Зат алмасуы мен оның жас ерекшелігі


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Зат алмасуы мен оның жас ерекшелігі

  1. Белоктың алмасуы
  2. Белок алмасуының жас ерекшелігі
  3. Май мен көмірсуының алмасуы
  4. Май мен көмірсуының алмасуының жас ерекшеліктері
  5. Тұздар мен судың алмасуы
  6. Денедегі судың маңызы, жасқа байланысты мөлшері
  7. Қуаттың алмасуы мен негізгі зат алмасуы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Астың маңыздылығы мен сіңімділігі оның құрамына байланысты. Нанның, ет пен сүттің сіңімділігі мен маңыздылығы олардағы табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі. Зат алмасуы тоқталысымен тірілік жойылады. Оның барысында организмге түрлі қуаты бар қоректік заттар, тұздар мен су ліреді де, бұл заттардың ыдырауынан пайда болған денеге қажетсіз улы заттар денеден шығарылады. Жаңадан қабылданған заттардан организмдегі ұлпалардың клеткаларының өздеріне бейімделген заттар жасалады. Бұл ассимиляция, яғни организмге неген заттарды өздеріне бейімдеп өзгерту. Мұнымен бірге организмде клеткалар мен олардың бөлшектері ескіреді, олар ыдырайды, яғни диссимиляция байқаладыАссимиляция мен диссимиляцияның нәтижесінде организм ескіріп тозған қажетсіз заттарды сыртқа шығарады және қызметіне қажетті қуат алады.

Зат алмасуы баланың өсіп, дамуы кезінде күшті болады.

Бұл адамның жас ерекшелігінің ауқымды бір көрсеткіші. Балаларда ассимилияция диссимиляциядан басым болады, олар тек ересек адамға ғана теңеседі. Бала кезінде ассимиляция басым болса, қартайғанда, керсінше диссимиляция басым болады. Бұлзаңдылық түрлі ауруларға, сыртқы ортаныың қауырт жағдайларының әсеріне байланысты бұзылады.

Адам организміндегі клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық және бейорганикалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға; белок, май, көмірсу, гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық заттарға; су, түрлі минерал тұздары жатады. Дені саулығы бар ересек, 70кг салмағы бар, адамның организмінде шамамен 40-45л су, 15-17кг белок, 7-10кг май, 2, 5-3 кг тұздар, 0, 5-0, 8 кг көмірсу болады. Бірақ дененің химиялық құрамы біркелкі тұрақты болмайды. Организмдегі үнемі болып жататын синтездеу мен ыдырау қажетті заттармен ұдайы дұрыс және жеткілікті шамада қамтамасыздандыруды талап етеді. Организмге қажетті “құрылыс материалдары ” денеге тамақтану арқылы жеткізіледі. Әр адам өмір бойы өзінің салмағынан анағұрлым артық белоктар, майлар, көмірсу, тұздар мен суды қабылдайды. Мысалы, 65-70 жас өмір сүрген кісі шамамен 50т су ішетін көрінеді, ал жейтін белогы 2, 5 т, майлары 2 т, көмірсулері 10 т, 200-300 кг ас тұзын жейді екен. Бұл зат алмасуы ның организмде күшті екенін көрсетеді. Егер денеде зат алмасуы болмаса, адам организмінде қанша заттар жиналып қалар еді!

Белоктың алмасуы

Белоктың маңызы және қажетті мөлщері. Азықтың ең құнды бөлігі белок, өйткені белокпен ғана тамақтанса, адам біраз уақыт өмір сүре алады, ал белоксыз өмір сүру мүмкін емес. Белок ыдырағанда май мен көмірсу түзіледі. Егер белокты(айталық, сүттің белогын) тікелей қанға жіберсе, адам уланады. Кейбір адамдарға сиыр сүті, жұмыртқа жақпайды, Себебі бұл тамақтрдағы белок ішек-қарын арқылы ыдырамай, сол күйінде қанға өтеді.

Белоктың құрамында азот, күкірт, амин қышқылдары бар, ал май мен көмірсуында олар жоқ.

Адамның тыіршілігіне қажетті белок мөлшерін белоктік минимум дейді. Ол жасқа байланысты өзгереді.

Қарапайым белоктың құрамында 4 зат қана бар; оттегі, сутегі, көмірсу және азот, ал күрделі белоктарда(мысалы мидың белогында) бұлардан басқа күкірт, фосфор, темір т. б. бар. Белоктар мономерлі амин қышқылдарынан тұрады. Белок молекуласында 100 ден 3-ға дейін мономерлер болады. Олардың массасы 17000-нан 5-ға дейін. Не бары 20-дан астам амин қышұылдары бар. Солардан шексіз көп белоктар түзіледі, әр кісінің белоктары өзіне ғана тән етіп бейімделген.

Белоктың қажет мөлшері

Баланың жасы: Баланың жасы
Белоктың тәуліктік мөлшері, г/кг: Белоктың тәуліктік мөлшері, г/кг
Баланың жасы:

2-3 айдан

1 жасқа дейін

2-3 жас

12-15

15-17

17-21

21-50

Белоктың тәуліктік мөлшері, г/кг:

4, 0-5, 0

3, 5-4, 0

2, 5-3, 5

2, 0-3, 0

1, 5-2, 0

1, 0-1, 3

Организмдегі белоктар түрлі қызмет атқарады. Ферменттердің негізі болып зат алмасуындағы химиялық реакциялардың қарқының өзгертеді, яғни биологиялық катализатор қызметін атқарады. Кейбір белоктар транспорттық қызмет атқарып, заттарды тасымалдауға қатысады. Бұдан бұрын айтып кеткен эртироциттердің құрамындағы гемоглобин оттегі мен көмір қышқыл газын тасиды. Денедегі барлық қозғалыс арнайы белоктар актиннің және миозиннің қатысуымен орындалады, яғни белок еттің жиырылуы қызметіне де қатысады. Денедегі клеткалардың құрамының негізгісі болып, белоктар-құрылыс материалы қызметін атқарады. Сонымен, біздің өміріміздің барлық салаларына белок қатысады.

Тамақтың құрамындағы күрделі белоктар ас қорыту сөлдерінің әсерінен қарапайым түрлері пептидтерге және амин қышқылдарына айналады. Мұны біз ас қорыту жүйесінің қызметін жазғанда қарастырғанбыз. Ал сол қарапайым заттар қанмен күллі клеткаларға тасылып, олардан әр клетканың өзіне бейімделген белоктар өндіріледі.

Амин қышқылдарының 10% организмнің өзінде өндірілмейді, сондықтан оларды таптырмайтын қышқылдар дейді. Бұларға аргинин, триптофан, лейцин, изолейцин, валин, треонин, лизин, метионин мен фенилаланин жатады. Өсіп, дамып жатқан бала организміне бұларға қоса 10-қышқыл- гистидин аса қажет. Осы аталған ауыстырмайтын амин қышқылдары жейтін астың құрамында жеткіліксіз болғанда адам денесінде, әсіресе балалар мен жас өспірімдердің организмінде айтарлықтай өзгерістер пайда болады. Денеде белоктың қоры онша көп емес, ұзаққа созылған жағдайда ақыл кемшілігі пайда болуы мүмкін, баланың жұқпалы аурулрға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Мысалы, ауыстырылмайтын амин қышқылдарының лөпшілігі құрамында болмайтын өсімдік тағамдарымен ғана қоректенетін елдерде “квашиоркор” деген сырқат көп кездеседі.

Адам организміне тәулігіне қанша белок қажет болады?

Ауыр жұмыспен шұғылданбайтын адам үшін орта шамамен тәулігіне адамның әрбір кг 1, 1-1, 3 г белок қажет.

Ересек адам ауыр жұмыс істегенде, оның бұлшық еттерінде белок жиналады. ал қалыпты жағдайда белок жиналмайды, артық мөлшері майға айналады немесе азот түрінде денеден шығарылады.

Өсімдік белоктарымен салыстырғанда, жұмыртқадан басқа, жануарлар белогы сіңімділеу болады. Пісірген тамақтың белогының сіңімділігі артады. Әр ұлпаның белок қажеттілігі әртүрлі. Мысалы, мидың ақ заттарына белоктан гөрі май көбірек қажет, ал мидың сұр затына, бұлшық еттерге, керсінше, белок көбірек қажет болады. Адамның өсуі мен дамуына белоктың мөлшері ғана емес, сапасы толық болуы керек.

Белок алмасуының жас ерекшелігі

Құрамындағы заттар, %: Құрамындағы заттар, %
Құрғақ заттарындағы: Құрғақ заттарындағы
Құрамындағы заттар, %: Сүті
Құрғақ заттарындағы: Белок
май
лактоза
құрғақ заты

кальций

%

фосфор

%

натрий

%

калий %
Құрамындағы заттар, %:

Ананың

Биенің

Сиырдың

Ешкінің

Түйенің

Қойдың

Құрғақ заттарындағы:

2, 1

2, 0

3, 3

4, 3

3, 5

6, 5

2, 5

2, 0

3, 7

4, 3

4, 5

6, 7

6, 8

6, 7

4, 5

4, 2

4, 9

4, 1

9, 7

9, 8

12, 5

12, 8

-

17, 6

14, 9

21, 0

17, 1

17, 7

-

22, 6

7, 2

13, 6

14, 5

15, 6

-

16, 6

8, 7

5, 0

7, 2

5, 8

-

8, 2

26, 1

20, 7

21, 4

13, 5

-, 10, 4

Өмірге жаңа келген нәресте тек қана ана сүтімен қоректенеді. Сүт табиғаттың нәресте үшін арнап жасаған дайын тағамы. Нәресте тәулігіне 600мл сүтті анасының емшегінен сорып алады. 3-5 айылығында оған 700-800мл сүт керек. Ана сүтінің құрамында белок, май, қант, минерал заттары, витаминдер т. б. бала тірлігіне қажетті заттардың бәрі бар және олар сапалы болады. Әсіресе биологиялық өте құнды -альбумин, гамма-глобулин, т. б. -белоктың түрлері, ферменттер, гормондар, иммунды денешіктер жеткілікті мөлшерде болғаны баланың дұрыс өсуіне өте қажет. 17-ші кестеде көрсетілгендей, 1жасқа дейінгі балалардың дұрыс өсуіне дене салмағының әрбір кг-ы 5 грамға дейін белок қажет екен. Осы белокты бала ана сүтінен ғана ала алады. Ана сүтінің құрамы сиыр сүтінен басқаша. Құрамындағы заттардың қасиеті жағынан ана сүтіне бие сүтінде олао керсінше. Сиыр сүттің майының құрамында қаныққан май қышқылдары көп, ал ана сүті мен бие сүтінде қанықпаған май қышқылдары көбірек. Адамның сүтіндегі белоктың жалпы мөлшері онша көп емес.

Ана сүтінің құрамының басқа сүттен айырмашылығы

1-3 жасар баланың жейтін тамағының белоктың 75%жануар текті, ал 25% өсімдік текті болуы қажет. 5 жасар балалар үшін бұлар тең мөлшерде қажет болса, жас өспірімдер үшін өсімдік белогының мөлшерін көбейте түсу қажет.

Май мен көмірсуының алмасуы

Майдың организмдегі маңызы және қажет мөлшері. Май мен көмірсудың құрамдарыс белоктан гөрі қарапайым, бұлар химиялық үш заттан түзіледі: көмірсутегі, оттегі және сутегі. Бұл екеуінің құрылысының бірдей болуы организмге бірі жеткіліксіз болғанда оның орынына екіншісін пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет болғанда майдан көмірсу, ал көмірсуден май оңай түзіледі. Орта есеппен алғанда денедегі майдың мөлшері 10-20%, ал көмірсудың мөлшері 1% шамасында. Майдың көбі май ұлпасындағы организмнің қуат қоры. Аздаған мөлшері жаңа клетканың мембранасының құылысына және соларды ауыстыруға пайдаланылады. Дененің кейбір клеткалары өз құрамында майды өте көп мөлшерде жинайды да, организмнің жылу және механикалық изоляторлы ретінде пайдаланылады, яғни ол қорғану қызметін атқарады. Май қорының мөлшері адамның тамақтану ерекшелігіне, (конституциясының) ерекшелігіне байланысты. 1г май денеден тотыққанда 39к Дж, ал 1г көмірсу мен белоктар май денедегі қуат қоры ретінде жиналады. Майдың біраз бөлігі тері астындағы шелде дәнекер ұлпасында, құрсақ қуысының мүшелерін қорғап жауып тұратын шарпы май ұлпасында қор ретінде жиналады. Әйелдерде май иығына, денесінің төменгі жағына( бөксесіне және санына) да жиналады.

Майдың тотығу нәтижесінде бетаоксимай қышқылы, ацетон, кетон сияқты улы заттар пайда болып, денеден зәрмен бірге шығарылады. Ал фосфатидтер, стериндер іспетті тіршілікке қажетті заттары организмде пайдаланылады. Мысалы, жыныс безі гормондарының, Д витаминінің т. б. түзілуіне стериндер қажет.

Ас қорыту тақырыбында май ас қорыту мүшелерінде қорытылып, ыдырағанда глицерин мен май қышқылдарына айналатыны айтылған. Ал ол содан соң лимфа арқылы май ұлпасы мен клеткаларына жиналады. Дені сау ересек адамның тамағынада 30 %-дай май болуы тиіс. Олай болса, адам күніне 80-100 г май жейді. Тамақтың құрамында жануар майы да, өсімдік майы да болуы тиіс. Олардың ара қатынасы шамамен 2:1 қатынасындай болуы керек. Өсімдік майының линоль, линолен, арахидон іспетті кейбір май қышқылдарының түрлері организмде өндірілмейді. Бұлардың жейтін тамақта жеткілісіз болуы зат алмасуын бұзады және жүрек-қан тамырлар жүйесінде атеросклерозды дамытады.

Май мен көмірсуының тәуліктік қажет мөлшері, г/күніне

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүті белок
Зат алмасуы
Әр түрлі жастағы балалардың энергия бөлу ерекшеліктері және ересектерден айырмашылығы
Зат алмасуы туралы жалпы түсініктеме
Мектеп оқушыларының тамақтану гигиенасы
Бейорганикалық заттың алмасуы
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің оқұ-әдістемелік кешені
Тірі ағзалардың химиялық құрамы
Организмдегі энергиялық өзгерістер
Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы. Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz