Көрнекі құралдар арқылы орта мектеп оқушыларының зейінін ашу



І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ОРТА МЕКТЕП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІНІН АШУ
2.2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА
САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН
АРТТЫРУДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ ІС.ӘРЕКЕТІ

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

VI. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Зейінді, оның ішінде оқушылардың зейінін, тәрбиелеу өзінше дербес жүргізілетін жұмыс емес, ол мектептегі бүкіл оқу-тәрбие жұмысының өн бойында жүргізілетін жұмыс болып табылады. Зейінді тәрбиелеу оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына, оның қызықты, қызықсыз болуына, демек, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарының методикасына тікелей байланысты. Сабақты немесе сабақтан тыс жұмысты түрлендіріп, қызықты етіп құрмайынша, оқушыдан зейінді болуды талап етпесе де болады.
Партия мен үкіметтің оқуды өмірмен тығыз байланыстыру жөнінде қойып отырған міндеттері бұрын қолданылып келген оқыту, тәрбиелеу методикасын сын көзбен қайта қарап, оны жаңа талаптарға сай жетілдіре түсуді қажет ететіні сөзсіз.
Бұрын қолданылып келген оқыту, тәрбиелеу методикасы жаңадан қойылып отырған талаптарға үнемі сай келе бермейді. Бұрын сабақ өткізу мұғалімнің ауызша түсіндіруімен ғана шектелетін. Әрине көрнекі құралдар көрсету мен түрлі саяхаттарға шығу да кездесетін, бірақ мұндай шаралар үнемі болып тұрмады. Соңғы жылдары оқу-тәрбие жұмысын өмірмен байланыстыру жөнінде жаңа талаптар қойылып, оқу жоспарына өндірістік дағдылар беретін бірқатар пәндер енді. Біздің ойымызша, пәндердің барлығы да күнделікті еңбек тәжірибесімен ұштаса жүргізілуі керек.
Тарихи дамуда адамның, дүниені танып-білу әрекетін екіге бөлуге болады: білім алу (теориялық) қызметі және еңбек ету (тәжірибелік) қызметі. Бұларды бір-бірінен айырып, бөліп қарауға болмайды. Өйткені маркстік-лениндік ғылыми тұрғыдан алып қарасақ, нағыз білімге не болу тек тәжірибенік, еңбек етудің негізінде ғана іске асады.
1. Аймағамбетова Б. Көңілге қонған көрнекілік / Б. Аймағанбетова // Бастауыш мектеп. - 1989. - № 8.-14-17 бет.
2. Бантова М.А. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы / М.А. Бантова .- Алматы: Мектеп, 1978.
3. Баржықпаева С. Көрнекілікті тиімді пайдалану / С.Баржықпаева // Бастауыш мектеп.- 1991.-№ 8.- 46-48 бет.
4. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы / Ә. Бидосов.-Алматы: Мектеп, 1981.-221 бет.
5. Гоноболин Ф.Н. Психология / Ф.Н. Гоноболин.- Алматы: Мектеп, 1976.
6. Дарменова Қ. Көрнекілік арқылы ойлау қабілетін арттыру / Қ. Дарменова // Бастауыш мектеп.- 1991.- № 4.- 12-14 бет.
7. Корпешова Г. Оқушылардың қызығушылығын арттырудағы көрнекіліктің рөлі / Г.Корпешова // Қазақстан мектебі. - 1986.- № 4.- 20-21 бет.
8. Қаниева Г. Оқушының ойлау қабілетін дамыту / Г.Қаниева // Қазақстан мектебі.- 1991.-№ 5.- 3-10 бет.
9. Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі пікірлері / К.Д. Ушинский .-Алматы: Мектеп, 1951.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ОРТА МЕКТЕП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІНІН АШУ

2.2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА

САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН

АРТТЫРУДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

VI. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Зейінді, оның ішінде оқушылардың зейінін, тәрбиелеу өзінше дербес
жүргізілетін жұмыс емес, ол мектептегі бүкіл оқу-тәрбие жұмысының өн
бойында жүргізілетін жұмыс болып табылады. Зейінді тәрбиелеу оқу-тәрбие
жұмысының мазмұнына, оның қызықты, қызықсыз болуына, демек, оқыту,
тәрбиелеу жұмыстарының методикасына тікелей байланысты. Сабақты немесе
сабақтан тыс жұмысты түрлендіріп, қызықты етіп құрмайынша, оқушыдан
зейінді болуды талап етпесе де болады.
Партия мен үкіметтің оқуды өмірмен тығыз байланыстыру жөнінде қойып
отырған міндеттері бұрын қолданылып келген оқыту, тәрбиелеу методикасын сын
көзбен қайта қарап, оны жаңа талаптарға сай жетілдіре түсуді қажет ететіні
сөзсіз.
Бұрын қолданылып келген оқыту, тәрбиелеу методикасы жаңадан қойылып
отырған талаптарға үнемі сай келе бермейді. Бұрын сабақ өткізу мұғалімнің
ауызша түсіндіруімен ғана шектелетін. Әрине көрнекі құралдар көрсету мен
түрлі саяхаттарға шығу да кездесетін, бірақ мұндай шаралар үнемі болып
тұрмады. Соңғы жылдары оқу-тәрбие жұмысын өмірмен байланыстыру жөнінде жаңа
талаптар қойылып, оқу жоспарына өндірістік дағдылар беретін бірқатар пәндер
енді. Біздің ойымызша, пәндердің барлығы да күнделікті еңбек тәжірибесімен
ұштаса жүргізілуі керек.
Тарихи дамуда адамның, дүниені танып-білу әрекетін екіге бөлуге
болады: білім алу (теориялық) қызметі және еңбек ету (тәжірибелік) қызметі.
Бұларды бір-бірінен айырып, бөліп қарауға болмайды. Өйткені маркстік-
лениндік ғылыми тұрғыдан алып қарасақ, нағыз білімге не болу тек
тәжірибенік, еңбек етудің негізінде ғана іске асады.
Алайда біздің совет мектебі, осы кезге дейін зор табыстарға жете тұра,
оқушыларға білім беру жұмысын күнделікті өмір тәжірибесімен соңғы кезге
дейін жан-жақты байланыстыра алмай келді, сондықтан орта білімі бар қайсы
бір жастар кей жағдайларда өз білімін практика жүзінде іске асыра алмайды.

КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІНІН АШУ
Сабақты белсенді түрде жүргізу дегенді түрліше түсінуге болады. Бұл
жердегі белсенді деген ұғым сабақты оқушылардың белсенді түрде қабылдап,
оны толық ұғып алуы жөнінде айтылып отыр. Оқушылардың сабақ кезінде
белсенді болуы, олардың тек өздеріне ғана байланысты емес, негізінде ол
мұғалімдердің қолданатын методикалық әдістеріне, олардың сабақ беру
шеберлігіне байланысты. Әдетте сабақ өткізудің көпшілікке аян екі түрлі
әдісі бар: біріншіден, материалды басынан аяғына дейін мұғалімнің өзі
айтып, оған оқушылар белсенді түрде қатыстырылмайды. Мұндай жағдайда
сөйлейтін, ойлайтын тек қана мұғалімнің өзі болғандықтан, оқушылар сырттан
зейінді болып көрінгенімен, сабаққа деген белсенділік оларда болмайды.
Сабақты жүргізудің екінші жолы — сабақты мұғалімнін басшылығымен оқушыларды
түгелімен қатыстырып өткізу. Бұл жағдайда сабақ материалын мұғалімнің
жетекші сұрақтары арқылы оқушылардың өздері баяндап, өздері қорытындылайды.
Мұндай сабақта оқушылардың зейінді болуына толық мүмкіндік туады. Бұл екі
жолдың қайсысы жақсы? Бірінші жағдайда сабақ материалын мұғалімнің өзі ғана
баяндайтын болғандықтан, оның уақыты үнемді және сабақ мазмұн жағынан терең
өтуі; мүмкін. Ал екінші жағдайда бұл айтылған мүмкіншіліктер жетіспей де
қалуы мүмкін. Мынадай пікір олар: оқушыларға баяндалатын материал ғылым
жүзінде анықталған шындықтар болатын болғандықтан, кейбір мұғалімдер бұрын
ашылған шындықты оқушыларға қайтадан аштырудың керегі жоқ деп, сабақты
екінші әдіспен жүргізуге қарсы шығып жүр. Бұл екі жолдың қайсысы тәуір,
қайсысы нашар екенін тәжірибе шешуі тиіс. Соңғы жылдарға дейін
мектептерімізде бұл екі жолдың біріншісі жиірек қолданылып келді. Қазіргі
кезде мақсат оқушыларға білім беріп қана қоюда емес, мәселе сол білімді
өмірге пайдалана білуге үйретуде болып отыр. Сондықтан қазіргі таңда жаңағы
екі жолдың соңғысы, яғни оқушыларды сабаққа белсенді түрде қатыстыратын
жол, ерекше орын алуы тиіс. Бұл жол оқушылардың сабаққа зейінді болуына кең
мүмкіндік туғызады. Себебі оқушылар, басқа кісінің әңгімесінен гөрі,
мәселені өздері шешіп, оған белсенді араласып отырғанда әлде қайда
зейіндірек болады. Бұл жерде тағы бір көңіл аударатын жай бар. Сабақтардың
бәрін бірдей оқушылардың қатысуымен, олардың белсене араласуымен өткізе
беруге кейде мүмкіндік болмай қалады. Сондықтан қажет болғанда сабақты
мұғалім өзінің ауызша түсіндіруі арқылы жүргізеді. Кейбір педагогтар
мұғалімнің ауызша түсіндіруі арқылы сабақ жүргізу жолын пассивтік әдіске
жатқызады, біз оған түгелімен қосылмаймыз. Егер мұғалім материалды
қызғылықты етіп баяндаса, сабақ оқушылар зейінін өзіне аудара алса, біз
мұндай сабақты белсенді түрде етті деп бағалаймыз. Бір ескертетін нәрсе,
мұғалім материалдың мазмұнын жеңілдетуге тырысып, уақытты тым үнемді
пайдалануға салынып, балаларға сөз бермей, үнемі өзі ғана сөйлейтін болса,
қанша тәртіпті болғанымен, оқушылар мұндай сабақтарда бастан-аяқ зейінді
болып отырмайды. Оқушыларға материал даяр қалыпта берілетін болса, олардың
өздігінен ойлануына, қорытындылар шығаруына еш негіз қалмай кояды. Сонымен
бірге мұндай сабақтар оқушыларға қиыншылықты жеңе білу дағдысын бере
алмайды.
Осы келтірілген белсенділік принципі ғылымда жаңа мәселе емес.
Ілгеріректе өмір сүрген ірі педагогтар (К. Д. Ушинский және т. б.) сабақты
оқушылардың психикалық ерекшеліктерімен есептеспей бір жақты жүргізуге
қарсы шығып, оны оқушылардың белсене қатысуы арқылы жүргізу керектігі
жөнінде көптеген бағалы пікірлер айтқан болатын. Кейін бұл қағида
дидактикалық принциптердің бipi болып енді. Осылай бола тұрса да, қазіpri
оқыту методикасына қойылып отырған белсенділік принципі, бұрынғыға
қарағанда әлдеқайда кен мағынада көтеріліп отыр. Белсенділік принципі
бойынша сабақ, оқушылардың кеңінен қатысуымен ғана өткізіп қоймайды,
сонымен катар мұндай сабақта ауызша баяндау кезінде көрнекі құралдарды
түрлерінде пайдаланып, тәжірибелік істермен жиірек айналысу талап етіледі.
Сабақ өткізудің белсенділік принципі мен зейін тәрбиелеудің арасында
бітe қайнасқан байланыс бар. Сабақ кезінде белсенділік принципін қолдана
отырып, бiз оқушыларға білім берумен ғана шектелмейміз, сонымен қатар
олардың зейінін тәрбиелейміз.
Біз осыған дейін білім алу, дағдылану жөнінде айттық, бipaқ зейінді
тәрбиелеу жөнінде оқыту методикасына қойылатын талап тек осы айтқандармен
ғaнa бітпейді. Өмірде үздіксіз кездесіп отыратын алуан түрлі мәселелерді
ойдағыдай шешу үшін, білім алып қана қою жеткіліксіз, ол үшін ойлай білу
және зеректік қасиеттер керек. Осыған байланысты оқыту методикасына
қойылатын тағы бip нeriзгi талап — оқушылардың зеректiгiн, ойлай бiлерлiк
қабiлетiн дамыту.
Әдетте зейінсіздік өзінен-өзі пайда болмайды. Ол көбiне сабақ
материалын баланың түсінбегендігінен болады. Оқушылардың материалға
түсінбеушілігі оның тапсырманы жақтыртпауынан немесе еріншектігінен бола
бермейді. Оқушының ой-өpici нашар дамыған болса, ол оқығысы келіп қанша
тырысқанмен, айтарлықтай нәтижеге жете алмайды. Ой-өpici тар оқушы қандай
жеңіл сабақ болса да, оған жөнді түсіне алмайды. Осындай жайлар ескеріліп,
қaзip оқушыларға білім берумен бipre, олардың зеректік, ойлай білерлік
қабілетін дамытуға да үлкен мән беріліп отыр. Оқушының зepeктiri, ойлай
білерлік қабілеті деп оның түрлі тапсырмаларды шешерде тиістi ой
амалдарын (талдау, бipiктipy, салыстыру, абстракциялау және т. б.)
қолданып, операция жасай алуын айтады. Әдетте оқушылардың ой-өpiciнің
көлемі, олардың жас ерекшелттеріне сәйкес, түрліше дәрежеде болады. Сонымен
бipre ол әр баланың жас кезінен бастап алған тәлім-тәрбиесінің дәрежесіне
де байланысты болады. Оқушылардың жасы мен оқитын класы бірдей болғанымен,
олардың зеректігі, ой-өpici бірдей бола бермейді. Мәселен, арифметика
сабағында бip оқушы eкi таңбалы санды бip таңбалы caнғa қосу үшін, әуелі
екі таңбалы санның соңғы таңбасын жеке алып, екінші санға қосты. Ал екінші
оқушы осындай тапсырманы лезде-ақ орындап тастады. Оқушылардың ой-
өрісіндегі осындай теңсіздіктер тек бастауыш мектептің оқушыларында ғана
болып қоймайды, сондай-ақ жоғарғы кластарда да жиі кездеседі. Сондықтан
оқушылардың өз білімдерін тиісті жерінде пайдалана алуы олардың
зepeктiгiнiң, ойлай білерлік қабілетінің даму дәрежесіне байланысты десек,
қателеспеймiз. Әрине, зepeктiктi дамыту оңай жұмыс емес, ол тек оқушылардың
өз бетінше атқаратын ic-әрекеттері үстінде бipтe-бipтe қалыптасып, пайда
болады.
Зейінді тәрбиелеуге байланысты - оқыту жұмысына қоятын осы нeriзri
талаптар сабақты бағалаудың жаңа түрін керек етпей қоймайды. Бұрын мектеп
тәжірибесінде сабақтын қалай өткізілгені оның мазмұнына, қолданылған оқыту
әдісінің түріне қарай бағаланатын-ды. Мұны түгелдей тepic деп қарауға
болмайды. Бipaқ біздің ойымызша қaзipri уақытта әр сабақтын сапасы одан
шығатын нәтижемен бағалануға тиіс. Оқушының сабақтан алған нәтижесі жалаң
жаттап алған материалмен өлшенбей, ережелерді, қағидаларды, теоремаларды
тиісті жерде саналы түрде пайдалана білу шеберлігімен өлшенуі тиіс. Әрине
оқушылардың қандай дәрежеге жеткенін, қаншалықты пайдалы нәрсеге ие
болғанын бip сабақ түгіл, бірнеше сабақта да жете бiлiп алу қиын. Дегенмен,
бiз осыған тырысуымыз керек. Бұл ережені принцип ретінде пайдаланудың керек
екенін біздіңше мынада: әдетте терең мазмұнды болса да, оқушылар жөнді ұғa
алмаған сабақтан мазмұны тайыз болса да, олар түгел ұғып, өздеріне керекті
үлгі алған сабақ әлдеқайда пайдалы. Сабақты өзінен шығатын нәтижемен
бағалау керек дейтін принциптің жанамалап болса да, зейін тәрбиелеу
мәселесіне қатысы бар. Ceбeбi оқушылардың сабақтан тиісті үлгі алып, одан
нәтиже шығаруы тек терең зейінді болудың негізінде ғана іске асады.
Оқу-тәрбие жұмысын қайта құру мақсатына байланысты біз зейінді
тәрбиелеу ісінде қойылатын талаптарғa тоқтай отырып, зейінді дамытуда
белгілі дәрежеде өзіндік үлес қосатын бірқатар басқа да факторларды
көрсетпей кетуге болмайды. Бұл факторларға оқушының жауапкершілігі, ықыласы
және т. б. жатады.
Зейінді болу, мұғалімді немесе ата-ананы сыйлағаннан да болады. Бірақ
бұл ішкі ықыластан шыққан зейін емес. Мұндай жағдай төменгі класс
оқушыларында жиі кездеседі. Кісіні сыйлаудан немесе одан сескенуден балатын
зейін бастауыш мектеп балалары үшін белгілі дәрежеде қажет болғанымен,
жалпы алғанда бұл жақсы әдет болып саналмайды. Сондықтан мұғалім
оқушылардың ішкі ықыластан тумайтын сыртқы жалаң зейінділіктері мен үнемі
күрес жүргізіп отыруы керек. Балалар арасында кездесетін жағымпаздық,
сескенушілік сияқты қасиеттерді болдырмау керек. Оқушылардың барлығына да
бірдей дәрежеде қатынас жасап отырудың үлкен маңызы бар.
Баланың еркінен туатын ықылас тікелей қызығуға байланысты болмай,
істің қажеттігін жете түсінгендіктен пайда болады. Қызық емес болса да,
өмірге қажетті іске берілу тек еңбек үстінде ғана болады. Сабаққа берілу,
қызық емес деген нәрсеге де құмар болу көбіне оқушының өз бетінше атқаратын
жұмысының үстінде дамып, қалыптасады және бұл мұғалімнің шеберлігіне де
байланысты. Әдетте шебер мұғалім сабақ материалын бірден қиындатпайды, ол
бірте - бірте оқушылардың жаттығуына байланысты қиындатады. Кейбір
мұғалімдер оқушылардың өз бетінше әрекет істей білу қабілетін дамыту үшін,
оларға қамқорлық жасай бермей, билікті кейде өздеріне беріп, тапсырманы
олардың өз бетінше орындауына мүмкіндік береді. Бұл туралы 8-ші кластың
оқушысы Рабиға X. былай дейді: Біздің ағайдың (Сапарғали Нұрмановтың)
физика сабағында зейінсіз болуымыз мүмкін емес. Оның сабағында зейінсіз
болмайтынымыз, ол бізді ойлаттырып, есептерді көбінесе өзімізге шештіреді.
Ағайымыз бәрін өзі айта бермей, біздің өзіміздің ойлауымызға да мүмкіндік
береді.
Сонымен, оқушылардың сабаққа ықыласы түрлі жағдайларға байланысты
пайда болады және оның жақсы дамуы үшін олардың өздігінен ойлануына,
тапсырманы өз бетінше орындай білуіне мүмкіндіктер туғызудың зор маңызы
бар.
Біз жоғарыда зейінді болу — мәселенің мән-жайын жете ұғып алуға
байланысты дедік. Егер оқушы материалдың мазмұнына түсінбей, баға алу үшін
ғана жалаң жаттап алса, ол мүдірместен жақсы жауап бергенімен, сабаққа
ықыласы болмайды; материалды да амалсыздан жаттайды.
Сондықтан түсіндірілетін материалдар тым жаңа болған жағдайда, көрнекі
құралдар пайдаланып, салыстырмалы мысалдар келтіріп оларды қайткен күнде
де оқушының бұрынғы есінде бар деректермен жалғастыру керек. Әйтпесе бұған
оқушылар түсінбейді. Әркімге белгілі, кейде оқушының есеп шығарудағы
олқылықтары оның тек осы кластағы сабақ үлгіріміне ғана байланысты емес,
оның себебі көбіне өткен кластардағы сабақ үлгіруден болады. Математиканың
мұғалимасы Л.Х.-ның айтуынша, 10-шы класта оқитын Теңдік М. деген бала
өткен кластарда математикадан нашар оқитындығынан, қазірде де бұл сабақтан
нашар үлгіріп жүр. Теңдік сабаққа канша ықылас қойса да, өткен кластарда
өтілген ережелерді, теоремаларды білмегендіктен, есеп шығарарда оларды
қолдана алмайды. Осындай фактілерден біз түсінудің білімді тиісті жерде
пайдалана алумен байланысты екенін көреміз. Оқушы өткен материалдарды есіне
түсіріп, оларды тиісті жерінде қолдана алмаса, онда оны оқу материалының
мәнісіне түсінді деп есептеуге болмайды.
Зейінді тәрбиелеу сегіз жылдық мектептің барлық. кластарында да бірдей
дәрежеде жүргізіледі деп қарауға болмайды. Сондықтан зейінді тәрбиелеудің
жалпы мәселелерін айта келіп, біз енді оқушылардың жас ерекшеліктеріне
байланысты, оған қоятын кейбір талаптарға тоқталып өтпекпіз.
Балалар мектеп жасына жеткенше оқушы болуды, кітап оқығанды қызық
көріп, оқуға барлық ықыласымен даярланады. Осының нәтижесінде олар сабаққа
бүкіл зейінімен кіріседі. Осымен бірге мектепке жаңа барған балаларға
мектептегі процестер, күн тәртіптері таныс емес. Ол класта отырғанда жан-
жағына алақтап, ненің қажет, ненің кажет емес екенін бірден біле алмай,
зейіні жиі-жиі толқып отырады. Сондықтан бірінші күнінен бастап-ақ балаға
мектептегі жағдайларды, тәртіпті мұқият түсіндіру керек. Сонымен бірге
оқушыларды үйінен тиісті оқу құралдарын түгелімен ұмытпай алып келіп
отыруға, сабаққа мезгілінде қатысуға және т.б. үйрету керек. Оқушылардың
сабаққа зейінді болуы үшін, партаға орналастырғанда олардың сезім
мүшелерінің (көру, есту және т.б.) даму ерекшеліктерін еске алу қажет.
Сонда ғана баланың сабақты дұрыс қабылдауына мүмкіндік туады.
Зейіннің бірқалыпты болмай, кейде басқа нәрсеге тез ауысып кетуі
тәрбиенің нашарлығынан ғана емес, оқыту әдістерінің кемістігінен де болады.
Бұрын бастауыш мектеп кластарында сабақтың басынан аяғына дейін мұғалімнің
тек өзі ғана сөйлеп, осының нәтижесінде оқушылар өне бойы тыңдаумен ғана
отыратын. Олардың тиісті құралдарды қолымен ұстап, көзімен бақылуына онша
мұршасы болмайтын. Осы кемістіктерді жою үшін қазір берілетін материалдар
тек сөз арқылы ғана айтыла бермей, көрнекі құралдар арқылы түсіндірілуі
керек, басқа сөзбен айтқанда, материалдар бірінен соң бірі алмасып, бір рет
оларға тыңдаттырып немесе . оқыттырып, кейін жаздырып немесе сұраса,— тек
сонда ғана оқушылардың алаң болушылығын жоюға, зейінін тәрбиелеуге
мүмкіндік туады.
Бастауыш мектеп оқушыларының зейініне ие болу үшін әрбір мұғалімнің
түрлі әдістер қолдануына тура келеді. Кейде тәжірибесі аз мұғалім өз
әңгімесін оқушылардың қалай тыңдап, қаншалықты түсінгеніне назар аудармай,
сен неге тыныш отырмайсың? деген сияқты ескертулерді қайталай беретіні аз
кездеспейді. Бұл сияқты сөздер белгілі бір кезеңде зейінге ие болуға
көмектескенімен, олар бара-бара құлаққа сіңіп, айтарлықтай әсер етпей
қалатыны да болады.
Мұғалім сөзінін әсер ету-етпеуі тек оқушыға ғана байланысты емес,
сондай-ақ ұстаздың оқушылар арасындағы беделінің дәрежесіне де байланысты.
Кейде беделі күшті мұғалім тыныш отырмаған оқушыға тіке қараса-ақ болғаны,
ол дереу тыныштала қойып, бар зейінін мұғалімнің әңгімесіне салады.
Бастауыш мектеп оқушылары әдетте тым әсерленгіш болғанымен, олар қатты
сөзді көбіне елемейді. Осыны ескеріп, мұғалім әділ болуы керек және өзінің
ескерту ретінде айтқан сөздері оқушыларды жек көргенінен емес, олардың
келешекте жақсы болуы үшін айтылып отырғанына оқушылардың көзін жеткізуі
керек. Міне осылай болғанда ғана ол балалардың зейініне ие бола алады.
Кейбір мұғалім оқушының зейінін тәрбиелеу мақсатында оған түрлі
тапсырмалар беретіні бар. Кейде оқушылар үйден мектепке келе жатқанда жан-
жағына қарағанымен, қандай нәрсеге зейінін салуды біле қоймайды. Осыған
байланысты бір мұғалім оқушыларға мынадай тапсырма берген. Оқушыларға
мектепке келе жатқанда кісілерге назар аударып, олардың сыртқы белгілерін
біліп алу тапсырылады. Осыдан жолда не нәрселер кездестіргенін айтып,
сыртқы белгілеріне қарап оларды ажыратып, мақсат қойып бақылайтын болған.
Кластағы бір оқушының зейінді болуы, әдетте, басқа оқушыларға да
байланысты болады. Сондықтан оқушыларды парталарға бөліп отырғызғанда
олардың тәртіптілігін, сабақты үлгіру қабілетін ескерген жөн. Біздің
ойымызша, мұндай әрекет олардын зейінді болуына атарлықтай әсерін тигізеді.
Оқушылардың зейініне ие болуға себеп болатын нәрсенің бірі — сабақты
ойын ретінде жүргізу. Осы күнге дейін біздің мектептерімізде, әсіресе қазақ
мектептерінде, бұл мәселеге жөнді көңіл бөлінбей келді. Ойын, әдетте,
өзінше дербес қызмет болып саналғанымен, оны ең негізгі оқыту әдісінің бірі
ретінде де пайдалануға болады. Сабақты ойын ретінде жүргізгенде оқушылар
уақыттың қалай өткенін білмей қалады, өйткені олардың бүкіл зейіні сабақта
болады. Оқушыларға сабақ кәдімгі ойын сияқты болып көрінгенімен, шынында,
бұл ермек үшін ойнайтын ойын емес, бұл — сабақты жақсы меңгеріп, оны ұғып
алу үшін ойналатын ойын. Әрине сабақтың барлығын бірдей ойын ретінде
өткізуге мүмкіндік бола бермейді. Бірақ мүмкіндігінше мұғалім сабақтың
тақырыбына байланысты ойын ойлап тапса және оқу құралдарындағы дидактикалық
ойындарды қолдана білсе, ол өзінің мақсатына жеткен болар еді.
Кейбір мұғалімдер 5-класс оқушылары оқуға басқалардан гөрі зейінсіздеу
деген пікір айтып жүр. Бұл бәлкім рас та шығар. Себебі олар 4 жыл қатарынан
бастауыш мектепте бір ғана мұғалімнің басшылығымен оқып келді. Енді жағдай
мүлде басқаша. Әрбір сабақты өз алдына жеке мұғалім жүргізеді. Осымен бірге
сабақтардың мазмұны да, оны жүргізетін әдістер де едәуір өзгертіледі. Осы
сиякты өзгерістерге оқушылар бірден бейімделіп кете алмайды. Сондықтан
олардың зейініне ие болу қиынырақ болуы мүмкін.
Жалғыз ғана 5-класс оқушылары емес, жеткіншектік мезгілдегі балалардың
қандайы болса да, бір-екі ауыз сөзге құлақ асып, зейінді бола қоймайды.
Бұлардың ерегіспе мінездері де болады. Олармен күресу үшін, үнемі қарапайым
сөздермен түсіндіріп, әрбір балаға жеке әдістер қолдану керек. Егер төменгі
класс оқушылары өздерінің келешектері туралы көп ойламай, көбіне тек
қызғылықты объектілерге ғана зейін салатын болса, бұл жастағы оқушылар,
керісінше, материал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың зейін қасиеттерін дамыту үрдісінің динамикасын психологиялық теорияларды арттыру жолдарын қарастыру
Көрнекі құрал оқу моделі
Оқушылардың танымдық қабілетін көрнекі құралдарды пайдалану арқылы қалыптастыру(математика 2 сынып)
ОҚУШЫ ПСИХОЛОГИЯСЫН ДАМЫТУДА ТАБИҒИ КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ РОЛІ
Бастауыш сыныпта сауат ашу кезеңінде көрнекілікті тиімді қолданудың жолдары
Төменгі сынып оқушыларының білімі мен дағдысын бақылау әдістері
Бастауыш мектеп оқушыларының зейінін тәрбиелеуде мұғалімнің рөлі
Оқытудың практикалық және көрнекілік әдістері
Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата - аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны
ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІНЕ ШОЛУ
Пәндер