Салт-дәстүрлер


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1. Амандасу салты

2. Жанұяға байланысты салт-дәстүрлер

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Оны музыка мәдениетінен, би өнерінен, қол өнерінен, тұрмысынан байқаймыз. Ән, күйлерді тыңдай отырып, билерін, ою-өрнектерін, зергерлік әшекей заттарын көре отырып, оның қай ұлтқа тән екенін ажырата білуге болады. Осылайша қазақ ұлттын да оңай ажыратуға болады. Қазақ халқының бұрыннан пайда болған салт-дәстүрлері басқа көршілес жатқан ұлттардың салт-дәстүрлеріне ұқсас болып келеді. «Қырғыз қазақ бір туған» деген мақал қазақ халқы мен қырғыз халықтарының бір-біріне өте ұқсас екенін көрсетеді. Сонымен қатар түркі тілдес халықтар да қазақ халқымен бір қандас болып келеді.

Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы. қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер әр халықта әр қырынан көрініс береді. Сонымен ұлттардың салт-дәстүрлеріндегі мінездері мен қасиеттері бір-біріне ұқсап, бірін - бірі толықтырады.

Қазақ халқының салт - дәстүрлері осы ұлттың мінез - құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып, келеді. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Той - думандарда, жиындар мен мерекелерде орындалатын осы қазақ халқының салт-дәстүрлері оның ұмыт болмағанын паш етеді.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты ұрпақтан - ұрпаққа берілгенде ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі уақыттың өмір ағымына байланысты кейбіреулері түрленіп қана қоймай жаңадан еніп те жатыр.

Салт-дәстүрдің ұрпак тәрбиесіндегі мәні зор: балатәрбиесіне, тұрмыс-салтқа, әлеуметгік мәдени салт-дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді.

1. Амандасу салты

Амандасу салты қазақ халықының ең үлкен дәстүрлерінің бірі. Үлкені мен кішісі бір-бірімен кездескенде бірінші амандасады. Жасы үлкен ер адамдар мен арасында амандасу салты «Ассалаумағалейкүм!» деген сөзден басталады) Бұның мағынасы жақсы тілекті білдіреді: «Сізге алланың нұры жаусын» деген сөз. Бұл сөзді жасы үлкен ер кісілермен әр түрлі жастағы ерлер амандасқанда жиі қолданады. Тілегін қабыл алып, қарсы адам: «Уағалейкүм ассалам!» деп оң қолын ұсынады. Ол: «Алланың рақымы сізге де жаусын!» деген сөзді біддіреді.

Осылай қол алысып, амандасып болғаннан кейін амандасушылар кезек-кезек отбасыларының, туған-туыстарының, бала-шағаның, мал-жанның халін сұрайды. Қонақжай қазақ халқы үйге келген қонақты төрге шығарып, жайғастырып отырғызады. Қазан асып, дастарқан жая карсы алады. Қария адам үйіне келген кісіден ең алдымен аман саулық сұрасып болғаннан кейін, дастарқан басында қай елдің баласы екенін, әке-шешелері кім екенін сұрап, нендей шаруамен жүргенін әбден біліп алған соң шаруаларына кіріседі. Бірін-бірі ұзақ уақыт көрмей жүздескен адамдар төс қағыстырып, қол алысып, аркаларын қолдарымен кағысып амандасады.

Қазақ халқының сәлемдесуінің ең бір ерекшелігі келіндердің ата-енесі мен қайын жұртымен амандасуы. Ізеттілік көрсетіп, келін ата-енесіне иіліп сәлем салады. Келін сәлемді таңертеңгісін ата-анасына салады және олар ұзақ уақыт басқа жақта болғандарында салады. Сәлемін алған олар тілектерін білдіріп, рақ-меттерін айтады. Жас келіннің сәлемін алған енесі немесе жасы үлкен кісілер «Өркенің өссін», «Бакытты бол!», «Ұл тап!», «Көп жаса!» деген тілектерін айтып ризашылығын білдіреді. Келін тағы сол кісілерге ас ұсынғанда сәлем салып ұсынады. Үйге қонақ кіріп келісімен үй иелері орындарынан тұрып екі қолдарын бірдей созып амандасады. Балаларының орындарынан тұрып амандасқаны ізеттілікке жатады. Егер үйде ақсақал болса келген қонақтар ақсақалды тұрғызбай өздері барып амандасады.

Алыстан келген ағайын көп жылдар бойы көрмеген туыстарына сәлем беріп, амандықтарын білу үшін жеке-жеке үйлеріне кіреді. Бір-бірімен қауышып жатқан ағайындар қуаныштарын дастарқан үстінде бөліседі.

Ұзақ сапардан келген адамға туған-туыстары мен көрші-қоландары онымен арнайы сәлемдесуге келеді. Аман-есен барып келгенін олармен бөліседі. Сапардан келген адамның не көріп, не біліп келгенін, барған жеріндегі халықтың ерекшеліктерін айта отырады.

«Қуаныш қайғы мен ас, ат ортақ» деп, өз ұрпағын бауырмалдыққа, береке-бірлікке баулып келген ата дәстүрінде кісі өлсе жиналып, «Қазаның арты қайырлы болсын!» деп көңіл айту, жас нәресте дүниеге келсе: «Нәрестенің бауы берік болсын!» деп, немесе ауылға жас келін келсе, «Келіннің қадамы құтты болсын!», деп тілек білдіру көрші-қолаң мен туған-туыстың міндетті парызы болып саналады. Сондықтан қонақтар есіктен кіре бере осы сөздерді айта кіреді. Бірін-бірі сыйлағандарын амандық сұрасқандарынан білуге болады. Үлкендерінің алдынан жастар кесіп өтпей, амандасса, үлкендерді сыйлағаны, ол үшін олар риза болады.

Қазақ халқының бір ерекшелігі сыйластығында. Үлкеңді сыйлау, ізеттілік көрсетіп, қамқорлық жасау қай жастың болмасын міндетіндей. Қарт туысарымен амандасып кету үшін әдейілеп сол үйге кіреді. Осылайша көрсеткен ізеттіліктеріне олар ризашылықтарын білдіреді. Қарашаңыраққа соғып үлкен үйдің қалжағдайын біліп амандасып кету тәрбиелікке жатады.

2. Жанұяға байланысты салт-дәстүрлер

Балаға ат қою

Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. Ат қоюшы адам баланың құлағына: «Сенің атың…» деп үш рет қайталайды.

Бесікке салу
Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі аналардың бірі әкеліп, сыйға береді. Ең алдымен бесікке салушы әйел бесіктің өзін жын-шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен аластап шығады. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады. Баланы жатқызып, бөлейді. Қолбау, белбеу және аяқбаумен тартып байлап қояды. Әйел тілектерін айта отырып бесіктің үстіне алдымен көрпе жабады. Бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады, ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі, көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды.

Қырқынан шығару
Туғанына қырық күн толғанда баланы қырқынан шығарады. Қырқынан шығаруға жиналған әйелдер баланы теңге, сақиналар салынған тегешке шомылдырады. Әйелдердің үлкені «Отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсын» деп, баланың үстіне қырық қасық су құяды. Сақиналарды баланы шомылдыруға қатысқан әйелдер бөліседі. Келесі кезекте баланың шашын, тырнағын алады. Шашын шүберекке түйіп, киімінің иығына қадайды. Тырнағын адам баспайтын жерге көмеді. Бала қырқынан шыққанға дейін киген ит жейдесіне тәттілерді түйіп, иттің мойнына байлап қоя береді. Балалар итті қуып жетіп, тәттілерді бөліседі.

Тұсау кесу
Тұсау кесу - сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған, әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл - бала осы адамға тартсын деген тілектен туған рәсім.

Атқа мінгізу
Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрдің бірі - 3-4 жасқа келген ұл баланы атқа мінгізу. Алдымен ағаштан ашамай-ер жасалған. Осыны жуас құнанға ерттеп, баланы мінгізіп байлап қойған. Тізгінді балаға ұстатып, бір адам құнанды жетектеп, ауылды айналдыра жүргізіп, жиналып тұрған үлкендерге сәлем бергізетін. Әйелдер баланың атқа міну құрметіне шашу шашқан. Ересек балалар таймен жарысып, бірімен-бірі күресіп, түрлі ойындар ойнаған.

Тоқым қағу
Өзінің бәсіре атына ашамайын ерттеп мінген бала алғаш үйінен алысқа жолаушылап шыққан кезде «Тоқым қағар» тойы жасалады. Жиналғандар домбыра тартып, ән салады. Шағын айтыс болып, арты ойын-сауыққа айналады.

Сүйінші
Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.

Сәлемдеме
Сәлемдеме (дәстүр) - адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме келген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады.

Көрімдік
Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып, беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.

Базарлық
Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.

Жеті ата
Жеті атасын білмеген - жетесіз (мәтел) . Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. (Ата-тек деген сөз осыдан шыққан) . Жеті атаны тарату осылай жіктеледі.

Тыйым
«Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю» (мақал) . Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі - тыйым. Бұл балалар мен жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау - жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, қолды төбеге қою - ел-жұрттан безінудің, асты төгу - ысыраптың белгісі деп таныған және ондай істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүріңді сақтау – елдігіңді сақтау
Қазақ салт-дәстүрлері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Тұлғаны қалыптастырудағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы
Қазақ-салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу туралы ақпарат
Қыз айту
Ұлттық салт-дәстүрлер негізінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі әдістемелік нұсқау
Қазақ халқының мерекелері
Оқушыларды имандылыққа қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz