Топырақ туралы түсінік, топырақтану ғылымы


СОДЕРЖАНИЕ

КІРІСПЕ3

ТОПЫРАҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, ТОПЫРАҚТАНУ ҒЫЛЫМЫ3

ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ3

Василий Васильевич Докучаев (1846-1903) . 9

Топырақтану ғылымының негізін салушы ғалым9

1 БӨЛІМ11

ТОПЫРАҚТАНУ НЕГІЗДЕРІ11

1 -тарау. ТОПЫРАҚТЫҢ ТҮЗІЛУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМЫ11

1. 1. Топырақтың түзілуі11

1. 2. Топырақ түзуші факторлар13

1. 3. Топырақ түзілуінің материалдық негіздері16

1. 4. Топырақтың фазалық құрамы19

1. 5. Топырақтың минералдық құрамы19

1. 6. Топырақтың органикалық бөлігі22

1. 7. Топырақ ылғалы24

1. 8. Топырақ ауасы25

1. 9. Топырақтың тірі бөлігі25

1. 10. Топырақтың механикалық құрамы29

1. 11. Топырақтың химиялық құрамы30

2-тарау. ТОПЫРАҚТЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ32

2. 1. Топырақтың морфологиясы32

2. 2. Топырақтың физикалық қасиеттері34

2. 3. Топырақтың сіңіру қасиеті37

2. 4. Топырақ ортасының реакциясы39

2. 5. Топырақтың радиоактивтігі40

2. 6. Топырақ құнарлылығы43

2. 7. Топырақ сапалылығы (бонитировкасы) және жерді бағалау. 46

2. 8. Топырақтарды классификациялау (жүйелеп жіктеу) 48

3. 4. Топырақты географиялық аудандастыру50

4-тарау. ТМД ЕЛДЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ТОПЫРАҚТАРЫ53

4. 1. Зоналық топырақтар53

4. 2. Зонааралық (интразоналық) топырақтар62

4. 3. Зонасыз топырақтар66

III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН ТОПЫРАҚТАРЫ66

5-тарау. ҚАЗАҚСТАН ТОПЫРАҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ66

5. 1. Жазық территориялардың топырақтары66

5. 2. Таулы алқаптың топырақтары70

5. 3. Қазақстан топырақтарын пайдалану жолдары71

5. 4. Қазақстан топырақтарының экологиясы78

5. 5. Қазақстан топырақтарын мелиорациялау мәселелері81

5. 6. Қазақстанның суармалы егіншілігі83

5. 7. Сортаңданған жерлерді игеру89

5. 8. Егіншіліктің ауыспалы жүйесін қолдану және топырақты эрозиядан қорғау91

5. 9. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру94

5. 10. Топырақты тыңайту мәселелері96

5. 11. Қазақстанда топырақты бағалау жұмыстары98

IV БӨЛІМ. ӘЛЕМНІҢ ЖЕР ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАР ҚАНША ХАЛЫҚТЫ АСЫРАЙДЫ100

Ескеретін жағдай "экологиясы" деген сөзге оқырмандардан әзірше аса терең емес, шартты түрде мән беруді өтінеміз. Себебі уақытша бұл салада барлық аймақтардан толық мәліметтер жеткіліксіз болғандықтан, тек Қазақстан топырақтарын сипаттағанда біршама мәліметтер келтірілген. Жердің ішкі байлығы - оның қазба кендері болса, сыртқы, беткі байлығы құнарлы топырақ. Топырақ жердің құнарлы қабаты бола тұрып өсімдіктер өсіп, фотосинтез арқылы органикалық заттар түзеп, бүкіл биосферадағы тіршілікке тамақ, жеңіл өндіріске шикізат беретін қабат. Осы бағалы қабатты ұтымды пайдаланып, оның құнарын сақтап, арттыру үшін топырақтың құрамы мен қасиеттерін жетік білу керек. Бұл баршаға ортақ мақсат, әсіресе осы саладағы болашақ мамандарға ауадай қажет. Сонымен қатар бұл енбек табиғат қорғау мәселелерімен айналысып жүрген ғалымдарға, экологтарға, осы саладағы оқытушыларға, табиғатты сүйетін қалың оқырмандарға оқу құралы немесе көмекші құрал болатынына сенеміз.

Ескеретін тағы бір басты мәселе бұл оқу құралын дайындау барысында кезіндегі Одақтық стандарт бойынша жоғары оку орындарындағы географ мамандар үшін бекітілген профессор М. А. Глазовскаяның "Жалпы топырақтану және топырақ географиясы" оқулығы негізге алынғанымен, бұл оқу құралы Қазақстан шындығына арналып жазылды. Әңгіме тек Қазақстан топырақтары жайында жаңа үлкен бөлімнің қосылғанында ғана емес, жалпы оқу құралы топырақтану тарихынан басталып, оның тиімді пайдалану, экологиясы мен қорғау мәселелері тек Қазақстан мысалында толық баяндалған. Оқу құралының соңындағы әдебиеттер тізімі алфавиттік ретпен емес, сілтемелер кезегімен келтірілген. Оқу құралы ретінде бұл еңбек екі рет басылып шыққанымен тез тарап кетті. Қазіргі географ және биолог мамандықтарына арналған типтік бағдарламаларға біршама сәйкестендіріліп оқу құралы ретінде үщінші рет ұсынылып тұр. Бірақ-та мұнда ешқандай кемістік жоқ деп айта алмаймыз. Сондықтан көпшілік қауымнан атымызға түскен сын пікірлерді алғыспен күтеміз.

КІРІСПЕ

ТОПЫРАҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, ТОПЫРАҚТАНУ ҒЫЛЫМЫ

ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Топырақтану - топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттері және географиялық таралу заңдылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы, тиімді пайдалануы мен жақсарту жолдарын зерттейтін ғылым.

Топырақтану ғылымының қалыптасуы орыстың аса дарынды табиғаттанушы ғалымы В. В. Докучаевтың (1846-1903) есімімен тығыз байланысты. В. В. Докучаевтан кейін оның енбегін көптеген талантты шәкірттері жалғастырды. Генетикалық топырақтану ХХ ғасырдың басында табиғаттанудың жаңа бір саласы ретінде қалыптасты. Генетикалық деген түсінік "генезис", яғни топырақтың пайда болуы, дамуы деген ұғымды білдіреді.

Топырақ туралы түсінік. Қазақ халқы жерді - ана, егістікті - асыраушы деп айтады, өйткені адамзат қажетті азықты, жеңіл өнеркәсіп үшін шикізатты өсімдік және жануарлар көмегімен топырақ арқылы алады. Жер бетінде топырақ нағыз асыраушы болу үшін, оны терең білу кажет, оның құнарлылығын кемітпей, үздіксіз арттыра отырып пайдалану керек. Сондықтан бұл мәселелерді шешу жолдарын адам ба. ласы үнемі іздестіріп келеді.

Адам баласы ең алғаш жерді егіншілікке пайдалана бастағанда, топырақ туралы түсінік болмаған, топырақ жер деген үғым ретінде қалыптасқан. Бұл жай түсінік бірнеше мыңдаған жылдар қажетке жараған, өйткені адамзаттың алдында соңғы жүз жылдықта туған проблемалар ол кезде жоқ еді. Соңғы ғасырларда ашаршылықтың кейбір аймақтарда орын алуы, жердің жетіспеуі, эрозия, құрғақтану, топырақтын құнарлылығының азаюы т. б. осындай мәселелерді шешу үшін топыраққа назар аударыла бастады.

XIX ғасырдың орта кезеңінде агроном, агрогеолог, агрохимиктердің енбектерінде топырақ туралы алғашқы түсініктер жазыла бастады. Олар топырақтың жоғарғы кабатының құрамындағы органикалық және минералдық қалдықтарға көңіл бөлініп, топырақ деген жердің тек жыртылған, өсімдіктердің тамырлары жайылған қабаты деп есептеді. Топырақ дегеніміз не деген сұраққа берілген осындай анықтама, В. В. Докучаевтың ғылымға жаңа өріс әкелген кезеңге дейін өріс алып келді.

1879 жылы Санкт-Петербургте болған табиғат зерттеушілері қоғамының геология және минералогия бөлімінің мәжілісінде В. В Докучаев баяндама жасап, топыраққа бірнеше анықтама берді. Кейін бұл пікірлер әрі қарай дамытылып, жетілдіріле түсті.

Қазіргі түсінік бойынша топырақ - жер бетінің майда ұнтақталған құнарлы қабаты, тірі және өлі табиғатқа тән бірнеше сипаттары мен қасиеттері бар ерекше құрылым. Топырақтың негізгі қасиеті - құнарлылығы деп, оның өсімдіктерді барлық қоректік заттармен және ылғалмен қамтамасыз етуін айтады. Табиғаттың жоғарғы туындысы - адам топырақ құнарын өсімдіктер мен жануарлар дүниелері арқылы өз мұқтажына пайдаланды. Өсімдіктер құнарлы топырақ қабатынан тамыр жүйелері арқылы қоретік затарды алып, суды бойына сіңіріп, жапырақтанына түскен күн сәулесі мен ауадағы көмірқышқыл газы арқылы жүретін фотосинтез нәтижесінде денесіне өте мол органикалық биофильді минералды заттар жинап, едәуір энергияны шоғырландырады. Осы энергиялар, яғни органикалық және органо-минералдық қосылыстар бүкіл жан-жануарлар, адамзат тіршілігі үшін өмір өзегі болып табылады. Топырақ - асыраушы ана, күш-қуаттың қайнар бұлағы, тіршіліктің тірегі, ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі өндіргіш күші. Егіншілік, мал шаруашылығының өркендеуі топырақ құнарлылығына тікелей тәуелді. Ескеретін жай, топырақтың басқа өндіргіш құралдардан (машиналар, станоктар т. б. ) айырмашылығы сол, оны дұрыс күтіп, баптап пайдаланса, ол қоғам үшін үздіксіз құнарын беріп халықты асырайды, машиналар сияқты моралдық және физикалық жағынан азып тозып істен шықпайды. Баршаға белгілі табиғат қорлары сарқылмайтын және сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорларға, мысалы ғарыш, климат қорлары жатады. Сарқылатын қорлар өзінше екіге бөлінеді: қалпына келетін және қалпына келмейтін қорлар. Қалпына келмейтін қорлар қатарына мұнай, көмір т. б. кендер, ал қалпына келетіндер катарына өсімдіктер, жануарлар, су қорлары және топырақтар жатады (Банников, 1977) . Бірақ та топырақты калпына келетіндер қатарына қосқанға келісу қиын. Мысалы, биыл орылған шөп келесі жылы қайта шығады, тіпті бір жылдың ішінде кейбір өсімдіктерден бірнеше өнім алуға болады. Кесілген ағаш қалпына келу үшін бірнеше жыл керек, мал төлінің жетілуі үшін екі-төрт жыл керек. Құнарлы қабаты бір себептерден шайылып кеткен топырақтардың қалпына келуі үшін өте ұзақ уақыт керек. Табиғи жағдайда топырақтың түзілуі ұзаққа созылатын құбылыс. Мәселен, қалыңдығы 20 см жыртылатын топырақ қабаты түзілуі үшін табиғи жағдайлардың өзгешеліктеріне қарай 3-7 мың жыл уақыт керек.

Құнарлы қабаты түгелдей жойылған топырақтар болжамды уақыттарда өз-өзінен қалпына келмейді. Сондықтан да адам өзінің тыныс-тіршілігінде топырақтың құнарлы қабатын су және жел эрозиясынан, басқа да экологиялык апаттардан қорғай отырып, топырақ құнарын жылма-жыл арттыру және жақсарту шараларын іске асыруы қажет.

Топырақтын табиғаттағы орны мен маңызы. Топырақ планетарлық қабаттардың (литосфера, атмосфсра, гидросфера) шекарасында жайғасып, солардың бір-бірімен өзара қатынасынан дамып, геосфераның ерекше кабығы педосфераны, яғни Жердің топырақ жамылғысын түзеді. Сонымен бірге топырақ жер шарының тіршілік дамыған аймағы - биосфераның негізгі компоненті. Топырақтың табиғаттағы рөлі өте зор. Ол жер бетінде тіршіліктің дамуына қолайлы орта. Топырақ - өзі тіршіліктің туыңдысы бола тұрып, сол тіршіліктің өмір сүруінің де негізі. Топырақ арқылы жер бетінде заттардың үздіксіз үлкен геологиялық және кіші биологиялық айналымы өтеді. Биологиялық кіші зат айналымы кезінде, ең алдымен, аналық тау жынысынан, кейін топырақтан өсімдіктермен коректік элементтер алынады. Олардан суға ерімейтін күрделі органикалық қосылыстар түзіледі. Әр жылы өсімдіктерден қурап түскен органикалық қалдықтардан қоректік элементтер бірге түсіп, топыраққа қайтып оралады. Биологиялық кіші зат айналымның негізгі нәтижесі - коректік элементтердің топырақтың жоғарғы тамырлы қабатында шоғырлануы, құнарлы топырақтың түзілуі. Ал геологиялық үлкен заттар айналымы жер қойнауындағы және жер бетіндегі тау жыныстарының өзгеруі мен қозғалуын қамтиды, құрғақ жер мен теңіз арасындағы геологиялық үлкен зат айналымы нәтижесінде борпылдақ үгілу қабаты құралып; топырақтын түзілу процесінің негізі қаланады. Жер бетіндегі осы екі айналымның арасындағы байланыс топырақ арқылы өтеді.

Топырақтын тағы бір функциясы - ол ауа және су сферасының химиялық құрамдарын реттейді. Фотосинтез арқылы өсімдіктер тотыққан көмірді сіңіреді де көміртегі тотығынан құралатын органикалық қосылыстар синтезін өткізеді. Жапырақтары меи тамырлары СО 2 көміртегі тотығын және судан келетін сутегін пайдаланып, атмосфераға еркін молекулалы оттегін О 2 бөліп шығарады. Жалпы топырақ арқылы жер бетінде бүкіл биосфералық құбылыстар реттеледі. Топырақ - адамзат үшін өлшемі жоқ, баға жетпейтін байлық және құрлықтағы биоценоздар тіршілігінің негізі.

Топырақтану ғылымы

Топырақтану ғылымының негізін қалаған орыстың дарынды табиғаттанушы ғалымы В. В. Докучаев (1846-1903) болды. Докучаевқа дейіи топырақ агрономия мен геологияның бір саласы ретінде зерттеліп келді. Сондықтан алдымен В. В. Докучаевқа дейінгі топырақты зерттеуге байланысты көзқарастарға қысқаша тоқталып өтейік.

Батыс еуропалық агромәденихимиктер мен агрогеологтардың топырақ туралы зерттеулері. Адам баласының әр түрлі құрылыстар салып, егін егіп, өнім алған жер бетіндегі тіршілігі мыңдаған жылдарға созылғаны мәлім. Алайда топырақ туралы ғылыми түсінік көпке дейін қалыптаса қойғаи жоқ. Егіншілікпен адам баласы ондаған ғасыр айналысып келгенімен тек XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас кезінде ғана егіншілік туралы ғылым - агрономия дүниеге келді. Бұл кез дүние жүзінде феодалдық өндірістік қатынастың капиталистік өндірістік қатынаспен ауысу кезеңі еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ - ерекше биокосты дене
Топырақта органикалық заттардың жиналуы
Топырақ — табиғат көркінің айнасы
Қазақстан топырақтары туралы
Топырақтың минералдық құрамы
Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы
Қазақстан топырақтары
Топырақты қорғау жолдары
Топырақ түзілудің жалпы үрдісі
Топырақ тіршілік ортасының органикалық топтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz