Адал сөздің айдыны кең



1 Адал сөздің айдыны кең
2 Әдебиет пен қоғам қашаннан егіз.
3 Өткеннің жолы . бүгінгіге сабақ.
Әдебиет қоғамның қалыптасуына қалай ықпал етсе, өз кезегінде қоғам да әдебиеттің өсіп-өркендеуіне, өріс жаюына солай ықпал етеді.
Сондықтан қандай кезеңде де бұл екі ұғымның ара-қатынасын реттеп, көркем сөз бен саяси құрылымдардың, ресми биліктің терезесі тең ықпалдастықта үйлесімді өмір сүруін қамтамасыз ететін бірден-бір тегеурінді күш – саяси партиялар екенін уақыт дәлелдеп келеді. Оны тұрлаулы тарихтың еншісіне айналып бара жатқан кешегі алмағайып мінезді жиырмасыншы ғасыр да, адамзат баласына жаңа үміт пен арман сыйлап, өркениет пен дамудың жаңа үрдістеріне бет түзеп отырған бүгінгі жиырма бірінші ғасырдың елең-алаң басы да жоққа шығара алмайды.
Өйткені саяси партиялар адам ойы мен санасына алуан-алуан жолмен ықпал жасай отырып, билікке жетуді, жеткен билікті алуан-алуан жолмен сақтауды қалай мақсат етсе, әдебиет сол билік қалыптастырған қоғамның жанын, рухын, сымбат-кескінін сақтауды мұрат етеді. Адам баласының қуанған, қайғырған, шаттанған, шабыттанған сәттерін көркемдік елекке сала отырып, қоғамды тазартуды, ой мен сананы тәрбиелеуді жүзеге асырады.
Бұл – ғажайып ұлы миссия.
Көне-көне ғасырлардан бері жерүсті тіршілігіне осылай өлшеусіз қызмет көрсетіп, өмір сүру мен өрісті кеңейтудің, ғашық болу мен дүние қызығына шомылудың тамаша, таңғажайып үлгілерін сөзбен кестелеп өріп келе жатқан әдебиеттің осынау адам ойын қалыптастырып, адам санасын тәрбиелеудегі ұлы міндетін ауыстыра қояр рухани қажеттіліктің өзге бір түрін, сұлулықтың сырлы да сымбатты өзге бір әлемін әл-әзір адамзат қиялы ойлап таба қойған жоқ.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Адал сөздің айдыны кең

Нұрлан Оразалин, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Адал сөздің айдыны кең

Әдебиет пен қоғам қашаннан егіз.
Әдебиет қоғамның қалыптасуына қалай ықпал етсе, өз кезегінде қоғам да
әдебиеттің өсіп-өркендеуіне, өріс жаюына солай ықпал етеді.
Сондықтан қандай кезеңде де бұл екі ұғымның ара-қатынасын реттеп, көркем сөз
бен саяси құрылымдардың, ресми биліктің терезесі тең ықпалдастықта үйлесімді
өмір сүруін қамтамасыз ететін бірден-бір тегеурінді күш – саяси партиялар
екенін уақыт дәлелдеп келеді. Оны тұрлаулы тарихтың еншісіне айналып бара
жатқан кешегі алмағайып мінезді жиырмасыншы ғасыр да, адамзат баласына жаңа
үміт пен арман сыйлап, өркениет пен дамудың жаңа үрдістеріне бет түзеп
отырған бүгінгі жиырма бірінші ғасырдың елең-алаң басы да жоққа шығара
алмайды.
Өйткені саяси партиялар адам ойы мен санасына алуан-алуан жолмен ықпал жасай
отырып, билікке жетуді, жеткен билікті алуан-алуан жолмен сақтауды қалай
мақсат етсе, әдебиет сол билік қалыптастырған қоғамның жанын, рухын,
сымбат-кескінін сақтауды мұрат етеді. Адам баласының қуанған, қайғырған,
шаттанған, шабыттанған сәттерін көркемдік елекке сала отырып, қоғамды
тазартуды, ой мен сананы тәрбиелеуді жүзеге асырады.
Бұл – ғажайып ұлы миссия.
Көне-көне ғасырлардан бері жерүсті тіршілігіне осылай өлшеусіз қызмет
көрсетіп, өмір сүру мен өрісті кеңейтудің, ғашық болу мен дүние қызығына
шомылудың тамаша, таңғажайып үлгілерін сөзбен кестелеп өріп келе жатқан
әдебиеттің осынау адам ойын қалыптастырып, адам санасын тәрбиелеудегі ұлы
міндетін ауыстыра қояр рухани қажеттіліктің өзге бір түрін, сұлулықтың сырлы
да сымбатты өзге бір әлемін әл-әзір адамзат қиялы ойлап таба қойған жоқ.
Бұл – даусыз ақиқат.
Бұл – жерүсті өркениеті мойындаған шындық.
Мыңжылдарға созылатын ұлы тарихы бар қазақ әдебиеті сол дүниелік көркемсөз
өнерінің өз үлгі, өз мектебі, өзгеше болмыс-бітімі, жаратылысы бар үлкен бір
тармағы.
Үстіміздегі жылдың наурыз айында Қазақ әдебиеті газетінде берген арнайы
сұхбатында ел Президенті әдебиетіміздің арғы-бергі тарихы жайлы толайым
пікір айта келіп: Ұлттық мәдениет пен тарихтың өзекті мәселелері еліміздің
әлеуметтік-экономикалық жағдайы бұдан әлдеқайда күрделі кезеңдерде де менің
назарымнан тыс қалған емес. Естеріңізде болар, 1998 жылды Халық бірлігі мен
ұлттық тарих жылы деп жарияласам, 2000 жылды Мәдениетті қолдау жылы деп
әйгілеп, арғы-бері тарихымыз бен ұлттық мәдениетіміздің жылдар бойы
қордаланып қалған бірқатар проблемаларын шештік қой деп ойлаймын деген
үлкен сеніммен ойын түйіндеген болатын.
Шынында да, арғы-бергі бай әдеби мұраларымызды түгендеуге, әлемнің әр
түкпірінде шаң басқан архивтерде бір емес, бірнеше ғасырлар бойы сарғая
күтіп, жиырма бірінші ғасырдың осы бір сағаты сәтті соғар мезгілін сарыла
тосып жатқан көне қолжазбаларға жол салудан асқан ұлт қуанышы болсын ба?!
Көне Қытай, араб-парсы, Рим төрі, Ватикан архивтері жасырып келген
мұрағаттарға толық тіл бітер болса, әрінің әрісінде жатқан алаш жұртының
айбынды дәуірлері атажұртына қайта оралары хақ еді ғой...
Міне...
Елбасы сұхбатынан бастау алған осы бір әдебиет хақындағы терең тамырлы
әңгіме Отан партиясы мен Жазушылар одағы бірігіп өткізген Жазушы және
дінаралық келісім атты үлкен жиында өз жалғасын тапты. Әңгіме, пікір
жан-жақты кең өрбіген осы бір келелі жиында көптен бері айтылып жүрген
Әдебиетті қолдау туралы бағдарлама жобасы сөз болды. Партия және
шығармашылық ұйым басшыларының ұйғарымымен жобаны әзірлеу туралы топ
құрылды. Араға айға жетер-жетпес уақыт салып, бағдарлама тұжырымдамасының
жобасы әзірленді. Жоба екі жақты талқылаудан өтіп, толық мәтіні Әдебиет
айдыны газетінің үстіміздегі жылдың 23 маусым күнгі санында жарияланды.
Әзірге тиісті мемлекеттік мекемелермен, үкіметтік орындармен жүргізілген
уағдалы әңгімеге арқа сүйеп отырған бұл жоба үстіміздегі жылы өзінің
тәуелсіздігінің он бес жылдығын атағалы отырған қазақ елінің жаңа дәуірдегі
өз әдебиетіне жасағалы отырған орасан қамқорлығының айқын көрінісі, жарқын
нышаны болары күмәнсіз. Тәуелсіз ел болу жағдайында құқықты, еркін,
демократиялық қоғам орнату жолын таңдаған, көппартиялы, бәсекелі өмір салтын
қалыптастыруды мақсат еткен. Қазақстан Республикасының рухани кеңістігіне
түбірлі өзгеріс алып келер бұл жоба кім-кімге де абырой әкелері, қазақ
әдебиеті мен көркемсөз өнерінің жинақталып қалған біраз күрделі
мәселелерінің оң шешім табуына мұрындық болары шүбәсіз.
Әрине, әр партия өзі әзірлеген күретамыр-бағдарламасының аясында әрекет
жасауы міндет. Біз бұл арада осы бағытта жазушылардың жоғын іздеуге
ұмтылған, әрқилы деңгей-дәрежеде әдебиетке қол ұшын беруге араласқан өзге
партиялардың талпыныс әрекеттерін түбегейлі сызудан аулақпыз. Бірақ
шындықтың аты – шындық. Мойындамасқа ешкімнің әддісі жоқ. Көркем әдебиет
дейтін рухани әлемнің бүгінгі таңдағы сұранысына жан-жақты жауап іздейтін,
ұлттың рухани тұрғыдан ұйысып, рухының бекуіне жетелер, әдебиеттің ертеңгі
тағдыры жайлы шешімді ұсыныстар айтар тарихи құжат жобасының тұсауын бірігіп
кесіп, бірігіп қанаттандыру бақыты Отан партиясы мен Жазушылар одағының
маңдайына жазылыпты...
Сонымен...
Әдебиетті қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының
тұжырымдамасы (жобасы) өмірге келді. Тиісті мемлекеттік құзырлы орындардың
назарына ұсынылған бұл жоба бүгінде берісі қаламгерлер қауымының, әрісі
жалпыхалықтық талқылауға түсіп отыр. Қалай болғанда да бұл тәуекелдің түбі
игілікті үлкен бір шаруаға жетектеріне іштей сенеміз. Президент әдебиеттің
жинақталып қалған проблемаларынан шығудың жолын іздеп, арнайы сұхбат берсе,
Отан партиясы қаламгерлер қауымымен бірлесе отырып, қолдау көрсетудің
жобасын әзірлесе, иә, сәт! деген аруақты сөзді айтқаннан өзге не
қалады?!
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бұл әрекет жаһандану жағдайында өмір
сүруге бел буған, әлемнің озық елдерінің қатарынан орын алуға серт еткен
қазақ елінің өз ана тіліне, өзінің туған әдебиетіне, өз рухына, өзінің
ұлттық тұтастығына жасамақ қамқорлығының нышаны екені айтпай белгілі. Бұл –
сөз жоқ, елдегі демократиялық құндылықтарға деген оң көзқарастың көрінісі,
бұл – бастауында ұлы Абай, арыстар мен алыптар, ондаған ғасырлық ұлтымыздың
сөз өнерінің үлгі-өнегесі тұрған ұлы әдебиетімізге бет бұрудың жарқын
нышаны. Бұл – ұлттық тарихымыздың жасампаз беттері.
Әңгіме бүкпесіз, ашық айтылса, айдынды болмақ, айбынды болмақ.
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Әдебиет – руханият қайнары дейтін сұхбатының
бір тұсында: Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары... Жалпы шығармашылық ортаны
кәдімгідей абыржытып кетті. Жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастар ел
өміріне тосын өзгертулер енгізді. Қоғамдық бағыт-бағдар, дағдылы құндылықтар
басқаша сипат алды. Қалыптасып қалаған моральдық-этикалық көзқарастар
өзгерді. Бір кезде мемлекет тарапынан жан-жақты қамқорлық көрген әдеби әлем
дәрменсіздеу күй кешті деп, сирек айтылар бір ақиқаттың бетін ашқан.
Біздер, жоба жасаушылар ел Президентінің осындай қадау-қадау сұрақтарына
жауап іздеуге тырыстық. Ескіше өмір сүру мүмкін емес, жаңаша жалғанды
жалпағынан басу қиын кезеңді таразы басына қоя отырып, көбіне-көп тәуелсіз
елдің ертеңін, ертеңгі әдебиетін ойладық. Ертеңгі әдебиетке көпір болар
бүгінгі уақыт талабына сай шығарма тудырып жүргендердің, ертең де, бүрсігүні
де сөз дейтін киелі де қасиетті өнерге өздерін арнайтындардың тағдырын
молырақ елестеттік...
Айтса, айтқандай-ау...
Өтпелі кезең ұсынған қиындық атаулының рухани кеңістігімізге, әсіресе көркем
әдебиетке оңай соқпағаны рас...
Тұрымтай тұсына, балапан басына қашып, әркім әрқилы ұшып-қонған
транзиттік қоғамның сол бір тоқсаныншы жылдарындағы еркін сөйлеу, еркін
жүру, еркін қимылдау басым болған кезеңде ұлттың алтын арқауы саналар
рухани кеңістігіміздің абдырағаны да, асып-сасқаны да, қобалжығаны да,
қабаржығаны да рас еді. Қобалжудың соңы күйзелуге, торығуға алып
барғанын қалай ұмытамыз? Шығармашылықпен айналысатын қауымның басынан кешкен
осы бір күрделі, қиын сезім-ахуалын пайдаланғысы келгендер де болды.
Ондайлар саясаттағы ұпайын түгендеу үшін өзгені емес, таразы басына тарихта
бір-ақ рет болатын Тәуелсіз ел болу мүмкіндігін қойып, күдік пен күмәннің
бұлтын қаптатқанын қалай естен шығаруға болады?!
Айына бір саяси партия мен бір қоғамдық ұйым құрылып, өре-шөре төлдеп,
саяси популизмнің қара қазаны бұрқ-сарқ қайнап жататын сол мазасыз жылдар
енді тарихқа айналып барады... Ерінбеген етікші, ұялмаған әнші болады
демекші, айқайы қаттырақ естілгендердің саясатшы атанып, ашушаң жұрттың
алдына шыққаны да, адалдық іздеп, әділ шешім күтіп, айдыны теңіздей
теңселген елдің аптығын басудың қиынға түскені де енді өз
күнгей-көлеңкесімен өткеннің еншісінде қалып барады.
Ескі альбомды ақтарып отырып, ескі суреттерді көріп, толқуға түскен жұмырбас
пенденің көңіл-күйі тәрізді бір ахуал бойды билейді... Қарап отырсақ, қатал
қоғамның құрығынан жаңа-жаңа құтылып, азаттық дейтін шіркіннің лап берген
таза ауасына тұншыққан сәттер екен ғой соның бәрі...
Империя ыдырап, республикалар бірінен соң бірі тәуелсіздігін жариялап,
Москва не істерін білмей дағдарып, болып жатқан осы бір әлем-тапырықты
көзімен көрген ұлы дүние үнсіз аңырап отырған қатерлі кезең, әсіресе
Қазақстан секілді көп этносты елге қауіп әкелуі мүмкін еді... Өйткені дүние
аса тынышсыз еді. Соғыс өрті қаулай бастаған, әлемнің біресе ана түкпірінде,
біресе мына түкпірінде адам қаны суша шашылып жатқан шалдуар шақта өмірге
келген әлгі қаптаған партиялар мен қозғалыстардың көбі еш дайындықсыз, еш
дәйексіз құрылып жатты. Көше саясаткерлері мен жиындардың, минтингілердің
популист шешендері қара көрікті кезек-кезек үрлеп жатты.
Мақсат – жалғыз азаттық еді! Мақсат – жалғыз еркіндік еді!.. Бүгін сол
партиялар мен қозғалыстардың көбі – жоқ. Бірі – атын ауыстырса, енді
біреулері тарап кетті. Уақыт, заман ағысы бәрін өзгертіп жіберді. Дәуірдің
ала құйынынан аман шығып, уақыттың сынынан мүдірмей өткен қазақ елінің саяси
көкжиегіндегі күрес те, саяси партиялардың құрамы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
60 -90 жылдардағы қазақ әдебиетінің жандануына үлес қосқан ақындарымыздың хронологиялық мәліметі
Ноғай нағашы атамның соққан әшекейлері
Верный бекінісі және оған дейінгі тарих
Ұлттық публицистика дәстүрі
Димаш атаның бойындағы қасиеттер
Жер асты сулары
Қазақстан қалаларының тарихы
Арал тағдыры - адам тағдыры
Шешендік өнердің пайда болу тарихы
Зейнолла Серікқалиевтің публицистикасы
Пәндер