1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі



Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілеулер мен қысқартулар
Кiрiспе
1 Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1 Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру мәселесінің зерттелу тарихына шолу
1.2 Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастырудың лингво. дидактикалық негіздері
2 Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда диалогтық оқыту технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптасу деңгейлері
2.2 Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда диалогтық оқыту технологиясын қолдану жолдары
2.3 Оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптасу ұйымдастыруды жүзеге асыру іс.тәжірибелері
Қорытынды
Қазіргі кезде қоғамда түрлі экономикалық-әлеуметтік реформалар жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден орта мектептерде сырт қалмады, себебі бүгінгі күнде білім беру салаларынан тәрбиелі, ұлттық мәдениетті меңгерген, шығармашыл ойлай алатын жастарды даярлау талап етілуде. Осыған орай, мемлекет тарапынан білім беру салаларына реформалауға ерекше көңіл бөлінуде.
Елбасы Н.Назарбаев: Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді. Бұл туралы алдағы жылы Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысында нақты әңгіме қозғайтын боламыз. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз [1, 2-3 б.].
«Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» - деп, білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар бүгінгі күннің талабынан туындап отырғанын атап көрсеткен. Сондықтан «...экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін» жас өскелең ұрпақты тәрбиелеп шығару оқушылардың ана тілінде шешен сөйлеуі, өз пікірін жүйелі жеткізуіне байланысты. Ал мұның іргетасы бастауыш сыныптарда қаланады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту Тұжырымдамасында бастауыш мектепте бiлiм берудiң маңыздылығын атай келiп, қазақ тiлiн (ана тілін) оқытудың басты ұстанымдарын: «Бастауыш мектептiң негiзгi мiндетi – баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабiлеттерiн анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәждi қалыптастыруға, оқу қызметiн бiлуі, оқу, жазу, санаудың берiк дағдыларын үйренуге, тiлдiң қарым-қатынастық қарапайым тәжiрибесiне, өзiн-өзi шығармашылық тұрғыдан таныта бiлуге бағдарланады», - деп белгiленген.
Бастауыш мектептiң қазақ тiлi сабағында жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өз ой-пiкiрiн ана тiлiнде еркiн, дұрыс, түсiнiктi жеткiзе бiлуден басталады. Оқушы айтайын деген ойын, бiрiншiден, жасқанбай жеткiзе бiлуi; екiншiден, сөйлемдердi дұрыс та нақты құрастыра алуы; үшiншiден, сөйлеу мәдениетiнiң алғашқы қарапайым элементтерiн меңгеруi; төртiншiден, қоршаған ортаға сай қарым-қатынас жасай бiлуі тиiс. Сайып келгенде, осының бәрi, Тұжырымдамада көрсетiлгендей, тiлдiк қатынастың басты қағидалары мен ұстанымдарын менгерудi қажет етедi.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол. http://www.nationalbank.kz/?docid=636&switch=kazakh 6 б.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР МЖМБС 1.4.002-2012)». http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200001080 15б.
3. Қазақстан Республикасында дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы. - Астана, 2010 . adilet.zan.kz/kaz/docs/ 45 б.
4. Бержанов К., Мусин С., Педагогика тарихы. Алматы, Мектеп. 2003. 147-148 б.
5. Ұзақбаева С. Қазақ халық педагогикасы. Алматы, 2013. 3-4 б.
6. Тұрғанбаева Б.А., Муфтибекова З., Алтаева К. Әдебиеттік оқу. Алматы кітап, 2013, 4-5 б.
7. Таубаева Ғ. Қазақ балалар әдебиетінің педагогикалық негіздері. //Бастауыш мектеп// № 2004, 39-40 б.
8. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы. 2005. 9-12 б.
9. Қоянбаев Р.М., Ыбыраймжанов Қ.Т. Педагогикалық сөздік. Түркістан, 2006. 37 б.
10. Абуханова А. Ы.Алтынсариннің оқыту әдістері мен тәсілдері. //Бастауыш мектеп// №5. 2005. 16-17б.
11. Байтұрсынов А . Тiл тағылымы. Алматы, Санат- 1992. 448 б.
12. Жұбанов Қ. Қазақ тiлi жөнiндегi зерттеулер. Алматы, //Ғылым//, 1966.-362 б.
13. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология. Алматы, «Мектеп» 2002. 70 б.
14. Сатиева Ш. Сөйлеудің психолингвистикалық негіздері. //Бастауыш мектеп //№12. 2003. 19 б.
15. Аскарова А.Т., Раймқұлова Ж.Ә., Панова А.Н., Орынбасар Д.Ш. Білім беру жүйесіндегі заманауи технологияларды қолдану ерекшеліктері. Шымкент, 2014. 6 б.
16. Құлмағанбетова Б., Исанова А., Исинғарина М., Көккөзова М., Құрманғлиева Р., Айтжанова П. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, «Білім» 2000. 3 б.
17. БАП-БАБА Сәбет. Жалпы психология. Алматы, 2003. 101б.
18. Богословский В.В., Ковалев А.Г., Степанов А.А., Шабалин С.Н. Жалпы психология. Алматы, «Мектеп» 1980. 138-139 б.
19. Таурбекова А.С. Бастауыш сынып оқушыларын байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдіс-тәсілдері. //Бастауыш мектеп // №11, 2008. 19б.
20. Абдуллина Г., Тіл мен сөйлеу. //Бастауыш мектеп// №1 2005. 13-15 б.
21. Амирова А.С. , Дидактика. Алматы, 2013. 81-82 б.
22. Қосымова Г., Дәулетбекова Ж. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, «Атамұра» 2001.13-14б.
23. Қоянбаев Р.М., Ыбыраимжанов Қ.Т. Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы. Түркістан, 2005. 223 б.
24. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000. 256 б.
25. Бабаев Б.С. Бастауыш мектеп педагогикасы. Алматы, 2007. 78-79 б.
26. Тұрдалиева Ж.Г. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана, 2007. 14-15 б.
27. Құрманалина Ш., Мұқанова Б., Ғалымова Ә., Ильясова Р. Педагогика. Астана, 2010. 263б.
28. Молдабек Қ., Ермекбаев М. Қазақ тілі сабағында қатысымдық технологияны қолдану. Шымкент, 2012. 23-25 б.
29. Әуелбаев Ш., Наурызбаева Ә., Ізғұттынова Р., Тәжімбетова С., Ана тілі. Алматы, 2008. 5 б.
30. Педагогикалық ізденіс. Алматы, Рауан. 1989. 8-9б.
31. Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиясы. Алматы, 2008. 12-13 б.
32. Балтабаева Ж.Қ., Солтанғазина М.Қ., Лекерова Ф.С. Қазақ тілі 2-сынып. Алматы кітап баспасы, 2013.
33. Уайсова Г.И., Жұмабаева Ә.Е. Қазақ тілі 3-сынып. Алматы, 2014.
34. Балтабаева Ж.Қ., Солтанғазина М.Қ., Лекерова Ф.С. Қазақ тілі 4-сынып. Алматы, «Атамұра» 2008.
35. Уайсова Г.И., Жұмабаева Ә.Е. Қазақ тілі 4-сынып. Алматы, 2011.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ОБ-001033

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Гуманитарлық ғылымдар факультеті

Білім технологиялары кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Білім технологиялары кафедрасының
меңгерушісі п.ғ.д., доцент
____________Б.Т.Ортаев

Диплом жұмысы

Тақырыбы: 1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
әдістемесі

5В010200- Мамандығы- Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

ППМ-111 тобының студенті
Орындаған:
Сүлейменова Айдана Рәтқызы

Ғылыми жетекші,
аға оқытушы: Шалабаева Жанар
Сүйіндікқызы

Түркістан-2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Гуманитарлық ғылымдар факультеті

Білім технологиялары кафедрасы

Сүлейменова Айдана Рәтқызы

Диплом жұмысы

1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі

Мамандығы: 5В010200- Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Түркістан – 2015

Нормативтік сілтемелер

1. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ17.01.2014ж.
http:www.nationalbank.kz?docid=6 36&switch=kazakh 6-7 б.

2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол
http:www.nationalbank.kz?docid=6 36&switch=kazakh 8 б.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР
МЖМБС 1.4.002-2012).

4. Қазақстан Республикасында дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлкеттік Бағдарламасы. - Астана, 2010 ж.

Анықтамалар

Білім - адамдардың заттар мен өмір құбылыстарын, табиғат пен қоғам
заңдарын танып білу жемісі. Білімде адам болмысының көп ғасырлық
тәжірибесі, оның өзін қоршап тұрған құбылыстар жайындағы ұғымдар мен
түсініктер жинақталған. Білім фактілер, принциптер, заңдар түрінде өмір
сүреді. Оқушылар білімнің бәрін емес, оқу пәндеріне арнаулы түрде
іріктеліп, біріктірілген негіздерін ғана меңгереді.
Дағды - автоматтандырылған деңгейге жеткен әрекет; көп қайталау
жолымен қалыптасады. Оқыту барысында дағдыларды жасау қажет, әсіресе
жалпы оқулық мәнді, пәнаралық: ауызша және жазбаша сөйлеу, есеп шығару,
есептеу, өлшеу т.б.
Сөйлеу – адамзаттың даму эволюциясында қол жеткiзген жетiстiктерiнiң
бiрi. Адамдарды басқа дүниеден ерекшелеп тұратын да осы- сөйлеу. Сөйлеу
үдерісінде адамдар бiр-бiрiнiң ойын түсiнедi, бiр-бiрiмен қарым-қатынас
жасайды.
Білім - адам ойында шындықтың дұрыс бейнеленуі, қоғамдық тәжірибеде
тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы
материалдық және рухани іс-әрекет нәтижесі ретінде пайда болады. Кез-
келген шындықты бейнелеу білім болмайды. Ал адам өзін өз өміріндегі іс-
әрекетінен, оның обьективті жағдайларымен заттарынан бөліп қарайды. Адамдар
болмысының тәсілдерінің мақсатқа сәйкес және тек басқа адамдармен қарым-
қатынасымен жүзеге асатын нақты іс-әрекеті.
Тіл дегеніміз – сөздік белгілердің жүйесі. Ал белгі-шындық пен
болмысты білдіретін бөлшек. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге
жеткіземіз. Ақыл – ой жетістігі болып табылатын ақиқат, өмірдің
бейнелеуін қамтамасыз ететін ең жоғары таным-түсінік адамға ғана тән және
ол – сөйлеу актісімен тікелей байланысты форма.

Белгілеулер мен қысқартулар
ҚР МЖМБС- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты
ҚР-Қазақстан Республикасы

Кiрiспе

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде қоғамда түрлі экономикалық-
әлеуметтік реформалар жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден орта мектептерде
сырт қалмады, себебі бүгінгі күнде білім беру салаларынан тәрбиелі, ұлттық
мәдениетті меңгерген, шығармашыл ойлай алатын жастарды даярлау талап
етілуде. Осыған орай, мемлекет тарапынан білім беру салаларына реформалауға
ерекше көңіл бөлінуде.
Елбасы Н.Назарбаев: Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды,
ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді. Бұл туралы
алдағы жылы Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысында нақты әңгіме қозғайтын
боламыз. Нұрлы Жол Жаңа Экономикалық Саясат – әлемнің ең дамыған 30
елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз [1, 2-3 б.].
Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың
бірі - деп, білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар бүгінгі
күннің талабынан туындап отырғанын атап көрсеткен. Сондықтан
...экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін жас
өскелең ұрпақты тәрбиелеп шығару оқушылардың ана тілінде шешен сөйлеуі, өз
пікірін жүйелі жеткізуіне байланысты. Ал мұның іргетасы бастауыш сыныптарда
қаланады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту
Тұжырымдамасында бастауыш мектепте бiлiм берудiң маңыздылығын атай келiп,
қазақ тiлiн (ана тілін) оқытудың басты ұстанымдарын: Бастауыш мектептiң
негiзгi мiндетi – баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз
ету, оның қабiлеттерiн анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие
оң уәждi қалыптастыруға, оқу қызметiн бiлуі, оқу, жазу, санаудың берiк
дағдыларын үйренуге, тiлдiң қарым-қатынастық қарапайым тәжiрибесiне, өзiн-
өзi шығармашылық тұрғыдан таныта бiлуге бағдарланады, - деп белгiленген.
Бастауыш мектептiң қазақ тiлi сабағында жеке тұлғаны қалыптастыру
оқушының өз ой-пiкiрiн ана тiлiнде еркiн, дұрыс, түсiнiктi жеткiзе бiлуден
басталады. Оқушы айтайын деген ойын, бiрiншiден, жасқанбай жеткiзе бiлуi;
екiншiден, сөйлемдердi дұрыс та нақты құрастыра алуы; үшiншiден, сөйлеу
мәдениетiнiң алғашқы қарапайым элементтерiн меңгеруi; төртiншiден,
қоршаған ортаға сай қарым-қатынас жасай бiлуі тиiс. Сайып келгенде, осының
бәрi, Тұжырымдамада көрсетiлгендей, тiлдiк қатынастың басты қағидалары мен
ұстанымдарын менгерудi қажет етедi. Сондықтан бастауыш мектепте қазақ тiлiн
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сұранысына орай оқытып, қатысым
арқылы балалардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру өзектi мәселеге
айналып отыр. Тіл және әдебиет білім саласына енетін пәндер: Сауат ашу
(оқу, жазу), Әдебиеттік оқу, Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті (қазақ
тілінде жалпы білім беретін ұйымдар үшін, оқыту тілі қазақ тілінде емес
жалпы білім беретін ұйымдар үшін), Орыс тілі, Орыс әдебиеті (орыс
тілінде жалпы білім беретін ұйымдар үшін), Орыс тілі, Орыс әдебиеті
(қазақ тілді және басқа да орыс тілді емес жалпы білім беретін ұйымдар
үшін), Шетел тілі [2, 15 б.].
Қазіргі кезеңде білім беру салаларында жаһандану үдерісі жүріп
жатыр. Осы үдеріс арқылы бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесіне
жаңа инновациялық технологиялар көптеп енуде. Әлемдік педагогиканың озық
тәжірибелерін ұлттық педагогикада сапалы қолдану - бүгінгі күннің аса
маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Ендеше, 1 сынып оқушыларының ауызша
сөйлеу дағдыларын интерактивті әдістер, диалогті оқыту т.б. технологиялары
арқылы қалыптастыру мәселесі оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін
тәрбиелеумен, олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырумен сабақтасуда.
PIRLS (оқу деңгейі мен сапасын салыстыру, әлем елдеріндегі бастауыш мектеп
оқушыларының мәтінді түсінуі) [3, 45 б.].
Халқымыздың ардақты ұлдары, өз елін прогресс жолымен алға қарай
бастаған Шоқан, Абай, Ыбырайларда сол дәуірдің - қазақ даласында орыстың
озық әдебиеті мен мәдениеті ізгі әсерін жая бастаған дәуірдің –жемісі
болды. Өткен ғасырда Қазақстандағы қоғамдық ой- пікірлердің даму
тарихы, негізінен алғанда осы есімдермен тығыз байланысты. Бастауыш мектеп
оқушыларының тілін дамыту мәселесіне Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. ұлы педагогтар өз кезінде ерекше көңіл бөлген
болатын. Бірақ, қазақ мектептеріндегі тіл дамыту мәселесі әсіресе егеменді
ел болғаннан кейін ғана ғылыми зерттеу пәніне айнала бастады. Бұл жөнінде
бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытуға арналған С.Рахметова,
Т.Әбдікерімова, Г.Уаисова, Ә.Жұмабаева т.б. сияқты ғалымдардың зерттеулері
мен еңбектерін түрлі кітапшалар, мақалалардың жарық көргенін айтуға болады.
Дегенмен, кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
әдістемесі күні бүгінгі күнге дейін ғылыми тұрғыда зерттелген жоқ [4, 147-
148 б.].
Оқушылардың ана тілінде өз сөзін түсінікті, тартымды жеткізу
дағдылары нашар қалыптасқан. Мұны мектеп бітіріп келген оқушылардың сөйлеу
деңгейінен-ақ байқауға болады. Сонымен қатар, бөбектердің мектепке алты
жастан қабылдануы да бұл проблемаға орасан зор көңіл бөлуді талап етіп
отыр. Оқушылардың сөйлеу дағдысын кіші жастан бастап қалыптастыру жөнінде
ғылыми зерттелген әдістеменің жоқтығы мұғалімдерге қиындық туғызуда.
Оқушылардың өз ойын дәл, сауатты жеткізе алмауы осы жұмыстың мектепте
жүйесіз, мақсатсыз жүргізілуінде. Мұның барлығы зерттеу тақырыбының
өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу мақсаты: 1 сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын
қалыптастыру әдістемесінің теориялық негіздерін зерделеу, соның негізінде
кіші мектеп жасындағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру
әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: 1 сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын диалогтық
оқыту технологиясы арқылы қалыптастыру үдерісі.

Зерттеудің міндеттері:
- Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын
қалыптастыруға байланысты лингвистикалық, психологиялық, педагогикалық
әдебиеттерді оқып, талдай келе, зерттеу жұмысымыздың теориялық негізін
анықтауға пайдалану;
- Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын диалогтық оқыту технологиясы
арқылы қалыптастыру әдістемесін жасау;
- Бастауыш сыныпта оқушылардың қазақ тілі сабағында ауызша сөйлеу
дағдыларын қалыптастырудың ұтымды әдістерін айқындау;
Зерттеудің теориялық маңызы: Бастауыш сыныпта қазақ тiлi сабақтарында
оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға байланысты алынған
тұжырымдар мен қорытындылар қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiн теориялық
тұрғыдан толықтырады, сонымен қатар сабақта жаңа инновациялық
технологияларды қолдану мәселесіне үлес қосады. Ауызша сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру мәселесiнде белгiленген ұстанымдар бастауыш мектепте тiл
дамытудың қағидалары мен заңдылықтарын дамытуға игi әсер етедi. Зерттеудің
теориялық нәтижелерін мектепте және жоғары оқу орындарында қазақ тілін
оқыту әдістемесі, тіл мәдениеті салаларын оқытуда арнайы курс ретінде
пайдалануға болады.
Зерттеудің практикалық маңызы: Зерттеу жұмыстарының нәтижелері
бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға
арналған әдістемелік құралда көрініс тапты: Бастауыш мектеп жасындағы
оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдары. Зерттеу
жұмысының нәтижелерінің тиімділігі педагогикалық эксперимент барысында
дәлелденді. Сондықтан, зерттеу жұмысындағы нәтижелердi бастауыш мектеп
мұғалiмдерi мен әдiскер ғалымдар қолдана алады. Жұмыста ұсынылған
тапсырмалар мен жаттығуларды, сабақ үлгiлерiн мектеп мұғалiмдерiнiң
күнделiктi оқыту үдерісінде пайдалануына болады.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

1 Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастырудың теориялық негіздері

1.1 Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру мәселесінің зерттелу тарихына
шолу

Қазақ тiлiн оқыту әдiстемесi өзiнiң ғылым ретiнде қалыптасу жолын ХIХ
ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезiнен бастау алады. Бұл қазақ халқының
көрнектi ғалымдары, қоғам қайраткерлерi, ақындары мен жазушыларының өз
ұлтының тағдырына немқұрайдылықпен қарамай, қазақ тiлiнiң өркендеуiне,
тiлдiң өзiндiк ерекшелiктерiн айқындаудағы қажырлы еңбектерiнiң арқасы.
Қазақ халқын сауаттандыру үшiн ұлтжанды азаматтар тiлдiң теориялық
заңдылықтарын зерттеп, нәтижелерiн халыққа бiлiм беруде қолдануды өздерiне
парыз санады. Ұлт мектептерiнде қазақ тiлiн оқыту әдiстемесi жөнiнде
пiкiрлер сол кезеңдегi Айқап, Қазақ, Шолпан, Мұғалiм, Сана т.б
басылымдарда жарияланып отырды. Сол жылдары жарық көрген А.Байтұрсынов,
Қ.Жұбанов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Т.Шонанов, Ғ.Бегалиевтердің
еңбектерiнде бастауыш мектепте қазақ тiлiн оқыту жөнiнде елеулi пiкiрлер,
қазақ тiлi сабағының құрылымы және сабақта қолданылатын негiзгi әдiстер мен
мұғалiмге қойылатын талаптар айқындалған.
Міне, осындай ғасырлар қойнауында қорытындыланып қалыптасқан
қазақ халқына тән тәрбиенің өнегелі озық дәстүрлерін бүгінгі жаңа
ұрпақ тәрбиесінде пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отыр.
Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірбиесіне жүгіну-
бұл өзі тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен орын алатын заңды
құбылыстар екенін Елбасы Н.Назарбаев та өзінің сөйлеген сөзінде айтып
өткен. Күні бүгінге дейін атадан балаға мирас болып беріліп отырған
көркем туындыларда, ауыз әдебиеті үлгілерінде, музыкалық шығармаларда
көрініс тапқан [5, 3-4 б.].
Оқушының кітапқа құмарлығын арттыру арқылы:
Қазіргі заманғы сай баланың білім деңгейі деген не?
Қазіргі заманғы сай мұғалім деген кім? Ол қандай?
Қазіргі заман талабына сай оқыту талабы қандай?
Бұл сұрақтар барлық қоғамда да, барлық замандарда да өз алдына
үлкен мәселе ретінде, реформалар, жаңа идеялар арқылы алға қойылып,
әртүрлі эксперименттер арқылы талданып келгенін тарихи өткеніміз арқылы
білеміз.
Егемен ел болғалы оқытудағы жаңа технологиялар бізді де
айналып өтпей, мүғалімдер қауымы өз тәжірибелерін ортаға салып, сабақ
берудің жаңа, сапалы үрдісіне көшті. Ол технологиялар арқылы ұстаздар
сабақ берудің жаңаша әдіс-тәсілдерін жинақтады.
Ең алдымен оқушы мен оқытушы, оқытушы мен ата-ана, оқушы мен
оқушы арасындағы қарым-қатынастың жаңа сипаты пайда бола бастады. Жаңа
технологиялардың басты артықшылығы білім беруді ізгілендіру мен
демократияландырудан көрінеді [6, 4-5 б.].

Бастауыш мектепте қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiнiң негiзiн қалаған
ғалымдардың жоғарыда аталған еңбектерiнiң басты құндылығы – осы еңбектер
арқылы мұғалiмдерге қазақ тiлiн қалай оқыту жөнiнде практикалық көмек
берiлдi. Сондай-ақ бастауыш мектепте қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiн
теориялық және әдiстемелiк тұрғыдан зерттеп, оның жеке ғылым саласы болып
қалыптасуына зор елеулi үлес қосты.
Кейiнгi жылдары осы мәселенi Ә.Сәдуақасов, С.Жиенбаев, Р.Әмiров,
Ш.Сарыбаев, К.Бозжанова, М.Жұбанова, С.Рахметова, М.Жазыбаев, И.Ұйықбаев,
С.Қазыбаев, Т.Әбдiкәрiмова, Г.Уайсова, Ә.Жұмабаева, М.Ермекбаев және т.б
ары қарай тереңдетiп, келесi зерттеулермен, монографиялармен әдiстемелiк
нұсқаулармен дамытты.
Қазақтың ғұлама ағартушы демократтары Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарыин, А.Құнанбаев, қазақ зиялылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
М.Дулатов, Ж.Аймауытов, т.б. ұрпақ тәрбиесін көңіл көшінен таса қалдырмай,
еңбектері мен шығармаларын балаларға, оның болашағына арнағаны баршаға
аян.
Келешек жас ұрпақ елін, жерін сүйетін, азаматтық, адамгершілік
қасиеті мол, білімді де парасатты, ата-баба әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін
бойына сіңірген, шымыр да шыныққан азаматты тәрбиелеудің алтын
діңгегі, қазақ халқының ұлы педагогы, қазақ балалар әдебиетінің негізін
салушы, қазақ даласында ғылым мен білімінің қоңырауын соққан
Ы.Алтынсарин болды. Ол қазақ балаларына арнап оқулықтар жазып, олардың
жан дүниесіне әсер етіп, ұлттық дүниетанымын қалыптастыру жолын ашты.
Осы орайда оның 1876 жылы И.Ильминскийге жазған хаттарының бірінде:
...мен балаларға қызықты етіп, табиғат күштері, құбылыстары тарихы-
жағырапиялық тартымды әңгіме құрамын. Менің бұған шеберлігім мен
білімім жететін, жетпейтінін білмеймін, бірақ қалайда істеп көремін, -деп
ағынан жарылып, ақтарылып айтқан сөзінен азаматтық қызметіне қаншалықты
зор мән бергенін көруге болады [7, 40 б.].
Қазiргi кезеңде бастауыш мектепте қазақ тiлiн оқыту үшiн жаңа буын
оқулықтары, оқыту кешендерi, дидактикалық материалдар мен әдiстемелiк
нұсқаулар шыға бастады. Ғалымдар, әдiскерлер бастауыш мектепте қазақ тiлi
саласын оқытуға, оқыту үрдiсiнде жаңа әдiстер мен технологияларды қолдануға
аса назар аудара бастады. Бүгiнгi таңдағы осындай өзектi мәселелердiң бiрi
- оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру, шәкiрттерге бiлiмдi
теориялық тұрғыдан ғана меңгертпей, олардың осы бiлiмдi тiлдiк қатынаста
еркiн пайдалануға, дұрыс сөйлеуге үйрету. Бастауыш мектепте қазақ тiлiн
оқытуға арналған ғылыми жұмыстарда оқушылардың тiлiн дамыту, олардың
байланыстырып сөйлеу дағдылары мен бiлiктерiн қалыптастыру туралы пiкiрлер
айтылғанымен осы кезге дейін ғылыми зерттеуге алынып, белгілі бiр
әдiстемелiк жүйеге түсiрiлмеген. Біздің зерттеуіміз осы мәселені арнайы
ғылыми тұрғыдан алғашқы қарастырған жұмыс.
Бастауыш мектепке арналған еңбектерде тiл ширату, тiл
жетiлдiру, тiл ұстарту, тiл дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдысы
секiлдi терминдер ұшырасады. Осы терминдердiң мағынасын алғаш рет
айқындап, олардың өзiндiк ерекшелiктерiн белгiлеген ғалым – профессор
С.Рахметова. С.Рахметова терминдердiң әрқайсысына мынадай түсiнiк берген:
... еңбегiмiзде, тiл дамыту терминiн қолданып отырмыз, өйткенi тiл
ширату балалардың бiлетiн пассив сөздерiн активтендiру мақсатын көздесе,
тiл жетiлдiру (усовершенствование) көбiне баланың тiлiн түзету
мағынасында қолданылады. Ал сөз байлығын арттыру - сөздiкке ғана қатысты.
Бiздiң ойымызша, тiл дамыту терминi осылардың барлығын қамтиды.
Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді, ал олардың
мектепке оқуына байланысты сол табиғи үдеріс онан әрі жалғаса
түседі. Сондықтан мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған
табиғи үдерістің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Ең алдымен
тілдің өз табиғатынан басты-басты заңдылықтар шығады:
Бірінші заңдылық. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық,
грамматикалық және лексикалық мағыналарды меңгереді.
Балалар тілінің фонологиялық мағынасы, әдеби тілдің орфоэпиялық
мөлшерін мектепке дейін-ақ меңгере бастайды.
Ана тілінің грамматикалық мағынасымен де балалар мектепке дейін
танысады. Мектептің міндеті оқушыларға ана тілінің сан алуан грамматикалық
қатынастары мен көріністерін үйретіп, тіл байлықтарын арттыра түсу.
Екінші заңдылық. Тілді ұғыну үшін орасан сезімталдық керек.
Зерттеушілер мұндай қасиеттің балада тіпті сәби кезден болатынын айтып
жүр.
Грамматиканы үйрету осы тілдік сезімталдыққа сүйеніп, іске
асырылады.
1. Балалардың бұрыннан білетін сөздерін тәртіпке келтіру ( мұнда
грамматика басты орын алады);
2. Оқушылар өздеріне белгісіз, грамматикалық құбылыстарды бұрыннан
таныс құбылыстармен салыстыра алатындай дидактикалық материал
іріктеу;
3. Тілдік фактілерді жинақтауға негізделген әдістерді кеңінен пайдалану.
Үшінші заңдылық: Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық
мағыналармен қатар мәнерлеп сөйлеу, сезімге бөлене сөйлеуді меңгеру.
Мұндағы әдістемелік принцип: мәнерлеп сөйлеуге назар аудару.
Төртінші заңдылық: Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуді таңбалау жүйесіне
аудару ретінде (дыбыстық таңбаға көшіру) ұғынылады.
Жазбаша сөйлеу бала үшін сөйлеудің меңгерудің жалпы екінші
кезеңі болып табылады, - дейді профессор Н.С.Рождественский.
Бесінші заңдылық: Фонетикалық, грамматикалық және лексикалық
мағыналардың барлығы тіл материясы, яғни тіл таңбаларын –дыбыс,
морфема, сөз, дауыс ырғағы және тиісті жазбаша таңбалар (әріп, тыныс
белгісі) –ұғыну барысында меңгеріледі.
Алтыншы заңдылық: Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика және
грамматикалық формалар арқылы дамиды, екінші жағынан тіл неғұрлым бай
болса, тілдік фактілер де соғұрлым тез ұғынылады.
Сондықтан оқушыларға алдыңғы үйренгендерін ұмытып қалмайтындай
етіп, тілдік материалдарды бірте-бірте көбейтіңкіреп беріп, сөйлегенде
қолданылып отыруына жағдай жасалады.
Тілге жүйелі түрде, бірте-бірте үдетіле үйрету заңдылығынан
мынадай әдістемелік принцип шығады:
1.ұштастыра оқыту;
2. қайталау;
3. өз бетімен жұмыс істеуді күшейте түсу.
Бұл принциптерді іске асыру үшін: 1. Бағдарламаны тиянақты құру;
2. Жоспарлы түрде қайталап отыру; 3. Жаттығу жұмыстары; 4. Оқушыларды
ойлау мен сөйлеуге үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерін іріктеу сияқты
жұмыстар жүзеге асырылады.
Сонымен ана тілін меңгерудің заңдылықтары оны мектепке оқытудың
негізі болып табылады; ал әдістемелік принциптер осы заңдылықтардан
туындайды, мұндай принциптерге негізделген әдістеме, сөз жоқ, оқушыларға
ана тілін үйрету жұмыстарын жүйелі жүргізуге көмектеседі [8, 9-12 б.].
Демек, оқушылардың тiлiн ширатуға, олардың тiлiн жетiлдiруге,
шәкiрттердi байланыстырып сөйлеуге үйретуге арналған жұмыстардың барлығы
балалардың тiлiн дамыту мақсатын көздейдi. Сондықтан, байланыстырып
сөйлеу мен сөйлеу дағдысын қалыптастыру терминдерiнiң өзiндiк
өзгешелiктерi бар екенiне назар аударған жөн. Оқушыларды байланыстырып
сөйлеуге үйрету жұмыстары көбiнесе шығарма және мазмұндама, яғни
оқушылардың мәтiн түзу дағдысын қалыптастыру жұмыстары болса, оқушылардың
ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру жұмыстарына сөйлеудегi, жазудағы тiл
жұмсаудың өнегелi үлгiлерi, сауаттылық, айқын ойлылық, iзеттiлiкке
үйрететiн жұмыстары жатқызылады. Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру жұмыстарының тiл дамытумен ара-қатынасы жоқ деген ой тууы
ағаттық. Қайта оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарының
негiзiнде тiл дамытудың негiзгi заңдылықтары мен принциптерi тұрады.
Дағды - автоматтандырылған деңгейге жеткен әрекет; көп қайталау
жолымен қалыптасады. Оқыту барысында дағдыларды жасау қажет, әсіресе
жалпы оқулық мәнді, пәнаралық: ауызша және жазбаша сөйлеу, есеп шығару,
есептеу, өлшеу т.б. [9, 37 б.].
Сондықтан оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру дегенiмiз –
шәкiрттердiң бiр-бiрiмен күнделiктi пiкiрлесуi ғана емес, олардың тiлдiк
қатысым барысында өз ойын анық, дұрыс және түсiнiктi жеткiзуге, сөйлер
сөзiнiң тiлдiк нормаларын сақтап, iзеттi сөйлеуге үйрету. Оқушылардың
ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған алғашқы іргелі еңбектерге
А.Байтұрсынов, Ғ.Бегалиев, Ә.Сәдуақасов, Р.Әмiров, К.Бозжанова, С.Рахметова
т.б. ғалым-әдiскерлердiң жұмыстарын атауға болады.
Қазақ халқының прогрестiк ағартушысы Ы.Алтынсарин - қазақ тiлiн
оқыту әдiстемесiнiң алғашқы туындылары Қазақ хрестоматиясы және
Мактубатының авторы. Бүкiл ғұмырын халық санасын көтеруге, қара халықтың
баласын оқытуға арнаған ағартушы қазақ жерiне жаңа үлгiдегi мектептер керек
екенiн заманынан бұрын түсiнген. Ы.Алтынсариннiң Мектеп-қазақтарға бiлiм
берудiң басты құралы. Бiздiң барлық үмiтiмiз, қазақ халқының келешегi
осында, тек осы мектептерде ғана, – деуi, оның қазақ халқының болашағын
оқу-ағарту iстерiмен байланыстырғанын көрсетедi. Кейiнгi өмiр ағартушы
ғалымның пiкiрi орынды екенiн дәлелдедi [10, 16-17 б.].
Ғалымның еңбектерiнде оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын
қалыптастыруға тiкелей практикалық маңызы бар тәсiлдер не әдiстер
көрсетiлмегенiмен, оқушылардың сөздiк қорын молайтуға және танымын
жетiлдiруге арналған өлеңдерi, әңгiмелерi мен ертегiлерi баршылық. Бұл
