Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе . . . 3

  1. Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу

1. 1 Валюталық шоттарды ашу тәртібі . . . 8

  1. Валюталық операциялардың түрлері және олардың есебі . . . 11
  1. Халықаралық банктік есеп айырысу нысандары

2. 1 Банктің валюта-айырбас операцияларының есебі . . . 19

2. 2 Банктік аударымдар және олардың есептегі көрінісі . . . 24

Қорытынды . . . 27

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 28

Кіріспе

Валютаны айырбастау операциялары ежелде «ауыстыру ісі нысанында» ерте заманда және орта ғасырларда пайда болып, бірақ қазіргі түсініктегі валюталық нарық XIX ғасырда қалыптасты. Олар келесідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:

  • байланыстың электронды құралын кеңінен қолдану жәнеолар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруда шаруашылық қызметті интернационалдандыру негізінде валюталық нарықты интернационалдандыру күшейеді;
  • операциялар барлық елдер түпкірінде тәулік ішінде үздіксіз жасалынады;
  • валюталық операциялар техникасы сәйкестендірілген, есеп айырысулар банктің корреспонденттік есеп шоты арқылыжүргізіледі;
  • валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру мақсатындавалюталық операциялардың кең көлемде дамуы;
  • алып-сатарлық және төрелік операциялар коммерциялық мәмілемен байланысты валюталық операциялардан біршама асып түседі; олардың қатысушыларының саны бірден өсті және олардың құрамына банктер мен ұлт аралық корпорациялардан (ҰАК) басқа занды және жеке тұлғалар да жатады;

• тұрақты экономикалық жағдайларға тәуелсіз өздерінің биржалық тауарларына байланысты тенденциясы бар валюталық
бағамның тұрақсыздығы.

Валюталық қатынастарды реттеу кезінде негізгі рөлді арнайы валюталық заңдылықтар атқарады. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі органы республиканың зандылықтарына сәйкес валюталық реттеудің қызметтерін атқаратын Ұлттық банк болып табылады. Үкімет және басқа да мемлекеттік органдар валю-талық реттеудің заңдылықтарына сәйкес өз құзыретінің шегінде жүргізеді. Валюталық реттеу бойынша негізгі нормативтік актілер 1998 жылдың 24 желтоқсаныңда «Валюталық реттеу туралы» заңға толықтырулар мен косымшалар енгізілген заң болып табылады.

Ол Қазақстан аумағында жүргізілетін валюталық операциялардың прин-циптері мен тәртібін валюталық операция субъектілерінің кұқықтары мен міндеттерін, валюталық заңдылыктар бұзылуының жауапкерші-лігін анықтайды. Валюталық бақылау агенттері ретінде валюталық операцияларды жүргізу кезінде валюталық зандылықтардың орында-луын бақылау міндеті жүктелген уәкілетті банктер мен банктік емес қаржылық мекемелер болып табылады.

1. Қазақстан Республикасындары валюталық операцияларды реттеу

Коммерциялық банктердің сыртқы экономикалық қызметі тауарлар мен әрекеттерді экспорттау-импорттау, Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасында оларды өткізу, еліміздің ішінде бейрезидент тұлғалардың шаруашылықпен айналысудағы тауарлық емес сипаттағы мәміле кезінде теңге және шетел валютасында банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты.

Әрбір егеменді мемлекетте заңды төлем құралы ретінде сол елдің ұлттық валютасы қолданылады. Сондықтан сыртқы сауда, қызмет, несие, инвестиция, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті жағдайы төлеуші немесе сатып алушылар шетел валютасын сатып алу немесе сату нысанында бір валютаны басқа валютаға айырбастау болып табылады. 21 ҚЕХС сәйкес валюталық операция - бұл шетел валютасында деноминацияланатын немесе ондағы есепті талап ететін операция.

Осындай айырбастарды жүргізу ушін валюталық нарық қызмет етеді, яғни сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасатын бағам арқылы шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау немесе сату жүзеге асырудың ресми орталықтары.

Атқарымдық көзқарас тұрғысынан валюталық нарық келесілерді қамтиды:

  • халықаралық есеп айырысулардың уакщылы жүзеге асырылуы;
  • валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру;
  • әлемдік валюталық несиелік және қаржылық нарықтардыңөзара байланысы;
  • банк, кәсіпорын, мемлекеттің валюталық резервтерінің әртараптандырылуы (диверсификациясы) ;
  • валюталық бағамды реттеу;
  • қатысушылардың валюталық бағам айырмасы ретінде алатыналып-сатарлық пайдасы;
  • экономиканы мемлекеттік реттеуге бағытталған валюталық саясатты жүргізу.

Институционалдық көзқарас тұрғысынан валюталық нарық -бұл банктердің, брокерлік фирмалардың, корпорациялардың, әсіресе ұлт аралық корпорациялардың (ҰАТ) жиынтығы. Банктер банкаралық нарықта және тауарлы-өнеркәсіп клиентурасында 85-95% валюталық мәмілелер жасайды.

Валюталық қатынастың субъектілеріне Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент тұлғалары жатады.

Валюталық реттеулердің объектілері валюталық құндылықтармен жүргізілетін операциялар болып табылады. Оларға: шетел валютасы және бағалы қағаздар (акция, облигация, төлем құжаттары, қарыздық міндеттеме, қымбат металдар) жатады.

Валюталық құндылықтармен жүргізілетін операциялар екі түрге бөлінеді: ағымдағы валюталық операциялар, олардың құрамына елден валюта аудару және керісінше валюта қабылдау, саудалық сипатқа жатпайтын аударымдар және тура инвестициялар, қаржылық несиелер және т. б. капитал қозғалысымен байланысты операциялар жатады.

Шетел валютасында банктік операциялар жүргізуге лицензияларды Ұлттық банк шексіз мерзімге береді және атаулы болып табылады, яғни үшінші тұлғаларға берілмейді. Банк валюталық операциялардың лицензияда көрсетілген жағдайда және келесілерге сәйкес жүргізуге құқығы бар:

  • шетел валютасындағы қаражаттарды заңды және жеке тұлғалардың шотына және салымына орналастыруға және кабылдауға;
  • банктер мен ұйымдарға шетел валютасында несие жәнеқарыздарды тарту және ұсыну;
  • занды және жеке тұлғалардан шетел валютасындағы төлемқұжаттарын сатып алу және сатуды жүзеге асыру;
  • валюталарды сатып-алу сатуды жүргізу;
  • шетел мемлекеттерінің банктерімен корреспонденттік қатынастарды белгілеу;
  • өз клиенттеріне шетел валютасында кассалық қызмет көрсету;
  • шетел валютасында саудалық және саудалық емес операциялар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру;
  • халықаралық банктік тәжірибеге сәйкес басқа да операция-ларды жүзеге асыру.

Валюталық операцияларды жузеге асыруга қүқық берілген банк-тер уэкілетті деп аталады. Валюта нарығында банктің рөлін анықтайтын негізгі фактор банктің көлемі, оның репутациясы, бөлімшелермен филиалдардың шетелдік желісінің даму деңгейі, жасалатын халыкаралық банктік есеп айырысудың көлемі болып табылады. Сондай-ақ банк және оның валюта саясаты орналасқан орындарда кезең сайын енгізілетін валюталық шектеулер, телекстік және телефондық байланыс жағдайы маңызды рөл атқарады.

2000 жылдың сәуірінен бастап Ұлттық банк теңгенің еркін қалқымалы бағамын белгіледі. Ол Ұлттық банк қатысуынсыз валюталық нарықта сүраныс және ұсыныс негізінде ұлттық валюта бағамын құрылуын болжайды. Бұндай жағдайда валюталық реттеудің маңызы кенеттен өседі, негізгі міндеттері келесілер болып табылады:

  • Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілетін валюталық операциялардың жүргізілу тәртібі мен қағидаларын анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді шығару, валюталық операциялар субъектінің құқықтары мен міндеттері, валюталық зандылықтарды бұзғаны үшін жауапкершілік;
  • валюта заңдылықтарының орындалуын бақылау (валюталықбақылау) ;
  • валюталық нарық, жүргізілген валюталық операциялар көлемін және құрылымының жағдайын талдау.

Валюталық реттеу мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі келесі негізгі әдістерді қолданады:

  • валюталық операциялар объектілері мен субъектілерін, валюталық операциялар субъектілерінің қүқықтары мен міндеттерін, жіктелуін, валюталық күндылықтармен айналысу тәртібін белгілеуді анықтайтын валюталық операцияларды жүргізу тәртібін белгілеу;
  • сипатына, субъектісіне, объектісіне, көлеміне байланыстыбелгілі валюталық операцияларды жүргізуге шектеу енгізу;
  • шетел валютасын паидаланатын қызметтерді лицензиялау;
  • валюталық операцияларды тіркеу;
  • валюталық операциялар туралы есептемені жинау және талдау;
  • валюталық заңдылықтардың орындалуын бақылау;
  • валюталық реттеу мәселелері бойынша халықаралық байланыс. (Қазақстан 1992 жылдың ортасынан бастап халықаралық валюта қорының (ХВҚ) мүшесі болып табылады, ал 1996 жылдың 16 шілдесінен бастап ХВҚ келісім баптарының VIII бабына енді, онда мемлекеттердің өздерінің валюталарының айырбасталымдылығын қамтамасыз ету міндеттері қарастырылған, яғни ағымдағы валюталық операциялар бойынша шектеулер енгізбеу) .

Валюталық реттеудің негізін қүраушы жүйе валюталық бақылау болып табылады. Валюталық бақылаудың мақсаты - Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент тұлғаларының валюталық операция жүргізу кезінде заңдылықтарды сақтауын қамтамасыз ету. Валюталық бақылаудың негізгі бағыттары:

  • заңдылықтарға сәйкес жүргізілетін валюталық операциялар-дың сәйкестігін анықтау және оларды жүзеге асыру үшін қажетті лицензиялар мен куәліктердің болуы;
  • шетел валютасындағы төлемдердің шарт жағдайына сәйкестігін тексеру;
  • валюталық операциялар бойынша есеп жүргізу және есепберудің толықтығын және объективтігін тексеру.

Валюталық қатынастарды реттеу кезінде негізгі рөлді арнайы валюталық заңдылықтар атқарады. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі органы республиканың зандылықтарына сәйкес валюталық реттеудің қызметтерін атқаратын Ұлттық банк болып табылады. Үкімет және басқа да мемлекеттік органдар валюталық реттеудің заңдылықтарына сәйкес өз құзыретінің шегінде жүргізеді. Валюталық реттеу бойынша негізгі нормативтік актілер 1998 жылдың 24 желтоқсаныңда «Валюталық реттеу туралы» заңға толықтырулар мен косымшалар енгізілген заң болып табылады. Ол Қазақстан аумағында жүргізілетін валюталық операциялардың прин-циптері мен тәртібін валюталық операция субъектілерінің кұқықтары мен міндеттерін, валюталық заңдылықтар бұзылуының жауапкерші-лігін анықтайды. Валюталық бақылау агенттері ретінде валюталық операцияларды жүргізу кезінде валюталық зандылықтардың орында-луын бақылау міндеті жүктелген уәкілетті банктер мен банктік емес қаржылық мекемелер болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында келесідей валюталық шектеулер қолданылады:

  • резидентгер арасында жүргізілетін операциялар бойынша барлық төлемдер тек казақстандық валютада жүргізілуі керек, тек ¥лттық банктің нормативтік құқықтық актілерінде, салық және кеден зандылықтарында көрсетілген жағдайлардан басқа;
  • банктік операциялардың бөлек түрлерін жүзеге асыруда уәкілетті емес банктер және ұйымдардың шетел валютасын сатып алуға, сатуға және айырбастауға болмайды;
  • қызмет және тауар, несие ретінде резиденттер алатын шетелвалютасы, олардың өкілетті банктеріндегі шоттарыңда міндетті түрде есептелуі керек.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында және күтпеген жағдайлардың туыңцау кезінде кез келген валюталық операцияларды шектеуге және тоқтатуға құқылы. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысына сәйкес «Қазақстан Республикасы ¥лттық банк туралы» заңды күші бар ҚР Ұлттық банк шетел валютасы жүргізілетін операцияларға қажетті операциялар енгізуге құқы бар. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі резиденттердің экспорттық операцияларына валюталық төлем және экспорттық валюталық түсімді міндетті сату тәртібіне шек қоя алады. Соңғысы нақты уақытта уақытша тоқтатылған.

1. 1 Валюталық шоттарды ашу тәртібі

Шетел серіктестігімен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін валюталық шот ашу қажет. Егер заңды тұлғаның банкте теңгелік шоты болмаса, онда оны ашу үшін келесі құжаттар қажет:

  • нотариалдық куәландырылган кұрылтай құжатгарының көшірмесі;
  • заңды тұлғаның валюталық шот ашу туралы арызы;
  • уәкілетті тұлғалардың қол және мөр үлгілері;
  • салық төлеуші ретінде есепке тұрғаны туралы анықтама;
  • Қазақстан Республикасының уәкілетті органына тіркелгендігітуралы куәлік.

Банкте төлемдерді жүргізу үшін өзара шарттар, келісімдер, мәмілелер көшірмесі бар заңдық іс жасалынады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар банкте валюталық шот ашу үшін келесі қүжаттарды ұсынуы қажет: - шот ашу үшін арыз

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • клиенттің салық есебіне тіркелгендігін растайтын салыққызметінің органы берген бекітілген нысандағы құжат;
  • мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын уәкілетті органберген құжаттың көшірмесі немесе соған теңесетін құжат(патент немесе лицензия) көшірмесі.

Шотқа келіп түскен валюталық қаражаттар жариялануы қажет: уәкілетті банктер арқылы ішкі валюта нарығында теңгеге сатып алынған экспортты валюталық түсім, жарғылық капиталға салым, қаржылық көмек, қайырымдылықтар, сыйлықтар, несиелер, қарыздар, валюта. Заңды тұлғалар шетел валютасындағы несиені тек бейрезидент тұлғалармен есеп айырысу үшін және шетел валютасында алынған банктік несиелер бойынша міндеттемелерді орындау үшін ғана ала алады. Клиенттердің валютаны сатып алуы валюта-лық қаражаттарды сатып алуға берілетін арыз арқылы (2-қосымша) және кросс-операция (айырбастау) бойынша жүзеге асырады, ал сату валюталық қаражаттарды сатуға арыз-тапсырма негізінде жүргізіледі (4-қосымша) .

Клиент валюталық шоттан тауарды импортгау (жұмыстар мен қызметтер) бойынша келісімшарттарды алдын ала төлеуді жүзеге асыру кезінде банкке сәйкес өзара шарт, келісімшарт немесе келісімдерді ұсынуы қажет. ¥сынылатын құжаттар негізінде валюталық шот ашу кезінде тоғыз таңбалы саннан тұратын нөмір беріледі.

000 000 000

1 2 3,

Мұндағы:

1 - валютаның коды;

  1. - шоттың баланстық нөмірі;
  2. - клиенттің нөмірі (жеке) .

Онда шотгың ашылған күні, клиенттің атауы, нөмірі және қосымша ақпараттар жазылатын, валюталық шоттарды тіркеу кітапшасы жүргізіледі. Сол уақытта клиенттерге папка ашылады: онда шот бойынша ақша қаражаттарымен байланысты барлық материалдар жиналатын занды іс және дербес шот көрсетіледі.

Жоғарыда айтылғандай, банктер шетел валютасында операция жүргізу үшін лицензия алулары қажет. ҚР Ұлттық банкі лицензиялауды заңдылықтарға сәйкес жүзеге асырады. Бүгінгі күні шетел валютасында қолма-қол есеп айырысу негізінде бөлшек сауда және қызмет көрсетулермен байланысты әрекет, резиденттердің мемлекет зандылықтары бойынша кұқықтарына сәйкес шетел банктерінде және қаржы институттарында шоттар ашумен байланысты қызметтерге лицензия беріледі.

Кейбір шетел валютасындағы операциялар Ұлттық банкке тір-келуі қажет, мысалы, 100 мың АҚШ долларынан асатын ақша қаражатының бейрезиденттен резиденттердің пайдасына өтетін капитал қозғалысымен байланысты. Ұлттық банк капитал қозғалысымен байланысты валюталық операциялардың келесі тіркеу тәртібі белгіленген:

  • 180 күнге дейінгі алынатын несие;
  • 180 күн мерзімінде резиденттердің экстторттық несиелеуіне байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;
  • 180 күн мерзімінде резиденттердің импорттық несиелеуіне байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасындағы бейрезиденттердің инвестициясы;
  • жылжымайтын мүліктерге мүліктік және басқа да құқықтартөлемдеріне аударымда;
  • бейрезиденттердің 180 күн мерзімінде резиденттердің экспорттық мәмілелерін несиелеумен байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру.

Валюталық операциялар бойынша есеп және есеп беру тәртібі және нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен статистикалық уәкілетті мемлекеттік органдарының келісіміне сәйкес Қазақстан Республикасы ¥лттық банкпен бекітіледі және Қазақстанның заңды және жеке тұлғалары міндетті түрде орындауы керек.

Республикадағы барлық заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Ұлттық банк және өкілетті банктерге олардың сұрауы бойынша, валюталық реттеу заңының талаптарын орындау мақсатында қажетті ақпараттар мен қаражаттарды ұсынуға міндетті.

Жекелеген валюталардың ұзақ немесе қысқа позицияларында бірінші кезекте мүмкіндігі болатын қолма-қол өтелмеген мәмілелер мен байланысты олардың қолдағы бар мүмкіндіктері жабылмаған мәмілелерімен валюталық операцияларды жүргізу кезінде банктер әр түрлі тәуекелге бел буады.

Валюталық позиция банктің шетел валютасындағы талаптар мен міндеттерінің арақатынастарын білдіреді. Олардың нақты валюта бойынша тең болуы кезінде валюталық позиция жабық деп есепт-елінеді, ал тең келмеуі кезінде - ашық.

Жабық валюталық позиция кезінде банк шетел валютасын сатып алу мәмілесін жасайды да және дәл сол уақытта оны алынған табыспен басқа сату мәмілесімен жабады. Ұлттық банк жабық валюталық позиция көлемін шектемейді. Егер сатылған валюта бойынша міндеттемелер оған деген талаптардан жоғары болса ашық валюталық позиция кысқа болуы мүмкін және егер сатып алынған валюталар бойынша талаптар оларға деген міндеггемелерден жоғары болса, онда ұзақ болуы мүмкін.

Қатаң валюта бойынша ашық валюта позициясына мәлімет банктің жарғылық капиталының 30% қүрауы керек, ал ұзақ валюталық позиция жүмсак валюта бойынша 5%, валюталық нетто-позицияның жарғылық капиталдың 50% күрауы керек.

Банктік операциялардың жіктелуі жалпы банктік критерийлері бойынша, сондай-ақ тек валюталық операцияларга ғана тән басқа да белгілері бойынша жүзеге асады. Сонымен, олар келесідей жіктеледі:

  • Қазақстан Республикасы аумағында жасалынатын;
  • валюталық құндылықтардың Қазақстан шекарасына өтуменбайланысты;
  • Республикадан тыс жерде банктер жасайтын.

1. 2 Валюталық операциялардың түрлері және олардың есебі

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін валюталық операциялардың түрлері кеңінен дамыды. Елуінші жылдардың аяғынан бастап өнеркәсібі дамыған елдерде валютаны жедел ұсыну («спот») және мерзімді (форвордтық) мәмілелер кең қолданылды, соңғылары валюталық реттеу объектілері болып табылады. Жетпісінші жылдардан бастап биржада фъючерстік және опционды валюталық мәмілелер дамыды. Бұл алып-сатарлық мәмілені және валюталық тәуекелден сақтандырудың жаңа нысаны. Қолма-қол валюталық операцияларды көп банктер жүзеге асырады, мерзімді операциялар мен «своп» мәмілелерін негізінен ірі банктер, ал опционды опера-цияларды ірілендірілген банктер жүзеге асырады. Жедел ұсыну («своп») валюталық операциялары өте кең таралған және төленген мәміле көлемінің 90% құрайды. Олардың мәні мәмілені жасау кезіндегі бағам бойынша мәмілеге отыру күнінен бастап екінші күні валютаны алып-сату шартына байланысты банк-контрагентте-рінің оны жеткізуінде.

«Свифт» электрондық байланыс күралының, банкаралық электронды аударымдар жүйесінің, мысалы, АҚШ-та ЧИПС, Лонданда ЧАПС және т. с. с., компьютерлік өндеудің кең таралуы «бүгіннен ертеңге дейін» немесе «ертеңнен келесі күнге дейінгі» бір күндік депозиттерді орналастыру операцияларын тез жүзеге асыру үшін айтарлықтай мүмкіндік береді. Алайда дәстүрлі валюталық операция негізінде «спот» мәмілесі және базалық бағам ретінде «телеграфты аударым бағамы» деп аталатын «спот» бағамы танылып қалады. Осы бағам негізінде валюталық нарықта басқа мәміле бағамдары анықталады: валютаны жеткізудің қысқа мерзімінде бір реттік мәміле үшін бағам ретінде мерзімдік.

Жедел ұсынумен байланысты валюталық операциялар валюталық жайғасымның ең мерзімді элементі болып табылады және белгілі бір тәуекелді өз мойнына алады. Банктер «спот» операциясының көмегі арқылы өз клиенттерінің шетел валютасындағы қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, капиталдардың, оның ішінде «қапыл» ақшалардың бір валютадан басқаға ауысуы төрелік және алып-сатарлық операцияларды жүзеге асырады.

Шетел валютасындағы мерзімді мәмілелер (форвардтық, фьючерстік) - шарт жасаған кезде тіркелген бағам бойынша шетел валютасының сомасын белгіленген уақыттан кейін алып келуі туралы екі жақтың келісуі арқылы жасалынатын валюталық мәміле. Осы анықтамадан мерзімдік валюталық операциялардың екі ерекшелігі байқалады:

  1. шарт жасау уақыты мен мәмілені орындау арасында интер-вал бар, яғни валютаны жеткізу. Ол мәмілені жасау күніненбастап кезең соңы ретінде (мерзімі 1-2 апта, 1, 2, 3, 6, 12 ай және 5 жылға дейін) немесе мерзім шегіндегі кез келген кезең.
  2. операция белгілі мерзімнен кейін жасалса да, валюта бағамымәміле жасалған кезде тіркеледі.

«Спот» және «форвард» мәмілесі бойынша валюта бағамының арасындағы айырма мерзімді мәміле бағамы төмен кезде, «спот» бағамы бойынша жеңілдік (дисконт - сііз немесе депорт - В) ретін-де немесе егер жоғары болған кезде сыйақы ретінде анықталады. Сыйақы мерзімі бойынша жасалған мәміледе валюта қолма-қол операцияға қарағанда қымбат айырбасталады дегенді білдіреді. Дисконт, форвард операциялары бойынша валюта бағамы қолма-қолға қарағанда төмен екендігін білдіреді. Жалпы алғанда, жеңілдік немесе сыйақы келемі «спот» бағамына қарағанда тұрақты. Сон-дықтан банк аралық нарықта мерзімді мәмілелердің бағамын белгі-леу кезінде көбінесе сыйақымен дисконт анықталады. Валютаны жанама белгілеу кезінде дисконт қосылады, ал сыйақы «спот»

Қапыл яқша - құнын сақтау немесе үстеме шығын алу мақсатында бір елден екінші елге стихиялы түрде ауысатын ақша капиталы. Олардың негізгі қуат көзі экономикалық және саяси тұрақсыздық, инфляция, валюталық дағдарыс болып табылады. бағамынан шегеріледі. Сыйақы және дисконт эдісі бойынша емес, сандық белгіде белгіленетін мерзімді мәміле бойынша валюта багамы «яутряйт» бағамы деп аталады.

Шетел валютасында жасалатын мерзімді мәмілелер келесі мақсаттарға жүргізіледі:

  • коммерциялық мақсаттағы валюта айырбасталымы, валюталық түсімдерді валюталық тәуекелді сақтандыру үшін қажет төлемдерді сатып алуы немесе сатуы;
  • валюталық бағамының төмендеуіне байланысты болатыншығындардан шекарадан тыс жерде және тікелей және қоржындық капитал салымдарын сақтандыру;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазаөстан Республикасының ұлттық валюта жүйесінің дамуының пайда болуы мен проблемалары
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы және банктік құқықтық қатынастар
Валюталық реттеудің экономикалық мазмұны
Қазақстандағы валюталық реттеу
Банктің шетел валютасындағы операциялары
Қазақстан республикасының валютасы теңге
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Қазақстан Республикасының ұлттық валюта қатынастарының даму жүйесі
Валюталық бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz