Жалпы экологияға кіріспе


Жалпы экологияға кіріспе. Экология пәні, оның міндеттері мен әдістері

Адамзат қоғамының табиғатпен қарым - қатынасы қазіргі заманның ең маңызды проблемаларының біріне айналды. Адам жерде пайда болган кезден бастап оның биосфераға тигізетін әсері үнемі үдеп отырды. Бірақ тек индустриалдық қоғам және демографиялық жарылыс жағдайында ғана Адам әрекетінің жағымсыз зардаптары ғаламдық сипатқа ие болды. Қоршаған орта бұған дейін ешқашан байқалмаған қарқынмен ластанып жатыр. Энергетикалық және минералдық ресурстардың сарқылу үрдісі байқала бастады. Антропогендік әрекеттің саналуан түрлері жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуына әкеліп соқты. Табиғи ортаның химиялық ластануы, радиациялық жағдай, азық -түлік пен ауыз судың сапасының нашарлауы және т. б. халықтың денсаулығының нашарлауына әкеліп соқты. Бірқатар ғаламдық ээкологиялық проблемалар пайда болды: жылыжай эффекті, озон қабатының жарыруы, әлемдік мұхиттың ластануы, шөлдену және т. б. Экономиканың экстенсивті дамуына байланысты экологиялық жағдай Қазақстанда да күрт нашарлады: Арал экожүйесінің бұзылуы, Каспий маңында және Шығыс Қазақстандағы қолайсыз экологиялық жағдай; Семей сынақ алаңына іргелес жатқан территориялар, топырақтың құнарсыздануы және т. т.

Экология мақсаты студенттерде қоршаған ортаға және өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау сезімін қалыптастыру. Мұндай көзқарас болашақ магистрлардын экологиялық тұрқыдан сауатты шешімдер қабылдап, сол арқылы биосфераның тұрақты дамуына көмектесуіне септігін тигізеді.

Пәнді оқытқандағы міндет:

- тірі ағзалардың, әртүрлі деңгейде ұйымдастырылған экожүйелердің, бүкіл биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын және олардың тұрақтылығын оқып-білу;

- биосфера компоненттерінің өзара әсерлесу заңдылықтары және адамның шаруашылық әрекеттерінің, әсіресе табиғатты қарқынды пайдалану кезіндегі салдарлары туралы білімдерді қалыптастыру;

- әртүрлі мемлекеттердегі және Қазақстан Республикасындағы тұрақты дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы және практикалық міндеттері туралы заманауй түсініктерді қалыптастыру.

Экология ғылымының даму тарихы

“Тұрақты даму” ұғымының пайда болу тарихы: Рим клубы, Медоуз және Форестер еңбектері (өсу шектері, 1972) . БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бірінші конференциясының декларациясы (Стокгольм, 1972) . Рио-де-Жанейрода (1992) және Йоханнесбургте (2002) өткен Дүниежүзілік саммиттер. Еуропа қалаларының тұрақты даму хартиясы (Ольборг қаласы, Дания, 1994) . Тұрақты даму факторлары: экологиялық фактор (өркениет дами алалтын дәліз шекаралары), экономикалық фактор (нарық жүйесін қайта құру), әлеуметтік фактор (ауылшаруашылық өндірісі, адам құқықтары, демография) . Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Тұрақты даму деңгейлері-жергілікті, аймақтық ұлттық, мемлекетаралық, әлемдік деңгейлері. Әр деңгейдегі тұрақты даму мүмкіншіліктерін анықтаушы факторлар. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету жолындағы халықаралық ынтымақтастық. Тұрақты дамудың ғылыми теориясын жасау жолындағы халықаралық ұйымдардың қызметі.

Экология туралы түсінік және оның пайда болуы.

Қазіргі заманғы экологияның мәні мен міндеттері. Экология ғылымының негізгі зерттейтін бағыттары. Экологияның неігзгі даму кезеңдері. Экологияның зерттеу әдістері. Адам экологиясы және халықтық экология бағыттары. Биологиялық -экологиялық зерттеулер бағыты. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы. Экологияның салалары.

Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды

пайдалану - тұрақты даму аспектілерінің бірі

Қоршаған ортаны оңтайландыру - табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі. Жердің табиғи ресурстарының сипаттамалары: литосфера, гидросфера және атмосфера ресурстары. Табиғи ресурстардың классификациясы: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына келмейтін ресурстар. Биологиялық ресурстар және азық-түлік қауіпсіздігі. Табиғатты қорғау. Табиғатты ұтымды пайдалану, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар. Экологиялық тұрғыдан таза, альтернативті энергия көздерін пайдалану - экожүйелер мен қоғамның тұрақты дамуының маңызды құрамдас бөлігі.

Биосферадағы тұрақсыздықтың пайда болуының

анторпогендік факторлары

Қоршаған ортаға түсетін антропогендік салмақтың өркениет түрлерінің олардың даму сатыларына байланысты жіктелуі. Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың ролі. Табиғат пен қоғамның өзара қарым-қатынас тарихы: негізгі кезеңдері (биогендік, аграрлық, өнеркәсіптік, ақпараттық), өзгешеліктері және сабақтары. Қазіргі заманның әлемдік экологиялық проблемалары (климаттық өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, қышқыл жаңбырлар, шөлдену, биологиялық әралуандылықтың кемуі, әлемдік мұхитың ластануы және т. б. ) олардың пайда болу себептері және зардаптары. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің қарқынды дамуына байланысты пайда болған экологиялық проблемалар. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық ластануы және олардың экологиялық-генетикалық зардаптары.

Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық проблемалары

және тұрақты даму

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есіл қалалық экологиясы
Метакрил қышқылын өндіру
Экологиялық мәселелерді экономика тарапынан шешу
Ядролық апаттар
Ұлттық экологиялық проблемалар
Табиғатты пайдалану экономикасы
Экологиялық менеджменті және экологиялық басқару
Экономикалық зерделеу
Арал экологиясының ахуалы
Zhan Travel турфирмасы негізінде тұрақты туризмді дамыту жолдарын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz