Ғафу Қайырбеков



1 Қазақтың белгілі ақыны Ғафу Қайырбеков
2 Жылқының тарихы
3 Жылқының түрлері
Қазақтың белгілі ақыны Ғафу Қайырбеков: «Ана сүті мен жылқы сүті – біздің тарихымыздың басы» – десе, Қажытай Ілиясұлы: «Қазақ тарихы – жылқы тарихы да, жылқы тарихы – қазақ тарихы» - дейді. Ал қазақ менталитетін философиялық негізде сипаттаған философ-ғалым Д.Кішібеков өз еңбегінде Иран (парсы) мен Тұран арасындағы соғысты бейнелеген Әбілқасым Фирдоусидің «Шах наме» (шахтар кітабы) деп аталған данышпандық шығармасындағы Тұран деген атаудың мағынасын «аттылар», «жылқы өсіруші елдер» деп түсіндіреді.

Демек, өзіндік мәдениетіне сәйкес күнделікті өмірінің әрбір кезеңін жылқы малымен тығыз байланыстырған қазақ халқы оның (жылқының) өсу, даму кезеңдерін жіті қадағалап, тани білген.

Тарихи мәліметтерге сүйенсек, біздің жыл санауымыздың ІҮ мыңыншы жылының аяқ шенінде Еуразия сахарасының адамдары даланың ең жүйрік аңы – жылқыны қолға үйреткен. Осы кезеңнен бастап салт атты көшпелілер пайда болған. Белгілі зерттеуші археолог К.Ақышев тағы жылқыны қолға үйретуді: «Верховой конь в истории развития человеческой цивилизации сыграл такую же роль, как паровая турбина для прогресса в индустриальную эпоху. Использование верховного коня, а затем коня как упяржное животное, ознаменовало начало покорения человеком времени и пространства» деп жоғары бағалайды. Бірнеше Шығыс және Батыс деректеріне қарағанда жылқы малы алғаш рет Орта Азияда Түркістанның Иранға жақын өлкелерінде қолға үйретілген. Негізінде бұның б.э.б. 8000-4000 жылдар арасында болғандығы айтылған. Өйткені Орта Азияда, түркілердікі деп анықталған қорғандарда жасалған археологиялық қазбалардан шыққан нәтижелер бұл теорияны дәлелдейді.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қазақтың белгілі ақыны Ғафу Қайырбеков: Ана сүті мен жылқы сүті – біздің
тарихымыздың басы – десе, Қажытай Ілиясұлы: Қазақ тарихы – жылқы тарихы
да, жылқы тарихы – қазақ тарихы - дейді. Ал қазақ менталитетін
философиялық негізде сипаттаған философ-ғалым Д.Кішібеков өз еңбегінде Иран
(парсы) мен Тұран арасындағы соғысты бейнелеген Әбілқасым Фирдоусидің Шах
наме (шахтар кітабы) деп аталған данышпандық шығармасындағы Тұран деген
атаудың мағынасын аттылар, жылқы өсіруші елдер деп түсіндіреді.

Демек, өзіндік мәдениетіне сәйкес күнделікті өмірінің әрбір кезеңін жылқы
малымен тығыз байланыстырған қазақ халқы оның (жылқының) өсу, даму
кезеңдерін жіті қадағалап, тани білген.

Тарихи мәліметтерге сүйенсек, біздің жыл санауымыздың ІҮ мыңыншы жылының
аяқ шенінде Еуразия сахарасының адамдары даланың ең жүйрік аңы – жылқыны
қолға үйреткен. Осы кезеңнен бастап салт атты көшпелілер пайда болған.
Белгілі зерттеуші археолог К.Ақышев тағы жылқыны қолға үйретуді: Верховой
конь в истории развития человеческой цивилизации сыграл такую же роль, как
паровая турбина для прогресса в индустриальную эпоху. Использование
верховного коня, а затем коня как упяржное животное, ознаменовало начало
покорения человеком времени и пространства деп жоғары бағалайды. Бірнеше
Шығыс және Батыс деректеріне қарағанда жылқы малы алғаш рет Орта Азияда
Түркістанның Иранға жақын өлкелерінде қолға үйретілген. Негізінде бұның
б.э.б. 8000-4000 жылдар арасында болғандығы айтылған. Өйткені Орта Азияда,
түркілердікі деп анықталған қорғандарда жасалған археологиялық қазбалардан
шыққан нәтижелер бұл теорияны дәлелдейді.

1 Жылқының тарихы

Жылқы (Eguus caballus) – тақ тұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Қазба
қалдықтары жылқының б.з.б. 7000 жылдан бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға
үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, қазіргі
жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Жабайы жылқының сүйегі Францияның
солтүстігінен көп табылған. Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға
үйретілген жылқылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен. Қазір
Моңғолияда ғана жабайы Жылқы үйірлері кездеседі. Оны Пржевальский жылқысы
(қ. Керқұлан) деп атайды. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша кәдімгі
жылқының ең жақын тегі осы керқұлан. Қолға үйретілген кәдімгі жылқынынң
(Eguus caballus) шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт
міну, арбаға не шанаға жегу, спорттық бағыттарда өсіріледі. Шоқтығына
дейінгі биіктік 50-185 см, салмағы 60-1500 кг болады. Жылқы орта есеппен 18-
20 жыл, кейде 40 жылға дейін жасайды. Түсі қылаң, бараң, ала болып
бөлінеді. Қылаңға ақбоз, боз, бурыл, теңбіл, құбақан, сары, құла, құла
жирен, шабдар, көк, сұр, құлагер, қызыл, нарқызыл, т.б. Жылқылар: баранға
торы, қара, қаракөк, қарасүр, қоңыр, жирен, күрең, т.б. Жылқылар: алаға
сарыала, сүрала, көкала, керала, қарала, қоңырала, күреңала, т.б. жылқылар
жатады. Алыстан қарағанда жылқының денесіндегі бозғыл түктер басым болса,
ол қылаң жылқы деп аталады. Қошқыл түстер көбірек болса, баранға жатады.
Ерекше кездесетін түстер болады. Мысалы, шұбар, бозшұбар, көкшұбар,
қарашұбар, т.б. Жылқы будандары қашыр, қарта қашыр (лошак), құланоид (құлан
мен жылқы буданы), зеброид (зебр мен жылқы буданы) деп аталады.

2 Жылқының түрлері

Жылқы жүк жылқысы (Владимир жылқысы, т.б.), мініс Жылқысы (Араб жылқысы,
ахалтеке, т.б.), жазық дала жылқысы (Дон жылқысы, Буденный жылқысы,
Қостанай жылқысы, моңғол жылқысы, қазақ жылқысы, т.б.), тау жылқысы
(кабардин, қарабақ, қырғыз, алтай жылқылары, т.б.), солтүстік дала жылқысы
(витский, эстон, якут жылқылары, т.б.) болып ажыратылады. Дүние жүзінде
жылқының 250-дей түрі бар. Қазақстанда жылқының 16 түрі өсіріледі.Еуропа
зерттеушілері Н.Бахметьевтің (1870), С.Вогактың (1873), А.Гердердің (1875),
А.Вилькинстің, т.б. еңбектерінде жазылып қалған. 19 ғ-дың 80-жылдары
Австрия подполковногі А.Дандевильдің Орынбор даласында арнайы сапар шегіп,
Австрия армиясы үшін 3000 қазақ жылқысын сатып алғаны туралы дерек
сақталған. Қазақ даласында өсірілген. Қазақ халқы жылқы малын 3 топқа
бөлген. Белгілі этнограф М.Бабажановтың 1871 ж. Ресейдің Журнал охота
(№6, 7, 11, 12) және Журнал коневодство и коннозаводство (№4, 5, 6)
басылымдарында жарық көрген мақалдарында қазақ халқы өсіретін жылқыларды үш
топқа бөледі: 1) күшті, еті тығыз аттар. Ауыр жұмыстарға, жүк тартуға, көші-
қоңға пайдаланылған; 2) жүрдек аттар. Күші мығым ат пен бәйге атының
арасындағы, салт жүріске жарамды жылқылар; 3) жүйрік аттар. Осы соңғы
топтың өзін автор қарғыншыл (2, 4, 8 верст қашықтыққа ғана шабатын ұшқыр
ат), қашағаншыл (бұл да аз қашықтыққа, асауды қайыруға пайдаланылады) ат,
шын жүйрік ат деп бөледі. Зерттеушінің бұл пікірі қазақ халқының жылқы
шаруашылығындағы белгілі бір жүйе болғандығын қуаттайды. Қазақтар бәйгеге
қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деп әлпештеп, ерекше
күтімге алған. Ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махамбетті жырлау – халықтың рухын жырлау
Поэзия
Мұңайтпасұлы Қажымұқан
Әдебиеттің тектері мен түрлері
Мұңайтпасұлы Қажымұқан туралы ақпарат
Тоқыма өнерінің маңызы
Ұстазым – ұлағатты үлгі өнеге
Еркеш Ибраһимның ақынның мұрасы
Жұмекен Нәжімеденовпен интервью
Ілияс Омаров
Пәндер