Таза картонда гравюра жасау



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Таза картонда гравюра жасау әдісі
2. Гравюра жасауға пайдаланылатын аспап.құралдар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бұл жұмыстың мақсаты - Бейнелеу өнері мамандығы студенттеріне және әуесқой суретшілерді жаңадан шығарылған материалдарға гравюра салу әдістерімен таныстыру.
Қазіргі гравюраның екі түрі – биік және терең –тақтада ойылу әдісімен және эстамп суреттеу әдісімен айыруға болады.
Биік гравюрада сызықтар, сызықшалар, нүктелер тақта бетінде анық көрсетідледі (релеьф). Олардың үстіне бояу біртұтас болып жағылады да, одан қағазға бастырылады. Биік гравюраның ойылуы маманнан үлкен шеберлікті талап етеді.
Терең гравюра техникасы одан оңайлау. Терең гравюрада барлық сызықтар тақта бетінде ішіне қарай ойылады. Бояу ойылған жерлерге әр түрлі мөлшерде кесіктердің енділігіне және тереңдігіне қарай жағылады және қағаз бетіне әр түрлі болып сызықшалар, нүктелер түрінде түседі.
Терең гравюраның оңайлығын және көп бейнелеу мүмкіндігін ескере отырып, автор ең анық және жалпыға түсінікті әдістер ізденісінде осы техниканы жаңа материалдармен жұмыс істегенде пайдалануды жөн көрді.
Осы кезге дейін терең гравюра жасауға металл пайдаланып келді. Бірақ металл өңдеу зиянды қышқылдарды пайдалануды және арнайы кәсіби базаны талап етеді.
Соңғы жылдары гравюршы жұмысын жеңілдететін басқа материалдарды пайдалану мүмкіншілігі пайда болды. Гравюрлеумен кәдімгі суретшінің шеберханасында немесе үйдегі жұмыс үстелінде айналысуға болады.
Мысалы, сол материалдардың бірі – гравюршының инесіне оңай берілетін органикалық шыны (плексиглас-акрилат), мөлдір тас. Ол – гравюра жасауда өте маңызды рөл атқарады.
1. Радлов Н.Е. Графика - Л., 1926 – с.6.
2. Нурмухаммедов Н. Графика казахской ССР. – Алма –Ата: Жалын, 1978. – 127 с.- Илл.
3. Герчук Ю.Я. история графики и искусства книги: учебное пособие для студентов вузов. – М.:аспект Пресс, 2000.- 320с.
4. Кузин В.С. Основы обучения изобразительному искусству в школе. –М.: Просвещение, 1977.-205с.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Таза картонда гравюра жасау әдісі
2. Гравюра жасауға пайдаланылатын аспап-құралдар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бұл жұмыстың мақсаты - Бейнелеу өнері мамандығы студенттеріне және
әуесқой суретшілерді жаңадан шығарылған материалдарға гравюра салу
әдістерімен таныстыру.
Қазіргі гравюраның екі түрі – биік және терең –тақтада ойылу әдісімен
және эстамп суреттеу әдісімен айыруға болады.
Биік гравюрада сызықтар, сызықшалар, нүктелер тақта бетінде анық
көрсетідледі (релеьф). Олардың үстіне бояу біртұтас болып жағылады да,
одан қағазға бастырылады. Биік гравюраның ойылуы маманнан үлкен шеберлікті
талап етеді.
Терең гравюра техникасы одан оңайлау. Терең гравюрада барлық сызықтар
тақта бетінде ішіне қарай ойылады. Бояу ойылған жерлерге әр түрлі
мөлшерде кесіктердің енділігіне және тереңдігіне қарай жағылады және қағаз
бетіне әр түрлі болып сызықшалар, нүктелер түрінде түседі.
Терең гравюраның оңайлығын және көп бейнелеу мүмкіндігін ескере
отырып, автор ең анық және жалпыға түсінікті әдістер ізденісінде осы
техниканы жаңа материалдармен жұмыс істегенде пайдалануды жөн көрді.
Осы кезге дейін терең гравюра жасауға металл пайдаланып келді.
Бірақ металл өңдеу зиянды қышқылдарды пайдалануды және арнайы кәсіби
базаны талап етеді.
Соңғы жылдары гравюршы жұмысын жеңілдететін басқа материалдарды
пайдалану мүмкіншілігі пайда болды. Гравюрлеумен кәдімгі суретшінің
шеберханасында немесе үйдегі жұмыс үстелінде айналысуға болады.
Мысалы, сол материалдардың бірі – гравюршының инесіне оңай берілетін
органикалық шыны (плексиглас-акрилат), мөлдір тас. Ол – гравюра жасауда өте
маңызды рөл атқарады.

1. Таза картонда гравюра жасау әдісі

Баспа материалы ретінде пайдалану үшін картон тиімділігі аз, өйткені
бірнеше көшірме жасаған соң ол жойылады, бірақ әскез жасау үшін суретшіге
өте керекті нәрсе.
Картонның кемшіліктері: сызықтардың анық, таза түсуіге бөгет жасайтын
және бастырған кезде түсін пәсейтетін жұмсақтығы; бояуды ішіне сіңіруі
және үйкеліске қарсы әлсіздігі. Одан басқа, эстамп басылған кезде
қағаздак картонның фактурасы басылады, ал ол суретшынің жоспарына
кірмейді. Картонға суретті айна бейнесімен түсіру қажет болғанда да
гравердың жұмысы күрделенеді.
Картон туралы жалпы мәлімет. Тұрмыста картон деп папка
машиналарында құйылып жасалынған қлың қағазды айтады. Ондай қағаз түрі
өнеркәсіпте папка деп атайды; ал картон деп жұқа бірнеше қабат қағазды
бір – біріне жабыстыру арқылы жасалған тұтас қағазды атайды.
Картон папкадан иілімді.
Картонның гравюра үшін мына түрлерін пайдалану қолайлы.
1. Сұр ағаш картоны. Оның бір жағы жылтыр. Парақтарының көлемі 720 х
900 мм және 800 х 1100 мм.
2. Өте жоғары шыдамды сүр мата картон. Көлемі 1000 х 1000 мм
3. Прессшпан - қалыңдығы әр түрлі арнайы қатты картон беті жылтыр.
Түсі де әр түрлі болады: қоңыр – сары, кейде көк, жасыл т.б. Беті теп –
тегіс, дақсыз, кемшіліксіз. Стандарнтты көлемі 614 х 860 мм және 700 х 900
мм
4. Матрица папкасы - өте шыдамды және пластикалы папка, Матрица
папкасында ойылған нәрсе өте жақсы сақталынады, папка жоғары
иімділікті, түзу беті, бірыңғайлы структуралы және төзімді. Жұмсақ картон
түрлеріде гравюра жасауға жарайды. Бұл материалда жасалынған көшірмелер
ірі түйіршікті акватинтаға ұқсайды, бірақ оның тиражы шектелген.
Картонды бастыруға дайындау. Үлкен формат картон пышақпен ойылып
алынады. Тақта болашақ гравюра суретінен үлкен болуы тиіс. Ол үшін
тақтаны екі жағынан және жоғары жағынан 1 – 2 см енділікті рант, ал
төменгі жағынан 3 – 4 см рант қалдырылады, гравюраның үлкендігімен және
композициямен байланысты. Рант гравюра жасаған кезде суретті қорғайды.
Көшірме жасаған кезде рант рамка сияқты болып көрінеді. Тақтаның
бұрыштарын домалақ жасауға, немесе, егер картон 2 см қалың болса, тік
қалдыруға болады. Бақылау көшірмелер алынған соң тақтаны қайтадан
жаңартуға болады, ал рантты кесіп тастауға болады.
Егер гравюрадан алынған көшірме тікелей суреттеуді қажет етсе,
оригиналдан калькаға көшіріледі де көшіргіш қағазбен картон бетіне
айна бейнесімен түсіріледі.
Суретті керісінше түсіру үшін қаламмен калькаға көшірген жөн Суланған
калька суретімен картонға қойылады, олда суланған. Осылай түрінде сурет
станоктан вал қысылымынан өтеді.
Таза картонды гравюра жасау. Жұмыс ыңғайлы болу үшін картонды
қиғаш қойылған үстелге немесе мольбертке бекітеді.
Картон бетінде сызықтарды барбылы немесе барбысыз кескіш немесе
ойғыш затпен істеуге болады. Пышақпен жасалған жіңішке сызықтар
көшірмеде із қалдырмайды, ал вал қысымына түскенде қысылып қалады. Ал
қатты картонда жасалған сызықтар, көшірмеде көрінеді. Жұмсақ картонда
жұмыс істеу үшін мұқал ұшты ине керек, өйткені онымен жұмыс жасаған
кезде сызықшалар ашық болады да, осындай ине әр бағытта еркін
қозғалады.
Жыртылған барбылы іздер жасау үшін, ине ұшын үшкір қылдыру керек.
Инені картон парағына тік ұстау керек.
Сызықтардың тығыз немесе мөлдір болуына байланысты, жасалған іздер
терең немесе таяз болады.
Бастырылған формадан әр түрлі тонды көшірме алу үшін картонның
сыртқы жылтыр қабатын бұзып, пышақтың ұшымен жұмсарту керек. Ол
баслым формасының бетінде бояу жақсы қалу үшін және бастырылған кезде
қағазға көшірілу үшін жасалынады. Көшірмеде тон дақтары бірыңғай болмас
үшін олардың бетіне әр түрлі енділікті және тереңдікті сызықшалар
түсіріледі.
Егер гравюра ойылған жерлеріне көмір жақса, сурет көрінісі басылым
формасында жақсы көрінеді. Суреттің ашық жерлері көшірмеде де ашық
балуы үшін, бастырылар алдында жұқа желіммен немесе лакпен жабылады.
Осылайша дайындалған бастырылу формасы 10 басылым жасауға дейін
шыдайды. Ең қатты картон түрлері 30 көшірме жасауға дейін шдайды.
Гравюраны картонға өте құнтты жасау керек. Бастырылуға дайындалған
бояу қою болмау керек.
Бояу жақсы жылжымалы болу үшін, жұмыс алдында оған еріткіш қосу
керек ( тазартылған мұнай, керосин, № 2 еріткіш ).
Бояу картонның тесіктеріне кіру үшін, басылым формасын олифпен
сүртеді. Тақта бетінен артық бояуды алу үшін, оның үстіне орайттын
қағазды қою керек немесе валикпен бастыру керек. Одан кейін бояу
жақпастан, екі – үш көшірме жасау қажет. Бірінші қара көшірме кейде
жақсы, кейде нашар шығады, ал екінші, үшінші, кейде төртінші көшірмелер
жақсы болады. Кейінгі көшірмелер ашық, анық болады.
Көшірмен алу үшін желімделмеген қағаз түрлері қолданылады. Қағаз
құрғақ болу керек, өйткені дымқыл қағаз карнтонға жабысады, ал картон
беті ашық жерлерінде ағаш, немесе басқа желіммен жабылады.
Картонды желіммен бояу. Картон бетін желіммен алдын ала өңдеу
оның бетін қатайтады. Ол үшін желім сұйқ, жылы болу керек.
Желімді картонға қатты үлдірекпен жағады. Ол картонға жақсы сіңу
керек. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
гравюра салу әдістері
Гравирлеу
Көптеген кәсіби және әуесқой суретшілерді жаңадан шығарылған материалдарға гравюра салу әдістерімен таныстыру
Қысқаша бейнелеу өнерінің даму тарихы. Бейнелеу өнерінің құралдары
Бейнелеу өнері және батик
НАТЮРМОРТ, ПЕЙЗАЖ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЙНЕЛЕУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Көмірмен сурет салу
Сия бояуларымен тәжірибелік жұмыс
Графика туралы түсінік
ГРАФИКА ӨНЕРІНІҢ ТАРИХЫ
Пәндер