Гүлшоғы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ГҮЛШОҒЫ (ГҮЛШОҒЫРЫ)

Гүлшоғыры деп өркеннің жоғарғы, көп жағдайда шашыраңқы тарамдалған, гүл беретін бөлігін айтады. Гүлшоғының өсінің буыңдарында жапырақтар орналасады. Олар өркеннің вегетативтік жапырағына ұқсас болуыда, немесе түрі өзгерген, фотосинтездік қабілетін жоғалтқан болуыда мүмкін. Бұларға гүлдің жабыңдық жапырақтары прицветники) және гүлсағағының жабыңдық жапырақшалары жатады.

Гүлшоғының жекелеген гүлдерден биологиялық артықшылықтары болады. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

1) гүлшоғында тозаңцанудың жүру мүмкіңдігі бірден-бір арта түседі;

2) гүлшоғындағы гүлдердің біртіндеп ашылуына байланысты, олардың сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен зақымдануы азаяды.

ГҮЛШОҒЫНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Гүлшоғының екі типі болады: күрделі гүлшоғы, бұл жағдайда гүлдер негізгі өстің тармақтарында орналасады және жай гүлшоғы, бұл жағдайда гүлдердің сағағы болады, немесе сағақсыз тікелей негізгі өстің өзіне орналасады.

Күрделі гүлшоғы өстерінің ұзындыққа өсу ерекшеліктеріне қарай симподиальды (шектеулі) және моноподи-альды (шектеусіз) болып екіге бөлінеді.

Күрделі симподиальды, немесе цимозды (шектеулі) гүлшоғы

Күрделі симподиальды гүлшоғының негізгі өсі гүлмен аяқталады, гүлдерінің ашылуы жоғарғы жағынан басталып, бүйірлік бүтақтарына қарай жүреді, ал егерде гүлдері бір деңгейде орналасқан болса, онда олардың ашылуы шоқтың ортасынан шетіне қарай жүреді. Күрделі симподиальды гүлшоғына мыналар жатады (126-сурет) .

Монохазий - негізгі өсі гүлмен аяқталады, оның төменгі жағынан екінші реттегі жаңа өс пайда болады, ол да гүлмен аяқталады. Бұдан соңғы пайда болған гүлдер де осы ретпен бүйірлеп өсіп, гүлдеп одан әрі жалғаса береді. Монохазий бұйра (завиток) жөне ирек (извилина) гүлшоқтары болып екіге бөлінеді.

Гүлшоғы орналасқан негізгі өсі гүлмен аяқталса, оның төменгі жағынан кеткен гүлдердің барлығы оның не кілең оң жағыңда, болмаса тек сол жағында бірыңғай орналасса, оңда мүңдай гүлшоғын бұйра гүлшоғы деп атайды (көкбас-гүлде - синяк, помидорда, ландышта және т. б. ) .

Гүлшоғы орналасқан негізгі өсі гүлмен аяқталса, оның төменгі жағынан кеткен гүл бүтақтарының бірі оның оң жағынан, екіншісі сол жағынан кезектесіп кетіп отырса, онда мұндай гүлшоғын ирек гүлшоғы деп атайды (гладиолуста, гравилатта және т. б. ) . Дихазий - негізгі өсі гүлмен аяқталады, оның төменгі жағынан екі қарама-қарсы орналасқан жаңа өстер кетеді, олардың әрқайсысы гүлмен аяқталады. Осылайша гүлшоғының бұтақтануы одан әрі жалғаса береді. Бұл жағдайда жаңа өстер аналық өстен біршама биік түрады. Соның нәтижесінде төменгі реттік гүлдері - гүлшоғының төменгі жағыңда, ал жоғарғы реттік гүлдері - жоғарғы жағында орналасады (қалампырда - гвоздика, тенге жапырақта - манжетка және т. б. ) . Плейхазий - негізгі өсі бір гүлмен аяқталады, оның төменгі жағынан екіден көп қарама-қарсы немесе кезектесіп орналасқан, өз кезегінде гүлдермен аяқталатын жаңа өстер кетеді (сүттігенде, қызыл ырғайда, гортензияда және т. б. ) . Тирс. Тирс деп негізгі өсі моноподиальды бүтақтанып гүлмен аяқталатын, ал бүйірлік өстері симподиальды бұтақтанып гүлдер беретін аралас гүлшоғын атайды. Көпшілік жағдайда тирсті қосарлы ирек (сабынкөк - норичник), немесе қосарлы бүйра гүлшоғы ретінде (шайқурайда - зверобой) қарастырады.

Күрделі моноподиальды, немесе рацемозды (шектеусіз) гүлшоғы

Күрделі моноподиальды гүлшоғының негізгі өсі ұзақ уақыттар бойы шексіз ұзындыққа өседі, гүлдерінің ашылуы өстің төменгі жағынан басталып жоғары қарай жүреді, ал егерде гүлдері бір деңгейде орналасқан болса онда олар шоқтың шетінен ортасына қарай ашылады. Күрделі моноподиальды гүлшоғына мыналар жатады (127-сурет) .

Сыпыртщы гүлшоғы. Сыпыртқы гүлшоғының төменгі бүйірлік гүл беретін өркендері жоғарғыларына қарағавда жақсы дамып, күшті тармақталған болып келеді.

Қалңанша гүлшоғы. Қалқанша гүлшоғының төменгі гүлдерінің сағағы жоғарғы гүлдерінің сағағына қарағанда ұзындау болып келеді. Соған байланысты гүлшоғындағы гүлдердің барлығы бірдеңгейде орналасады (мыңжапырақ, түймешетен, тобылғының кейбір түрлері) . Күрделі масак, Күрделі масақтың негізгі өсі моноподи-альды бүтақтанып, бүйірлік тармақтар береді. Осы бүйірлік тармақтарда гүлдер сабақсыз, отырмалы болып орналаса-ды. Оларды масақшалар, ал түтастай гүлшоғын күрделі масақ деп атайды. Күрделі шатыр. Гүлшоғының қысқарған негізгі өсінен, ұзындықтары бірдей екінші реттік өстер кетеді, ал олардың басында сағақтары қысқа болып келетін гүлдер орналасады. Көп жағдайда екінші реттік өстердің түп жағында олардың барлығына ортақ орама жапырақшалар (обшая об-вертка), ал гүл сағақтарының тұп жағында жекелеген орама жапырақшалар түзіледі.

Жоғарыда келтірілгендерден басқа да күрделі гүлшоқтары болады, оларды агрегатты гүлшоқтарына жатқызады. Агрегатты гүлшоқтары деп әр түрлі гүлшоқтарының типтерінің бірігіп бір гүлшоғын түзуін айтады.

Өстері ұзын болып келетін жай гүлшоқгары

Гүлшоғының бұл түріне жататындар (128-сурет) .

Шашақ гүл. Гүлшоғының өсінде орналасқан жеке гүлдердің сағақтарының ұзындықтары шамамен бірдей болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гүлдің құрылысы және оның қызметі
Гүлді өсімдіктер
Қайыңдар тұқымдасы
Populus L. тұқымының биологиялық сипаттамасы мен түрлерінің әртүрлілігі
Мал азығын механикаландыру
Қайыңдар тұқымдасы (Betulaceae)
Дәрілік өсімдіктерді пайдалану туралы жалпы түсінік
Ботаника емтихан билеттері
Бидай және оның жалпы сипаттамасы
Энтомология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz