Араб халифатының құрылуы



Кіріспе

1 Араб халифатының құрылуы

2. Мұсылман құқығының қалыптасуы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Араб халифатының экономикасы ол құрылғаннан кейінгі екі ғасыр бойы Омейядтар халифаты кезінде және Аббаситтер билігінің алғашқы жүз жылдығы ішінде жедел қарқынмен дамыды. ҮІІ ғасырдың 30-шы жылдарында құрылған араб халифаты ХІ ғ. ортасындағы селжұқтық түріктердің жаулап алушылығына дейін экономикалық – мәдени дамуы жағынан алдыңғы қатардағы қуатты мемлекеттердің бірі болды.
Араб халифатының құрамы ала-құла болды: арабтар, еврейлер, гректер, парсылар, армян, әзербайжан, грузиндер, египеттіктер, сириялықтар т.б. Халифат үш континент аралығындағы бір орталықтан басқарылатын, бірнеше ұлттардың халықтардың басын қосқан күшті мемлекет болды. Оның жоғары дәрежеде дамыған, бір орталыққа бағындырылған әкімшілік аппараты болды. Олар дүниежүзілік сауда жүргізді.
Оның экономикасының негізін ақша және жүйелі түрде жиналатын алым - салықтар қалады. Қазынаға түсетін байлық, әлеуметтік – экономикалық және мемлекеттік құрылыс - яғни, халифаттың ішкі және сыртқы жағдайларының бәрі қатаң сақталатын Шариат заңдарымен реттеліп отырды.
Халифатта орта ғасырларға тән құнды ескрткіштер, әдеби, ғылым - білім өмірге келді.
ХХ ғ. 90 ж. бергі уақыт әлемнің жекелеген халықтары мен өркенниеттері үшін ірі дүмпулер мен өзгерістер заманы ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзат тағдырындағы бетбұрыс кезең де болып отыр. Осы “ұлы жаңару” кезеңі (Л. Спайдер) әлемдік дамудың екі қарама-қарсы тенденцияларын: дүние жүзі елдерінің бір-бірімен барынша тығыз жақындасуы (ғаламдану) және әлемдік әр түрлі өркениет ошақтарының оқшаулануы, (локалдану) сияқты тенденцияларды байқатып отыр.
Алайда болашақ осы екі беталыстың алғашқысында екеніне күмәніміз жоқ. Мұны бүкіл адамзат өткен тарихы дәлелдеп береді. Енді ғана табалдырықтан аттаған жаңа ХХІ – ғасыр әлемдік өркениеттердің ғаламдық сипатын одан әрі айқындай түсуде, өйткені сан-салалы дүниежүзілік процестердің қай-қайсысының болмасын тағдыры өркениеттер тоғысы иірімдерімен тығыз байланыста болып келеді.
Әр түрлі деңгейдегі интеграциялану, атап айтқанда Орталық Азия, Еуразия және бүкіл әлемдік деңгейлердегі интеграцияланудың, аса қажеттілігі жөнінде елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та соңғы жылдары жиі айтып жүр және оның бастамасы мұндай одақтардың құрылуы қазіргі таңда іс жүзінде асып та жатыр.
1. Мұсылмандық құқығының ерекшеліктері // Заң. –1996. 24 қаңтар (№ 3-4) – 10б.
2. Құран. – Медина, 1991.
3. Ал – Белазури. Книга завоеваний // М.А. Медиников. Палестина от завоевания ее Арабами – СПб., 1897. – С. – 115 – 120.
4. Энциклопедия “Ислам” /Бас редактор Р.Нұрғалиев. – Алматы: “Қазақ энциклопедиясы” 1995. 198-201 бб.
5. Арабские источники ХІІ – ХІІІ вв. – Л., 1985. – С. 286 – 288.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1 Араб халифатының құрылуы

2. Мұсылман құқығының қалыптасуы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Араб халифатының экономикасы ол құрылғаннан кейінгі екі ғасыр бойы
Омейядтар халифаты кезінде және Аббаситтер билігінің алғашқы жүз жылдығы
ішінде жедел қарқынмен дамыды. ҮІІ ғасырдың 30-шы жылдарында құрылған араб
халифаты ХІ ғ. ортасындағы селжұқтық түріктердің жаулап алушылығына дейін
экономикалық – мәдени дамуы жағынан алдыңғы қатардағы қуатты мемлекеттердің
бірі болды.
Араб халифатының құрамы ала-құла болды: арабтар, еврейлер, гректер,
парсылар, армян, әзербайжан, грузиндер, египеттіктер, сириялықтар т.б.
Халифат үш континент аралығындағы бір орталықтан басқарылатын, бірнеше
ұлттардың халықтардың басын қосқан күшті мемлекет болды. Оның жоғары
дәрежеде дамыған, бір орталыққа бағындырылған әкімшілік аппараты болды.
Олар дүниежүзілік сауда жүргізді.
Оның экономикасының негізін ақша және жүйелі түрде жиналатын алым -
салықтар қалады. Қазынаға түсетін байлық, әлеуметтік – экономикалық және
мемлекеттік құрылыс - яғни, халифаттың ішкі және сыртқы жағдайларының бәрі
қатаң сақталатын Шариат заңдарымен реттеліп отырды.
Халифатта орта ғасырларға тән құнды ескрткіштер, әдеби, ғылым - білім
өмірге келді.
ХХ ғ. 90 ж. бергі уақыт әлемнің жекелеген халықтары мен өркенниеттері
үшін ірі дүмпулер мен өзгерістер заманы ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзат
тағдырындағы бетбұрыс кезең де болып отыр. Осы “ұлы жаңару” кезеңі (Л.
Спайдер) әлемдік дамудың екі қарама-қарсы тенденцияларын: дүние жүзі
елдерінің бір-бірімен барынша тығыз жақындасуы (ғаламдану) және әлемдік әр
түрлі өркениет ошақтарының оқшаулануы, (локалдану) сияқты тенденцияларды
байқатып отыр.
Алайда болашақ осы екі беталыстың алғашқысында екеніне күмәніміз жоқ.
Мұны бүкіл адамзат өткен тарихы дәлелдеп береді. Енді ғана табалдырықтан
аттаған жаңа ХХІ – ғасыр әлемдік өркениеттердің ғаламдық сипатын одан әрі
айқындай түсуде, өйткені сан-салалы дүниежүзілік процестердің қай-
қайсысының болмасын тағдыры өркениеттер тоғысы иірімдерімен тығыз
байланыста болып келеді.
Әр түрлі деңгейдегі интеграциялану, атап айтқанда Орталық Азия,
Еуразия және бүкіл әлемдік деңгейлердегі интеграцияланудың, аса қажеттілігі
жөнінде елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та соңғы жылдары жиі айтып жүр және оның
бастамасы мұндай одақтардың құрылуы қазіргі таңда іс жүзінде асып та жатыр.
Қазаргі таңда халықаралық байланыстардың барынша кеңеюі
интеграциялану мен ғаламдану қарқын алуы бүкіл әлемдік мәдени тарихи
процеске әр түрлі аймақ халықтарының атсалысуы мәселесінің зерттелуін күн
тәртібіне қойып отыр. Соның ішінде әсіресе мәдениет аралық өзара
ықпалдастық, оның оқшау этникалық мәдениеттердің эволюциясындағы және жалпы
әлемдік өркениет дамуындағы рөлі туралы мәселенің өзектілігі барынша артып
отыр.

Араб халифатының құрылуы

632 жылы Мұхаммед пайғамбар өлген соң қауым басшысы болып Мұхаммед
пайғамбардың әрі жақын досы, әрі қайын атасы Әбу-бәкір (632-634)
жарияланды. Ол “Халиф” (орынбасары) деген атақ алды. Бұл өте мазасыз кезең
еді. Жан-жақты Мединаның билігін мойындағысы келмеген тайпалар арасынан
жалған пайғамбарлар шыға бастады. Осындай мазасыз кезеңнен кейін араб
жазушылары мен тарихшыларының еңбектерінде “Ар-Рида”, яғни, “дінінен
безу”, “дінінен бөліну”, деген атаққа ие болады. Ал шын мәнінде ол “діннен
безгендер” деп саналған тайпалар әлі ислам дінін қабылдамағандар еді. Жалпы
Мұхаммед пайғамбар өлген кезде Мұсылман дінін қабылдаған араб тайпаларынан
ол дінді әлі қабылдап үлгермеген тайпалар көп болатын. Олардың кейбіреулері
өздерінің бұрынғы нанымдарында қалғанымен, мединалық қауымның саяси билігін
мойындады.
Енді біреулерінің арасында ислам дінін қабылдап, Мединаның ықпалына
бағынуды жақтайтын топтары болды. Сондай-ақ ислам туралы хабары жоқ,
мединалық қауымның ықпалын сезінбеген тайпалар да болды .
Л. Кэтани Аравия тайпаларын олардың ислам дініне қатынасы жағынан төрт
категорияға бөледі:
І – категориясына ислам дінін қабылдаған Мекке-Мединалық қауым
басшылығының қол астындағы тайпалар жатады. Бұл негізінен Мекке мен
Мединада, сол қалалардың жақын маңында тұратын джухейн, мувейн, бали,
асджа, аслале, хузейя, хуза т.б. ұсақ тайпалар болды.
ІІ – категорияның құрамына Орталық Аравияның хавазин, Амир ибн-сасааб,
тайб, сулейм тайпалары кірді. Бұл тайпаларға Мұсылман дінін
қабылдағандардың ықпалы зор болды. Бірақ олардың арасында кішігірім топтары
Медина ықпалына қарсы-күресте өте зор белсенділік танытты.
ІІІ – категориядағы ислам дінін ұстанушылар ықпалы енді-енді тарап келе
жатқан тайпалар кірді. Бұл тайпалардағы мұсылмандар өте аз болды. Бұл
асад, гатафан, тамим тайпалары.
ІҮ – категорияға өздерінің саяси және идеологиялық тәуелсіздігін сақтап
қалған тайпалар енді. Олар: ал – Мұсылман дағы Ханифа, абд ал – Кайс, азад
тайпалары, Иемен мен Хабрамауттағы тайпалардың көпшілігі. Ал христиан
дінін ұстанушы араб тайпаларына жаңа дін өкілдері ешқандай ықпал еткен жоқ.
Бұл келб, кудао, бахра, гассан, бекр ибн-вайл, танух, таглиб тайпалары еді.

Сондай-ақ Махарадағы, Иемен мен Хадрамауттағы кейбір политейстік
бағыттағы тайпалар да ислам дініне еш қатысы болмады. Бірақ, бұл
соңғыларына Иудейлік діннің ықпалы күшті болды.

Жекелеген тайпалардың саяси және идеологиялық тәуелсіздігін жақтаушылар
жергілікті әулие пайғамбарлар болды. Олардың кейбіреулері өз насихатын
Мұхаммедтің тірі кезінде - ақ жүргізді.
Мұсылман дініне қарсы күресті әскери ал- Иемамадағы Мусейлима деген
әулие белсенді жүргізді. Мединалық ислам діндегілердің үстемдігіне қарсы
Орталық Аравиядағы асад тайпасының күресін Тулейха басқарды. Ол исламға
қарсы күресін Мұхаммедтің тірі кезінде-ақ бастаған болатын. Мұхаммед өлген
соң фазада, тайм тайпаларының қолдаушылығына ие болды. Халид ибн ал-
Валидтің әскері Тулейха жасағының тас-талқанын шығарды.
Тулейха қашып құтылды. Кейін ол ислам дінін қабылдап, араб жаулап
алушылықтарын белсене қатысты. Сөйтіп, “ар-рида” діннен безу емес, тек
көпшілік тайпалардың жаңа ислам дінін бірден мойындамауы, оған алғаш
қарсылық көрсетуі болды. “Ар-рида” екінші жағынан барлық араб тайпаларын
медина-меккелік қауымының билігіне бағындырып, оларды жаулап алушылық
соғыстарына тарату болды. Барлық араб тайпаларын біріктіру екінші тақуа
халиф Омар ибн ал-Хаттабтың (634-644 жж.) тұсында аяқталды.
Ортағасырлық араб тарихнамасында араб халифатының құрылуы, яғни жаулап
алынған жерлерде бір орталыққа бағындырылған үкіметтің құрылуы осы тақуа
халифтың білікті де шебер, данышпан басшылығының нәтижесі деп көрсетілді.
Ол өте ақылды, әділетті, қарапайым, белсенді, әскер басшы болған. Мұсылман
діні мен мұсылмандар мүдесіне жан-тәнімен беріліп, адал қызмет еткен. Ол
нағыз демократ болған. Омар мұсылманша жыл санау Хиджраны енгізген.
Омардың тұсында диван құрастырылған. Ол парсы сөзі, “тізімі” дегенді
білдіреді. Ол тізімге жаулап алынған жерлерден салық жинауға құқысы бар
жеке адамдар мен тайпа аттары енген. Жаулап алынған жерлер сол тізімге
енгендер арасында бөлініп, ол жерде отырған елден “харадж” деген адам
басына жер салығы жиналатын. Ол салықтан түскен табыс мұсылмандар арасына
тең бөлініп таратылған .
Дивандағы ең бірінші тұрған Мединалық қазынаға және аймақтардағы бейт,
ал-малдарға барлық жиналған алым - салықтардың бестен бірі түсіп тұрғды.
Әскердегі қызметін арабтар өздерінің құрметті борышы деп санады. Мұсылман
әскері араб тайпаларының жасақшыларынан тұрды. Араб жауынгерлері соғыста
түскен олжадан басқа жергілікті халықтан жиналатын азық-түлік есебінен және
бейт ал – малдан бөлінетін жалақы есебінен күн көретін. Жаулап алынған
елдерге қоныстанған арабтардың көпшілігі бағындырылған жергілікті
халықтардың есебіне күн көріп, өнімді еңбекпен айналыспады. Егіншілікпен
арабтар айналысқылары келмеді.
Арабтардың ру-тайпалық ұйымдары жаулап алушыларды бағындырылған
халықпен араласып кетуден қорғады. Арабтар көбінесе өздерінің әскери
лагерлерінің қасына жергілікті халықтар да қоныстана бастады. Олар
арабтарға қызмет етіп, тауып жатқан олжаларынан үлес алып, күн көретін.
Араб әскери лагерлерінің маңына қолөнершілер мен малайлар, ұсақ-түйекпен
сауда-саттық жасайтындар қоныстанатын. Олардың арасында әртүрлі алаяқтар
мен жезөкшелер жеткілікті болатын.
Басып алынған ескі қалаларда арабтар жеке кварталдарға орналасатын.
Кейде ол кварталдардың тұрғындарын көшіріп жіберетін, сүйтіп оны толығымен
өздеріне босатып алатын. Арабтар өз әскерінің қатарына жаулап алынған
халықтардың өкілдерін алмады. (тіпті олар ислам дінін қабылдаса да). Ал
бұрын Аравиядан көшіп келіп, бірақ көршілерінің ықпалымен христиан дінін
қабылдаған арабтар дереу жаулап алушылар қатарына барып қосылып жатты.
Әсіресе Сирия мен Иорданиядағы христиандық арабтар елеулі әскери-саяси рөл
атқарды. Мұсылман-жаулап алушылар тек христиан, иудей діндегілерге ғана
емес, сондай-ақ зороастризм діндегілерге де, манихейлер мен сабиялықтарға
да ешқандай зорлық-зомбылық көрсеткен жоқ, ислам дініне кіру-кірмеу
еріктерін өздеріне қалдырды .
Мұсылман дінін қабылдаған жат елдіктер жан басына салынатын жер
салығынан босатылатын. Бұл қазынаға байлықтың аз түсуіне себеп болатын.
Сүйтіп, арабтар жаулап алған деген тұжырым шындыққа ұласпайды. Шын мәнінде
жаулап алынған жерлердегі исламдандыру өте ұзақ прцесс болды. Ол процесс
кейбір арабтардың шығыс елдерінде осы күнге дейін аяқталған жоқ. Мысалы, ІХ
ғасырда Египет халқының басым көпшілігі христиан діндегілер (копттер)
болды.
Арабтардың өркениетті елдерді жаулап алып, оларда өз биліктерін
орнатулары араб қоғамындағы экономикалық және әлеуметтік дамуды тездетіп,
күрделендіре түсті. Қолында билік бар мұсылман қауымының мүшелері баий
түсті, ал қолынан ешнәрсе келмейтіндердің жағдайы онан сайын қиындай берді.
Бұл халифтар алдымен байуды дегенді білмеді. Алғашқы халифттер өте
қарапайым өмір сүрген.
644 жылы ирандық құлдың қолынан Омар қаза тапқан соң Осман ибн Ал-Аффан
халиф болды. Ол да омейя руынан болатын. Мұсылман дінін қабылдағанға дейін
ол өсімқорлықпен айналысатын байлардың бірі болған. Ол сонымен қатар иіс
сулар жасап сататын, асыл тұқымды сәйгүлік ат өсіретін. Мұхаммедтің Үркия
деген қызына үйленген. Ол қайтыс болған соң тағы бір қызы Үмму Гүлсімді
алған. Содан ол құрметті “Зу–н –Нұрайын” – қос сәлеге бөленген деген атақ
алған. Ол 644 – 645-шы жылдар аралығында Халифтық құрды. Оның ең үлкен және
аса маңызды жұмысы – Құранның толық жинағын әзірлеу, кітап қалпына жеткізу
болды.
Осман өлген кездегі оның байлығы 150 мың динар мне 1 млн. Дирхем құрған.
Сонымен қатар 100-ге жуық жылқысы, 1000 түйесі, 10 000 қойы болған дейді
Е. Беляев. Ақыры бұл байлығы оның түбіне жетті. 656 жылы наразы болған
арабтардың өздері көтеріліс жасап, Османды өлтірді.

Мұсылман құқығының қалыптасуы

Фиқһ ғылымы туралы түсінік және оның шығуындағы басты себептер.
Адамдарды Алланың жолымен жүруге шақырушылар фиқһ саласында өздерінің
тиісті деңгейімен ерекшеленеді. Ол үшін құлшылық етудің түрі, адамдармен
өзара қарым-қатынасы, өзін-өзі ұстауы т.б. мәселелерге қатысты шариғатта
бекітілген маңызды қағидаларды терең білгені жөн.
Ал, фиқһ ғылымына келсек, бұл араб тіліндегі “әл-фикһ, толық білу,
түсіну” дегенді білдіреді. Терминдік мағынасы болса: “Нақты дәлелдерге
сүйене отырып амалдарға қатысты шариғат үкімдерін айқындау” деген ұғымды
білдіреді.
Фиқһ мазһабтарының барлығы Құран мен суннаға жүгінеді. Ғибадат, құқық,
ахлақ, экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынасты қамтитын фиқһ – түрлі
ұлттарды құрайтын Мұсылман үмбетінің басын қосып, біріктіретін ғылым.
Басқаша айтқанда үмбеттің өмірі. Фиқһсыз үмбет өмір сүре алмайды. Уахи мен
ижтихадқа сүйенетін фиқһ ғылымы ешқандай ұлтта, ешқандай пайғамбардың
әкелген дінінде кездеспейді. Фиқһ Алла мен құлдың арасындағы жеке қарым-
қатынасты қалыптастырумен басталады. Намазды, оразаны, зекетті, қажылықты,
көзге көрінетін және көрінбейтін нәжістерден тазалануды, сүндетті, жүріс-
тұрысты үйретеді. Фиқһ айт, жұма күндерінде әдемі киінуді, хош иіс себуді,
желініп-желінбейтін нәрселерді, ішіп-жеудің әдебін үйретеді. Фиқһ қоғамның
ахлағы мен тәртібін реттеп, оған қажетті алғышарттарды қалыптастырған.
Мұсылмандардың бір жерге жиналып араларындағы міселелерді шешіп, ғылым-
білім, мәдениет алмасып, араларындағы бауырмалдықты қуаттандыру үшін
қажылық, айт, жұма сияқты міндетті кездесулерді реттеген.
Фиқһ отбасылық өмірді де реттеп, отбасының шаңырағын шайқалтпаудың
жолдарын да белгілейді. Қоғамдағы сауда-саттықты, құқық пен экономиканы
реттеп, алдап-арбауды, күштінің әлсізді езуін және өсім жеуді харам қылған.
Фиқһ қоғамның тек бұл дүниедегі өміріне байланысты бөлімін ғана
қарастырмай дүние мен ақырет өмірін бірге ала отырып қарастырған .
Адам баласы жаратушысы бар екенін білгенімен, оның бұйырған және тыйым
салған нәрселерін өзінше біле алмайды. Осы жағдайда фиқһ ғұламалары фиқһ
ғылымына сүйене отырып дұрысты бұрыстан, халалды харамнан айырып береді.
Білімсіздіктің тұңғиық түнегінен парасаттылық пен даналықтың шыңына
жеткізеді. Демек фиқһ ғылымының бұл дүние мен ақыретте Аллаһ Тағаланың
ризашылығын алып, мәңгілік бақытқа жетудің жолдарын үйрететін ғылымның
асқары десек болады. Осы адам баласының әрбір істеген істеріне байланысты
шариғат үкімдерінің жиынтығынан фиқһ ғылымы құралады. Ал шариғаттың амали
үкімдеріне негіз болған дәлелдер төрт нәрседен бастау алады. Олар мыналар:
Құран;
Сунна;
Ижма (ұжымдық қаулы);
Қияс (жанама шешім).
Мұсылман ғұламалары шариғат ғылымдарының негізі болған Құран мен сунна
амалын жан-жақты тексерген, олардан алынатын дәлелдерді бір-бірлеп
айқындап, олардың қағидаларын түзген және үкімдерді шығарып алуда кімдерге
еру керек, оның қандай шарттары бар екенін толығымен анықтап белгілеген.
Яғни бір сөзбен айтқанда мұжтахид пен ижтихадтың шарттарын, тақлид пен оның
үкімдерін баяндап түсіндіреді.
Мұсылман ғұламалары өздерінің мазһабтарының әртүрлілігіне қарамай әрбір
кісінің істеген ісі, айтқан сөздері, мейлі ол ғибадат па, мәміле ме, қылмыс
па, сауда-саттық па, не істесе де оның шариғи үкіміне ешкім таласпайды. Сол
себепті де фиқһ ғылымы бұл даулы мәселені шешуде үлкен роль атқарады және
оның шешілуінекөмектеседі. Сол себептен осы үкімдердің кейбіреулерінің
Құранда келген аяттар немесе хадис шарифте келген мәтіндер баяндап өткен.
Сондай-ақ кейбіреулерін анық айтпаған, дегенмен шариғат оларға да
дәлелдерді айқындап берген, оны мұжтахидтер дәлелдерге сүйене отырып,
кейбір белгілеріне қарап үкімдерін қояды, оның шариғаттағы кесімді
үкімдерін айқындайды.
Осы шариғат үкімдеріне байланысты қағидалар мен зерттеулерден усулу-
фиқһ ғылымы туындады. Мұсылман да Усулу-фиқһқа мынадай анықтама берілген:
Жалпы дәлелдерден шариғат үкімдерін шығаруға алып баратын ережелер
жиынтығы. Фиқһ ғылымы шариғи үкімдерді айқындау үшін мүкәлләфтің сауда-
саттығын, өкілетін, намаз-оразасын, қажылық ғибадаттарын, кісі өлтіруі мен
ұрлығын, мойындауымен қарсылығын, осы істерде оның шариғи үкімдермен таныс
болып болмауын, қысқаша айтқанда әрбір ісін тексереді. Сондықтан усулу-фиқһ
қияс пен оның құжаттылығын, әмір мен одан туындайтын үкімдер туралы сөз
қозғайды. Мәселен, Құранда шариғат үкімдерінің ең бірінші дәлелі, оның
мәтіндері бір қалыпты болып келмеген. Оның кейбіреулері әмір, енді бірі
тыйым салу, кейбірі жалпылама, шариғи үкімдердің жалпы жиынтығынан алынған
қорытынды үкім түрінде келген. Усулу-фиқһ ғылымы осы айтылғандардың бәрін
егжей-тегжейлі тексеріп зерттейді және топшылайды. Мысалы, усулу-фиқһ
әмірден уәжіп үкімі, тыйымнан харамның үкімі шығатынын айқындап береді.
Осылайша усулдің тер төгіп анықтаған қағидаларын жүйелеген зерттеулер мен
еңбегін фиқһ ғылымының ғалымы яғни, фақиһ дайын үкім ретінде қабылдап, оны
іске асырады. Жалпылама үкімдерден жекелеген үкімдерді шығарып, шариғаттың
амали үкімдерінің кеңейтілген жобасын жасайды. Сондай Мұсылман и қағидалар
арқылы дінді қорғай білу, біз үшін өте қажет. Өйткені мұсылман адам барлық
ғылым жетістіктері бойынша жан-жақты хабардар болуы тиіс. Сол себепті
осындай істерді фиқһ ғылымы зерттейді.
Фиқһ мазһабтарының шығуына мына нәрселер себеп болған:
- түсінігі мен қабілетінің әр түрлі болуы. Олардың түрлі аймақтан және
әр түрлі мәдениеттің ортасында өмір сүруі түрлі ижтихадтың туындауына себеп
болған. Өйткені әр жерде түрлі мәселелерге тап болып, бұл мәселелерді сол
жердегі жағдайларға көре шешу керек;
- фиқһшылар мен мужтахидтердің Қолданған әдіс-тәсілдерінің алуан түрлі
болуын да мұның бір себебі ретінде айтуға болады. Мазһабтардың кейбірі
ақылға қатты көңіл бөледі, ал кейбірі болса нақылға (Құран мен хадис) қатты
көңіл бөледі. Осының салдарынан да әр түрлі нәтижелер шығады.
Фиқһ мазһабтарының шығуына себеп болған мәселелерге мыналарды да
жатқызуға болады:
а) Кітап пен сунна мәтіндерінің әр түрлі болуы;
ә) Алғашқы Мұсылман құқықшыларының көзқарасы мен ижтихадтарының әр
түрлі болуы;
б) Қалаулар мен мұқтаждықтардың алуан түрлі болуы;
в) Мұсылман мемлекетіндегі халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының бір-
біріне ұқсамауы.
Кітап пен сунна мәтіндерінің әр түрлі болуы. Құран араб тілінде түскен.
Пайғамбарымыз оны арабша түсіндірген. Араб тілі көптеген ерекшелігі бар
маңызды тіл.Бұл тілдің кейбір нәзік тұстарын ұғынуда әр түрлі ойлар
айтылған. Мұнымен қатар аяттар әр түрлі себептерге байланысты түсіп,
хадистер де түрлі себептерге көре айтылған. Бұлардың кейбірі кейбірінің
үкімін жойған. Мұның да ой-пікірлердің айырылуына айтарлықтай себебі бар.
Бұған мысал берер болсақ, Құрандағы Ағраф сүресінің 204-ші аятында былай
айтылған: Құран оқылған кезде үндемей құлақ салып тыңдаңдар. Бәлкім
кешірілерсіңдер. Ибн Аббас пен Әбу Хұрайра бұл аяттың жамағатпен намаз
оқылғанда имам оқып жатқанда оған ұйған жамағаттың үндемей тұруы үшін түсті
дейді. Саид бин Жубайр Мужахид, Ата және басқалар болса Жұма құтпасын
үндемей тыңдау жайында түсті дейді. Қатада намазда сөйлеуді тыйу үшін
түскен дейді.
Алғашқы Мұсылман құқықшыларының көзқарасы мен ижтихадтарының әр түрлі
болуы. Сахабалардың кезеңінде Мұсылман мемлекетінің аумағы айтарлықтай кең
емес еді. Бірақ табиун кезеңінде Ислал мемлекетінің шекаралары кеңейіп
фиқһшы сахабалар мужахидтермен бірге Арабстаннан ұзақтап шалғай шеттегі
елдерге кетті. Әр бірі орталық қалаларға орналасып ол жерлерде ғылым үйрете
бастады. Ол жерлерде шыққан мәселелерді өздерінде бар мағлұматпен шешіп
отырды. Олардың білімдері мен жағдайлары өзгеше болғандықтан ижтихадтары да
өзгеше болды. Кейбіреуі өздері білген дәлелдерге сүйеніп пәтуә берсе,
кейбірі болса қолдарында жеткілікті дәлел болмағандықтан өз ойлары мен
ижтихадтарына сүйеніп пәтуә берді. Осы барлық пәтуалар мазһаб құрушыларына
өтіп, бұл мәселе мазһабтардың түрлі болуына жол ашты.
Қалаулар мен мұқтаждықтардың алуан түрлі болуы. Мұсылман құқұқшылары
өздеріне шағымдалған мәселелерде және адамдар мұқтаж болған мәселелерде
ижтихад жасап үкім шығарып, пәтуа береді. Бірақ бұл мәселелер басқа
жерлерде болмағандықтан басқа құқұқшылар бұл жайында ижтихад жасамайды.
Кейде артынан осыған ұқсас оқиғалар болып, өзге мужтахидтер мұны алдыңғы
мәселеге қияс жасап шешеді, ал кейбірі болса өзі ижтихад жасап үкімін
береді. Міне сондықтан үкімдер өзгеше болады. Осылар да мазһаб құрушыларға
жетіп отырды.
Мұсылман мемлекетіндегі халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының,
түсінігінің бір-біріне, ұқсамауы. Расулұллаһтың кезеңінде және сахабалар
дәуірінің алғашқы жылдарында мұсылмандардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы,
түсінігі бөлінбеген болатын. Табииндар кезеңінде және олардан кейінгі
жылдарда Мұсылман мемлекетінің аумағы ұлғайып, әр түрлі халық, әр түрлі
ұлттар Мұсылман жамағатына қосылды. Әрбірінің әдет-ғұрпының, салт-
дәстүрінің түрлі-түрлі болуы туындаған мәселелерді шешуде де түрлі жолдарға
жетеледі. Міне осы жағдайлар да мазһаб құрушыларына жетіп, олардың түсінігі
мен пікірлерінің, үкімі мен пәтуаларының әр түрлі болуына әсер етті.
Құранда фиқһ түбірінен шыққан түрлі сөздер: білу, түсіну, сезіну
мағынасында қолданылған. Хз. Пайғамбар (с.а.у): “Аллаһ кім үшін хайыр
қаласа, оны дінде фақиһ (діни үкімдердің сырын меңгерген) қылады” деген.
Төрт халифа мен табиундар дәуірінде фиқһ сөзі ілімді білдіретін. Әл-
Фикһул Әкбардың анықтамасы бойынша фиқһ - ақаид және таухид ілімін, Әл-
Фикхул Ужданидің анықтамасы бойынша: нәпсіні тәрбиелеу мен ахлақ ілімін
білдіреді. Жеке басына қолданылған фиқһ сөзі болса, амалдық тақырыптарды
қамтиды. Әбу Ханифаның (өл. 150-767) фиқһқа былай анықтама берген: “адамның
өзіне пайда және зиян болған үкімдерді білуі”.
Сол дәуірде кәләм, иман, ахлақ және тасаууф сияқты ілімдер әлі бөлініп
өз алдына ғылым ретінде шықпағандықтан Имам Ағзамның “әл-фиқһу-л Әкбар”
атты шығармасы итиқади мәселелерді қамтыды. Бірақ уақыт өткен сайын фиқһ
ілімі тек қана ғибадат амалдары мен жазбаларды қамтитындай түрде “амал
жөніне” көбірек тоқтала бастады.
Фиқһ сөзінің орнына жаңадан қолданыла бастаған “Мұсылман құқығы”
термині ғибадаттардың сыртындағы амалдар, жаза және мирас үкімдерін
қамтиды.
Фиқһтың тақырыбы - Мұсылман и әмірлер және тыйымдардан жауапты болған
кісінің істеген амалдары. Бұлар: намаз оқу сияқты “істеу” және ішіп-жеу
сияқты “таңдау” түрлерінде болады.
Ақылды және балиғатқа толған кісілердің діни үкімдерге жауаптылығы
әхлиятпен дейді. Ғибадат, амалдар және жазаға байланысты діни үкімдерді
“шариғат” дейді. Бұл сөз дін мағынасында да қолданылады.
Бұл жағдайда ол итиқади (сенім) және амалдық үкімдердің бәрін қамтиды.
Бірақ шариғат көбінесе амалдық үкімдер үшін қолданылады. Бұл жағдайда иләһи
тәртіптің амалымен сыртқы пішімін құрайды.
Фиқһ ілімін білген адамды “фақиһ” дейді. Көпше түрі “фуқаһа”. Бұл сөз
фиқһ усулі ілімінде “мұжтахид” мағынасына келеді. Мұжтахид – діни үкімдерді
дәлелдерден шығару өкілдігі мен іліміне ие болған кісі.
Муфти – пәтуа беретін кісі деген сөз. Мұжтахид емес фақиһқа басқа
мұжтахидтердің сөз бен пәтуаларын жеткізу және айтуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб халифаты мемлекеті
Алғашқы төрт тақуа халифаттарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар
Араб халифаты, араб халифатының құрылуы
Араб халифатының мәдениет пен ғылымның гүлдену кезең
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
Деректерде осы маздакиттер қозғалысы тұсында
Араб халифатының қоғамдық құрылысы
Мұсылман мәдениетінің қалыптасуы, халифаттық кезең орнауы
Араб халифаты
Араб халифаты және мұсылман құқығы
Пәндер