Ер Төстік ертегісі



ЕР ТӨСТІК
Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Матау толған түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы соның ішінде кетіпті. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде калыпты. Ерназардыц сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді - келмейді, жылдар өтеді – келмейді. Ерназардың азығы таусылады, ашықты, жейтін тамақ таппады. Кемпірімен екеуінің орнынан тұруға әлдері әрең-әрең келеді.
Бір күні кешке жақын кемпір төсегінен тұрып, үйдің түндігін ашады. Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі. Ерназардың қуанып, есі шығады:
— Кемпір, сүйінші! Керулі тұрған кер биенің төстігі майлы көрінеді, бол, жылдам асып жіберші,—дейді.
Сөйтіп, бұлар төстікті қазанға салады. Төстікті асып жеп, шал мен кемпір әлденеді. Ұзамай кемпір жүкті болады. Мезгілі болып, босанады. Бір ұл туады, оның атын Төстік жеген соң біткен бала деп, Төстік кояды.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ЕР ТӨСТІК
Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты.
Қора толған қойлары болыпты. Матау толған түйелері болыпты. Өріс толған
жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір жылы үлкен жұт болып,
ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы соның ішінде
кетіпті. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде калыпты.
Ерназардыц сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді - келмейді,
жылдар өтеді – келмейді. Ерназардың азығы таусылады, ашықты, жейтін тамақ
таппады. Кемпірімен екеуінің орнынан тұруға әлдері әрең-әрең келеді.
Бір күні кешке жақын кемпір төсегінен тұрып, үйдің түндігін ашады.
Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың
күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі. Ерназардың
қуанып, есі шығады:
— Кемпір, сүйінші! Керулі тұрған кер биенің төстігі майлы көрінеді,
бол, жылдам асып жіберші,—дейді.
Сөйтіп, бұлар төстікті қазанға салады. Төстікті асып жеп, шал мен
кемпір әлденеді. Ұзамай кемпір жүкті болады. Мезгілі болып, босанады. Бір
ұл туады, оның атын Төстік жеген соң біткен бала деп, Төстік кояды.
Төстік өзгеше бала болып өседі: бір айда бір жастағы баладай, үш айда
үш жастағы баладай, бір жылда он бестегі жасөспірімдей болып, екі жасында
алысқан кісілерін алып ұратын бала болады. Садақ тартып үйренеді, тартқан
садағын тоғыз қабат кетпеннен өткізеді. Аң аулап, құс атып, шал әкесі мен
кемпір шешесін асырайды.
Төстік бір күні ауылдың арасында отырған тарғақты садақ пен тартып
қалады. Садақ тарғақтың қанатын үзіп кетеді. Тарғақ жығылмай, бір қанатын
сабалап қаша береді. Төстік ұстаймын деп қуып жүгіреді. Сөйтіп жүргенде,
тарғақ бір кемпірдің өрмегінің үстінен қарғып өтеді. Қуып келе жатқан
Төстік те өрмектен секіреді. Сөйткенде Төстіктің бір бақайы өрмекті іліп
кетеді. Өрмектің бірсыпыра жібі үзіліп қалады.
Өрмек тоқып отырған кемпір: Алда ғана көк шешек-ай! Өрмегімді үзіп
кеттің-ау! Ертеден қара кешке бүйтіп, жар қуалап, торғай атқанша, тентіреп
жүрген сегіз ағаңды тауып алсаң болмай ма?— деп қарғап сілейді.
Төстік кемпірге жауап бере алмай, оның сөзіне қатты қорланады. Әсіресе,
тентіреп кеткен сегіз ағаң деген сөз оған қатты тиеді. Төстік бұрын
ағалары барын есіткен жоқ екен. Әке-шешесі оны Төстікке айтпайды екен.
Кемпірге сөз қайыра алмай, Төстік жүгірген бетімен үйіне келеді. Атып
әкелген құстарын лақтырып тастап, отыра кетеді. Төстіктің ашулы түрін
көріп, шешесі:
Саған не болды? Кіммен жанжалдастың?—деп сұрайды.
Төстік кемпірдің сөзін түгелімен шешесіне айтады. Ағаларым қайда? Неге
келмейді? Іздеп тауып әкелемін!— дейді. Шешесі:
Қақбас кемпір өтірік айтады. Сенің ағаларың болған жоқ оның сөзіне
нанба,—дейді. Сөйтіп Төстікті нандырып қояды.
Тағы бір күні Төстік асық ойнап жүріп, әлгі кемпірдің жалғыз баласын
жұдырығымен қойып жіберсе, бала өліп қалады. Кемпір Төстікті бұрынғыдан да
жаман қарғап-сілейді.
— Қыршыныңнан қиылғыр, Төстік! Менің жалғыз балама әлің жеткенше,
айдалада тентіреп өлген сегіз ағаңның қураған сүйегін тауып алсаң болмай
ма?— дейді.
Кемпірдің сөзі Төстікке ой салады. Шешесінен ағаларын сұрайды. Шешесі
айтады: Сегіз ағаңның бары рас еді, жұт жылы кетіп еді, содан қайтқан жоқ,
қайда жүргендерін білмейміз,—дейді.
Төстік ағаларын іздеу қамына кіріседі. Кемпір-шалға аң мен құстың етін
қақтап үйіп береді де? Төстік жолға шығады. Беліне садақ байланады, қолына
темір таяқ алады, аяғына темір етік киеді. Ай жүреді, жыл жүреді, талай
елді, талай жерді аралайды. Жолдасы да — садағы, азығы да — садағы, жолында
кез келген аңды атып жеп отырады. Темір етіктен теңгедей, темір таяқтан
тебендей қалғанда, алыстан сағым көтерген бел көрінеді. Өлдім-талдым деп
келіп, белге шықса, қарауытқан қалың жылқы көрінеді, жылқының ар жағында ел
көрінеді. Жылқыға келсе, жылқының ішінде тігулі тұрған қара қос тұр. Қосқа
кірсе, асулы мосы, ілулі бақыр тұр. Бақырдың іші піскен етке толы екен.
Төстік етке тойып алады да, елге қарай жүреді.
Төстіктің келген елі ас беріп жатқан ел екен. Ағаларымды осы астан
іздеп көрейін,— деп, асқа тігілген қалың үйді жағалай қыдыра бастайды,
Арықтаған, азған киімі жыртық-жыртық Төстікті ешкім ескермейді. Жаяу жүрген
адамды кім білсін? Сөйтіп келе жатса, табақшылар бір кезде: Ерназардың
сегізіне тарт, Ерназардың сегізіне тарт,— деп шуылдасып жүр екен.
Ерназардың сегізін көрейін,— деп үйге кірмек болса, табақшылар Төстікті
кейін карай сүйреп, қақпалай береді. Қайыршы неме, әлі етке тоймадың
ба?—деп жекіріп ұрсады. Төстік оған шыдамай, табақшының біреуін жұдырықпен
қойып қалып, мұрттай түсіреді. Жұрт жиналып қалады.
—Кім керек? Неғып жүрген адамсың?— деп Төстіктен жөн сұрайды. Төстік:
—Маған Ерназардың сегізі керек – дейді - Адасып кеткен сегіз ағамды
іздеп жүрмін,—дейді. Сол арада Ерназардың сегізі жөн сұрасып, Төстікпен
жылап-сықтап танысады. Ерназардың сегізі елден адасқаннан кейін жұттан
қалған жалғыз күрең биені бағып, содан көп жылқы өсірген екен. Бағанағы көп
жылқы солардікі екен. Төстіктен елінің жөнін білген соң, олар да қайтпақ
болады.
Тоғызы тоғыз жағынан шығып, қалың жылқыны айдай бастайды. Бірақ жылқы
ұйлығып, бір жақты бет алып жүре алмайды. Қанша айдаса да серпіліп, алғашқы
айдаған жеріне қайтып келеді де отырады. Тоғызы жылқыны неше күн айдайды,
аяғында жүргізе алмай, жалығады.
Бір күні Төстік мынадай айла табады: барлық жылкының басы күрең биені
ұстап алып, жылқының ортасындағы бір дөңге шығады, биені жығып, төрт буады
да, қыл бұрау салып, тақымын бұрайды. Тақымы бұралған соң, бие қатты
шыңғырады. Биенің шыңғырған дауысына шұрқырасып қалың жылқы жиналады. Жылқы
әбден жиналып болды деген кезде, Төстік биені тұрғызып алады да, жетектей
жөнеледі. Сонда қалың жылқы өз беттерімен бұлардың соңынан шұбай береді.
Енді ешқайсысы да жылқы айдап әлек болмайды, күрең биені жетектеп жүреді де
отырады. Қалың жылқы шұбырып ереді де отырады. Судың тұнығын іше-іше,
шөптің сонысын жей-жей, талай асқардан асып, талай шөлді басып, Төстігі
бастап, Ерназардың сегізі аман-есен елдеріне келеді.
Балалары амап-есен келген соң, Ерназар ел жиып, той қылады. Түйеден
бура, жылқыдан айғыр, ту бие, қойдан қошқар, құнан қой сойып, қымызын
көлдей, етін таудай қылып қояды. Ақсақал, қарасақалын түгел разы қылады.
Той тарқағаннан кейін Ерназар тоғыз ұлын аяқтандыру қамына кіріседі.
Тоғызына тоғыз келіншек іздейді. Келінінің тоғызын бір үйден таппақ болып,
ел қыдырады. Көп елді аралайды. Бірақ Ерназар ойлағандай тоғыз қыз бір
үйден табылмайды.
Сөйтіп, Ерназар күдер үзіп келе жатса, алдынан бір ауыл көрінеді.
Ауылдың ортасындағы үлкен бір коңыр үйдің тұсына келіп, мейман болатындығын
білдіреді. Үйге кірсе, керегесінің басында сегіз сырға ілулі тұр екен, соны
көрген соң, Ерназар еңкілдеп жылай бастайды. Үйдің бәйбішесі Ерназардан:
Неге жыладың?—деп сұрайды.
Жылаған себебім: тоғыз ұлым бар, соған тоғыз келіншек іздеп жүрген адаммын;
тоғыз ұлымның бір әке-шешеден туғаны сияқты, тоғыз келінімнің де бір әке-
шешеден туған болуын іздеп жүрген адаммын, керегенің басындағы көп сырғаны
көргенде, тілегіме жеттім ғой деп қуанып қалып едім, санасам біреуі кем
екен, соған жылап отырмын,—дейді Ерназар.
Ендеше, жылама, тағы біреуі бар, әне тұр,— деп бәйбіше тұсбақаннан тағы бір
сырғаны алып келеді. Кенжекейімнің сырғасы еді, мұны сегіз қызымның
сырғасына араластырмаймын, ана қыздарым бір төбе, Кенжекейім бір төбе.
Сондықтан Кенжекейімнің сырғасы олардікінен бір бөлек тұрады,— деп сырғаны
қайтадан орнына іліп қояды.
Ерназар оған:
—Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз
ұлым бір төбе, Төстігім бір төбе еді, Кенжекейің Төстігімдікі болсын—дейді.
Сөйтіп, Ерназар тоғыз қызға құда түсіп қайтады.
Ерназар келіндерін алып қайтуға тоғыз ұлымен сапарға шығады, Жолда
бұларға перінің қызы Бекторы кездеседі, ол Төстікті көріп ғашық болады.
Төстікті Кенжекейден айырып алу ниетіне кіріседі.
Ерназар тоғыз ұлымен Кенжекейдің ауылына барып, көп уақыт жатады. Отыз
күн ойын, қырық күн тойын істетіп, келіндерін алып, еліне қайтпақшы болады.
Кенжекейдің әкесі қыздарына түгел енші беріп, көп жасаумен ұзатады.
Сонда Кенжекей әкесінің берген еншісіне — мінгізген ат, арттырған түйе,
тарттырған жасауына разы болмайды. Әкем маған жылқыдан Шалқұйрық атты
берсін, жасаудан Ақсырмалды сауытты берсін, түйеден Құба інгенді
берсін,—дейді.
Кенжекейдің әкесі қызына ашуланып, кісісін қайта жібереді:
— Қызыма айта бар, Ерназардың байлығы оған жетеді. Шалқұйрық атты
сұрағаны несі? Шалқұйрық жылқымның құты, құтқа қыз ие болған жер бар ма
екен? Құба інген түйемнің басы, түйемнің басын сұрағаны несі, қызда ондай
түйе артар бар ма екен? Ақсырмалды сауыт атадан ұлға қалатын мұра, мені
қызым қу бас дегені ме? Қызым өйтіп жаулығын білдірмесін,— дейді.
Кенжекей әкесіне қайта кісі салыпты; Шалқұйрыкты сұрағаным, ерге лайық
ат еді, ер мінсін деп едім; Құба інгенді сұрағаным, ер қосын артсын деп
едім; Ақсырмалды сауытты сұрағаным, Ер Төстік ер еді, сол ер кисін деп
едім,— депті.
Әкесі Кенжекейдің сөзінен жеңіліп, сұрағандарын беріпті. Қызыма сәлем
айт, Сорқұдықтың басына көшін қондырмасын, қондырса кесір болады,— депті.
Сонымен Ерназар келіндерін алып қайта береді. Бір күні көші жар басында
тігулі тұрған жарты лашыққа кездеседі. Бұл перінің қызы Бекторының лашығы
екен. Көш тұсынан өтіп бара жатқан кезде лашығынан шығып, шайқақтап,
перінің қызы Бекторы мынаны сөйлейді:
Сүйген жарың Ер Төстік,
Құтты болсын, Кенжекей!
Мінген де атың Шалқұйрық,
Құтты болсын, Кенжекей!
Артқан да түйең Құба інген,
Құтты болсын, Кенжекей!
Киген де сауытың Ақсырмал,
Құтты болсын, Кенжекей!
Жар басында демесең,
Жарты лашық демесең,
Біздің үйге түсе кет,
Көбікті саумал іше кет,—дейді.
Перінің, қызы Бекторының тиісе сөйлегенін жақтырмай Кенжекей мынадай
жауап береді:
Перінің кызы Бекторы,
Шайпау сөзің қой, Торы.
Сүйген де жарым Ер Төстік,
Өз жарымды сүйемін,
Мінген де атым Шалқұйрық,
Өз атымды мінемін.
Артқан да түйем Құба інген,
Өз түйеме артамын.
Киген де сауытым Ақсырмал,
Өз сауытым киемін,
Жар басында демейін,
Жарты лашық демеймін,
Қайтсең де үйіңе түспеймін,
Бал берсең де ішеймін.
Перінің қызы Бекторы,
Шайпау сөзің қой, Торы!
Осылай деп Бекторының бетін қайтарып тастайды. Қап, бәлем, Кенжекей
саған қылармын - деп Бекторы тісін қайрап қала берді.
Көш бетімен тарта берді. Бір күні Сорқұдықтың басына келіп жетеді.
Кенжекей атасына кісі жіберіп Атам бұл құдыққа қонбасын ырымы жаман жер,—
деп айтқызады Келінім келмей жатып, менің қонысымды билейін деген екен,—
деп Ерназар болмастан әлгі жерге қонады.
Көш қонысымен, Кенжекей басқа келіндерінен үйді бұрын тігіп жібереді
де, атасын қонақ қылады. Кенжекейдің аяулы екенін Ерназар сол арада біледі
Келінім ақылды екен, тілін бекер алмаған екем,—деп өкінеді.
Сол күні тұман болады Кенжекей өз әкесінің айтқаны ойына түсіп,
кірпігін ілмей жатады. Ерте тұрып қараса, Құба інген жоқ. Құба інген жоқ—
деп атасына хабар береді.
Ерназар ат ерттеп мініп, Құба інгенді айнала қарап жүрсе анадай жерде
тұрган Құба інген көрінеді. Қасына келсе, бұйдасы бір көкпекке оралып
қалған екен. Жанында бір тал бар екен, талдың түбінде бір жарбиған жаман
кемпір отыр.
—Шеше, шеше! Ана түйенің бұйдасына қол жалғап жіберші,—дейді Ерназар.
Кемпір сонда:
—Тұрсам отыра алмаймын, отырсам тұра алмаймын, шырағым. Әперуге әлім
жоқ нашар адаммын,—деп мүләйімсиді.
Кемпірдің сөзіне нанып, бұйданы іліп алайын деп еңкейе бергенде,
Ерназарды кемпірекең шап беріп жағадан ала кетеді. Ерназарда тапжылуға шама
жоқ. Олай-бұлай жұлқынып байқап еді болатын көрінбейді, кемпір қысып әкетіп
барады. Ерназардың мойны үзіліп буынып барады, шыбын жаны шығып барады.
Ерназардың қоя бер дегеніне кемпір қоя беруші болмады. Өлетін болған
соң Ерназар жалына бастады:
—Ағарған сақал ІІІашым бар! Қартайып келген жасым бар!
Тоғыз келінімді жаңа ғана түсіріп, жаңа ғана қызығын көрейін деп отырмын.
Қоя бер мені шешежан,— дейді.
—Жоқ,-деп кемпір қысып қояды, Ерназардың, жаны шығып барады.
Тоғыз келін түсіріп,
Елдей көшіп келемін.
Толып жатқан жасаудан.
Тойғаныңша беремін.
Босат мені шешетай!— дейді.
—Жоқ,-деп кемпір қысып қояды, Ерназардың, жаны шығып барады.
Оған разы болмасаң
Тоғай толған қойым бар,
Қанша алатын ойың бар?
Босат мені шешетай!— дейді.
—Жоқ,-деп кемпір одан сайын қысып қояды, Ерназардың, жаны шығып барады.

Оған разы болмасаң
Сауысқандай сақтығы,
Жұмыртқадай ақтығы,
Желбіреген желегі
Жаңа түсіп келеді
Сегізінен бір дана,
Ақылы асқан ол дана
Кіші келінім Кенжекей,
О да болсын сенікі,
Бір әділ жан менікі,
Жіберші мені шешеке!— дейді
—Жоқ,-деп кемпір одан сайын қысып қояды, Ерназардың, жаны шығып барады.

Оған разы болмасаң
Сойылдай сегіз ұлым бар,
Менде қандай құның бар,
О да болсын сенікі,
Бір әділ жан менікі
Жібере көр шешеке!—дейді
—Жоқ,-деп кемпір қысыңқырап жібергенде, Ерназардың жаны мұрнының ұшына
келеді, өлуге аз-ақ қалады.
Оған разы болмасаң,
Атамасым атайын,
Сегізінен бір бөлек
Жалғызымда қуат боп,
Жаяуымда қанат боп,
Пана болған бір кезде
Ер Төстігім — ең кенжем,
О да болсын сенікі,
Бір әділ жан менікі,
Жіберші мені, шешеке!— дегенде, кемпірдің қолы босанып сала береді.
Төстікті маған қалай бересің?—деп сұрайды кемпір. Оған Ерназар айтады:
Менің қалтамда Төстіктің садағының ұшын шығаратын егеуі бар. Төстік онсыз
жүре алмайды. Мен соны осы араға тастап кетейін. Төстік іздеп келеді, сонда
өзің ұстап ал,—дейді.
Кенжекей мұның бәрін көріп тұрады. Ерназар Құба інгенді алып қайтып
келеді, көш жөнеледі, бірнеше күн көшеді. Төстік түнде отауына кірейін
десе, отауы ылғи берік болады. Бір күні Төстік жеңгелерін алып, отауына
кіреді. Төсегіне жатып еді, Кенжекей болат кездіктің сабын Төстіктің
жүрегіне тіреп, ұш жағын өз жүрегіне қояды:
— Қозғалмай жат, қозғалсаң екеуміз де жарыламыз,— дейді. Төстік мұның
себебін сұрайды. Кенжекей:
—Әкең сені Бекторының жалмауызына беріп кеткен, сен менікі емессің,
жалмауыздан біржола құтылып кел,—дейді.
Әкем мені жалмауызға неге береді?—дейді ол. Кенжекей:
Нанбасаң, әкеңнен егеуінді сұрап көрші,— дейді. Ертеңіне ертемен тұрып
Төстік:
—Егеуімді берші, әке! Мына жақта киік жүр екен, садағымның ұшын
шығарайын деп едім,— дейді.
Ерназар сасыңқырап қалып, қорбаңдап кісесін қараған болады да:
— Қап, әттеген-ай, қалып қойған екен. Түнеукүні Сорқұдықтың басьгнда,
Құба інгенді іздеп барғанда, бір талдың түбіне түсіп, ат шалдырып едім,
егеуің сонда түсіп калған екен ғой,— дейді. Сонымен Төстік егеуін іздемек
болады, егеуінің
қалған жері — неше күндік алыс жол. Ерназардың айтуымен Төстік егеуін
іздеуге алты аяқты ала атты, жеті аяқты жирен атты мінбек болады.
Төстік жылқыдан алты аяқты ала атты мініп, жеті аяқты жирен атты
жетегіне алып келе жатқанда, алдынан Кенжекей шығып мынаны айтады:
Сорқұдықтың басына
Сорға бола қонды атам.
Жалмауызға жалғызын
Жанынан қорқып берді атам,
Жүретұғын жолыңда
Құлан өтпес шөлі бар,
Оны да басып өтесің,
Қыран өтпес қия бар,
Оны да басып өтесің.
Алты аяқты ала атың
Қулык бие құлыны,
Табанына тас батса,
Маңдайынан күн өтсе,
Алты күнге жарамас.
Жеті аяқты жиренің
Табанына тас батса,
Маңдайынан күн өтсе,
Жеті күнге жарамас.
Сан жорғаны алмадым,
Ер аты деп таңдадым.
Айыл-тұрман әбзелін
Ертеден бастап сайладым.
Төстік, саған арнадым,
Жабы емес қазанат,
Ер серігі қолғанат
Шалқұйрықты мін, Төстік!
Сан жасауын алмадым,
Саған бола таңдадым,
Ақсырмалдай сауытты
Осы жолға ки, Төстік!—деп зарлайды.
Төстік Кенжекейдің тілін алып, Шалқұйрық атты мінетін болады. Жылқыдан
Шалқұйрықты ұстап әкелуге кісі жіберсс, барған кісігс Шалқұйрық ат
ұстатпайды, Алдына келгенін тістеп, артына келгенін теуіп, маңайына жан
жуытпайды.
Шалқұйрықты ұстауға Төстіктің өзі келеді. Шалқұйрық Төстікке өзі
келеді. Шалқұйрық Төстіктен қашпайды. Қолын созса, тырп етпей тұрып,
жүгенге басын өзі ұсынады.
Төстік жүрерде Кенжекей Құба інгенді бураға шөгереді. Не Төстік өлді
деген күні ботала, не Төстік келді деген күні ботала деп, серт қылады. Өзі
белін он екі құлаш торғын орамалмен тартады. Не Төстік өлді деген күні, не
Төстік келді деген күні шешіл деп, серт қылады.
Төстік жолға шығады. Төстік аулынан ұзап шыққан соң, Шалқұйрық атқа тіл
бітеді.
—Төстік батыр, енді екеуміздің жанымыз бір, қандай пәле болса да бірдей
көреміз. Менің мына айтқан сөздерім есіңде болсын. Егеуіңнің қасында
жалмауыз кемпір сені күтіп отыр, сен егеуіңді ала бергенде ұстап алмақ.
Егеуге жақындаған кезде кемпірді алдайтын бір ақыл тауып ал. Кемпір алдана
бергенде,
мен бетегеден биік, жусаннан аласа бола берейін, сол кезде сен егеуді іліп
ал да жөнел, артыңа қараушы болма,—дейді.
Көп уакыт жол жүргеннен кейін, Төстік егеу жатқан жерге келеді. Келсе,
егеудің қасында кемпір отыр. Ер Төстік жақындай түсіп: Шеше, шеше,
артыңдағы қыздардың бәрі өзіңдікі ме?—дейді. Сонда кемпір артына жалт
қарайды, Сол мезгілде Шалқұйрық бетегеден биік, жусаннан аласа бола береді.
Төстік егеуді іліп алып жөнеледі.
Сонда кемпір: Сен бе едің, Төстік, алдаған? Сені ме, Төстік, қап,
бәлем!— деп тамағы қырылдап, өкпесі сырылдап, шашы жалпылдап, көзі
жарқылдап, тістері сартылдап, қатты сасып, егегін басып Төстікті қуа
жөнеледі.
Төстік қашып келеді. Кемпір қуып келеді. Бір мезгілде тау қаңбақтай
ұшады, тас бұршақтай жауады. Шалқұйрықтың құйрығына қазандай қара тас орала
кетеді. Шалқұйрықтың шапқан салмағына шыдамай, қара жер қақ айрылады.
Шалқұйрық пен Ер Төстік жер астына түсіп кетеді.
Сол кезде Шалқұйрыққа тіл бітеді:
—Біз енді жер астына түстік, бізге бұдан былай жер астының елі
жолығады. Біраз жүрген соң, жылан Бапы ханның ордасна келеміз. Жылан
Бапыханның ордасына келгенімізде, мені алысқа қойып, өзің ордаға кіресің.
Ордаға кіргеніңде есіңде болсын, үйге кіргеніңде екі босағадан екі қара
шұбар жылан ысылдап тұра келеді, олардан сескенуші болма, жылан Бапы ханның
есігін күзеткен құралдары. Төр алдына бара бергеніңде, екі сұр жылан
ысылдап келеді де, екеуі де екі жеңіңнен кіреді, қойныңнан шығады, қойныңа
кіреді, қонышыңнан шығады. Бұлар жылан Бапы ханның ұлы мен қызы болады.
Төрге отыра бергенінде, дәу екі сары жылан ысылдап тұра келеді, одан да
сескенбе. Бұлар — жылан Бапы ханның өзі мен әйелі. Егерде бұлардан
сескенсең, сені Ер Төстік демейді, жер асты еліне қадіріміз болмайды, жер
үстіне жол тауып шыға алмай қаламыз,—дейді.
Біраз жер жүрген соң, Шалқұйрық айтқандай, жылан Бапы ханның ордасы
көрінеді. Төстік Шалқұйрықты анадай жерге қойып, сәлем беріп, үйге кіреді.
Екі босағадағы екі қара шұбар жылан ысылдап тұра келеді. Төстік одан
сескенбейді. Төр алдына бара бергенде екі сұр жылан ысылдап келіп,
Төстіктің жеңінен кіріп, қойнынан шығады, қойнынан кіріп, қонышынан шығады.
Төстік олардан да сескенбейді. Төрге барып отыра бергенде, төсектен екі дәу
жылан ысылдап көтеріледі. Төстік олардан да сескенбейді, төрге шығып отыра
береді.
Бір мезгілде төсектегі екі сары жыланның бірі үлкен кісі болады да,
бірі соның бәйбішесі болады.
—Жақсы келдің, Ер Төстік! Жер астындағы ел де сені ренжітпейді,—дейді.
Екі сұр жыланның бірі әдемі жігіт, бірі әдемі кыз болып кетеді. Одар
да:
—Жер үстінің Ер Төстігі, жер астына жақсы келдіңіз. Жер астының
алыптары, өнерпаздары сенің шылауыңда болады,— дейді.
Босағадағы екі қара жылан екі қара құл болып кетеді. Төстіктің алдына
келіп, қол қусырып тұрады.
Төстік жылан Бапы ханның елінде ұзақ уақыт тұрады. Жылан Бапы ханның
Темір хан деген араз ханы бар екен. Темір ханның қызын жылан Бапы хан
сұрап, неше рет жіберсе де, Темір хан қызын бермей қойған екен. Жылан Бапы
хан Төстікті соған жұмсайды. Темір ханның қызын әкеп берсе, Төстікке өз
қызын беретін болып уәде қылады.
Төстік жылан Бапы ханға Темір ханның қызын әкеп бермек болып, жолға
шығады. Темір ханның елі жеті айлық жол екен. Төстік елсізбен келе жатса,
алдында бір адам көрінеді. Бұл не қылған адам,— деп абайласа, әлгі адам
ағаштың басында отырған екі сауысқаннын құйрығын білдірмей жұлып алады да
білдірмеген бойымен бірінің құйрығын біріне қондыра қояды. Сауысқандар мұны
түк сезер емес.
О, неғып жүргсн жансың?— деп Төстік қасына жетіп келеді.
Жердің үстіндегі Төстік жердің астына түсті дегенге, соған жолдас
болайын деп жолын тосып жүрген адам едім,— дейді әлгі кісі.
Төстікке жолдас боларлықтай қандай өнерің бар еді?— дейді Төстік.
Алғанды адамға сездірмейтін асқан епті едім. Жан-жануардың сағы
сауысқан болса, құйрықтарын ұрлап алып, бірінің құйрығын біріне
кигізгенімді жаңағыдай сезбей қалады,— дейді кісі.
Жарайды. Ендеше сол іздеген Төстігің мен боламын,— дейді Төстік.
Екеуі жүріп келеді. Тағы елсізбен келе жатса, жолдарында бір адам
көрінеді. Неғып жүрген адам?— деп байқаса, киіктерді матап жүрген адам
екен. Екі аяғына байлап алған қазандай екі қаратасы бар. Сол тастарыммен
жүріп, қашқан киіктерден ағып өтіп кетпей, дәл жетіп ұстаймын. Желаяқ деген
жүйрікпін,—дейді кісі: Жердің үстіндегі Төстік жердің астына түсті
дегенге, соған жолдас болайын деп жолын тосып жүрген адам едім.
Жарайды, ендеше осы іздеген Төстігің мен боламын,— дейді Төстік.
Сөйтіп, үшеу болып жүріп кетеді. Бұлар келе жатса, бірталай күннен
кейін елсізде тағы бір адам көрінеді. Не қылған адам екен?— деп байқаса,
әлгі кісі жерге біресе оң құлағын төсейді, біресе сол құлағын төсейді, жер
астынан бір нәрсе тыңдаған сияқты болады.
О, неғып жүрген адамсың?— деп үшеуі қасына жетіп келеді.
Жердің үстіндегі Ер Төстік жердің астына түсті дегенге, соның жолдасы
болайын деп, жолын тосып жүрген адаммын,— дейді кісі.
Төстікке жолдас боларлықтай қандай өнерің бар еді?— дейді Төстік.
Жер астының атақты тыңшысымын, қандай жасырын әңгіме болса да тыңдап
біліп аламын, менен жасырын сыр болмайды. Алыстағыны, жақындағыны түгел
есітетін Саққұлақ деген ер мен боламын,—дейді.
Жарайды, ендеше, іздеген Төстігің мен боламын,— дейді Ер Төстік.
Сөйтіп, төртеу болып жүріп кетеді. Бұлар елсіз түзде келе жатса, алыста
бір тау көрінеді, ол таудың үстіне тағы бір тау шыққандай болады. Жақындап
келіп қараса, бір адам тауды олай да көтеріп қояды, бұлай да көтеріп қояды.
Бір тауды көтеріп бір таудың үстіне кояды.
О, неғып жүрген адамсың?— деп, Төстік қасына жетіп келеді.
Жердің үстіндегі Ер Төстік жердің астына түсті дегенге, соның жолдасы
болайын деп, жолын тосып жүрген адаммын,— дейді кісі.
Төстікке жолдас боларлықтай қандай өнерің бар еді?— дейді Төстік.
Жұрттан асқан алыппын, жердің үстінде де, астында да маған шақ
келетін адам жоқ, қайратым ішіме сыймаған соң, тауларды көтеріп ермек
қыламын, Таусоғар деген ермін,— дейді кісі.
Жарайды. Іздеген Төстігің мен боламын,—дейді Төстік.
Бесеу болып жүріп келеді. Бұлар жапан далада жүріп келе жатса, бір
үлкен көл көрінеді. Көлдің суы айтқанша суалып, жоқ болып кетеді де,
айтқанша шарасынан асып, ернеуі толып кетеді. Ер Төстік жолдастарымен мұның
мәнісіне түсіне алмайды. Бұл су қайдан келіп, қайда кетіп жатыр,— деп
айнала іздейді. Сөйтсе, қамыстың арасында біреу отыр, көлдің суын ұрттап
қалса жоқ болады, аузынан төгіп жіберсе, шарасынан асып су қайта толып
кетеді.
О, неғып отырған адамсың?— деп, Төстік жанына жетіп келеді.
Жердің үстіндегі Төстік жер астына түсті деген соң, жолдас болып
ерейін деп, жолын тосып жүрген адаммын,— дейді әлгі кісі.
Төстікке жолдас боларлықтай қандай өнерің бар?—дейді Ер Төстік.
Жер-жаһанда бар нәрсенің мешкейімін. Маған бұл жалғанда тойым жоқ. Бір
көлдің суы қарныма түк болмайды, қанша үлкен дария болса да, бір-ақ
ұрттаймын. Көлтауысар деген ер боламын,— дейді кісі.
Жарайды. Ендеше, сол іздеген Төстігің мен боламын,— дейді Төстік.
Алтау болып жүріп кетеді. Көп уақыт жол жүргеннен кейін бұларға бір оба
көрінеді. Жақындаса, обаның басында жалпиған бір адам отыр.
О, неғып жүрген адамсың?— дейді оған Төстік.
— Жердін үстіндегі Төстік жердің астына түскенін, жылан Бапы ханға
келіп, оның қорқытқанынан қорықпастан төріне шыққанын, одан Темір ханның
елін іздеп шыққанын, жолында жер астының өнерпаздарын жинап келе жатқанын
көрген соң, соған жолдас болайын деп, жолын тосып отырмын,—дейді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ-ағылшын ертегілерінің бейнелілік сипаты
Қазақ халық ертегілері туралы
Мифологиялық ертегілер
Қазақ ертегілерін зерттей отырып, олардың ұлттық сипатын ашу
Қазақ ертегілерінің дамуы
Бастауыш сыныптарда аңыз-әңгімелерді оқыту әдістемесі
Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары
Ертегілерді оқушылардың ойын дамытуда пайдаланудың әдістемелік негіздері
Оқушылардың ойын дамытуда ертегінің алатын орны
Мектеп жасындағы балаға ертегі арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Пәндер