіру; сол затпен
ойната отырып, созбен дұрыс атап айтуға үйрету. Өйткені балабақшаға
жаңадан қабылданған балаға айналасындағы заттар, ойыншықтарды тану қиын,
жуыну, киіну сәттерін-де өздігінен орындауға тиісті жұмыстар таныс
емес. Тіпті үйде өздігінен еркін сөйлесіп, белсенді қимыл-әрекет жасайтын
баланың жаңа ортаға, ондағы күн режиміне, балалар коллективіне,
тәрбиешіге үйреніп, үйлесіп кетуі бірден ойдағыдай бола бермейді. Өйткені
ол жаңа ортаға келді. Коллективтік жұмыс түріне (ойын, сабаң, серуен,
т. б.) үйренуге тиісті, олай болса, бұл топта өтілетін оқу-тәрбие
жұмысында тәрбиеші күн режимін дұрыс ұйымдастыра отырып, балаларды
коллективтік жұмыс түріне қызықтыра білуге тиісті. Балаға жылы шырай
білдіре жүріп, олармен жүргізілетін 10—15 минуттық сабақта ойын әдісін
түрлендіре қолданып, балаға өмірге қажетті әр затты та-ныстыруда ойната
отырып сөйлесуі керек. Сол себепті программада көрсетілген сабақ түрлері
ойын түрінде берілген. Мысалы: заттық ұғымдарды меңгертуде ойыншықтармен
ойын-көріністер (инеценнровкалар) жасату. Ондай көріністер мына түрде:
Ғажайып қалта, Әткеншек, Үйшіктегі кім? (кімдер?). Затпен әр түрлі
қимыл-қозғалыс жасата ойнатып, күнделікті өзіне қажетті әрекетті түсініп,
дұрыс орындауға (тамақтандыру, киіну, шешіну) үйрету мақсаты көзделеді.
Сондықтан Қуыршақты ұйықтату, Қуыршаққа тамақ беру, Қуыршақты
серуенге шығару, Қуыршақ өлең айтып, би билейді, т. б. сан түрлі ойын
өткізіледі. Блұ ойындар — жай ғана ермек үшін емес, баланың күн режимі,
күнделікті іс-әрекетімен сабақтасып жатқан жұмыс түрлері. Осындай ойын
балаларды сөйлеуге, қарапайым еңбек түріне, коллективте бірлесе жұмыс іс-
теуге, адамгершілікке үйрете отырып, болашақ өміріне қажетті білім-
дағдылардың ең басты түрлерін меңгеруге негіз болады.
Тәрбиеші қуыршақтарды, үй жануарларының, құстардың ойыншық мүсіндерін
көрсете отырып: Қуыршақ қонаққа келді, ол сендермен бірге өлең айтып. би
билейді, серуенде ойнағысы келеді,—деп түсіндіреді. Балалардың өздерінен
ойыншықтары туралы сұрап отырып, оларды сөйлетеді. Менің қуыршағым үлкен.
Сенің қуыршағың қандай? Мына қуыршақ жуынып жатыр. Сен үйде не
істейсің?, т. б. сұрақтардың көмегіне сүйеніп, екі-үш сөзден құралған
сөйлемдер айтуға жаттықтырады.
Үй жануарлары не үй құстарының ойыншық мүсінін көрсете отырып: Мысық
мияулайды. Ит қайтеді? М ы с ы қ с ү т т і қ а л а й і ш е д і?
(Тілімен жалап ішеді .) дегеп сұрақтар қойып, сүт ішіп жатқан мысықтың
суреті көрсетіледі. С. Қалиевтің ¥ры мысық деген өлеңі оқылады.

2.4. Бала тілін дамытудағы ойын-көріністер
1.Қуыршақты ұйықтату.
2.Қуыршақтың киімін жуу.
3.Киімдерді үтіктеу.
4.Қуыршаққа тамақ беру.
5.Күшікке тамақ беру.
6.Үлкен және кішкене қуыршақ.
7. Ғажайып қалта.
Сурет бойынша әңгімелесу
I. Заттың ұғымын беретін суреттердегі кейіпкерлердің орналасу ретін байқату
(шетінде, ортасында, жоғарыда, төменде):
1. Қуыршақ тесекте жатыр.
2. Қуыршақ шанаға отырды.
3. Қуыршақ сырғанаң тепті.
4. Үйрек суда жүзіп жүр.
5. Көгершін ұшып кетті.
6. Бала атқа мінді (аттың үстінде отыр).
II. Сюжетті суреттер бойынша өткізілетін сабақ: Шешесі қызын шомылдырды.
Балалар тамақ ішіп отыр.
Бала итпен ойнап жүр. Қыз тауықтарға жем шашты
(Шөжелерім деген тақпақ оқылады).
Тәрбиешілерге методикалық құралдың аздығын еске-
ріп, үлгі ретінде бірнеше сабақ жоспарын ұсынып отыр-
мыз. Тәрбиеші сабақ мазмұнына қарап осы үлгі бойынша
жоспар жасауына болады.

Ойыншықтар бойынша әңгімелесу
Сабақтың мақсаты: Әңгімелесе отырып, ойыншықтардың атын, көлемін,
түсін білдіру. Кішкене, үлкен, жасыл деген сөздерді сөздік қорларына
енгізу.
Көрнекі құралдар: Кішірек үстел үстінде — қуыршақ, үлкен аю, кішкене
қуыршақ-бала, кішкене аю, автомобиль ойыншықтар.
Тәрбиеші әрбір ойыншықты жеке-жеке көрсете отырып, балалардан былай деп
сұрайды:
— Балалар, мынау не? (қуыршаңты көрсетеді.) Бәрің де қараңдаршы, қандай
әдемі, беті-қолы таза. Шашына лента байлапты. Жаңа ақ көйлегі бар. Бүл
қуыршақтың аты Шолпан болсын. Шолпан сендерге қонаққа келді. Ол сендермен
амандасып тұр (қуыршақтың басын еңкейте педі): Амансыңдар ма,
балалар?—дейді. Сендер дө амандасыңдар. Балалар қуыршақпен
амандасады:—Аман-сың ба, Шолпан?
Тәрбиеші балаларды жеке-жеке шаңырып:— Сәуле, Шолпан сенімен Қол алысып
амандасамын,— деп тұр. Келе ғой, Шолпанға қолыңды бер. (Шолпанның қолын
ұстатып амандастырады. Сәуледен басқа балалар да жекелеп келіп қуыршақпен
Тәрбиеші— Шолпан біраз демалсын,— деп шетке қарап отырғызып қояды.—
Мынау не? (Аюды корсетеді) — Ол — аю.— Иә. бұл — плюштен жасалған үлкеи аю.
Өзі тап-таза, мойнында лентасы бар. Бәрің де анықтап қараңдаршы, қандай
әдемі!
Сөйтіп, жоғарыдағыдай, бірнеше баланы жеке шақырып, аюды қолдарына
беріп, ұстатып керсетеді.— Мына баланың аты — Ахмет (қолына кішкене
қуыршақ-баланы алып көрсете отырып), танысыңдар.— Балалар, бұл кім? — Ол —
Ахмет.— Кішкентай Ахмет сендермен ойнауға келді. Ол машинамен ойнауды жақсы
кореді. Міне, кім Ахметпен ойнады? Мәулен, сен ойнайсың ба? (Бірнеше
баладан жеке сұрайды.)
Тәрбиеші машинаны алып, еденге жүргізіп көрсетеді.— Балалар, бұл
не?— Ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздерін анықтау және әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру
Мектепке дейінгі мекемелерде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері
Мектепке дейінгі топтардағы балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары
Балабақшада бала тілін дамытудың маңызы туралы
Тіл дамыту
Балабақшада сауат-ашуды түсіндірудің әдістері
Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасынының өзара әрекеттесу жағдайында баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіру
Байланыстыра сөйлеуге үйрету
Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеші педагогтардың сөйлеу мәдениетін қарастыру
Пәндер