ҚР азаматтық құқығы пәнінің лекция тезисі (жалпы бөлім)


Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
“Азаматтық құқық және іс жүргізу” кафедрасы
“БЕКІТЕМІН”
ХҚТУ оқу-әдістемелік ісі жөніндегі
вице-президент, техн. ғ. д., профессор
С. Қ. Тұртабаев
“ ” 2011 ж.
ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ пәнінің
ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСІ (Жалпы бөлім)
Түркістан - 2011 ж
1. лекция тақырыбы: Азаматтық құқықтың түсінігі.
Лекция жоспары:
1. Азаматтық құқықтың құқық жүйесіндегі орны.
2. Азаматтық құқықтың түсінігі және пәні.
3. Азаматтық құқықтың әдісі.
4. Азаматтық құқықтын қағаидалары.
5. Азаматтық құқықтың жүйесі.
Лекция мақсаты : Студенттерге азаматтық құқықтың құқық салаларынын ерекшелігін, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарын, қолданылатын әдістерін және пәннің қағидалардын мазмунын мен жүйесі ретінде бөлінетін институттардын құрылымын толық ашып жеткізу.
Лекция мәтіні:
- Құқық өзіне тән бірнеше құқық салалары негізінде біртұтас жүйеді құрайды. Ал сол құқық салаларын бірін бірінен тиісті құқықтың ажыратамыз. Бұл құқықтың пәні мен әдісі олардын айырмашылыгын айқындаумен қатар ол құқық салаларынын ерекшелігін де жан-жақты көрсетіп береді. Яғни қандай да бір құқық саласы болсын, ол өзінін құқықтық реттеу пәні мен әдісі арқылы айқындалады.
“Азаматтық құқық” термині ежелден белгілі, яғни рим зангерлері Рим азаматтарынын құқығы ретінде түсіндірді. Римде құқық екі салада жария және жеке болып бөлінді. Қазақстан Республикасында құқық жүйесі мұндай болып бөлінбейді. Ал азаматтық құқық тек қана өзіне тән институттардан тұрады.
Азаматтық құқық-азаматтырдың, заңды ұйымдардың сонымен бірге мемлекеттік күнделікті өмірі және қызметімен тығыз байланысты болатын жалпы құқықтың бір саласы. Біз бұл құқықтың түсінігін терен ашуымыз үшін онын пәнінін анықтамасын айқындауымыз керек. Ал азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардын ауқымдылығына және сан қырлығынына байланысты азаматтық құқық пәнін анықтау күрделі.
Бізге белгілі болғандай құқықтық жүйе үлкен құқық салаларына бөлінеді. Ол құқық салаларын бір-бірінен ажырату үшін әдетте негізгі белгі ретінде /критерий/ құқықтық реттеудің пәні мен әдісі негізге алынады. Құқықтық реттеудің пәні мен әдісі арқылы құқық салаларын бөліп қана қоймай олардын ерекшелігі де анықталады.
2. Қазақстан Республикасынын азаматтық құқығынын пәнін тауар - ақша және қатысушылардын тендігіне негізделген мүліктік қатынастар, сонымен бірге мүлікпен байланысты немесе мүлікпен байланысы жоқ жеке мүліктік емес қатынастар құрайды (АК-тін 1-бабы, 1-тармағы) . Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық, қатынастардын негізгі түрі мүліктік қатынастар болып табылады.
Қорыта келгенде азаматтық зандармен реттелетін қоғамдық қатынастар (азаматтық құқықтың пәні) басқа пәндерден төмендегі екі негізгі белгілер арқылы ажыратылады.
а) онын қандай да бір мүлікті иелену, пайдалану немесе билік етуге байланысты және келтірілген мүліктік зиянды өтеуге байланысты мүліктік мазмұны болады.
б) бұл қатынасқа қатысушылар зан құжаттарында көзделген реттерді қоспағанда, бір тараптын екіншісіне әкімшілік немесе өзге де билік жағыдан тәуелді бағыныштылықта болмайды.
3 Егер азаматтық құқықтың пәнінін түсінігі қандай қоғамдық қатынастардын азаматтық құқық нормаларымен реттелетіндігімен байланысты болса, ал азаматтық құқықтың әдісі сол қатынастар азаматтық құқық нормаларымен қалай реттелетіндігін білдіреді. Азаматтық құқықтың пәні мен әдісі өте тығыз байланысты ұнымдар.
Әрбір құқ саласында өзіндік ерекшелігі бар реттеу әдісі тән.
Олар:
1. Азаматтық құқықтық қатынастарда қатысушылардын заңдық тендігі яғни жеке заңды тұлғалар азаматтық айналымда мүліктік басқа да жағдайларда қарамастан тен құқықты. Бұл дегеніміз ешқандай бір тарап екінші тарапқа бір жақты негізде міндеттер жүктей алмайды.
2. Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысу барасындағы еріктілік, әрбір жеке және заңды тұлғалар өздерінін азаматтық құқықтарын өз еркімен өз мүддесі үшін иемденеді және жүзеге асырады.
3. Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы тараптар құқықтарын қорғауда тен құқыққа ие және қорғау мүмкіндігін иеленуде еркін болады. Азаматтық құқықтарды қорғау соттар арқылы жүзеге асады.
4. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктін ерекшелігі. Онын мүліктік және өтемді болуы /компенсация/ келтірілген залалды толық өтеу құқығы.
4 “Принцип” деген термин латын сөзінен шыққан ол негіз, бастама деген мазмұнны білдіреді. Азаматтық құқықтың принциптері яғни ол қоғамдық қатынастарды азаматтық құқықтық реттеудің нормативтик құқықтық мазмұны бар негізгі басшылыққа алынатын бастамалар.
Принцип біріншіден тікелей қолданылатын норма, екіншіден зан актілерін (зан асты) жасау өзгерту барысында басшылыққа алынады, үшіншіден зан ұқсастығы барысында басшылық алынады, төртіншіден заңдарды түсіндіру барысында ескерілуді болжайды және зандар қайшылығы барысында басшылыққа алынады.
Азаматтық құқықтық принциптеріне мыналар жатады (АК-тін 2-ші бабы, 1-ші тармағы) :
1. Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардын тендігі;
2. Мүліктік және басқа да мүліктік емес құқықтарда қол суғылмаушылық;
3. Келісім-шарттын еркіндігі;
4. Жеке іске бөгде біреунін араласуына жол бермеу;
5. Азаматтық құқықтардын кедергісіз іске асуы;
6. Бұзылған құқықтық қалпына қелтіруді қамтамасыз ету;
7. Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау;
8. Азаматтық құқықтың жүйесі.
Құқық жүйе ретінде келесі белгілермен сипатталады. Біріншіден, құқық - кездейсоқ құқық нормаларынын жиынтығы емес, бұл органикалық бүтін бір құқықтық құбылыс, сонымен бірге ол объективтілігімен сипатталады. Құқық жүйесіде оны құрушы нормалардын бірлігі және олардын өзара байланысы тән.
Екіншіден, құқық жүйесі өзінін мазмұны және құрылымдық элементтерінін көлемі бойынша біртектес емес, көпжақты құқықтық құбылыс. Құқық жүйесі сонымен бірге құқық нормасына, құқық институтына және құқық саласына бөлінеді.
Құқық жүйесі - бұл құқықтың жекелеген бөліктерге бөлінуіде қатысты сонымен бірге құқық нормаларынын бірлігі мен келісімділігін білдіретін онын ішкі құрылымы.
Құқық жүйесі мен зан жүйесінін байланысына, арақатынасына айырмашылығына байланысты зангер ғалымдар бір нақты тұжырымға келген жоқ. Бірақ жалпы алғанда олардын тұжырымы бойынша құқық жүйесі мен зан жүйесі бір феномендін көрінісі. Бұдан қосымша тағы да құқық - норма жүйесі, және зан да норма жүйесі деген көзқарастар да бар.
Бақылау сұрақтары:
1. . Азаматтық құқықтың құқық жүйесіндегі орны қандай?
2. Азаматтық құқықтын түсінігі?
3. Азаматтық құқықпен қандай қатынастар реттеленеді?
3. Азаматтық құқық әдісінін ерекшеліктері?
4. Азаматтық құқық қағидаларының түсінігі?
5. Азаматтық құқық қағидаларының мазмұны?
6. Азаматтық құқық жүйесіның түсінігі. ?
7. Азаматтық құқық жүйесінің түрлері?
8. Азаматтық құқық жүйесінің құрайтын институттарының түрлері және олардың ерекшеліктері?
2 лекция тақырыбы: Азаматтық құқық және азаматтық заңнама
Лекция жоспары:
1. ҚР азаматтық зандарынын түсінігі
2. Азаматтық зандарыын түрлері.
3. Азаматтық зандарының қолдану.
4. Азаматтық заң нормаларын түсіндіру.
Лекция мақсаты:
Лекция мәтіні:
- Азаматтық зандарда АК-тін 1-ші бабында көрсетілген қатынастарды реттейтін зандар жатады. Бұл жерде 1-ші баптын 3-ші тармағында көрсетілгендей тараптар арасындағы қатынастар мүліктік және мүліктік емес сипатта болғанымен, отбасылық, енбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айдаладағы ортағы қорғау жөніндегі қатынастарды арнайы салалық зандар реттейді. Ал азаматтық зандар тек сол арнайы зандармен реттелмеген жағдайларда ғана сол қатынастарда қолданылады. Сонымен бірге билік жағынан бағыныштағы тараптар арасындағы мүліктік және салық жөніндегі мен бюдеттік қатынастарда зан құжаттарында тікелей көрсетілмесе азаматтық зандар қолданылмайды.
Азаматтық құқық пен азаматтық зан терминдері өзара байланысты болғанымен де өзіндік үлкен айырмашылығы бар. Азаматтық құқық азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін нормалардын жиынтығын білдрсе, азаматтық заңнама - сол нормалар корсетілген құқықтық актілернін жиынтығы болып табылады.
Азаматтық құқықтың дерекнамалары зандар, басқа да нормативтік құқықтық актілер және әдет-ғұрып нормалары деп аталатын екі түрге бөлінеді. Сонымен бірге халықаралық шарттар (конвенция) да азаматтық құқықтың бастауларын жатады (АК-тін 3-бабынын 8-тармағы) . Бұларда келесі сұрақта жеке тоқталамыз.
Барлық азаматтық зандар Қазақстан Республикасынын бүкіл аумағында барлық субъектілерге бірдей қолданылады. Қандай да бір министрліктер, басқа да орталық атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдар өз бастамасымен азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін актілер шығаруға құқы жоқ. Бұл органдар тек зандарда бағынышты туынды актілер шығара алады.
Азамттық құқықтың нормалары диспозитивті және императивті болып бөлінеді. Императивті нормада мазмұны нақты қатан нұсқаулық сипаттағы және тараптардын ұйғруымен өзгертуге жатпайтын нормалар жатады. Егер қатысушы тараптар өзара келісіп басқа шарттар жасаса, ол шарттар жарамсыз болып табылады.
Диспозитивтік нормада тараптардын тиісті мәселе бойынша келісімдері болмаған ретте, онын орнын толтыру үшін қолданылатын нормалар жатады. (шартта көзделген ретте) Яғни дспозитивтік норманын мазмұны тараптардың шарт еркіндігі принципіне негізделген болып табылады.
2. Азаматтық құқықтың дерекнамалары зандар, басқа да нормативтік құқықтық актілер және әдет-нұрып нормалары деп аталатын екі түрге бөлінетіні жоғарыда айтылды.
Алдымен заңдарды қарастырайық.
Қазақстан Республикасынын аумағындағы азаматтық құқықтық қатынастар төмендегі зандармен реттеледі. Солардын ішінде Азаматтық Кодекстін орны бөлек. ҚР АК-тін жалпы бөлімі 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданып, оған бірнеше өзгертулер енді. Сонымен азаматтық құқықтың нормалары занда және басқа да зан актілерінде орын алады.
Қазақстан Республикасынын “Нормативтік актілер туралы” занында барлық нормативтік құқықтық актілер зңдық күштері бойынша айқындылған. Нормативтік құқықтық актілернін ішінде Конституциянын ен жоғарғы күші бар. Онын нормалары тікелей қолданылады. Конституцияда азаматтық құқықтық қатынастарды да реттейтін нормалар бар. Мәселен онын 6-шы бабында Қазақстанда жеке және мемлекеттік меншік тен негізде тағылатындығы және қорғалатындығы айтылған.
Конституциянын 26-шы бабында азаматтардың жеке меншігі туралы мәселелер жан жақты көрсетілген. Сонымен бірге Конституцияда азаматтырдың телефонмен сөйлесу, хат-хабар алысу, құпиялықпен, ар-намыс пен абыройы, онын бостандығы мен оған ешкімнін тиіспеуі құқығы сияқты мүліктік емес құқықтары көрсетілген.
Конституциядан кейін, 1994 жылы қабылданып, 1995 жылы 1-ші нурызда күшіне енген азаматтық кодекстін (жалпы бөлімі) зңдық күші бойынша күші бар. Онын ерекшелігі сонда, нрықтық экономика жағдайындағы азаматтық айналымынын нормативтік қоры қалыптасқан. Қазақстан Республикасынын “Нормативтік құқықтық актілер туралы” заны бойынша зан актілеріде мыналар жатады: Конституциялық зан, ҚР Президентінін конституциялық зан күші бар Жарлығы, кодекс, зан, ҚР Президентінін зан күші бар Жарлығы, ҚР Парламентінін қаулысы, Сенат пен мәжіліс қаулысы. Күші бойынша нормативтік актілер жүйесінде занда тәуелді нормативтік құқықтық актілері зан актілеріден кейін тұрады.
Президенттін зан күші бар Жарлығы мен қатар жай жарлықтары да бар. Оларда азаматтық құқықтың нормалары болып табылады. Сонымен қатар Үкімет қаулылары да занда тәуелді нормативтік актілеріде де жатады. Олардын көпшілігі азаматтық құқықтың нормалары болып табылады. Сонымен бірге азаматтық құқықтық нормаларыда министрліктін, мемлекеттік веномствалары мен комитеттернін жалпы орталық атқарушы ргандардың нормативтік актілері де жатады.
“Нормативтік құқықтық актілер туралы” занда орны корсетілмесе де Қазақстан Республикасынын Конституциялық Кедесі мен Жоғарғы сот Пленумынын азаматтық заңдарды талғау мен түсіндіруге байланысты нормативтік қаулылары азаматтық құқықтың бастауларыда жатады. Бұл құқықтық құжаттарнын жалпына бірдей зңдық күші бар.
Азаматтық кодекстін 3-ші бабынын 4-ші тармағында азаматтық қатынастар зандарда қайшы келмейтін әдет нормаларымен, сонын ішінде іскерлік қызмет өрісіндегі әдет нормаларымен де реттелетіндгі айтылғн. Іскерлік қызмет өрісіндегі әдетті қолдану мүмкіндгі АК-тін 272-ші бабында да көрсетілген. Бұл кәсіпкерлік қызмет барасындағы қалыптастырылған ереже. Іскерлік қызмет өрісіндегі әдет ережелерінін маныздылары Халықаралық сауда палатасынын ұсынысымен жинқталған. Әдет нормалары занда қайшы келмеуі тиіс, сондықтан ол дспозитивтік мазмұнда болады.
3. ҚР-нын Конституциясынла 4-ші бабында көрсетілгендей барлық зандар, халықаралық шарттар мерзімді басылымдарда басылад. ҚР “Нормативтік актілері туралы” занынын 31-ші бабында көрсетілгендей ҚР-нын зан актілері Парламент жаршысында, Егеменді Қазақстан, Казахстанская правдада, Зан журдаларында және Юридическая газета басылымдарында ресми түрде жариялатындығы көрсетілген. Конституциянын 62-ші бабында Парламенттін зандар қабылдайтындығы, онын қаулыларынын ҚР-нын аумағында қолданылатындығы көрсетілген. Бірақ оны шығарған орган онын күшін кейбір аймақтар бойынша шектеуі мүмкін. Азаматтық заңдардын күші сонымен бірге онын қолданылу топтары бойынша да анықталады.
Арнайы занда көрсетілгендей нормативтік құқықтық актілер төмендегідей сатылардан тұрады. Ен басында Қазақстан Республикасынын Конституциясы, оған кейін: конституциялық зандар; кодекстер; зандар және Президенттін зан күші бар Жарлықтары; Президенттін нормативтік жарлықтары; Парламенттін нормативтік қаулылары; Үкіметтін нормативтік қаулылары; орталық атқарушы ргандардың нормативтік қаулылары (Заңдын 4-ші бабы) .
Нормативтік құқықтық актілер туралы Заңдын 6-шы бабына сәйкес күші жағынан әртүрлі актілернін нормалары бір-бірімен қайшы болса, онда күші басым актінін нормалары қолданылады. Егер күші бірдей актілердін арасында қайшылық болса онда күшіне кейін енген акті қолданылады.
Қазақстан тағыған халықаралық құқық нормалары, қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын барлық халықаралық шарттар (конвенциялар) отандық заңдардын алдында басымдыққа ие. Бұл жағдайда тек қана Конституциянын 3-ші бабынын 4-ші тармағына сәйкес мемлекетаралық келісім шарттар ратификацияланғн жағдайда ғана басымдыққа ие болады.
4. Азаматтық зан нормаларын дұрыс түсіну үшін, оны дұрыс қолдану үшін онын негізгі мазмұнын ашу қажет. Яғни норманын маныз мән мазмұны айқын ашу заңдық термині бойынша түсіндіру деп аталады. Заңдарды түсіндіру мәселесімен сол құқықты қолдануда қатысы бар мемлекеттік мекемелер, соттар және азаматтар да айналысады. Түсіндіру ресми және бейресми түрде болады.
Құқықтық актілердегі құқықтық нормалар іске асырылғанда, сонын ішінде соларды қолданғанда, оларды ресми түсіндірунін міндетті сипаты болады Қазақстан Республикасынын Конституциялық Кедесі Конституция нормаларыда ресми түсіннірме береді, ал занда тәуелді актілернін ресми түсіннірмесін оларды қабылғанан (шығарған) органдар мен лауызымды адамдар береді.
Заңды түсіндірунін мақсаты - тиісті норманы пайдалану барысында оны дұрыс қолдануда, іске асырылу барысында кемшіліктерге ұрындырмау болып табылады.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Азаматтық зандардың түсінігі
2. Азаматтық құқықтың дерекнамаларының түсінігі.
3. Императивтік нормалардың мазмұны.
4. Диспозитивтік нормалардың түсінігі
5. Азаматтық заңдарының түрлері.
6. ҚР Азаматтық кодексінің мазмұны
7. Азаматтық зандарының қолдану.
8. Азаматтық заңдарының түсіндірудің мақсаты
3 лекция тақырыбы Азаматтық құқықтық қатынастар Лекция жоспары
1. Азаматтық құқықтық қатынастын түсінігі.
2. Азаматтық құқықтық қатынастын элементтері.
3. Азаматтық құқықтар мен міндеттердін пайда болу негіздері
4. Азаматтық құқықтарды саралау және қорғау
Лекция мақсаты: Стденттерді азаматтық құқықтық қатынастарының түсінігімен ерекшеліктерімен таныстырып, азаматтық құқық қатынастарының құрайтын элементерді толық ашып жеткізу.
Лекция мәтіні:
1. Азаматтық құқықты түсіну үшін азаматтық құқықтық қатынас категориясынын манызы зор. Азаматтық құқықтық қатынас дегеніміз- азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік, сонымен бірге жеке мүліктік емес қатынастар жатады (қатысушылары субьективті азаматтық құқықтары мен міндеттері арқылы бір-бірімен байланысты) .
Демек, азаматтық құқықтың пәні болып табылатын мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастардын реттелуін, қатысушылардын мінез-құлқынын тиісті бағытта болуын азаматтық құқықтық нормалары анықтайды.
Азаматтық құқықтық қатынастын ерекшеліктері мынандай:
1. Азаматтық құқықтық қатынастын субьектілері бір-біріде тәуелсіз, заңдық жағынан тен.
2. Азаматтық құқықтық қатынастар занда көрснтілген (ҚР-н АК 7бап) және занда көрсетілмеген негіздер арқылы пайда болады.
3. Азаматтық құқықтық қатынастын мазмұны мен шарттары қалыптасуы барысында тараптардың келісімі басым болады.
- Азаматтық құқықтар бұзылған реттерде оны қорғау тәртібі мен қорғаудын ерекшілігі.
Сонымен қорыта айтқанда, қоғамдағы әрбір болып жатқан немесе болатын азаматтық зандарда негізделген қатынастар азаматтық құқықтық қатынастар, өйткені ол азаматтық зан нормаларымен реттеледі, сонын талаптарына банынып, азаматтық құқықтық сипат алады. Демек, азаматтық құқық нормаларынын талаптарына сәйкес туындайтын және ұл нормаларда тәуелді болатын тараптар арасындағы қатынастар - азаматтық құқықтық қатынастар деп аталады.
2. Азаматтық құқықтық қатынастын өзіне тән тиісті белгілері бар. Яғни ол белгілер азаматтық құқықтық қатынастын элементтері деп аталады. Ол элементтер: субъектілер (қатысушылар), мазмұны (құқықтар мен міндеттер), және объектілер (құқықтар мен міндеттердін қатысы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер) .
Барлық құқықтық қатынастарда қатысушылар бір-бірімен құқықтық байланыста болады, яғни олар субъективтік құқықтар мен міндеттерді иеледеді. Сондықтан азаматтық құқықтық қатынастын мазмұнын субьективтік құқықтар мен міндеттер құрайды.
Субьективтік құқық дегеніміз - құқықты иеленетін тұлғанын мүмкін болатын мінез-құлқы. Субьективтік азаматтық құқық мазмұны бойынша әр түрлі. Субьективтік құқықтың мазмұнын тиісті субьектіге зан бойынша берілген мүмкіндіктер құрайды. Ол қандай мүмкіндіктер. Мәселен, меншік құқығы мынандай мүмкіндіктерден тұрады: а) меншік иесінін иелігіндегі мүлікті иемденуге, пайдалануда және оған билік ету мүмкіндігі; б) кез-келген басқа тараптардың өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру барысында олардын кедергі келтірмеуін талап етуі; в) меншік құқығы бұзылған ретте оны жою үшін құқық қорғау шараларын пайдалануда.
Азаматтық құқықтағы міндет болып тиісті тұлғанын міндеті болып табылатын мінез-құлық болып табылады. Азаматтық құқықтағы міндеттер әр түрлі. Азаматтық құқықтың көптеген нормалары диспозитивтік мазмұнда. Сонымен бірге тыйым салатын нормалар да бар. Тыйым салатын нормалар тиісті азаматтық құқықтық қатынастағы міндеттерді анықтайды. Әрбір азаматтық құқықтық қатынаста екі жақ, құқық иеленетін және міндет жүктелетін тараптар болады. Екі жақта да тиісті тараптар бір немесе бірнеше болуы мүмкін. Сонымен бірге азаматтық құқықтық қатынастағы бір тарап құқық иеленетін және міндет арқалайтын да тарап болуы мүмкін. (Мысалы сату-сатып алу шарты)
Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы тараптардың басым көпшілігі азаматтар болып табылады. Конституциянын 10-шы бабына сәйкес ҚР-нын азаматтығы занға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тен болып табылады.
Азаматтық құқықтық қатынастарға азаматтармен бірге шетел азаматтары және азаматтығы жоқ азаматтар да қатыса алады. Шет ел азаматтарынын құқықтық жағдайы ҚР-нын Президентінін “ҚР-нын шет ел азаматтарынын жағдайы туралы” зан күші бар Жарлығымен анықталады. (1995 ж 19 маусым) Жарлықта көрсетілгендей Қазақстандағы шет ел азаматы болып ҚР-нын азаматы болып табылмайтын, өзінін шет мемлекеттін азаматы екендігін растайтын дәлелі бар тұлға табылады. Азаматтығы жоқ тұлға болып ҚР-нын азаматы болып табылмайтын және басқа мемлекеттін азаматы екендігін растайтын дәлелі жоқ тұлға табылады. (33 бап)
Жалпы құқықтық қатынастын обьектісі болып тиісті құқықтық қатынас бағытталған, және белгілі бір әсер ететін қоғамдық қатынастар табылады. Адамдар арасындағы қоғамдық қатынас ретінде азаматтық құқықтық қатынас адамнын мінез құлқына ғана әсер ете алады. Сондықтан азаматтық құқықтық қатынастар обьектісі болып материалдық және материалдық емес құндылықтарда бағытталған субьектілер мінез-құлқы табылады. (115 бап)
Азаматтық құқықтық қатынаста құқықтар мен міндеттер де нәрсеге (мүліктік және мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе онын объектісі деп аталады. Мүліктік игіліктердін көпшілігі заттар. Азаматтық құқықта заттар өзіндік ерекшеліктеріде сай бірнеше түрлерге жіктеледі. Олар: азаматтық айналымдан шығарылған және азаматтық айналымдан шығарылмаған, бөлінетін және бөлінбейтін, қозғалмалы және қозғалмайтын, қосалқы зат және басты зат.
3. Азаматтық құқықтар мен міндеттер зандарда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен занда тұлғалардың әрекеттеріден пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық зандарда көрсетілмегедімен, олардын мәніде байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттер туғызады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz