Қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлова


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Әлия) (1924- 1944) - 54-ші жеке атқыштар бригадасының снайпері, ефрейтор, Кеңес Одағының батыры.

1924 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында дүниеге келген. Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Ленинградтағы № 9 орта мектепте оқыды.

Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941) .

1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943) . 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті.

Новосокольники темір жол стансасы маңында болған үрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.

Оның өмірі мен ерлігі жайлы ақындар Я. Хелемский «Әлияның жүрегі», С. Жиенбаев «Әлия» дастандарын, жазушылар Ж. Жүмақанов «Әлия Молдағұлқызы», Ә . Нұрмаханова "Шығыс шынары повестерін шығарған.

Ақтөбе қаласында Молдағұлованың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді. Мэскеудің № 891 орта мектебі жанында мүражайылары бар.

Санкт-Петербург және Мэскеу қалаларындағы және көптеген облыстардағы оңдаған мектептер, көшелер Молдағұлова есімімен аталады. Новосокольники, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында және туған ауылында ескерткіш орнатылған.

Сол қастерлі мұралардың бірі - Ақтөбе қаласының Шернияз көшесіндегі Әлия Молдағұлова ескерткіші. 1959 жылы желтоқсанда облыстық комсомол комитеті облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Хасен Бектүрғановқа, облыстық атқару комитетінің төрағасы Өтеміс Алдабергеновке Әлия Молдағұловаға қаланың Карл Либнехт (қазіргі Шернияз) көшесіне ескерткіш орнату туралы өтініш хат жазды.

Соғыстан кейінгі жылдарда қаржы мәселесі күрделі еді. Сол кезде облыста Куйбышев политехникалық институты

архитектура факультетінің студенттері тәжірибеден өтіп жатқан. Барлық мәселе қоғамдық негізде шешілді.

Комсомолдардың металл сынықтарын, қағаз қалдықтарын жинап тапсыру есебінен 35 мың сом жиналды. Қалған қаржы облыстық бюджеттен бөлінді. Сөйтіп, Әлияның бюстін құюға 70 мың сом ақша жұмсалды. Бюст 1961 жылы 9 мамырда Жеңіс күні мерекесіне орай орнатылды. Бюсті мүсіншілер В. Раскутов пен Е. Штамм жасады.

Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 80 жылдық мерейтойына арнап тұтас мемориалдық кешен ашылды. Кешен Әлия Молдағұлова атындағы даңғыл мен ағайынды Жұбановтар көшесінің қиылысына орнастырылды. Мұндағы Әлия ескерткішінің биіктігі - 4 метр, ал түғырымен қоса алғанда - 6 метр. Биіктігі - 2, 3 метр, жалпы үзындығы 30 метр болатын, екі бөлікті кешен рельефінде сонау сақтар мен ғұндар заманынан бастап, тарихымыздың даңқты түстары бейнеленеді. Рельефтің авторы- белгілі мүсінші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ескен Сіргебаев. Ескерткіш Қарағандыдағы өнер комбинатында құйылды. Бұл істі ҚР Суретшілер одағының Қарағанды облыстық ұйымының директоры А. Курицин басқарды.

Қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлова жайлы кітап жарыққа шықты

АҚТӨБЕ. Мамырдың 18-і. /Самал Ендібаева/ - Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова жайлы жаңа кітап жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлия-ғүмыр: ерлік пен өнеге» кітабының авторлары - Ғалым Байдербес пен Ұзақбай Қауыс бұған дейін де батыр қыз жөнінде бірнеше кітаптарды шығарған болатын. Бұл жолы олар бүрын жарияланбаған деректер мен фотосуреттерді, Әлия Молдағұлованың 80 жылдығын мерекелеуге байланысты материалдарды оқырмандар назарына үсынып отыр.

Кітапты даярлауға Әлияның есімімен байланысты даңқты орындарға, ол жерленген Ресейдің Псков облысында ақтөбелік делегациямен бірге барып қайтқан туыстары да атсалысты.

