Ілияс Жансүгіров шығармалары


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ілияс Жансүгіров

(1894-1938)

Оның есімі туған ел әдебиетінің тарихында аспанның төсін арда емген. Гималайдай зәулім биікте танылды. Сондай-ақ онын Құлагердей дүлдүл ақындығы поэзия «бәйгесінде» әманда алда келіп, Абай мұрасындай мәңгі жасамақ.

Ілияс Жансүгіровтің ақындық әлемі «қазақ поэзиясыңың сұлу сарайы» болды. Ғалымдар, әдебиетшілер оны «Сөз Құлагері», «Өнер жаршысы», «Күй жаршысы» деп марапаттайды. Жүйрік ақын 1894 жылы 14 мамырда қазіргі Талдықорған өңіріндегі Ақсу ауданында дүниеге келеді. Жастайынан анасынан айырылады. Дегенмен өзі домбырашы, әңгімеші, әрі түрлі өнермен хабары бар, сауатты әкесінің қамқорлығында болып, одан хат таниды. Өнерге деген қабілеті ерте танылады. Өз ортасының өн-жырына бөленіп өседі. Ташкенттегі 2 жылдың мұғалімдер институтынан соң мұғалім болып қызмет атқарады. Алғашқы өлеңдерін де сол кезде жаза бастайды. 1925 жылы Мәскеудегі журналистика институтына түсіп, оны 1928 жылы бітіріп шығады. Елге келіп, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде еңбегін жалғастырады. Қазақ өнерінің сері ақыны Ақан жайыгда «Құлагер» поэмасын, қазақ өнері, күйін аспандатқан «Кұй», «Күйші» поэмасын жазады. Туған даласы, Отаны туралы сүйіспеншілігін «Дала» поэмасында атқарады. Ілиястың ақындығына қуат, нәр берген халық әдебиетімен бірге Абай поэзиясы болды.

Ол қазақ өнерінің, күй өнерінің, қара қобызы мен домбырасының қасиетін дәріптеп, танытып кетті. Өздерің оқитын «Әнші» өлеңі соның бір айғағындай. Бұл өлең сегіз қырлы, бір сырлы ақын, асқан әнші, сазгер Әсет Найманбаевтың (1867-1922) өнеріне арналған. «Әнші» - Ілияс поэзиясында кейін үлкен арнаға айналатын құдіретті сарынның бастамасы дерлік өлең. Бұл бастамасы әуелде тастан шыққан бұлақ тәрізді салдырап басталса, бара-бара ол «Күй» мен «Күйші» поэмаларына құйды да, тау өзені тәрізді сарқырап ақты, ақырында «Құлагер» поэмасының аңғарына құлап, кемерінен тегілген жылым дариядай ұлы арнада терен-тұңғиығы теңселе шалқыды!

Жасынан ән-күйді терең сезініп, жанымен түсінетін Ілияс әдебиетке ән-күйдің құдіретті күшінің туын көтере шықты. Адам баласының өмірі тарихи тартысындағы ауыр халді де, аңсаған арман, көздеген мақсатты да, жан тербеткен сезімді де, ойды өрлетер қуат-күшті де дыбыс, үн үйлесімдігімен тыңдаушыларына жеткізетін, музыкалық өнердің тілін жақсы ұғынып, оны сөз өнерінің пәрменімен оқушыларына жақсы ұғындыра білген біздің замандастарымыздың ішінде бірінші ақын - Ілияс екендігі даусыз.

Ілиястың екінші бір ерекшелігі - поэтикалық тілінде. Тілінің көркемдігі, сөз образдарының байлығы жағынан Ілияс қазақ әдебиетінде айрықша орын алады.

Соғайын сезімнен бір сұлу сарай

Ілияс Жансүгіровтың жазушылық кемелденуінің сапалы бір белгісі қазақ халқының жаңарған өмірін, өткен оқиғаларды бейнелегенде даму, өзгеріс процестеріне тарихи тұрғыдан қарап, әлеуметтік-қоғамдық проблемаларды жеке адамдардың тағдыры, нақты, реалистік көркем образдар арқылы бейнелеуінен көрінеді. Осындай туындының бірі- "Күйші" поэмасының оқиғасына автор араласпай, сюжеттің табиғи ағысына жол берсе, "Құлагер" (1936) поэмасының құрылысында, көркемдік-құрылымында құнарлы өзгешеліктер, тынбай ізденген әрен жүйрік суреткер тапқан тамаша жаңалықтар, эстетикалық игіліктер бар.

Көптеген шығармаларында өзінің әлеуметтік-қоғамдық позициясын, көркемдік-сұлулық идеяларын ашық жариялап, оқырманмен емін жарқын сырласуды дәстүрге айналдырған ақын "Құлагер" поэмасының "Толғану" деп аталатын беташар тарауында тағы да ағынан жарылады. Қаламгердің қоғамдағы орнын терең түсінген Ілияс оны әлеуметтің тілі, көңілі, өткір ойы, сезгір сезімі, шешені, даңғылы, кәрі құлақ сұңғыласы деп білді.

Халқымның қуанышты бұлбұлымын, Жұртымнын жүйрігінің дүлдүлімін. Көтеріп көптін көңілін күнде шауып, Жүлде алар жұма сайын туды күнім деп шалқуға тамаша шығармалар беріп, оқырмақ шөлін қандырған, казақ әдебиетін барлық жанрда байытқан құдіретті таланттың хақы бар еді.

Ақан Сері мен Батыраш бұрыннан бірін-бірі білетін адамдар ретінде суреттеледі. Әр көңіл, жуан кеуде, аусар Батыраш - сұлу әйел, жүйрік ат, бақ-дәулет өзімде ғана болсын деп үйренген іш мерез. Ұр кеппе, томырық мінезі ешкімге мойымаған. Арқаға даңқы шыққан Құлагерге қызығып, Ақанға кісі арқылы сөз салып, құда, тамыр, кеңілдес болам деп, алтын жамбы, жесір әйел, үйірлі жылқыға жүйрігін берсін деп сәлем жолдайды. Бұл сұрауға илікпеген Ақанға кек сақтап, ішіне қаны қатқан Батыраш ерегіспен баптаған, сұлы жегізіп, сүр жегізіп, сүт беріп, мәпелеп, белдеуге байлаған жүйрік - Көктұйғын.

Асқа келген соң ерегіс тіпті күшейеді. Атты жақсы танитын Батырашқа Көктұйғынның ажалы Құлагер болып көрінеді, жүйрігінің алдына басқа жылқы түсіп кететінін сезгенде, оның ішінде қызғаныш оты лаулап, өкпе-бауыры ертеніп, ішегі үзілгендей болып, ұйқы көрмей аласұрады. Сүйегі алқа-салқа, мінезі селт етпес, екі көзі оттай жанып тұрған Құлагерді көмбеде тағы бір көрген Батыраш түтігіп, қап-қара болып кетеді. Ата намысы қысып, бойын арам ой билеп, кек қайнап, ыза кернеп, жауығып, іштей түтіліп, қастандық, қадамға бекінеді

Ақан мен Батыраштың бетпе-бет кездесу сәті екеуінің от шарпыған, қылыштай өткір диалогтері арқылы беріледі. Бұларды ерегесгіріп, бір-біріне айдап салған, біресе Құлагерді, біресе Көктұйынды мақтап, жамандап, әрқилы сөз айтқан әлдекімдер тобыр мінезін танытады.

Ашудан жарылған тәкаппар, өткір, шешен ақын байлығыңа мас болған әңгүдік әкірең қаққан, көк сақалдың ит терісін басына қаптайды. "Құлагер Кектұйғынның басы-көзін су қып озбаса, атым секікі" деп серт байлайды. Өңі күйіп, тұтқыштай қап-қара боп кеткен Батыраш тым-тырыс үн қатпай, жерге кіргендей күйге түседі. Жат ортада жалғыз жүрген Ақан дәл осы сәтте Құлагерге тағдырдың не дайындап тұрғанын ойына қайдан алсын, «Ауылым қонған Сырымбет саласына" деп шырқап ән сала береді.

Қазақтың ескі дәстүрі бойынша өлген адамның ұрпақтары, әсіресе бай, дәулетті тұқым арада жыл өткен соң, қайғы ұмытылып, жан жарасы жазылғаннан кейін, аруақты еске түсіруді сылтау етіп, алыс-жақын, сан атырап елге, көптеген руларға шамасы келсе үш жүзге, күллі қазақ баласына түгел жар салып, хабарлап ас беретін болған. Ұлы дүбірге жан-жақтан жиналған адамдар үшін көк майса мөлдір судың жағасына үйлер тігіліп, арнайы күтіледі.

Ат жарысады, палуан күреседі, ақындар айтысады. Сөйтіп, өлген адамның атағы жайылады, келген қонақ ұрпақтары, елі бар екен деп кетеді, қазаның артын тойға - қуанышқа айналдыруда үлкен пәлсафалық-адамгершілік мағына, терең оптимистік идея бар.

Кең далаға әйгілі болған осындай астың бірі Арқада Ерейменді мекен еткен керейдің малы көп, малайы мол, бірнеше әйел алған, үрім-бұтағы қаулап өскен, бай болған, жасы тоқсан төртке келіп өлген Сағынайға берілген. Осы аска Құлагерге мініп Ақан да келеді. Ілияс Жансүгіров поэманың "Ас" тарауында қазақ өмірінің, тұрмыс-салттың тамаша білгірі екенін көрсетеді.

Қанық бояулы, жанды бейнелі картиналар жасайды. Этнографияны, экзотиканы көрсеткенде сырттай тамашалаушы емес, әлеуметтік-қоғамдық теңсіздіктерді ашқан реалистік құдіретті қаламның қолтаңбасы жатыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларға жазылған Ілияс Жансүгіровтың шығармалары
Қазақ әдебиетінің құлагері
Ілияс Жансүгіров 1894-1938
І. Жансүгіров лирикасы
Орыс және батыс классиктерінің шығармалары Ілияс аудармасында
Ілияс Жансүгіров туралы
Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасы - сюжетті поэма
Қазақ поэзиясының өрен жүйрігі - Ілияс Жансүгіров
Ілияс Жансүгіров — ақын ,қоғам қайраткері
Сәкен Сейфуллин (1894—1938)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz