Ғұндар империясы


Жоспар
Кіріспе
- Ғұн империясының құрылуы
- Ғұндар және Европа
- Ғұндардың Еділ бойындағы шаруашылық ерекшеліктері
Пайдаланылған әдебиеттер
Ғұндар империясы
Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген ежелгі халықтардың бірі ғұндар болды. Түрлі тарихи жазбаларда ғұндардың рулық және тайпалық бірлестіктері түрліше аталады. Ғұндар құрған үлкен және шағын мемлекеттер белгілі. Ең үлкен және осыған байланысты неғұрлым белгілілері болып табылатын зор тарихи із қалдырған ғұндардың екі империясы бар. Олардың біріншісі - Тұман (Тумань, Теоман жабғу) мемлекеті, оны қытайлар Шаньюй Тұман (б. д. дейінгі 209 жылы өлген) деп атаған. Оның тұсында ғұндар мемлекеті біршама әлсірейді, бірақ оның есесіне мұрагері Қасиетті Мете (Мөде, Мао Дунь) б. д. дейінгі 209-176 жылдары "Ғұндардың ұлы империясы" деген мемлекетті басқарды. Екінші империя - Аттиланның (Еділ патша) империясы. Оның кезінде ғұндар Шығыс Еуропадан Сырдарияға дейін өмір сүрген халықтар мен аумақтарға иелік етті. Оның мемлекеті "Ғұндардың батыс империясы" деп аталды.
Ең алдымен ғұндар (гунну) неліктен осылайша аталды, оларды кімдер осылай атады дегенді айтуымыз керек. Ғалымдар арасында бұл мәселеде біраузыдылық жоқ. Еуропалық та, қытайлық та тарихшылар сонау алыс уақыттағы көшпенділерді түрліше атаған. Әрбір жүзжылдықта жылнамашылар мен тарихшылар өздерінің ыңғайына қарай атаған, ал қытайлықтар біздің дәуірімізге дейін және одан кейін де бір халыққа 32 атау берген. Батыстық ертедегі тарихшылар өз кітаптарына ғұндарды гун-гунний, хун-хунну, кун-кунну, хон-хэн, хун-ху-гуз, сюнну және тағы басқа сол сияқты жаза берген. Біз барлық осы атау-этнонимдерден біреуін - хунну дегенді немесе Аттила ғұндары туралы сөз қозғалғанда гунндар дегенді шығарып аламыз. . Қазақтар мен басқа түрік халықтары оларды "ғұндар" деп атайды, өйткені ғұндар шын мәнінде қазақтардың, жалпы түркілердің алыстағы ата-бабалары, сондықтан оларды біздер де осылайша атаймыз. Оған біздердің дәлелдеріміз жеткілікті.
Енді тарихи кітаптарға жүгінейік. Белгілі тарихшы Отто Франко өзінің үш томдық "Қытай тарихы" деген еңбегінде: "Ғұндар қайдан шыққан, олардың ата-бабалары кімдер екенін біздер айта алмаймыз. "Ғұндар" деген атаудың өзін бір халыққа біріккен әлдебір сан алуан тайпалар алған шығар. Шамамен "скифтер" дегеннің өзі де сондай. Бірақ олардың өзегі ең алуан уақыттар мен дәуірлерде түріктер болды дегенмен келісу керек", - деп жазды.
Қытайлардың өз "тарих атасы" Сы Машиян (Сыма Цянь) болды. Ол б. д. дейінгі 145 немесе 135 жылы туды. ¤лген жылы белгісіз. Оның "Тарихи жазбаларының" 110-шы бөлімінде ғұндарға байланысты:"Ғұндардың арғы атасы Шия хоу патшалығы әулетіне жататын Шоң би (Шун вей) болған . . . Шоң биден Тұман қағанға дейінгі мыңжылдықтар барысында ғұндар біресе күшейіп, біресе әлсіреп отырған . . . Ақыры тек Мөде тұсында олар өте күшті болды. Солтүстігінде олар өздеріне юечжи халқын қаратты, оңтүстігінде Қытаймен соғысты. Сол кезден бастап ғұндардың шағын империясы белгілі, оларды тарихи кітаптарға жаза бастады", -делінген.
Бұл "шағын империя" өзін барынша таныта бастады, сондықтан да қытайдың менмен патшасы Вен Ди (б. д. дейінгі 179-163 жылдар) Мөденің ұлы Лау Шанға жіберген жолдамасында сыпайылап:"Сіздің Құдыретті Мәртбеңізге біздің құттықтауымызды жолдаймыз", -дейді. Мұнысы - әміршінің артықшылықтарын тануы. Онымен өзін тең ұстаған, тіптен одан өзін биікке көтерген ғұндардың Құдыретті қағаны өзінің жауап хатында: "Аспан мен жерден жаралған, Күн мен Ай таққа отырғызған ғұндардың ұлы жолбасшысы Хань патшалығының билеушісіне өзінің жүрек жарды сәлемін жолдайды", -деп жазады.
Бұл жерде "Құдыретті" деген сөз Тәңірі-Көктен туды, құдай жаратқан, бақытты билеуші дегенді білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, ғұндардың билеушісі ол Тәңірі-Көк Құдайдан жаралдым дегенді мойындайды және соның арқасында патшалық құрған таққа отырдым дегенді білдіреді.
Ұзындығы 10 мың лиден астам (бір ли жарты шақырымға тең) әлемге әйгілі ұлы қытай қабырғасы ғұндардан қорғану мақсатында тұрғызылған. Оның құрылысы шамамен б. д. дейінгі 352 жылы басталып, б. д. дейінгі 213 жылы оны жанжалқойлығымен белгілі Ши Хуанди бітірді. Сонымен, біз ғұндар империясының оңтүстік шекарасы қай жерде болғанын білеміз. Ол тура ¦лы қытай қабырғасымен жүріп отырған және оның ұзындығы 5000 километр . . . Ғұндар империясының шығыс шекарасы Сары теңізге жеткен, солтүстігі Байқал көлінде, батысы Хазар (Каспий) теңізінде болған. Сол уақыт үшін бұл әлемдегі ең ірі ел болды . . .
Ғұндар мемлекетінде билікті мұрагерлік бойынша беріп отыру қатаң сақталды. Егер билеуші Тұманның белгілі бірінші жазбаша деректерінен санайтын болсақ, б. д. дейінгі 46 жылға дейін, ғұндар империясы Солтүстік және Оңтүстік болып бөлінгенде, ғұндар тағына 22 қаған отырыпты. Еуразия тарихында өшпес із қалдырған Аттила - "ғұндардың Батыс империясының" императоры өзін Құдыретті Мөденің (Моде-шаньюй) ұрпағымын деп санаған.
Академик Әлкей Марғұлан ғұндар туралы өзінің зерттеулерінде әрдайым "ғұндар тарихы - осы заманғы түрік халықтарының ертедегі тарихы, дәл солар ¦лы далада өз мемлекетін құрды", -деп еске салатын.
Көптеген ғалымдар түріктер ғұндардан тараған, ғұндар-біздердің алыстағы ата-бабаларымыз дегенді даулы санайды. Қазақтар тарихына 3-4 мың жыл, ал сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар біздердің заңды ата-бабаларымыз екенін дәлелдеу әлі алда. Бұл біздің ұрпақтарымыздың ісі.
Ғұндар Тәңірі-Көкке табынған халық болды, олар арғы аталарынан қалған барлық заңдар мен салттарды, неке мен азаматтық өмір заңдарын, дәстүрлерді сақтады. Ғұндардың еркектері шетінен жауынгер саналды. Бейбіт күндері ғұндар мал бақты, астық септі, қолөнер кәсібімен айналысты. Олар дүние жүзінде бірінші болып темір рудасын қайнатты, мыс-қоланы балқытты, алтын және металл бұйымдары мен әшекейлерін жасады. Олардың арасында қолынан өнер тамған шеберлер болды.
Академик Әлкей Марғұлан "Ертедегі әндер мен аңыздар" кітабында ғұндардың биік қабырғалармен қоршалған гүлденген қалалары болды деп жазады, және де сөзінің дәлелі ретінде археологиялық олжаларды, этностардан және қазақ халық шығармашылығының басқа да шығармаларынан мысалдар келтіреді. .
Күнделікті өмірде ғұндардың салттары мен дәстүрлері, киім түрлері, тамақтану азықтары және тағамдары, елді және өндірісті басқару үрдістері қазақтыкімен толық сәйкес келеді деп батыл айтуға болады. Кеңкөлдегі, Пазырықтағы, Таластағы, Нойон уладағы, Орхон мен Енисейдегі, Іледегі археологиялық олжалар мен зерттеулер мұның осылай екенін дәлелдейді. Тіптен бүгінге дейін ғұндардың жазба мәдениеті болмаған деп саналып келді. Орхон-Енисейдегі, Таластағы, Есіктегі тастағы мәңгі сына жазулардың ғұндарға қатысы жоқ деген пікір басым болды. ¦лы түріктанушы және қазақ халқының досы Лев Николаевич Гумилев ғұндар туралы өз кітаптарында: "245-250 жылдары қытай елшісі Кан Тай Фунанға (осы күнгі Кампучий) сапар шегеді және өз естеліктерінде : . . . Оларда, кампучийліктерде, кітап бар, олар оны мұрағаттар қоймасында сақтайды. Олардың жазулары ғұндардың жазуларына ұқсайды", - деп жазды. Егер ғұндарда жазу жоқ болса, онда қытай елшісі Кан Тай Фунан жазуын немен салыстырған? Бұл сұраққа жауап беру, бәлкім, біздің болашақ зерттеушілеріміздің үлесіне тиер. болды деп жазады, және де сөзінің дәлелі ретінде археологиялық олжаларды, этностардан және қазақ халық шығармашылығының басқа да шығармаларынан мысалдар келтіреді.
Күнделікті өмірде ғұндардың салттары мен дәстүрлері, киім түрлері, тамақтану азықтары және тағамдары, елді және өндірісті басқару үрдістері қазақтыкімен толық сәйкес келеді деп батыл айтуға болады. Кеңкөлдегі, Пазырықтағы, Таластағы, Нойон уладағы, Орхон мен Енисейдегі, Іледегі археологиялық олжалар мен зерттеулер мұның осылай екенін дәлелдейді. Тіптен бүгінге дейін ғұндардың жазба мәдениеті болмаған деп саналып келді. Орхон-Енисейдегі, Таластағы, Есіктегі тастағы мәңгі сына жазулардың ғұндарға қатысы жоқ деген пікір басым болды. ¦лы түріктанушы және қазақ халқының досы Лев Николаевич Гумилев ғұндар туралы өз кітаптарында: "245-250 жылдары қытай елшісі Кан Тай Фунанға (осы күнгі Кампучий) сапар шегеді және өз естеліктерінде : . . . Оларда, кампучийліктерде, кітап бар, олар оны мұрағаттар қоймасында сақтайды. Олардың жазулары ғұндардың жазуларына ұқсайды", - деп жазды. Егер ғұндарда жазу жоқ болса, онда қытай елшісі Кан Тай Фунан жазуын немен салыстырған? Бұл сұраққа жауап беру, бәлкім, біздің болашақ зерттеушілеріміздің үлесіне тиер.
Б. д. б І м ІІ жартысынан бастап Байкалдың Оңтүстігі және Ордосқа дейін созылып жатқан дала мен шөлейт айдандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір б, з. б ІV - ІІІ ғ. Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық одақ - Сюнну және Дунху бірлестіктері еді.
Сюннулар (гунд деп аталады) б. з. б ІІІ ғ күшейді. Тайпаның бұл атауы қайдан шыққаны белгісіз «ғұн» деген атаудың сюнну (хунну) деген аттан шыққаны анық. Сюннулардың тарихы Қытай жазбаларында б. з. б 403 ж басталады. Б. з. б 206 ж олардың көсемі Моде еді. Оның жоғары қолбасшының баласы болғанын айтады. Қытайлар түркілерді Сюннулардың (Хундардың) ұрпақтары деп есептейді.
Ежелгі хундар туралы ең алғашқы жазғандар Қытайдың әйгілі үш тарихшысы еді. Олардың біріншісі - Қытай тарихшыларының атасы деп саналатын Сыма Цянь (б. з. б 135 - 67 ж) . Оның еңбегі, Шицзи (тарихи жазбалар) 130 бөлімнен тұрады. Соңғы бөлімінде Сыма Цянь Хундар, Орта Азия халықтары, оғыздар қаңлылар т. б. туралы да жазыпты. Екінші тарихшы - Бань-Гу. Ол жазған еңбек «Цянь Хань-Шу» деп аталады. Бұл еңбек б. з. б 206 ж басталып, б. з. 25 жылына дейінгі оқиғаны қамтиды. Үшінші тарихшы - Фай Е-нің «Хоу Хань-Шу» - жоғарыда аталған 2 тарихшының ізімен жазылған аса құнды еңбек. Бір артықшылығы - түрік халықтары туралы арнайы тарауы бар. Хундар жұрты 3 бөлікке бөлінген.
Біріншісінің мекен жайлары б. з. б І м. ж ортасынан бастап Хуанхэ өзенінің орта тусы мен төменгі ағысындағы қазіргі Қытай жерін және Орта, Орталық Азияның көп бөлігін қамтып, Шығыс Түркістаннан Оңтүстік Манчжурияға дейінгі аумақты алып жатты.
Екінші б. з. б І м ж сыртқы Монғолияда, Солтүстік Манчурияда Түркі-Моңғол тілінде аралас сөйлеген сәнбилер. Кейіннен сәнбилер солтүстік Вэй әулетін құрған.
Үшіншісі - түркі тілінде сөйлеген тайпалар қоныстанған орта. Мұнда ішкі Монғолияда, Байкалда, Ордостан, Алтай, тарбағатай, жетісуға дейінгі жерлерді мекендеген Хун тайпалары қалыптаса бастады. Осы аталған Хундар мекендеген үш бөліктегі жерлерде түркілік және монғолдық тіл тобына жататын тайпалар одағы араласып туған.
Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп қытайлықтардың бұларға қарсы ІV ғ созылған кескілескен соғысу деу керек. Хан империясы кезінде қытайлықтар ғұндарды басып алмақшы болды, ғұндар іргелес тайпалармен бірігіп, қытайлықтардың шабуылдарына батыл тойтарыс беріп отырды.
Ғұн тайпасының бірігіп топтасуы б. з. б. 209 ж. «ғұн үйінің өрлеуі»
Кезінде іске асты. Оларды бір одаққа біріктіру Әйгілі Мөде «Боғда» батырдың есімімен байланысты . Оның туған жылы 230 ж өлген кезі б. з. б. 174 ж. Мөде ғұндарды күшті державаға айналдыру үшін әскери реформа жүргізді. Мөде басшылығымен ғұндар Саян-Алтай тайпаларына және үйсіндерге шабуыл жасап, өзіне қаратты. Мөде батыста Юечжай тайпаларына жарық жасап оын бағындырды. Б. з. б 200 ж ғұндар Ордасты қаратып алды. Ал б. з. б 200 ж Қытай Хань әулетінің негізін қалаушы Лю Баньмен соғысып, оны жеңді. Улы Қытай қорғаны салуының бір себебі осы ғұндардың шабулынан қорғану амалы еді. Қытайлардың «Жылнама» атты кітабында айтылмайтын «Тұрағы жоқ, үйі жоқ ғұндар бәле болды ғой» деп ниетін жолдар ғұндардың Қытай еліне қауіп төндіргенін көрсетеді. Б. з. б 188 ж Мөде мен Қытай Хань императоры «тыныштық және туыстық» жайлы шартқа қол қойды. Мөде қытай ханшасын өзіне әйелдікке алды, ал Хань империясы ғұндарға жыл сайын салық төлеп тұруға тиісті болды. Соғыстың нәтижесінде за байкальеден Тибетке және Шығыс Түркістан Хуанхэ өзінің орталық бойына дейін созылып жатқан жердің бәрі ғұндардың қол астына көшті. Мете жауынгерлерімен бірге атпен шауып келе жатып, ысқырған дыбыс шығаратын жебемен әкесі Тумен тәңірқуатты атып өлтіреді. Осымен бірге өгей шешесі және інісін, өзіне бағынбаған уәзірлерді, ақсүйектерді өлтірді. Сөйтіп өзін ғұндардың тәңірқуатымын деп жариялайды. Мете таққа отырған кезде шығыс рулардың күшейіп тұрған кезі еді. Олар Метеден әкесін қалған тұлпарды беруін талап етеді. Мете уәзірлерін жинап, кеңес сұрайды. Мете «Көрші отырған еліміз ғой», «бір атты қимай қайтеміз, берейік» - деп бергізеді. Метенің қорыққаны деп уққан шығыс рудың билеушісі дереу тағы елші жібереді. Метенің әйелдерінің бірін алғысы келеді. Мете өзінің бір тоқалын Шығыс руға береді. Шығыс ру билеуші одан ары басынып, батыс жаққа ірге кеңейтпек болады. Мете «жер деген елдің түп - тамыры оны қайтып бере аламыз?» - деп қатты ашуланады. Мете жедел атқа қонып соғыспаймын дегендердің басын кесіп, әскерін бастап шығыс руға шабуыл жасайды. Оны тас талқан етіп, мал мүліктерін түгел олжамап, емін боданына айналдырады. «Ғұн державасы» орасан зор үлкен болғанымен осал жері де болатын. Бұл олардың арасында берік бірліктің болмауымен байланысты еді. Осыдан келіп б. з. б 59 ж ғұндар өз арасында соғыс басталады. Б. з. б 47 ж ғұндар Оңтүстік және солтүстік ғұндар болып 2-ге бөлінеді. Оңтүстік ғұндар Қытайдың хан империясына бағынады. Ал Чжи-Чжи Шаньюй бастаған солтүстік ғұндар өздерінің тәуелсіздігін сақтап Сотүстік Моңғолия және Шығыс Түркістанның солтүстік аймақтарында көшіп-қонып жүреді. Бір бөлігі Тянь-Шяньнан өтіп, Қаңлы тайпаларымен шарттасып, олардың шығыс жағына қоныстанады.
Ғұндардың қоныс аударуының 2-ші талқыны б. з 93 ж басталады. Олар бірқатар тайпаларды бағындырып, екіншілерін соңынан ертіп, сырдария бойы мен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Б. з. ІV олар Европадан бой көрсетеді. Моденің мүрагері Лаолиань - Шаньюй Қытайға бет бұрады. 166 ж ол 140 мың атты әскерімен терістік батыс қытайға кимелеп кіреді де, «хисапсыз көп халықты, империяның жазғы сарайын өртеп жібереді. Лаошань-Шаньюй ұлы Гюньченге Қытаймен сауда жасаудың шешілмеген түйінін тастап 161 ж қайтыс болады. Ол 4 ж бейбітшілікті сақтап, одан ештеңе шығара алмағансын 158 ж соғысты қайта бастайды. Қытай үкіметі армияны тез жинап жумылдыра алмайды. Келесі жылдар хундарға табысты болады. 157 ж Вэн-ди көз жұмады, ал 156 таққа Цзин-ди отырады. Жаңа үкімет ішкі қайшылықтарды реттейді. 154 ж көтеріліс басып жаншылады. Өйткені Хундар оны қолдамайды. 152 ж келесім шарт бойынша еркін айырбас жасау үшін шекаралық базалар ашылады және Шаньюйге әйелдікке мал тарту таралығымен Қытай патшайымы жіберіледі. 152 ж Хун құдіретінің шарықтаған кезі 133 ж хундар 100 мың найзаны әскерімен Қытайға басып кіреді. Қытай қолбасшылары Хундардың май қаласына кіруін күтеді. Қытайды өте ауыр алапат соғыс күтіп тұрған еді. 129 ж Қатй сарайы ұлттық қаржының жауға ағып кетіп жатқанын үзіп тастау үшін еркін саудаға тиым салуға бел байлайды. Қытайдың талантты қолбасшысы Вэй Цин амал айламен жауына бас салып, Лунчэнде 700 адамды тұтқын етеді. 126 ж Моденің немересі Гюньчень-Шаньюй қайтыс болады. Оның өлімі алауыздық тудырады. Оның інісі шығыстық кінәзі Ичисие өзін «Шаньюй» деп жариялайды. Гюньчень шаньюйд ұлы Юмбиді арпалыста жеңіп шығады. Ичисйе күшіне күш қосып Қытаймен соғысады 126 ж Қытайдың солтүстік облыстарын алады. 124 ж 100 мың адам тұратын Қытай армиясы басшысы Вэй Цан Хундарға бас салады. 123 ж Вэй Цин Шығыс жайлауларына 2 рет шапқыншылық жасайды, шығыны көбірек болады. 121 ж көктемде у-да ұйымдастырып қытайлар шабуылға шығады. қолбасшы Хо Цюй-бин 10 мың әскерімен хундарды жеңеді. 119 ж Қытай армиясы Вэй Цин мен Хо Цюйбиннің жетекшілігімен жорыққа атанады. Қытай әскері Гоби құмды шөлі болады. 119 ж әскери нанауқаны 2 жақта да титықтағаны сондай Хундарда, Қытайларда соғысты жалғасытра алмады. 114 ж Ичисйе өледі, ұлы Ув Эй келеді. 105 ж «момын» Ув эй дүние салады таққа жаужүрек ұлы Ушилуге беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz