Джеймс Мэдиссонның саяси-идеялық көзқарасы


Джеймс Мэдиссон (1751-1836) - АҚШ-тың төртінші президенті, Филадельфия конвентіне қатысушы және «Федералист» еңбегінің авторларының бірі. Ол қазір АҚШ-та болып жатқан республикалық басқару идеясын жасауға, сонымен қатар дербес биіктер тепе-теңдігі теориясын жасауға үлкен үлес қосқан. «Федералист» - мемлекеттік биліктің алғашқы қағидаларының анализіне айналды, ал уақыт өте келе ФҚШ-тың жоғары соты үшін конституциялық құқықтық қайнар көзі және барлық американдық конституциялық тәжірибені зерттеу үшін керекті кітапқа айналды.
Мэдиссонның шығармашылығында көптеген ғасырлық идеялық дәстүрлер көрініс тапты: табиғи құқық және қоғамдық келісімнің дәстүрлері, адам құқықтары туралы заң жобаларына және үкіметтік биліктің салаларын конституциялық реттеуде философиялық сынау және ежелгі республикалардың тәжірибелерін қарастыру. Өмірінің аяғына қарай ол өзінің кейбір ойларын қайта қарастырып, демократиялық республиканы жақтаушыларға жақындады Мэдиссон қоғам мен мемлекеттегі әлеуметтік әртүрліліктің рөлі мен маңызына үлкен назар аударды. Олар бейімділік пен мүдденің әртүрлілігінен пайда болады.
Мэдиссонның айтуы бойынша, әсіресе экономикалық мүдде әртүрлілік пен жанжалдың қайнар көзі болады. ол көлемі жағынан кіші республик азамат соғысы кезінде құлайды деп есептеген. Көптеген орта тап өкілдері бар үлкен мемлекет тұрақты өмір сүруге бейім. Яғни, ол қоғамдық негізгі тап өкілдерінің қарапайым жетістіктеріне және олардың басқарудың қарапайым нысанын қорғауға бейім екендігіне байланысты ден ойлады. Бұндай жағдайда кедей және бай азаматтардың топтарына қарағанда азаматтардың құқықтық және саяси қатынасы еркін болады. Топтар(фракция) туралы әлемнің саяси беделді зерттеушілері Фукудит, Макиавелли, Юм, Адамс жазды. Мэдиссон болса, бұны жалғастырып, фракция түсінігіне жаңалықтар енгізді. Федералист №10 жазылғандай, фракция - ортақ мүдде, көзқарас үшін бір қимыл жасауға бірігетін азаматтар тобы, бірақ ол басқа азаматтардың және қоғамның жиынтық мүддесіне қарама-қайшы, оны ығыстырыды.
Осындай мәселені екі жолмен шешуге болады:
- Фракция тудыруға себеп болған мәселені шешу.
- Оның өмір сүру зардаптарын зерттеу.
Фракция пайда болу себебі адам табиғатында жатыр. Сондықтан оған байланысты барлық теңсіздікті толық жою мүмкін емес. Тек қана фракцияны бақылауға ала отырып, пайда болу зардаптарын жеңілдетуге болады. Фракциондық бейімділіктері бар топ адамдар сатып алу арқылы немесе басқа да жолдар арқылы дауыс алуы мүмкін, ал артынан халықтың мүддесін сата салуы мүмкін. Қоғамдағы үлкен емес фракциондық әртүрлілік кем дегенде екі нәрсеге - көпшілік пен азшылыққа әкеледі. Үлкен республикада қоғам үлкен фракция спектірінен тұратын бір ұлтты қалыптастырады.
Фракцияның пайда болуына сонымен қатар адамдардың дінге немесе билік жүйесіне әртүрлі көзқарастары әсер етеді. Көбіне Фракцияның пайда болуына мүліктік жағдайдың теңсіздігі себеп болады. Мэдиссон бойынша, фракция - саяси, мүліктік, эмоционалдық мүдде немесе қасиет бойынша адамдардың бірігуі.
Қоғамдық билік салаларының өзара қатынасы мәселесін Мэдиссон мыналармен байланыстырады: ортақ билік массасын құрайтын салалардың жекеленуі, құраушы бөліктер арасында осы билік массасының бөлінуі, яғни заң шығару, атқару, сот билігі және бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуы керек. Балансталған үш билік бөліну мен жекеленуінің жүйесін жасау идеясы осылайша пайда болды. оны бөтіндей тежемелік, әрі тепе-теңдік жүйесі(system of checks and balances) деп атайды. Билікті тең бөлу керек, басқа жағдайда мемлекет жүйелі түрде қалыптаса алмайды.
Жұмысымды қорытындылай келе, мен Джеймс Мэдиссонның Америка азаматтарына тигізген теңсіз пайдасын айтқым келеді. Өмірі мен шығармашылығын зерттей отырып, мен оның халқына және мемлекетіне сүйіспеншілігін байқадым. АҚШтың төртінші президенті өз елі, ішіндегі үкіметтің билік жүйесі, азамат құқықтары туралы өте қатты толғанды. Бұл мәселелерді зерттей отырып, ол ең жақсы шешімдерді тапты деп сенемін. Өйткені, Томас Джефферсон, Джордж Вашингтонмен бірге құрастырған конституциясы бүгінге дейін күшін жоғалтпай, жұмыс істеуде және басқа жас демократиялық елдерге үлгі беруде. Джеймс Мэдиссон - АҚШ-тың нағыз ойшылдарының бірі, қайталанбас тұлға, АҚШ қоғамының жарық болашағына сенген қайраткер. Оның арқасында үкімет биліктің дұрыс жолын тауып, әлі де қазіргі заманға сай өркендеуде.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Халықаралық қатынастар факультеті
Джеймс Мэдиссонның саяси-идеялық көзқарасы
эссе
жазған: Сарсеков Ф. Б.
тексерген: Салимбаева А. С.
Алматы - 2006
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz