Абай Құнанбайұлының дүниетанымы



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Абай Құнанбайұлы дүниетанымы және оның рухани құндылықтар әлемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8.32
1.1 Абай Құнанбайұлы көзқарасының қалыптасып, дамуының алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2 Абай Құнанбайұлы философиясындағы сопылық таным ... ... ... ... ... ... ... .16
2 Абай Құнанбайұлы дүниетанымындағы жан тазалығы мен рухани. танымдық жетілу жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33.60
2.1 Абай философиясындағы толық адам концепциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
2.2 Абай танымындағы рух тәрбиесі және оның қазақ ұлттық мәдениетінде алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
Абай Құнанбайұлы танымында дүниенің ең манызды бөлігі адам, оның жаратылыс табиғаты мен даму жолындағы құндылықтар әлемі. Абай Құнанбайұлы көзқарасында сопылық адам жанын жетілдіретін, әдеп философиясына ықпал ететін рухани қуаты бар құндылық ретінде танылады. Абай Құнанбайұлы адамды хайуаннан айыратын екі касиетке назар аудартады. Оның бірі: дүниені тану ақикатты білу, ғылымды үйрену, екіншісі көпке пайдасы тиетін еңбек істеу. Болмыстың түп негізі хақ деп білу ақиқатты тануға шақырса, сол жолда білімін жетілдіру сопылық ілімнің түп қазығы.
Қазақ даласының кемеңгер ғалымдары назарынан да тыс қалмаған сопылық таным өз жаңалығымен қоғам тыныс-тіршілігіне еніп, сол қалпы қазіргі таңға дейін құнды болып отырған жайы бар. Міне исламдық дүниетаным қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары шығармаларында да өзіндік орнын тапқан. Қазақ жырауларының жырларында ислам сеніміне қатысты әр түрлі шығыстық жанрлар көрініс тауып келген кезеңде Абай Құнанбайұлы шығармаларынан сопылық сарын анық көрініс тапқан.
Қорқыттан бастап қазақ халқының аңызынан орын алған танымдық көзқарас исламдық сеніммен біте қайнасқанына да ақындар шығармашылығының үлесі мол. Әр ақынның дүниетанымы мен көзқарасынан мұны байқау қиын емес. Абай Құнанбайұлы саналы әрекеттер мен ойлы тың мәселелерді исламдық сенімнен молынан алған. Абай Құнанбайұлы исламдық терминдерді қолдана отырып қазақ халқына исламдық дүниетанымының түрлі бағытын жете танытқан.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Мырзахметов М. Абай және Шығыс. - Алматы.: Қазақстан, 1994. - 205б.
2. Есім Ғ. Сана болмысы. Бесінші кітап. - Алматы.: Ғылым, 1998, -307б.
3. Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Екінші том. - Алматы.: Жазушы. - 2002. - 335б.
4. Ғарифолла Есімов. Хакім Абай: (даналық дүниетанымы) - Алматы.: Атамұра - Қазақстан - 1994. - 200б.
5. Құнанбаев Абай. Шығармалыр. Екі томдық. Т.2 - Алматы.: Жазушы - 1968. - 250б.
6. Мұхамедханов Қ. Абай мұрагерлері. - Алматы.: Атамұра, 1995. - 208б.
7. Абай Құнанбайұлы. Абай қара сөздері. -Алматы, Жазушы 2004.-154б
9. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. - Алматы, Ғылым 1937. - 329б.
10. Орынбеков М.С. Философские воззрения Абая. - Алматы.: Білім. - 1995. - 136с.
11. Шал ақын//Ай заман-ай, заман-ай... 2 томдық. т.1. - Алматы. Білім. - 1991. - 384б.
12. Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары. - Алматы.: Ғылым - 1982. - 204б.
13. А.Спиркин. История философии, М.: Л., Гардарики, 1954, - 325с.
14. Әуезов М. Абай жолы. 1-ші кітап - Алматы. - 1961. - 381б.
15. Әуезов М. Қазақ әдебиетінің тарихы. - 20 томдық шығармалар жинағы. 16 т. - Алматы.: Жазушы. - 1985. - 395б.
16. Әуезов М. Абай Құнанбаев. Монографиялық зерттеулер мен мақалалар. - Алматы.: Санат. - 1995. - 320б
17. Абай. Өлеңдерінің толық жинағы. - Алматы.: Жазушы. -1961. - 220б.
18. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. т.1. - Алма-Ата. - 1961. - 391с.
19. Жұбанов А. Құрманғазы. - Алматы.: Жалын. - 1978. - 184б.
20. Жансүгіров І. Поэмалар. - Алматы.: Жалын. - 1983. - 260б.
21. Қазақ тарихының тарихилығы. - Алматы. Ғылым - 1993. - 87б.
22. Есім Ғ. Сана болмысы. 4-кітап. - Алматы.: Ғылым - 1998. - 307 б.
23. Абай. Энциклопедия. - Алматы.: Атамұра. - 1995.- 720б.
24. Құнанбаев А. Шығармалары. - Алматы. Жазушы - 2010. - 251 б.
25. Асан-қайғы. Ғасыр жыры. - Алматы. Атамұра. -384б.
26. Төреқұлұлы Н. Қазақтың 100 би-шешені. - Алматы.: Қазақстан. - 1995. - 384б.
27. Мағауин М. Ғасырлар бедері. - Алматы. Ғылым 1991. - 148б.
28. Т. Әбжанов. Адамға қарай бет бұрсақ. -Алматы. Рауан. 2000. -186б
29. Әуезов М. Абай жолы романның жиілік сөздігі -Алматы: Жалын 2009. -428б
30. Сегізбаев О.А. История казахской философии: От первых архаичных представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ столетия. – Алматы: Ғылым, 2001. –456 с..
31. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. - Алматы. Ғылым, - 1933. - 170б.
32. Соколов В.В. Средневековая философия М., Файр-Пресс, 2007. -321с.
33. Ақмамбетов. Философия және мәдениеттану. Алматы. Рауан. 1988. -186б.
34. Ж.Алтаев. Ә.Қасқабаев. Философия тарихы. Алматы. Жазушы, 1988 - 234б.
35. Нысанбаев Ә. Қожа Ахмет Иассауидің дүниетанымы мен философиясы. // Ақиқат. - 1994. - №2.
36. Иассауи Қожа Ахмет. Диуани Хикмет. (Ақыл кітабы). - Алматы.: Мұраттас. - 1993 ж . - 262б.
37. Ахметов З. Жол жолға жалғасады // "Абай" журналы, 1994. №12
38. Абай(Ибрахим) Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Алматы.: Жазушы. - т.1.: Өлеңдер мен аудармалар. - 2008. - 296б.
39. Әуезов М. Қазақ әдебиетінің тарихы. - 20 томдық шығармалар жинағы. 16 т. - Алматы.: Жазушы. - 1985. - 395б.
40. Ә.Нысанбаев, Т. Әбжанов. Ой, ақыл, адамгершілік –Алматы: Мұраттас 1994- 242б
41. Абай Құнанбаев. Өлеңдерінің толық жинағы. - Алматы.: Жазушы. -1961. - 220б.
42. З. Ахметов, Б. Байғалиев. Абай шығармалары - Алматы: Рауан, 2010. -320б
43. М. Әуезов, Абай Құнанбаев. -Алматы: Мұраттас. 1961. -142б
44. Б. Төлегнова .Абай Құнанбаев өлендер, поэмалар -Алматы: 2003. -86б
45. Б. Серікбайұлы Қашым –Ноғай. Абай шығармалары даналық мұрағаты. –Алматы: 2007 -452б
46. М. Әуезов Әдебиет тарихы -Алматы: Ғылым. 2006. -324б
47. Рамазан Тоқтаров Абай жұмбағы – Алматы: Рауан. 1999. -48б
48. Мұрат Сұлтанбеков Величие таланта М. Әуезова -Семиполатинск: Дала. 1992. -257б
49. М. Мырзахметов Абай Құнанбаев –Алматы: Ғылым. 1990 -243б
50. А. Көбесов Абайтану Дәрістері -Алматы: Мұраттас 2002. -144б
51. Р. Сыздықов Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі -Алматы: Атамұра 2004. -168б
52. Кәмен Оразалин Абайдан соңғы арыстар –Астана: Білім. 2002ж. -342б
53. М. Мырзахметов Абай және тіл –Алматы: Ғылым. 1990ж.-218б.54. Уалиханов Ш. Тәңірі. //Қазақ бақсы-балгерлері. – Алматы: Ана тілі, 1993. -224 б.
55. Қорқыт Ата. Энциклопедиялық жинақ. Бас.ред. Ә.Нысанбев – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. –798 б.
56. Мустафина Р.М. Представления, культы, обряды у казахов: - Алма-Ата: Қазақ университеті, 1992. –176 с.
57. Бартольд В.В. Сочинения.,Т. V. - М: Наука, 1968. -757 с.
58. Степанянц М.Т. Философские аспекты суфизма. -М: Наука,1987. -190с.
59. Бертельс Е.Э. Суфизм и суфийская литература. – М: Наука, 1965. -524 с.
60. Тримингэм Дж. С. Суфиские ордены в Исламе. - М: Наука, 1989. – 328 с.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Абай Құнанбайұлы дүниетанымы және оның рухани құндылықтар
әлемі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-32
1.1 Абай Құнанбайұлы көзқарасының қалыптасып,
дамуының
алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

1.2 Абай Құнанбайұлы философиясындағы сопылық таным
... ... ... ... ... ... ... .16

2 Абай Құнанбайұлы дүниетанымындағы жан тазалығы мен рухани- танымдық
жетілу
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...33-60

2.1 Абай философиясындағы толық адам
концепциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

2.2 Абай танымындағы рух тәрбиесі және оның қазақ ұлттық мәдениетінде
алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65

КІРІСПЕ

Диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық зерттеу
жұмысында Абай Құнанбайұлы дүниетанымындағы жетілген адам мәселесінің қоғам
өміріндегі діни-философиялық және ғылыми-практикалық маңызы қарастырылды.
Қазақ философиясының бай дүниетанымдық мәдениеті мен дағды-дәстүрдер
арасындағы сабақтастық рухани құндылықтарды қайта жаңғыртуда екенін
танытты. Сондықтан, бүгіндері қазақ ұлтының дағды-дәстүріндегі адам жанының
тазалығы, нәпсі, сопылық ұстанымдар және толық адам мәселесі зерттеудің
негізгі обьектісіне айналып отыр.
Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Абай Құнанбайұлы
танымында дүниенің ең манызды бөлігі адам, оның жаратылыс табиғаты мен даму
жолындағы құндылықтар әлемі. Абай Құнанбайұлы көзқарасында сопылық адам
жанын жетілдіретін, әдеп философиясына ықпал ететін рухани қуаты бар
құндылық ретінде танылады. Абай Құнанбайұлы адамды хайуаннан айыратын екі
касиетке назар аудартады. Оның бірі: дүниені тану ақикатты білу, ғылымды
үйрену, екіншісі көпке пайдасы тиетін еңбек істеу. Болмыстың түп негізі хақ
деп білу ақиқатты тануға шақырса, сол жолда білімін жетілдіру сопылық
ілімнің түп қазығы.
Қазақ даласының кемеңгер ғалымдары назарынан да тыс қалмаған
сопылық таным өз жаңалығымен қоғам тыныс-тіршілігіне еніп, сол қалпы
қазіргі таңға дейін құнды болып отырған жайы бар. Міне исламдық дүниетаным
қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары шығармаларында да өзіндік орнын
тапқан. Қазақ жырауларының жырларында ислам сеніміне қатысты
әр түрлі шығыстық жанрлар көрініс тауып келген кезеңде Абай
Құнанбайұлы шығармаларынан сопылық сарын анық көрініс тапқан.
Қорқыттан бастап қазақ халқының аңызынан орын алған танымдық көзқарас
исламдық сеніммен біте қайнасқанына да ақындар шығармашылығының үлесі мол.
Әр ақынның дүниетанымы мен көзқарасынан мұны байқау қиын емес. Абай
Құнанбайұлы саналы әрекеттер мен ойлы тың мәселелерді исламдық сенімнен
молынан алған. Абай Құнанбайұлы исламдық терминдерді қолдана отырып
қазақ халқына исламдық дүниетанымының түрлі бағытын жете
танытқан.
Абай Құнанбайұлы философиясында сопылық терминдер талданып, қазақы
танымға жақын етілген, себебі оның толық адам идеясы сопылық
дүниетанымдағы жетілген адамды танытады. Ол мұсылман философиялық
бастаудан нәр алған. Дін туралы түсінік Абай Құнанбайұлыда сыни
болатын, дін рухани қызметімен қатар оны пайдаланғандардың іс
әрекеті де сынға алынды. Абай Құнанбайұлы өз заманындағы дүниенің адам
өміріндегі орнына мән бере отырып зерттеген ойшыл. Дүниенің бостығын
сипаттаған ол ақиқаттың бас себебін махаббат ұғымы арқылы
түсінген. Махаббат жаратушының құдіреті, нұры, дүниені
мүмкіндіктен ақиқатқа айналдыруының басты себебі. Қазіргі
ғылымның қисынды тіліне салсақ, махаббат бар болмыстың
заңдылығы және де ол адамзатқа тәуелсіз онтология заңдылығы
немесе дүниенің бар болуының мүмкіндігі. Осы мәнде махаббат
адамзат тарихының бастауы іспетті.
Махаббатпен жаратылған адамзат төңірегінде сопылық табиғылықтан алшақ
тұрады. Адамзат өз жетістігін жаратушының құдіретімен
байланыстырады. Алайда мәселе өзгеше еді. Жаратушым адамзатқа
өз құдіретін құпия етіп берген болатын, бірақ ол айнадан
көріне бермейтін адамның өзінің болмысына үңілуді қажет
ететін. Жаратқанның құдіретінің көріну формасы адамның
еркінде. Ерікті адам жаратушының керемет шеберлігі, бірақ
Иассауи айтқандай Алланың пендесіне өзі берген еркі адамға
қауіп болатын. Адам өз Еркін меңгере алмаса, ол бүкіл
адамзатты жойып жіберетін жойқын күшке айналуы ықтимал, сол
себепті Абай Құнанбайұлы өзін махаббатпен жаратқан жаратушысын
сүю, оны мойындау, соның құдіретіне сай қызмет етуді
әрбір адамның парызы деп санаған. Сонымен жомарт адамның
бойында үш қасиет болуы керек, олар әділеттілік, шапағаттылық
және даналық. Абай Құнанбайұлы айтуынша табиғат өледі, яғни
өзгереді, адам ешқашанда өлмек емес. Адамға әуел бастан
өлмейтін тағдыр берілген. Абай Құнанбайұлы: Мен өлмекке тағдыр
жоқ әуелбастан, -деген.
Абай Құнанбайұлы өз заманының ұлы тұлғасы ғана емес келелі келешекке
қол сермеп бізді өз ойларындағы прогрессивті пікірлерімен қолдау көрсетіп,
толық адам ретінде бой түзеп, қоғамдағы ұлт ретінде жоғары тұруға ол үшін
де білім, ғылым үйреніп, мал табуда еңбектен арланбай дағдарысты күндерден
еш қорықпастан, рухани танымымызды жетілген күйінде қалыпты ұстау арқылы,
яғни Ахмет Ясауи салған сопылық жол ұсынған танымның бағытымен жүруге
шақырады. Жұмыстың өзектілігі тақырыптың қоғамға қажеттілігінде, оның
ойларының жалғасын тауып, қоғам талаптарына сай келуінде.
Диссертациялық жұмыстың зерттелу деңгейі. Абай Құнанбайұлы
дүниетанымындағы рухани жаңашылдық идеялар, сопылық ілімдегі рухани
құндылықтар, олардың ішін-ара байланысы философия тарихында бірнеше сан
ғасырлардан бастап бүгінге дейін қарастырылып отырған негізгі мәселелердің
бірі болып табылады. Дегенмен тек тәуелсіздік алған күндерден бастап рухани
байлық ретінде қарастырылып, философиялық зерттеу нысанына айналып, өз
жемісін беруде. Бұл жөнінде М.Мырзахметұлы мен Досай Кенжетай тәрізді бір
тума ғалым, профессор ағаларымның еңбектерінен танысып, қызығушылығым
артқанын жасырмаймын. Бұл тұлғалар Абайды, сопылық ілімді зерттеп қазақ
философиясында жаңа із салды. Адам болмысына, оның мағынасына өзгеше
көзқарастар сопылық ілімде, Абайтануда. Оны рухани құндылық ретінде енгізіп
философиялық ғылыми тұрғыдан қалыптасуына бастама болды.
Бүгінгі күні рухани таным туралы сұрақ, тіл, мәдениет, дін,
әлеуметтану тағы басқа көптеген мәселелерді қамтиды. Осыған байланысты
Ортағасыр дана ойшылдарының еңбектері ерекше қызығушылықты тудырады. Абай
мәселесі мен сопылықты қарастыруда Ж.М. Әбдильдин, С.Ж. Кенжебаев, Ә.Н.
Нысанбаев, Қ.Ә. Әбішев, Т.Х. Ғабитов, С.Е. Нұрмұратов, Ө.Малдыбеков,
Қ.Қаратышқанованың және тағы басқа ғалымдарымыздың туындыларын ерекше атап
өтуге болады. Әдебиет саласы бойынша Абайды зерттеу жүйелі түрде көптеген
жетістіктерді көрсетті. Оның іліміндегі философиялық құндылықтарды анықтау
реті бізге қалды.
Соңғы жылдары еліміздің ойшылдары философияның рухани саласында кең
ауқымды зерттеулер жүргізуде. Дегенмен Абай Құнанбайұлы дүниетанымындағы
рухани жаңашылдық идеялар және оның сопылық іліммен үйлесімділігі туралы
зерттелу дәрежесін Абайдың көзқарасында талдау жасайтын болсақ біз бүгінгі
күні адам мен құдай, сопылық танымның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
туралы белгілі бір жүйелі философиялық бағыттың анықталмағандығын
байқаймыз. Мұның өзі қарастырылып отырған мәселенің өзектілігін,
маңыздылығын одан әрі ауқымдай түседі. Адам мәселесі қашан да актуальды.
Толық адам мәселесі сопылық танымды қазақ халқына таныту мақсатында алынған
мәселе екені Абай шығармашылығынан белгілі. Міне сондықтан ұлттық танымды
жетілген тұлғалар шығармашылығы қашан да қоғамда өзектілігін жоғалтпаған.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі
мақсаты ретінде Абай Құнанбайұлы дүниетанымындағы рухани жаңашылдық
идеялары және оның сопылық таныммен байланысы қарастырылып, оның даналық,
тұлға ретінде жетілу ерекшелігі және сыни пікірлері сарапқа салынады.
Осыған байланысты зерттеуге келесі міндеттер белгіленген:
- Абай философиядағы рухани бастамалардың орнын зерттеп, қоғамдағы
мағынасын анықтау.
- Абай мен сопылық танымның рухани байланысының тарихи қажеттілігін
көрсету.
- Абай философиясына байланысты ежелгі Шығыс философиясынан бастап
әртүрлі философиялық бағыттардың өзара теориялық бірлігін көрсету.
- Абай дүниетанымындағы адам мен құдайылық болмысының ерекшелігін,
махаббат идеясы мен сопылықтағы ғашықтық, толық адам мәселесі, және
осы идеялардың деңгейінің қоғамның дамуының белгілі бір кезеңдеріндегі
өркендеуін көрсету.
- Еуропа мәдениеті және Абай көзқарасы, жалпы құндылықтардың құлдырауы,
ерекшеліктің жалпылыққа өтуінің обьективтік бастамасы ретінде.
- Абай философиясының жалпылық деңгейінің адамзат үшін тарихи
маңыздылығын, қажеттілігін философиялық тұрғыда талдау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ұсынылып отырған зерттеуде төмендегідей ғылыми
жаңалықтар анықталған:
- Абай философиясындағы рухани болмыс обьективті тұрғыдан алынып,
адамзат қоғамына байланысы сопылықтағы ақиқат ретінде көрсетілді. Оның
мағынасын анықтау үшін, методологиялық негіз ретінде философиялық
зерттеу тәсілдері қолданылды.
- Ежелгі заманға тән космоцентризм, миф түсініктері – оның қара сөздері
арқылы анықталды.
- Абай философиясындағы сыни көзқарастар мен сопылық таным және қазақ
философиясындағы жаңа көзқарастар алынып, зерттеу нысанына айналды.
- Сопылық ілім заңдарын зерттеп, нақты ғылымдардың жан-жақты дамуына
тигізген әсерін қазақ қоғамындағы көрінісін айқындап беру.
- Мәдениетте, әлеуметтік салада, саясатта болып жатқан өзгерістердің
адам болмысына оның рухани байлығына әсерінен туындаған түрлі
қасиеттердің жан-жақты анықталуының нәтижесі Абай философиясы арқылы
көрсетілді.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Абай дүниетанымындағы
толық адам мәселелерін тануда жалпы ғылыми әдістер мен практикалық
пайымдаулар негіз болды. Соның ішінде: тарихи, әлеуметтік, құқықтық
логикалық, жүйелі, құрылымдық талдау, салыстырмалы әдістерді басшылыққы ала
отырып зерттеу қолданылды. Қазіргі таңда діни-философиялық өзгерістер қоғам
сұраныстарына негізделініп жасалынған рухани дүниені танытуға бағытталған
мол ахпарат беттеріндегі материялдар мен зерттеу барысында қолданылған
заңдылықты пікірлер ғалымдарымыздың өзара талқылауынан өткен шешімді ойлар
мен көзқарастарына негізделді. Диссертацияда діни бағыттағы әдебиеттермен
қатар философиялық, тарихи еңбектер, баспасөз материалдары, жекеленген
ғалымдардың еңбектері де кеңінен қолданылды.
Диссертациялық жұмысының құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы тақырып
пен қойылған міндеттерді шешудегі ішкі логикалық байланысымен сипатталады.
Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер
тізімінен құралды. Жұмыстың көлемі 65 бет.

1 Абай Құнанбайұлы дүниетанымы және оның рухани құндылықтар әлемі
1.1Абай Құнанбайұлы көзқарасының қалыптасып, дамуының алғышарттары

Абай Құнанбайұлы қазақ философиясында орны ерекше тұлға, оның есімін
бүкіл әлем таныды. Оның шығармашылық жолы терең философиялық ойларды
қамтыиды және сол дәуірдің әлеметтік жағдайынан да алшақ кетпестен сол
дәуір рухани танымынан ахбар береді. Абай Құнанбайұлы ой-пікірі он
тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында халық танымынан өзіндік орын алды.
Абай Құнанбайұлы ой алыптары Фердоуси, Сағди, Ширази, Низами, Науаи
туындылыарымен таныс болды. Араби, Ғазали және Мұхаммед танытқан ислам
философиясын жетік білді. Сонымен бірге ежелгі гректің атақты классигі
Аристотельдің философиялық шығармаларын және Сократтың еңбектерімен таныс
болды.
Абай Құнанбайұлы дүниетану жолында өткен замандардың кемеңгер
философтардың шығармаларын окып, өз дәүірінің алдыңғы катарлы ой-пікірлерін
қорытып, оларды қазақ өнеріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге
қолданды. Осы кездегі қазақ қауымын толғандырған басты мәселелер: Құдай мен
табиғат, адам мен құдірет, жан мен тән, өмір мен өлім туралы болса, Абай
Құнанбайұлы еңбектері дәл осы тұрғыдан жауап береді.
Абай Құнанбайұлы өзінің философиялық көзқарасында дүниенің, әлемнің
обьективтік заңдылығын мойындайды, дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпта
тұрмай бейне бір ағып жатқан судай әрекеттеніп, өзгеріп отырады деп таниды.
Бұл жөнінде Антик заманының ойшылы Гераклитпен пікірлес.
Қазақ қоғамдық ой-пікірлерінің тарихында рухани даму кезеңі деп
ағартушылық философия негіздерінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін
санауға болады. Қазақ тарихында философиялық ой-пікір саласында шыққан
ойшыл кайраткерлер шығармашылығы өз алдына бір кен. Оны білуге ұмтылмаған
жан, адам болмайды, хайуанға тең дер еди қазір Абай Құнанбайұлы.
Абай Құнанбайұлы өзі көріп, білген өмірден сопылық талғамнан көп бұйым
алады. Абай Құнанбайұлыдан қалған мұраның ішінде көп кезігетіні даусыз сын
айту, сопылық сарын айқын сезілетін сыртқы көркем әдебиет белгілері бар. Ол
сопылық сарыннан қосылған белгілер. Екінші, бұдан бөлек, ақынның өз тұлғасы
сияқты боп қалыптанған барлық әдебиет мұраларынан: бұтақша таралып өсіп,
жырыла шыққан тумалары тағы бар.
Қазіргі қарастыратынымыз сопылық ілімнің қазақ ортасындағы орны.
Көлденең тұрып көз жіберсең, бұл ақынның шығармалық еңбегі ұзын аққан ағын
су сияқты. Рухани танымдар легі адам жанын толық ететін мұсылиан
заңдылықтарын таныс етеді. Кейде тастақ, керіш арна мен көк шағыр мөлдір
сулы Ертіс басындай боп, кейде құмды сары топырақты еспе арнамен жылжып,
Сырдың аяғындай құла түсті боп ағады. Жолшыбай өзіне көп құятын әр түрлі
тың арналардың неше алуан суларын сіміре барып, әр жерде өзінен де кейде
көлшік, кейде өзен тармақ шығарып кете барады. Осы айтылған жағырапиялық
теңеу ақыннан қалған мұраның тарихи орын мәнін алсақ, көңілте қонымды,
үйлесімді теңеу сияқты көрінеді.
Барлық Абай Құнанбайұлы шығармалары мәдени тарихи тұрғыдан ой саналық
шекараларын жүлгелей жүріп жетілдіретін қазақ даласының бір ағыны сияқты.
Тағы бір теңеу, Абай Құнанбайұлы бала күнінде екі шешенің қолында қатар
тәрбиеленгендіктен жеңгелері Телғара деп атандырған екен. Шынында,
бұның ақындық өмірі де өзіндік, қазақтық қалпынан басқа жа-ңағыдай екі
жағадан қатар нәр алу арқылы бір әдеби Телғаралықпен ерекшеленіп туған
сияқтанады.
Әрине, бұған қарап Абай Құнанбайұлының өз пішіні — қазақ тұлғасы жоқ
демейміз. Жаға — жаға да, арна — арна. Ұлы арнасы мен жол арнасының түп-
түбімен шығып жатқан қайнар көздер — ақынның негізгі қазақтық тұлғасын
қүрайды. Екі анаға тел болуда екеуінен нәр алу болғанмен соны өзінше
қорқытып, өзінше сіңіріп пайдаланып отырып, бала дөнесі өседі.
Абай Құнанбайұлы адам жанындағы асыл касиеттің бірі еңбек [1, 2б]
-деген. Бұл тек өзінің кара басының қамын ғана күнттейтін еңбек емес,
пайдасы көпке тиетін еңбек деп біледі. Өзің үшін еңбек кылсаң, өзі үшін
оттаған хайуан боласың, әрекет ет, пайдасы көпке тисін [2, 8б] деген
пікірі тағы бар. К.Маркс осы мәселеде еңбек етуді бәрінен жоғары деп
білгені мәлім.
Абай Құнанбайұлы адамның ақылды, білімді болуы оның тумысынан емес,
айналадағы дүниені сөзіп, біліп, үйренуінен, еңбек етуінде. Біз жанымыздан
ғылым шығара алмаймыз [3,86б] – дейді.
Жаралап, жасалып қойған нәрселерді көзбен көріп, акылмен біліп,
сезбекпіз. Демек, Абай Құнанбайұлы білудің сезімдік және акылдық таным
арқылы болатынын құптайды. Бірак ол ақиқатты анықтаудың өлшемі акыл деп
есептейді: Ақыл сөзбен сенбеңіз, бір іске көз келсеңіз, ақсакал айтты, бай
айтты, кім болса, мейлі сол айтты, акылменен жеңсеніз. Акыл мидан, өлшеу
кыл [4,5б] деп танымдағы акыл ролін кетермелейді. Абай Құнанбайұлы
гуманистік көзқарасты насихаттаушы десекте боларлық. Ол адам атаулы
жаратылысында бірдей деп карады. Өзін өзгеден артық санайтындарды сөгіп,
Мені мен сен теңбе деп мақтанасың, білімсіздік белгісі ол баяғы дейді.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп Атаның баласы болма, адамның баласы
бол [5,21б] дейді. Ол жалпы адамзатты түгел сүюге және оларды тең көруге
үндейді.
Дүние бір қалыпта тұрмайды,
Адамның қуаты, өмірі бір қалыпта тұрмайды,
Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел,
Алдыңғы толқын -ағалар, артқы толқын інілер
[6,8б] - дейді.
Абай Құнанбайұлы өз кезінде қазақ қоғамының болмысына үңіле қарап,
адамгершілік мінез-кұлық формасын ұсынады: .Бес нәрседен қашық бол, бес
нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз Өсек, өтірік,мақтаншақ, еріншек, бекер
мал шашпақ - бес дүшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
ойлап қой, бес асыл іс көрсеңіз [7,4б] -деп әдептілік пен қайырымдылықты
дәріптейді.
Абай Құнанбайұлының ойынша елдің жақсы жаман болуының тетігі оның
ынтымақ-берекесіне байланысты. Ол Берекелі болса ел жағасы жайлау ол бір
көл, берекесіз болса ел-суы ашыған батпақ көл, [7,18б] -дейді. Абай
Құнанбайұлының байқауынша, ел еңбекпен көркейеді, елдің шырқын бұзатындар
еңбек етпейтін арамтамақтар, еңбексіз жатып ішу адам баласын аздырады:
Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын [7,12б] -дейді.
Абай Құнанбайұлы адамдарды осы дүниеде еңбек етіп өнер білім тауып, өз
тіршілігін оңалтып, рахат көруге насихаттайды. Халықты өнер-ғылым жолына
жұмылдырады. Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба, Болмасаң да
ұғып бақ, бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп айтпа ғылым
сүйсеңіз [8,3б] дейді. Дүние бір алып бір құрылыс, оған әрбір адам өз
үлесін қосу керек деп тұжырымдайды. Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң
арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан [7,14б] дейді.
Абай Құнанбайұлы ақыл -парасатты дәріптеп, ғылым мен ағарту идеяларын
насихаттады. Абай Құнанбайұлының философиялык ой-пікірінің әлеуметтік
маңызы мен алға басарлық мәні, міне осында.
Абай Құнанбайұлының философиялық көзқарасының мұрасында бір жүйеге
түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы философиялық шығармасы жоқ.
Дегенмен, Абай Құнанбайұлының көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында
адам мен адамгершілік, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар,
толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар
екені даусыз Абай Құнанбайұлы шығармаларын зерттеуге арналған еңбектер
жеткілікті болғанымен, оның философияның негізгі мәселелеріне байланысты
көзкарастары жөнінде әлі күнге дейін тиянақты пікір тұжырымдалған жан жоқ.
Ойшыл ақнның терең ойы мен дүиетанымының ішкі мазмұны ақырына дейін
ашылып, түсіндірілмей келеді. Бұған қоғамдық болмыстың өзекті мәселелері
жөніндегі оның көзқарасының курделілігі, жүйесіздігі, тіпті, кейде қарама-
қайшылықтары белгілі дәрежеде қиындық туғызды. Абай Құнанбайұлы
шығармашылығын зерттеудің алғашқы көзеңінде, жиырмасыншы және отызыншы
жылдарда ақынның идеялық мұрасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, Абай
Құнанбайұлы философиясын руханилық басым. Әдеттегі идеалистік философия
көптің қолдауына ие болады.
Қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен замандардағы жазба ескерткіштерінен
сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр мұсылмандық мәдениетке ұласып
жаңа келбет алғанын Абай Құнанбайұлы шығармаларынан көреміз. Ежелгі және
орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармаларына назар аудару да өз
жемісін берді. М. Әуезов идеялық бағытта бір-бірімен табиғи ұштасып,
жалғасып кететіндігін айта келіп, Абай Құнанбайұлы дәуірі үшін орыс
классиктерінің шығармаларымен таныстықтың маңызы да зор болғанын атайды.
Қазақстандағы қоғамдык ойдың болашақта жандана түсуіне Абай жолының
қаншалықты маңызды екенін білгеніміз жөн екенін атап көрсетті.
Ғалым Абай Құнанбайұлының орыс әдебиетінен аударған шығармаларының
идеяларына жете назар аудара білді және ықпал етті деген қарапайым
түсініктерді еске алумен ғана дәлелдемек болған жеңіл-желпі, қара дүрсін
пікірлерге қарсы шықты. Ол Абай Құнанбайұлы шығармашылығының өткен заман
ойшылдарының теориялық мұраларымен байланысын анықтайтын мәселелердің тым
тапшы зерттелгеніне өкініш білдірді.
Абай Құнанбайұлының орыс әдебиетіне ғана емес, сонымен катар
адамзаттың бүкіл рухани мәдениетіне катынасын түтастай даму үстінде: орыс
және казақ халқының байланыстарын сол көзеңнің мазмұнын анықтайтын саяси
оқиғалармен тығыз органикалық байланыста қарастыратынының [9,54б]
методологиялық маңызы аса зор.
Өз заманының ғұламасы болған Абай Құнанбайұлы көптеген орыс
жазушылары мен философтарының, әсіресе, А. С. Пушкиннің, М. Ю.
Лермонтовтың, И. А. Крыловтың, В. Г. Белинскийдің, А. И. Герценнің, Н. Г.
Чернышевскийдің, Н. А. Добролюбовтың шығармаларын оқып, зерттеді, орыс
революциялық, демократтарының озық ойы оның дүниетанымының қалыптасуына
үлкен ықпал етті. Ойшыл-ақын ежелгі заман философтары Сократ, Платон,
Аристотель, соңдай-ақ, Шығыстың үлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен де жақсы
таныс болды; Батыс Европа философиясын,дәлірек айтқанда Р. Декарт, Б.
Спиноза, Г. Спенсер, Л. Фейербах еңбектерін оқыды:... өэінің рационалдық
философиясын Абай Құнанбайұлы көздейсоқ жасай салған жоқ, алдымен осыңдай
бай школалардың оқуынан өтіп алып, сөйтіп, бұларды озінің творчестволық
өңдеуінен өткізген соң ғана жасай алды.
Абай Құнанбайұлы философиясының мазмұнын барынша толық ашу үшін оның
шығармаларының шығыс, орыс және дүниежүзілік философияның мәдениетімен
байланысын мейлінше терең зерттеу қажет, ал бұл әлі жеткілікті деңгейде
қолға алынбаған нәрсе деп мойыңдайды. Абай Құнанбайұлы дүниетанымының
бағыттарын зерттеуге Әуезов елеулі үлес қосты. Ол Абай Құнанбайұлының
көптеген өлеңдерін салыстыра зерттеу арқылы ойшылдар пікірлеріндегі
сабақтастыққа мән берді.
Абай Құнанбайұлы философиясында рационализм мен демократизм рухындағы
өзініңең ең басты идеялык, үстазы және тәрбиешісі болған Чернышевский
көзкарастарының негізін терең түсіне білді. Ойшыл-ақын оның әр түрлі филос.
жүйелерге сын көзбен карап, қорытынды жасайтын енбектері арқылы
Демокриттен бастап Фейербахқа дейінгі Батыс Европа философиясымен
танысты.
Абай Құнанбайұлы табиғаттың объективті шындығын, әлемнің адамдар
еркінен, қалауынан және санасынан тыс өмір сүретінін мойындайды. Ол әлемнің
пайда болуы мәселесін дүние әрбір бір турлі кереққе бола жаратылып және
бір-біріне себеппен байланыстырылып, пенденің ақылына өлшеу бермейтұғын
көркем законға қаратылып жаратылды, [10,43б] - деп түсінген.
Атомистиканың көне заманнан бері материалистік дүниетанымының негізі
саналғаны белгілі. Абай Құнанбайұлы тұжырымдарына қарағанда оның осы
іліммен, сондай-ақ, атомизмнің дамуына зор ұлес қосқан М. В. Ломоносов, А.
М. Бутлеров, Д. И. Менделеев еңбектерімен таныс болған анық. Ойшылдың
пікірінше табиғатта бәрі де объективті түрде емір суреді, барлығы да
белгілі бір заңдылыққа сай және соған бағынады. Сондықтан да ақын
себептілік байланысты, әрбір істің себебін тани білу қажет деп есептейді.
Абай Құнанбайұлының дүниетанымындағы айналадағы коршаған әлемнің
объективті шындығы таным барысын құдайға сенумен және жанның
өлмейтіндігімен ұштастыра карастыратын көзқарасы қарама-қайшылыкта және
күрделі болып келеді.
Мекке мен Мәдине жолдың ұшы,
Алыс сапар дейді ғой барған кісі.
Ата менен Анаңды құрметтесең,
Мекке болып табылар үйдің іші [11,37б].
Көрдіңізбе, әйгілі Шал ақын айтқан осы төрт шумақтың өзі қаншалықты
терең мағыналы сопылық ұстанымның бет пердесін ашқанымен, халыққа түсінікті
қарапайым мысалдармен түсіндірілген. Этикалық құндылықтарды халық танымына
негіздеген философиялық ойлардың түбінде сопылық ілімнің жатқаны айқын.
Өйткені, Шал ақын мегзеген ойдың түйінін шешу “алланы мешіттен емес, өз
жүрегінен тапқан сопының” іс-әрекетін көз алдымызға алып келеді.
Абай Құнанбайұлы адамды табиғаттың бір бөлігі деп санап, имандылық
қасиеттерін өмір жағдайлары, дәуір калыптастырады деп есептейді. ал
объективті дүиенің кұбылыстары адам басында сәулеленеді де, оның психикалық
қызметінен көрініс табады. Адам мәселесін Абай Құнанбайұлы әр түрлі:
философиялық,биологиялық, психологиялық, эстетикалық және әсіресе,
этикалық, көзқарастан қарастырған.
Абай Құнанбайұлының адам туралы негізгі тұжырымдары Чернышевскийдің
Философиядағы антропологиялық принцип деген еңбегінде айтылатын ойлармен
ұштасады.Чернышевскийдің түсіндірүінше болмыс бірыңғай болған жағдайда
адам басынан екі түрлі: материалдық (адам танақ ішеді, ұйықтайды, жүреді)
және адамгершілік тұрғыдағы (адам ойлайды, сөзеді, калайды) қубылыстарды
байқаймыз. Абай Құнанбайұлы Жетінші сөзінде. Жас бала анадан туғанда екі
түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, үйықстасам деп түрады ..
Біреуі білсем екен демеклік... Дүниенің көрінен Һәм жерінбеген сырын
түгелдеп, ең болмаса денелеп біпмесе, адамдықтың орны болмыйды -дейді
ойшыл.
Обьективті шындықты тануға деген бұл құмарлықты ақын адамның ең
жоғарғы талабы деп біледі. Абай Құнанбайұлы адамның касиеті туралы ойын
өрістете келіп Адам баласы екі нәрсеменен бірі-тән, бірі-жан. Ол екеуі
орталарында болған нәрселердің кайсысы жибили, кайсысы кәсиби-оны білмек
керек [12,4б].
Абай Құнанбайұлы дуализмге жол берді деген ой қате Өйткені ол сыншыл
философ болып қала бермек. Ақиқатында Абай Құнанбайұлы да Чернышевский
сияқты адам бойындағы заттык және рухани бастауларының бірлігін, адамның
тұтастығын айкынырақ ашып көрсетуді мақсат етті. Ақын орыс ойшылдарының
еңбектері мен өз колына тұскен жаратылыстану ғылымының деректері негізінде
табиғатқа материалистік монизм тұрғысынан карап, адамның рухани қызметін
оның дене еңбегінен бөліп алу дұрыс емес деп есептеді. Ал, бұл бір-біріне
тәуелсіз материалистік және идеалистік, жеке дара екі бастауды мойындаудан
келіп шығатын дуализмге тубірімен қайшы нәрсе. Герцен жазғандай дуализмнің
ең басты принциптері ... шын мәнісіңде бөлуге болмайтын нәрсені - мысалға,
дене мен рухты - жасанды қарама-қарсылықтарға бөлу болып табылады, бұл
дерексізденулерді бір-біріне қастықпен карсы қою және мызғымастай болып
біріккен нәрселерді жасанды жолмен елшеу [13,69б].
М. Әуезовтің Шәкәрім жөнінде айтқан мына бір салиқалы пікірі ойға
оралады: Абайдың дәл өз тұсын-да, өз дөуірінде еңбек еткен ақындар төртеу.
Оның екеуі Ақылбай, Мағауия - Абайдың балалары. Қалған екеуі - Көкбай,
Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың нағыз толық мағынасындағы шәкірттері.
Абайдан аталық, ағалық, ұстаздық тәрбие алудан басқа, оның өлең мен
қара сездерін оқушы әрі таратушы, бағалаушы, тұтынушы болудан басқа, бұлар
Абай басшылығымен өз жандарынан жырлар да жазған... Абай оларға тақырып
беріп, өлеңдерін сынайды, түзейді, қалай түзетудің жолын айтады. Дәлін
айтқанда, мыналар Абайдың ақын-шәкірттері есепті де, Абай алды оларға
жазушының мектебі сияқты болады Абайдың дүниетанымы да жаратылған
болмыс атаулыдан мән іздеуімен ерекшеленеді.
Абайдың танымның іс жүзіндегі маңызына баса көңіл бөлуі оның
гносеологиялық тұжырымының өзіндік ерекшелігі болып табылады. Ол дерексіз
шындық жоқ, өйткені, шыңдық қашанда нақты деген сенімде болды. Іс жұзінде
колдану - практика мәселесін саналы түрде алға қойып, оны танымды жүзеге
асырудың бірден-бір жолы деп есептеді. Танымның мақсаты — оның іс жузіндегі
пайдасында, өз талаптарын қанағаттандыратын адам қуатын арттыратындығыңда
деп тусіндіреді ойшыл ақын. Адамның әлемді тану жолындағы тәжірибенің
атқаратын қызметі, оның табиғатын, өзара катынасы туралы талдау жасағанда
Абай тәжірибені шындық пен білімнің айқындаушы белгісі деп қарайтын
гносеол. орыс философиясының қол жеткізген табыстарына сүйенеді.
Абай сананы, өз рухын адам надаңдықка карсы күресте, қажырлы еңбек
аркылы үнемі нығайтып отыруы керек деп есептейді. Бір жағынан сана
ерікпен бірігуі кажет, екінші жағынан – сана мен еңбек әркашаңда бір
жерден көрінуі керек. Ары таза, енбекқор, білімді адамдар ұшін табиғат
қупияларын танудың шегі жоқ. Ақын білімді адам қубылыстар мен заттардың
өзінен бурыңғы беймәлім жаңа қырлары мен қасиеттерін тануға кең мүмкіндік
алатынын атап көрсетеді.Абай "Ойланшы,сыртын қойып, сөздің ішін, деген
өлеңінде әлемнің, адамның, істің, өмірдің, сөздің, жаратылған барлық
болмыстардың мәніне, түпнегізіне үңіледі. Яғни, Абай ілімі бойынша танымның
объектісі - жүрек. Бүл туралы, "Халиққа махлук ақылы жете алмайды, ақылмен,
оймен білген нәрсенің бәрі- дәһрі" -деп, ол танымдық негізін ислам
философиясының эпистемиологиялық үстанымынан алады.
Акыл - шектеулі, Алла-шексіздік, олай болса, шексіздіктің сырын
шектеулі ақыл қуатымен біле алмаймыз. Дегенмен, Алла адамньщ кеудесіндегі
қалбке сыйып кетеді. Өйткені, Абайдың "адамның хикмет кеудесі" түсінігі
Шәкәрімнің Нұрыңмен жарық жүрегім, А.Ясауидің хәл іліміндегі
қүдайлық танымға (мағрифатуллаһ) негізделген. Демек, оның құдайлық танымы
-сопылык дүниетаным категориялары мен түсініктерінің тарихи даму
процестерімен түтастықта өрбиді.
Абай адамдарды осы дүниеде еңбек етіп өнер білім тауып, өз тіршілігін
оңалтып, рахат көруге насихаттайды. Халықты өнер-ғылым жолына жұмылдырады.
Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба, Болмасаң да ұғып бақ, бір
ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп айтпа ғылым сүйсеңіз дейді. Дүние
бір алып бір құрылыс, оған әрбір адам өз үлесін қосу керек деп
тұжырымдайды. Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір
кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан дейді. Абай ақыл -парасатты
дәріптеп, ғылым мен ағарту идеяларын насихаттады. Абайдың философиялык ой-
пікірінің әлеуметтік маңызы мен алға басарлық мәні, міне осында.
Абай қазақ тілін рухани жаңғыртып, тазалығы мен тұнықтығын паш
еткен. Фарабимен аралыктағы уақыт кеңістігіне және еңбектерінаудармадан
пайдалануымызға байланысты белгілі бір қиындықтар туары анық. Себебі
аудармалар жасалған уақыттың қоғамдық саяси - йдеологиялық ой-пікірлері,
аудармашылардың дүниетанымдық көзкарастары сияқты көптеген сыртқы
факторлардың аудармаға өз табын түсірері анық.
Абайдың философиялық көзқарасының мұрасында бір жүйеге түсірілген
көзқарасын тұжырымдайтын арнайы философиялық шығармасы жоқ. Дегенмен,
Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында адам мен
адамгершілік, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып
жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені
даусыз Абай шығармаларын зерттеуге арналған еңбектер жеткілікті
болғанымен, оның философияның негізгі мәселелеріне байланысты көзкарастары
жөнінде әлі күнге дейін тиянақты пікір тұжырымдалған жан жоқ.
Ойшыл ақнның терең ойы мен дүиетанымының ішкі мазмұны ақырына дейін
ашылып, түсіндірілмей келеді. Бұған қоғамдық болмыстың өзекті мәселелері
жөніндегі оның көзқарасының курделілігі, жүйесіздігі, тіпті, кейде қарама-
қайшылықтары белгілі дәрежеде қиындық туғызды. Абай шығармашылығын
зерттеудің алғашқы көзеңінде, 20-30 жылдарда ақынның идеялық мұрасы қызу
айтыстар тақырыбына айналды, Абай философиясын діншілдігі басым әдеттегі
идеалистік философияның жамап-жасқаған бір түрі деп дәлелдемек болушылар да
табылды.
Абай: "Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған
болмас" немесе Оның Бар және Бір екендігі туралы "Көңілге шек, шүбәлі ой
алмаймын"-деп, ислам дінінің имандылық түғыры мен шартына берік
екендігін баса көрсетеді. Бүл - А.Ясауидің іліміндегі шариғат макамы.
Бірақ, Абайдай хакимнің дін-иман арқылы берілген қүдайлык таным шеңберінде
калуы мүмкін емес-ті. Ол үшін жан қүмарлығының талабын
канағаттандыратын рухани тыныштыққа жету басты мақсат. Сондықтан
Абай, "Ақылдың жетпегені арман емес, күмарсыз қүр мүлгуге тоя алмаймын",
"Және оған кайтпақсьщ, Оны ойламай, өзге мақсат ақылға тола ма екен?- деп,
адамдарға "қүмарсыз, күр мүлгіп" иіліп-бүгіліп, күлшылық парызын атқарып
жүргендерден басқа бағытты меңзейді. Абайдың түсінігінде қүдайлық танымға
ақыл жеткізбесе де "терең ой" (тафаккур) арқылы талаптануға болады. Терең
ой - адамды кемелділікке жетелейтін сопылық дүниетанымдағы негізгі
үстанымдардың бірі.
Алланың затын (субстанциясын) толық тану мүмкін емес. Бірақ, Тәңірдің
"Бір" және "Бар" екенін Оньщ сипаттары аркылы анықтап, ақылмен қабылдай
аламыз. Өлшеулімен "Өлшеусізді" білуте болмайды, - дейді. Оның: "Бір",
"Бар" деуіміздің өзі "ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз:
Болмаса ол "Бір" демеклік те Алла тағалаға лайықты келмейді. Сондықтан
жаратылған әлемнің ішіндегі болмыстар - "құдайлық бірліктен" қүтылмайды.
Яғни, әрбір "жаратылған болмыс" үшін берілген анықтамалар Ұлы Жаратушы
болмыс үшін жарамайды. Алланың заты ешбір сипатқа мүқтаж емес. Бүл сипаттар
Алланы тану, яғни мағрифатуллахқа (Тәңір туралы таным) жету үшін адам
ақылына сай рационализацияланған сипаттық анықтамалар.
Ғалам - Тәңірдің "болмысын" және әлемдегі жүйелілік, үндестік,
үйлесімділік пен кемел тәртіп арқылы "Тәңірдің бірлігін" көрсетеді,ал,
сопылық дүниетанымда адам онсызда Тәңірдің "ғылым" сипатының көрінісі де,
әлем Тәңірдің "қүдірет" сипатының обьектісі екендігі мәлім. Олар Тәңірдің
Йузи, яғни Дидарын аңсаушы Йасауи, Хаким Ата, Сопы Аллаяр, Фузули, Шәмси,
Сайхали, Науаи, Сағди, Фирдоуси сияқты т.б. мүсылман-түрік шайырларының
жолы. Мұсылман философиясы қазақ үшін дүниежүзілік діннен ұлттық дінге
айналып келетін сияқты.
Дүниежүзілік ұлттық сипатын анықтап, қазақ үшін ұлттық дін ретінде
қаралады. Қазақ топырағында мұсылман діні қарлұқтар кезінде мемлекеттік дін
ретінде тіршілік ете бастады. Бұл анық. Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда.
Бұл үлкен територия. Яғни, протоқазақтар мемлекеттік дін ретінде
қабылдаған. Бұл аз уақыт емес. Қазақ шала мұсылман деген қағидаға қарсы
және дәлелді ой. Одан кейін қараханидтер, Алтын Орда, әр кезеңде қайталанып
мемлеккеттік діндік жаңа бір сипат алады. Сондықтан мемлекеттік дін ретінде
сақтала береді, сопылық күшейе береді, тағы да өзгешеліктер туындап
отырады.
Қазіргі таңда ахлақ мәселесі және адам бойындағы рухани қасиеттерді
жетілдіру мәселесі маңызды болып отыр. Рухани тәрбие бастауы жастарға
имандылық пен шариғат заңдарындағы адамгершілік принциптерінде. Түрлі
ағымдардың ықпалына түсуден жастарды бөліп, аларлық қасиет Ясауийа ілімінде
жатыр. Және де егемен Қазақстанның рухани тамырлары Түркістанда десек
қателеспейміз.

1.2 Абай Құнанбайұлы философиясындағы сопылық таным

Абай Құнанбайұлы әлемді тануға болатындығын мойындап, болмыс пен
сананың шегін ажыратуға болмайтындығына тоқталған. Бір бүтіннің бөлшектері
ретіде адам мен алланың тұтастығы туралы айқын тұжырымдар жасап, сопылық
ілімдегі толық адамның үздіксіз дамуының нәтижесі екенін дәлелдейді.
Әлемнің тұтастығы туралы мәселе философия тарихындағы ең күрделі
такырыптардың бірі екені белгілі. Абай Құнанбайұлы мұны сопылық ілім
аясында шеше білді. Өйткені өзінше объективті өмір сүретін әлемнің
материалдық тұтастығы немесе мифологиялық дәстүрлі көзқарастарды теріс
көріп, исламдық таным аясындағы сопылыққа мән берді.
Бір демеклік... алла тағалаға лайықты келмейді. Оның үшін - деп
жазды. Абай Құнанбайұлы, - мүмкинаттың (болуы мүмкін нәрселер) ішінде не
нәрсенің үждуі (бар болу, бар болушылық) бар болса, ол бірліктен
кутылмайды [14,6-61бб].
Өмір мәні. тірішілік заңдылықтары, қоғам мен адам арасындағы кат-қабат
қайшылықтар. адамның ішкі дүниесіндегі даму, өсу, өрбу мен кері кету
процестері Абай Құнанбайұлы поэзиясының ең бір өзекті такырыптары.
Табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті поэзиясына арқау еткен Абай
Құнанбайұлы дүниетанымы адамның ой-санасының, рухани тұғыр екенін айқындап
таныта білді. Осы үрдіс қазақ поэзиясында адам болмысын көркемдеудің тамаша
үлгісі, өзіндік мәнер, машығын ақынның жүйелі ойын, дара түлғасын, өзіндік
қолтаңбасын айқындайды.
Өлең өлшемі мен айшық, кестесін танымдық жүйемен астастырып поэтикалы
бейнелі суреттеме жасауда түр мен мазмұндық бірлігі тұтастай поэзия әлеміне
әдемі өрнек пен жаңаша ойлау дүниесін әкелді. Өлең өрнегіндегі сүлу да,
әсерлі қолданыстар, логикалык. дәлдік пен ойлау, тұжырым жасауда ақындық
болмыс пен дүниетаным ерекшелігі көрінеді. Өлең өнерінің сыр, сымбатын,
айшығы мен мазмұнын бірлікте ұстап көркемдеуде ақынның "сырлы сөзім сырды
ашты" деген ойлы да. әуезді де, мазмұнды оралымы ақынның поэтикасының
ерекшелігін танытатын дүниелер. Осы тараптан ақынның поэма жанрында да
қазақ әдебиетіне, поэзиясына комақты туындылар әкелгені сөзсіз.
Академик Зәки Ахметов Абай Құнанбайұлының поэмаларын бағалай келіп,
мынандай ой айтады: "Абай Құнанбайұлынің адамгершілік идеялары, арман-
мұраттары алуан тұрлі адамдардың тағдырын бейнелейтін сюжетті дастандарынан
мейлінше толық танылады. Қазақ өмірінен алынған нақтылы оқиғалар негізінде,
нағыз реалистік сипаттағы поэма жазуы ақынның ұлттық әдебиетімізге қосқан
үлкен үлесі екені даусыз. Осы поэмаларда баяндалып тұрған оқиғалар бір-екі
ғасыр бұрын болса да, ақынның заманындағы қазақ өмірінде әлі де кеңінен
орын алған типтік жай-жағдайлар болатын"
Кеңестік жүйеге негізделген әдебиетте, оның ішінде қазақ әдебиетінде
Абай Құнанбайұлының мұраларын тануға, олардың халық игілігіне айналдыруға
мүмкімдік жоқ болатын. Міне, осы кезеңнің шындығын ғалым көрсетіп отыр.
Сопылықта әлемге қатысты анықтамалардың, метафизикалық немесе
философиялық ой толғау үшін қолданылмағандығын көреміз. Сопылық
дүниетанымның ондай мақсаты да жоқ. Бүл қажеттілік, әрине, адамның
табиғатынан туындайды. Өйткені адам кез келген мәселеде алдымен ақыл
таразысымен әрекет етеді яғни, танымға ұласудың рационалдық-теориялық әдісі
мен анықтамасын және мәліметтерді қажет етеді., Негізінен, сопылық
философияның жүйелі тұрде қалыптасуының себебі де осы қүбылысқа тіреледі.
Бірақ сопылар, философиялық анықтамаларды тек қажеттілік түрғысынан ғана
қолданған десек, қателесеміз.

Насафи: "Адамның тұрағы физикалық әлем емес, яғни бұл дүние емес. Біз
жолаушылармыз. Сондықтан өткінші дүниеде ешкімнің көңілін қалдырма, жүрегін
жаралама, қолыңнан келсе адамның көңіліне медеу болатын, бақыт сыйлайтын
қам жаса, дүние нығметтеріне алданып, мал-мүлік, атақ-тақ іздеу надандық"-
дейді. Дегенмен, бүл әлем өткінші болса да, яғни жалған дүниеде алдансақ та
алданбасақ та бұл әлемге мұқтажбыз.
Адамның өзін-өзі зерттеп, әлемді танып, Тәңірге үмтылуының бәрі -
адамдық қалыпты сақтап, өзінің мәніне жетіп, бүл әлемде "алданған -
алданбағандығын" әрдайым бақылап отыруы керектігін ескерту болып табылады.
Оның ойынша, көкірегінде нүры бар адам баянсыз, түрақсыз әлемнің мал-
атағына көңіл бөлмейтінін Абай Құнанбайұлы дұрыс баға бере алды.
Абай Құнанбайұлы ешқашан тура мағынасында әлемді - бүл дүниені жоққа
шығармаған. Керісінше, әлем рухыңды түзеудің, тәрбиелеудің,
кемелдендірудің кеңістігі, ал оның уақыты -табиғи өлімге қауышқанға дейінгі
кезең. Әлемді сопылар "қараңғы дүние" деп те атайды. Алланың нұры
көрінбейінше, қараңғы дүниенің зұлмат екендігін тани алмайсың. Ал, Алланың
дидарына қауышқан адам үшін бұл "қараңғы дүние" жүмакқа айналады.
Негізінен, Алланың нұрын адам өлген соң көруі мүмкін. Олай болса, бүл
дүниенің зұлмат екендігін адам ешқашан тани алмайды деген сөз. Ал, сопылык
дүниетанымда адам Тәңірдің нүрын осы әлемде көруді мақсат етеді. Абай
Құнанбайұлы үшін бұл дүние өте маңызды, Өйткені, бұл дүние - құдайлық
сырды, Оның хикметі мен өзінің жаратылыс хикметін сезетін, адамдық мәні мен
сырын танитын сынақ әлемі және Тәңірді тану кеңістігі болып табылады.
Сопылардың мақсаты о дүниеде Тәңірдің нүрына, дидарына қауышу емес,
осы дүниеде "өлмес бүрын өлу" аркылы яғни, моральдық еркіндік пен рухани
арылу арқылы Тәңірдің дидарын көру. Тәңірдің "дидары, жамалы" - бүлар
Тәңірдің сүлулығын, көркемдігін білдіретін сипаттар. Ал, адамның адамдық
сипаты оның ахлақи-моральдық құндылықтар мен сипаттармен сомдалуы деген
сөз. Сопылардың Тәңірдің дидарын осы дүниеде көруге деген құштарлығы -
олардың осы дүниеде адамдық мәннің үстемдік құруын көксеуінен туған мүрат.
Бұл да Абай Құнанбайұлы ілімінің талабы - рухтың тазаруы ұстанымы болып
табылады.
Әлемнің тұтастығы туралы тұжырымдарында Абай Құнанбайұлы
Чернышевскийдің Философиядағы антропологиялық принцип деген еңбегінде
жасалған философиялық талдауларға қорытынды анализ жасайды. Абай
Құнанбайұлы әлемнің тутастығы тұрғысында сопылық танымнан алшақ кетпей,
құдай жалғыз деп дәлелдейтін діни қағиданың астарындағы адаам оның
нұрынан түзіліп бірлікке барады деген идеясын қуаттайды. Бұл туралы: Біз
алла тағала бір дейміз, бар дейміз, ол бір демеклік ақылымызға
уғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз, [7,8б]-деп жазды.
Ол өзінің өзі жасаушысы және себепкері болып табылатын Алланы ғана
өмір сүреді деген ұғымды мойыңдады. Бұл ғылым қудірет... көзге көрілген,
көңілге сөзілген ғаламды кандай хикметпен жарастырып, кандай қудіретпен
орналастырған... адам пендесінде ақыл-хұкімші қайрат, куат қызмет қылушы
еді. Соған қарап ойлайсың: алла тағаланың сипатында солай болмаққа тиіс,
[7,22б]- деп, Абай Құнанбайұлы адамды аллаға теңестіру арқылы объективті
шындыктын, яғни, Алланың өзіне-өзі себеп болатынын, оның барлық заттардың
мәні мен болмысының себепшісі болып табылатынын, өз болмысы үшін
ешқайсысына тәуелді еместігін атап көрсетті.
Адамды Аллаға теңеп, кұдайға адам кейпін бергенде Абай Құнанбайұлы,
сөз жоқ, сопылық философиясының өкілдерінің тұжырымдарын негізге алған.
Ойшыл-ақын олардың негізгі пікірлерімен ең алдымен А.Ясауи шығармасы
арқылы танысқан. Сопылық ойшылы өз еңбектерінде ислам діні заңдылықтарының
мәнін жан-жақты баяндап қана қоймай, сонымен қатар одан ілгері кетті, ал
бірқатар мәселелер бойынша оның дуниетанымындағы шектеулілік бағыттарынан
асып тусті. А.Ясауи құдай туралы түсініктер арасындағы жетілген тұлға
мәселесінің негіздерін ашып, қудай идеяларының мазмуны тіршілік иесіне өз
болмысы арқылы танылды, абсолюттеңдірілген адамның мәні көрсетліп берілді.
Құдай дегеніңіз, —деп жазды ол, - басқа ештеңе де емес, адамның о
бастағы, арман еткен адам: құдай қандай болса, адам да сондай болуы керек,
сондай болғанын қалайды немесе тым кұрымаса бір көзде сондай болғанын
қалайды [15,6б]. Фейербах табиғат себебін сол табиғаттың өзінен іздеу
керек екендігін дәлелдеді. Табиғат... өзіне өзі себепші [16,52б], - деп
қайталады ол Спинозадан соң. Адамның құдай туралы айтқаңдарының барлығы да
ісжүзінде оның өзі жайлы айтқандары болып табылады.. Адам құдай және сол
арқылы тек өзін ғана іздейді... Сөйтіп, адамның кұдай санап отърған
объектісі тек өз қызметі ғана болып табылады.
Абай Құнанбайұлы А.Ясауи танымын жетік білумен қатар сопылықтың басқа
да көрнекті өкілдерінің шығармаларымен танысқан. Ол табиғат нағыз
жасампаз, құдірет адам сиякты [17,47б] деп жазғанда А.Ясауиді оқып қана
қоймай, зер сала зерттегені, оның ойларының ықпалында болғаны байкалады.
Бірқатар зерттеушілер, нақтырақ айтканда Қ. Бейсембиев Абай
Құнанбайұлыды пантеист деп есептейді. Егер ақынның өзінің нақты түр
хақындағы ойларын ортаға салатын Ғақлияларының мазмунына үңілетін болсак,
онда оның дүниетанымындағы анти-клерикалдық сәттер жайлы айтқанымыз
анағұрлым дурыс болар еді. Ойшыл-ақын адамдарды қүдайға сенуге ундемейді.
Бірінші сөзінде: Ал. енді калған өмірімізді кайтіп, не қылып өткіземіз?. -
Софылық қылып, дін бағу? -деп сурақ қойып аладыда, оған: Жоқ... не
көңілде, не көрген күніңде бір тыныштык; жоқ, осы елде, осы жерде не қылған
софылық! -деп, оның жөні келмейтінін айтады.
Абай Құнанбайұлы адам сенімін арттыратын нәрсе - білім, кажырлы еңбек,
табиғат қүпиясын ашу деп білді. Ол адам бойындағы жасампаздық қасиеттерге
керемет сенім білдіріп, ол алла бейнесінің көрінісі, адамдар сол үшін
ғылым мен білімді игеру міндетті деп есептеді. Сол жолда кубылыстық мәнін
тусінуге, өзі мен әлемді уғынуға, тіпті, алланың өзінің де табиғатын
тануға умтылуы кажет.
Абай Құнанбайұлының бұл үңдеүі ислам дінінің негізгі кағидаларын білім
тұтастығында қарағанын аңғартады. Өйткені, Құранда жазылғандай алла шексіз,
ал адам санасы шектеулі жаратылған білім тәңіріні тану жолын аңғартады.
Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дұниеден ешнәрсені оларсыз біліп
болмайды... Бұлардың емі, халқына махаббат, халық ғаламға шапағат,
кайратты, тұрлаулы, ғадалат ісінің алды-артын байқарлык білімі, ғылымы
болсын... - деп, Абай Құнанбайұлы білімді, ғылыми шындықты діни
қағидалардан жоғары қояды. Егер теологтар дін негіздері мәңгілік,
мызғымайды, ал адамның тумысында діни сезім болады деп дәлелдеуге ұмтылса,
Абай Құнанбайұлы мүны теріске шығарып, діннің тарихи жолмен калыптасқанын
атап керсетті. Осыған байланысты Абай Құнанбайұлының ... Қазақ... Һәмманы
жаратқан құдай бар, ахиретте сұрау алады, жамандыққа жазғырады, жақсылыққа
жарылқайды... деп – бәріне сендік дейді... Олар сендім десе де, анык
ақиқат [18,2б].
Абай мұрасының жалпы суфизмге, оның ішінде Яссауидің сопылық
танымымен қарым-қатынасы жайлы мәселе абайтанудың жүз жылдық тарихында
тікелей де, жанама түрде де сөз болып пікір айтылған емес. Абайдың әдеби
мұрасының рухани нәр алған көздерінің бір саласы ретінде Шығыстың рухани
қазына көздері деген ұғым ғылыми тұрғыдан танылып мойындалса да, бұл
саланың арнайы зерттеу нысанасына алынып меңгерілуіне әр қилы жасанды саяси-
әлеуметтік тосқауылдар болып келді.
Абайдың әдеби мұрасының Шығыстың рухани қазына көздерімен
байланысын, яғни араб, иран классиктерімен қарым-қатынасын космополитизм
дақпыртымен құстаналап жатқанда, Абай мұрасының суфизмге ара қатынасын сөз
ету, ол жайында келелі пікір білдіру қызыл шоқты жалаң аяқ басудың өзі
болып шығатын еді. Саяси-идеологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғ.ЕСІМНІҢ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДА АЛАР ОРНЫ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ
Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің педагогикалық сарыны
Абай өлеңдеріндегі антонимдік жұптар
Көркем шығарма бойынша оқушылармен пікір алмасу
Абай мұрасындағы әйел бейнесі
Ұлылардың рухани үндестігі: Абай, Пушкин, Гёте
Абай Құнанбаев және ХХІ ғасырдағы Қазақстан
Абай Құнанбаев (1845-1904) өмір тарихы
Абай қарасөздерінің зерттелуі
Әдебиеттанудың негізгі салаларын сипаттау
Пәндер