Конституция - өміріміздің негізі


«Конституция - өміріміздің негізі
Ата Заңымызға сәйкес, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғап, бостандықтарын қамтамасыз ететін және заңдылықтың сақталуын әрі дәлме-дәл қолданылуын қадағалайтын орган - прокуратура. Бұл заң талабы. Сол заңнама облысымызда қалай іс жүзіне асырылуда? Десек, «Бұлақ басынан тұнады» деген даналық ең алдымен ауызға түсетіні анық. Құдайға тәубе, бұл ретте прокуратура органдарына халық риза. Оған редакциямызға ондап келіп түсіп жатқан алғыс хаттар куә. Статистикалық мәліметтер де прокуратура органдары тарапынан заңдылықтық қатал сақталуына жүргізілетін қадағалаудың мықтылығын растайды. Сөзіміз дәлелді болуы үшін осы және тағы басқа мәселелерге жауап алу мақсатында Алматы облысының прокуроры Ерлік Әбдірақымұлы Кененбаев мырзадан алған арнаулы сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз қадырлы оқырман.
- Ерлік Әбдірақымұлы ағымдағы жылдың алты айында облыс аумағанда жасалған қылмыстың саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда қандай, сол қылмыстық оқиғаларды ашу дәйектері ше?
- Статистикалық мәліметке сүйенсек, ағымдағы жылдың алты айында Алматы облысы аумағандағы қылмыстық ізге түсу органдарында сыбайласқан жемқорлық санатында 89 қылмыстық іс тіркеліп, соның 88-іне қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Осы көрсеткішті былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстық іс бірнеше пайызға өскен. Сол қылмыстық істерге кәсіби тұрғыдан талдау жүргізгенде сыбайлас жемқорлық қылмыстарға мемлекеттік қызметкерлердің көп жол бергендігі анықталды. Тереңдете түссек, мемлекеттік сатып алу, оның ішінде тендерлерді өткізу барысында мемлекет қаржысын ұрлау, ысырап ету және пара алу қылмыстары табылып, ашылып отыр.
Мысалы, «А» деген азамат мемлекеттік қызметті атқаруға өкілетті тұлға бола тұра өзінің қол астында қызмет істейтін адамдардың атқарып отырған қызметтерін сақтап, оларды түрлі себептермен жұмыстан босатпау үшін 2700 американ доллары және 1700 теңге көлемінде пара алу үстінде, облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) департаменті қызметкерлерімен ұсталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 311-бабы, 4-тармағы «а» тармақшасымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, қылмыстық ізге түсу органы тарапынан есептен жасырылған қылмыс дерегі ашылып, сол бойынша прокуратура органы қылмыстық іс қозғап отыр. Нақтылай түссем, облыстық ішкі істер департаменті, жол полициясының қызметкері Т. жол жүру ережесін бұзған азаматты жауапкершіліктен босату, яғни әкімшілік хаттама толтырмау үшін 100 АҚШ доллары көлемінде пара алып жасырған. Алайда, бұл қылмыс дерегі бойынша тергеу органының қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулысы шығарылған. Осынау дерек бойынша облыстық прокуратура қылмыстық кодекстің 311-бабы 2-тармағымен «Лауазымды адамның нақ сол әрекеттерді жасауға, сол сияқты заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздігі) үшін пара алуы - 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерземге бас бостандығынан айыруға жазаланады» деп анық жазылған заңнама бойынша аталған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдарын жүргізу үшін қылмыстық іс облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) департаментіне жолданып, заңнама талабына сай тергеу амалдары жүргізілуде.
Тізбелей берсек, мұндай деректерді көптеп келтіріп, әрқайсысына дәйектеме айтуға болады.
Биылғы жарты жылдықта облыс соттарымен 40 қылмыстық іс қаралып, 51 тұлғаға қатысты 29 айыптау қорытындысы шығарылды. Ал, 2009 жылдың 6 айында облыс соттарымен 41 қылмыстық іс қаралып, сыбайлас жемқорлық санаты бойынша 41 тұлғаға қатысты 37 айыптау үкімі шығарылған еді. Алдын ала тергеу жүргізу барысында былтырғы жылы және ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу дәйектері тіркелген жоқ. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында прокурорлар тарапынан 4 қылмыстық істі қайта тергеу бойынша қайтарылды.
Осынау көрсеткіштерді салыстырмалы түрде тізбелеп отырған себебім, көзі қарақты оқырман сол дәйектерді ой елегінен өткізіп жасалған қылмыстарды сараптар. Жалпы қылмыс жасалында ма, ол үлкен кіші болып бөлінбейді. Заңнама талабына сәйкес тиісті жазасы тағайындалады.
- Азаматтардың конститтуциялық құқықтары қалай қорғалуда?
- Бұл бағытта прокуратура органдарының бір әрекеті қылмыстық процеске тартылғандарды барлық сатылары бойынша конституциялық құқықтарының қорғалып, бостандықтарының қамтамасыз етілуіне тексерулер жүргізу болып саналады. Құзырлы органдардың қылмыстық істерге тергеу амалдарын жүргізу барысында заңдылықтың сақталып, азаматтарды тергеу изоляторларына әкелулерінің және онда ұстауларының негізділігі тұрақты түрде тексеріледі. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының арнаулы бұйрығымен 2008 жылғы 27 тамызда бекітілген тергеу және анықтау органындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі Нұсқаулықтың 24 тармағына сәйкес, жер-жерлерде прокурорлар санитарлық эпидемиологиялық қадағалау органы қызметкерлерімен бірлесе уақытша ұстау изоляторларында тексерулер жүргізуде. Бұл тексерулердің бір нәтижесі азаматтарды заңсыз ұстап, олардың уақытша тергеу изоляторларына қамалуына жол бермейді. Қандай да бір жағдайға байланысты құжат тексеру секілді тәртіп сақшыларының функционалдық міндетін орындау болды ма, заң шеңберінде атқарылсын. Ағымдағы жылы ішкі істер органдары тарапынан заңсыз ұсталған 30 адамды прокуратура органдары араласып босатқан. Прокурорлық тексерулер барысында азаматтардың қылмыстық тергеу органдары ғимараттарында болуының өзі заңсыз тоқтатып, мәжбүрлеп апарудың салдарынан болатындығы анықталды. Мұның барлығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексінің 132-бабы негізінде күдіктіні тоқтатуды ішкі істер органдарының жедел қызметкерлері, тергеушілері жетік білмейтіндігін көрсетеді. Осының барлығын саралай келе қылмыстық тергеу органдарының басшылығына дер кезінде прокурорлық актілер жіберіліп, кінәлі тұлғалар заңнамада белгіленген жауапкершіліктерге тартылды. Сөзіміз дәлелді болуы үшін бір ғана мысал келтірсек, осы жылдың 2-мамырында түнгі сағат 01. 20-да прокуратура органдарының қызметкерлері Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінің Каменка полиция бөліміне тексеру жүргізгенде өзгенің мүлкін ұрлады деген күдік бойынша бір ер адам мен бір жүкті әйелді және кәмелеттік жасқа толмаған екі баланы жедел іздестіру тобының қызметкерлері 33 сағат бұрын әкеліп, заңсыз ұстап отырған. Сонша уақыт қызметтік кабинетте ұсталып отырған азаматтарға қатысты ешқандай құжат толтырылмаған, тіпті қандай да бір себеппен полиция пунктіне әкелінген адамдарды тіркейтін кітаптан да аты-жөндері табылмаған. Сондықтан негізсіз ұсталынған азаматтар дереу босатылып, конституциялық құқықтары қорғалды. Ал, осы әрекетке жауапты бес полицейді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы облыстық ішкі істер Департаментінің басшылығына ұсыныс жіберілді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 20 наурызында Заречныйдағы ЛА-155/8 мекемесіне Алматыдағы СИ-1 мекемесінен этаппен келген сотталушы Сағатовтың конституциялық құқығы өрескел бұзылып оған кісен салынып, дубинкамен соққыға жыққан. Арнайы медициналық-сот сараптамасы сотталушының ауыр дене жарақатын алғандығын анықтап берді. Сондықтан мамандандырылған прокуратура органы тарапынан Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 308-бабы, 4-тармағы, «б» тармақшасымен ЛА - 155/8 мекемесі бастығының орынбасары Сыздықовтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдарын жүргізу үшін қылмыстық іс облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) департаментінің ауданаралық аймақтық басқармасына жолданып, бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде. Заңнама талабына сай аталған азаматты қамауға алу туралы Қапшағай қалалық сотының санкциясы шыққан. Бүгінгі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары одан әрі заңнама шеңберінде жалғасуда.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Әлеуметтік экономикалық құрылымда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау заңдылықтарын қолдану үшін прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі» №60 бұйрығының 3 тармағы 1 тармақшысына сәйкес әрекет ету прокуратура органдарының басты қызметінің бірі болып саналады. Соған сәйкес, тұрақты түрде тексерулер жүргізіліп отырады. Нәтижесінде 15501 азаматтың конституциялық құқығы қорғалды. Бұл дегеніміз прокуратура органдары тарапынан азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға белсене кірісудің нәтижесі болып саналады. Әсіресе кәмелеттік жасқа толмағандардың конституциялық құқықтарын қорғауға баса назар аударылуда. Нақты мәлімет келтірсек 5861 жасөспірімнің осы жылдың аталған мерзімінде қорғалып отыр. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың еңбек құқығы да қорғалуда. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 30 бабының талаптары өрескел бұзылғандығы анықталуда. Оған мысалды Қарасай ауданындағы «Алтын Орда», Қапшағай қаласындағы жанармай құю станциялары, Талдықорған қаласындағы көлік жуу бекеттері, маршруттық таксилер (газельдер) секілді салалардан көптеп келтіруге болады. Прокуратура органдары тарапынан Қазақстан Республикасының «Отбасы және неке туралы» Заңының 110, 111, 114 баптарының өрескел бұзылғандығы анықталуда.
- Бюджеттен қаражат ең көп бөлінетін саланың бірі білім басқармасының құрылымдарында мемлекет қаржысының өз мақсатында жұмсалмай, қымқырылатын дәйектер ашылуда?
- Прокуратура органдарының күнделікті әрекетінде мемлекет мүддесін қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Нақтылай түссек, қадағалау жолы бойынша бюджеттік, банкілік, кедендік заңдылықтарды қолдануда, салық туралы заңдылығының және тағы басқа бюджеттік міндетті төлемдерді заңдылықтардың сақталуына баса назар аударылады. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу, жұмыс жүргізу және қызмет көрсету бойынша тұрақты түрде ақша қаражаты бөлінетін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің әрекеттері тексеріледі. Ағымдағы жылдың 6 айында прокуратура органдары бюджетке 404248504 теңге көлемінде мемлекет қаражатын қайтартты. Мысалға, Талдықорған қаласындағы №1 және №21 орта мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жарияланған тендерді ұтып алған «K&K TALDYKORGAN» ЖШС мен Талдықорған қалалық білім бөлімі мемлекеттік мекемесі бірлесіп, мемлекет қаражатын қымқырған. Тексере келгенде аталған ұжым құрылыс монтаждау жұмысын толық бітірмеген. Сондықтан облыстық прокуратура тарапынан Талдықорған қалалық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 307 бабы, 2 тармағы және 314 бабы, 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ Ескелді ауданы Бақтыбай ауылындағы балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу барысында құрылыс монтаждау жұмысының талапқа сәйкес болмағандығы үшін, Қаратал ауданы Алмалы ауылындағы сумен қамтамасыз ету жүйесі құрылысы және құрылымы жөніндегі жұмыстың құрылыс монтаждау жұмысының талапқа сәйкес емес екендігі үшін де Қылмыстық кодекстің 307 бабы, 2 тармағы және 314 бабы, 2 тармағы бойынша қылмыстық істер қозғалды. Прокуратура органдары тарапынан қозғалған бұл қылмыстық істер облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) Департаментімен тергеу амалдарын жүргізуге жолданды.
- Заңнамаларды өрескел бұзып, қызметтік этиканы сақтамай, сыбайласқан жемқорлыққа белсене кірісетін парақорларды ауыздықтау жұмысы қалай жүргізілуде?
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz