Жас буынға экологиялық бағыттағы тәрбие берудің маңызы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
ЖАС БУЫНҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
ҚР Конституциясының 31-бабында «Мемлекет адамның өміріне және денсаулығына қолайлы жағдай жасап, қоршаған ортаны қорғау мақсатын көздейді» делінген. 15. 07. 1997 жылы қабылданған ҚР «қоршаған ортаны қорғау туралы» заңның 73-74 баптарында экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпыға бірдейілігі, үздіксіз болуы қарастырылған. Бұл ережелер ҚР-ның «Білім туралы» заңында да көрсетілген. Қазақстанда көпшілікке, жас өспірімдерге экологиялық білім берудің құқылық негізі соңғы жылдары жедел түрде жасала бастады. ҚР президентінің жарлығымен қабылданған «ҚР стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасы» (1996ж), «ҚР экологиялық білім иен тәрбиенің ұлттық стратегиясы» (1998ж), «Экологиялық білім бағдарламасы» (1999ж), т. б құжаттар осының айғағы. Қоршаған орта материалдары негізінде оқушыларды рухани дамытуда орта мектепте, оқушылардың ерекшелігі-қоршаған орта туралы білімдерін жинақтап қана қоймай, құбылыстың мәнін жете түсінеді және оларға деген өзіндік көзқарасы қалыптасады.
Экологияның өзі табиғатты қорғаумен байланысты екендігі түсінікті. Экология табиғаттың толық тазалығын, табиғаттың сұлулығын, табиғаттың мол байлығын сақтап, қорғай отырып, табиғатты адам қажетіне толық пайдаланудан тұрады делінген анықтама берген.
Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі қазір дүниежүзі халықтарының, ғалымдарының, педагогтардың, саясат қайраткерлерінің назарын аударып отыр. Қазіргі кезде жер шарында жаппай экологиялық апаттың таралуы және оның алдын алу мақсатында табиғат қорғау жүмыстарын түбірімен жаңа негізде жетілдірудің қажеттігі экологиялық мәселенің өзектілігін көрсетеді. Ғалым эколог И Д Зверовтің пікірінше, экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты мен мәні-қоршаған ортамен, табиғатпен қарым-қатынастың барлық түрлерінде оқушылардың жауапкершілікпен қарайтын көзқарасы мен сенімін қалыптастыру. А. Н. Захлебный экологиялық білім берудің мақсаты-қоршаған ортаға құқық нормалары мен моральдік ұстанымдарынан туындайтын жауапкершілік қатынастың негізінде экологиялық мәдениет қалыптастыруға болатындығын айтады. Осы орайда, орта мектептерде экологиялық бағыттағы тәрбие беруде,
сыныптан тыс жүргізілген жұмыстың пайдасы ерекше. Мұғалім оқушылардың әрқайсысының табиғатты қорғауға тәрбиелеуде дәрістер, этнографиялық әңгімелер, сол сияқты табиғатқа саяхат, экология үйірмесі (жас натуралистер станциясына қамқорлық), факультативтік сабақтар және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың азаматтық борышын қалыптастыратын ғылыми білім болып табылады. Қазіргі кезде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде көбірек қолданылатын сыныптан тыс жұмыс түрлеріне ашық тәрбие сағаттары мен тақырыптық кездесу кештері жатады.
Сонымен қатар, оқушы бойына экологиялық тәрбиені сіңіруде ескеретін жағдайлар:
А) Адамның, қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін қолдану
Ә) Тұлғаның адамгершілік дүниетанымын тәрбиелеу
Б) Экологиялық іс-әрекетте білім, тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ететін жан-жақты факторлар қарастыру.
Экологиялық түсініктерді қалыптастыруда төмендегідей ұғымдарды қарастыру - баланың экологиялық білімдерді толық игеруіне мүмкіндігі мол.
Су ресурстары және оны қорғау, атмосфералық ауаны қорғау, ауаның радиактивті заттардың әсерінен ластануы, қалалардағы ауаның ластануы, өсімдіктерді қорғау, жануарлар дүниесін қорғау, балықтарды қорғау, құстарды қорғау, қосмекенділерді қорғау, орманды қорғау, шалғынды қорғау,, топырақты қорғау, пайдалы қазбаларды қорғау.
Республикамыздың табиғат қорының сақталуы әрбір баланың, үлкендердің басты міндеті.
Адам ежелден өсімдіктерді өз қажетіне пайдаланып келеді, пайдалана береді. Бірақ адамның шаруашылық мақсат үшін өлшеусіз, көп пайдалануынан, кей жағдайларда орынсыз, ойланбай немесе білмесміктен істегені бар, әйтеуір, жер бетіндегі өсімдіктер әлемі қазір елеулі зардап шегуде. Еліміздің ормандары сирей бастады. Өсімдіктер әлемінің, соның ішінде орман-тоғайлар азайды. Әсіресе қалалар төңірегі күшті өзгеріске ұшырады. Қоқыс пен қалдықтар үйіндісі көбейеді. Су қоймалардың көпшілігінде су ішуге жарамсыз болып қалды. Судың, ауаның, топырақтың ластануынан табиғи қатынастар бұзылды. Бұл сияқты өзгерістер біздің елімізде ғана емес, барлық елдерде бар. Адам табиғатты зерделеп терең білген сайын, зиянды өзгерістердің әрі қарай бола беруі жердегі тіршілікке қауіпті екенін жақсы түсінді. Сондықтан табиғатты, өсімдіктер әлемін қорғау елімізде үлкен мақсат етіп қойылып, елеулі жұмыстар істелуде. Табиғат қорғау, оның байлығын тиімді пайдалану Қазақстан Республикасы Конституциясында жазылған. Орта мектептерде оқушыларға экологиялық білім беру бірнеше арнайы талапты қажет етеді.
Тәрбие сағатының жоспарларын, оған сәйкес оқулықтар және оқу әдістемелік құралдар, сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру /табиғат мұражайы, экскурсия т. б/
- Мұғалімнің экологиялық білімінің дайындық деңгейі
- Жаңартылған әдіс тәсілдерді қолдану
- Ақпарат жинақтау
Экологиялық бағытта тәрбие берудің өзіндік ұстанымдары бар.
1. Ғылымилық ұстаным -оқушыларға берілетін білімде фактілер, құбылыстар, процестер, адамның табиғатқа әсері, табиғат қорғау жұмыстары және экологиялық апат жағдайларының нәтижелері ғылыми тұрғыда дәлелденген материалдар негізінде берілуі және пайдалануы тиіс.
2. Байланыстылық ұстаным - табиғаттағы тірі және өлі табиғат пен орта (топырақ, су, өсімдіктер және жануарлар) арасындағы тығыз байланыс бар екенін ұғындыру
3. Қызығушылық ұстаным - оқушы бойында еліміздің табиғатына қызығу сезімін ояту, туған өлке, табиғат байлықтарын сүюге, аялауға тәрбиелеу.
4. Үздіксіздік ұстаным - оқушының табиғат туралы білім қорын бала-бақшадан бастап, бастауыш сынып, орта буын, жоғары сыныпқа көтерілу деңгейіне үйлестіре отырып, үздіксіз дамыту
5. Кіріктіру ұстанымы - экологиялық білім беруде ана тілі бейнелеу өнері, еңбек т. с. с пәндермен байланыстыру.
6. Көрнекілік ұстаным - оқушыларға экологиялық білім көрнекілік құралдар, бейнесюжеттер, жинақтар т. с. с пайдалану
7. Қабылдаушылық - экологиялық ғылымның мазмұнын мұғалім оқушылардың мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жоспарлауы, экологиялық терминдердің түсініктілігі, ұғымдар, заңдылықтар қабылдау мүмкіншілігін ескере отырып, түсінікті жатық тілмен жеткізу.
8. Өлкелік ұстаным - тұрмыс салт-дәстүр, қала және ауылдық жерлердегі экологиялық жағдайлар таныстырылуы тиіс.
Әр ғылым саласы сияқты экологияның да өзіне тән заңдары бар:
- Минимум заңы- бұл заң бойынша тірі жүйелер олардың дамуын шектейтін факторларға тәуелді болады
- Толеранттылық заңы - бұл заңда 1993 жылы В Шелфорд енгізген. Белгілі бір ортада ең көп кездесетін тірі жүйе үшін осы орта оңтайлы (оптимальды) болып табылады.
- Шектейтін факторлардың жалпылама заңы-тірі жандар үшін ауа, жарық, ылғал жатады
- Бәсекелестік заңы - биологиялық мағынасы бойынша бір экологиялық жүйеде 2 тип ұзақ бірге өмір сүре алмайды.
Экологиялық негізгі қағидалар мен ұстанымдардың бұзылу себебінен, экологиялық сауатсыздықтың салдарынан Жер -Ана зиян шегіп отыр. Қазіргі кезде адам және қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше күрделене түсті. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің өндірісінің күрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті. Табиғаттың адамзатпен байланыстылығын С. Торайғыров:
Ойласам дүниеде қанша жыл бар,
Адам бар, ағаш, шөп бар, мал мен аң бар,
Жанды, жансыз нәрсенің бәрі-дағы,
Әр себептің жемісі байқасаңдар.
Мал болмақ, маймыл болмақ, адам болмақ,
Қасқыр болмақ, құс болып, ұшып-қонбақ,
Сол болғандар болмаған өздігінен,
Болғызған еріксіз бір себеп қолдап-
С. Торайғыровтың пікірінше, адам табиғаттың туындысы, ондағы себептіліктің жемісі. Ол дүниенің сырларын біртіндеп ашып, оны шама-шарқынша өзгертіп отыратын белсенді тұлға. Адам сыртқы дүниемен байланыса отырып, оны біртіндеп тани береді, сөйтіп өзінің ақыл-ойын дамытады, оның ешбір рухани қасиеті туыстан пайда болмаған. Бізді қоршап тұрған дүние сыры мол, үлкен дүние, бірақ оны тануға әбден болады деп ақын өте дұрыс материалистік тұжырым жасады. Адам өмірі табиғат аясында өсетіндіктен, ол табиғаттың тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Қазақтың данышпан ақыны, философы Абай Құнанбаев табиғаттағы тіршілік атаулыны үнемі бақылаған. Дана халық көптеген қызықты толықтырулар, тұжырымдамалар жинақтаған. Балаларды экологиялық тұрғыда тәрбиелеуде- қоршаған ортаны танып білу, баланың ойын дамытудың құралы деп санаған. Ж. Ж. Руссо өзінің педагогикалық трактатында Я. А. Коменскийдің табиғат және оны қорғауға тәрбиелуге қатысты ой пікірлерін толықтырып. әрі қарай дамытты. К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский балалардың ойлау қабілетін арттыруда, эстетикалық сезімін тәрбиелеуде табиғатты шебер пайдаланып, адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігін туғызу мәселесін анық көрсете білген педагог ғалымдар. Сонымен қатар, И. В. Зверев, Н. С. Сарыбеков экологиялық білім мен тәрбие беруді сабақта да, сыныптан тыс жұмыстарда ұйымдастыруды көрсете жазды. Бала шынайы өмірге бақылау жасай отырып, әрбір бала өзінің қоғамдық пайдалы өміріне қарай қажетті білім нәрін алады. Ағартушы педагог Ы. Алтынсарин табиғатты тек қана тәжірибе мен білім көзі емес сонымен қатар жақсы білім беріп, қателіктен сақтандыратын тәлімгер ұстаз деп есептейді. Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу, жалпы тұлғаның ой-өрісін дамытудағы педагогикалық бағыттың бірі болып саналады. Мысалы. «бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде, баланың ойнап жүріп көштен қалып қоюы, елсіз шөлде қалуы. Алтынсарин табиғатты қорғаудың қаншалықты және қандай кәдеге жарайтынын көрсетеді. Жұртта қалған заттарды тауып алуы, үйрек етін жеуі. т. б. Міне, табиғатты байқау, оқушыға табиғатты қорғау ерекшеліктерін түсіндіріп отырыу керек. Табиғат -адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар, сарқыраған өзендер, кең дала бәрі оқушыға баласына ой салып, денеге күш, қуат, көңіліне шабыт береді. Табиғат баланың дүниетанымын ақыл-ойын, тілін, танымдық қызығушылығын қалыптастыратын құрал.
Сыныптан тыс жұмыс -балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі түрі.
Сыныптан тыс жұмыста балаларға табиғат құбылыстары мен заттары туралы жазылған әңгімелер, өлеңдер, жұмбақтар т. б. көркем шығарма туындылары,
түрлі түсті суреттер, слайдтар сияқты көнекі құралдар кеңірек пайдалану керек. Қазіргі таңда көптеген экологияға байланысты жұмыстар жүргізілуде. Мектептерде табиғатты қорғауға байланысты кеш, апталық, дәріс, т. б өткізу мәселесі өркендеуде. Көптеген өркендеге елдерде экология жеке пән ретінде жүргізіледі, ал біздің оқу жүйемізде экология ғылымның тек кейбір элементтері мен терминдері ғана жаратылыстану пәндерінде қосымша берілуде. Ертедегі нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, жастарды табиғатты сүюге, олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда құнды құрал болып саналады. Экология тәрбие беруде, табиғатты қорғауға баулуда, халықтық педагогиканың ролі ерекше және оның саласы мол. Олар-табиғатты қорғау дәстүрі, оған сену, сыйыну ырымдары, жан-жануарлар мен өсімдік түрлеріне байланысты әдеп-ғұрыптар т. б. Қазақ халқының табиғатты тануы, оған көзқарасы ұзақ жылдар бойы қоршаған ортаға жүргізген бақылау нәтижесінде тәжірибе елегінен өтіп шыңдалып, сұрыпталған. Бақылау тәжірибесінде жинақталған жаратылыстану түсініктері мен білімдері негізінде халық табиғат жемісін пайдалану әдістерін, дағдыларын ғана емес, оны қорғау дәстүрлерін де дамытты, оларды жетілдіру жолдарында жөн-жорықтар мен ырымдарды қалыптастырды. Сол ереже-ырымдар арқылы жас буындарды сергектікке, байқампаздыққа баулып, қатерлерден сақтандырады. Халық табиғат жүдеуіне жол бермейтін тыйым ережелерін қоғамдық сана деңгейіне дейін көтерген. Өйткені ереже бұзылса. халықтық ереже де бұзылады. «Суға түкірме», «Күл шашпа», «Шөпті жұлма», «Көкті таптама», «Тал кеспе» т. б ьолып жатқан тыйым сөздер мен ескерпелер табиғатпен қарым-қатынас сақтаудың халықтық ережесі, табиғаттың әдемілігіне кір келтірмес салауаттылық өлшемі болды. Әсемдік пен сұлулықтың адам өміріндегі маңызы мен орнын «Ер елдің, орман-тоғай жердің көркі» деп баламалық негізбен көрсетіп келді. Табиғатқа зәбір жасаған адам қоғамға қиянат қылған адам деңгейімен теңестірілді. Мәселен, «Тал кескенше қолыңды кес», «Қарағай кессең қаңғырып қал» деген санаға, тәртіпке қайшы келетін істер ұрпақты сақтандыратын ереже болған. «Судың да сұрауы бар», «Балық аулай алмаған суды лайлайды» т. б ырымдар мен тыйымдар ұрпақты үнемділікке, ұқыптылыққа, балайды» т. б ырым-тыйымдар ұрпақты үнемділікке, ұқыптылыққа, бақылау-байқампаздыққа сергектікке, барды бағалап, қадір тұтуға, аялауға үйретті. «Аққан судың жолы сара» деп, табиғат болмысына өзгеріс әкелуге абай болуды ескертті. Жалпы өміршең өсиеттер табиғатқа табынудан, оны ардақтау мұратынан осылайша туындап отырған. Жас өрендердің қашанда өмір тәжірбиесі аз, көңілдері пәк. Сондықтан оларды қамқор сезімін оятып, қатыгездікке жібермеу үшін ойда бірден қалатын әсерлі өнеге-өсиет сөздер мен үлгілі істер арқылы тәрбиелеу халықтық үрдіс болған. Мәселен, «Қарлығаш үйге құт әкеледі, оның ұясын бұзу обал» деп, осы бір кішкентай құсты қастерлеуге тәрбиеледі. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», деген ертегі-аңыз арқылы кішкентай құстарға қамқор болуға үгіттеді. Осы мазмұндас аңыз-әңгіме, ертегі, ән-жыр айту арқылы аң-құс, жан-жануарларды, табиғатты ардақтауға, олардың әдемілігіне, әсемділігіне тәнті болу сезіміне баулыды. «Құстың ұясын бұзба, жұмыртқаларын жарма, бетіңе шұбар түседі», -деген сескендіру ескертпе сөзі арқылы тіршілік атаулыға қамқор болуға үйретті. Қазақ халқының құстарды аялап-мәпелеп қорғау
жолында қалыптастырған дәстүрлері тіпті сан-салалы . Айталық, ата-бабамыз өзінің жақсы көрген, сүйген адамдарын құстарға, олардың сымбатына, сәніне теңеген. Жаңа түскен келінді құсқа теңеп, қоныс иесіне «құс құтты болсын» деген тілек айтқан. Құстардың атымен ұл-қыздарына, немере - шөберелеріне ат қойған. Құстарға деген сүйіспеншіліктен туған қаншама сырға толы сазды әндер мен күйлердің болуы осы себептен-деп түсіну керек. Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрінің қалыптасуына халықтың наным-сенімдерінің де маңызы зор болды. Халық санасында жаратылыс дүниесі адамдардың тұрмыс тіршілігіне ұқсас деп топшыланды. ежелгі түсінікте қоршаған ортаның бәрінің де жаны бар және жаратушысы бар, сондықтан олармен болатын қатынас жанды деңгейде болу керек деп есептеген. Қазақтың көне дәстүрі бойынша жер-адамзат, жалпы тіршілік иелері мен өсімдіктер, жан-жануарлар анасы, ал аспан-жарық, жылу беріп, жаңбыр жаудырып, бүкіл тіршілік атаулыға жақсылық жасап, қорған болатын атасы ретінде есептелінген. Аспанның түсі көгілдір болғандықтан қазақтар оны «Көк», «Көк тәңір» деп кеткен. Ал «тәңір» деген сөз ескі тибет тілінде «аспан» деген мағына берген. Сондықтан қазақтар күллі табиғатты, тіршілік атаулының жаратушысы аспанды «көк тәңірі» деп түсінді. Тәңірге тәу етудің жоралары көп болды. Солардың бірі-күнге, айға тағзым ету. Қазақ халқында үйдің есігін күншығысқа әдеті де күнді қастерлеуден туған ырым. Тәңірге жаратушы, жерге дем бітіруші деп табыну, барлық жаратылыста жан бар деп топшылау бірте-бірте табиғатты ардақтау көзқарасын қалыптастырды. Сол себептен жаңа шыққан көк шөп, ағаш-бұталардың бүрлері өмірдің үздіксіз жалғасы өркені есептелініп, көк шөпті беталды жұлуға, көркем шыбықты сындыруға, жалпы жер бетіндегі өсімдіктерді бүлдіруге қатаң тыйым салды. Табиғатты қастерлеуге байланысты туған ырым, дәстүр, салттардың бәрі дін жасап берген игілік деп есептеу де дұрыс емес. Мысалы, күн күркірегенде «сүт көп, отын аз» деп үйді айнала ожаумен ұрғылап, оны есік алдына іліп қою ырымы діни нанымнан, қорқыныштан туындаған емес, керісінше мал басының көбеюін, шөптің шүйгін, ақтың мол болуын аңсап, табиғат септігіне тілеу жасау көрінісін білдіретін наным. Наным сенімдер діндік дәрежеден ығысып, тұрмыс-салтындағы ырымдарға осылай айнала берген. Табиғатты өмірдің тірлігі ретінде қарау дүниетанымы қалыптасқан соң ырымдар табиғат қорғаудың нақты заң ережелеріне айналды. табиғатты қастерлеуге байланысты сенім, дәстүрлер белгілі бір адам табиғат қарым-қатынас байланыс жүйесінде тәжірибеден өтіп, шыңдалып, оның пайдалы не зиянды, т. б. қасиеттерімен, септігінен танылған ой байламы деп түсінген дұрыс. Табиғат құбылыстарына ырымдау, оларға ерекше қасиет беру олардың сырын танып, білуден келген игілік адам мен табиғат арасындағы өзара ықпалдастықтың, ажырамас байланыстың барын түсіну жатыр. Наным-сенім, ырымдар арқылы халық адамзат пен табиғаттың етене біртұтастық туынды екендігін баяндап, тұтастықтың бұзылу қасіретінен ұрпақтарды сақтандырды. Оларға мейірбандылық, жауапкершілік, әсемдік, әдептілік, бақылағыштық сезімін орнатты. Табиғат жаратылыс түрлері: жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі, орман-тоғай, өзен-су, тау-дала өнерге қанат беретін қайнар-күш екендігін ұрпақтарға сәби жастан танытты. Халықтың туған тамырластығын дәріптейтін, дүние-түлеп, жаңғыратын маусымдарға бағышталған: «Наурыз», «Қымыз мұрындық», «Сабантой», «Күзем», «Мизам», «Соғым» сияқты той думандарды тұрмысқа кіргізіп, тәрбие құралдарына айналдырды. Сөйтіп қазақ халқы табиғатты қорғау ісінде бай дәстүр, әдет-ғұрып қалдырды. Оларды бүгінгі ұрпақ тәлім-тәрбиесіне пайдалану-мектептен тыс барлық әлеуметтік-мәдени мекемелерінің төл ісі, тәрбиешілердің кәсіби парызы, ол уақыт талабы. Жалпы халықтың әдет-ғұрып, дәстүр, наным-ырымдарының мәні олардың әлеуметтік өмір салтын реттеуші заңдары, ережелері, ұрпақ тәрбиесінің бірден-бір қайнары, қарым-қатынас, мәдениет құралы, қоғам мүшелерінің тіршілік ету ережелері мен қағидалары, адамгершілік ұстаным нормаларының параметрлері болуында деп түсінуіміз керек. ендеше рухани мұра әдет-ғұрып, дәстүрлердің тәрбиелік рөлінің шексіздігіне күмән келтіруге болмайды. Ұзақ жылдар бойы бақылау мен өмірлік тәжірбиеден түйінделген дүниетанымның бүгінгі ұрпақ игілігіне айналуы-өркенді өмір кепілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz