«ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ЖӘНЕ ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ МЕН АШУ»


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы:
«ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСҚАН
ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ЖӘНЕ ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН
ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ МЕН АШУ»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Республикамыздың нарық қатынастары жолына түсуі Қазақстан халқының тарихындағы ең маңызды қадамдардың бірі болды. Өйткені, әлем тарихы дәлелдегеніндей өркениетті нарық қатынастарын қалыптастыру ел үшін жасалған прогрессивті игілік. Еліміз қиын жолды таңдағанымен ол дұрыс таңдау.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан халқына жыл сайынғы 2008 жылғы Жолдауында: «Өткен жыл Қазақстан үшін жан-жақты экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолындағы тағы бір сенімді ілгері қадам жасаған жыл болды. Ел Конституциясына енгізілген өзгерістер Парламент пен саяси партиялардың, азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыра түсті. Шетелдік капиталдардың банк секторына келуіне біз Қазақстанға көрсетілген сенім, қажетті қаржылық қолдаудың көзі және банк қызметінің халықаралық озық тәжірибесі ретінде қараймыз.
Демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады. Өткен жылдар ішінде елдің құқық қорғау және сот жүйелерінің криминалдық көріністерге қарсы тұратын, азаматтарымыздың өмірі мен құқықтарын қорғайтын әлеуеті едәуір нығайды. Дегенмен олардың қызметінде елеулі кемшіліктер бар» деп атап көрсетілген. Бұл жөнінде барлық құқық қорғау органдардың қатысуымен Бас прокуратураның жақында өткен алқа отырысында айтылды. Құқық қорғау және сот жүйесі қазақстандықтардың құқықтарының әділ де тиімді қорғалуын, бизнеске заңсыз араласуды болдырмауды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл саладағы басым бағыт - жазалаушы іс-әрекет емес, құқық бұзушылықтарды абайлату мен олардың алдын алу болуға тиіс. Сондықтан биылғы жылы «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасын әзірлеп, Парламентке енгізу қажет. Сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілік негізінде дамыту жөніндегі шараларды жедел қарқынмен іске асыруға тиіс1.
Қылмыстылықпен күресу саласында көптеген мемлекеттік бағдарламалардың қабылдануына байланысты шаралар өздерінің оң нәтижелерін бере бастады. Сыбайлас жемқорлық саласында қабылданған «Сыбайлас жемқорлықпен күресу» Заңының міндеттері мен мақсаттарына жету жолында көптеген сыбайластыққа қарсы механизмдер іске қосылып, онымен күресу мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының, аракідік саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың күн тәртібінен түспейтін болды. Оның өзіндік астары да жоқ емес. Біріккен Ұлттар Ұйымының қылмыстылықтың алдын алу мен құқық бұзушылармен қарым-қатынас жасау мәселелеріне арналған 10-шы Конгрессінде әлемдегі қылмыстылықтың өсу деңгейі қоғамдық және мемлекеттік институттарға әсер ету деңгейі бойынша ол қауіпсіздікке, тұрақтылыққа және дамуға тікелей қауіп төндіретін факторға айналды делінген2.
Қылмысқа қарсы күресті күшейту және құқықтық тәртіпті бекіту мәселесіне арналған Кеңесте Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев қылмысқа қарсы күресті және құқықтық тәртіпті күшейтудің бағдарламасын ұсынды. Өз сөзінде Президент еліміздегі әлеуметтік, экономикалық өзгерістер мен демократиялық мемлекет құру процессі қылмыстылықпен соқтығысып отырғанын айтты. Бұл реформа саясатына, қоғамдағы тұрақтылық азаматтардың өмірі мен тыныштығына үлкен қауіп төндіреді. Мемлекет басшысы ұйымдасқан қылмыстың кең етек алуына байланысты топ болып қылмыс жасау саны жылдан-жылға өсіп отырғанын көрсетті. Қылмыстық топтардың қолында үлкен мөлшерде ақша, оның ішінде шетел валютасы, бағалы қағаздар мен заттар, автомашиналар, оқ ататын, газды және суық қарулар, есірткі заттары шоғырланған. Елімізде болып жатқан 3-ші шабуыл жасап тонаудың біреуін, 2-ші қорқытып алушылықтың біреуін осы қылмыстық топтар жасайды.
Ресми статистикалық ақпараттарға сүйенсек, өткен ғасырдың 90 жылдарының ауыспалы кезеңінде еліміз «криминалдық революция» уақытын бастан кешті, өйткені, 1991 жылы Қазақстанда 173 858 қылмыс тіркелген болатын, бұл көрсеткіштер қылмыстылықтың 1990 жылмен салыстырғанда 17, 4 %-ға (148 053 қылмысқа) артқандығын дәлелдейді. Осылайша Қазақстан бұрынғы Одақтас Республикалардың арасында екінші орынды «иеленді». Нарықтық қатынастарға көшкеннен кейін бұрын соңды кеңсетік дәуірде етек жая қоймаған қылмыстардың жекелеген түрлері белең ала бастады. 1989 жылы Қазақстанда қорқытып алу (рэкеттік) 197 фактісі кездессе, одан кейін ол тіптен өрши түсті: 1990-1992 жылдары - 400-500, ал 1993 -1999 жылдары жыл сайын 900-1300 фактілері тіркелген. Ұйымдасқан қылмыстық топтар экономика саласындағы бәсекелестерді жоюдың, жеңіл ақшаға кенелудің негізгі қайнар-көзіне айналды. Тапсырыспен адам өлтіру сандары арта бастады (алғаш ол Қарағандыда орын алды, белгілі зауыт директоры тапсырыпен адам өлтіру салдарынан қайтыс болды) : 1996 ж. - 7, 1997 ж. - 11, 1998 ж. - 9, 1999 ж. - 14-ке жетті. Ұйымдасқан қылмыстық топтрардың позициялары ерекше күшейді: 1991 жылдың өзінде Қазақстанда 36 ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды, оның ішінде Алматы қ. бойынша - 8, Жамбыл облысы бойынша - 7, Семей облысы бойынша 6, Ақмола облысы бойынша - 5 ұйымдасқан топтардың қылмыстық әрекеттері құрықталды. Ұйымдасқан қылмыстық топтар енді-енді қалыптасып келе жатқан нарықтық экономика механизмдерінің әлсіз тұстарына қолқа салып, жаңа экономикалық құрылымдарға белсенді түрде ене бастады. Осы тұстарда ұйымдасқан қылмыстық топтар құқық қорғау органдарына «әжептеуір» қарсылық көрсете бастады. Америка Құрама Штаттарындағы 1920 жылдары орын алған жағдай (ол кездердегі Америкадағы Аль Капоне сияқты ұйымдасқан топтардың басшыларының экономиканы дұрыс бағытта дамуына кедергі келтірген әрекеттері) Қазақстанда да орын алды.
Алайда, тәуелсіздік алғаннан бергі қылмыстылықтың көрсеткіштерінің деңгейінің «шыңырау шегі» 1993 жылға келеді, себебі, бұл уақытта қылмыстылық саны - 206 000-ға жетті. Қылмыстылықтың деңгейі меншікке қарсы қылмыстардың, оның ішінде ұрлық қылмысына (ұрлық - 103, 6) байланысты саны артты. Одан бергі жылдары қылмыстылық біршама ауыздықталып, оның төмендеу тенденциясы байқалады. Сөйтіп, 2005 жылғы ақпараттарға сәйкес, қылмыстылықтың жалпы саны-72 870-ке дейін төмендеген. Оның құрылымына үңілсек, ұрлық-31 420, бәз баяғы қалпында ол жалпы қылмыстылықтың шамамен 40-50%-дайын, ауыр және аса ауыр қылмыстар-15 426, яғни 21, 17 %-ын, экономикалық қылмыстар-5 090, үлес салмағы-6, 99%-ды құраған. Ал есірткімен байланысты қылмыстар 2004 жылмен салыстырғанда (5 202) 2005 жылы-4 726-ге, яғни-9, 2%-ға төмендеген. Алайда, жалпы қылмыстылықтың көрсеткіштері төмендегенімен, оның ауыр және аса ауыр түрлерінің асқынуы, жалпы бұл құбылыстың қоғамымызда орын алуы оны бақылай алу деңгейінде ұстауға мүмкіндік беретін кезек күттірмейтін тиімді шараларды қолдануды алға тартады. Олай болмаған жағдайда, қылмыстылықтың әлеуметтік, экономикалық, саяси және т. б. реформалардың жүзеге асуына кереғар әсер ететіндігі белгілі. Мәселенің өзектілігі аталған статистикалық ақпараттардың қаншалықты деңгейде шынайы екендігін анықтаумен, қылмыстылықтың алдын алу субъектілерінің, әсіресе құқық қорғау органдарының қызметін бағалау критерийлерін ғылыми зерттеумен, қылмыстылықтың шынайы себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында криминологиялық ақпараттардың құрылымына терең талдау жасаудың қажеттігімен де тығыз байланысты.
Қылмыстық әрекет тек жалғыз адаммен жасалып қана қоймай, сонымен бірге өз күш-жігерлерін біріктірген бірнеше адамдармен де жасалуы мүмкін. Ол адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, ұйымдасқан топ пен қылмыстық сыбайластық болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Экономика саласындағы қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері» нормативтік қаулысында соттардың осы аталған қылмыс түрлеріне байланысты істерді қарағанда «қылмыстық заңдарды дұрыс қолдануы жекелеген азаматтар мен заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға көп септігін тигізетіндігіне көңіл аудару қажеттігі» баса айтылған3. Ал осы қаулының 19 тармағына сәйкес, экономика саласындағы қылмыстарды жасау барысында табылған табыстар (ҚР ҚК-нің 7 тарауы бойынша), қылмыстық жолмен табылған негізсіз баю табыстары ретінде кінәліден мемлекет кірісіне айналдырылуы тиіс.
Соңғы жылдары Қазақстанда пост кеңестік кеңістіктегі өзге елдердегідей адамдар тобымен жасалған қылмыстардың үлесі ұдайы өсуде, әсіресе экономика саласындағы қылмыстар. Мысалы, Қазақстанда топ болып жасалған қылмыстар жалпы тіркелген қылмыстардың ішінде 2001 жылы 26. 8%, 2002 жылы 27. 2%, 2003 жылы 23. 7%, 2004 жылы 24. 3%, 2005 жылы 25, 1% құраған4. Осы қылмыстардың көбі ұйымдасқан топтармен және қылмыстық сыбайластықтармен жасалған. Бұл қоғамда ұйымдасқан қылмыстылық сияқты аса қауіпті криминологиялық құбылыстың өршуінің көрсеткіші. Жоғарыда аталған ұйымдасқан топ пен қылмыстық сыбайластық осы ұйымдасқан қылмыстылықтың қылмыстық-құқықтық нысандары.
Қылмыспен күресті күшейту мақсатында Республика Президентінің бірқатар Жарлықтары мен Қаулылары жарияланды . Құқық қорғау заңдарының даму бағытын анықтайтын, құқық органдары қызметінің тиімділігін жоғарылататын қылмыстылықпен күресу бағдарламасы жүзеге асуда. Бүгінгі таңда қоғамымызда қылмыстың күн санап өсуі, оның ішінде қатысушылық арқылы қылмыс жасау мемлекетіміздегі көкейтесті мәселелердің біріне айналғаны рас. Қылмысқа қатысушылық мәселесі қылмыстық құқық ғылымында ең маңызды мәселенің бірі болып табылады да, сот әділдігін жүзеге асыруға үлкен үлес қосады. Қылмысқа қатысушылық институтының маңызы тек қылмыс құрамын құрайтын әрекеттерді тікелей жүзеге асырған адамдарды ғана емес, соған қоса қылмыстық әрекетке тікелей қатыспаса да ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші адамдарды да жауапқа тартылуын негіздеуінде. Қылмысқа қатысушылық институтының көмегімен қылмыстық құқық бірлесіп жасаған қылмыстық әрекет үшін жауапкершілік негіздерін бекітеді. Қатысушылардың әрқайсысының атқарған рөлдеріне сай олардың жауапкершілігінің шарттарын, тәртібі мен шегін анықтайды.
Қылмысқа қатысушылардың жауапкершілігі туралы мәселенің тәжірибелік маңызы да зор. Бұл мәселенің дұрыс шешілуі, бір жағынан, қылмыс жасаған адамдардың барлығын жауапқа тартуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, қылмыс жасамаған адамдарды қатысушылар ретінде негізсіз жауапқа тартудан сақтандырады. Басқаша айтқанда, қылмысқа қатысушылардың жауапкершілігі туралы мәселені дұрыс шешу қылмыстық құқық пен қылмыстық іс жүргізу құқығының жалпы талаптарын орындауға әсер етеді: кінәлі адамдардың бірде-біреуінің жауапкершіліктен қашып құтылмауын және кінәсіз адамдардың бір де біреуінің негізсіз жауапкершілікке тартылмауын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдеде қабылдаған Қылмыстық Кодексінің 27-31 баптарында қылмысқа қатысушылықтың түсінігі, қатысушылардың түрлері, олардың жауапкершілігі, қылмысқа қатысушылық нысандары туралы заң нормалары бекітілген.
Осыған орай, жалпы қылмыстық құқықтың бір институты ретінде қылмысқа қатысушылық институты ұйымдасқан қылмыспен күресудің қылмыстық құқықтық құрамдарының бірі болып танылады.
Ол 1997 жылы қабылданғанмен де, одан бәрі бірнеше өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Мысалға, 2002 жылы халықаралық терроризмнің өршуіне байланысты бірнеше өзгертулер енгізілсе, 2002 жылдың соңында ҚР құқықтық рееформаның тұжырымдамасының шығуына байланысты, ал 2004 жылдың 10 желтоқсанда Кодекске жаңа қомақты өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Қылмыстық кодекске енгізілген қандай өзгерту немесе толықтыру болмасын, олардың барлығы да қылмысқа қатысушылық институтын айналып өтпейді.
Сол себептен, бүгінгі диплом жұмысының тақырыбы күн тәртібінен түскен емес.
Осы тақырыпты зерттеу барасында Кеңестік және Қазақстандық қылмыстық құқық доктринасының өкілдері А. Н. Ағыбаевтың, М. Х. Абисатовтың, У. С. Жекебаевтың, М. Ч. Қоғамовтың, Б. М. Нұрғалиевтың, , С. М. Әпеновтың, Ф. Г. Бурчактың, С. Д. Бородиннің, Н. Д. Дурмановтың, М. И. Ковалевтың, Е. І. Қайыржановтың, М. С. Нәрікбаевтың, А. А. Пионтковскийдің, А. Н. Трайниннің, Д. С. Чукмаитовтың, Е. Ә. Оңғарбаевтың, А. Х. Меңдіғұловтың, М. Д. Шаргородскийдің, Р. Н. Судакованың, А. Б. Сахаровтың, т. б. еңбектері пайланылды.
Сонымен, ұсынылып отырған дипломдық жұмыс қылмыстық құқықтың қылмысқа қатысу сияқты маңызды институтына арналған және Қазақстан Республикасында ұйымдасқан қылмыстылықпен күресуге бағытталған қылмыстық заңдардың қызмет етуі мәселесін көтереді.
Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбын қарастыру үшін қылмыстық-құқықтық заңдарды, сот үкімдері мен қаулыларын сұрыптауымыз керек және «қылмысқа қатысу түсінігін», қылмысқа қатысушылардың түрлерін, олардың кім екендерін, қалай қылмысқа қатысу ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыс жасауына ықпал ететінін анықтауымыз керек.
Дипломдық жұмыстың мақсаттары болып:
- ұйымдасқан қылмыстылықпен және криминалдық элементтермен күрес Қазақстан Республикасында қандай қылмыстық-құқықтық тәсілдермен және заңдардың көмегімен жүргізілетіндігін анықтау;
- қандай заңдар мен заңға тәуелді актілерде ҚР ҚК баптары бойынша қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы мен жазалау шаралары санкциялары бар екендігін қарастыру және анықтау;
- кімдер ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысушылар болып табылатындығын анықтау;
- қылмысқа қатысудың қандай нысандары мен қандай қылмысқа қатысушылардың түрлері бар екендігін анықтау
- ұйымдасқан қылмыстық топтар мен қылмыстық қауымдастықтардың криминалистикалық сипаттамасын беру;
- экономика саласындағы қылмыстық топтармен жасалған қылмыстарды тергеу мен ашу мәселелерін анықтау, жаңа ұсыныстар енгізу табылады.
ҚР ҚК 2-бөлімі қылмысқа қатысу институтына 5 бап арнай отырып, оны реттеуді кеңейткен. Ал, 1959 ж. Қазақ КСР ҚК тек қана қылмысқа қатысуға екі-ақ қана бап арналған еді. Бұл Қылмыстық кодекс 1997 жылға дейін қолданыста болды және өз заманының талаптарына сәйкес келмеді.
1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде «қылмысқа қатысудың» түсінігі нақтыланды, қоса орындаушылық пен орындаушылық топтастырылды, қылмысқа қатысудың нысандары жүйелі түрде берілген, қылмысқа қатысуды саралау ережелері тұжырымдалған.
Бұрынғы Қазақ КСР ҚК қарағанда Жаңа ҚР ҚК «қылмысқа қатысу» түсінігіне «қылмысты қасақана жасау» сөзін енгізді. Бұл қылмыстық құқық теориясы мен тәжіребесіндегі абайсызда жасалған қылмыстарда қылмысқа қатысу мүмкін деген ғалымдар арасындағы дауға нүкте қойды.
Қазіргі кезде ұйымдасқан топпен жасалған қылмыстар санының көбеюі аса қауіптілікті туғызып отыр. Бұның өзі қылмыстылықтың ұйымдасушылық тенденцияларының өсуінің, оның қоғамдық қатынастардың әртүрлі салаларына кіріп кеткендігінің дәлелі.
Ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу мемлекеттік биліктің барлық тармақтары мен лауазымды тұлғалар қызметінің басты міндет ретінде қойылуы тиіс.
Өкінішке орай әлі күнге дейін әкімшілік, азаматтық, салық, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізушілік реттеудің пәніне қатысты кешенді салааралық нормаларды қолдануды көздейтін ұйымдасқан қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған заңдар қабылданбауда.
Заң шығарушымен қылмыстық заңға топпен жасалған қылмыстылықпен күресуге бағытталған қылмыстық-құқықтық шараларды реттеу бөлігінде жаңалықтар енгізілген. Оң өзгерістерге орындаушы түсінігін кеңейтуді, қылмысты ұйымдастырушының белгілерін заң тұрғысынан тұжырымдауды, қылмысқа қатысудың нысандарын көбейтуді және оларды ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін жоғары қылмыстық жауаптылықты енгізуді, кең таралған қоғамдық қауіпті әрекеттерде қылмысқа қатысудың белгілері бойынша саралаушы белгілерді көздеуді жатқызуға болады.
Қазіргі кезде сот тәжіребесі қоғамдық қауіпті әрекеттерді саралау кезінде қылмысқа қатысудың нысандарын бір-бірінен ажыратуда елеулі тәжіребе жинаған. Бұның өзі құқық қорғау органдарына қылмыстылықтың ұйымдасқан көрініс табуларын тиімді кесуге мүмкіндік береді.
Заң қылмысқа қатысу институтын реттей отырып қылмысқа қатысушылардың жауаптылығын күшейтуді көздемегені сөзсіз. Сонымен бірге қылмысты ұйымдасқан топпен жасау, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қылмыстық топқа тарту соттар санкция шегінде жазаны айқындау кезінде ескеруі тиіс жауаптылықты ауырлататын мән-жай болып танылады.
Осылай бізге жоғарыда айтылғандардан «қылмысқа қатысу» түсінігі қашан қылмыстық топтар элементтеріне қолданыла бастағаны, қылмыстық заңда қылмысқа қатысу бойынша жауаптылық шаралары санкцияларын көздеген қандай баптар бар екені белгілі болды. Дипломдық жұмыстың барлық мақсаты жұмыс тақырыбының мәселесін толық ашуға негізделген.
Дипломдық жұмыс тақырыбының маңыздылығы тақырып құқық шығармашылық тұрғыдан да, қылмыстық заңнама процестерін құқықтық қамтамасыз ету тұрғысынан да маңызды болып келуінде.
Дипломдық жұмыстың аталған мақсаттарына:
- қылмысқа қатысуды реттейтін Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары мен өзге де нормативтік актілерін қолдану арқылы;
- ТМД елдерінің қылмыстық заңдарының қылмысқа қатысуды реттейтін нормаларымен салыстыра отырып;
- қылмысқа қатысуды реттеудегі шетел мемлекеттерінің заңи тәжіребесін қолдана отырып;
- қылмыстық құқық пен криминалистика, криминология ғылымдарының саласындағы ғалымдардың көзқарастарын қарастыра отырып;
- сот тәжірибесінің материалдарын қолдана отырып қол жеткіземіз.
1 ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ЖӘНЕ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Ұйымдасқан қылмыстық топ және қоғамдастықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Экономика саласындағы ұйымдасқан қылмыстық топтар мен қоғамдастықтар жасайтын қылмыстармен күресудің криминалистикалық арнайы әдіс - тәсілдері мен құралдарын дайындау оның негізгі компоненттерін, концептуалдық бағыт-бағдарларын криминологиялық және қылмыстық-құқықтық тұрғыдан бағамдамай, зерттемей мүмкін емес.
Ұйымдасқан қылмыстық топ пен қылмыстық қауымдастықтың қылмыстық-құықтық анықтамасын толық мағынасында түсіну үшін қылмыстық құқық теориясындағы ежелден келе жатқан «қылмысқа қатысушылық» институтын анықтап алу қажет. Қылмыс жасалғанда оны жалғыз адам немесе әртүрлі нысандағы адамдар тобы (ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірлестігі) жасауы мүмкін. Әрине жеке адамға қарағанда өзара ішкі бірлікті келісімі бар, көптеген адамдардан тұратын тұрақты ұйым жасаған қылмыстардың қоғамға деген қауіптілігі мен келтірер зардаптары өте зор. Ал олар қаруланған жағдайда олардың қауіптілігі тіптен жоғарылары хақ.
Жоғарыда атап өткеніміздей, көп жағдайда қылмысты бір адам емес, қылмыстық нәтижеге жету жолында өз күштерін біріктірген адамдар тобы жасайды. Топ болып қылмыс жасағанда олар орындайтын рөлдерін бөліп алуы мүмкін. Қылмысты топ болып жасаған қылмыс қылмыстық әрекеттің ерекше нысаны болып табылады да, қылмыс жасауды және оның ізін жасыруды жеңілдетеді, сондықтан осындай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесін күшейтеді. Осыған байланысты бірлесіп жасаған қылмыстары үшін жауап беретін адамдар тобын, олардың жауаптылығының негіздері мен шектерін, кінә дәрежесі мен жазаны заң көлемінде белгілеудің маңызы зор.
Осы мәселелерді шешумен қылмысқа қатысушылық институты айналысады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 27-31 баптарында қылмысқа қатысушылық түсінігі, орындаған әрекеттеріне байланысты нақты қатысушыларды сипаттайтын белгілер, оларға жаза тағайындаудың жалпы ережелері көрсетілген.
Қылмыстық құқық қылмысқа қатысушылықты қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары, қылмыс жасаудың ерекше түрі деп қарастырады. Мұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары болуы қылмыстық элементтердің жай ғана бірігуі емес, олардың әрекеттеріне жаңа сапа беретін күштердің біріктірілуіне байланысты. Ұйымдасқан қылмыстық топпен жасалған қылмыстардың жекелеген адамдардың жасаған қылмысына қарағандағы қоғамға қауіптілігі жөнінде көптеген әдебиеттерде айтылады және онда оларды ерекше белгісі ретінде қарастырады. Ол жөнінде алғаш рет 1919 жылғы Бастама негіздерде көрсетілге болатын. Онда былай делінген: «Соттар қылмыстарды қарау барысында жазалар тағайындағанда іс-әрекет топпен, шайкамен, бандиттермен, немесе жалғыз адаммен жасалғандығын анықтауы тиіс». Қылмысқа қатысушылық объективтік жағынан қылмысқа қатысушылар бірлесе, бір-біріне көмектесе байланысқандығын, ал субъективтік жағынан кінәнің қасақаналық нысанымен жасалатындығын атап өту қажет5.
Қылмысқа қатысушылықтың анықтамасы алғашқы уақыттарда қылмыстық-құқықтық институт ретіндегі анықтамасы Кеңестік қылмыстық құқық курсында берілген болатын. Ұйымдасқан қылмыстық топқа сипаттама бере келе, авторлар келесідей оның анықтамасындағы белгілерді көрсетеді: «алдын ала келісімнің, сөз байласудың болуы, келісімнің жоспары туралы алдын ала сөз байласудың болуы, қатысушылардың рөлдерді бөлуі, қылмысты жасаудың құралы мен қаруын анықтау және топқа тұрақтылық, ұйымдасқандық сипат беретін өзге де белгілер»6.
Сонымен қазіргі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 27 бабына сәйкес, екі немесе одан да көп адамдардың қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz