Азаматтардың құқық және әрекет қабілеттілігі



ЖОСПАР


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Негізгі бөлім

І. Жеке тұлға азаматтық құқықтық қатынастардың субьектісі ретінде

1.1 Жеке тұлға ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ. Азаматтардың құқықтық және әрекеттік қабілеттілігі

2.1. Азаматтардың құқықтық қабілеттіліктері ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пайланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Құқық қатынастарына қатысушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттері болады, олар құқық қатынастарының обьектілері деп аталады. Азаматтық кодекстің 1-бабында азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген.
Азаматтақ құқық қатынастардың субьектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі – Қазақстан Республикасының азаматтары Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қармастан бірыңғай және тең болып табылатыны атап көрсетілген.
Азаматтық құқық шеңберінде кәсіпкерлер үшін ерекше режим жасау Ааматтық кодекстің маңызды жаңалығы болып табылады. Кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлғалар ғана емес, жекелеген азаматтар да айналыса алады. Атап айтқанда, Азаматтық кодекстің кейбір баптарында кәсіпкерлерге арналған арнаулы режим бар нормалар: міндеттемені мерзімінен бұрын орындау, қосылу шарты және басқалар келтірілген.
Азаматтық құқық –жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және әкімшілк-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс әрекеттерімен ажырамас байланыстағы Қазақстан Республикасы құқығының бір саласы. Тауар-ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азматтық құқықтың пәні болып табылады. Жеке мүліктік емес қатынастардың мәніне жатпайтындықтан, әрі басқа заңнамаларда қаралмағандықтан, мүліктен тыс, жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық заңнамалармен реттеледі.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың негізгі түрлерінің біріне, құқық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады. Материалды игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, бағалы қағаздармен т.б. мүліктермен) байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізіндн туындайтындықтан, азаматтық заңнамалардыңіс-әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иелену не басқа субьектілерге беру барысында, айырбас, сату немесе тауар-ақша қатынастары азаматтық құқықтық реттеудің негізгі обьектісі болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. “Қазақстан Республикасының Мемлекеті мен Құқығының негіздері ” Алматы – 2003 жыл.
2. “Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі ” Алматы “Жетіжарғы” – 2007 жыл.
3. “ҚР-ның Неке және отбасы туралы Заң” 1998 жыл.
4. Қ.И.Оспанов «Құқық негіздері» Алматы «Жетіжарғы» 2006 жыл.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» 2001 жылғы 10 қарашадағы заң күші бар Жарлығы.
6. «Құқық негіздері» оқулық Алматы «мектеп» 2006 жыл
7. «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жыл 30 тамыз.
8. Ғ.Төлеуғалиев «ҚР-ның азаматтық құқығы» Алматы -2001 жыл
9. Н.Батырбаев «ҚР-ның азаматтық құқығы» Тұран -2007 жыл
10. «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі» 1994 жыл 27 желтоқсан. “Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі ” Алматы “Жетіжарғы” – 2007 жыл.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университеті

Жаратылыстаны-педагогикалық сырттай оқу факультеті
Азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасы

- Тақырыбы: Азаматтардың құқық және әрекет қабілеттілігі

Қабылдаған: К.Хасанова
Орындаған: Э.Дюсенбиева
СЗҚ-816ж тобының студенті

КЕНТАУ -2009 ЖЫЛ.

ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Негізгі бөлім

І. Жеке тұлға азаматтық құқықтық қатынастардың субьектісі ретінде

1.1 Жеке тұлға ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ. Азаматтардың құқықтық және әрекеттік қабілеттілігі

2.1. Азаматтардың құқықтық қабілеттіліктері ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пайланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе
Құқық қатынастарына қатысушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттері
болады, олар құқық қатынастарының обьектілері деп аталады. Азаматтық
кодекстің 1-бабында азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың
қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-
аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген.
Азаматтақ құқық қатынастардың субьектілері ретінде әрекет жасайтын
азаматтардың басым көпшілігі – Қазақстан Республикасының азаматтары
Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес
беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қармастан бірыңғай және тең
болып табылатыны атап көрсетілген.
Азаматтық құқық шеңберінде кәсіпкерлер үшін ерекше режим жасау
Ааматтық кодекстің маңызды жаңалығы болып табылады. Кәсіпкерлік қызметпен
заңды тұлғалар ғана емес, жекелеген азаматтар да айналыса алады. Атап
айтқанда, Азаматтық кодекстің кейбір баптарында кәсіпкерлерге арналған
арнаулы режим бар нормалар: міндеттемені мерзімінен бұрын орындау, қосылу
шарты және басқалар келтірілген.
Азаматтық құқық –жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және
әкімшілк-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс әрекеттерімен
ажырамас байланыстағы Қазақстан Республикасы құқығының бір саласы. Тауар-
ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты
жеке мүліктік емес қатынастар азматтық құқықтың пәні болып табылады. Жеке
мүліктік емес қатынастардың мәніне жатпайтындықтан, әрі басқа заңнамаларда
қаралмағандықтан, мүліктен тыс, жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық
заңнамалармен реттеледі.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың негізгі түрлерінің
біріне, құқық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады.
Материалды игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, жұмыспен, қызмет көрсетумен,
ақшамен, бағалы қағаздармен т.б. мүліктермен) байланысты қоғамдық
қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке
деген меншіктік қатынастардың негізіндн туындайтындықтан, азаматтық
заңнамалардыңіс-әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар
дегеніміз мүлікті алу, иелену не басқа субьектілерге беру барысында,
айырбас, сату немесе тауар-ақша қатынастары азаматтық құқықтық реттеудің
негізгі обьектісі болады.

1. Жеке тұлға ұғымы
Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары,
сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып табылады. Егер
Азаматтық кодесте өзгеше белгіленбесе, бұл тараудың ережелері барлық жеке
тұлғаларға қолданылады.
Құқық қатынастарына қатысушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттері
болады, олар құқық қатынастарының обьектілері деп аталады. Азаматтық
кодекстің 1-бабында азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың
қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-
аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген.
Азаматтақ құқық қатынастардың субьектілері ретінде әрекет жасайтын
азаматтардың басым көпшілігі – Қазақстан Республикасының азаматтары
Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес
беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қармастан бірыңғай және тең
болып табылатыны атап көрсетілген.
Азаматтық құқық шеңберінде кәсіпкерлер үшін ерекше режим жасау
Ааматтық кодекстің маңызды жаңалығы болып табылады. Кәсіпкерлік қызметпен
заңды тұлғалар ғана емес, жекелеген азаматтар да айналыса алады. Атап
айтқанда, Азаматтық кодекстің кейбір баптарында кәсіпкерлерге арналған
арнаулы режим бар нормалар: міндеттемені мерзімінен бұрын орындау, қосылу
шарты және басқалар келтірілген.
Азаматтық құқық қатынастарына Қазақстан Республикасының азаматтарымен
қоса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қатыса алады. Шетелдіктердің
құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан
Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы 2001 жылғы
10 қарашадағы заң күші бар Жарлығымен белгіленген. Қазақстанда Қазақстан
Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің шет мемлекеттің
азаматы екеніне айғағы бар адамдар шетелдік азаматтар деп танылады
(Жарлықтың 2-бабы). Мәселен, Қазақстанда шет мемлекеттердің дипломатиялық
өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, шетелдік фирмалардың
(компаниялардың) мамандары, шетелдік студенттер және т.б. бар.
Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы
туралы туралы Жарлыққы сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып
табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына айғағы
жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп саналады. (Жарлықтың 2-бабының 2-
тармағы).
Шетелдіктердің инвестицияларға қатысуының құқықтық жағдайлары екі
жақты халықаралық шарттармен және қатал салымдарын өзара көтермелеу мен
өзара қорғау туралы келісімдермен де айқындалады. Оларда әдетте ең қолайлы
ұлт режимін немесе ұлттық режим беру көзделеді, екі мемлекеттің шетелдік
меншікті ұлт иелігіне алмауына және оған сондай шаралар қолданбауға
міндеттемелер, еркін айырбасталатын валютамен капитал салымдарын жүзеге
асыруға байланысты төлемдерді шетелге кедергісіз аудару кепілдігі және
басқалар енгізіледі.

2.1. Азаматтардың құқық қабілеттілігі
Азаматтық кодекстің 1-ші бабында көрсетілгендей, азаматтық-құқықтық
қатынастардың негізгі субьектілердің бірі – азматтар. Азаматтардың құқықтық
жағдайы олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекет қабілеттіліг арқылы
сипатталады. Сондықтан да азаматтық құқық қабілеттілігіне анықтама беруіміз
қажет. Азаматтық кодестің 13-ші бабына сәйкес, азматтық құқық қабілеттіліг
дегеніміз – азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық
міндеттерді атқару қабілетін айтамыз. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол
туған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқтатылады. [1].
Азаматтық құқық қабілеттілік дегеніміз: Қазақстан республикасы шегінде
де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын
меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында
еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге
еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында
тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа
азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң
құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге
қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына,
интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік
құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап
етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады; өз
фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен
құқықтықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады. Азаматтың
есімі: азамат тегі мен есімін, сондай-ақ, қалауы бойынша - әкесінің атын
қоса отырып, өз атымен құқықтар мен міндеттер алады және оларды жүзеге
асырады; заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп,
міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат пайдаланатын
реттері көзделуі мүмкін; азаматтың туған кезде берілген есімі, сондай-ақ
есімін өзгерту азаматтық хал актілерін тіркеу туралы заңдарда белгіленген
тәртіп бойынша тіркелуге тиіс. [2].
Яғни, баланың туу тегін белгілеу төменгі жағдайдағыдай жүзеге асады:
1. Баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) ананың медициналық
мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық
мекемеден тыс жерде туған жағдайда – медициналық құжаттардың, куәлардың
көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде азматтық хал актілерін
жазу органы белгілейді.
2. Бір-бірімен некеде тұратын адамдармен туған баланың туу тегі ата-
ансының неке туралы жазбасымен куәландырады.
3. Егер баланың анасы баланың әкесі өзінің жұбайы (бұрынғы жұбайы)
емес деп мәлімдесе, баланың әкесі осы баптың 4-тармағында немесе “ҚР-ның
Неке және отбасы туралы” заңның 47-бабында көзделген ережелер бойынша
белгіленеді.
4. Баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуы әкесі мен
анасының азаматтық хал актілерін жазу органына бірлесіп арыз беруі жолымен;
анасы қайтыс болған, ол әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасының тұратын
жерін анықтау мүмкін боламаған жағдайларды немесе ол ата-ана құқығынан
айрылған жағдайда – қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен бала
әкесінің арызы бойынша, мұндай келісім болмаған жағдайда – сот шешімімен
белгіленеді. [3].
Азамат өз есімін заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша өзгертуге
құқылы. Есімін өзгерту оның бұрынғы есімін, жасырын немесе бүркеншік атпен
алған құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға немесе өзгертуге негіз болмайды;
азамат өзінің борышқорлары мен несие берушілеріне өз есімін өзгерткені
туралы хабарлау үшін қажетті шаралар қолдануға міндетті және бұл адамдарда
оның есімі өзгертілгендігі туралы мәліметтер болмауынан туған ықтимал
зардаптарға тәуекел етеді; есімін өзегрткен азамат өзінің бұрынғы есіміне
рәсімделген құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілуін талап етуге құқылы;
басқа бір адамның есімімен құқықтар мен міндеттер иеленуге жол берілмейді;
азамат өз есімі оның келісімінсіз пайланылған жағдайда, оған тиым салынуын
талап етуге құқылы; азаматтың есімін заңсыз пайдалану нәтижесінде оған
келтірілген зиян АК-тің ережелеріне сәйкес өтелуге тиіс.
Азаматтың есімі оның абыройына, қадір - қасиетіне және іскерлік
беделіне нұқсан келтіретін әдістермен немесе сондай нысанда бұрмаланған не
пайдаланылған жағдайда АК-тің 143-бабында көзделген ережелер қолданылады.
[2].
Заңдар бойынша азматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді
жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат (ойдан шығарылған есімді)
пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін; азамат тұрақты немесе көбінесе
тұратын елді мекн оның тұрғылықты жері деп танылады. Он төрт жасқа толмаған
адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-
анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып
танылады. [4].
Азаматтық құқықтың алдына қойған мақсаты сол – азаматтық құқық
қабілеттілігін тек аталған саланың шеңберінде ғана көрсетпеу, себебі құқық
қабілеттілігі басқа да құқық салаларының көкейтесті мәселелерінің бірі.
Азаматтық құқық қабілеттілігі шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік
жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, тұратын жеріне және т.б.
жағдайларға қарамастан Қазақстан Республикасының барлық азматтарына теңдей
мойындалады.
Азаматтық құқық қабілеттілігін азаматтан айырып қарауға болмайды.
Азамттық заңдарда көрсетілгендей, ол адамның ақыл-есіне, жынысына,
денсаулығына байланысты емес. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туылған
кезден басталып, қайтыс болғаннан кейін тоқтатылады. Сонымен бірге заңда
әлі дүниеге келмеген нәрестенің, болашақ азматтың құқығын қорғау
мүмкіншілігі де көрсетілген. Азаматтық кодекстің (негізгі бөлім) 525-ші
бабына сәйкес мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалып, ол өлгеннен кейін
туылған азаматтар да басқа мұрагермен бірдей тең үлеске тиесілі.
Азаматтық құқық қабілеттіліктің мазмұнына тоқталатын болса, ол
жайында Азаматтық кодекстің 14-бабында айқын көрсетілген. Азамат меншік
құқығы деңгейінде мүлікті алуға, мұраға қалдыруға, республика аумағында
еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге
еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тиым
салынбаған кез-келген мәміле жасасып міндеттемелерге қатысу;
өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық
меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды
талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады.
Сөйтіп, азаматтардың құқық қабілеттіліктерінің орнын қанша тізбелеп жазсақ
та, шегіне жету мүмкін емес, өйткені бұл тек азаматтық құқық салаларының
шеңберімен ғана анықталып қоймайды, басқа да құқық салаларының өзекті
мәселелерінің біріне айналып жатады. Мәселен, конституциялық, әкімшілік,
неке және т.б.
Азаматтардың құқық қабілеттілігі баршаға бірдей болғандықтан, оған шек
қоюға болмайды. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша азаматтық құқық
қабілеттілігіне шек қойылуы мүмкін, егер азамат сот үкімі бойынша жасаған
қылмысы үшін мемлекет тарапынан жаза алатын болса. Мысалы, азамат бас
бостандығынан айырылатын болса, онда оның қазақстан Республикасының
аумағында еркін жүріп-тұруына тиым салынуы мүмкін. Алайда, азамат жекелеген
субьективті құқықтарынан ғана айырылуы мүмкін. Ал тұтастай алғанда азамат
құқық қабілеттілігінен ажырамайды. Азаматтың құқық қабілеттілігінен немесе
әрекет қабілеттілігігінен толық немесе ішінара бас тартуы және құқық
қабілеттілігіг немесе әрекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған мәмілелер
жарамсыз деп танылады (АК-тің 18-бабы).

2.1. Азаматтың әрекет қабілеттілігі
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі құқық субьектілігің екінші элементі
болып табылғандықтан оған төмендегідей анықтама беруге болады. Азаматтың өз
әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру, өзі
үшін міндеттерді туғызу және оларды орындау қабілеттілігі (азаматтық
кодекстің 17-ші бабы).
Азаматтық әрекет қабілеттілігінің маңыздылығы сонда, ол өз
әрекеттерінің нәтижесінде белгілі заңды салдардың пайда болатынын түсіну.
Сонымен қатар, өз әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген зиянның орнын да
өзі толтыру мүмкіншілігі, яғни айтқанда, әрекет қабілеттілігін тек
келісімдер жасау және олар үшін жауап беру ғана емес, кең шеңберде
түсінгеніміз жөн, өйткені азаматта әрекет қабілеттілігімен бірге өзі
келтірген зиянды өтеу қажеттілігі де бір мезгілде пайда болады.
Азаматтың толық әрекет қабілеттіліг кәмелеттік жасқа толғаннан кейін,
яғни он сегіз жасқа келген кезден бастап пайда болады. Заң құжаттарында он
сегізге толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап, толық көлемінде әрекет
қабілеттілігіне ие болады.
Он сегіз жасқа толғаннан соңтолғаннан соң азамат азаматтық айналымның
толық қатысушысы болып саналады.
Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, барлық азаматтардың әрекет
қабілеттілігі тең болады.
әрекет қабілеттілігін шектеудің екі түрі бар: 1. Әрекет қабілеттілігін
табиғи түрде шектеу; 2. Әрекет қабілеттілігін сот орындарының шешімі
негізінде шектеу.
Әрекет қабілеттілігін табиғи түрде шектеу азаматтың жасына байланысты.
Сөйтіп, азаматтық құқық теориясында қалыптасқан ережелерге байланысты
әрекет қабілеттілігін үш түрге бөлуге болады. Толық, жартылай (ішінара)
және шектеулі әрекет қабілеттілігі.
Азаматтардың толық әрекет қабілеттілігі туралы жоғарыда айтылып
кеткендіктен, оған тағы қайталап оралудың қажеті жоқ.
Азаматтық Кодекстің 23-ші бабы атап көрсеткендей, он төрт жасқа
дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында
өзгеше көзделмесе, олардың ата-аналары, асырап алушылары немесе
қорғаншылары жасайды. Сондықтан да, біздің ойымызша, 14 жасқа толмаған
жасөспірімдердің әрекет қабілеттілігі жоқ, бірақ аталған жасөспірімдер
өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ
мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы.
14 жасқа дейінгі жасөспірімдердің жасаған мәмілелері жарамсыз деп
есептеу үшін көрсетілген ережелер қатаң сақталуы тиіс; біріншіден, жасалған
мәміле жасөспірім жасына сәйкес келуі, яғни 14 жасқа дейінгі азамат
мемлекеттік тіркеуді қажет ететін мәмілелердің қатысушысы бола алмайды
(мәселен, тұрғын үйді сату немесе сатып алу) екіншіден; жасалатын мәміле
сол жасалған жерінде орындалуы тиіс, яғни, сатушы жасөспірімге жасалған
мәміле бойынша белгілі мүлікті беру, ал сатып алушы сатушығы мүліктің құнын
төлеу. Бұл заңи әрекеттер жасалғаннан кейін екі тараптың арасында құқықтық
қатынастар жоқ деп есептеледі; үшіншіден, жасалынатын мәміле мазмұны
жағынан тұрмыстық болуы тиіс. Азаматтық заңдарында бұл мәселе жайында
ештеңе айтылмаған, сондықтан да дау туған ретте нақты жағдайларды ескере
отырып, шешілуі тиіс. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасөспірімдер
банкілерге салымдар салуға және өздері салған салымдарға дербес билік етуге
құқылы. 14 жасқа толмаған жасөспірімдердің атына басқа біреудің салған
салымдарына олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері билік етеді, ал
14 жасқа толған жасөспірімдер өздерінің атына басқа біреу салған салымдарға
өз бетінше билік етеді.[1].
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз азаматтың өзінің іс-
қимылымен белгілі бір құқықтарға ие бола алу және сол құқықтарды іске асыра
алу және белгілі бір міндеттерді атқару, алып жүре алу қабілеттілігі.
Азаматтық қабілеттіліктің әрекет қабілеттіліг жоқ, жартылай, толық емес,
толық, шектелген деген сияқты түрлері бар.
Алты жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады.
Сонымен бірге, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз
әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты
сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған
қорғаншылық белгіленеді.
Жартылй әрекет қабілеттіліг 6-14 жасқа дейінгі балаларға тән.
Азаматтық заңнамалар бойынша олар үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында
өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе
қорғаншылары немесе қорғаншылары жасайды. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке
толмағандар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық
ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы.
Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың толық
емес әрекет қабілеттілігі бар мойындалады. Бұл жастағы азаматтар
мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының
келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке
толмағандар өздерінің табысына, степендиясына, өзге де кірістеріне және
өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы обьектілеріне өз бетінше билік
етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтардың құқықтары
Азаматтардың құқықтық қабілеттілігі
Жеке тұлға құқық субьектісі
Азаматтық әрекет қабілеттілік ұғымының құқық қабілеттіліктен айырмашылығы
Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің арасындағы айырмашылығы
Азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы
Қазақстан Республикасы құқық қабілеттіліктері
Жеке тұлғаның азаматтық құқықтық субъектісі
Азамат азаматтық құқық субъектісі
Құқық қатынастарына қатысушылардын азаматтық құқықтары мен міндеттері
Пәндер