Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері


ӘОЖ Қолжазба құқығында
АЛИМХАНОВ ЕЛЕМЕС
Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері
13. 00. 04 - Дене тәрбиесi, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейiмдеу дене тәрбиесi теориясы мен әдiстемесi
Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми
атағын алу үшін дайындалған диссертация
авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
педагогика ғылымдарының докторы
Анарқұлов Х. Ф.
Қорғау 2010 жылы « 29 » қараша сағат 14. 00 Қазақтың спорт және туризм академиясының жанындағы Д 14. 41. 03 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 83/85. факс 292-68-05
Диссертациямен Қазақтың спорт және туризм академиясының кітапханасында танысуға болады
Автореферат 2010 жылы « » қазанында таратылды
Диссертация кеңесінің
ғалым хатшысы,
педагогика ғылымдарының
докторы, доцент Ө. Е. Бектұрғанов
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дене тәрбиесі басқа да тәрбие құралдары сияқты жас баладан бастап, барлық жастағы адамдар тәрбиесінде кеңінен қолданылады. Дене тәрбиесін игеру кезінде оның теориялық және тәжірибелік бағыттары негізге алынып, оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламалары түзіледі. Осы бағдарламалар негізінде педагогикалық жұмыстардың принциптері мен әдістемелері жасалады. Қазіргі дене тәрбиесі және спорт саласындағы қолданылып жүрген жаттығулар, ойындар, спорт түрлері бойынша отандық және шетелдік мамандар мен ғалымдар теориялық және педагогикалық бағытта үлкен зерттеулер мен ұсыныстар жасаған. Қазақ халқының көне ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлттық ойындары мен спорт түрлері бойынша осы кезге дейін ғылыми ізденістер аз жүргізіліп келді. Қазақстан Егеменді ел болысымен Республикада тұратын халықтардың төл мәдениетінің өркендеуіне үлкен жол ашып отыр. Бұл мүмкіндік 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының әр азаматы тарихи және мәдени құндылықтарды сақтауға және қорғауға міндетті» деп заңмен бекітілген.
Дәстүрлі халық мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып саналатын ұлттық ойындар мен спорттың қоғамдағы атқаратын пайдалы орнын анықтау, оны теориялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеу, алдымен, ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің осы уақытқа дейін толыққанды тәрбие құралы ретінде танылмай жүрген олқылықтарын жоюға, оқу-тәрбие және спорттық жаттықтыру жұмыстарында басқа дене тәрбиесі құралдары сияқты өзіне тиісті орнын алуға жол ашады.
Қазақстан бұрынғы Кеңестік республикалар арасында алғашқылардың бірі болып «Дене шынықтыру және спорт Заңын» 1999 жылы қабылдады.
Егемен Қазақстан жағдайында халқымызды дене тәрбиесі оның ішінде ұлттық спорт пен ойындар арқылы салауаттық өмірге баулу, денсаулығын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту, салт-дәстүрді сақтау, елін-жерін сүюге тәрбиелеу жолдарын ғылыми негіздеу осы жұмыстың өзекті бағыты болып табылады. Бұл жұмыстарды іске асыру Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 30 қаңтар 2010 жылғы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген «Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуды 2020 жылға дейін 30 пайызға көтеру қажет» деген тапсырмасын орындауға бағытталып отыр.
Ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің жалпы педагогикада, оның ішінде, этнопедагогикадағы алатын орнын анықтау, қазақ халқының ұрпақ тәрбиесі ішінде дене тәрбиесіне өте үлкен мән бергендігін, оған ұлттық ойындарды ұтымды қолдана білгендіктерін көрсетіп, жалпы тәрбиенің сан-саласына өзіндік үлкен үлестерін қосқан ойшылдар, ағартушылар еңбектерінің көп екендігін, оларға қазақ халқының рухани-тәрбие көсемдері Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау, Тәуке, Әйтеке, Қазыбек, Төле билердің педагогикалық көзқарастары, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты еңбектері әлі зерттелмегендігін атап өту керек.
Сонымен қатар, этнопедагогикалық ойдың дамуына үлкен үлестерін қосқан ал-Фараби, А. Құнанбаев, Ш. Уалиханов, Ә. Диваев, С. Торайғыров, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедов, т. б. халқына тәрбие құндылықтарын, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты айтқандарын ашу да осы еңбектің өзектілігін айқындайды.
Қазіргі заман талабына сәйкес дене тәрбиесі және спорт саласында ұлттық ойындар мен спорт түрлерін ұтымды қолдана білу жолдарын қарастыру, тарих толқынында жоғалған, шеттетілген, ұмытылған дәстүрлі ұлттық ойындарымызды халқымыздың мәдени, рухани құндылықтары негізінде қайтадан қалпына келтіру де осы жұмыстың өзекті тақырыбы болып саналады.
13. 00. 04 - «Дене тәрбиесi, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейiмдеу дене тәрбиесi теориясы мен әдiстемесi» бағытындағы мамандандырылған диссертациялық кеңесте ұлттық ойындар мен спорт саласын пайдалану арқылы қорғаған ғалымдар: М. Таникеев [1998], Б. Доскараев [2009], Е. Алимханов [1996], Ж. М. Тулегенов [1982], Е. Мухиддинов [1999], Е. Канағатов [2008], А. Қарақов [1996], Б. Мендалиев [2009], Ж. Оңалбеков [1996] осы жұмыстардың ішінде ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздеріне арналған арнайы жұмыстар кездеспеді.
Біз өз зерттеуімізде қазақтың ұлттық ойындарының да спорт түрлеріне айналуының себептерін айқындау, жетілдіру, жүйелеу, топтау, атау беру зерттелмеген бағыт екендігін атай отырып Қазақстан аймақтарында ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің даму барысын, жарыс өткізу, төрешілік жасау, маман кадрлар даярлау мәселелерін зерттеу де осы жұмыстың өзектілігін айқындай түседі.
Зерттеу обьектісі: Қазақтың ұлттық ойындары мен спорты, білім беру және спорт салалары, спорт мектептері, ұлттық спорттан өткізілетін жарыстар, ұлттық спорт федерациялары, ассоцациялар, бірлестіктер.
Зерттеу пәні: Егемен Қазақстан жағдайында ұлттық спорт пен ойындардың дамуын жетілдіру жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Ұлттық ойындар мен спортты бүгінгі күн талаптарына сай теориялық және педагогикалық зерттеу арқылы қазақ халқының тарихи қалыптасқан өзіндік дене тәрбиесі жүйесі болғандығын және оны қазіргі уақыт талабына сай қолдану тиімді екендігін дәлелдеуге болады.
Зерттеудің мақсаты. Қазіргі Егемен Қазақстан жағдайында халықтың мәдени және рухани дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын ұлттық спорт пен ойын түрлерін теориялық және педагогикалық тұрғыдан негіздеу болашақта сапалы маман кадрлар даярлау, оқушы балаларды патрюттыққа тәрбиелеу, спортшы даярлау, халықты салауатты өмір сүруге бейімдеу жұмыстарында тиімді жол ашатындағын зерттеп, негіздеу болып табылады.
Осы мақсаттарды іске асыру үшін төмендегідей жұмыстар жоспарланды:
1. Қазіргі кездегі ұлттық ойындар мен спорттың теориялық және педагогикалық тұрғыдан қарастырылуын анықтау;
2. Ұлттық ойындар мен спорттың даму тарихына шолу жасау;
3. Спортшы дайындаудағы орнын анықтау;
4. Ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің топталуы, жүйеленуі, атауларының қалыптасуы жағынан зерттеу;
5. Ұлттық спорт түрлерінің республика аймақтарында және спорт мектептерінде даму жағдайын анықтау.
Зерттеу жұмысын ұйымдастыру. Зерттеу мақсаты мен міндеттерін іске асыру барысында автор төмендегідей әдістемелік қағидаларға сүйенді:
- ұлттық ойындарға байланысты тарихи, этнографиялық, этномәдениеттік, этнопедагогикалық материалдарды зерттеу;
- ұлттық ойындар мен спортқа байланысты осы кезге дейінгі жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарын талдау;
- мемлекет тарапынан дене шынықтыру және спорт саласына байланысты қабылданған заңдар, нұсқаулар, қаулылар, ережелер, жоспарларды саралап зерттеу арқылы, олардың дене тәрбиесіне және спортты дамытумен қатар олардың ұлттық спортқа әсері, сабақтастығы мен қайшылықтарын анықтау жұмыстары іске асырылды;
- зерттеу жұмысы ұлттық ойындарды дамыту мақсатында осы уақытқа дейінгі орындалған және болашақта іс жүзіне асырылатын жұмыстарды теориялық негіздеу және педагогикалық тұрғыдан даму жолдарын көрсету болғандықтан, ұлттық ойындардың адам өміріндегі ролі, орны, пайдасы, қажеттілігі туралы ата-аналар, оқушылар, студенттер, ұстаздар, жаттықтырушылар, спортшылар, дене тәрбиесі және спорт басшылары арасында анкеталық сұрақ- жауап, әңгіме-сұхбат алу жұмыстары қолданылды;
- ұлттық ойындар мен спорт саласында қалыптасқан ұғымдар, атаулары, олардың топталып жүйеленуі, дене тәрбиесінде қолдану ерекшеліктері туралы ақпараттар жиналып барлығы 252 ойын түріне сараптама жасалды;
- ұлттық ойындардың спорт түріне айналуына қажетті факторлар жинақталып, спорт түріне қойылатын талаптар көрсетілді.
Зерттеу әдістемелері: Алға қойылған мақсаттарды ойдағыдай шешу үшін төмендегідей әдістемелер қолданылды:
- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу;
- анкеталық сұрақ- жауап;
- педагогикалық бақылау;
- педагогикалық эксперимент;
- математикалық және статистикалық сараптау түрлері.
Зерттеудің жетекші идеясы: Дене тәрбиесі және қоғамдық маңызы бар тәрбие құралы ретінде ұлттық ойындар мен спорттың теориялық және педагогикалық негізін жетілдіру, оны тиімді пайдалануға жол ашады деп санаймыз.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихи кезеңдердегі ұлттық ойындар мен спорттың дамуының жағдайы көрсетіліп, оның дене тәрбиесі мен спорттағы атқарған ролі анықталды;
- қазіргі егемен Қазақстан жағдайында ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің дене тәрбиесі және спорт саласындағы орны ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделді;
- дене тәрбиесі және спорт салаларына маман кадрлар даярлау кезінде ұлттық ойындар мен спорттың жалпы педагогикадағы, оның ішінде этнопедагогикада жек орны бар екендігі дәлелденді;
- мемлекеттік заңдар мен қаулылардағы ұлттық ойындар мен спорттың орны анықталып, оны жетілдіру жолдары көрсетілді;
- ұлттық ойындардың спорт түріне айналуы теориялық және практикалық түрде негізделді;
- ұлттық спорт және ойындарды топтау, жүйелеу, атау беру, жарыс өткізу, төрешілік жасау зерттеліп, оны жетілдіру жолдары көрсетілді;
Теориялық маңызы: Зерттеу барысында алынған материалдарды сараптау Қ. Р. дене тәрбиесі және спорт саласындағы ұлттық ойындардың орнын ғылыми- педагогикалық тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік береді, білімді кеңейтеді.
Дәстүрлі мәдениетімізді тәрбие құралы ретінде қолдану, адамдар денсаулығы мен ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтаудың бірден - бір тиімді жолы екендігін дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Зерттеу тақырыбының мемлекеттік маңызды жоспарлар және бағдарламалармен байланысы:
Зерттеу тақырыбы «Қазақстан -2030 мемлекеттік Стратегиялық Жоспары» [2000], «Дене шынықтыру және спорт Заңы» [1999], «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк Бағдарламасы» [2007], «Қазақстан Республикасы туризм және спорт Министірлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық Жоспары» [2008], Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 30 қаңтар 2010 жылғы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларын іске асыру бағдарламаларымен ұштасады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- егемен Қазақстан жағдайында ұлттық ойындар мен спорт түрлеріне байланысты ғылыми-педагогикалық негіздің қажеттілігі, қазақ халқының ұлттық ойындары мен спортының дамуын ғылыми- педагогикалық тұрғыдан зерттеу, баға беру;
- ұлттық спорт пен ойындардың жалпы педагогикадағы және этнопедагогикадағы орнын көрсету;
- ұлттық ойындар мен спорттың бұқаралық спортты дамыту, халықты салауатты өмір салтына бейімдеу, денсаулықтарын шынықтыруда, спортшылар даярлауда тиімді құрал екендігін дәлелдеу;
- ұлттық ойындар мен спорт түрлерін жүйелеу, топтау, атаулар берудің теориялық және практикалық маңыздылығын көрсету.
- Қазақстан Республикасы білім беру және спорт салаларында қабылданған Заңдар мен Бағдарламалардағы ұлттық спорттың орнын талдау, сараптама жасау, қазіргі ХХІ ғасыр талабына сәйкес ұлттық ойындар мен спортты дамытуға қажетті өзгертулер мен толықтырылар енгізуді ұсыну.
Зерттеудің тәжрибелік мәніне алғашқы теориялық және педагогикалық нәтижелер қолдануға ұсынылады:
- білім беру салаларында және маман даярлауда ұлттық спортты арнайы пән ретінде оқыту;
- ұлттық ойындар мен спортты бұқаралық спортта кеңінен қолдану тиімді құрал екендігі;
-ұлттық спорт түрлерінен маман кадрларды қайта даярлау, мұғалімдер, жаттықтырушылар, әдіскерлер, тәрбиешілер арасында оқулар ұйымдастыру кезінде оқыту тиімді.
Диссертанттың жеке үлесі:
- егемен Қазақстан жағдайында ұлттық ойындар мен спортты дамытуды ғылыми тұрғыдан негіздеуі;
-ұлттық ойындар мен спорттың жалпы педагогика, оның ішінде этнопедагогиканың бір саласы екендігін дәлелдеуі;
-ұлттық ойындар мен спорт түрлері халық арасында салауатты өмір салтын насихаттаушы, спорт түрлеріне баулудың негізі болатын дене тәрбиесі құралы екендігін көрсетуі;
- мамандарға, зерттеушілерге, оқу орындарына, жалпы қоғамдағы адамдарға арнап барлығына ортақ түсінікті болуы үшін ұлттық спорт түрлері бойынша ортақ ұғымдар жасау, әдіс-айла, тәсілдерді жазу, топтау, жүйелеу, атау беруді ұсынуы;
-Қазақтың ұлттық ойындарының спорт түрлеріне айналуына қажетті алғышарттар мен талаптардың негізін айқындауы.
Зерттеу жұмыстарын талқылау және өндіріске ендіру. Негізгі талқылау мен өндіріске енгізу түрлеріне тақырып бойынша еңбек, 4 - оқу кұралы, 6 - шет елде, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған баспаларда 14 мақала шыққан, мамандар мен адамдар арасында жүргізілген анкеталық сұрақ - жауап жұмыстарын, 6- енгізу актісін, 1- патент, 2-Ж. О. О. арналған Мемлекеттік стандарттың, 4 - Типтік бағдарламаның, 2010 жылы «Ұлттық спорт пен ойындардың бүгінгісі мен болашағы» атты республикалық ғылыми тәжрибелік конференцияны өткізу және конференция материалдарын жалпы авторлықпен шығару, 46 - ғылыми және ақпараттық жарияланымдардың авторы болуын келтіруге болады.
Зерттеу жұмыстарының негізгі тұжырымдары мен мазмұны, тәжірибелік ұсыныстары автордың 2004 жылы Сеул (Корея), 2004 жыл Алматы, 2006 жыл Улан Батор, 2009 жыл Алматыда өткізілген халықаралық конференцияларда, 2006-2010 жылдары аралығында өткізілген республикалық ғылыми тәжірибелік конференция мен семинарларда, ЖОО дәрістерінде баяндалды. Диссертациялық жұмыс тақырыбына байланысты БАҚ құралдарында, республикалық дәрежедегі спорттық жарыстар отырыстарында баяндамалар жасалып, төрешілік семинарлар өткізілді.
Зерттеу базалары. Қазақтың спорт және туризм академиясы, Республикалық қазақша күрес федерациясы, Қазақстан Республикасы ұлттық спорт түрлері ассоцациясы, Республикалық «Қыран» федерациясы, ҚР Тоғызқұмалақ бірлестігі, Республикалық ат спорты федерациясы, Қ. Р туризм және спорт министрлігі, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы спорт мектептері, Қытай Халық Республикасы Сынцзян педагогикалық университеті, Корея университеті.
Эксперименттік жұмыстарға 300-ден астам спортшылар, студенттер мен оқушылар, 96 спорт мамандары мен ұстаздар, ұлттық спорт жаттықтырушылары мен бапкерлер қатысты.
Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 5 бөлімнен, қорытынды мен тәжірибелік ұсыныстан және қолданылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі көрсетіліп, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері айқындалады. Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы мен қорғауға қажетті бағыттар, жұмыстың орындалу әдістемелері мен орындары көрсетіледі.
Бірінші бөлімде зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, оны орындау әдістемелері, зерттеуді ұйымдастыру жолдары көрсетіледі.
Екінші бөлімде ұлттық спорт пен ойындарды теориялық тұрғыдан негіздеудің қажеттігі, оның теориялық қарастырылу деңгейі, даму тарихына шолу, ұлттық спорт пен ойындардың салт - дәстүрлермен байланысы, терминдер, сөздер, ұғымдар қарастырылады.
Үшінші бөлімде ұлттық спорт пен ойындардың педагогикалық негізі, этнопедагогикадағы орны, оқу орындарындағы сабақтарда қолданылуы зерттеліп, оны тәрбие жұмыстарында қолдану жолдары көрсетіледі.
Төртінші бөлімде Қазақстан спорты және бұқаралық спорттағы ұлттық спорт пен ойындардың орны, спортшы даярлау, кәсіпқой спорт, ұлттық ойындардың спорт түрлеріне айналу жолдары айқындалып зерттеледі.
Бесінші бөлімде ұлттық спортты басқару жүйесі, федерациялар, бірлестіктер мақсаттары, міндеттері ұлттық спорт пен ойындарды топтау, жүйелеу, таңбалап жазу мәселелерімен қатар жарыс өткізу, атақ-дәрежелер, сыйлықтар беру зерттеледі.
Қорытынды бөлімде диссертациялық жұмысқа қорытынды жасалып тәжірибелік ұсыныстар беріледі.
Қосымшада енгізу актілері, сұрақ-жауап сауалнамаларының нұсқасы, кестелер мен суреттер беріледі.
Диссертациялық жұмыс 239 компьютерлік терілген беттен, 205 қолданылған әдебиеттен, 7 кесте, 30 суреттен және қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық негізін анықтаудың маңыздылығы
Болашақ ұрпақ тәрбиелеуде оның ішінде дене тәрбиесі бағытында өзінің қолайлы тәрбие құралдардың бірі екендігін дәлелдеп келе жатқан ұлттық ойындар мен ұлттық спорт түрлері қазіргі егемен Қазақстан халқы үшін атқарылып жатқан істердің ішінде өзінің пайдалы жақтарымен көрінуде. Ұлттық ойындар мен спорт халықтың тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлерін жеткізуші ретінде, ұлттық тілді дамытуда қажеттілігі, барлық жастағы адамдардың денесін шынықтыру істеріндегі пайдалылығы, салауатты өмір сүруді насихаттауы, спортшылар дайындау жағынан маңыздылығымен ерекшеленеді.
Қазақстан өзінің егемендігін алысымен тарих толқынында жоғалтқан, саяси- идеология салдарынан дамуына кедергілер келтірілген ұлттық мәдени мұраларымызды қайтару, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды.
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып, дер кезінде шет елдердегі, және отанымыздағы көптеген мәдени туындылар анықталынып, ел тарихына өлшеусіз пайдалы істер асырылуда [2006] .
Қазіргі ХХІ ғасырда жер бетіндегі адамдар денсаулығының нашарлауы, ауыру түрлерінің көбеюі, қоршаған табиғаттың ластануы күрделі проблема болуда. Осы келеңсіз жағдайларды болдырмау, алдын алу үшін көптеген дәрі-дәрмектер түрлері жасалынып, денсаулықты сақтаудың жолдары қарастырылуда. Осы шаралардың ішінде дене тәрбиесі арқылы денсаулықты сақтау, шынықтыруды ұлттық ойындар мен спортты қолдау арқылы іске асыру өзінің тиімділігімен ерекшеленуде.
Осы маңызды жұмыстарды іске асыру жолында Қазақстан мемлекеті тарапынан көптеген шаралар іске асуда. Қазақстан халқының салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулығын сақтау жолында дене тәрбиесінің маңызы туралы «Қазақстан -2030» Стратегиялық жоспарында [1998], «Қ. Р. Білім беру салаларында балалар мен жастарды дене тәрбиесі арқылы тәрбиелеу Концепциясында» [2001], «Қ. Р. Дене шынықтыру және спорт Заңында» [1999], «Қазақстан Республикасы туризм және спорт Министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында» [2008], «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында» [2010], республика халқын дене тәрбиесі және спорт арқылы салауатты өмір салтына тәрбиелеу, денсаулықтарын шынықтыру шаралары көрсетілген және осы құжаттарда ұлттық спорт түрлеріне де маңызды орын бөлінген.
Дүние жүзін мекендеген халықтардың ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан өзіндік ерекшеліктер болады. Сондықтан да халық арасында қалыптасқан ойындар туралы деректер және құжаттар ғылыми тұрғыдан зерттеу мен талдауды қажет етеді.
Дәстүрлі ұлттық ойындардың тарихы, ел арасында тарауы, қоғамдағы рөлі, ұрпақты тәрбиелеудегі қажеттілігі сияқты тақырыптар төңірегінде отандық және шет ел ғалымдары көптеген ізденістер жасаған.
Дене тәрбиесі адамның денсаулығы мықты, күшті болуы үшін қолданылады, осыған орай «Қазақ халқының «қазақ» болып аталуы да «мықты», «берік», «жойқын», «ауыспайтын» деген мағананы білдіретіндігі туралы Сібір халықтары сөздерінде, «Шайбанинамеде» - «қазақ» өте қадірлі сөз, мықты, күшті, шабытты көрсетеді. Европа тілінде ондай ұғымды «рыцарь» деп атайды. Демек, «қазақ» сөзінің түбірі «қаз» - тұру, тік тұру, мықты, берік тұруды білдіреді. Кішкене балалар жүруге ұмтылып аяғын тәй-тәй басып келе жатқанда қазақтар «қаз, қаз», «қаз тұр» деп тікесінен тік тұрғызады. «Қаз» -ға қосып айтылыатын “ақ» сөзі - күшейтілген жалғау. Тоң-Алып (Афрасиабтың) қызының аты да жойқын күшті алып болуы үшін «Қаз» деп атағандығы туралы Махмуд Қашқари айтқан» - деп жазады ғұлама ғалым Ә. Марғұлан [1984] .
Жоғарыдағы мысалдарды келтіре отырып, біз қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде адамдар денсаулығына және оның мықты, күшті болуына үлкен талап қойғандығын көреміз. Мұндай үлкен дәрежеде мән беру және оны іске асыру үшін халық арасында арнайы жаттығулар мен ойындар жүйесінің қалыптасуы қажет болды, яғни ұлттық ойындар мен арнайы жаттығулар осы талаптарды іске асырушы жүйе болып саналды. Сондықтан қазақ халқының арасында дене тәрбиесіне бағытталған арнайы жүйе болған деп айтуға толық дәлел бар.
Дене тәрбиесінде ұтымды тәрбие құралдардың бірі ретінде қолданылып келе жатқан ұлттық ойындар мен спорт түрлері қазіргі Егемен Қазақстан жағдайында өзінің жаңаша даму сатысына көтеріліп және өзінің бұқаралық спортты дамытуда негізгі күш екендігін дәлелдеп келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz