Әйелдер қылмыстылығы
Жоспар
1. Әйелдер қылмыстылығының жағдайы.
2. Әйелдер қылмыстылығының алдын алу шаралары.
3. Әйелдер қылмыстылығының себептері.
4. Әйелдер қылмыстылығының шетел мемлекеттеріндегі жалпы жағдайы және статистикалық көрсеткіштері.

Қазіргі кезде қоғамымызда кеңтаралған жағымсыз құбылыстар әркімнің де ойын толғандырары даусыз. Бұлардың басты себептері ең біріншіден, халықтың экономикалық жағдайының дағдарысы.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан қоғамының қазіргі жағдайын сипаттауда оның мынадай белгілері басым болып отыр: қоғамдық қатынастардың криминалдануы, экономикалық дағдарыстың тереңдеуі, халықтың өмір суру деңгейінің төмендеуі, адамгершілік қасиеттердің құлдырауы және т.б.
Осы мәселелер әлеуметтануда тереңірек қарастыруды талап етеді.
Әйелдер қылмыстылығы еркектер қылмыстылығына қарағанда өзінің сипатымен және салдарымен, қылмыс жасау тәсілдерімен және құралдарымен, құрбанды таңдау түрімен және отбасылық-тұрмыстық мәнжайлар жағдайымен ерекшеленеді. Сонымен қатар әйелдер жасаған қылмыстылықта сезімге берілу, ойланбай істеу жағы басым болады.
Соңғы кездерде қылмыс жасайтын әйелдер саны еркектерге қарағанда жылдам қарқын алуда. Мысалы, 1991 жылы қылмыскер әйелдердің анықталған қылмыскерлердің жалпы санындағы үлесі 10,6% болса, бұл көрсеткіш 1995 жылы 14,9%, 1999 жылы - 15,1 %, 2000 жылы- 16,3% болды.
Заң бұзған әйелдер санының өсу қарқыны да еркектер қылмыстылығының сондай көрсеткішінен жоғары.
Әйелдер арасында жиі кездесетін қылмыстар: ұрлық, - (22,1%), есірткі заттарын не психотроптық заттарды заңсыз даярлау, иелену, сақтау, тасымалдау не сату (9%), алаяқтық (3,5%), иемдену және жаратып қою (3,3%).
Иелену немесе жаратып қою сияқты қылмыс тұрлері әйелдерге бұрыннан тән қылмыстар. Бұл қылмыстар қоғамдық тамақтандыру, тұтыну тауарларын шығаратын өнеркәсіп салаларында жиі орын алады, ал онда істейтіндердің басым көпшілігі әйелдер екенін ескерсек қылмыстың бұл түрінің әйелдер арасында кең таралуы заңды. Соңғы жылдары есірткі таратумен пайда табу жолына айналдырып, оған балалар мен әйелдерді тарту сияқты кеселді көріністердің көбейіп бара жатқанын атап айтуға тура келеді. Соның бір айғағы, есірткі сату мен тасымалдау, ізу үстінде ұсталған әйелдердің көбісі отбасыларын асырай алмағандықтан, жұмыссыздықтан осындай әрекеттерге баратынын айтып ақталады. Өткен жылғы есеп беру аралығында да есірткіге қатысты 9 әйелдің заңға қайшы әрекеттері анықталды. Дегенмен осы бағыттағы қылмыстың алдын алу, оның етек алып кетпеуіне жол бермеу шараларын жасауда көптеген кемшіліктер кездесуде. Ал бір жағынан оған тосқауыл қоюға немесе тұрғындар арасында түрлі үгіттік іс-шаралар жүргізуге кешенді бағдарламалар арқылы жұмыс істеу жеткіліксіз дәрежеде болып қалуда.

Пайдаланылган әдебиеттер тізімі:
1. И.И. Рогов бастаған авторлар жиынтығы «Криминология». Алматы, 2006
ж. «Қазығұрт баспасы»
2. Заң республикалық, құқықтық, ғылыми-практикалық журналы. № 4/2006
ж., № 5/2006 ж. №7 /2006 ж. №8/2006, №1/2007 ж. «Заң» Медиа-корпорация
ЖШС баспахансы

Әйелдер қылмыстылығының жағдайы.
Әйелдер қылмыстылығының алдын алу шаралары.
Әйелдер қылмыстылығының себептері.
4. Әйелдер қылмыстылығының шетел мемлекеттеріндегі жалпы жағдайы және статистикалық көрсеткіштері.
Әйелдер қылмысының жағдайы.
Қазіргі кезде қоғамымызда кеңтаралған жағымсыз құбылыстар әркімнің де ойын толғандырары даусыз. Бұлардың басты себептері ең біріншіден, халықтың экономикалық жағдайының дағдарысы.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан қоғамының қазіргі жағдайын сипаттауда оның мынадай белгілері басым болып отыр: қоғамдық қатынастардың криминалдануы, экономикалық дағдарыстың тереңдеуі, халықтың өмір суру деңгейінің төмендеуі, адамгершілік қасиеттердің құлдырауы және т.б.
Осы мәселелер әлеуметтануда тереңірек қарастыруды талап етеді.
Әйелдер қылмыстылығы еркектер қылмыстылығына қарағанда өзінің сипатымен және салдарымен, қылмыс жасау тәсілдерімен және құралдарымен, құрбанды таңдау түрімен және отбасылық-тұрмыстық мәнжайлар жағдайымен ерекшеленеді. Сонымен қатар әйелдер жасаған қылмыстылықта сезімге берілу, ойланбай істеу жағы басым болады.
Соңғы кездерде қылмыс жасайтын әйелдер саны еркектерге қарағанда жылдам қарқын алуда. Мысалы, 1991 жылы қылмыскер әйелдердің анықталған қылмыскерлердің жалпы санындағы үлесі 10,6% болса, бұл көрсеткіш 1995 жылы 14,9%, 1999 жылы - 15,1 %, 2000 жылы- 16,3% болды.
Заң бұзған әйелдер санының өсу қарқыны да еркектер қылмыстылығының сондай көрсеткішінен жоғары.
Әйелдер арасында жиі кездесетін қылмыстар: ұрлық, - (22,1%), есірткі заттарын не психотроптық заттарды заңсыз даярлау, иелену, сақтау, тасымалдау не сату (9%), алаяқтық (3,5%), иемдену және жаратып қою (3,3%).
Иелену немесе жаратып қою сияқты қылмыс тұрлері әйелдерге бұрыннан тән қылмыстар. Бұл қылмыстар қоғамдық тамақтандыру, тұтыну тауарларын шығаратын өнеркәсіп салаларында жиі орын алады, ал онда істейтіндердің басым көпшілігі әйелдер екенін ескерсек қылмыстың бұл түрінің әйелдер арасында кең таралуы заңды. Соңғы жылдары есірткі таратумен пайда табу жолына айналдырып, оған балалар мен әйелдерді тарту сияқты кеселді көріністердің көбейіп бара жатқанын атап айтуға тура келеді. Соның бір айғағы, есірткі сату мен тасымалдау, ізу үстінде ұсталған әйелдердің көбісі отбасыларын асырай алмағандықтан, жұмыссыздықтан осындай әрекеттерге баратынын айтып ақталады. Өткен жылғы есеп беру аралығында да есірткіге қатысты 9 әйелдің заңға қайшы әрекеттері анықталды. Дегенмен осы бағыттағы қылмыстың алдын алу, оның етек алып кетпеуіне жол бермеу шараларын жасауда көптеген кемшіліктер кездесуде. Ал бір жағынан оған тосқауыл қоюға немесе тұрғындар арасында түрлі үгіттік іс-шаралар жүргізуге кешенді бағдарламалар арқылы жұмыс істеу жеткіліксіз дәрежеде болып қалуда.
Экономикалық қызмет саласындағы әйел қылмыстылығының мынадай ерекшеліктері бар:
Біріншіден, қылмыстылықтың бұл түрінің әйелдер қылмыстылығындағы үлесі 2,9% екен, яғни, айырмасы 10 еседей.
Екіншіден, тұтынушылар құқықтарын, кәсіпкерлік және банк қызметін жүзеге асырудың белгіленген тәртібін бұзу, монополизммен және әділетсіз бәсекелестікпен байланысты үйреншікті емес қылмыстар сияқты құқық бұзушылық әйелдерге тән,
Үшіншіден, әйелдердің экономикалық сипаттағы қылмыстары олардың басқа қылмыстарына қарағанда жиі кездеседі. Оның басты себебі -экономиканың сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, банк және т.б. сияқты салаларында әйелдер саны еркектерден басым.
Қылмыс жасайтын әйелдер арасында ұрлықпен ұдайы айналысатындары да кездеседі, олар негізінен қайыршылар, қаңғыбастар, тұрақты мекені жоқтар. Мұндай адамдар қылмыстылықтың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыруда аса қиындық тудырады.
Статистикалық мәліметтер күш көрсетіп қылмыс жасайтын әйелдер санының ұдайы өсіп келе жатқандығын көрсетіп отыр. Мысалы, 2000 жылы адам өлтірген қылмыскерлер арасындағы әйелдер санының өзіндік үлесі 9,9 % дан 12,5%-ға, қасақана ауыр дене жарақатын салғандар арасында 7,2-ден, 12,1%-ға, ұрлықта 9,2-ден, 9,6%-ға, тонауда 6:7-ден: 8,6 %-ға, қарақшылық жасауда4,1-ден, 6,2%-ға өскен.
Экономикалық салада қылмыс жасайтындардың орташа жасы 30-40 (көбісі әйелдер);
-білім және кәсіби дайындық деңгейі жоғары, заңдарды жақсы біледі;
әлеуметтік жағдайы жоғары;
материалдық жағынан қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар әйелдердің зорлық көрсететін қылмыстары еркектердің сондай қылмыстарымен салыстырғанда бар болғаны 7-10 %-дай ғана, мұны еркектер мен әйелдердің әлеуметтік рөлдерінің әр түрлі екендігімен түсіндіруге болады.
Әйелдер қылмыстылығының негізгі ерекшелігіне, әдебиетте аталып өткендей, әйелдің қоғамдағы әлеуметтік позициясы мен рөлдерінің ерекшеліктері, сондай-ақ, оның іс-қимылының негізгі сылтауларының туындысы жатады.
Әйелдерге қылмыстылықтың басқа құрылымы тән, атап айтқанда, оларда пайда күнемдік қылмыстар басым, оның ішінде иемдену, жаратып қою не қызмет бабын теріс пайдалану, алаяқтық, тұтынушыларды алдау.
Әйелдердің зорлық қылмыстарының бір түрі жаңа туған сәбиді өлтіру. Адамды басқадай өлтірулер, әдетте отбасы-тұрмыстық жағдайларда, қызғаныштан, ашынасынан айырылып қалмау мақсатында жасалады. Оларда көбіне күйеулері, ашынасы, жақын туыстары, тіптен балалар құрбан болады.
Әйелдерге тән әлеуметтік позициялармен рөлдерді жоғалта бастағанына, аса азғындағандықтан (маскүнемдік, нашақорлық) немесе қартайғандықтан ерлердің өмір салтына жақындай бастағанына қарай әйелдер ерлердікіне ұқсас зорлық және басқа әрекеттер жасайды, тіптен әйел зорлағанға қатысады.
Республикада ішімдікке салыну, нашақорлық және токсикология
бойынша едәуір қауіпті жағдай пайда болды. Ертеңгі күніне сенімсіздіктің нәтижесінде адамдар өздерінің психологиялық көңіл-күйін жасанды заттарды пайдалану арқылы жеңілдетпек болады. Көбінесе бұл құбылыс адамдардың соңғы жылдар ішінде өскен әлеуметтік қысымға, ертеңгі күнге сенімділікті жоғалтуға жауап ретіндегі түрлі реакциялық күйімен түсіндіріледі.
Ішімдікке салыну және токсикомания - қоғамдық, өмірге терең енген құбылыстар.
Қазақстан бойынша әр 9-шы қылмыскер алкоголдік мас болу күйінде қылмыс жасаған.
Нашақорлықтың негізгі себебі - өмірге қанағаттанбау болып табылады, яғни жеке өмір қиыншылықтары, әлеуметтік-мәдени саланың дағдарысы, әлеуметтік әділетсіздіктер, тұрмыстың нашарлығы, адамдардан түңілу, өзін-өзі жүзеге асыра алмау, т.б,
В.Серебрякованың айтуына қарағанда айқындалған қылмыскер-еркектермен салыстырғанда қылмыскер-әйелдер арасында егде жастағы адамдар көп екен. Тиісінше, қылмыскерлік әрекет, көбіне, не кәсіптік міндеттерді орындаумен, не отбасындағы дау дамаймен байланысты болады.
Отбасындағы материалдық тапшылықтың салмағы алдымен әйелге түседі, себебі ол, еркекке қарағанда, балаларға, қарияларға қамқорлық жасап, оларды киіндіріп-тамақтандыру міндетін өз мойнына алады. Сондықтан да кедейлік жағдай, әсіресе, әйелдердің қабырғасына батады.
Әйелдер кылмыстылығында-олардың тіптен заңмен берілген аспектіде ерлермен тең еместігі фактісімен байланысты себептер бар. Бұл әйелдердің еңбек құқығына жасалған қастандық фактісіне мән бермеу, жұмыс берушілердің сексуалдық байланысқа тартуы және т.б.
Әйелдер қылмыстылығының алдын алу.
Әйелдер қылмыстылығының алдын алу жалпы және арнайы деңгейде жүзеге асырылады. Әйелдер өмірінің барлық салаларын жалпы жақсартуға, қоғамдағы моральдық климатты жетілдіруге бағытталған, әйелдердің нақты жағдайын өзгерту жөніндегі шаралар база ретінде алынады. Заңдылықты нығайту, әйелдердің өндірістегі, отбасындағы құқықтарын қорғаудың ұтымды жүйесін қамтамасыз ету жөніндегі шараларға; өндірістегі, отбасындағы, тұрмыстағы жағдайларды сауықтыруға; білім, мамандық, әлеуметтік мәртебе алу үшін ерлермен бірдей бастапқы мүмкіндік жасауға баса көңіл аудару керек.
Жазасын өтеп жатқан немесе өтеп келген әйелдерге әлеуметтік көмек көрсету жағына арнайы назар керек, себебі олардың еркектерге қарағанда, отбасы жиі ыдырайды, кейін қай жерге бас сұғарын білмейді. Қылмыстың бұл тұрлерін әйелдердің жасау себептері де өзгеше. Көбіне оларды қызғаныш, өш алу, біреуден құтылу сезімдері басқарады. Көптеген қылмыстарды әйелдер сол жәбірленушінің заңға қайшы әрекетіне жауап ретінде жасайды.
Әйелдер қылмыстылығының себептері
Соңғы кездері әйелдер арасында бұзақылық немесе пайдақорлық ниетпен адам өлтіру, қарақшылықпен тонау, аса қатыгездік көрсету сияқты қылмыстар етек алып барады, мұны әйелдердің әлеуметтік рөлдерінің өзгеруімен, отбасы институтының күйреуімен, әйелдердің психологиялық сенімсіздігімен, бала тәрбиелеуге құқының жоқтығымен, әр түрлі келеңсіз мән-жайлардың ықпалымен түсіндіруге болады.
Әйел қылмыстылықтың ең көп таралған себептері:
-саяси және экономикалық тұрақсыздық, ертеңгі күнге сенімнің жоқтығы;
-қоғамдағы шиеленісті жағдай, жаппай дәрменсіздік, ашу, өмір қиындығына бейімделе алмаушылық;
-балаға қамқорлық, отбасын жалғыз өзі асырап отырғандықтан, қалайда табыс табу;
- нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік, қайыршылық және қаңғыбастық сияқты қоғамға жат құбылыстардың етек алуы.
Жезөкшелік қоғамдық құрылыстың тарихи формаларына тән әлеуметтік құбылыс ретінде ежелгі заманда пайда болып, қазіргі кезге дейін сақталып келеді.
Нарықтық экономикаға ету жезөкшелікті қоғамның бетіне шығарды және ол хабарландыруларда, бұқаралық ақпарат материалдарында, полицияның ақпараттарында көрініс алуда.
Қоғамдық пікір екіге бөлініп кетті. Біреулер жезөкшелікті ешбір елде жоюдың нақты тәсілі табылмағандығына сүйеніп, оны заңдастыруды жақтаса, бұл әлеуметтік кері құбылыстың қарсыластары әйел денесін сатудың кез келген түріне тыйым салуды және осы саладағы жеңгетайлар, жезөкшелер және оларға жарнама жасайтындарға қатал заңдарды қолдануды талап етеді.
Осындай кері мінез-құлық пен күрестің тиімді жолдары туралы көп жазылғанымен бұл құбылыстар қоғамда әлі жоғары үлеске ие болып отыр.
Бұл қоғамға зиянды кеселді түп-тамырымен жоюға, бұған тұрмыс жағдайы төмен деңгейдегі жандардың көп тартылатындығын ескерсек, оларды жұмысқа орналастыру шараларын қолға алудың көңіл көншітетіндей еместігінде жасыруға болмайды. Қоғамымыздағы қалыпты даму мен адамдар денсаулығына зиянды, болашақ ұрпағымыздың тектілігіне әсер ететін бұл қауіпті заттарды таратуға барынша тосқауыл қойып, осы жолда құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтарына нұқсан келмеуін үнемі қадағалауда ұстауды жүзеге асырудамыз. Осындай қадағалау жұмыстарының арқасында ішінара болса да, кейбір қызметкерлердің тәжірибесінің жеткіліксіздігінен немесе жеке адамдардың ұқыпсыздығы салдарынан кемшіліктер жіберіліп қалатынында айтпай кетпеске болмайды. Құқық қорғау органдары үлкен іскерлікпен, біліктілікпен заң талаптарына сәйкес қимылдап,
үйлесімділікпен күрес жүргізетін болса, бұл қылмыстың алдына да тосқауыл қойылатынына күмән келтіруге болмайды. Сондықтан үздіксіз алға адымдап, бүгінгіден ертеңіміз жарқын болады деп, өркениеттілікке ұмтылу жолындағы үлкенді-кішілі кедергілерді ашық айтып, оны жоюға үлес қосып отыруда баршамыздың міндетіміз.
Әйелдер қылмысының шетел мемлекеттеріндегі жалпы жағдайы
Белгілі итальяндық сот медигі, психиатр Чезаре Ломброзо (1835-1909 жж.) қылмыскер әйелдердің жан-жақты "портретін" ашып көрсетіп берген бірден-бір криминолог маман. Оның пікірінше, әйел қылмыскерлер туа біткенінен, аяқ астынан немесе құмарлықтың арқасында қылмысқа барады. Қазақстандық ғалым-криминалистер болса Ломброзоның "Әйел "портретін" одан әрі ширатып, төмендегідей тұрлерін көрсетеді.
Әйел қылмысы төңірегінде әңгіме бола қалғанда қазақстандық ғалымдар ең алдымен ИМ академия ғылыми орталығының орынбасары Игорь Корзунның есімін атайды. Болашақ заң ғылымының докторы он жылдың ішінде 2450 сотталған әйелдердің жеке істерін, жүздеген қылмыстық іс пен кері қайтарылған материалдарды қарап, Қарағанды облысындағы Көксу, Алматы облысындағы Жауғашты қазақстандық әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқандармен 230 сұхбат жүргізген. Бұл еңбектердің нәтижесі бізге әйел қылмыстарының жаңа тұрлерін ашып көрсетуге мол мүмкіндік беріп отыр.
—Кеңестік идеологиядан санамызда қалған "сарқыт" —қылмыс жасау—ұят нәрсе. Сол уақытта әйелдер жасаған кейбір қылмыстар қатаң құпия ұсталды, —дейді И. Корзун. —Маған осы іс барысында жазушы Чеховтың көп еңбектерін зерттеп-зерделеуге тура келді. Өйткені патшалық қоғам оны арнайы сахалиндік тар қапасқа жібергені мәлім. Ол сонда бірнеше жыл тұрып, сол қапастың табиғаты, оның пайда болуы мен ортасы туралы зерттегенді. Әйел қылмысының неліктен өсіп отырғандығына қатысты жауашы жазушы сонда тапқандай болады. Мәселен ол жақтағылардың біреуі күйеуі үшін отырса, екіншісі махаббат үшін жапа шеккен. Әйел еркек үшін қатыгез қадамдарға да барған, Бұл еркектер қауымының қылмыс жасау себептерімен салыстырғанда да көбірек байқалады.
Қазір қазақстандық әйелдер колониясында 3000-ға жуык, нәзік жандылар жазасын өтеуде. Қазақстан бұл "жетістігімен" басқа елдерден аз ерекшеленеді. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, әрбір сотталған сегізінші ер кісі сотталушы бір әйелге тең келеді екен. Әйелдер қылмысы 5-7 пайызды құраса, еркектер арасында бұл көрсеткіш 25-30 пайызға жетіп жатады.
Игорь Корзун кәсіби қылмыстың алты түрін бөліп көрсетті.
Кәсіби қылмыстың бірінші түрі —басқыншы-дүниеқорлық. Оны жасаушылар белгілі бір мақсатты көздеп, кісі өлтіретін қатыгездер. "Бандылардың құрамында болып, бірнеше сериялық кісі өлімдеріне қатысқан қылмыскер әйел өлім жазасына кесіліп, бүгінде Бутырск түрмесінде отыр. 1990 жылдардың ортасында оның ұйымдастырған
тобы бүкіл Одақта коммерсанттарға көрсеткен қарақшылық әрекеттерімен белгілі болды. Олар Қазақстанға да "ауыз сала" бастаған болатын.
Екінші түрі —маргиналдық-кәсіби қылмыскерлер. Бір кездері айтулы қылмыстық топтың басында тұрған бұл топқа жататын қылмыскерлер біртіндеп дағдарысқа ұшырауы нәтижесінде өздерін төмен түсіріп жіберді. Олар ұсақ ұрлық жасаушылар, есірткі шегетіндер мен алқаштар.
Үшінші түрі —жоғары кәсіби қылмыскерлер. Жоғары дәрежелі ұрлық жасаушылар және т.б.
Төртінші түрі —транзиттік қылмыскерлер. Бұл есірткі трафиктік ауандағы топтың 90 пайызы әйелдерден тұрады. Қарағанды облыстық ҚАЖ басшысы Б.Жұмаділовтың айтуынша, Көксу колониясындағы әйелдердің 90 пайызға жуығы есірткі таратқаны үшін отыр.
Бесінші түрі —ақ жағалы қылмыскерлер. Бұл топсанатындағылар көбінесе мемлекеттік қызметтегілер мен сот билігіндегілер, сондай-ақ экономика саласындағы мамандар. Әйелдерді бизнеске қатардағы орындаушылар ретінде емес, керісінше менеджер немесе басшы етіп тағайындау жиі ұшырасады. Бұл олардың қылмыстық белсенділігін арттырады екен.
Алтыншы түрі —қылмыс әлеміндегі үлкен беделге ие әйелдер. Бұл ортада олар аса құрметті, бүкіл аймаққа танымал. Мәселен мұндай үлкен мәртебені жүз әйелдің біреуі ғана алуы мүмкін. Осындай атаққа лайықты деп танылғандардың бірі, мәселен ұлты ингуш әйелі Хеди және Цванга. Соңғысы 1996 жылы Алматыда сотталып кеткен.
Ғалымдар жіліктеп, жіктеп берген әйелдер әлемінің қылмысы теңірегіндегі әңгімені ары қарай біз дүние жүзі елдеріндегі әйелдер колониясының табиғаты, жағдайы мен кейбір ерекшеліктерімен жалғастыруды жөн деп таптық.
Албания
Статистикалық шолу.
Албанияның статистикалық шолулары қылмыскер әйелдерге арналған түрменің жоқ екендігінен мәлімет береді. Әйтсе де Тиран қаласындағы екі түрмеде де әйелдерге арналған екі бөлім бар.
Олардағы ең кең таралған әйелдер қылмысының түрі —адам өлтіру. 1999 жылы албандық түрмелерде 28 әйел жазасын өтеген болса, олардың 23-і адам өлтіргені, екеуі жезөкшелік жасағандығы, тағы екеуі алаяқтығы, біреуі ұрлығы үшін сотталған. Олардың көпшілігінің арнайы білімдері бар және 26 мен 45 жас аралығындағынар.
Албанияның заңнамаларынан, Түзеу мекемелеріндегі қылмыскерлер талап-тілектерін айтып, естірте алатын заң бола тұра, іс жүзінде бұл құқық орындала бермейді. Шындығында кейбір заңдар сотталған әйелдердің құқын
тікелей шектейді. Соның бірі сотталған әйелдің өз күйеуіне кездесуге шыға алмайтындығы. Бұл шектеуді заң органдары әйелдердің аяғы ауыр болып қалу қаупімен байланыстырады.
Түрмедегі әйелдер мен балалардың жағдайы. 1998 жылғы "Сотталғандардың құқықтары мен оларға көңіл бөлу туралы" заңның 17-бабы бойынша, "Үш жасқа дейінгі баланы шешесі өз жанында ұстап тұруға рұқсат етіледі. Ондай балаларға арнайы құрылған балабақшалардағы тәрбиешілер қарап, көмек көрсетуі тиіс".
Сотталған әйелдерге бөлінетін көңіл. Полициялық оқшаулауларда сотталған әйелдер көп қорлық көріп жатады екен. Әйтсе де мұндай ресми деректерге толық сенбеушілікте бар. 1999 жылғы албандық Хельсинск комитетінің есебінде полициялық учаскелерде тұтқындалған әйелдер жағдайының мәз емес екендігі айтылған. Мысал ретінде Малси ә Мадхе мен Шкодердегі санитарлық-гигиеналық, тазалықтың жоқтығы алынады. Сол сияқты Лушнидегі тұтқындалған әйелдердің бір күнге дейін сыртқа серуенге шығуына рұқсат берілмей жататындығы да бар екен. Албандық Хельсинск комитеті түрмелер мен ондағы сотталғандардың құқығын қорғайтын ұзақ мерзімдік жобаны жүзеге асырмақшы. Ал сотталған әйелдер осы жобаның негізгі бөлімінің бірі болмақ.
Болгария
Статистикалық шолу.
Бұл елдегі сотталған әйелдердің саны 2002 жылдың 1 қаңтарына дейінгі көрсеткіш бойынша 287 екен. Әйелдер қауымына арналған бір түрме және он сегіз жасқа дейінгі қыздарды ұстайтын бір интернат бар.
Мұндағы әйелдердің көпшілігі Албаниядағы секілді, әсіресе кісі өлтіргендері 1998 жылы 67 адам үшін сотталғандар. Сондай-ақ аяқ астынан жасалған, мүлік ұрлағаны үшін, ұсақ ұрлықтар мен тонауға қатысты қылмыстарымен отырғандар.
Болгария заңнамасынан. Олардың заңнамаларында қылмыстық жазасын өтеп отырған жүкті және балалы әйелдердің құқы қаралған; Бұл ерекше жағдай еңбек заңнамасына сәйкес, денсаулыққа ауыр және зиянды жұмыстардан құтқарылып, жүктілікке және баласын туғаннан кейінгі еңбек демалысына ақшасын төлейтінімен байланысты. Сондай-ақ, 29-бап бойынша жүкті және баласы бар әйелдер орналасу жағдайы мен медициналық қызметті жақсартуға қатысты өз ойларын айтуына құқы бар.
Түрмедегі әйелдер мен балалардың жағдайы. Балалар бір жасқа дейін аналарының жанында түрмедегі арнайы орында болады. Сондай-ақ егер түрмедегі тіршілік бойынша баланы тәрбиелейтін мәселен сотталған әйелдің күйеуі не туысы болмаса, онда бала үш жасқа дейін анасының жанында қалдырылады. Содан кейінгі уақытта ол (анасы түрмеден жазасын өтеп шыққанға дейін) балалар бақшасына немесе оған пана боларлық басқа да орындарға ауыстырылады.
Сотталған әйелдерге бөлінетін көңіл. Зорлауға қатысты полиция
учаскелері немесе түрмелерден ешқандай шағымдар жоқ, бірақ зорлауға ниет еткендерге қатысты арыздар түскен. Әйтсе де полицейлердің тұтқындарға қалай көңіл бөлетіндігі жөнінде толық ақпарат жоқ. Қоғам мұндай мәселенің барын да білмейді.
Әлеуметтік бейімделуге, ақтауға және білімге қатысты бағдарламалар.
Жеке және топтык, әлеуметтік жұмыстарға, сондай-ақ кәсіби білім беруге байланысты бағдарламалар қабылданған. Сотталғандарға арналған тек бір ғана мектеп бар. Жеке тұлғалар бостандыққа шыққан әйелдерге көмектесіп жатады, бірақ олардың біліміне қатысты арнайы бағдарламалар жоқ.
Чехия Республикасы
Статистикалық шолу. Чехия Республикасында әйелдерге деп арнайы бой көтерген екі түрме болса, ондағы істі болған әйелдердің саны 689. Оның бірі —Пардубицте, ал екіншісі —Опавада орналасқан. Опавадағы түрме екі бөліктен тұрады, оның бірін әйелдер "мекен еткен". Сол сияқты Прагадағы Рузын түрмесінің де бір бөлігі осы әйел затына арналған.
1998 жылғы қылмыстың үштен бірінен астамы әйелдердің қатысуымен жасалған екен. Олардың жалпы мазмұны мүліктік, әсіресе тонаушылық, сол сияқты экономикалық қылмыстар болып келеді. Сол жылы жасалған қылмыстардың 9 пайыздан астамы әйелдердің қылмысы ретінде танылған. 1998 жылы Чехия Республикасында алдын ала ойластырылып іске асырылған кісі өлтіруге қатысты 303 іс қаралған болса, оның 30-ы әйелдердің қатысуымен жүргізілген.
Чехия заңнамасынан. №2931993 заңнамалық актілері жинағының 7-бабында сотталған әйелдердің еркектерден бөлек ұсталуы қарастырылған. Сондай-ақ сотталған әйелдерді қорлау мен қатыгездіктен қорғау да заңнамалық актілер жинағының 2-бабында: "Қамауда отырған тұлғаның адамдық, құндылықтары қорлануға және ол тұлға физикалық немесе психологиялық жағынан жапа шегуге тиісті емес" деп көрсетіледі.
Сол сияқты сотталған жүкті әйелді қажеттіліктерімен қамтамасыз етуге байланысты арнайы жағдайлар да айтылады. Мәселен № 1101994 түрмедегі қылмыстық жазаңы реттейтін заңда "Егер дәрігердің тұжырымына сәйкес, істі болған әйел жүкті болып танылған болса, онда түрменің бастығы оның жазасын орындауын тоқтату туралы кепілдемемен таныстыру қажет". Сол сияқты кішкентай баласы бар әйелдер де өздеріне бұйырылған жазадан құтқарылуы мүмкін.
Түрмедегі әйелдер мен балалардың жағдайы. Чехия Республикасының заңнамалары әйелдерге баласының үш жасына дейін түрмеде өзімен бірге болуына рұқсат етеді. Бірақ қазіргі уақытта чехиялық түрмелер балаларды белгілі бір орталарға немесе мекемелерге орналастырмайды.
Сотталған әйелдерге бөлінетін көңіл. Бұл елде сотталған әйелдерді зорлау немесе зорлағысы келген түрлі әрекеттерді жасауға
байланысты ешқандай деректер тіркелмеген.
Әлеуметтік бейімделу, ақтау мен білімге байланысты бағдарламалар.
Істі әйелдер еңбекке, білім мен арнайы кәсіби және психологиялық дайындықтарға, демалыстар мен отбасылық қатынасты қолдау сияқты базалық бағдарламаларға қатыса алады. Сотталған әйелдер арасында білім кең тарала қоймаған. Бұл елдің екі түрмесіндегі әйелдер де міндетті түрде орта білім немесе белгілі бір мамандықты алып шығады (мәселен киім тігу, әлектрондық технология, сурет салу немесе декоративті өнер, кесте тоқу, т.б.). Солардың арасында ерекше көзге түскен "оқушылар" бостандыққа шыққан күннің өзінде де күшін жоймайтын куәліктерге ие болады.
Хорватия
Статистикалық шолу.
1998 жылғы мәліметтер хорваттық түрмелерде 12 243 сотталғандардың болғандығынан хабардар етсе, олардың 942-сі әйелдер екенін көрсетеді.
Бұл жылы әйелдер жасаған деген қылмыстардың 236-сы жеке тұлғаның
қауіпсіздігіне және мүлікке қатысты, 184-і жол ережесін бұзуға; 91-і мемлекет
меншігіне; 81-і жалған құжаттарға; ал 74-і өмірі мен денсаулығына қарсы
әрекет жасағандығы үшін қаралған.
Хорватиядағы әйелдер түрмесі. Загребск округіндегі түрме 1980 жылы осы заманға сай етіп тұрғызылған. Ол 400 адамға арналып салынғанымен 1998 жылдың 16 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша, онда 425 сотталғандар отырған. Олардың 17-сі жасөспірімдер, ал 23-і әйелдер екен.
Ал Сплит округіндегі түрме болса 120 адамға арналып 1986 жылғы салынған. Ол жерге қамалған 198 сотталғандардың 11-і әйел көрінеді.
Хорватия заңнамаларынан. Хорваттық заңнамаларда түрмедегі әйелдермен қалай қарым-қатынас жасаудың арнайы шарттары белгіленген. "Өз міндетін атқарушы немесе биліктің өкілі болып табылатын тұлға басқа тұлғаға дөң мінез көрсетіп, балағаттаса, оның адамдық атақ-дәрежесін қорласа, онда оған үш айдан үш жылға дейін түрмеде отырып шығатын жаза қолданылады" (Қылмыстық кодекстің 127-бабы). Сондай-ақ "Кез келген тұлға өзінің тұрмыс-дәрежесін теріс пайдаланып, өзгені жыныстық қатынасқа баруға мәжбүр етсе немесе балама сексуалды әрекет жасаса немесе басқа тұлғаны материалдық, отбасылық, әлеуметтік, денсаулығына және өзге де жағдайларға байланысты тәуелді етсе, онда ол үш айдан үш жылға дейін түрмеде отырады" (Қылмыстық кодекстің 191 -бабы).
Түрмедегі әйелдер мен балалардың жағдайы. Түрмеде жазасын өтеп жатқан әйелдің баласына қарайтын туысы, бауыры болмаған жағдайда онда ол бала әлеуметтік қамсыздандыру орталығына тапсырылады. Әрбір сотталған әйел жазасын өтеу барысында медициналық қызмет пен психологиялық көмекті талап етуге құқы бар. Және әрбір түрмеде жүкті әйелдердің арнайы қаралып, қажетті көмегін ала алатын клиникалары бар. Әйелдер түрмеге түскен кезінде гинекологиялық көрінулерден өтуге міндетті, ал араққа немесе есірткіге танылған әйелдер арнайы емделу курстарынан өтеді.
Сотталған әйелдерге бөлінетін көңіл. Хорватиядағы полиция учаскелерінде сотталған әйелдерді зорлау кездесіп отырады. Осыған байланысты бір кездері жын сайын арыз-шағымдардың көптеп тіркелгендігі туралы деректер бар.
Эстония
Статистикалық шолу. Эстонияда әйелдерге арналған жалғыз ғана түрме бар. Ондағынардың жалпы саыы 118 екен.
Эстония заңнамаларынан. Жүктілікке, әлеуметтік қолдауға, т.б. жағдайларға байланысты сотталған әйелдердің ерекше қажеттіліктері заң жүзіңде қорғалған.
Түрмедегі әйелдер мен балалардың жағдайлары. Үш жасқа дейінгі бала түрмедегі анасының жанында бола алады, ал бұл жастан кейін олар арнайы балалар мекемелеріне ауыстырылады.
Сотталған әйелдерге бөлінетін көңіл. Ондағы әйелдердің кейде психологиялық жәбірленушілікке ұшырап жататыны болмаса, полиция учаскелеріңде зорлауға байланысты немесе осы сияқты сорақы оқиғалар төңірегінде ешқандай ақпаратты кездестіре алмайсыз.
Литва
Статистикалық шолу.
2002 жылдың 1 маусым айына дейінгі дерек бойынша, сотталған әйелдердің жалпы саны —адамды құраған. Паневежис қаласында жалпы тәртіптегі арнайы әйелдерге арналған бір колония бар. Барлық сотталған әйелдер осында ұсталады.
Көп жағдайда әйелдер ұрлық жасағандығы үшін сотталып жататын көрінеді. Мәселен 2002 жылы қылмыстың осы түрі бойынша 118, ал екінші бір кең таралған қылмыс түрі —адам өлтіру, бұл қылмыс бойынша 97 әйел жауапқа тартылып, жазаларын өтеп жатқан жайы бар. Сотталған әйелдердің жас ерекшеліктері 21 мен 30 аралығын көрсетеді.
Сотталған әйелдердің құқықтарын реттейтін заңнамадан қысқаша мәлімет. Бұл елде де сотталған әйелдердің құқықтарын қорғайтын арнайы заң бар. Қылмыстық кодекс пен түзеу жұмыстары жөніндегі кодекстердің кейбір жайлары сотталған әйелдерге қалай көңіл бөлу қажеттігін реттейтін міндеттемелерді анықтайды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz