Өндірістік кәсіпорындағы жұмыс уақытын пайдалануды талдау



Мазмұны:
Кіріспе
1. Жұмыс уақыты және оны ұйымдастыру.
2. Жұмыс уақытын пайдалануды сыныптау.
3. Құрал.жабдықтардың жұмыс уақытын сыныптау.
4. Жұмыс уақытының суреттемесі
5. Мезеттік бақылау әдісі
6. Құрал жабдықтардың жұмыс уақытын пайдалану және өндірістік процестердің суреттемесі.
7. Хронометраж.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Бүгінгі таңдағы нарықтық экономика жағдайында және оған өтпелі кезеңде кәсіпорындардағы еңбекті мөлшерлеу мәселесі яғни, жұмыс уақытын пайдалануды талдау маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Себебі, кез келген кәсіпорынның жұмысының нәтижелілігін анықтайтын экономикалық механизм – еңбекті мөлшерлеу және оның рөлін жоғарылату жұмыс берушілердің кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табысы мен жолданбалы жұмысшылардың жалақасы шығарылған өнімнің өтіміне, оның бағасына және өзіндік құнына байланысты, былайша айтқанда, нарық тауарларының көбеюіне, сұрыпталымының ұлғаюына, тұтынушылардың сұранысына және олардың сапасы мен бағалылығына да байланысты болады. Мұндай нәтижеге жұмыс уақытын дұрыс пайдалану яғни, еңбекті мөлшерлеу механизмдерін дұрыс басқару, ұйымдастыру және оны дұрыс қолдану арқылы жетуге болады.
Сонымен, жұмыс уақытын дұрыс пайдаланудың басты міндеті мен мақсаты - өнімнің өлшем бірлігінің нақты жұмысты орындауға кететін уақыт шығынын нормативті негіздеу болып табылады. Негізінен, жұмыс уақытын пайдалануды талдау бұл – жабдықтау жүйесін және еңбек жөніндегі шараларды орнықтыру әдістерін зерделейтін экономикалық, интенсивтік, әлеуметтік ғылым саласы болып есептелінеді.
Нарық жағдайында еңбекті мөлшерлеу дегеніміз кәсіпорынның бөлімдері мен бөлімшелеріндегі қызметкерлер мен жұмысшыларды ағымдағы міндеттерін ғана қарастырып қоймай, сондай-ақ болашақ стратегиялық міндеттерді де қарастырады. Еңбек шығындарын жалпы саналық деңгейде бағалуды, техникалдық және ұйымдастырушылық шаралар қолдану арқасында еңбек шығындарының төмендеу мүмкіндігін экономикалық тексеруді, қанағаттандырылмайтын қажеттіліктерді анықтау және тағы басқада мәселелерді шешеді.
Сондықтан біз мұнда жұмыс уақытын және оны ұйымдастыруды, жұмыс уақытын пайдалануды, құрал-жабдықтардың жұмыс уақытын сыныптауды, сондай-ақ жұмыс уақытын пайдалануды зерделеудің түрлі әдістерін қарастырамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Еңбекті мөлшерлеу Б.Қ.Сәнімбаев Д.Т.Досконаев
2. Қазақстан Республикасының Ата Заңы, 30 тамыз 1995 ж.
3. Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы”
Заңы, 23 қаңтар 2001 ж.
4. Қазақстан-2030 Назарбаев Н.Ә.
5. Кәсіпорын экономикасы А.Қ.Мейірбеков Қ.Ә.Әлімбеков
6. Менеджмент негіздері Р.С.Каренов
7. Экономика труда Н.А.Волгина Ю.Г.Одегова
8. Рынок труда В.С.Буланова Н.А.Волгина
9. Основы предпринимательского труда Ю.М.Оспова.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық
Қазақ-Түрік Университеті Түркістан Гуманитарлық ғылымдар және Бизнес
институты

Экономика және заң факультеті экономика кафедрасы

Тақырыбы: Өндірістік кәсіпорындағы жұмыс уақытын пайдалануды талдау

Қабылдаған:Аға оқытушы
Оспанова
Ғ

Орындаған: Атемкулов Е.

Тобы: ЭЭК-411

Түркістан – 2006 жыл

Мазмұны:
Кіріспе
1. Жұмыс уақыты және оны ұйымдастыру.
2. Жұмыс уақытын пайдалануды сыныптау.
3. Құрал-жабдықтардың жұмыс уақытын сыныптау.
4. Жұмыс уақытының суреттемесі
5. Мезеттік бақылау әдісі
6. Құрал жабдықтардың жұмыс уақытын пайдалану және өндірістік
процестердің суреттемесі.
7. Хронометраж.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Бүгінгі таңдағы нарықтық экономика жағдайында және оған өтпелі кезеңде
кәсіпорындардағы еңбекті мөлшерлеу мәселесі яғни, жұмыс уақытын пайдалануды
талдау маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Себебі, кез келген
кәсіпорынның жұмысының нәтижелілігін анықтайтын экономикалық механизм –
еңбекті мөлшерлеу және оның рөлін жоғарылату жұмыс берушілердің
кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табысы мен жолданбалы жұмысшылардың
жалақасы шығарылған өнімнің өтіміне, оның бағасына және өзіндік құнына
байланысты, былайша айтқанда, нарық тауарларының көбеюіне, сұрыпталымының
ұлғаюына, тұтынушылардың сұранысына және олардың сапасы мен бағалылығына да
байланысты болады. Мұндай нәтижеге жұмыс уақытын дұрыс пайдалану яғни,
еңбекті мөлшерлеу механизмдерін дұрыс басқару, ұйымдастыру және оны дұрыс
қолдану арқылы жетуге болады.
Сонымен, жұмыс уақытын дұрыс пайдаланудың басты міндеті мен мақсаты -
өнімнің өлшем бірлігінің нақты жұмысты орындауға кететін уақыт шығынын
нормативті негіздеу болып табылады. Негізінен, жұмыс уақытын пайдалануды
талдау бұл – жабдықтау жүйесін және еңбек жөніндегі шараларды орнықтыру
әдістерін зерделейтін экономикалық, интенсивтік, әлеуметтік ғылым саласы
болып есептелінеді.
Нарық жағдайында еңбекті мөлшерлеу дегеніміз кәсіпорынның бөлімдері
мен бөлімшелеріндегі қызметкерлер мен жұмысшыларды ағымдағы міндеттерін
ғана қарастырып қоймай, сондай-ақ болашақ стратегиялық міндеттерді де
қарастырады. Еңбек шығындарын жалпы саналық деңгейде бағалуды, техникалдық
және ұйымдастырушылық шаралар қолдану арқасында еңбек шығындарының төмендеу
мүмкіндігін экономикалық тексеруді, қанағаттандырылмайтын қажеттіліктерді
анықтау және тағы басқада мәселелерді шешеді.
Сондықтан біз мұнда жұмыс уақытын және оны ұйымдастыруды, жұмыс
уақытын пайдалануды, құрал-жабдықтардың жұмыс уақытын сыныптауды, сондай-ақ
жұмыс уақытын пайдалануды зерделеудің түрлі әдістерін қарастырамыз.
1. Жұмыс уақыты және оны ұйымдастыру
Жұмыс уақыты деп адамның өндірістік қызметіне байланысты
міндеттерін атқару үшін ұйымдастырылған еңбек процестеріне қатысу
ұзақтығын айтады. Жұмыс уақыты жұмыстың орындалу ұзақтығымен, жұмыс
аптасы, жұмыс айы, жұмыс жылымен өлшенеді де, мемлекеттік заңдылықпен
реттеледі.
Жұмыс уақытының анықтамасын Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы
Заңында берілген ұғымды негізге алсақ: жұмыс уақыты қызметкер жұмыс
берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек
міндеттерін орындайтын уақыт, делінген (10.12.99, №494 РК-3). Осы заңға
сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс.
Аталған шарт барлық ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылады, тек жеке еңбек
шарттарында тараптардың келісімі бойынша азырақ көзделуі мүмкін.
Қызметкерлердің кейбір жекелеген санаттары үшін жұмыс уақыты
қысқартылады. Мысалы, 14 жастап 16 жасқа дейінгі жастар үшін - 24 сағат,
ал 16 жастан 18 жасқа дейін - аптасына 36 сағаттан аспауы тиіс. Ауыр және
еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда аптасына 36 сағаттық жұмыс уақыты
бекітілген. Сонымен қатар екі демалыс күні бар бес күндік және бір демалыс
күні бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленген. Алты күндік жұмыс аптасы
кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда 7
сағаттан аспауға, айталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және
апталық норма 24 сағат болғанда - 4 сағаттан аспауға тиіс.
Түнгі уақыттағы жұмыстар 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейін
болады. Түнгі жұмысқа екі қабат, үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдер, 18
жасқа толмаған жасөспірімдер жіберілмейді.
Өндірістегі қолданылатын уақыт жиынтығы күнтізбелік жұмыс уақыты қорын
құрайды. Оның шамасы қызметкерлердің орташа тізім санын күнтізбелік күннің
санына көбейту арқылы анықтайды. Сонымен қатар, келу уақыты қоры және
пайдалы уақыт қоры болады.
Келу уақыты қорына пайдалы уақыт қоры, ішкі күні бойы ғұрып қалған
уақыт және келмей қалған уақыттары қосылады (ауырып қалуына байланысты,
оқуға кетуі, жұмысқа себепсіз келмеуі). Пайдалы уақыт ол қорына нақты жұмыс
істелінген уақыт, ішкі ауысымдық тоқтап тұрған уақыт және уақыт ысырабы
кіреді. Содан соң уақыт кезеңін қолдану деңгейі мен уақыт кезеңінің
бекітілген ұзақтығы анықталады. Уақыт кезенін қолдану деңгейі барлық жұмыс
істелінген адам-күн санын қызметкерлердің орта тізім санына болу арқылы
есептейді.
Уақыт кезеңінің бекітілген ұзақтығы жұмыс уақытының ең жоғары ықтимал
қорын қызметкерлердің орташа санына болу арқылы есептейді.
Жұмыс күнінің орташа нақты ұзақтығы толық уақыт түрінде анықталады.
Толық уақытты есептеу үшін барлық адам-сағат санын жұмыс істелінген адам-
күн санына бөледі. Толық уақыт - бір адам күніне неше сағат жұмыс істегенін
көрсетеді.
Жұмыс уақытын талдау нәтижесінде жұмыс уақытының балансы құрылады (1-
кесте)

Жұмыс уақытының балансы
Ресурстар Нақты істелінген және істелінбеген уақыт

Қолданылуы Адам- %
сағат
Күн тізбелікІстелінген қор
уақыт қоры,
демалыс және
мейрам
күндер,
кезекті
демалыс
Әр түрлі себептермен істелінбеген күндер,
барлық демалыс күндер
Соның ішінде:
- екіқабат және босануға байланысты
демалыс;
- оқуға байланысты демалыс;
- ауырын қалуына байланысты шықпау;
- мемлекеттік және қоғамдық тапсырманы
орындауға байланысты келмеу;
- заңға байланысты шықпау;
- басқа да шықпау.
Әр түрлі себептермен қолданылмаған адам-сағат,
барлығы:
- ауырын қалу;
- балаларды тамақтандыру;
- мемлекеттік тапсырмаларды орындау;
Ысыраптар, барлығы:
- әкімшіліктің рұқсатымен шықпау;
- ішкі ауысымдық тұрып қалу;
- ауысым бойы тұрыл қалу;
- жұмысқа себепсіз шықпау;
- кешігіп келу;
- ерте кетіп қалу;
- еңбек тәртібін бұзу.
Жұмыс уақытының ең жоғары ықтимал қоры

2. Жұмыс уақытының пайдалануды сыныптау
Жұмыс уақытын зерделеу кез келген жұмысты орындау үшін кеткен уақыт
шығынын оңтайлы пайдалануға, еңбек нормаларының деңгейін тағайындауға және
үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.
Жұмыс уақытының шығынын сыныптау және талдаудың негізгі мақсаты
белгілі нысандарға байланысты. Сыныптау жұмыс уақыты шығынының дұрыстығын
зерттеу мен талдау нәтижелерінің негізі болып есептеледі. Осының өзі еңбек
өнімінің өсу резервтерін және еңбек мөлшерін анықтауға себептерін тигізеді.
Жұмысқа кеткен уақыт - өндірістік тапсырманы және өндірістік
тапсырмаға байланыссыз әр түрлі жұмыстарды орындау үшін кеткен жұмыс
күнінің бөлігі.
Жұмыссыз тұрыл қалу уақыты - әр түрлі себептермен еңбек процесінің
орындалмауы және жұмысшы уақытының босқа кеткен жұмыс күнінің бөлігі.
Үзіліс уақыты - жұмысшыға, қызметкерге демалу және тамақтану үшін
жұмыс беруші актілері және шарт бойынша берілетін уақыт.
Еңбекті мөлшерлеу жұмыс уақытының шығынын бір ауысымның ішінде
оңтайлы, пайдалы қолданылуын және уақыттың босқа жіберілмеуін зерттен
талдайды.
Талдаудың нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша техникалық нормаларды
дұрыс пайдаланып, жұмыс уақытының босқа шығындалуын болдырмау жолдарын
анықтауға мүмкіндік береді.
Жалпы жұмыс уақытының шығындары былай топталады:
1) жұмыс уақытының шығыны;
2) машина, құрал-саймандар уақытының шығыны.
Жұмыс уақытының шығынын мөлшерлеу олардың нақтылы сыныпталуын талап
етеді. Сыныпталу өндірістік процестердің үш элементіне байланысты
орындалады. Олар: еңбек заты, қызметкерлер, жабдықтар. Сонымем қатар
сыныпталу екі құрамнан тұрады: өндірістік процестердің жүзеге асырылу
уақыты және үзіліс уақыты.
Жұмыс уақытының сыныпталуы 1-сызбанұсқада келтірілген.
Еңбек нормаларын белгілеуде жұмыс уақытының шығыны дайындау -
қорытындылау, оперативті, жұмыс орнын күту уақыттары болып бөлінеді.
Дайындау-қорытындылау уақыты (Удк) дегеніміз - өндірістік тапсырманы
орындау үшін жұмысқа әзірлік, яғни құрал-саймандар, шикі зат, тапсырма алу,
болашақ жұмыспен, нұсқаулармен, сызбалармен танысу; жұмыс соңында құрал-
саймандарды және т.б. тапсыру. Бұл уақыт тапсырманың көлеміне байланысты
болмайды, жұмыс ауысымы ішінде бір рет немесе бір топ (бір партия) заттарға
ғана шығарылады. Дайындау-қорытындылау уақытының үлесі өндірістің түріне
байланысты, өйткені, өңделіп жатқан шикі заттардың түрлері өзгерсе, оның
үлесі ұлғаяды және еңбекті ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Оның деңгейі
жабдықтарды, құрал-саймандарды жөндеу кәсіпорындарында, жеке заттарды
өңдейтін және уақ сериялы өндірістерде жиі кездеседі. Мысалы, жеке заттарды
өңдейтін, шағын кәсіпорындарда олардың үлесі 12-15%, ірі сериялыда -3-5%,
ал жаппай көлемді өндірісте - 1-3% болады.
Оперативтік уақыт (Уоу) дегеніміз - заттардың түрін, нысанын,
мөлшерін, қасиетін өзгертуге және соларды орындау үшін көмекші жұмыстарға
шығарылған қажетті уақыт.
Оперативті уақыт негізгі (технологиялық) - Ун және көмекші - Уқ
уақыттардан тұрады. Негізгі (технологиялық) уақыт еңбек заттарының нысанын,
қасиетін, өлшемін, құрылымын, қалпын, тұрған орнын өзгертуге кеткен уақыт.
Мысалы, жиһазды бояу, ағашты жону, жіпті орау, металды жондыру, құю, жүкті
орнынан қозғалту және тағы сол сияқты. Көмекші уақыт негізгі
(технологиялық) жұмыстардың тоқталмай орындалуын қамтамасыз ететін
әрекеттерге кеткен уақыт. Мысалы, станокторды жүргізу-тоқтату, үзілген
жіпті жалғау, дайын заттарды алу, аппараттарды басқару және т.б. Уоп = Ун +
Ук.
Жұмыс орнын күту уақыты (Ужок) - жұмыс орнын тазалауға, күтуге, құрал-
саймандарды жөндеуге, аспаптарды, жабдықтарды ауысым бойынша ұқыптап
ұстауға кеткен уақыт. Жұмыс орнын күту уақыты келесі түрлерден тұрады:
технологиялық, ұйымдастыру, ауысымдық жұмыс орнын күту уақыты.
Технологиялық - бір операцияны орындау аралығындағы әрекетке немесе белгілі
жұмысты атқаруға кеткен уақыт. Мысалы, құралдарды айырбастау, қайрау, жұмыс
орнын қалдықтардан тазалау сияқты.
Ұйымдастыру - жұмыс орнын барлық уақыт ішінде күтуге шығарылған уақыт.
Мысалы, жұмыс орнын қажетті құралдармен қамтамасыз ету, столдарды жарамсыз
заттардан тазалау, жабдықтарға қажетті ұсақ жөндеу жұмыстарын атқару,
құжаттарды, нұсқауларды даярлау.
Ауысымдық (сменалық) - егер өндірістік процесс үздіксіз орындалатын
болса, ауысымның басында және аяғында орындалатын әрекетке шығарылған
уақыт.
Көптеген өндірістерде жұмыс орнын күту уақыты бөлінбеуі де мүмкін,
олар дайындау-қорытындылау уақытына қосылады немесе есептеледі (тамақ,
көмір, мұнай, ауыр өнеркәсіп тармақтарында).
Жұмыс уақыты жұмысшының атқарын жатқан жұмысының күрделілігіне оныц
сипатына байланысты болады. Сондықтан өндірістік операциялар: қолмен
істелінетін жұмыс уақыты, машина-қолмен және жабдықтардың жұмысын бақылау
уақыты; дайындау-қорытындылау уақыты - қолмен істелінетін; негізгі -
қолмен, машина-қолмен, машинамен, автоматтандырылған жұмыс уақыты; көмекші-
қолмен істелінетін, машина-қолмен, кейде автоматтандырылған жұмыс уақытты
болып бөлінеді. Жұмыс орнын күту уақыты да қолмен және машина-қолмен
істелінетін жұмыс уақыты болады.
Жұмыс уақытының шығынын талдау кезінде қолмен орындалатын жұмыс
уақыты: жабдықтар жұмыс істеп тұрған кезде қолмен атқарылатын жұмыс уақыты
және жабдықтар тоқтап тұрғанда қолмен атқарылатын жұмыс уақыты болып
бөлінуі мүмкін. Немесе машина уақытымен жабылатын және жабылмайтын қолмен
атқарылатын жабылмайтын-уақыты болады. Ецбекті мөлшерлеуде тек қана машина
уақытымен жабылмайтын қол-мен атқарылатын жұмыс уақыты есептелсді.
Жабдықтардың, станоктардың жұмысын бақылауға кететін уақыт: активті
және пассивті болып бөлінеді. Активті - жұмысшының тек қана технологиялық
процестің үздіксіз жүріп тұруын бақылауға кеткен уақыты. Бұл кезде жұмысшы
басқа жұмыстармен айналыспауы тиіс. Пассивті - жұмысшы технологтиялық
процесті бақылаумен қатар басқа да қосымша жұмыстарды атқаруы мүмкін.
Пассивті уақыт көп станокты жұмыстарда, автомат желістерінде, аппараттарды
басқаруда болады.
Уақыт шығынын зерделеген кезде жұмыскерлерді жұмыспен қамту және
үзіліс уақыты болып бөлінеді. Жұмыспен қамту уақытының өзі өндірістік
тапсырманы орындауға кеткен уақыт және жұмысшының басқа жұмыстармен
айналысу уақытынан тұрады. Соңғысына кездейсоқ жұмыстарға және өнімсіз
жұмыстарды (жарамсыз заттарды қайта өңдеу, материалдар іздеу, құралдарға
бару, т.б.) орындауға шыққан уақыттар жатады.
Үзіліс уақыты (Уу)- демалыс және жеке мүдде үшін уақыт; техникалы-
ұйымдастыру үзіліс уақыты; еңбек тәртібін бұзу уақыты болады. Бұлардың
үлесі еңбек жағдайларына, еңбек тәртібіне байланысты. Тек еңбек тәртібін
бұзу (Уетб) жұмысшының өзіне байланысты. Сонымен қатар үзіліс уақыты
реттелетін және реттелмейтін болуы мүмкін. Реттелетін үзіліс уақыты уақыт
мөлшеріне қосылады, себебі, ол ұйымдастыру-техникалық себептерге байланысты
үзіліс уақыттары. Ал реттелмейтіні - жабдықтар мен жұмысшының тұрып қалған
уақыты. Ол өндірістің ұйымдастырылуына және қажетті техникамен, құрал-
саймандармен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Еңбек нормаларын белгілеу және уақыт шығынын талдауда уақыт
мөлшерленетін және мөлшерленбейтін болып бөлінеді. Мөлшерленетін уақыт
дайындау-қорытындылау, оперативті, жұмыс орнын күту, демалыс және жеке
мүдде, сонымен қатар ұйымдастыру-техникалық себептермен болған реттелетін
үзіліс уақыттарынан тұрады. Мөлшерленбейтін уақытқа өндірістің нашар
ұйымдастырылуына, жұмысшының өзіне байланысты, өндіріске қатыссыз
тапсырмаларды орындауға кеткен уақыттар кіреді (2-сызбанұсқа).

3. ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫС УАҚЬІТЫН СЫНЫПТАУ
Еңбекті мөлшерлеуде жабдықтардың жұмыс уақытын нәтижелі қолдану мен
дұрыс сыныптаудың зор ролі бар. Жалпы жабдықтардың уақыты: а) жабдықтардың
жұмыс уақыты; ә) жұмыссыз тұрып қалу уақыты болып бөлінеді. Жұмыс уақыты:
мөлшерленетін, мөлшерленбейтін болады. Мөлшерленетін жұмыс уақытының
құрамына қажетті шыққан жұмыс уақыты қосылады да мөлшерленбейтін уақытқа
өнім шығармай бос тұрып қалған уақыт кіреді. (Жабдықтардың сыныпталуы 3-
сызба нұсқада келтірілген).
Жұмыссыз тұрып қалу уақыты немесе жабдықтардың үзіліс уақыты
реттелетін және реттелмейтін болып бөлінеді. Реттелетін үзіліс уақытына:
көмекші жұмыстарға, даярлау-қорытындылау жұмысына, жұмыс орнын күтуге,
жұмысшының демалыс, жеке мүддесіне байланысты уақыттар кіреді. Реттелмейтін
жұмыссыз тұрып қалу уақыты: жұмысшыға байланыссыз тұрып қалған уақыт және
өндірістің жеткіліксіздігінен, нашар ұйымдастырылғанына байланысты тұрып
қалған уақыттан тұрады.

4. Жұмыс уақытының суреттемесі

Еңбек процестерін зерделеу еңбекті ұйымдастыруға және оның
мөлшерленуіне зор әсерін тигізеді де әр кәсіпорынның экономикасын
жақсартуда маңызды орын алады. Әр түрлі операциялардың элементтерінің
технологиялық, еңбек, өндірістік процестердің жұмыс уақытының шығынын
зерттеп талдауға болады. Оның бәрі алға қойылған мақсатқа, еңбекті
ұйымдастыру нысандарына, өндіріске байланысты. Осы жағдайларды ескере
отырып жұмыс уақытын зерделеудің дұрыс әдісін таңдап алу қажет.
Жұмыс уақыты және жабдықтарды қолдану уақыты тікелей өлшеу әдісі мен
мезгілді бақылау әдістерін қолдана отырып зерделенеді.
Жұмыс уақытының шығынына бақылау жүргізу мақсатына, мазмұнына,
көлеміне байланысты келесі әдістерге бөлінеді: жұмыс уақытының суреттемесі,
хронометраж, фотохронометраж.
Суреттеме деп жұмысшының немесе жабдықтардың жұмыс уақытының шығынын
ауысым бойынша не оның бір бөлігін зерделеуді айтады. Оның түрлері:
жұмысшының жұмыс уақытының суреттемесі, жабдықтарды қолданудың сурсттемесі,
өндіріс процесінің суреттемесі.
Жұмыс уақытының суреттемесі тікелей өлшеу (жаппай, іріктеме) және
мезеттік қадағалау әдісін қолдану арқылы жүргізеді. Уақыт шығындарын цифр,
индекс немесе кесте, кейде құрамдастырылған түрде жазуға болады.
Суреттеменің мақсаты жұмыс уақытының шығындары мен ысырабын анықтау,
олардың себептерін белгілеу және оларды болдырмау шараларын өңдеу. Сонымен
қатар суреттемеден алынған мәліметтер дайындау-қорытындылау, жұмыс орнын
күту, демалыс, жеке мүдде үшін уақыттардың нормативтерін анықтауға әсерін
тигізеді.
Жұмыс уақытының суреттемесі қадағалаудың көлеміне қарай және еңбекті
ұйымдастыру нысанына байланысты жеке, топтасқан және бригадалық болады.
Суреттеменің жеке түрі өзіндік суреттеме, оның өзі жеке және топтық болып
бөлінеді.
Зерттеудің мақсатына сәйкес бақылауға дайындақ кезеңінде қадағалаудың
объектісі таңдап алынады. Егер жұмыс уақытын зерделеудің мақсаты оның
ысыраптығы туралы болатын болса, онда уақыт ысырабы әжептеуір орын алатын
жұмысшылардың немесе бригаданың жұмысын қадағалау қажет. Бұл жағдайда
суреттемелеу жұмыс күнін түгел қамтиды. Егер уақыт нормативтерін өңдеу
қажетті болса, онда еңбек жақсы ұйымдастырылған, уақыт ысырабы аз болатын,
еңбек мөлшерлерін орындайтын жұмысшылардың жұмысын суреттемелеуге болады.
Егер көмекші жұмысшылардың күту мөлшерін, сандық мөлшерін анықтау қажет
болса, онда сол жұмысшылардың (жөндеушілер, құралды әкелушілер және т.б.)
жұмысын қадағалау керек.
Суреттеме жұмыс басталу кезеңінен жүргізіледі, сол себептен бақылаушы
жұмыс басталудан бұрын 10-15 минут ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызметшілер санын анықтау
Кәсіпорын кадрларын талдау және оның есебі.
Кәсіпорынның негізгі құралдары
Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалануды бағалау әдістері
Кәсіпкерлік қызметтегі еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру «Доссормұнай» МГӨБ
Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру
Кәсіпорындағы негізгі капиталды пайдаланудың теориялық негіздері
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануын талдау
Негізгі қорлардың пайдаланылу тиімділігін талдау және бағалау
ЖШС «Жигер» кәсіпорнының өндірістік шаруашылық қызметіне толық талдау жүргізу, кәсіпорынды басқару құрылымын зерттеу, және кәсіпорында негізгі капиталды пайдалану тиімділігін талдау және оның деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жобасын жасау
Пәндер