Ақпан революциясының жеңісі



1 Ақпан революциясы
2 Қосөкіметтілік
Ақпан революциясы – 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық – демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы – республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан революциясы нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан революциясының жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды.
К. Нурпеисов “становление советов в Казахстане”(1987г.), “Алаш һәм Алаш орда” (1995ж.).

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ақпан революциясы
Ақпан революциясы – 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей
империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық – демократиялық
республика орнатқан төңкеріс. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің
жоғарғы сатысы – республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар
отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан
революциясы нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның
шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі
билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске
қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан
революциясының жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы
аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық
өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі
бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз, т.б.) жүзеге асырыла
бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялылық жағдайда шықты, жаңа
партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан
революциясы жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ
(мысалы: соғыс және жер мәселелерін). Ақпан революциясы монархияны
құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады.
Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-
жерлерде бурдуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта
Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері
құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде
Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қосөкіметтілік (ресми
Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған
Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.
Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында
кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді
деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген
өкілдерінен өлкелік, облыстық және уез комиссарларын тағайындады. Мысалы:
Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу
облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпан революциясы демонстрациясы
1917ж Қазақстандағы Ақпан төңкерісінің ерекшеліктері
Ақпан революциясы жайлы
Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы
1917 жылғы Ақпан революциясы
Мұсылмандық қозғалыс және ұлттық зиялылардың саяси платформасының қалыптасу кезеңі
Ұлы қазан революциясы және Қазақстан
Алаш орданың саяси-құқықтық нормалары
Ресейдегі тарихи оқиғалардың қысқаша жылнамасы
1905-1917 жж. қазақ интеллегенциясының әлеуметтік қозғалысы
Пәндер