Қазақстан Республикасының еңбек құқығы пәнінен лекция жинағы



1. Тақырып: Қазақстан Республикасы eңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі
2. Тақырып: ҚР еңбек құқығының қағидалары
3. Тақырып: Қазақстан Республикасы еңбек құқығының субъектілері
4. Тақырып: Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт
5. Тақырып: Еңбек шарты.
6. Тақырып: Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.
7. Тақырып: Жалақы. Кепілдіктер мен қызметкерлерге өтемақылар төлеу
8. Тақырып: ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
9 Тақырып: Еңбек даулары
10. Тақырып: Халықаралық еңбек құқығы. Жақын және алыс шет елдерде еңбекті құқық реттеу.
11. Тақырып: Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, оның басқа құқық салаларынан айырмашылығы
12. Тақырып: Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі шараларды қаржыландыру
13. Тақырып: Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы еңбек өтілі, оның түрлері, есептеу, растау тәртібі
14. Тақырып: Орталықтан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыздандыру
15. Тақырып: Жинақтаушы зейнетақы қорларынан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыздандыру
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адамның және азаматтың маңызды еңбек қатысты құқықтары мен бостандықтарын ҚР Қазақстан Республикасындағы «Еңбек кодексі» реттейді. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар (ҚР Конституциясының 24-бабы). ҚР «Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасындағы азаматтардың еңбек бостандығына қатысты конституциялық құқығын жүзеге асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарын реттейтіні көрсетілген.
Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына қатысты конституциялық құқық, ең алдымен, әрбір адамның өзінің жұмыс күшін (немесе еңбекке қабілетін) өзі дербес жұмсауынан, мүдделеріне, кәсіби дайындығына, өзінің мүмкіндіктері мен қалауына қарай кәсіп түрі мен қызмет түрін еркін таңдау құқығынан көрініс табады. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы кез-келген нысандағы ұйымдарда жалданбалы жұмыс істеуге, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, мемлекеттік, әскери немесе кез келген өзге де қызметпен айналысуға, заңды тұлғаны құрмастан жеке еңбек қызметімен айналысуға немесе ешқандай еңбек қызметімен айналыспауға құқылы. ҚР Конституциясының және ҚР «Еңбек кодексінің» бұл ережелері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10-желтоқсанда бекіткен Адам құқықтары жалпы декларациясының және еңбек саласындағы бірқатар халықаралық- құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келеді.
Еңбек құқығының рөлі, міндеттері және қызметі өзара тығыз байланысты болады. Олар қызметкердің, жұмыс берушінің, өндірістің, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін білдіреді. Қызметкер мен жұмыс беруші еңбек шартын жасасқан жағдайда еңбек қатынастарына түседі, бұл ретте олардың әрқайсысы өз мақсаттарын көздейді. Сондықтан, еңбек құқығының негізгі рөлі – реттеушілік рөл. Еңбек құқығы адамдардың еңбек үрдісі кезіндегі жүріс-тұрысын реттейді, еңбек қатынастарының екі тарабы да бағынуы тиіс нормаларды анықтайды. Бұл ережелер мен нормалар өндірістің міндеттеріне жауап береді, қызметкерлердің еңбегін, құқықтары мен мүдделерін қорғайды, жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асуын және олардың кепілдіктерін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, еңбек құқығы толығымен еңбек қатынастарының салыстырмалы түрде қорғалмаған тарабы – қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұдан шығатын қорытынды, еңбек құқығының бір мақсаты – қорғау қызметі. Сонымен қатар, еңбек құқығының рөлі өндірістің тиімділігіне және өсуіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек тәртібін нығайтуға, қызметкерлердің еңбек жағдайы мен тұрмысын жақсартуға жағдай жасаудан көрініс табады. Еңбек құқығының міндеттері, ең алдымен, еңбекті құқықтық реттеудің мақсаттарына – еңбектің тиімділігін арттыруға, еңбек жағдайының жоғары деңгейіне жетуге, қызметкерлердің құқықтарын жан-жақты қорғауға бағытталған.
Еңбек құқығын оқу пәні және құқық саласы ретінде қарастырмастан бұрын, «еңбек» және «құқық» сөздерінің түп-төркініне көз жүгірткен жөн болар. Жалпы алғанда, құқық адамдардың әр түрлі қоғамдық қатынастардағы жүріс-тұрыстарын реттейді, яғни, тәртіптейді, қалыпқа келтіреді, нормаларға сәйкестендіреді. Еңбек құқығы атауының өзі бұл құқық саласының еңбекпен байланысты қоғамдық қатынастарды, яғни, еңбек қатынастарын (еңбек үрдісінде туындайтын қатынастарды) және еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де қатынастарды реттейтінін көрсетеді.
Еңбек адамның табиғи қажеттігі болып табылады. Еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі, ол адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, қағазға, оқуға, өнерге және т.б. қатысты қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар қоғамның да табиғи қажеттігі болып табылады, себебі, еңбек қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады.
Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой және рухани қабілеттіктерден туындайды да, бұлардың нәтижесінде материалдық, рухани және санаткерлік құндылықтар жасалады. Мысалы: еңбек жеке шаруашылықта, бау-бақшада, тіпті үйде және өзге де жерлерде жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай еңбекпен адамдардың басым көпшілігі бала кезінен айналысады. Алайды, еңбектің бұл түрі еңбек құқығымен реттелмейді. Сонда еңбектің қандай түрлері еңбек құқығымен реттеледі деген сұрақ туындайды. Көп жағдайда еңбек бірлескен немесе ұжымдық сипатты иеленеді. Бірлескен еңбектің нәтижесінде адамдар қоғамдық еңбек қатынастарына қатысады. Мұндай жағдайда еңбектің екі түрін ажыратып алған жөн: олар
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасындағы еңбек кодексі. 15 мамыр 2007 ж.
3. Халықты жұмыспен қамту туралы: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N149-11 Заңы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 с.уірдегі N 361-1 Заңы енгізген
4. өзгертулерімен қоса.
5. Кәсіпшілдер одақтары туралы: Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 с.уірдегі N2107-ХІІ Заңы.
6. Ұжымдық шарттар туралы: Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4 шілдедегі N1541-ХІІ Заңы.
7. Ұжымдық еңбек даулары және ереуілдер туралы: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 8 шілдедегі Заңы.
8. Дін тұтыну еркіндігі және діни бірлестіктер туралы: Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы N1128-ХІІ Заңы.
9. Ғылым және Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаты туралы: Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңы.
10. Білім туралы: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы N389-1 Заңы.
11. Мемлекеттік қызмет туралы: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N389-1 Заңы.
12. Әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы: Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы N1901-ХІІ Заңы.
13. Шетелдік инвестициялар туралы: Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Заңы.
14. Жеке кәсіпкерлікті қорғау және оған қолдау көрсету туралы, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4 шілдедегі N1543-ХІІ Заңы.
15. Шаруа қожалығы туралы: Қазақстан Республикасының 1990 жылғы 21 мамырдағы N64-ХІІ Заңы.
16. Халықтық көші-қоны туралы: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N204-1 Заңы.
17. Еңбекті қорғау туралы: Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 22 қаңтардағы N1914-ХІІ Заңы.
18. Қазақ КСР-да мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы: Қазақ КСР-ның 1991 жылғы 21 маусымдағы N692-ХІІ Заңы.
19. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N246-11 Заңы.
20. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N129-11 Заңы.
21. Мемлекеттік кәсіпорын туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы Заң күші бар Жарлығы.
22. Өндірістік кооператив туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 5 қазандағы заң күші бар Жарлығы.
23. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы 1999 жылғы 26 шілдеден N462-1 Заңның редакциясында.
24. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы Жарлығы.
25. Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жеделдету шаралары туралы: Қазақстан Республикасы
26. Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы Жарлығы.
27. Азаматтардың шағым-арыздарын қараудың тәртібі туралы:
28. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы Жарлығы.
29. Еңбек еткен жылдары үшін пайыздың үстеме төлеу үшін қажетті мемлекеттік қызметтегі стажы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлеріне зейнетақы тағайындауы үшін еңбек еткен жылдарын есептеудің тәртібі туралы Ереже. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 29 желтоқсандағы N317 Жарлығы.
30. .кімшілік мемлекеттік қызметкерлер лауазымдарының Тізімдемесін және .кімшілік мемлекеттік қызметкерлер санаттарының Тізбесін бекіту туралы: Қазақстан Республикасы
31. Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N317 Жарлығы.
32. .кімшілік мемлекеттік қызметкерлер антының м.тінін және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің ант келтіру тәртібін бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N319 Жарлығы.
33. Қазақстан Республикасының .кімшілік қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолдану Ережесін бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы N321
34. Жарлығы.
35. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәселелері. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 с.уірдегі N394 қаулысы.
36. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Ереже: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы N1242 қаулысымен бекітілген.
37. Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмысын қамтамасыз ететін, бірақ мемлекеттік қызметкерлер емес жұмыскерлердің лауазымдарының
38. Тізбесін бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N2021 қаулысы.
39. әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік серіктестік туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 19 желтоқсандағы N1987 қаулысы.
40. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бірлестіктері, кәсіпорындары және ұйымдары қызметкерлерінің қызметтік іс сапарлары туралы: Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 22 қазандағы N892 қаулысы.
41. Ауырлықты қолмен көтергенде және жылжытқанда әйелдер үшін рұқсат етілген ең көп салмақтың жаңа нормалары туралы: Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 20 қаңтардағы N89 қаулысы.
42. Атқару жазбаларының негізінде борыштар даусыз өндірілетін құжаттар Тізбесін бекіту туралы (7 тарау): Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 мамырдағы N565 қаулысы.
43. Қазақстан Республикасы халқын жұмысқа тартуға көмектесу жөніндегі Мемлекеттік қордың және халықты жұмысқа тарту жөніндегі Мемелекеттік қызметтің мәселелері: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы N68 қаулысы.
44. әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдардың ең аз жұмыс орнын (квота) белгілеу мәселелері. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 маусымдағы N855 қаулысы.
45. Өндірісте болған жазатайым уақиғаларды және еңбекшілердің денсаулығына келген баға да зақымдарды тергеу және есепке алу туралы Ережені бекіту туралы: Қазақстан Республикасы
46. Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 15 желтоқсандағы N1414 қаулысы.
47. Меншіктің барлық формасындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қызметкерлері мен жұмысшылары қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттар мен денсаулыққа келген басқа зақымдар үшін оларға өтемақы төлеу тәртібі: Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 17 наурыздағы N201 қаулысы.
48. Қазақстан Республикасының шетелдердегі қызметкерлерінің еңбек жағдайлары туралы Ережені бекіту жөнінде: Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 маусымдағы N577 қаулысы.
49. Қазақстан Республикасында еңбек қатынастарын реформалау Концепциясы туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 қыркүйектегі N944 қаулысы.
50. Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы N170 қаулысы.
51. Бос әкімшілік мемлекеттік қызметке конкурс жариялау ережесі.
52. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы NА-202 бұйрығымен бекітілген.
53. Жұмыссыз деп танылған адамдарды кәсіби даярлауды ұйымдастыру туралы Ереже. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 маусымдағы N836 қаулысымен бекітілген.
54. Шетелдіктер мен азаматтығы жол адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында еңбек және кәсіби қызметті жүзеге асыру ережесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N862 қаулысымен бекітілген.
55. Шетелден жұмысшы күшін тартумен және шетелге Қазақстан Республикасынан жұмысшы күшін шығарумен байланысты қызметке лицензиялар беру Ережесі. Қазақстан Республикасы
56. Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N862 қаулысымен бекітілген.
57. Кепілдік және аманат жарнамалар енгізудің ережесі, жағдайлары және мөлшері. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N862 қаулысымен бекітілген.
58. Шетелде жұмысқа тұру үшін азаматтарға делдалдық көмек көрсетудің ережесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N862 қаулысымен бекітілген.
59. Бақылау міндеттері бар мемлекеттік органдар. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарындағы мемлекеттік қызметтің бос лауазымдарына конкурс өткізудің ережесі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агентігі төрағасының 1999 жылғы 16 с.уірдегі NА-33 бұйрығымен бекітілген. (Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 1999 жылы 16 сәуірде тіркелген N732).
60. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (Жалпы бөлім).
61. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі.
62. Қазақстан Республикасының қылмыстық-іс жүргізу кодексі.
63. .кімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 10 наурыздағы Заңының редакциясында).
64. Кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның таратылуына, қайта ұйымдастырылуына, қызметкерлер санының, штатының қысқаруына байланысты жұмыстан шығартылған адамдарды жұмысқа қайта орналастыру туралы істер жөніндегі заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылғы 14 тамыздағы N4 қаулысы.
65. Кәсіпорынға, мекемеге, ұйымға келген залал үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің материалдық жауаптылығын реттейтін заңнаманы Қазақ КСР соттарының қолдануы туралы: Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Пленумының 1991 жылғы 12 қыркүйектегі N4 қаулысы.
66. Моральдық зиянның орнын толтыру туралы заңнаманы соттардың қолдануы туралы: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N10 қаулысы (нормативтік сипаттағы).
67. Денсаулыққа келген зиянның орнын толтыру туралы заңнаманы республика соттарының қолдануындағы кейбір мәселелер туралы;
68. Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі қаулысы.
69. Қылмыстық процесс жүргізуші органдардың заңсыз әрекеттерінен болған зиянның орнын толтыру жөніндегі заңнаманы қолдану практикасы туралы: Қазақстан Республикасы Жоғарғы
70. соты Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі қаулысы.
71. Еңбек көші-қоны және еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық жайында Келісімді бекіту туралы, 1994 жылғы 15 с.уірде Москва қаласында қол қойылған:
72. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 қыркүйектегі N147-ХІІ қаулысы. // Ведомости. 1994. N13-14. 194 б.
73. Өз қызметтік міндетін атқару барысында қызметкер алған жарақат, кәсіби ауру немесе денсаулыққа түскен басқадай зақым н.тижесінде келген зиянды өндіртіп алу құқығын өзара тану туралы Келісім.
74. ТМД елдерінің Үкіметтері 1994 жылы 9 қыркүйекте қол қойған.
75. ХЕҰ-ның еңбек өрісіндегі негізге аларлық қағидаттар мен құқықтар туралы Декларациясы.

АРНАЙЫ ӘДЕБИЕТТЕР
1. Назарбаев Н. Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және тұрмыс жағдайының жақсаруы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. //Каз. правда. 1997. 11 октябрь.
2. Назарбаев Н. .. Елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы: қоғамды демократиялау, жаңа жүзжылдықтағы экономикалық және саяси реформа: Ел Президентінің Қазақстан халқынa Жолдауы.//Каз. правда. 1998. 1 октябрь.
3. Абайдельдинов Т М. Содержание специальной трудовой правоспособности //Вестник КазГУӘ Серия юридических науки. 1993.
4. Абайдельдинов Т.М. О понятиях «собственник предприятия» и «работодатель» в сфере социально-трудовых отношений // Правовая реформа в Казахстане. 1990. №3. С. 58.
5. Абжанов КА. Трудовой договор. М.: Юридическая литература, 1964.
6. Абрамова А.А., Дмитриева И.К Контракт в трудовом праве // Вестник Московского университета. Серия 11. Право. 1992. №4.
7. Абусярова Н.А. Обеспечение законности в трудовых отношениях. Алматы: Жеті жарғы, 1997.
8. Аколова Е.М., Еремина С.Н. Договоры о труде. Ростов н/Д., 1996.
9. Аколова Е.М. Локальное правовое регулирование труда на предприятии // Правоведение. 1989. №6.
10. Андреева Л.А., Медведев О.М. Отырба Л.В. Трудоуйстройство и трудовой договор в условиях перехода к рыночной экономике: (Учеб. пособие). М.: Изд-во МГУ, 1992.
11. Антонова Л.И. Локальное правовое регулирование. Л., 1985.
12. Apxunosa Б.А. Роль и значение коллективных договоров в период перестройки //Трудовое право и право социального обеспечения на путях перестройки. М., 1991.
13. Байменов А. Реформа стереотипов не приемлет //Казахстанская правда. 2000. 22 фев.
14. Бейсенов Сәд; Мухамбетов Т.И. Рынок и проблемы занятости в Республике Казахстан. Алматы, 1992.
15. Бухарбаева С.А. Защита интересов человека труда как один из главных принципов трудового права // Право и государство. 1999. №2. С.64.
16. Власов В.И. Социальная защита в условиях банкротства предприятий // Государство и право/ 1995/ №4;
17. Он же. Соглашения и коллективные договоры: (защита от безработницы) //Государство
18. и право. 1995. №8.
19. Глазырин В. Трудовой договор (контракт) // Хозяйство и право. 1993. № 6. С. 67-68.
20. Глянцев В. Контракт: условия и особенности его заключения // Закон. Журнал для деловых людей. 1993. №6.
21. Государственная служба: Регулирование трудовых отношений: Зарубежный опыт. М., 1995. Вып. 3.
22. Головина С.Ю., Шахов Вәд. Контрактная форма регулирования трудовых отношений // Советское государство и право. 1991. №8.
23. Гусов К Н. Трудовые контракты и реализация права на труд // Вестник Московского университета. Серия 11. Право. 1992. №4.
24. Димитрова С.А. Правовые проблемы труда и занятости населения. Алматы: Жеті жарғы, 1997.
25. Дойблер В. Тенденция развития трудового права в промышленно развитых странах // Государство и право. 1995. №2.
26. Егоров В. В: Право на труд рабочих и служащих: теория и практика. М., 1986.
27. Желтов О.Б. Развитие законодательства о трудовых договорах (контрактах) //Вестник Московского университета. Серия 11. Право. 1995. №3.
28. Жусупова И.3. Правовое регулирование труда на совместных предприятиях в Республике Казахстан. Дис....канд. юрид. наук. Алматы, 1995.
29. Райкин Аәд. Трудовое право: проблемы на пути к рынку // Вестник Московского университета. Серия 11. Право. 1992. №4.
30. Иванов С.А. Трудовое право и рыночная экономика //Вестник Московского университета. Серия 11. Право.1992. №4.
31. Иосифиди Д. І’. Формы труда и их правовое опосредствование // Государство и право. 1992. №11.
32. Карагусов Ф., Швандер О. Сұрақы применения трудового законодательства иностранными работодателями в Казахстане // Правовая реформа в Казахстане. 1999. №3. С. 53.
33. Коршунов Б. Контракт как форма трудового договора // Хозяйство и право. 1991. №5.
34. Куренной А.М. Трудовое право: на пути к рынку. М., 1995. Кучма М. Правовое регулирование занятости труда в странах СНГ // Человек и труд. 1994. №9.
35. Маврин С.П., Плиев И.П. Понятие должностного лица в советском трудовом праве // Правоведение. 1983. №4.С. 18-23.
36. Мелешенко Н.Т. Материальное стимулирование труда в условиях перехода к рыночной экономике. Тверь, 1991.
37. Методические принципы и подходы к оценке результатов труда и разработке квалификационных характеристик должностей государственных служащих: Доклад Института труда Министерства труда Российской Федерации. М., 1994.
38. Мухитдинов А.Н. Контрактная форма регулирования трудовых отношений: Дис.... канд. юрид. наукә Алматы, 1994.
39. Михайленко Н.Т. Обеспечение занятости высвобождаемых работников. Бишкек, 1992.
40. Никитинский В.И. Контракт в трудовом праве // Советское государство и право. 1991. №8.
41. Никитинский В.И., Коршунова Т.Ю. Правовое регулирование трудовых отношений работающих собственников // Советское государство и право. 1992. №6.
42. Никитинский В.И., Орловский Ю.П. Предмет и метод турдового права: изменения в условиях перестройки // Советское государство и право. 1989. №4.
43. Нургалиева Е.Н: Трудовое право в новых условиях хозяйствования // Алма-Ата: Наука, 1990.
44. Нургалиева Е.Н., Хохлов Е.Б. Проблемы трудового права в современных условиях. Караганда, 1994.
45. Нургалиева Е.Н. Механизм правового регулирования труда. Алматы: Жеті жарғы, 1996.
46. Нургалиева Е.Н. Кто защитит труд наемного работника? // Юридическая газета. 1998. 23сент.
47. Нурмагамбетов А.М. Рынок труда: правовые проблемы и перспективы. Алматы. Баспа, 1998.
48. Нуртдинов А. Современные проблемы трудового права // Человек и труд. 1997. №12. С. 54.
49. Пашков А.С. Договоры о труде в условиях многоукладной экономики // Государство и право. 1993. №6.
50. Пашков А.С., Иванкина Т.В., Магницкая Е.В. Кадровая политика и право. Л., 1989.
51. Рефора трудового законодательства: проблемы и решения / Под ред. Ю.И. Орловского. М.,1991.
52. Розенфельд ВХ, Старилов Ю.Н. К Сұрақу о понятии и правовом статусе должностного лица // Правовая наука и реформа юридического образования: Сб. науч. трудов. Воронеж, 1995. Вып. 1. С. 67-91.
53. Сериков. О.Т. Сұрақы единства и дифференциации в правовом регулировании труда // Право и государство. 1999. №l. С. 70.
54. Смирнов О.В. Законодательство о труде и коллективный договор// Вестник МГУӘ Серия 2. Право. 1992. №4.
55. Соболев С.А. Трудовое законодательство и мотивизация поведения // Государство и право. 1995. №1.
56. Соболев В.В. Охрану труда — под контроль государства // Советы Казахстана. 1994. 26 февр.
57. Сыроватская Л.А. Трудовые отношения и трудовое право // Государство и право. 1996. №7.
58. Сыроватская Л.А. Трудовое право. М., 1995.
59. Трудовое право России: Учебник/ Под ред А.С. Пашкова. Спб., 1994,
60. Уваров В.Н. Трудовой договор (контракт). Алматы, 1995.
61. Уваров В.Н. Трудове законодательство Республики Казахстан Алматы, 1998.
62. Уваров В.Н. Государственная служба. Алматы, 1996.
63. Уржинский КӘ, Гусов К., Иржинская Н. Заключение контрактов: взгляд в будущее // Хозяйство и право. 1992. №7.
64. Уржинский К, Уржинския Н. Контракт: новая правовая модель подбора кадров //Хозяйство и право. 1991. №3.
65. Хозяйство, труд, право в условиях перестройки. Минск, 1980.
66. Хохлов Е.Б. Экономические методы управления и трудовое право. Л., 1991.
67. Шайбеков Д.К Трудовое правоотношение Республики Казахстан и рынокә Алматы, 1997.
68. Шайбеков К.А. Трудовое право Республики Казахстан. Алматы, 1996.
69. Шахов Вәд. Полномочия трудового коллектива: содержание, виды, механизм реализации. Свердловск, 1989.
70. Шишкин В.И. Судебная защита от неправомерных действий должностных лиц // Советское государство и право. 1989. №3 С. 23-29.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 127 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Заң факультеті

Азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасы

ӘЛАЙДАР А.Ә., АЛАЙДАРОВ А.Ә.

Қазақстан республикасының
Еңбек құқығы
ПӘНІНЕН ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ

Түркістан - 2012

Қазақстан Республикасының еңбек құқығы пәні бойынша лекция жинағы Қ.А.
Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ақпан 2012 жылы ОӘК
№ 5 хаттамасымен мақұлданды.

Әлайдар Айжамал Әбушахманқызы, Алайдаров Ақәділ Әбушахманұлы. Қазақстан
Республикасының еңбек құқығы. Оқу әдістемелік құрал. Түркістан, 2012. – 127
бет.

Қазақстан Республикасының еңбек құқығы пәні бойынша лекция жинағы
типтік оқу бағдарламаға сәйкес негізгі тақырыптар қарастырылып қамтылған.
Лекция жинағы жоғарғы оқу орындарының құқықтану мамандығы бойынша
білім алатын студеттерге арналған.

1. Тақырып: Қазақстан Республикасы eңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі
1. Еңбек құқығының қоғам өміріндегі ролі.
2. Еңбек қызметі мен еңбек қатынастары.
3. Еңбек құқығының түсінігі.
4. Еңбек құқығының пәні.
5. Еңбек құқығының әдістері, олардың белгілері.
6. Еңбек құқығының қызметі, басқа құқық салаларымен арақатынасы.
7. Құқық саласы ретінде еңбек құқығының жүйесі.
8. Еңбек құқығының жүйесі мен еңбек заңнамасының жүйесі.

Әдебиеттер:
1. Айымханова Н. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы: Оқу құралы –
Алматы: Жеті жарғы, 2002. – 240 бет.
2. Ахметов А., Ахметова Г. Еңбек құқығы. Оқулық. – Алматы: Заң
әдебиеті, 2006. – 405 бет.
3. Қазақстан Республикасының еңбек кодексі. 2007 жылғы 15 мамырдағы №251
ҚР Парламентінің Жаршысы; Егемен Қазақстан 2007 жылғы 22 мамыр №132-
135.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адамның және
азаматтың маңызды еңбек қатысты құқықтары мен бостандықтарын ҚР Қазақстан
Республикасындағы Еңбек кодексі реттейді. Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп
түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не
төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Әркімнің
қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін
нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік
қорғалуға құқығы бар (ҚР Конституциясының 24-бабы). ҚР Еңбек кодексі
Қазақстан Республикасындағы азаматтардың еңбек бостандығына қатысты
конституциялық құқығын жүзеге асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарын
реттейтіні көрсетілген.
Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына қатысты конституциялық
құқық, ең алдымен, әрбір адамның өзінің жұмыс күшін (немесе еңбекке
қабілетін) өзі дербес жұмсауынан, мүдделеріне, кәсіби дайындығына, өзінің
мүмкіндіктері мен қалауына қарай кәсіп түрі мен қызмет түрін еркін таңдау
құқығынан көрініс табады. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы кез-
келген нысандағы ұйымдарда жалданбалы жұмыс істеуге, кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға, мемлекеттік, әскери немесе кез келген өзге де қызметпен
айналысуға, заңды тұлғаны құрмастан жеке еңбек қызметімен айналысуға немесе
ешқандай еңбек қызметімен айналыспауға құқылы. ҚР Конституциясының және ҚР
Еңбек кодексінің бұл ережелері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының
1948 жылғы 10-желтоқсанда бекіткен Адам құқықтары жалпы декларациясының
және еңбек саласындағы бірқатар халықаралық- құқықтық актілердің
талаптарына сәйкес келеді.
Еңбек құқығының рөлі, міндеттері және қызметі өзара тығыз байланысты
болады. Олар қызметкердің, жұмыс берушінің, өндірістің, қоғамның және
мемлекеттің мүдделерін білдіреді. Қызметкер мен жұмыс беруші еңбек шартын
жасасқан жағдайда еңбек қатынастарына түседі, бұл ретте олардың әрқайсысы
өз мақсаттарын көздейді. Сондықтан, еңбек құқығының негізгі рөлі –
реттеушілік рөл. Еңбек құқығы адамдардың еңбек үрдісі кезіндегі жүріс-
тұрысын реттейді, еңбек қатынастарының екі тарабы да бағынуы тиіс
нормаларды анықтайды. Бұл ережелер мен нормалар өндірістің міндеттеріне
жауап береді, қызметкерлердің еңбегін, құқықтары мен мүдделерін қорғайды,
жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек құқықтары мен міндеттерінің жүзеге
асуын және олардың кепілдіктерін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, еңбек құқығы
толығымен еңбек қатынастарының салыстырмалы түрде қорғалмаған тарабы –
қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұдан шығатын
қорытынды, еңбек құқығының бір мақсаты – қорғау қызметі. Сонымен қатар,
еңбек құқығының рөлі өндірістің тиімділігіне және өсуіне, еңбек өнімділігін
арттыруға, еңбек тәртібін нығайтуға, қызметкерлердің еңбек жағдайы мен
тұрмысын жақсартуға жағдай жасаудан көрініс табады. Еңбек құқығының
міндеттері, ең алдымен, еңбекті құқықтық реттеудің мақсаттарына – еңбектің
тиімділігін арттыруға, еңбек жағдайының жоғары деңгейіне жетуге,
қызметкерлердің құқықтарын жан-жақты қорғауға бағытталған.
Еңбек құқығын оқу пәні және құқық саласы ретінде қарастырмастан бұрын,
еңбек және құқық сөздерінің түп-төркініне көз жүгірткен жөн болар.
Жалпы алғанда, құқық адамдардың әр түрлі қоғамдық қатынастардағы жүріс-
тұрыстарын реттейді, яғни, тәртіптейді, қалыпқа келтіреді, нормаларға
сәйкестендіреді. Еңбек құқығы атауының өзі бұл құқық саласының еңбекпен
байланысты қоғамдық қатынастарды, яғни, еңбек қатынастарын (еңбек үрдісінде
туындайтын қатынастарды) және еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де
қатынастарды реттейтінін көрсетеді.
Еңбек адамның табиғи қажеттігі болып табылады. Еңбек адамның өмір
сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі, ол адамның материалдық
және рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана
иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, қағазға, оқуға, өнерге
және т.б. қатысты қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек
адамның ғана емес, сонымен қатар қоғамның да табиғи қажеттігі болып
табылады, себебі, еңбек қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады.
Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани
қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-
ой және рухани қабілеттіктерден туындайды да, бұлардың нәтижесінде
материалдық, рухани және санаткерлік құндылықтар жасалады. Мысалы: еңбек
жеке шаруашылықта, бау-бақшада, тіпті үйде және өзге де жерлерде жүзеге
асырылуы мүмкін. Мұндай еңбекпен адамдардың басым көпшілігі бала кезінен
айналысады. Алайды, еңбектің бұл түрі еңбек құқығымен реттелмейді. Сонда
еңбектің қандай түрлері еңбек құқығымен реттеледі деген сұрақ туындайды.
Көп жағдайда еңбек бірлескен немесе ұжымдық сипатты иеленеді. Бірлескен
еңбектің нәтижесінде адамдар қоғамдық еңбек қатынастарына қатысады. Мұндай
жағдайда еңбектің екі түрін ажыратып алған жөн: олар
1. өз игілігіне бағытталған жеке еңбек
2. жалданбалы еңбек
Дәл осы жалданбалы еңбек – жұмыс берушімен қатынасқа түсуді еңбек
құқығы реттейді. Сонымен қатар, меншік иелері мен меншік иесі емес
тұлғалардың ұжымдық еңбегін көздейтін еңбектің үшінші түрі – аралас
нысандағы еңбек те болады. Ескеріп өтетін бір жайт, еңбек құқығы тек
жалданбалы еңбекке негізделетін еңбек қатынастарын ғана реттейді. Дербес
еңбекке негізделген еңбек қатынастары (меншік иелерінің еңбегі) еңбек
құқығының пәніне кірмейді. Мұндай қатынастарға жалданбалы қызметкерлердің
еңбегін пайдаланбайтын жеке еңбек қызметі, меншік иесі-кәсіпкерлердің,
еңбек кооперацияларының қызметі және т.б. қызмет жатады. Мысалы, азамат
жеке дербес еңбек қызметімен айналысып – заңды тұлғаны құрмастан дәріхана,
дүкен, шаштараз және т.б. орындарды ашып, қызметкерді жалдамастан, өзі өз
дәріханасында, дүкенінде, шаштаразында жұмыс істесе. Жазушының, ғалымның,
өнертапқыштың қоғамдық кооперциядан тыс жүзеге асырылатын еңбегі де еңбек
құқығының саласына жатпайды. Алайда, егер жазушының немесе ғалымның еңбегі
журнал редакциясының немесе ғылыми мекеменің еңбек ұжымында еңбек шартының
шеңберінде жүзеге асырылатын болса, онда бұл қатынастар еңбек құқығымен
реттелетін еңбек қатынастарына айналады. Бірақ, Қарулы Күштерде, ішкі істер
органдарында, шекаралық әскерде, ішкі және сыртқы барлауда әскери міндетін
өткеру еңбек құқығының пәніне жатпайды, олар әкімшілік құқықтың пәнін
құрайды. Аталған органдардағы қызмет қарапайым жұмыс пен еңбек
қатынастарының шеңберінен шығып кетеді. Бұл қызмет мемлекеттің қорғаныс
функциясын орындаумен байланысты.
Сонымен, еңбек құқығының пәні болып тек еңбек емес, сонымен қатар еңбек
үрдісіндегі еңбек қатынастары және олардан туындайтын, еңбекке қатысы бар
қатынастар да табылады.
Енді еңбек құқығының пәнін құрайтын барлық қатынастарды қарастырып
өтелік:
1. Негізгі қатынастар – жұмыс берушінің (ұйым, жеке кәсіпкер)
қызметкердің еңбекке қабілетін (оның жұмыс күшін, білімін, дағдыларын және
т.б.) пайдалануымен байланысты еңбек қатынастары шарттық және ақылы негізде
жүзеге асырылады. Қызметкер өз еңбегі үшін алдын-ала белгіленген нормалар
(тарифтер) бойынша жалақы не ұйым табысының бөлігін алады, ал жұмыс беруші
өзіне қажетті еңбек өнімін алады. Еңбек қатынастарына қызметкер және жұмыс
беруші өз еркі бойынша қатысады. Еңбек құқығы қатынастарын қызметкердің
жұмыс берушімен еңбек жағдайларын пайдалану жөніндегі заңды байланысы
(қызметкер өз жұмысын мұқият орындауға, ал жұмыс беруші оған жалақыны
жүйелі түрде төлеуге міндетті) құрайды.
Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілерімен сипатталады:
а) еңбек үрдісінде туындайды және дамиды. Қызметкер өзіне жүктелген
белгілі бір еңбек функциясын орындайды. Ал бұл функция тұрақты сипатқа ие
және соңғы нәтижемен аяқталмайды, яғни, еңбек қатынастары – бұл ұзақ
уақытқа созылатын қатынастар. Өзге құқықтық қатынастарда, мысалы, еңбекпен
байланысты азаматтық құқықтық қатынастарда орындаушыға нақты бір тапсырма
беріледі, ол бұл тапсырманы орындаған соң барлық міндеттемелер де
тоқтатылады, яғни, құқықтық қатынастар тәмамдалады;
ә) еңбек қатынастары – бұл нәтижесінде жұмыс беруші еңбек өнімін, ал
қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын ақылы
қатынастар;
б) еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады, яғни,
еңбек және еңбек қатынастары мәжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды, ал
қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары бойынша серіктерді, еңбек жағдайын
және т.б. таңдай алады. Еңбекті таңдау кезіндегі ерік білдіруге дәлел
ретінде қызметкердің жұмысқа тұрардағы өтінішті өз қолымен толтыратынын
және жұмыс берушінің осы өтінішке қол қоя отырып, қызметкерді қызметке алу
туралы еркін білдіруін келтіруге болады;
в) қызметкердің еңбек тәртібіне бағына отырып еңбек ұжымына қосылуын
білдіреді. Бұл дегеніміз, еңбек белгілі бір ішкі еңбек тәртібі жағдайында
жүргізіледі. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерінде еңбек ұжымы мүшелерінің
бірлескен қызметінің жағдайлары және тәртібі белгіленеді. Ішкі еңбек
тәртібінің өзіне тән элементі болып қызметкердің еңбек қызметі үрдісінде
жұмыс берушінің, тікелей басшылықтың өкіміне бағынуы табылады. Бұл элемент
еңбекпен байланысты өзге қоғамдық қатынастарда көрініс таппайды. Бұл кезде
орындаушы еңбек режиміне бағынуға емес, өнімді уақтылы және сапалы
дайындауға міндетті.
г) еңбек қатынастары ерекше заңды фактпен – еңбек шартымен, келісіммен,
лауазымға сайлау туралы актімен байланысты;
д) мамандығына, біліктілігіне, лауазымына қарай жұмысқа тікелей
қатысудың қажеттігімен байланысты;
е) жұмысқа іс жүзінде қабылданған кезден басталады. Еңбек құқығы
қатынастарында жұмысқа қабылдау бұйрықпен рәсімделеді және қызметкерді
кәсіпорынның штатына тұрақты, уақытша немесе маусымдық жұмысқа алумен
жүзеге асырылады. Еңбекпен байланысты өзге де қатынастарда жұмысты
орындаушы штатқа алынбайды. Мұндай жағдайда тапсырыс беруші үшін еңбек
үрдісіне қарағанда еңбектің нәтижесі маңыздырақ болады;
ж) қызметкерге оны жұмыстан босату жөнінде бұйрық жарияланған және оның
қолына еңбек кітапшасы берілген кезде тоқтатылады.
Еңбек құқығы еңбек қатынастарымен қатар осы қатынастардан туындайтын
және олармен тығыз байланысты қатынастарды да реттейді. Олар:
1. еңбек ұжымының жұмыс беруші және оның басшылығымен арасындағы еңбек-
әлеуметтік сауалдар бойынша қатынастары.
2. кәсіподақ органының қызметкерлердің мүдделерін қорғау, еңбекке ақы
төлеу және әлеуметтік кепілдіктер мәселелері бойынша жұмыс беруші және оның
басшылығымен арасындағы қатынастары;
3. азаматтарды жұмысқа орналастыруға және жұмыс іздеп жүрген
азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысты қатынастар.
4. қадағалау және бақылау органдарының жұмыс берушімен еңбек заңдарын
және еңбекті қорғауды сақтау мәселесіне қатысты қатынастары.
5. өндірісте кадрларды дайындау немесе біліктілікті көтеруге қатысты
қатынастар.
6. жеке немесе ұжымдық келіспеушіліктерден туындайтын еңбек дауларын шешуге
қатысты қатынастар. Сонымен, қазіргі кезде еңбек құқығының пәнін қоғамдық
қатынастардың екі тобы құрайды:
1) еңбек қатынастары – еңбек құқығы пәнінің басты элементі;
2) еңбек қатынастарымен тығыз байланысты және солардан
туындайтын өзге де қатынастар.
Еңбек құқығының қызметі – бұл еңбек құқығы нормаларының күшінің негізгі
бағыттары. Оларға жоғарыда аталған реттеуші және қорғаушы функциялар
жатады. Еңбек құқығының ерекше функцияларының қатарынан әлеуметтік,
қорғаушы, шаруашылық-өндірістік, тәрбиелеу және өндірістік демократияны
дамыту функцияларын атауға болады. Әлеуметтік функция халықты жұмыспен
қамтуды қамтамасыз етеді, еңбекке, еңбектің қауіпсіз жағдайларына және
еңбекті қорғауға қатысты құқыққа кепілдіктерді жүзеге асырады.Қорғау
функциясы еңбек жағдайының жоғары деңгейін, еңбек заңдарының нормаларын
орындауға бақылау жүргізуді қамтамасыз етуге, еңбек заңдарының бұзылған
ережелерін қалпына келтіруге, еңбек дауларын шешуге бағытталған.
Еңбек құқығының сабақтас құқық салаларынан айырмашылығы. Қазақстан
Республикасындағы еңбек құқығына қатысты сабақтас құқықтар болып азаматтық
құқық, аграрлық және жер құқықтары, .кімшілік құқық және әлеуметтік
қамтамасыз ету құқықтары табылады.
Еңбекті қолдануға, оның жағдайларына және ұйымдастырылуына қатысты дау
туған жағдайда осы даудың еңбек құқығының пәніне жататындығын немесе даудың
өзге құқық салаларының нормаларымен қарастырылатынын анықтау үшін еңбек
қатынасының белгілерін талдау қажет. Бұның маңызы өте зор, себебі, осындай
талдаудың н.тижесінде тиісті құқықтық салдар туындайды.
Еңбек заңдары азаматтық заңдармен өте тығыз байланысты. Азаматтық
заңдар қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-ақшалық және өзге де
қатынастарды, еңбекпен және оның нәтижелерімен байланысты мүліктік
қатынастарды реттейді. Яғни, азаматтық құқықтың пәніне белгілі бір жұмысты
орындаумен немесе қызмет көрсетумен (тұрмыстық мердігерлік шарты, тапсырма,
әдеби тапсырыс және т.б.) байланысты қатынастар кіреді. Бұл қатынастар
еңбек қатынастарына өте жақын және оларға ортақ сипаттар т.н: олар еңбекпен
байланысты, еңбек шартына (келісіміне) негізделеді, ақылы сипатқа ие. Жеке
меншіктің туындауына және өсуіне байланысты жұмыс істейтін тұлғалар еңбек
қатынастарына жалданбалы қызметкер ретінде де, өндірістің меншік иесі
ретінде де қатысуы мүмкін. Бұл еңбек және мүліктік қатынастарының белгілі
бір деңгейде бірігуіне әкеледі. Алайда, олардың қандай құқық саласына
жататынын анықтайтын өздеріне т.н айырмашылықтары да бар.
Бұл қандай айырмашылықтар екен? Біріншіден, еңбек қатынастарының пәні
және негізгі мазмұны болып еңбек үрдісі, ал азаматтық қатынастардың
(тұрмыстық мердігерлік, тапсырма, әдеби тапсырыс шарттары бойынша) пәні
болып еңбектің өнімі табылады. Екіншіден, қызметкер еңбек қатынастарында
белгілі бір жұмысты (белгілі бір мамандық, біліктілік, лауазым бойынша)
істеуге міндеттенеді. Үшіншіден, қызметкер өзінің жұмысын белгілі бір
ұжымның шеңберінде атқарады, мұнда ол еңбек шарасын орындауға, жұмыс
уақытының режимін сақтауға, ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне бағынуға
міндеттенеді. Ал азаматтық қатынастарда аталған талаптарды орындау міндетті
емес. Яғни, қызметкер еңбек ұжымының құрамына кірмейді, оған еңбек шарасын
орындау, ұйымның жұмыс режимін сақтау, ішкі еңбек тәртібінің белгіленген
ережелеріне бағыну қажеттігі таралмайды. Басқаша айтар болсақ, азаматтық
қатынастарда кімнің, қандай мерзімде, қандай еңбек нормасына негізделе
отырып жұмыс істейтіні емес, мұнда белгілі бір жұмысты сапалы және уақтылы
орындау маңызды болып табылады. Мысалы, қоршау жасаудың қажеттігі туды
делікә Еңбек заңдарының нормаларына сәйкес шартқа тұрған қызметкер ғана осы
жұмысты орындауы қажет. Сонымен қатар, ол еңбек тәртібін сақтай отырып,
ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне бағына отырып (белгілі бір ауысымда),
белгілі бір ұжымда жұмысты орындауы қажет және еңбек нормасын күнделікті
орындауы тиіс. Азаматтық қатынастарда бұл жұмысты қызметкердің өзі немесе
оның бригадасы не оның қызметкері не барлығы кезектесе отырып орындай
алады. Олар күндіз немесе түнде, күн сайын не белгілі бір уақыт өткен сайын
жұмыс істеуі мүмкін – бұлардың барлығы маңызды емес. Ең маңыздысы – қоршау
сапалы және аталған мерзімде жасалуы тиіс. Бұдан шығатын қорытынды, еңбек
қатынастары мен азаматтық-құқықтық қатынастарды ажырату олардың мазмұнына
қарай жүргізіледі. Егер еңбек құқығының пәні болып тірі еңбек барысындағы
еңбек қатынастары табылса, азаматтық құқықтың пәні болып заттандырылған
еңбек немесе еңбек өнімі, оның нәтижесі табылады. Алайда, еңбек және
азаматтық қатынастарды ажыратуға қатысты даулы жағдайларда еңбек құқығының
нормалары үстемдікке ие болады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің
1-бабына сәйкес, бұл қатынастар еңбек заңдарымен реттелмеген жағдайда ғана,
еңбек қатынастарына азаматтық заңдар қолданылады. Сонымен, азаматтық заңдар
қоғамдық еңбекке қатысты мүліктік қатынастарды реттейді, алайда, еңбек
үрдісі кезіндегі қатынастарды реттемейді. Еңбек заңдары еңбек үрдісін
реттейді және қызметкер үшін белгілі бір құқықтық режимді, құқықтық
кепілдіктерді белгілейді. Жер құқығы мен аграрлық құқықтың да еңбек
құқығына ұқсас сипаттары көп, олар бірлескен еңбекті реттейді, оларға
еңбекті және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау тән. Алайда, еңбек
құқығы мен бұл құқық салаларының арасында бірқатар айырмашылықтар да бар.
Еңбек құқығы дербес емес жалданбалы) еңбекке негізделетін еңбек
қатынастарын реттейді. Жер және аграрлық құқықтар еңбек және өндіріс
құраладарының меншік иесі болып табылатын, сондықтан да жалданбалы еңбек
субъектілерінің қатарына атпайтын кооператор-қызметкерлердің еңбек
қатынастарын реттейді. Еңбек құқығына қатысты сабақтас құқық салаларының
қатарынан әкімшілік құқықты да атауға болады. Басқарушылық топтың еңбегін
ұйымдастыру, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер басшылығының және мемлекеттік
қызметшілердің құқық субъектілігі мәселесіне келгенде, бұл екі құқық
саласының ортақ жері көп. .сіби қызметтің бұл түрі бір мезетте еңбек және
.кімшілік құқық нормаларын қолдануды көздейді. Сондықтан, бұл қатынастар
ҚР ҚР еңбек кодексі, ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңымен де реттеледі.
Соған қарамастан, еңбек және әкімшілік құқықтарының өздеріне т.н
айырмашылықтары да бар. Олар реттеу пәні мен әдістеріне қатысты. Егер еңбек
құқығы қызметкер мен жұмыс берушінің еңбек үрдісіндегі қатынастарын
реттесе, әкімшілік құқық тиісті лауазымды тұлғалардың құзыретіне қатысты,
қызметке алу мен босатумен, тәртіптік жазалар тағайындаумен және т.б.
байланысты қатынастарды реттейді.
Енді еңбек құқығының әлеуметтік қамтамасыз ету құқығымен арақатынасын
қарастырып өтелікә әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы дербес құрылым ретінде,
құқық саласы ретінде салыстырмалы түрде жақында, өткен ғасырдың 60-70
жылдары қалыптасты. Бұған дейін әлеуметтік қорғау нормаларының басым
көпшілігі еңбек құқығы саласына кіретін. Осылай, бұл екі құқық саласын
тарихи түп-тамыр байланыстырады. Сонымен қатар, оларды құқықтық реттеудің
пәні мен әдістерінің ортақ сипаттары да байланыстырады.
Еңбек құқығы саласының жүйесі. әрбір құқық саласының, соның ішінде,
еңбек құқығының да өз жүйесі бар. Еңбек құқығы саласының жүйесі – бұл оның
нормаларының құрылымы және орналасу тәртібі. Бұл кезектілік еңбек құқығы
қатынастарының туындау, даму және тоқтатылу барысына қарай құрылады.
Еңбек құқығы қатынастары – бұл еңбек құқығының нормаларымен реттелген
еңбек қатынастары, бұл қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы
қызметкердің еңбегін пайдалану жағдайлары жөніндегі заңды байланыс:
қызметкер адал еңбек етуге міндетті, ал жұмыс беруші – тұрақты түрде
жалақыны төлеп отыруға және еңбек заңдары мен еңбек шартын сақтауға
міндетті. Еңбек құқығы саласының жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы және
ерекше бөлімдер. Жалпы бөлімге еңбекті қоғамдық ұйымдастыру элементтеріне
жататын, қызметкерлердің жұмыс істейтін ұйымдарының аудандық және салалық
тиістілігіне қарамастан, олардың (қызметкерлердің) еңбегін пайдалану және
ұйымдастырудың жалпы мәселелерін реттейтін нормалар жатады. Еңбек құқығы
саласының ерекше бөлімі институттарға, яғни, еңбек құқығы қатынастарының
туындау және жүзеге асырылу деңгейіне қарай кезектілікпен орналасатын
бірыңғай нормалардың топтарына сәйкес құрылады. Ерекше бөлім халықты
жұмыспен қамтумен және жұмысқа орналастырумен басталады, одан кейін орталық
институт – жеке еңбек шарты, оның туындауы, өзгеруі және тоқтатылуы, содан
соң – жұмыс уақыты және демалыс уақыты институты, жалақы институты,
кепілдік және өтемақылық төлемдер институты, еңбек тәртібі институты және
еңбекті қорғау институты орналасқан. Ал бұлардан кейін еңбек қатынастары
тараптарының келтірген зияндары үшін материалдық жауапкершілік институты,
еңбек даулары институты, еңбектегі қадағалау және т.б. институттары орын
алған. Сала ретіндегі еңбек құқығының жүйесінен еңбек заңдарының жүйесін
ажырата білген жөн. Олар мазмұн және нысан ретінде өзара байланыста болады.
Еңбек заңдарының жүйесі нормативтік құқықтық актілерден, олардың
преамбулаларынан, баптарынан, қорытынды ережелерінен және т.б. тұрады. Сол
себепті, еңбек құқығының жүйесі еңбек заңдарынан көрініс табады, ал еңбек
заңдары еңбек құқығының қайнар көзі болып табылады деген тұжырымға келуге
болады.

2. Тақырып: ҚР еңбек құқығының қағидалары
1. Еңбек құқығы қағидаларының түсінігі мен маңызы.
2. Еңбек құқығы қағидаларын жіктелуі, мазмұны.
3. Еңбек құқығының нормалары, олардың арақатынасы.
4. Еңбек құқығының конститутциялық қағидалары.
5. Еңбек құқығының салалық жәнесаларалық қағидалары.
6. Еңбек құқығының конституциялық қағидалары.
7. Негізгі және өндірістік нормативтік құқықтық актілер.
8. Еңбек туралы заңдардың кеңістікте, уақытпен, тұлғалардың ортасына қарай
қолданылуы.
9. Локальді нормативтік атілердің түсінігі мен түрлері.
10. ҚР –ның қолданыстағы нормативтк актілерінің нормативтік құқықтық
актілермен арақатынасы.
11. Халықаралық еңбек стандарттарының түсінігі.

Еңбек құқығының негізгі қағидаларының түсінігі және маңызы. Қағида
сөзінің өзі латын тіліндегі principium cөзінен туындаған және оның
аудармасы негіз, бастама дегенді білдіреді. Осылай, қағида түсінігі
басшылыққа алынатын идеяны, негізгі ережені, бастаманы білдіреді. Құқықтық
түсініктер жүйесінде қағида басты түсінік болып табылады, себебі, ол бүкіл
құқықтық жүйенің негізін құрайды және осы құқықтық жүйенің барлық
қасиеттерін өзіне сіңіреді. Басқаша айтар болсақ, еңбек құқығының
қағидалары – бұл еңбек құқығы нормаларының негізгі бастамасы.
Еңбекті құқықтық реттеудің негізгі қағидалары – бұл қолданыстағы еңбек
заңнамасының м.нін қысқаша көрсететін басты ережелер. Олар осы құқық
саласының даму негізін құрайды және дамуды бағыттайды. Еңбек құқығының
қағидалары ретінде еңбек құқығы нормаларының м.нін және мемлекеттің еңбек
қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы саясатының басты бағыттарын
көрсететін, қолданыстағы заңнамада бекітілген негіздемелік бастамаларын
(идеяларды) түсінуге болады.
Еңбек құқығының қазіргі кездегі қағидалары еңбекті ұйымдастыру
саласындағы қоғамдық қатынастардың қалыптасқан жүйесінен көрініс береді.
Олар объективтік экономикалық заңдардың күшіне тығыз байланысты. Еңбек
құқығының қағидалары заңнамадан көрініс табады және заңнамалық тұрғыда
бекітілген, себебі, осы қасиет бұл қағидалардың құқықтық қағида деп
аталуына негіз болады. Еңбек құқығының негізгі қағидалары ҚР
Конституциясында және осы құқық саласының маңызды заң шығарушы актілерінде
бекітілген. Мысалы, ҚР ҚР еңбек кодексінде негіздемелік қағидалары еңбек
бостандығы қағидасы бекітілген. Қолданыстағы заңнамаға талдау жасайтын
болсақ, еңбек құқығының қазіргі кездегі қағидаларына келесі белгілері:

· олар экономикалық және саяси жағдайлармен байланысты, себебі,
қағидалардың өзі мемлекеттік саясаттың негізінде анықталады;
· олардың мазмұнына ортақтық тән, себебі, қағидалар әрқашанда құқықтың
бір ғана емес, бірқатар нормалар тобының м.нін көрсетеді;
· мемлекеттік норматвитілікке ие, себебі, қағидаларды мемлекет құқық
нормаларында бекітеді және санкциялайды, қағидалар ортақтық пен
міндеттілікке, реттеушілік сипатқа ие бастамашылық идеялар болып табылады;
· олардың жиынтығы жүйе болып табылады, себебі, олар құқық нормасының
белгілі бір құқық жүйесінің шегіндегі өзге нормалармен арақатынасы
жағдайындағы мәнін ашады;
· мақсаттылыққа ие, себебі, құқық нормаларының динамикадағы,
қозғалыстағы, белгілі бір мәселелерді шешудегі мәнін көрсетеді;
· тұрақтылыққа ие, себебі, құқық қағидалары ұзақ уақыт бойы әрекет
етеді және өзінің табиғаты бойынша құқық нормаларына қарағанда өзгеріссіз
сипатқа ие.
Ұзақ уақыт бойы оқу әдебиеттерінде еңбек құқығы саласының қағидалары
өте қарапайым тұрғыда түсіндірілді.құқықтары мен міндеттері анықталған
болатын. Алайда, қағидаларды еңбек құқығының бір субъектісі – қызметкердің
ғана құқықтары мен міндеттерімен байланыстыруға болмайды.
Қағидалардың мазмұны бұған қарағанда әлде қайда кеңірек, себебі, олар
өздерінің реттеушілік әсерімен еңбек құқығының барлық субъектілерін
(қызметкерлерді, жұмыс берушілерді, еңбек ұжымдарын және олардың өкілдік
органдарын) қамтиды. Бұл жерде ескеріп өтетін бір жайт, қағидалар
субъектілердің құқықтары мен міндеттерін жариялап қана қоймауы тиіс,
сонымен қатар, олардың шын м.нінде жүзеге асырылуын да қаматамасыз етуі
қажет.
Еңбек құқығының негізгі қағидаларының мәні мынада:
1) олар біріккен түрде еңбек құқығының барлық нормаларының басты
мазмұнын көрсетеді, сол арқылы еңбек заңанамасының мәнін және оның
экономикамен, саясатпен, қоғамдық моральмен байланысын түсінуге көмек
береді;
2) еңбек заңнамасының одан әрі дамуына, жетілуіне бағыт береді;
3) еңбек құқығының нормаларын қолдануға көмек береді, себебі, қандай да
бір күм.н туған жағдайда тиісті негізгі қағиданы басшылыққа алуға болады;
4) жекелеген нормаларды еңбек құқығының жүйесіне біріктіруге, оларды
осы құқық саласының жекелеген институттары бойынша топтастыруға мүмкіндік
береді;
5) еңбек құқығы субъетілерінің жағдайын, құқықтық мәртебесін анықтайды,
олардың еңбекке қатысты негізгі құқықтары мен міндеттерін және олардың
кепілдіктерін көрсетеді.
әрекет ету саласы бойынша барлық құқықтық қағидаларды үш түрге бөлуге
болады:
· барлық құқық салаларына, соның ішінде, еңбек құқығына да жалпы
құқықтық қағидалар (заңдылық, теңдік, демократизм қағидалары және т.б.);
· құқық саласының нормаларының ерекшеліктерін, олардың бағыттылығын
көрсететін салалық қағидалар;
· тек белгілі бір құқық саласына тән сала ішіндегі қағидалар (мысалы,
халықты жұмыспен қамту, еңбек дауларын қарастыру қағидалары және т.б.).
Кейбір салалық қағидалар өзінің сипаты бойынша салааралық та, яғни, екі
немесе одан да көп құқық салаларына тән қағида болуы мүмкін. Мысалы,
еңбекті қорғауды, еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету қағидалары
тек еңбек құқығына ғана емес, сонымен қатар, жер, азаматтық, қылмыстық
атқару құқықтарына да тән, себебі, аталған құқық салалары да еңбекті
қолдануды (фермерлік қызмет, мердігерлік шарттары бойынша жұмыс жасау,
жазаны өтеу мекемелеріндегі жұмыс және т.б.) реттейді. Жалпы (салааралық)
қағидалар еңбекті құқықтық реттеуде басты рөлге ие. Олар Қазақстан
Республикасының Конституциясында бекітілген және бұл жайт олардың жалпылық
сипатын дәлелдейді. Мұндай қағидалардың қатарынан мыналарды атауға болады:
заңдылық қағидасы; азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды
мүдделерінің мемлекеттің мүдделерінен үстемдігі қағидасы; мемлекеттік
қызметке кірудегі тең құқық; қоғамдық көзқарасты ескеру және жариялық;
ұлтаралық одақтастық қағидасы.
Заңдылық қағидасы мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің
және азаматтардың ҚР Конституциясын және заңдарын сақтау, басқа адамдардың
құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеу міндетінен
көрініс табады. ҚР Конституциясында заң мен сот алдында жұрттың бәрінің тең
екендігі, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына,
н.сіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне
байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай
кемсітуге болмайтыны көзделген. Алайда, әлеуметтік немесе құқықтық қорғауды
қажет ететін тұлғаларды жұмысқа алу кезіндегі ерекшеліктер, таңдау мен
шектеулер кемсіту деп саналмайды. Мысалы, әйел адамдарға, кәмелетке
толмаған қызметкерлерге, мүгедектерге және қорғауды қажет ететін өзге де
тұлғаларға қызметіне қатысты жеңілдіктер беру.
Еңбек құқығының қайнар көздері – бұл қай органның қандай мәселелерге
қатысты қабылдағанына байланысты ерекшеленетін еңбек заңнамасының
нормативтік құқықтық актілері - деп В.Н. Уваров атап өткендей, еңбек құқығы
қайнар көзінің түсінігі тура мағынада еңбек құқығының нормаларына бастама
беретін, еңбек туралы нормаларды туындататын және олардың мазмұны
анықталатын қасиеттен тұрады, сондықтан еңбек құқығының қайнар көздерін 2
құрамдас бөліктің:
1. еңбек туралы құқықтық нормалардың материалдық мазмұныны
2. нысанының біртұтастығы ретінде сипаттауға болады.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің материалдық мазмұны еңбек қатынастарымен
байланысты. Еңбек қатынастары барысында бірлескен еңбек жүзеге асырылған
кезде қызметкер мен жұмыс берушінің экономикалық, саяси және әлеуметтік
қажеттіліктері, олардың мүдделері қарама-қайшы болуы мүмкін. Мұндай
жағдайда оларды реттеудің, еңбек қатынастары жүйесіндегі белгілі бір
құқықтық нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін анықтаудың қажеттігі туады.
Еңбек қатынастары жүйесіндегі бұл нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін
мемлекеттің арнайы органдары анықтайды. Еңбек құқығы қайнар көздерінің
түсінігі мемлекеттік органдардың құқықты қалыптастыру, оған заңдар,
жарлықтар, қаулылар және өзге нормативтік құқықтық актілер нысанын беру
жөніндегі тікелей қызметімен байланысты. Бұл жерде біз еңбек құқығының
қайнар көздері түсінігінің формальды немесе заңды мағынасын байқаймыз.
Сонымен, еңбек құқығының қайнар көздері ретінде мемлекеттің құзыретті
органдарының еңбек және өзге де қоғамдық қатынастарды реттеу саласындағы
құқық шығарушы қызметінің нәтижелерін тануға болады. Басқаша айтар болсақ,
еңбек құқығының қайнар көздері – бұл жалданбалы қызметкерлердің еңбегін
пайдалану және ұйымдастыру жөніндегі қатынастарды, еңбек нарығын реттейтін
нормативтік құқықтық актілер. Еңбек құқығының қайнар көздері осы саланың
нормаларынан тұрады және оларды осы нормаларды қолдану актісімен
шатастыруға болмайды. Мысалы, ҚР Еңбек кодексі еңбек құқығының жұмыстан
босату туралы нормалардан тұратын қайнар көзі, ал ұйым басшысының жұмыстан
босату (немесе қызметке қабылдау, ауыстыру, тәртіптік жаза тағайындау)
туралы бұйрығы құқық қолдану актісі болып табылады. Жалпы алғанда еңбек
құқығының барлық қайнар көздері қайнар көздер жүйесін құрайды, мұнда олар
өз мәні, бағыңыстылығы бойынша ҚР Конституциясынан, еңбек туралы
халықаралық-құқықтық актілерден (Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары
және ұсынысатыр, БҰҰ-ның актілері және өзге де халықаралық шарттар) және
Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан, ҚР Еңбек туралы заңынан және
өзге де заңға сәйкес актілерден (ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің
қаулылары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қаулылары,
өзге де министрліктер мен ведомстволардың нормативтік бұйрықтарынан бастап,
тіпті, локальдық нормалардан (белгілі бір ұйым қызметкерлеріне арналған)
тұратын ұжымдық шарттардың нормативтік бөліктеріне, сонымен қатар,
әлеуметтік-әріптестік келісімдерге дейін белгілі бір кезектілікті құрайды.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің түрлері. В.Н. Уваров атағандай,
нормативтік құқықтық актілер екі түрге бөлінеді:
1. негізгі
2. туынды
Еңбек заңнамасы саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерге ҚР
Конституциясы, конституциялық заңдар, еңбек туралы жекелеген заңдар,
Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары, ҚР
Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың қаулылары,
министрліктердің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының
нормативтік бұйрықтары, еңбек мәселелері жөніндегі мемлекеттік
комитеттердің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік
қаулылары, мәслихаттар мен әкімдердің еңбекті ұйымдастырудың жергілкті
мәселелері жөніндегі нормативтік шешімдері жатады. Еңбек заңнамасы
саласындағы туынды нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі ережелер,
нұсқаулар, ұсыныстар және т.б. жатады. Туынды актілер негізгі нормативтік
құқықтық актілердің негізінде қабылданады және олармен бірге біртұтас
жүйені құрайды. ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Нормативтік құқықтық
актілер туралы заңының 4-бабына сәйкес, Конституцияны қоспағанда, өзге
нормативтік-құкықтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей
беретін деңгейлерге сәйкес болады: Қазақстандық құқықтың, соның ішінде,
еңбек құқығының қайнар көздерінің арасында ерекше орынды Қазақстан
Республикасының Конституциясы иеленген. Конституцияның ең жоғары заңдық
күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.
Конституцияның жоғары заңды күші мынадан көрініс табады.
1) Конституция заңдар мен заңға сәйкес актілерге қарағанда артықшылық
рөлге ие;
2) Конституция тиісті мемлекеттік органдардың заңдар мен заңға сәйкес
актілерді қабылдау тәртібін белгілейді.
Басқаша айтар болсақ, конституциялық нормалар заңдар мен өзге де
нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін қайнар көз болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы ағымдағы заңнама үшін
негізгі база, құқықтың басты қайнар көзі болып табылады. Ол жалпы құқық,
соның ішінде, еңбек құқығының қайнар көздеріне қатысты бірқатар жаңа
ережелерді бекітті. ҚР Конституциясы адам және азаматтың құқықтарын,
бостандықтарын және міндеттерін, заң мен сот алдында жұрттың бәрінің
теңдігін заңнамалық тұрғыда бекітті. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және
мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына,
нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар
бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. Конституция әркімнің еңбек ету
бостандығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығын; еріксіз еңбекке
тыйымды және қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығын;
еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан
әлеуметтік қорғалуға құқығын жариялады. Конституция қызметкерлердің заңмен
белгіленген тәсілдерді пайдалана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын
шешу құқығын мойындады. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша
жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс
және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.
Конституциялық нормалардың мазмұны еңбек туралы заңдарда және заңға сәйкес
актілерде сипатталады. Еңбек туралы заңдар жүйесінде заң шығарушы
актілердің маңызы ерекше. ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы Нормативтік құқықтық
актілер туралы заңына сәйкес заң шығарушы актілерге мыналар жатады:
Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар;
- констиуциялық заңдар;
-ҚР Президентінің конституциялық заң күшіне ие жарлықтары;
· Қазақстан Республикасының кодекстері; заңдар; ҚР Президентінің заң
күшіне ие жарлықтары;
· Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;
· ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;
· министрлердің нормативтік бұйрықтары; мемлекеттік комитеттердің
нормативтік қаулылары; орталық мемлекеттік органдардың нормативтік
бұйрықтары және қаулылары;
· мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.
Төменгі деңгейде тұрған нормативтік актілердің ешбірі жоғары деңгейдегі
нормативтік құқықтық актілерге қайшы болмауы тиіс. ҚР Конституциялық
Кеңесінің, ҚР Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясының
нормативтік қаулылары жоғарыдағы иерархиядан тыс тұрады.Заңның өзге заңға
сәйкес актілерге қарағанда жоғары күші болады. Бұл заңдылық қағидасының
мәнінен де байқалады. Заңдар еңбекті пайдалану саласындағы барлық маңызды
қоғамдық қатынастарды реттейді, жұмыс берушілер мен азаматтардың еңбек
қабілеттігі мәселелері жөніндегі негізгі қағидалар мен нормаларды бекітеді,
еңбек жағдайы, әлеуметтік қорғау, еңбекті қорғау сияқты маңызды мәселелерді
анықтайды. Бұдан өзге қатынастардың барлығы кодекске сәйкес актілермен
реттеледі.
Сонымен қатар, еңбек құқығының қайнар көздері ретінде еңбекқатынастары
саласындағы кодекске сәйкес актілер де танылады.Заңға сәйкес актілерге заң
шығарушы болып табылмайтын өзгеде нормативтік құқықтық актілер жатады. Бұл
– ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары, ҚР Парламентінің және Үкіметінің
нормативтік қаулылары, министрлердің нормативтік бұйрықтары, маслихаттар
мен әкімдердің нормативтік шешімдері. Заңға сәйкес нормативтік актілер 2
белгімен сипатталады:
1) заңға сәйкес нормативтік актілер заңдарға қайшы келмеуі және шегінен
шықпауы тиіс;
2) олар заңдарды орындауды ұйымдастыруға бағытталған.
ҚР Конституциясының 62-бабына сәйкес, Парламент Республиканың бүкіл
аумағында міндетті күші бар ҚазақстанРеспубликасының заңдары, Парламенттің
қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды
әр республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне
енеді. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары
Конституцияға қайшы келмеуге тиіс. Парламент пен оның Палаталарының
қаулылары заңдарға қайшы келмеуі тиіс. Заңға сәйкес актілердің қатарынан ҚР
Президентінің нормативтік жарлықтары жоғары заңды күшке ие. Олар ҚР
Парламенті мен оның Палаталарының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша
қабылданады. Мысалы, ҚР Президентінің 1990жылғы 29 мамырдағы Мемлекеттік
және еңбек тәртібін нығайту бойынша шұғыл шаралар туралы жарлығы. Еңбек
туралы нормативтік құқықтық актілердің басым көпшілігін Қазақстан
Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары құрайды. Олар жалпы
мемлекеттік сипатқа ие. ҚР Конституциясының 69-бабына сәйкес Үкімет өз
құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулы, ал Премьер-министр - өкімдер
шығарады. Бұл актілер бүкіл республика аумағындаміндетті сипатқа ие. Еңбек
құқығы қайнар көздерінің арасында Қазақстан Республикасының ҚР еңбек
туралы заңының орны ерекше. Бұл акт еңбек құқығының жүйесіне кіретін
қоғамдық қатынастардың бүкіл кешенін реттейді.
Еңбек саласындағы маңызды заңдарға Қазақстан Республикасы еңбек
құқығының қайнар көздері ретінде жалпы сипаттама. Қазақстан Республикасында
еңбек мәселелері бойынша маңызды заңдарға мыналар жатады:
Мемлекеттік қызмет туралы заң – мемлекеттік қызметшілердің арнайы
еңбегін реттеуге бағытталған алғашқы заң. Заңда мемлекеттік қызметшілердің
түсінігі берілген, олардықызметке алу және босату тәртібі, олардың
құқықтары мен міндеттері анықталған. Бұл заң мемлекеттік қызметшілер үшін
арнайы нормаларды (мысалы, мемлекеттік қызметшілерге қатыстыбірқатар
шектеулер) және демалыс уақыты, қосымша ақы төлеу бойынша жеңілдік-нормалар
және т.б. белгіленген. Бұл актіде мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан
Республикасының еңбек туралы заңнамасының (заңдардың өзінде аталып өткен
кейбірережелерді санамағанда) әрекеті таралатындығы аталып өткен. Аталған
заң қызметке конкурстық тәртіппен алуды және біліктілік емтихандарын
енгізді.
Заңдардан өзге барлық қайнар көздер заңға сәйкес актілер болып
табылады, олар: ҚР Президентінің жарлықтары, ҚРҮкіметінің қаулылары,
министрліктер мен ведомстволардың нормативтік бұйрықтары, ҚР Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қаулылары және т.б. Еңбек құқығы
қайнар көздерінің арасындағы заңға сәйкес актілердің ішінде ұсынушылық
сипаттағы актілер да бар. Олардың негізінде локальдық актілер де бар.
Мысалы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек
шартын (келісімін) жазбаша нысанда жасау туралы ұсынысты және Еңбек
шартының (келісімінің) үлгілік нысанын бекіту туралы қаулысы. Бұл актіде
еңбек шартын жазбаша нысанда қалай жасасу туралы ұсыныстар және келісімнің
үлгілік нысаны келтірілген. Ұсынушылық актілердің негізінде жергілікті
жерлерде еңбек құқығының локальдық нормалары жасалады.
Локальдық нормативтік актілерді басшылық (жұмыс беруші)белгілі бір
өндірістің ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіптік одақ комитетінің
қатысуымен еңбек ұжымының жалпы жиналысында қабылдайды. Оларға, мысалы,
мына актілер жатады: ішкі еңбек тәртібінің ережелері, еңбек ұжымы мен жұмыс
берушінің арасындағы ұжымдық шарт, жыл бойғы жұмыс қорытындысы бойынша сый
ақы төлеу туралы ереже, еңбекті қорғау мәселелері бойынша әр түрлі
келісімдер.Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасында Қазақстан Республикасы
Президентінің жарлықтарымен қабылданған бірқатар актілер де бар.
ҚР Президенті Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті
күшке ие жарлықтар мен өкімдер шығарады, олар заңға сәйкес актілер болып
табылғандықтан ҚР Конституциясына және заңдарына сәйкес болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен еңбектің әртүрлі
мәселелеріне қатысты заңдарды орындауға қатысы нормалар қабылданады. Еңбек
жөніндегі арнайы орган – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі. Бұл министрлік еңбекті қорғау, жалақы, халықты еңбекпен қамту
және әлеуметтік қорғау және өзге де мәселелер жөнінде актілер қабылдайды.
Мәслихаттар және әкімдер өз құзыреті шегінде өздеріне бағыңысты аумақтарда
еңбекті қолдану және ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік шешімдер
қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 88-бабына сәйкес
маслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері тиісті әкімшілік-аумақтық
бірліктің аумағында міндетті күшке ие. Егер мәслихаттардың шешімдері ҚР
Конституциясына және заң шығарушы актілеріне қайшы болса, олардың күші сот
тәртібімен жойылуы мүмкін. Ал әкімдердің шешімдері ҚР Конституциясы мен заң
шығарушы актілеріне қайшы болса, олардың күші ҚР Президентінің, ҚР
Үкіметінің немесе жоғары тұрған әкімдердің актілерімен жойылады, сонымен
қатар, сот тәртібімен де жойылуы мүмкін. Нормативтік құқықтық актілер өз
күшіне келесі мерзімдерде енеді:
1. Қазақстан Республикасының заңдары, ҚР Президентініңжарлықтары, ҚР
Үкіметінің қаулылары – егер осы актілердіңөздерінде не олардың күшіне енуі
туралы актілерде өзге мерзім көрсетілмесе, ресми түрде алғаш жариялағаннан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң;
2. ҚР Парламентінің және оның Палаталарының қаулылары –егер осы
актілердің өзінде өзге мерзім көзделмесе, ресми түрде алғаш жарияланған
күннен бастап;
3. ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулылары – қабылданған күннен бастап;
4. ҚР Үкіметінің құрамына кіретін және кірмейтін орталық атқарушы және
өзге де орталық мемлекеттік органдардың, соның ішінде, ҚР Жоғарғы Сотының,
ҚР Ұлттық Банкісінің нормативтік құқықтық актілері – егер осы
актілердіңөзінде өзге мерзім көзделмесе, ресми түрде алғаш жарияланғаннан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң. Бұл заңның тек күшіне енген сәтінен
бастап қана құқықтық қатынастарды реттеп, белгілі бір заңды салдарды
тудыратынын білдіреді.
Еңбек заңнамасы саласында негізгі нормативтік құқықтық актілерден
туындайтын бірқатар туынды нормативтік құқықтықактілер бар. Мұндай
актілердің қатарына мыналар жатады:
1) қағида – қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру
тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
2) ереже – қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық
бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік кұқықтық
акт;
3) регламент – қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық
бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;
4) нұсқаулық – заңдардың коғамдық қатынастардың қандай да бір саласында
қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт.
Аталған нормативтік құқықтық актілердің барлығытуынды сипатқа ие және
негізгі актілерге қатысты қосымша рөлді атқарады.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі келесі ерекшеліктерге ие:
1) еңбек заңнамасы актілерін қабылдауға осы сала субъектілерінің өздері
қатысады (қызметкерлер өз еңбек ұжымдары, кәсіптік одақтар және өзге де
өкілдік органдар арқылы; жұмыс берушілер локальдық нормаларды шығару
кезінде және өз өкілдері арқылы);
2) қайнар көздер жүйесіне еңбек құқығының біртұтастығын және әр
түрлілігін көрсететін жалпы (барлық қызметкерлер үшін) және арнайы
(қызметкерлердің кейбір санаттары үшін) еңбек заңнамасы енеді;
3) еңбек құқығы қайнар көздерінің барлығы заңдарға және заңға сәйкес
актілерге бөлінеді. Заңдар, өз кезегінде, негізгі (Конституция), өзге де
конституциялық (Адам құқықтарының жалпы декларациясы) және ағымдағы
(мысалы, ҚР мереке күндері туралы заң) деп бөлінеді. Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен ҚР Еңбек кодексі Қазақстан
Республикасының аумағында жоғарғы күшке ие.
4) бұл жүйеде мамандандырылған органдардың (мысалы, ҚР Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) актілері мен еңбекті қорғауға, еңбек
заңнамасына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мамандандырылған
мемлекеттік инспекциялардың нормативтік бұйрықтары, ережелері,
нұсқаулықтары бар;
5) ҚР еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесіне, сонымен қатар, Қазақстан
Республикасы таныған еңбек мәселелері жөніндегі халықаралық-құқықтық
актілер және Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттермен әлеуметтік-еңбек
қатынастары бойынша бекіткен халықаралық шарттары жатады. ҚР
Конституциясында осы халықаралық нормалардың ұлттық заңнамадан үстемдігі
атап көрсетілген.
Еңбек құқығының барлық қайнар көздерін бағыңыстылығы бойынша заңдар мен
заңға сәйкес актілер деп қана емес, олардың әрекет ету ауқымы бойынша
(республикалық, облыстық, қалалық, салалық жарғылар, ережелер) және еңбек
құқығының жүйесі, яғни, институттар бойынша да бөлуге болады. Еңбек
құқығының қайнар көздері болып табылатын нормативтік құқықтық актілер үшін
олардың әрекет ету күшінің басталу және аяқталу уақытын, яғни, олардың
уақыттағы шектерін белгілеудің тәжірибелік маңызы зор. ҚР Конституциясының
нормалары мен ережелері оны ресми түрде жариялаған күннен бастап күшіне
енеді. 1995 жылға 30 тамызда республикалық референдумда Конституцияны
қабылдаған күн Қазақстан Республикасы Конституциясының күні деп саналады.
ҚР Конституциясы күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында
қолданыста болған заңдар мен өзгеде құқықтық актілердің Конституцияға қайшы
келмейтін бөліктері қолданылады. Конституция және оның жекелеген
нормативтік ережелері белгіленген тәртіп бойынша жаңа Конституция
қабылдағанға дейін немесе осы ережелерге өзгертулер мен толықтырулар
енгізетін конституциялық заң қабылдағанға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары және ҚР
Үкіметінің қаулылары, егер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет
ҚР дін туралы заңнамасы пәнінен лекциялар жинағы туралы
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Биoлoгия caбaғынaн cыныптaн тыc жұмыcтapды ұйымдacтыpy
Табиғат пайдалану құқығы
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Педагогика және психология мамандығында арнайы
Педагогика тарихы курсының мазмұны
ҚАЗІРГІ САБАҚ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Жалға алу шарты
Пәндер