жерде ағартушы-педагогтiң Кел, балалар, оқылық, Өнер бiлiм бар жұрттар,
Бай баласы мен жарлы баласы, Әке мен бала, Талаптың пайдасы т.б
еңбектерiнен шәкiрттердiң жеке басын, олардың мәдениетiн қалыптастыруды
мақсат еткенiн көруге болады.
Бастауыш мектептегi қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiнде А.Байтұрсынұлының
орны ерекше. А.Байтұрсынұлының мектептегi оқу ағарту мәселелерiне арналған
Қай әдiс жақсы?. ... Жалқылау (айрырыңқы) әдiс, Жалқылаулы,
жалпылаулы әдiс. Бастауыш мектеп, Тiл-құрал, Оқу құралы т.б.
оқулықтары мен мақалаларында айтылған пiкiрлерi мен көзқарастары бүгiнгi
күнге дейiн өз құнын жоймаған. Ғалымның еңбектерiнде оқушылардың ауызша
сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ерекше ден қойылып, бастауыш мектеп
мұғалiмдерiне тәжiрибе жүзiнде түсiндiрiлген. Ғалым Түркологтардың
бүкiлодақтық бiрiншi съезiнде жасаған баяндамасында қазақ тiлiнiң
тазалығына, оның басқа тiлден енген сөздерден арылуы керектiгi жөнiнде:
Так как ни одна область культуры так тесно не связана с духовной жизнью
как язык, то вместе с религией и письменностью стала проникать и литература
и светского содержания, а вместе с последней незаметно заимствовались слова
из чужого языка. Языки постепенно испещрялись, терялись природные
собственных языков, деп, тiл мәдениетiн жетiлдiру үшiн сөйлеу тiлi
орфографиялық заңдылыққа сүйенуi қажеттiгiн атап көрсетілген.
Ғалым қазақ тiлi басқа елдерден енген кiрме, термин сөздердi қазақ
тiлiнiң iшкi заңдылықтарына, оның табиғатына сай өзгертiлуi керектiгiне
назар аударған. Сонымен қатар қазақ тiлiнiң варваризмдермен ластанбауы үшiн
мынадай принциптерi қадағалау қажет дейдi:
а) Для терминов предпочтительно перед другими брать казахские слова с
вполне соответствующим данному понятию значением.
б) в случае соответствия в казахском языке подобного рода слов,
заимствовать таковые из родственных казахскому языков.
в) Общеупотребительные мировые термины могут приниматься по
соответствующими природой казахского языка изменениями.
г) Все неказахские слова, не согласующиеся с природой казахского языка,
точно должны подвергаться изменениям соответственно казахскому говору
Ғалымның ұсынған принциптерi бүгiнгi таңда кеңiнен қолданылып жүр.
Бұған мысал кiрме сөздердi қазақ тiлiне аудару болып табылады. Таможня-
кеден, вертолет- тiкұшақ, самолет - ұшақ т.б.
А.Байтұрсыновтың ұсынған принциптерді бүгінгі күнде әліппеде әлі де
болса назар аударылмай келеді. Әліппе оқулығында басқа тілдерден енген
дыбыстарды үйретуде алынған сөздер қазақ тіліне аударылмай сол күйінде
оқытылып келеді. Бұл әсіресе орыс тілінен енген (ь,ъ,в,ё және т.б.) үйрету
жұмыстарында анық байқалады. Осының әсерінен қазақ балалары бастауыш
мектептен-ақ сөйлер сөзінде кірме сөздерді қолдануға дағдыланады. Мұндай
дағдылардан арылу үшін орыс не басқа тілдерден енген сөздерді қазақ тілінің
дыбыстау заңдылықтарына сәйкестендіріп, қазақ тіліне аударып берген орынды
деп ойлаймыз.
А.Байтұрсынов оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға
назар аударған. А.Байтұрсынов Тіл жұмсар кітабында оқушылардың ауызша
сөйлеу дағдыларын жүйелі жүргізу үлгілерін ұсынады. Оқушыларға мақсатты
түрде сұраулар беріп, сол сұрауларға жауап алған. Аталған еңбектегі
Сұрау, Жауап жазу, Сөз туғызу, Құрастыру сияқты жұмыс түрлерін
кезегімен бере отырып, А.Байтұрсынов оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын,
сөздік қорларын жетілдірген. Мұны А.Байтұрсынов қолданған тәсілдерді талдау
негізінде толық көз жеткізуге болады:
Мысалы: Буыншы әріптер атты тақырыпты өтерде қолданған тәсілдері.
Шәкірт әңгімесінен
Сабақтан шыққан соң жиылыс жасап жібердік. Кеңесіп мынадай қаулы
шығардық:
1-нші, бәріміз тату болайық.
2-ші, біріміз-бірімізге көмектесейік.
3-ші, құр бетімізге шулай бермейік.
4-нші, әсіресе сабақ үстінде тыныш отырайық.- деп бере отырып,
оқушылардың ауызша жауап беруін талап ететін мынадай сұрақтар береді:
Жиылыс қайда болған?
Тәртіпті неге керек қылған?
Тәртіпші сайлау керек деген кім?
Кімдер жиылған?
Жиен ағасы кім болған?
Тәртіпшінің міндеттері нендей?
1-нші
2-нші
3-нші
Мұндай тапсырмалар оқушылардың өз сөзін дәлелді айтуға, топ алдында
қысылмай жауап беруге, қорытындыда оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын
жетілдіретіні ақиқат. Ғалым оқушылардың сөздік қорын молайтуға да ерекше
назар аударғаны төмендегі мына мысалдан анық байқалады:
Сөз тудыру.
Тәртіп-тәртіпші Ән-
Қой-қойшы Өлең-
Түйе- Оқу-
Жылқы- Оқыту-
Мал- Үйрету-
Аң- Күзет-
Етік-
Балық [11, 438б.]
Мұндай мысалдар оқушыларды жоғарыда Шәкірт әңгімесінен атты мәтінде
берілген сөздерді түрлендіруге, осы сөздерге ұқсас басқа да сөздерді
түрлендіруге дағдыландарады.
А.Байтұрсынов - қазақ елiнiң болашағына, тұрмыс-ахуалына жаны
күйзелген алаш жұртының бiртуар азаматы. Ғалымның бастауыш мектеп жайында,
оқыту жайында айтқан пiкiрлерi бүгiнгi күнде айрықша мәнге ие. Себебi,
ғалым, керексiз нәрселердi үйретiп, балалардың өмiрiн босқа өткiзбес үшiн,
үйретерге тиiстi бiлiмдi кем үйретпес үшiн, балалардың күшi жетпейтiндi өте
алысқа сүйреп кетпес үшiн, бастауыш мектепке үйрететiн бiлiмiн алдын-ала
жоспарлап, оқушылардың тұлғалық қабiлеттерiне сай жасалуы қажеттiгiн атап
көрсеткен. Сөйтiп А.Байтұрсыновтың бастауыш мектепке арнаған оқулықтарында
қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiндегi дыбыстық жүйемен оқытудың әдісі,
оқушылардың жас ерекшелiктерiн ескере отырып, тiлдiк материалдарды жүйелеп
беру жолдары, қазақ тiлiн оқытудың мақсаттары мен мiндеттерi, бастауыш
мектепте қазақ тiлiн оқытудың мазмұны жан- жақты ашылған.
А.Байтұрсынов бастауыш мектеп оқушыларын ауызша сөйлеу дағдыларын
қалыптастыруда белгілі бір тақырыпқа сөздер беріп, оларды балалардың
күнделікті тілдік қатынаста қолданылуын қадағалап отырған. Мұны, келесі
Оқу құралы еңбектерінен анық көруімізге болады:
1. Үй саймандары: Шаңырақ, уық, кереге, есік, босаға т.б.
2. Ыдыс-аяқ: қазан, тегене, шара, табақ, тостаған және т.б.
3. Тамақ сусындар: нан, ет, кеспе, тары, сөк, құймақ, қазы, қарта,
жая, шұжық, бөртпе, құрт, ірімшік, жент, малта, сары май, тоқ май, еріткен
май, торта, қаймақ, бал, бауырсақ, жалпақ нан, қуырдақ, сорпа, көже, қатық,
айран, сүт, қымыз, саумал, шай, қант, шалап, уыз.
4. Дене мүшелері: бас, мойын, кеуде, қол, аяқ, көз, мұрын, ауыз,
маңдай, иек, тіл, тіс, көкірек, өкпе, бауыр, жүрек, қолқа, қарын, талақ,
өт, ішек, ұлтабар,бүйен, сан, сан, жанбас, сирақ, бақай, тобық, иық, білек,
саусақ, бармақ.
5. Киімдер: Шапан,ішік, тон, шекпен, күрте, бешпент, тымақ,
құлақшын, бөрік, тақия, жаулық, орамал, камзол, кимешек, сәукеле, шалбар,
көйлек, ыстан, етік, мәс, кебіс, байпақ, шұлғау, шәркей.
6. Туысқан-туған іліктес: ата, баба, әке, ана, әже, шеше, аға, іні,
апа,, қарындас, жеңге, келін, қайын ата, қайын ене, қайын аға, қайын іні,
қайын бике, балдыз, жезде, абысын, күйеу, бажа, сіңлі.
7. Түйе : бура, атан, лөк, нар, қоспақ, інген, құнанша, буыршын, тайлақ,
бота.
8. Жылқы: айғыр, ат, құлын, байтал, тай, құнан, дөнен, бесті, бие,
дөнежін, құнажын, сәурік, құлық, бедеу, қысыр.
9. Сиыр: бұқа, өгіз, құнан өгіз, дөнен өгіз, тайынша, бұзау, дөнежін,
құнажын, қашар, баспақ, торпақ, қысыр.
10. Қой: қошқар, азбан, саулық, тұсақ, ісек, бойдақ, тоқты, марқа, қозы.
11. Ешкі: теке, серке, серкеш, туша,шыбыш, ылақ.
Осындай тақырыптаррға керекті сөзер бере отырып, ғұлама ғалым олардың
сөздерді меңгеруге арнайы жаттығу жұмыстарын да берген. Ғалым оқушылардың
ауызша сөйлеуге жаттығу арқылы дағдыландыруға болатынын көрсетеді.
Адам сөйлейді, түйе боздайды, жылқы кісінейді, сиыр мөңірейді, қой
маңырайды, ит үреді, ұлиды, қыңсылайды, мысық мияулайды.
Мыналардың ішінен артығын алып шығарып тастап қалғандарына жалпы ат
қойыңдар: 1. ит, сиыр, мысық, бұғы, жылқы, түйе
2. сиыр, қой, бұғы, жылқы, түйе.
Демек А.Байтұрсынов оқушылардың тілін дамытуға, олардың білімін
жетілдіруде алдымен олардың ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру жұмыстарын
жүргізуді тиімді санаған.
Ғ.Бегалиев - бастауыш мектепте қазақ тiлiн оқытудың әдiстерi мен
тәсiлдерiн саралаған ғалым. Ол оқушылардың сөйлеу дағдыларын түрлi
жаттығулар мен тапсырмалар арқылы қалыптастыру жолдарын атаған. Ол
оқушылардың сөздiк қорын байыту жолдарын ғана емес, сонымен қатар олардың
ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдарын да қарастырған
[12, 362 б.].
Ғ.Бегалиев Әрiп, дыбыс, буын атты еңбегiнде оқушылардың сөйлеу
дағдыларын мынадай жолдармен қалыптастыруға болатынын атап көрсетедi:
1. Оқушыларың тiлiн байыту үшiн iстелетiн жұмыстар үшке бөлiнедi.
2. Сөз запасын көбейту;
3. Өз пiкiрiн дұрыс айтуға жаттықтыру;
4. Өз пiкiрiн жазып түсiндiруге жаттықтыру, – деп олардың
әрқайсысына жеке-жеке тоқталады.Бұған қоса бастауыш мектеп оқушыларының
сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшiн төмендегiдей жұмыстар орындатылуы керек
дейдi:
1. Оқушылардың өз пiкiрiн дұрыс айтуға үйрету мақсатында дұрыс жауап
алу:
а) Оқылған мақала бойынша оқушыларға сұрақтар қойып, қысқа, дұрыс
жауап алу:
ә) Оқыған мақаланы, көрген-бiлгенiн, iстегенiн, сөйлегендерiн байқап
отырып, қате айтқандарын соңынан түзету, дұрысы былай болады деп айтып
беру.
б) Оқылған мақала туралы өз ара пiкiр алысуға, оқушыларды үйрету,
сұрауларды қалай беру, толықтыру, қарсы пiкiрiн бiлдiру жолдарын үйретуi:
д) Жиналыстарда шығып сөйлеуге үйрету;

2. Бiткен ойды жазуға үйрету үшiн:
1) Бүкiл бөлiм болып қысқа ұрандар қарау, сұрау-жауаптар айтып,
оларды жазып алу;
2) Тiл ширату немесе әңгiме есту жұмыстарында айтылғандарды жазып
алу, соңынан оның дұрыс-бұрысын анықтау;
3) Анкет, мәлiмдеме, әдiс, тiл-хат, куәлiк, қағаз жаздыру т.б. [9.10-
11]. Оқушы бұған тек оқу процесiнде ғана үйренiп дағдыланады, оған
бiрсыпыра өткелiктерден өту, кейбiр қиыншылықтарды жеңiп алу керек болады.
Мысалы: Жазуға төселу, жазу түрiне қалыптасу, емле ережелерiн, тыныс
белгiлерiн меңгерiп алу, ойындағысын жазуша тиянақты етiп бiлдiруге
қалыптасу. Мiне, мұның бәрi көп жаттығуды, машықтануды керек қылады.
Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдарын осындай үлгiде
жүргiзiлетiнiн санамалап көрсеткен Ғ.Бегалиевтiң еңбегi мектепке келген
балалардың сөйлеу тiлiн ауызша да, жазбаша да дамытып, олардың дағдылары
мен икемдiлiктерiн қалыптастыру жолдарын анықтағанымен құнды. Бұны оның:
Пысықтау жұмысы нашар ұйымдастырылады да, оқушылар бар оқығандарын ұмытып
қалады, бұрын оқыған тақырыптар мен жаңа тақырыптар арасында ешбiр байланыс
болмайды. Сондықтан да оқушылардың бiлiмi жүйелi, тиянақты болып шықпайды.
Оқушылар бүгiн оқығанын ертең ұмыта берсе не болмақ? Оқушылар әрбiр оқыған,
үйренген сөз үлгiсiн, емле ережесiн ойланып тұрмай-ақ, iске асыра алатын
дәрежеге жетуi керек. Дағды, машық деп осыны айтамыз. Дағды – алғашқыда
сaналы орындауды қажет ететін әркеттердің жаттыға беру нәтижесінде
автоматты қалыптасуы. Дағдыға айналған қимылдар санадан тыс болмайды. Ол-
мидың қызметі. Дағдының қимыл, сенсорлық және ой-әркетіне байланысты
түрлері бар. Пысықтау бұл жөнiнде маңызды орын алады, – деген пiкiрi
дәлелдейдi [13, 70 б.].
Сонымен қатар ғалымның пiкiрi бойынша грамматика мен емле
сабақтарында, балалар ана тiлiнiң заңдарын меңгере отырып, сөздердi сөйлем
iшiне кiргiзiп, бiр-бiрiмен байланыстыруға үйренедi. Оқушылар сөйлемнiң
түрлерiмен, сөз өзгерту, сөз тудыру тәсiлдерiмен таныса отырып, оларды
өздерiнiң сөйлеу тiлдерi мен жазбаша тiлдерiнде дұрыс пайдалануға үйренедi.

Еңбекте тiлдiң қалыптасуы және оқып дамуы үшiн ауызша және жазбаша
жаттығулар ұйымдастыру қажет екенi айрықша аталған:
Ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары бiр-бiрiмен тығыз байланысты
болды; сөйлеу тiлi жазбаша тiлдiң негiзi болып табылады: жазбаша тiл сөйлеу
тiлiнiң дамуына жәрдемдеседi.
Оқушылардың сөйлеу тiлi бiрiншi жылдары жазбаша тiлден бұрынырақ
жүредi: балалар мектепке келгенде, азды-көптi дамыған сөйлеу тiлiмен
келедi, бiрақ ол кезде олар жазбаша тiлдi әлi бiлмейтiн болады.
Балалардың сөйлеу тiлi мен жазу тiлiн дамыту мақсатын көздеп
жүргiзiлетiн арнаулы жаттығулардың негiзгi түрлерiне ауызша және жазбаша,
мазмұндама мен шығармалар жатады, - деп, ауызша сөйлеу жаттығуларын
былайша бөледi:
1. Балалардың оқыған немесе тыңдаған әңгiмесiнiң мазмұнын кейiннен
толық етiп, қайта айтып беру мақсатымен қойылған сұрақтарға жауап бергiзу.
Мұғалiм балалардың берген жауаптарын жинақтай отырып, қайта айтып берудiң
тәртiбiн белгiлейдi.
Балалар жеке-жеке сұрақтар бойынша әңгiменi немесе ертегiнi қайталап
айтып шыққаннан кейiн, ендi түгел айтып шығуға кiрiседi.
2. Әңгiменiң желiсiн көрсететiн суреттердi пайдаланып, мазмұнын қайта
айтып беру. Балалар суреттердi қарап шығып, мұғалiмнiң көмегiмен сол
суреттер бойынша әңгiменiң тәртiбiн белгiлейдi.
3. Балалардың өздерiнiң суреттердi салуға болатындығын айта отырып,
балалар сол әңгiменiң тұтас мазмұнының жеке-жеке негiзгi мәлiметтерiн
көрсетедi.
4. Балалардың оқып шыққан не тыңдаған әңгiмелердiң мазмұны бойынша
олардың жасаған не мұғалiм жасап берген жоспарға қарап, әңгiменiң мазмұнын
айту. Бұл ауызша жаттығулар болашақ жазбаша мазмұндамалардың негiзi болып
табылады.
Ғ. Бегалиевтің тұжырымдаған пікірі профессор Қ.Жұбанов Оқушы
қанша пысық, тиянақты болмасын өз ойындағысын ауызша бiлдiргендегiдей етiп
жазуша бiлдiре алмайды, ауызша тиянақты түрде мазмұндай алғаны жазуға
келгенде, ауызекi айтқандағысындай еркiн мазмұндай алмайды - деген
пікірінің жалғасы іспеттес.
Қорыта айтқанда Ғ. Бегалиевтің бастауыш мектеп мәселесіне жазылған
еңбектерінде оқушылардың сөйлеу тiлiн қалыптастыру және жетiлдiру үшiн
арнайы ұйымдастырылған жаттығулардың көмектесетiндiктерi айтылған. Мұндай
жаттығу түрлерiн бiз өз жұмысымызда кеңiнен пайдаландық. Ғалым еңбектерiнiң
әдiстемелiк құндылығы ― бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын
қалыптастыруға арналған кешендi жұмыстар жүйесiн ұсынғандығы.
К.Бозжанова оқушыда қандай да болмасын дағды қалыптастыру үшiн
алдымен оқушылар белгiлi бiр тәртiпке бағынуы қажет, яғни:
Оқу жұмысын дұрыс ұтымды ұйымдастырып iстеуге дағдыландыру үшiн
оқушылар мына тәртiпке төселуге тиiс: ең алдымен керектi құралдарды (сия,
қалам, дәптер, кiтап) дайындап, орын-орнына қою, газет төсеу, дәптердi,
оқулықты ашып, тапсырманы табу, тапсырманы оқып, түсiну, содан кейiн барып
орындауға кiрiсу; сөйлем, сөздердi түгел оқып алып ойша жазу, тиiсi тыныс
белгiсiн жазу үстiнде тұсына бiрден қойып отыру, тиiстi сөз, сөйлемдердi
жазу үстiнде бiрден тауып, астын сызып отыру. Оқушылар сөз, сөйлемдердi
жатқа да түгел ұғып алып, ойына сақтап жазуға төселуге тиiс. Мұғалiм
оқушылардың жұмысты орындау ритмiн де қадағалап, оларды бiр кезеңде
кiрiсiп, қатар бiтiруге дағдыландырады.
К.Бозжанова - бастауыш мектеп оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру
мәселесiн арнайы қарастырып, әдiстемелiк еңбек жазған. Ғалымның оқушылардың
оқу дағдыларын қалыптастыруға арналған әдiстемелiк нұсқаулары оқушылардың
қазақ тілiнiң дыбыс жүйесi мен орфографиялық заңдылықтары жөнiнде
бiлiмдерiн кеңейтiп, сөздердi дұрыс айту, дұрыс жазу және көркем
әдебиеттердi оқу арқылы бүкiл жан-дүниесiн дамытып, эстетикалық талғамын
жетiлдiредi.
Кейiнгi жылдары әдiскер-ғалымдар Р.Әмiров пен А.Асқарбаеваның
авторлығымен шыққан әдiстемелiк құралда оқушылардың ауызша сөйлеу
дағдыларын мәтiндi оқу, сол мәтiнде кездескен жаңа сөздердi түсiндiру, сол
арқылы оқушылардың сөздiк қорын молайту секiлдi мәселелерге баса көңiл
аударылады. Әдiскер-ғалымдар: Тiл үйретудiң негiзi – оқушылардың
сөздiк қорын байыту және сол сөздердi дұрыс айтуға дағдыландыру. Сондықтан
қазақ тiлi сабағында бұл жұмысқа баса көңiл аударылуға тиiс. Оқушылардың
сөздiк қорына мәтін арқылы енетiн жаңа сөздердiң мағыналарын түсiндiрiп
беру – iстiң бастапқы қадамы ғана - деп көрсете келе, оқушылардың ауызша
сөйлеу тiлiн қалыптастыру жұмыстары ауызша жаттығулар мен сөздiк қорды
молайтуға арналған жұмыстардан құралатындығын атайды. Бұл еңбекте басты
назар оқушылардың тілін дамытуға аударылған.
М.Томанов - оқушылардың сөйлеу дағдыларын сын есiмдердi кең тұрғыда,
тереңдетiп оқыту арқылы, сол игерген, меңгерген сын есiмдердi оқушылар
сөйлеген сөздерiнде орынды қолдану жолдарын дұрыс көрсеткен. Сын есiмдердi
оқыту тек грамматикалық және емле ережелерiн жаттаумен бiтпейдi. Мұғалiм
сын есiмдердi оқытуды оқушылардың сөздiк қорын молайту, тiлiн дамыту
жұмыстарымен байланыстырады. Ауызекi сөйлеуде сын есiмдердi орынды қолдану
арқылы жас балалар өз ойларын жаттанды тiлмен айтып беруге жаттығады.
Сондықтан мұғалiм әр сабақта оқушылардың түсiнiгiне лайық сын есiм сөздерiн
кiрiстiрiп, оның мағынасын түсiндiрiп отыруы керек. Сурет бойынша шығарма
жаздыру, басқа да түрлi жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру оқушылардың сын есiм
сөздерiн танып, оларды өз бетiмен қолданып үйренуiне себеп болады деп
ғалым сын есiмдердi тек жаттанды түрде үйретпей, сын есiм жөнiндегi
бiлiмдерiн ауызекi сөйлеу тiлiнде орынды пайдалануы қажет дейдi
Бастауыш мектепте қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiн кейiнгi жылдары арнайы
ғылыми тұрғыда қарастырған, бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелiктерiн
ескере отырып, олардың тiлiн дамытуда қандай әдiстер тиiмдi екенiн
айқындау, лексикалық дағдыларды қалай, қандай жолдармен қалыптастыру,
сауат ашу кезеңiнде оқушылардың тiлiн жетiлдiру, сөздiк қорды молайту
мәселелерiне арналған бiрнеше iргелi ғылыми жұмыстар сәттi қорғалды. Сондай
еңбектердiң бiрегейi ― бастауыш мектеп оқушыларының тiлiн дамыту
мәселесiн түбегейлi қарастырған әдiскер-ғалым профессор С. Рахметованың
еңбегi. Ғалым өз еңбегiнде оқушылардың тiлiн дамыту үшiн, бiрiншiден,
балалардың сөздiк қорын молайту керектiгiн айтып, сөз запасын бiрдi-екiлi
сабақтарда ғана жетiлдiрмей, мектепке алғаш келген күннен бастап байыту
қажет екенiн, ол үшiн сөз мағынасын түрлi лексикалық тәсiлдер арқылы
ұғындыру жолдарын айтып, екiншiден, бастауыш мектеп оқушыларының
байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру қажеттiгiн көрсетедi.
С.Рахметова бастауыш мектеп оқушыларының тiлiн дамытудың мазмұны ненi
қамтуы қажет деген сұраққа былай деп жауап бередi: Мұнда бiз мына сияқты
негiзгi мәселелердi үйретуiмiз қажет, яғни белгiлi бiр тақырыпты оқыта
отырып, баланың сөздiк қорын дамытатын сөздердi үйрете отырып, жаңа сөздер
жасайтын формаларды меңгеру барысында оларды байланыстырып сөйлем құрауға,
сөз тiркесiне, сондай-ақ ойларын ауызша жазбаша сауатты, жүйелi, дұрыс
жеткiзуге, сөйлей бiлуге мақсат етедi. Сонда осы үшеуi сөздiк жұмысы, сөз
тiркесi мен сөйлем құрау және байланыстырып сөйлеуге үйрету күнделiктi
өтiлетiн сауат ашу, грамматика, оқу сабақтарымен байланысты, бiртұтас
жүргiзiлiп отырса, тiл дамыту жұмысы да бiршама жүйелi өткiзiледi деуге
болады.
Ғалым оқушылардың сөздiк қорын молайту жұмыстары олардың тiлiн
дамытудың бiр бағыты екендiгiн дұрыс тұжырымдаған. Мұндай тұжырым
оқушылардың тiлiн дамыту үшiн олардың сөздiк қорын молайту қажет екендiгiн
анық көрсетедi. Оқушылардың сөздiк қорын молайтудың негiзгi мақсатын
былайша қорытқан: Сөйтiп сөздiк жұмысының мақсаты, сайып келгенде,
оқушылардың мәтiндегi сөздi дұрыс қабылдап, оның мағыналық реңктерi мен
ерекшелiктерiн ұғынуларын, яғни қажеттi жағдайларда дереу естерiне
түсетiндей дәрежеде балалардың өз сөздерiне айналуын қамтамасыз ету;
оқушылар алуан түрлi жаттығулар арқылы үйренген сөздерiнiң мағынасын терең
түсiнiп және керектi кезiнде мұғалiмнiң көмегiнсiз өз беттерiмен оны дұрыс
қолдана алатын дағдыға төселедi. Мұның өзi оқушылардың бiлiм сапасының
жоғары болуына жағдай жасайды.
Ғалым оқушылардың тiлiн дамытудың негiзгi бағытына байланыстырып
сөйлеуге үйрету жұмыстарын жатқызады. С.Рахметованың докторлық
диссертациясы қазақ мектебiнде оқушы тiлiн дамыту мәселесiн түбегейлi
қарауымен құнды. Мұнда айтылған әдiстемелiк тұжырымдарды басшылыққа алып,
кеңiнен қолдануға болады.
С.Қазыбаев - бастауыш мектепте қазақ тiлiн оқытуға арналған еңбегiнде
қазақ тiлiн оқыту барысында оқушыларда мынадай дағдылар мен iскерлiктер
қалыптасуы қажет дейдi: Концентрлi-сатылы бiлiм беру принципiне
негiзделген қазақ тiлi грамматикасының бастауыш курсында берiлетiн iскерлiк
пен бiлiм, дағды негiздерi нақтылап көрсеткенде төмендегiлер:
1. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды танып, ажырата алу. Оларды дұрыс
айту, оларды дұрыс айта, жаза бiлу.
2. Орыс графикасынан алынған дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс
айту, олардың әрiптерi мен айыру белгiлерiнiң (ъ,ь) жазылуы емлесiн
меңгеру.
3. Программада көрсетiлген емле ережелерiне сай бас әрiптердi дұрыс
қолдана бiлу.
4. Дауысты дыбыстардың жуан және жiңiшке, дауыссыз дыбыстардың қатаң,
ұяң, үндi болып жұпталып келетiн түрлерiн ажыратып, олардың жазылу емлесiн
бiлу.
5. Құрамы айқын, танымал сөздердiң мағыналы бөлшектерiн (түбiр,
жұрнақ, жалғау) айыра бiлу.
6. Сөйлем iшiндегi сөздердiң өзара байланыстарын анықтап, сөз
тiркестерiн табу: әр сөзге сұрақ қоя бiлу.
7. Бастауыш сыныптарда оқып үйренiлетiн сөз таптарын және олардың
негiзгi грамматикалық белгiлерiн (сандық, сапалық белгiлерi, септiктер мен
олардың түрлерiн, шақтар және жiктелу жолдары) ажырата бiлу.
8. Сөйлемдердi (хабарлы, сұрауы, бұйрықты, лептi), жай сөйлем мен
құрмалас сөйлемдердi тану.
9. Сөйлем мүшелерi: тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз
мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш) жөнiнде жалпы түсiнiк алу.
10. Сөздердiң айтылуы мен жазылуын (орфографиялық сөздiктi пайдалану
арқылы) бiлу.
11. Тыныс белгiлерiн (нүкте, сұрақ белгiсi, деп белгiсi т.б.) дұрыс
қолдана бiлу.
12. Оқу бағдарламасында қазақ тiлiнiң аталған салаларынан бiлiм беру,
оларды практикада қолдануға дағдыландырумен қатар сабақ процесiне әр түрлi
жаттығулар жасату жолымен лексикадан мағлұмат берiп, байланыстырып сөйлеуге
үйрету мiндеттерi көзделген .
Ғалым осы аталған бiлiмдiк дағдылар оқушылардың қазақ тiлiнен
алған бiлiмiн практика жүзiнде қолдануға негiз болатындығын көрсетедi.
Бiрақ С.Қазыбаевтың еңбегiнде оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру жолдары мен ерекшелiктерi туралы айтылмаған.
Соңғы жылдары бастауыш мектғепте оқушылардың тілін дамытуға ерекше
назар аударыла бастады. 1990 жылдарға дейін қазақ педагогикасында бастауыш
мектеп мәселесінен ғылыми жұмыс қорғаған екі ғалым М.Қ. Жұбанова мен С.Р.
Рахметова болса, кейінгі жылдары К. Бозжанова, Т. Әбдікәрімова,
Г.Уәйісова, Ә. Е. Жұмабаева, М.Ермекбаев, және т.б. ғалымдар осы салаға
арнайы ғылыми зерттеулер жүргізген. Жоғарыда аталған ғалымдардың
еңбектерінде біздің зерттеу тақырыбымызға қатысты құнды тұжырымдар мен
пікірлер мол. Атап айтқанда, М.Қ. Жұбанова мен Ә. Е. Жұмабаевалардың ғылыми
жұмыстарында бастауыш мектептің сауат ашу кезеңі туралы пікірлер құнды.
Бірақ М.Қ. Жұбанова сауат ашу кезеңдерінде қазақ тілінің дыбыстарын
үйретуге арналса, Ә.Жұмабаеваның ғылыми жұмысы сауат ашу кезеңінде
оқушылардың тілін дамытуға арналған. Ғылыми жұмыстарда бастауыш мектеп
оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырудға арналған бірқатар
пікірлер кездескенімен, арнайы осы тақырыпқа тоқталмаған.

Бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру мәселесі озық тәжірибелі мұғалімдердің еңбектерінде көрініс
тапқан. Атап айтқанда С.Ахметовтың Әліппе кезеңіне дейінгі сабақтарды
оқыту, Ә. Ермековтың 1 класс оқушыларын оқу- жазуға үйрету, Қ.
Разиевтың Балалардың 66 күнде сауатын аштым,Ә. Нүкеевтың 1 класс
оқушыларын жазуға үйрету, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауат ашу кезеңінде бірінші сынып оқушыларының сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдiстемесi
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Рецептивті лексикалық дағдылар
Оқушыларға көркем жазу дағдыларын үйрету алгоритмі
Мәтінді оқыту әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының оқылым дағдыларын қалыптастыру
Пәндер