Кәмелетке толмағандардын - қылмыстық жауаптылығының негіздері



І. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫН . ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
ІІ. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСГЫҚ КОДЕКСІ
ІІІ. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗАНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ШЕКТЕРІ
Кәмелетке толмағаңдардың қылмысгық жауаптылығы мен жаза тағайындау мәселесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің арнайы бөлімінде алғашқы рет қаралып отыр. Бұл Б¥¥ Бас Ассамблеясымен мақұлданып 1990 жылдың 15-қазанында күшіне енген «Бала құқықтары туралы» конвенциясында көзделген ізгілік пен әділеттілік принциптеріне сәйкес келеді. Заң шығарушы, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен жаза тағайындауды жеке бөлімде қарастыра отырып, олар жасаған қылмысына жастық психологиялық ерекшеліктері, жақын тұрмыс айналасының криминогендік факторлары, өзге де мән-жайлардың әсер ететіндігін басшылыққа алады.
Бұрыннан бері мемлекет кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алуға, балалардың қадағалаусыздығымен күреске, балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқына ересек құқық бұзушылардың теріс әсер етуіне баса назар аударып келе жатыр. Ертеректе, 1921 жылы әділет органдары жұйесінде дайындалған «18 жасқа жетпеген балалар қылмыстылығы, балиғатқа толмағандар мен кәмелетке толмағандардың моральдық азғандығы мен қараусыздығымен күресудегі кейінге қалдырылмайтын шаралар туралы» нұсқаулық баяндамада «қарапайым ғана адамсүйгіштік қоғамдық әділеттілік, көшедегі азғындық пен панасыздықтың зиянды ықпалына қарсы бел шеше күрес жүргізуді талап етті. Мұндай күрес сол кезде жас қылмыскерлерден күні ертең қандай адам шығады деген мақсатпен жүргізілді». Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселелерінің өз тарихи ерекшеліктері мен даму кезеңдері бар.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
І. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫН - ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Кәмелетке толмағаңдардың қылмысгық жауаптылығы мен жаза тағайындау
мәселесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің арнайы бөлімінде
алғашқы рет қаралып отыр. Бұл Б¥¥ Бас Ассамблеясымен мақұлданып 1990 жылдың
15-қазанында күшіне енген Бала құқықтары туралы конвенциясында көзделген
ізгілік пен әділеттілік принциптеріне сәйкес келеді. Заң шығарушы,
кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен жаза тағайындауды жеке
бөлімде қарастыра отырып, олар жасаған қылмысына жастық психологиялық
ерекшеліктері, жақын тұрмыс айналасының криминогендік факторлары, өзге де
мән-жайлардың әсер ететіндігін басшылыққа алады.
Бұрыннан бері мемлекет кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының
алдын алуға, балалардың қадағалаусыздығымен күреске, балалар мен
жасөспірімдердің мінез-құлқына ересек құқық бұзушылардың теріс әсер етуіне
баса назар аударып келе жатыр. Ертеректе, 1921 жылы әділет органдары
жұйесінде дайындалған 18 жасқа жетпеген балалар қылмыстылығы, балиғатқа
толмағандар мен кәмелетке толмағандардың моральдық азғандығы мен
қараусыздығымен күресудегі кейінге қалдырылмайтын шаралар туралы нұсқаулық
баяндамада қарапайым ғана адамсүйгіштік қоғамдық әділеттілік, көшедегі
азғындық пен панасыздықтың зиянды ықпалына қарсы бел шеше күрес жүргізуді
талап етті. Мұндай күрес сол кезде жас қылмыскерлерден күні ертең қандай
адам шығады деген мақсатпен жүргізілді. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық
жауаптылыққа тарту мәселелерінің өз тарихи ерекшеліктері мен даму кезеңдері
бар. Мысалы, қазақтың әдет-ғұрыпы бойынша 15 жасқа дейінгі қылмыс жасаған
кәмелетке толмағандар жауаптылыққа тартылмаған. Профессор С. Л. Фуксгің
пікірінше кісі өлтіру мен ұрлықтан басқа 15 жасқа дейінгі балаларды
жеңілірек қылмыстар бойынша қылмыстық жауаптылықтан толық 6осату әлдеқайда
тиімді, себебі өзінің әрекетіне есеп беру қабілетсіздігімен
Сондай-ақ айыпты төлей алмауымен түсіндіріледі-.15жасқа толған
бала әке ретінде де танылатын болған. Осыған байланысты қазақта он бесте -
отау иесі деген мақал да бар. Сот алдында өзінің жасаған қылмысы үшін
жауап беруге қабілетті меншік иесі, әдет-ғұрыппен қылмыстық жауаптылықты
жүктеуге қабілетті тұлға болып, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын болған.
Қазақтың әдет-ғұрыпындағы қылмыстық құқық нормаларының әсерін Қазақстан
аумағында күші болған 1922 жылғы РКФСР ҚК-не енгізілген өзгертулер мен
толықтырулардан көруге болады. Қазақсганның Орталық атқару комитетінің 3-
сессиясы көшпенді халықтың әлеуметтік жағдайларын, өмір сүру деңгейін
ескере отырып кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылыққа тартудың
ерекше жағдайын орнатқан. Ішінара қылмыстық жаза 14 жасқа дейінгілерге,
сонымен қатар, 14-тен 18 жасқа дейін кәмелетке толмаған қазақ ұлтына
жататын және басқа ұлттардың адамдарына қолданылған.
35 жыл бойы Қазақстан аумағында қолданыста болған 1926 жылғы РКФСР
ҚК-сі қылмыстық жауаптылықтың жасын келесі үлгіде анықтаған, яғни соттық
түзеу сипаттағы әлеуметтік қорғау шарасын 14 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
қолданбаған. Оларға қатысты, тек медициналық-педогогикалық сипаттағы
әлеуметтік қорғау шарасы ғана қолданылған. 14 жастан 16 жа-сқа дейінгі
кәмелетке толмағандарға соттық түзеу сипатындағы әлеуметтік қорғау,
кәмелетке толмағандардың істері бойынша комиссиямен медициналық-
педагогикалық сипаттағы әлеуметтік қорғау шаралары қолданылуы мүмкін емес
деп танылса, қолданылған (1926 жылғы РКФСР ҚК-нің 12-6абы).
Дегенмен, КСРО Орталық Атқару Комитетінің және ХКК қаулысымен 1935
жылғы, 7-сәуірде Кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстылықпен күрес
шаралары күшін жойды. Сөйтіп КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық
заңының негізгі бастамалары 8-бабы, 12 жастан бастап ұрлық, зорлық
көрсеткен, ауыр дене жарақат салған, кісі өлтірген не кісі өлтіруге
оқталғаны үшін кәмелетке толмағандарға сотта қылмыстық жазаның барлық
шарасын қолданды.
ҚР ҚК-сі бойынша жасалған қоғамға қауіпті әрекет үшін қылмыстық
жауаптылыққа қылмыс жасау барысында 16 жасқа толғандар тартылады. Сонымен
бірге, кейбір қыпмыстар үшін қылмыстық жауапптылық 14 жастан пайда болады .
Мұндай қылмыстардың тізімі.; ҚР- ҚК-нің 1-бабының 2-бөлігінде анықталған.
Соңғы жылдарда кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарының мөлшері
төмендеп келеді. Бұның себебін соттың құқықтық.реформалармен және құқық
қорғау органдарындағы реформалармен, қылмыстылықтың ашық күйге айналып
отырғандығымен байланыстыруға болады. Тәжірибе көрсеткеніндей, кәмелетке
толмағандардың қылмыстық әрекеттері зорлық және мүліктік қылмыстар жасаудың
елеулі санымен сипатталады. Кейде бұл қылмыстар аса қатыгездікпен, олардың
арасындағы маскүнемдік, уытқұмарлық, нашақорлықтың жезөкшеліктің ұштасуымен
жасалады. Сонымен бірге, кәмелетке толмағандардың қылмысгылығы көбінесе
топтық сипат алады, ал республика бойынша кәмелетке толмағандар
қылмыстарының 20 пайызынан көбі ересек адамдармен бірге жасалады.
ҚР ҚК-тің 78-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған
кезге қарай жасы 14-ке толған, бірақ 18-ге толмаған адамдар танылады. Заң
шығарушы қылмыстық жауаптылық пайда болатын ең төменгі жасты анықтай
отырып, кәмелетке толмағанның тек белгілі бір жасқа толуымен өзінің
әрекетін дұрыс ұғынуға және қылмыстық жазаны қабылдауға қабілетті
болатындығын белгілейді.
Сонымен қатар, заң шығарушы кәмелетке толмаған терминнің түсінігін
белгіледі, бұл қылмыстық жауаптылық туралы нормаларды дұрыс қолдану үшін
өте маңызды. Осыған байланысты Қазақсган Республикасы Жоғарғы Сот
Пленумының Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы және оларды қылмысқа
және өзге де қоғамға жат іс-әрекеттерге тарту туралы істер бойынша
заңнамаларды соттардың қолдану тәжірибесі туралы 1976 жылғы 3-
желтоқсандағы №16 қаулысында Сот кәмелетке толмағанның жасын (туған жылы
айы, күні) дәл анықтау шараларын қолдануға міндетті. Ол тұлғаның белгілі
жасқа толуы туған күнінде емес тек келесі күннен бастап саналады. Сот-
медициналық сараптамасымен кәмелетке толмағанның жасын анықтау кезінде
сотталушының туған күні сол жылдың соңғы күнімен саналады, ал жастың
төменгі және жоғарғы деңгейін анықтау-кезінде сот мұндай занның
сараптамамен болжанған жасының ең төменгі шамасын басшылыққа алуы қажет
деп түсіндірілген.
Қазіргі кезде көптеген шетелдердің Қылмыстық кодекстерінде кәмелетке
толмағанның қылмыстық жауаптылығы мен жазасының ерекшеліктері жеке тарауға
біріктірілген.

ІІ. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСГЫҚ КОДЕКСІ
Жеке бөлімде орналастыру, оның қылмыстық іс жүргізу нормаларымен
байланысын көрсетеді. ҚР жаңа Қылмыстық іс-жүргізу кодексінде Кәмелетке
толмағандардың қылмыстары туралы істері бойынша ісжүргізу тарауының орнын
алуын маңызды деп санауға болады, аталған бөлімде кәмелетке толмағандарға
қатысты алдын ала тергеу мен қылмыстық істі сотта қараудың барлық
ерекшеліктері жинақталып; нақтыланған.
КР ҚК-тің Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы бөлімі
кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктерін
сипаттайтын жалпы ережелерін (78-бап) кәмелетке толмағандарға
тағайындалатын жаза түрлерін (79-6ап), кәмелетке толмағандарға жаза
тағайындау негіздерін (80-бап)' кәмелетке толмағандарды жазадан босату
шарттарын (81-бап) тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын және олардың
мазмұнын (82-бап)г кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде
мерзімінен бұрын босату (84-бап), ескіру мерзімінің (85-6ап) және
соттылықты жою мерзімдерін (86-бап) қамтиды, сонымен қатар, алғаш рет
қылмысгық жауаптылық пен жазаның ерекшеліктері туралы осы бөлімнің
ережелерін 18 жастан 20 жасқа дейінгі қылмыс жасаған адамдарға қолдану
мүмкіндігі қарастырылып отыр. Бұл ізгілік пен жекелеу қағидаларының жүзеге
асырудың айғағы. ҚР ҚК-тің 79-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандар үшін
келесі жаза түрлері тағайындалуы мүмкін:
а) айыппұл;
б) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу
д) қамау;
е) бас бостандығынан айыру.
Кәмелетке толмағандардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оларға
қолданылатын жаза бірінші кезекте тәрбиелеу мен сақтандыру мақсатында
болады. Сот тәжірибесі алғаш рет қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға бас
бостандығынан айырудың төмен мөлшерін тағайындаудың тиімділігін көрсетеді.
Кәмелетке толмағандарға мынадай жазалар қолданылмауы мүмкін
-бостандығын шектеу (45-баптың 3-бөлігі); өмір бойына бас
бостандығынан айыру (48-баптың 4-бөлігі);
өлім жазасы (49баптың 2-бөлігі);
мүлікті тәркілеу.
Кәмелетке толмағандарға қолданылатын жазаның мазмұны өзіндік арнайы
ерекшеліктерге ие болады. Мысалы, ҚР ҚК-нің 79-бабының 2-бөлігіне сәйкес,
айыппұл кәмелетке толмаған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға
жарайтын мұлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл оннан бес жүз
айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе кәмелетке толмаған
адамның жалақысының немесе өзге табысының екі аптадан алты айға дейінгі
кезеңдегі мөлшерінде тағайындалады.
Осыдан көретініміз ересектерге қарағанда кәмелетке толмағандар үшін
айыппұлдың төмендетілген мөлшерде орнатылған, дегенмен, аталған бапты
қолдану барысында ҚР ҚК-нің 40-бабының 2-бөлігінің ережесіне сай айыппұл
мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығын және сотталушының мүліктік жағдайын
ескере отырып сот анықтайды.
Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру кәмелетке .
толмағандарға, егер олар заңды негіздерде қандай бір қызметтің түрімен
айналысса және осымен бірге қылмыстық іс-әрекет жасаса бір жылдан екі жылға
дейінгі мерзімде тағайындалады.
Қоғамдық жұмыстарға тарту 40 сағаттан 160 сағатқа дейін мерзімде
тағайындалатын қылмыстық заңдағы жазаның жаңа түрі болып табылады.
Кәмелетке толмағандар қолынан келетін жұмысгарды орындауымен оқудан немесе
негізгі жұмыс уақытынан бос уақытында айналысуы тиіс. Жазаның осы түрін
орындаудың ұзақтығы 16 жасқа дейінгілер үшін кұніне екі сағаттан, ал 16
жасган 18 жасқа дейінгілер үшін кұніне үш сағаттан аспауы қажет. Осы
жағдайда да ересектерге қарағанда кәмелетке толмағандар үшін қоғамдық
жұмыстарға тартудың мерзімі
азайтылған.
Қоғамдық жұмыстардан әдейі жалтарған жағдайда, ол ҚР ҚК-
нің 45-інші және 46-баптарға сәйкес қарастырылған мерзім ше-
гінде қамаумен ауыстырылады. .
Кәмелетке толмағаңдарға түзеу жұмысгары, сст үкімі шыққан сәтте 16
жасқа толған жағдзйда бір жьл мерзімде тағайындалады. Аталған жазаның ең
төменгі мөпшері екі ай сонымен қатар, ол шектелген сипат алады. Ол
кәмелетке толғанның жұмысының, меншігінің болуымен тікелей байланысты.
Жалақыдан ұстап қалуды әрбір субъективті және объективті факторлар есебімен
(оған отбасы материаддық жағдай отбасы мүгедек жүйе жәие т.с.с.) есептеу
қажет екенін айта кету қажет
Қамау кәмелегке толмаған сотталушыларға сот үкімі шығу сәтінде 16
жасқа толғаңдарға 1 айдан 4 айға дейін мерзімде тағайындалады. Бұл жазаның
жаңа негізгі түрі. Қамау мазмұны бойынша бас бостандығынан айыруға жақын
жаза болып табылады және адамды қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында
ұстаумен, еркін жүруіне шектеулер қоюмен сипатталады.
Кәмелетке толмаған сотталушыларға бас бостандығынан айыру 6 айдан 10
жыл мерзімге, ал ауырлататын мән-жайларды кісі өлтіру үшін - 12 жыл
мерзімге тағайындалуы мүмкін. 14 жастан 16 жасқа дейінгі жастағы кішігірім
ауырлықтағы қылмысты алғаш рет жасаған адамдарға бас бостандығынан айыру
жазасы тағайындалмайды.
Бас бостандығынан айыру жазасын кәмелетке толмағандар ересектерден
бөлек, екі түрлі колонияда өтейді: бас бостандығынан айыруға алғаш рет
сотталған ер адам жынысындағы кәмелетке толмағандар, сонымен қатар, әйел
жынысты кәмелетке толмағандар - жалпы режимдегі тәрбиелеу колонияларында,
ал; бас бостандығынан айыру жазасын бұрын өтеген ер адам жынысындағы
кәмелетке толмағандар- қатаң режимдегі тәрбиелеу колонияларында өтейді.
Сонымен қатар, кінәлі тұлғаның сипаты мен қоғамға қауіптілігі дәрежесіне
және ісгің өзге де мән-жайларына байланысты, сот өз шешімін негіздей
отырып, еркек жынысты кәмелетке толмаған сотталушылардың бас бостандығынан
айыру жазасын өтеуін жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында белгілейді.
Сонымен бірге, кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың
ерекшелігін анықтау кезінде, сот, кәмелетке толмаған сотталушымен жолығу
кезінде жазаны орындайтын органға оның тұлғалық ерекшеліктерін анықтау
туралы нұсқау бере алады. Мұндай жағдайларды кәмелетке толмағандардың
жастық психикалық және тұлғалық ерекшеліктерін ескеру қажет, мысалы, өмір
мен тәрбиенің шарты, денсаулық тұрғысы, қабілеттілік пен бағыттылығы,
ересектердің әсері және тх.с. Осы ерекшеліктерді ескеру жазаның әділдігіне
жетуге, тәрбиелеу колониясындағы кәмелетке толмағандардың түзеу мүмкіндігін
анықтауға, олардың тарапынан жаңа қылмыстардың алдын алуға, сонымен бірге
жаза мен жауаптылықты жекелендіру кезінде маңызды болып табылады. ҚР ҚК-нің
53-бабының 1-бөлігінің б тармағында айыпкердің кәмелетке толмауы жазаны
жеңілдететін мән-жай болып табылады, бірақ аталған мән-жай шешуші сипат
алмауы тиіс ҚР ҚК-нің 80-бабының 2-бөлігіне сәйкес, кәмелетке толмаған жас
жеңілдететін мән-жай ретінде басқа жеңілдететін және ауырлататын мән жайлар
жиынтығында ескеріледі. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату және
тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану да біршама өзгеріске
ұшырады. ҚР ҚК-нің 81-бабына сәйкес, бірінші рет ауырлығы онша емес немесе
орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін сотталған кәмелетке толмаған адам,
егер оны түзеуге тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен
қол жеткізуге болады деп танылса, сот оны қылмыстық жауапты-лықтан босатуы
мүмкін. Мұндай шаралар болып келесі шаралар танылады:
а) ескерту;
б) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың
не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
в) келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу;
г) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс тұрысына
ерекше талаптар белгілеу;
д) кәмелетке толмағандарды арнаулы тәрбие немесе емдеу тәрбиелеу
мекемесіне орналастыру.
Аталған бапта тікелей көзделген осы шараларды қолдану тек соттың ғана
құзыреті болып табылады. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату белгілі бір
шарттардың болуын талап етеді, олар: .
қылмысты алғаш рет жасауы;
онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмысгы жасауы;
объективті және субъективті факторлардың жиынтығына байланысгы тәрбиелік
әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен кәмелетке толмағанның түзелу
мүмкіндіктері туралы соттың- қорытындысы, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің
сипаты, жасөспірім тұлғасы (қылмысқа деіліигі тәртібі, нашақорлық пен
ішімдікке көзқарасы, отбасындағы, оқу жұмыс орнындағы мінезі, қылмысты
тергеуге, ашуға көмектесуі).
Жоғарыда аталған шарттардың болуымен, сот айыптау үкімін қаулы ете
отырып, тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы. Аталған
шаралардың мазмұны болыл келесі аталғандар танылады:
- есісерту - кәмелетке толмағанға оның іс-әрекетімен келтірілген
залалды және қылмыстық заңмен көзделген қылмысты қайталап жасаудың
зардаптарын түсіндіруден тұрады;
қадағалауға беру - ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдардың,
мамандырылған мемлекеттік органға кәмелетке толмағанға тәрбиелік әсер ету
мен оның тәртібін бақылап отыру міндетті жүктеуден тұрады;
келтірген зиянның орнын толтыру міндеті кәмелетке толмағанның мүліктік
жағдайы мен оның тиісті еңбек дағдысын ескере отырып қалпына келтіру
кәмелетке толмағанның мүліктік жағдайын және оның тиісті еңбек дағдысын
есепке ала отырып жүктеледі,
бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүрістұрысына ерекше
талаптар белгілеу белгілі бір орындарға баруға, бос уақыттың белгілі бір
нысанын, соның ішінде механикалық көлік құралын басқаруға байланысты
нысанын пайдалануды тыйым салуды, тәуліктің белгілі бір уақытынан кейін
үйден тыс жерде болуын, мамандырылған мемлекеттік органның рұқсатынсыз
басқа жерге баруын шектеуді көздеуі мүмкін. Кәмелетке толмаған адамға,
сонымен қатар, оқу орнына қайтып оралу, оқуды жалғастыру немесе аяқтау, не
мамандырылған мемлекеттік органның көмегімен жұмысқа орналасу талабы да
қойылуы мүмкін. Іс осы айтылғандармен тәмамдалды деп айтуға болмайды.
арнаулы тәрбие немесе емдеу, тәрбиелік мекемеге орналастыру - 6 айдан 2
жылға дейінгі мерзімге, сотпен орташа ауырлықтағы қасақана қылмыс жасаған
кәмелетке толмағандарға тағайындалуы мүмкін. Аталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандардың жас және психологиялық ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандардың құқықтары
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жазадан босату
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сипаттамасы
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗА ТҮРЛЕРІ
Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің қылмыстық жауаптылығы
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату
Пәндер