Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теориялар. Азаматтық құқықтың қатынастары объектілері, субъектілері


Жоспар
- Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теориялар.
- Мемлекеттің функциясы басқару түрі.
- ҚР-ның конституциясы туралы ұғым.
- Конституциялық мәртебе
- Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен байланысы.
- Азаматтық құқықтың қатынастары объектілері, субъектілері.
- Мідеттілік мазмұны.
- Шарттың жасалу тәртібі, шарттың түрлері.
- Ата-аналық құқықтың қалпына келтірілуі.
- Бала құқығы.
1. Мемлекет тақыр жерден пайда болған жоқ. Ол рулық басқару жүйесін жоққа шығару және сонымен бір мезгілде оның өзіндік бір жалғасы болып табылады. Олардың арасында жақсы жаңалықтан кенде емес кейбір институттардың сабақтастығы айқын көрініп тұрады. Біріншіден, рулық басқарудың көптеген институттары (мысалы, процедурасы күрделі және қатысушылары тең құқықты жалпы жиналыс) ысырылып, тасталып, билік ету-мәжбүрлеу бағытындағы басқармамен алмастырылады. Екіншіден рулық басқарудың бірқатар институттары (мысалы, әскери басшылар мен көсемдер немесе сайлау институты) елеулі өзгерістерге ұшырап қоғамның тіршілік әрекетінде жаңа жағдайларға бейімделеді сипатын функциясы мен міндетін өзгертіп қалай болған да сақталып қалды. Үшіншіден, бұл процесте басты нәрсе әлеуметтік жағынан әр алуан, антогонизмдерімен және күресімен сипатталатын қоғамға арналған әкімшіл-бұйрықшыл, мәжбүрлеу-күштеу сипатындағы жаңа институттардың қалыптасуы, апробациялануы, іріктелуі, жетілдіруі болып отыр.
Мемлекет туралы ұғым. Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Мемлекет тек өзіне ғана тән функцияларры, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады.
Мемлекет деген бұл - адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзегег асыру кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық күш-құралдары бар;
в) тапсырманың орындалуына қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің рулық басқару ұйымынан басты айырмашылығы сол, онда арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болуымен немесе, оқу және монографиялық әдебиеттер атайтындай, «жария-биліктің» болуы тән.
Теологиялық және патерналистік теориялар мемлекеттің пайда болуының ең ерте және теорияларының қатарына жатиады. Теологиялық теориялар мемлекеттің құдайшыл мәнімен келіп шыққан, бұл теориялары мен тілегінің жүзеге асуын және жазмыштың жазуын ғана көреді.
Қоғамдық келісім теориясы бойынша, мемлекеттің пайда болуының негізінде адамдардың келісімі мен олардың келісіп іс істеу факторлары жатыр. Озбырлық теориясы мәжбүрлеу факторының мемлекеттің пайда болу және даму процесіндегі бірінші себебі деп санады.
Диалектикалық-материалистік теория мемлекеттің пайда болуын табиғи-тарихи себептермен - өндіріс қаржысының жеке меншіктің пайда болуымен, қоғамдық тапқа бөлінуінмен шиеленіскен әлеуметтік келіспеушіліктер мен қарсыласулар тудыратын олардың теңсіздігімен, таптық қарама-қайшылықтың ымырасыздығымен түсіндіреді.
2. Ең алдымен функцияның мағынасы туралы, яғни мемелекеттің қоғамдық қатынастарының қандай да бір саласына белсенді және мақсатты ықпалы туралы айту керек. Мұндай ықпалдың процесінде мемлекет бір қатынасты бекітіп, дамытып, жетілдіруге тырысса, екіншісін бейтараптандырып немесе тіпті жеңіл шығады, үшіншісінің - жаңадан пайда болуына мүмкіндік тудырады және т. б. Мемлекеттің ықпал ету объектісі болып табылатын бұл қатынастар бір функцияны екіншісінен ерекшелйтін белгі ретінде саналады. Функцияның нақты мағынасы өзінен ие болуға мұқтаж.
Мемлекет функциясының оны жүзеге асыру әдісі сияқты мынандай компонентін бөліп көрсету керек, оның астарынан ара қатынасты а) сенімді және мәжбүрді, б) басқаруды орталықтандырудың және орталықсыздандырудың бастауын, в) авторитарлық пен қоғамдық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлық варианттарын еркін таңдау принциптерін түсінуге болады.
Мемлекеттің ішкі функцияларына сондай-ақ мына төмендегілер де датады:
-идеологиялық бұл функцияның мақсаты - халықтың арасында мемлекеттің саясатын түсіндіру, осы азаматтардың көпшілік тобының қолдануы мен мақұлдауын қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарын, ғылыми-білім беру, мәдени-ағарту және мекемелердің басқа да идеологиялық бағытын аталған міндеттерді шешуге жұмылдыру;
- қорғаушы, бұл функция конститутциялық құрылымды сақтау мен нығайту мемлекеттік және қоғамдық қуіпсіздікті, заңдылықты, құқық тіртібін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қмстамсыз ету, әлеуметтік және ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты реттеу, қылмыспен және құқық бұзушылықпен күрес, мемлекет жарлығын қоғамдық өмірге қатысушылардың барлығының сақтауына қол жеткізу міндетін шешуге бағытталған;
- экологиялық, бұл функция айналадағы ортаны қорғауды, табиғат байлықтарын сақтауды мемлекет тарапынан атқарылатын қызметті қамтиды.
Сыртқы функциялар халықаралық қатынастар саласына қатысты және оның сыртқы саяси міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды.
Мемлекеттің сыртқы функцияларының ішінде елдің қорғаныс функциясы маңызды орын алады. Оның мақсаты басқа мемлекеттердің тарапынан болатын қауіп пен олардың агрессия-әскери потенциалды құру және байыту.
3. Конститутйия ұғымы ерте заманда сонау Грецияда Аристотель қалыптастырған болатын. Ол кездще « конститутция» деген сөз «саяси құрылыс» ұғымын білдіретін.
Конститутция сөзі ( латынның constitution - бекіту, орнату деген сөзі) рим империясы заңдарында императорлардың құқық көздеріне айналған түрлі нұсқаулары мен жарлықтарын білдіреді. Орта ғасырларда феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала бастады.
Конститутция ұғымының қазіргі түсінігі XVIII ғасырдан бастап орнықты. Алғашқы конституция 1987 жылы АҚШ-та, сонана соң 1989 жылы Францияда қабылданды.
Конститутцияның ерекше белгілерін айқындай отырып, құқықтанушылар, оны ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте оны ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғарғы заңдық күші бар, бір жағынан адам мен қоғамның, екінші жағынан адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар негізін, қоғамдық және конститутциялық құрылыстың негіздерін адам азаматтың негізгі құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін, мемлекеттің құрылысын, ел басының өкілеттілігін, өкіметтің заң шығарушы, атқарушы және сот органдарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару буындарын ұйымдастыру және олардың қызметі қағидаларын бекітуші әрі реттеуші. Негізгі Заң ретінде тұжырымдйды. Оның басты мақсаты- азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды, конституциялық құрылыстың мызғымайтындығын, еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуын оның халықаралық қатынастарын қамтамасыз ету болып табылады.
Теологиялық теория кноститутцияның мәнін адам қоғамына өмір сүру ережесін құдіретті күш тұжырымдаған, сондықтан конститутция мәтінінен жоғарғы әділеттіклікті, ақыл-парасаттылықты көреміз, -деп түсіндіріледі.
4. Қазақстан Республикасының қазіргі Конститутциясы бесінші Ата заң (1926, 1937, 1978, 1993, 1995 жж. ) . Кейінгі екеуінің алдыңғылардан елеулі айырмашылығы сол - бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады. Кейінгі Ата Заңда (1995 ж. ) құқықтық мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары, азаматтары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соны ішінде жеке адамның жан-жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси әр алуандығы (сөз бен шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық қозғаолыстар бірлестігі), халық билігін жүзге асырудың демократиялық амалдары, экономикалық қатынастардың демократиялық амалдары, экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай бейнеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заң 1995 жылғы 30 тамызда ремпубликалық бүкілхалықтылық дауыс беру ( референдум) арқылы қабылданады. Ата заң қабылданған күн демалыс - мемлекеттік мереке-Қазақстан Республикасының Конституциясы күні жарияланған.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы кіріспеден (преамбуладан), негізгі мәтіннен, қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады. Кіріспеде, әдетте, Ата Заңның мақсаты баяндалып, оны қабылданудың тарихи жағдайы, кейде құқықтар мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясатта басшылыққа алатын негіздер көрсетіледі.
Конституцияны: 1) нысанына; 2) қолданылу тәртібіне; 3) өзгертілу әдісіне қарай осындай түрлерге, белгіленге бөлу қабылданған. Заң құжаттарында көрсетілгеннен басқа реттерде қозғалатын мүлікке құқықтарды тіркеу талап етілмейді, ал қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен баска құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс.
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік, бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасының құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сүқпаушылық құқығы, басқа да мүліктік емес игіліктер мен құқықтар жатады.
Нысанына қарай Конституцияның екі түрі бар, олар: жазбалы және жазбалы емес конституциялар.
Федерациясында, Қазақстан Республикасында), бұлар осы елдердің негізгі заңдары деп ресми түрде жарияланған.
Конституцияларды өзгерістер мен түзетулер енгізілу әдістеріне қарай қатаң және олқы деп бөлуге болады. Қатаң конституцияларды сайлаушылар қауымы тікелей референдумда (Ресей Федерециясында, Қазақстан Республикасында, т. б. ) не арнаулы құрылтай жиналыстарына мқұлдп, қабыйдайды.
Олқы конституцияларды әдетте Парламенттер қабылдайды, ал оларға өзгерістер мен түзетулерді енгізу жай заңдарға тәріздес тәртіппен, яғни көпшілік дауыспен (50%+1) заң органдары енгізеді. Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-23 баптарында аталған құқықтар мен бостандықтар кейде «азаматтардың өзіндік құқықтары мен бостандықтары» деп те аталады, оларға мемлекет тарапынан берілген кепілдіктің деігейі өте жоғары.
5. Азамат мемлекеттік қызметке мына жағдайларда қабылдануға тиісті емес.
а) егер ол белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қаблеттілігі кемшіт деп танылған болса;
ә) егер оны сотпен белгілі бір мерзімге мемлекеттік-лауазымдар атқару құқығынан айырған болса;
б) лауазымдық міндеттерін орындауға кедергі келтіретін медицина мекемесінің қорытындысымен анықталған науқасы болса;
в) мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін-тәртіптік жауапкершілікке тартылған немесе қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданған болса;
г) мемлекеттік қызметке кіру уақытында өтелмеген немесе заңда белгіленген тіртіппен алынбаған соттылығы бар болса.
Аталған мәліметтерді табыс етпеген немесе бұрмалаған жағдайда мемлекеттік қызметке алуға жатпайды.
Мемлекеттік қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сәйкес келуге:
1) Республиканың заңдарында тиісті лауазымдар жөнінде өзгеше жас белгіленбесе, жасы он сегізге толған Қазақстан Республикасының азаматы болуға;
2) тиісіті білікті талаптарына сәйкес келетін қажетті білімі мен кәсіби даярлық деңгейі, сондай-ақ заңдарда көзделген жағдайларда жұмыс өтілімі болуға тиіс.
6. Құқық қатынастарына қатысышулардың азаматтық құқықтары мен міндеттері болады, олар құқық қатынстардың субъектілері деп аталады. Азамсаттық заңдармен реттелген қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады деп көрсетілген.
Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі. Қазақстан Республикасының азаматтары.
Азаматтық құқық қатынастарына Қазақстан Республикасының азаматтарымен қоса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қатыса алады.
Заңды тұлға анықтамасынан әрбір ұйымның бәрі бірдей азаматтық құқық қатынастарына қатысушы бола алмайтыны көрінеді.
Республика аумағына жұмыс істейтін шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардығы заңмен (кейінгі өзгерістерімен қоса) реттеледі.
Азаматтық құқық қатынастардың объектілері. Әдетте құқық қатынастарының объектілері деп аталған құқық қатынасы бағытталған және бір ықпал жасайтын нәрсе түсініледі.
7. Азаматтық-құқықтық қатынастардың арасында көп кездесетін негіздерінің бірі-міндеттемелер.
Міндеттемеге сәйкес бір тұлға (борышкер) басқа тұлғаның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т. б. сол сияқты белгілі әрекеттер жасауға не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті.
Міндеттеменің субъектілері: несие беруші және борышқор.
Міндеттемеге бір мезгілде бірнеше несие берушілер мен борышқор қатыса алады. Мұндай ережені міндеттемелік көп жақтылық деп атаймыз.
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.
Неке-бұл «ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленеген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ».
8. Заңмен белгіленген шартттар бұзылған жағдайда неке жарамсыз деп танылады. Сондай-ақ жалған неке жарамсыз деп танылады белгіленген заң тәртібімен тіркелсе де, «отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке» жалған неке деп танылады. Некеге тұру фактісінен көрінетіндей, жалған неке кейбіреулердің бас пайдасы үшін ғана жасалады.
Мәжбүрлеу қиылған неке жармсыз деп танылу мүмкін. Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға жұбайлар, прокурор, қорғаншы және қамқоршы оргндар, сондай-ақ осы некені тіркеу кезінде құқықғы бұзылған басқа да адамдардың құқылы.
Неке жасы жөніндегі шарт бұзыла отырып қиылған неке кәмелетке толмаған басқа да адамдар құқылы.
Неке жасы жөніндегі шарт бұзыла отырып қорғаншысының, (қамқоршысының) және прокурордың талап қоюымен жарамсыз деп танылады. Егер кәмелетке толмағандардың ісін қорғау кезінде жұбайы он сегіз жасқа болса, онда тек соның өзінің талабы бойынша жарамсыз деп танылады. Шарттың құқықтық институт ретінде қалыптасуы және шарттық құқық нормаларының дамуы сауда айналымының дамуымен етене байланысып жатыр. Шарт зат алмасудың негізгі құқықтық нысаны болып табылады, яғни тауар бір меншік иесінен екіншісіне ауысып отырады.
Қолтаңбалар мен мөрлері бар қағазды шарт деп түсіну, аңғалдық болар еді. Ол дұрыс емес.
Шарт дегеніміз тараптардың арасында туындайтын өзара міндеттемелер жүйесі екенін түсінбеушілік көпшілікті тығырыққа тіреп жүр. Шарт талаптары тең қарастырылмаған қандай шаралар қолданса да қиындық туып, орындалмаған күйде қалуы мүмкін. Ойластырылмаған, ретсіз міндеттемелер жиынтығы пайдалы істерден гөрі көп қиындықтарға душар етеді әрі әр тарап өзін қысым көруші ретінде қабылдап, екінші тарап айыпты деп санайтын дау-шарлардың көзі болады. Ал бұл жағдай шынтуайтына келгенде, шарт жасау кезінде оның талаптарын дайындауға шала-шарпы, үстірт қарағандықтан болған нәтиже деп қарау керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz