Қазақстан Республикасы жоғарғы соты қадағалау алқасының 2006 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қарауы бойынша қорыту



1 Заңды күшіне енген үкімдердің, қаулылардың
күшінің жойылуы негіздері
2 Үкімдерді және қаулыларды өзгерту
2006 жылдың бірінші жартыжылдығының статистикалық мәліметтеріне сәйкес, Жоғарғы Соттың қадағалау алқасында 1 390 шағым мәні бойынша қаралды. Соның ішінде қылмыстық істерімен алдырылып қаралғаны 322 немесе 23,1% қадағалау шағымы.
Алдын ала қараудың нәтижесінде 1 337 шағым бойынша (96,1%) қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы қаулылар шығарылды, 53 шағым (3,9%) бойынша қадағалау іс жүргізуі қозғалды.
Алқа 65 адамға қатысты барлығы 64 қылмыстық істі қадағалау тәртібімен қарады.
Соның ішінде, прокурордың наразылығы бойынша 18 қылмыстық іс және жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы 1 (бір) іс қаралды. Түскен наразылықтардың ішінен наразылық уәждері қанағаттандырылып қаралғаны 14 және қанағаттандырылмай қаралғаны 4 (төрт).
Жоғарғы Соттың қадағалау алқасының судьяларымен 2006 жылдың 6 айы ішінде қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы 53 қаулы шығарылды. Солардың ішінде қаралып, қанағаттандырылғаны 41 шағым, қанағаттандырусыз қалдырылғаны 4 шағым, есепті кезеңнің аяғында 7 шағым қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы қаулысы бар қаралмаған істерді құрады.
Санаттар бойынша алып қарағанда қадағалау тәртібімен қайта қаралған істер: адам өлтіру (ҚК. 96-бап) - 4 адамға қатысты, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (ҚК.103-бап) - 4, зорлау (ҚК. 120-бап) - 1, ұрлық (ҚК. 175-бап) - 10, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету (ҚК. 176-бап) - 3, алаяқтық (ҚК. 177-бап) - 2, тонау (ҚК. 178-бап) - 4, қарақшылық (ҚК. 179-бап) - 14, қорқытып алушылық (ҚК. 181-бап) - 2, экономикалық контрабанда (ҚК. 209-бап) - 1, есірткі заттарына байланысты қылмыстар (ҚК. 259-261-баптары) - 6, соның ішінде есiрткi заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату - 6, жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзу (ҚК. 296-бабының 2, 3-бөліктері) - 1, қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану (ҚК. 307-бап) - 1, билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану (ҚК. 308-бап) - 1, пара алу (ҚК. 311-бап) - 1, өзінше билік ету (ҚК. 327-бап) - 3, басқа да қылмыстар - 7, соның ішінде кәмелетке толмағандардың істері 3 (үш) адамға қатысты.
Қаралған істердің ішінен (20,3%) құрайтын 11 үкім және 2 қаулының күші жойылды.
Атап айтқанда, мына облыстардың аудандық (қалалық) соттарының үкімдері мен қаулыларының күші жойылды: Алматы облысында - 3, Ақмола облысында - 2, Алматы қаласы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында - 1(бір). Жамбыл облыстық соты үкімінің күші жойылған.
Үкімдермен бірге облыстық соттардың апелляциялық және қадағалау сатылары қаулыларының да күші жойылғанын атап өту қажет.
Талданып отырған кезеңде 10 тұлғаға қатысты қадағалау тәртібімен 8 үкімнің күші жойылып іс жаңадан сот қарауына жіберілді.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қадағалау алқасының
2006 жылдың бірінші жартыжылдығында
қылмыстық істерді қарауы бойынша
қорыту

2006 жылдың бірінші жартыжылдығының статистикалық мәліметтеріне сәйкес,
Жоғарғы Соттың қадағалау алқасында 1 390 шағым мәні бойынша қаралды. Соның
ішінде қылмыстық істерімен алдырылып қаралғаны 322 немесе 23,1% қадағалау
шағымы.
Алдын ала қараудың нәтижесінде 1 337 шағым бойынша (96,1%) қадағалау іс
жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы қаулылар шығарылды, 53 шағым (3,9%)
бойынша қадағалау іс жүргізуі қозғалды.
Алқа 65 адамға қатысты барлығы 64 қылмыстық істі қадағалау тәртібімен
қарады.
Соның ішінде, прокурордың наразылығы бойынша 18 қылмыстық іс және жаңадан
ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы
1 (бір) іс қаралды. Түскен наразылықтардың ішінен наразылық уәждері
қанағаттандырылып қаралғаны 14 және қанағаттандырылмай қаралғаны 4 (төрт).
Жоғарғы Соттың қадағалау алқасының судьяларымен 2006 жылдың 6 айы ішінде
қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы 53 қаулы шығарылды. Солардың ішінде
қаралып, қанағаттандырылғаны 41 шағым, қанағаттандырусыз қалдырылғаны 4
шағым, есепті кезеңнің аяғында 7 шағым қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы
қаулысы бар қаралмаған істерді құрады.
Санаттар бойынша алып қарағанда қадағалау тәртібімен қайта қаралған
істер: адам өлтіру (ҚК. 96-бап) - 4 адамға қатысты, денсаулыққа қасақана
ауыр зиян келтіру (ҚК.103-бап) - 4, зорлау (ҚК. 120-бап) - 1, ұрлық (ҚК.
175-бап) - 10, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап
ету (ҚК. 176-бап) - 3, алаяқтық (ҚК. 177-бап) - 2, тонау (ҚК. 178-бап) - 4,
қарақшылық (ҚК. 179-бап) - 14, қорқытып алушылық (ҚК. 181-бап) - 2,
экономикалық контрабанда (ҚК. 209-бап) - 1, есірткі заттарына байланысты
қылмыстар (ҚК. 259-261-баптары) - 6, соның ішінде есiрткi заттарды заңсыз
дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату - 6, жол
қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзу (ҚК. 296-бабының
2, 3-бөліктері) - 1, қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану (ҚК. 307-бап) - 1,
билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану (ҚК. 308-бап) - 1, пара
алу (ҚК. 311-бап) - 1, өзінше билік ету (ҚК. 327-бап) - 3, басқа да
қылмыстар - 7, соның ішінде кәмелетке толмағандардың істері 3 (үш) адамға
қатысты.
Қаралған істердің ішінен (20,3%) құрайтын 11 үкім және 2 қаулының күші
жойылды.
Атап айтқанда, мына облыстардың аудандық (қалалық) соттарының үкімдері
мен қаулыларының күші жойылды: Алматы облысында - 3, Ақмола облысында - 2,
Алматы қаласы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе,
Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында - 1(бір). Жамбыл облыстық соты
үкімінің күші жойылған.
Үкімдермен бірге облыстық соттардың апелляциялық және қадағалау сатылары
қаулыларының да күші жойылғанын атап өту қажет.
Талданып отырған кезеңде 10 тұлғаға қатысты қадағалау тәртібімен 8
үкімнің күші жойылып іс жаңадан сот қарауына жіберілді.

Заңды күшіне енген үкімдердің, қаулылардың
күшінің жойылуы негіздері

Соттардың алдын ала тергеуінің сапасына тиісті талап қоймау жағдайлары
бірлі-жарым емес, мұның өзі заңсыз және негізсіз үкімдер шығаруға әкеп
соғады. Істерді қарау кезінде тағылған айыптың әрбір эпизоттары бойынша мән-
жайлардың жан-жақты әрі толық зерттелуі және қылмысқа қатысушылардың бәрін
анықтауды қамтамасыз етпейді.
Шымкент қаласы №3 сотының 2005 жылғы 26 қаңтардағы үкімімен Н-нің жеке
араздығы негізінде Ж-ні қасақана өлтіргендігіне кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-
нің 96-бабының 1-бөлігі бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыруға
сотталған.
Оңтүстік Қазақстан облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі алқасының 2005
жылғы 1 наурыздағы және қадағалау алқасының 2006 жылғы 16 ақпандағы
қаулыларымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған.
Қадағалау алқасы Бас Прокурордың наразылығына байланысты іс бойынша
қабылданған сот қаулыларының күшін жойып, істі жаңадан сот қарауына
жіберіп, бірінші сатыдағы соттың ҚІЖК-нің 24-бабының істiң мән-жайын жан-
жақты, толық және объективтi зерттеуді, айыпталушыны әшкерелейтін де,
ақтайтын мән-жайларды анықтауды, сотталушының кінәсіздігі туралы арызын
тексеруді міндеттейтін талаптарын тиісінше орындамай, айыптау үкімін
шығарғанын атап көрсетті.
Осы істі тергеу мен қарау кезінде заңның осы талаптары орындалмаған,
істегі бар дәлелдемелер үстірт зерттелген, ал кейбір мән-жайларға тиісті
құқықтық баға берілмеген.
Қылмыстық іс материалдарын зерделеу, іс бойынша алдын ала тергеу мен сот
тергеуі барысында жойылмаған қайшылықтардың барын көрсетті, осыған
байланысты бұл іс бойынша қабылданған сот актілерінің күші жойылып,
қылмыстық іс жаңадан қарауға жіберілді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Қадағалау сатысындағы қылмыстық
iстер жөнiндегі өндiрiстiң тәртiбi туралы" 2000 жылғы 28 сәуірдегі
нормативтік қаулысының 6-тармағына сәйкес, соттардың заңның қылмыстық
немесе қылмыстық-процессуалдық нормаларын қолданған кезде оларды қате
түсiнуі, сондай-ақ онда көрсетiлген талаптарды сақтамауы заңды дұрыс
қолданбауы болып саналады. Сот тергеуiнiң бiржақтылығы және толық болмауы,
сот тұжырымдарының iстiң нақты мән-жайларына сәйкес келмеуi, өзге де
қылмыстық-процессуалдық заңды елеулi бұзушылықтар, сондай-ақ қылмыстық
заңды дұрыс қолданбау және соттың iстi қараған кезде жiберген басқа да
бұзушылықтары заңды күшiне енген үкiмдер мен қаулыларды қайта қарауға негiз
болып табылады.
Қадағалау алқасы осындай негіздер бойынша ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі,
179-бабының 3-бөлігінің "в" тармағы, 259-бабының 1-бөлігі бойынша Т-
ға, ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 311-бабының 4-бөлігінің "а, б"
тармақшалары бойынша А-ға және М-ге қатысты үкімдердің күшін жойды.
Дәлелдемелерді дұрыс бағаламау, дәлелдеу процесінде алдын ала тергеу
органдары ұсынған іске қатысты рұқсат етілмеген және дұрыс емес
дәлелдемелерді пайдалану судьялармен әрекеттерді дәрежелеу кезінде
жіберетін қателіктер себептерінің бірі екенін атап көрсеткен жөн.
Талдау істің дұрыс шешілуі үшін қажетті әрі жеткілікті мән-жайларын жан-
жақты, толық және объективтi зерттеу туралы заң талаптарының орындалмауы
соттың айыптау, ақтау үкімдерінің күшінің жойылуының негізгі себебі болып
табылатынын көрсетті.
Бұл, ең алдымен, сотталушылардың іс үшін маңызы бар қандай да бір мән-
жайлар туралы дәлелдерінің тексерілмеуінен, айғақтарды өзгертудің нақты
себептерінің тиісінше тексерілмеуінен, сотталушылардың айғақтарына іс
бойынша жиналған басқа мәліметтермен бірге баға берілмеуінен,
дәлелдемелердегі қайшылықтардың жойылмауынан көрінеді.
Үкімде тиісінше зерттелмеген және олардың жарамдылығы тұрғысынан баға
берілмеген дәлелдемелер келтірілген. Кінәлі адамның ниеті тиісінше
зерттелмеген, бұл оның әрекеттерін дұрыс дәрежелеу үшін маңызды болатын.
Демек, соттардың істерді қарау сапасы іс жүргізу заңы нормаларының
сақталуына байланысты. Сотта істі қарау кезінде ҚІЖК-нің нормаларын
сақтамау, әдетте, істің мән-жайларын үстірт зерттеу, оларға дұрыс баға
бермеу заңсыз және негізсіз үкімдер шығаруға әкеп соғады.
Сот тұжырымдарының істің нақтылы мән-жайларына сәйкес келмегендігінен
кейбір үкімдердің күші жойылды.
ҚК-нің 120-бабы 3-бөлігінің "в" тармағы бойынша 9 жылға бас бостандығынан
айыруға сотталған А-ға қатысты қылмыстық іс бойынша Алматы облысы Ескелді
аудандық сотының 2005 жылғы 1 ақпандағы үкімінің күші жойылды.
Сот А-ның он төрт жасқа толмағанын көрінеу біле тұрып, күш қолданып және
дәрменсіз жағдайын пайдаланып М-мен жыныстық қатынас жасағанына кінәлі деп
таныған.
Апелляциялық алқаның қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған.
М-ның айғақтарына жасалған талдау А-ның жыныстық қатынасты зорлап
жасамағанын көрсетсе де, қадағалау алқасы А-ның кінәсі жәбірленушінің
айғақтарына құрылғанын анықтады. Бірінші сатыдағы сот істі дұрыс шешу үшін
елеулі маңызы бар мән-жайларды, атап айтқанда А-ның есінің дұрыстығы,
сондай-ақ сотталғанның жәбірленушінің жасы туралы білгендігі жөніндегі
мәселені анықтамаған.
Куә Т. алдын ала тергеудегі айғақтарынан (одан сотта жауап алынбаған),
оның бауыры А. 1980 жылдан бастап жалғыз тұрған, музыкамен әуестенген, 2000
жылдан бастап "шизофрения" диагнозымен психиатриялық диспансерде есепте
тұрған. Талдықорған өңірлік психоневрологиялық диспансерінің 2004 жылғы 27
қарашадағы тергеушінің сұрауына берілген анықтамасына сәйкес, сотталған А.
шындығында 2000 жылдың 3 мамырынан бастап оларда диспансерлік есепте тұр
(диагноз екі бас әріппен белгіленген).
2004 жылдың 8 желтоқсанында А-ға қатысты амбулаторлық сот-психиатриялық
сараптама жүргізген сарапшы-психиатрлар комиссиясына осы мәліметтерді
белгісіз себептермен ұсынбағаны актінің мазмұнынан байқалады.
Оның үстіне, актіде А. психиатрда диспансерлік есепте тұрмайды деп
көрсетілген. Сараптама актісінде А. алкогольдық психоздан Текелі қаласының
психиатриялық бөлімшесінде бірнеше рет емделгені жазылған. Алайда кімнің
куәландырғаны белгісіз, нөмірі көрсетілмеген 7 желтоқсандағы анықтамадан А-
ның аталған ауруханада еш уақытта стационарлық емдеуде болмағаны
көрсетіледі.
Сонымен қатар, іске тіркелген "Ескелді аудандық орталық ауруханасы" МҚК
емханасының анықтамасына сәйкес А. "алкогольді асыра қабылдаудың
нәтижесінде психикалық және жүріс-тұрыс ұстамдылығының бұзылуы" деген
диагнозбен оларда 1996 жылғы 12 тамыздан бастап наркологиялық кабинетте
есепте тұрады.
Бірін - бірі өзара теріске шығаратын осындай мәліметтерді анықтау үшін
сот сарапшы-психологтан жауап алып және қажет болған жағдайда стационарлық-
психиатриялық сараптама тағайындауы керек еді, бірақ сот мұндай шараларды
жасамаған.
Осыған байланысты, А-ның ақыл-есінің дұрыстығы туралы сараптама
тұжырымдарының негізділігі күмән туғызады, ал А. қылмыс субъектісі болып
танылу-танылмауы осы мәселенің шешілуіне байланысты.
Жәбірленуші М-ның айғақтары бір - бірімен өзара қарама-қайшы келіп қана
қоймай, істің сот анықтаған нақты мән-жайларымен үйлеспесе де сот А-ның
зорлау жасауына кінәлілігі туралы тұжырымын осы айғақтардың негізінде
құрған.
Жәбірленуші шешесіне өзінің зорланғаны туралы айтса да, М-ның
айғақтарынан А-ның оны қорқытпағаны, оған күш қолданбағаны, оны өзінің
пәтерінде ұстамағаны, жәбірленушінің Р-дан көмек сұрамағаны және А. оны
зорлады деп айтпағаны байқалады. Р-мен беттестіру кезінде жәбірленушінің
өзі осыны растаған. Жыныстық қатынасқа түскеннен кейін жәбірленуші А-ның
пәтерінен кетпей көмек сұрап билік органдарына жүгінбей, сотталғанның
пәтерінде одан әрі қалып, музыка тыңдаған, теледидар көрген, Р-мен бірге
кешкі ас дайындаған, түнді сол үйде өткізген, ал сотталған келесі күні М-ны
және Р-ны өзі үйінен қуып шыққан.
Жәбірленуші сол күні А-ға келген екі ер адамға өзіне күш қолданылғаны
туралы айтатын мүмкіндігі болған, бірақ мүмкіндікті пайдаланбаған.
Керісінше, олармен бірге спирт ішімдіктерін ішкен. Сот-медициналық
куәландыру кезінде жәбірленушінің бойынан дене жарақаттары табылмаған, оның
киімі бүтін.
Психологиялық-психиатриялық сараптама барысында М. алдымен айыпталушымен
бірге карта ойнағаны, содан кейін онымен оңаша қарым-қатынасқа барғаны
туралы түсініктеме берген. Қандай да бір қорқыту, ұрып-соғу және
сескендіру туралы М. ешнәрсе айтпаған.
Күш қолданып жыныстық қатынас жасау белгісінің жоқтығын көрсететін мән-
жайлар сот талқылауы барысында зерттелмеген, осы мән-жайларды сот елемеген
және үкімде тиісті баға берілмеген.
Бұған қоса, М-ның өзіне қатысты күш қолданылғаны туралы түсініктемесінің
іс бойынша анықталған объективті мәліметтерге қайшы келетініне сот баға
бермеген.
М-ның өзінің жасының кәмелетке толмауына байланысты оған қатысты жасалған
әрекеттердің сипаты мен ықтимал салдарын толық ұғынбағаны туралы үкімде
келтірілген тұжырым іс бойынша анықталған мән-жайлармен үйлеспейді.
Сот психолого-психиатриялық қорытындысына сәйкес, жәбірленуші өзіне
жасалған әрекеттердің сипаты мен салдарын өзінің психикалық дамуы
тұрғысынан ұғына білген және қарсылық көрсете алатын еді. Жәбірленушінің
барлық түсініктемелері, сондай-ақ оның жыныстық қатынас жасалғанға дейінгі
және жасалғаннан кейінгі жүріс-тұрысы осы сараптама тұжырымдарының
негізділігін растайды.
Сотталғанның әрекеттерін дәрежелеудің дұрыстығы А-ның жәбірленушінің
жасының кәмелетке толмағанын білгені туралы мәселеге байланысты болса да,
бұл аяғына дейін анықталмаған.
Куә Р-ның айғағынан М-ның жасы туралы әңгіме 11 қарашаның кешінде, яғни
А. мен М-нің арасында жыныстық қатынас жасалғаннан кейін ұзақ уақыт өткен
соң, болғаны аңғарылады. А. оларға үйлеріңе қайтатын уақыт болды, шамасы,
жәбірленушіні ата-анасы іздеп жатқан болар деген кезде осы әңгіме
туындаған, жәбірленуші өзін ешкімнің іздемейтінін, 13-те екенін айтып жауап
берген.
Куә Р-ның осы айғағы сотталған А-ның қызды үйіне шығарып салуға
әрекеттенген кезде М-ның өзінің жасы жөнінде айтқаны туралы берген
айғағымен сәйкес келеді.
Сот жәбірленушінің айғақтарына назар аударып, осыған байланысты Р. мен А-
ның жәбірленуші жасын айтқан уақытқа қатысты айғақтарын ешқандай дәлел
келтірмей қабылдамаған.
Мұндай жағдайларда алқа іс бойынша қабылданған үкімді заңды және негізді
деп тануға болмайды деген тұжырымға келді.
Сот тұжырымдары істің нақты мән-жайларына сәйкес келмегендіктен Шығыс
Қазақстан облысы Зырянов аудандық сотының 2005 жылғы 29 маусымдағы үкімімен
ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 120-бабының 2-бөлігінің "а" тармағы, 363-
бабы бойынша сотталған М-ға қатысты үкімнің де күші жойылды.
Соттың істің мән-жайына және істегі бар дәлелдемелерге дұрыс баға бермеуі
қылмыс құрамының болмауына байланысты ҚР ҚК-нің 177-бабының 1-бөлігі, 96-
бабының 1-бөлігі бойынша Т-ға және ҚР ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігі бойынша
И-ге қатысты қылмыстық істі қысқартып үкімнің күшін жоюға әкелді.

Үкімдерді және қаулыларды өзгерту
Алқамен қадағалау тәртібінде барлығы 40 үкім өзгертілді.
Атап айтқанда, облыстардағы аудандық (қалалық) соттардың ішінен: Жамбыл
облысында - 4, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Қостанай облысында - 3,
Ақтөбе облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында - 2, Павлодар облысында -
2, Қарағанды облысында - 2, Оңтүстік Қазақстан облысында - 2, Маңғыстау
облысында - 2 үкім өзгертілді. Облыстық соттардың ішінде Алматы қалалық
сотының, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола облыстық
соттарында 1 (бір) үкімнен өзгертілген.
Талдау, көп жағдайда қылмыстарды саралау кезінде қателіктер жіберілетінін
көрсетті, бұлар көбінесе соттылықтың, сотталғандардың қылмысының
қайталануының дұрыс анықталмауына байланысты, мұның өзі, қорыта келгенде,
тағайындалған жазаның жасалған әрекетке сәйкес келмеуіне әкеп соғады.
Мысалы, С. бұрын ұрлық үшін екі рет сотталған тұлға бола тұра қайтадан,
жәбірленушілер М. мен К-нің мүлкін 2004 жылдың 3 және 13 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу ерекшеліктері
АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН СОТ ІСІНЕ ПРОКУРОРДЫҢ ҚАТЫСУЫ
Қадағалау сатысындағы іс жүргізу мәселелері
Қадағалау сатысындағы соттың өкілеттігі
АППЕЛЯІЩЯЛЫК 1C ЖҮРГІЗУ
ҚР-ның сот жүйесі
Алқабилер соты
Ерекше талап қоюмен істерді қараудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының сот алқаларының қызметі мен мақсаты
Пәндер