Облыс әкімдігінің қаржыландыруымен шығарылған жаңа кітап қала кітапханаларына да таратылды.

Әлия мен Мәншүк атындағы «Қос шынар» қоры қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербестің айтуынша, енді бұл кітап орыс тіліне аударылмақ. Мәскеудегі Әлия Молдағұлова атындағы мектеп педагогикалық ұжымы осындай тапсырыс берген.

Мәскеуде Әлия Молдағұлованың ескерткіш мүсіні

ашылды

Ұлы Жеңістің 60 жылдық мерейтойы қарсаңында Кееңс Одағының батыры Әлия Молдағұлованың атындағы Мэскеудегі №891 мектепте ержүрек қыздың мүсіні мен оған арналған ескерткіш тақта ашылды. Бұл туралы К2-іоёау тілшісіне Ресей Федерациясындағы ҚР елшілігінен хабарлады.

Ескерткішті ашуға арналған салтанатты шараға Ресей Федерациясындағы ҚР елшісі Қырымбек Көшербаев, Мэскеу мэриясы мен Ресей астанасының шығыс округы префектурасының өкілдері, РФ СІМ-нің, сондай-ақ, осындағы ТМД елдері дипломатиялық миссиясының жетекшілері қатысты.

Қазақтың аты аңызға айналған батыр қызының рухына тағзым ету шарасына соғыс ардагерлері мен оның майдандас құрбы-құрдастары келді. Ақтөбе облысынан келген өкілдер, Қазақстандық студенттер мен Мәскеудегі қазақ диаспорасы өкілдері де жерлестерінің құрметіне жиналды.

Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қ. Көшербаев батырға арналған ескерткіш Елбасы Нүрсүлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Жеңістің 60 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 80 жылдық мерейтойларына арналып жасалғанын атап өтті. Елші адамзат тарихындағы ең жанкешті соғыс барысындағы екі халықтың бауырластығы мен ерліктеріне тағзым ретінде осынау ескерткіштің орнатылғанын тілге тиек етті. "Екі ел халқы өз тариыхына әрдайым құрмет-ілтипатпен қарап, болашақ үшін, келешек ұрпақтың тәуелсіздігі мен бостандығы үшін өз өмірін қиған батырларды жадынан шығармайды дегенге сенім білдіргім келеді", - деді Қ. Көшербаев.

Әлия Молдағұлова атындағы мектеп орналасқан көше де батыр қыздың есімін еншілеген. Бұл көшеде 1942- 1945-жылдары әйелдердің орталық мергендер мектебі орналасты. Мектеп 2200 мерген қыздарды дайындап шығарды. Олар 12 мыңнан астам фашистердің көзін жойды.

1943-жылы 18 жасында атқыштар мектебін бітіріп шыққан Әлия 2-Прибалтикалық фронт, 22-ші армияның құрамындағы 54-ші дербес атқыштар бригадасы, 4-ші батальонының мергені ретінде соғысқа қатысты. Ол 30-дай фашист эскерлері мен офицерлерін жаһаннамға аттандырған. Ә. Молдағұлова 1944-жылдың қаңтар айында Псков облысындағы Казачиха аулының маңындағы қиян-кескі ұрыста ерлікпен қаза тапты.

"Қазақстан Мәскеудегі Ә. Молдағұлова атындағы мектепті көптен бері қанатының астына алып, жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, жаңа оқу жылының басында мектеп Ресейдегі Қазақстан елшілігінің атынан шағын компьютерлік класс пен басқа да кеңсе жабдықтарын алды. Сонымен бірге биыл елшіліктің қолдауымен мектеп жанынан ашылған Ә. Молдағұлова атындағы мұражайдың ауқымы біршама кеңейіп, мұрағаттарының саны артты", - деп хабарлайды елшілік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерліктің қос қанаты - Әлия мен Мәншүк
Бауыржан Момышұлы ұлтымыздың мақтанышы. Ерліктің қос қанаты
Ә.Молдағұлова,М.Мәметова,Х.Доспанова
Бөрте ханым - Шыңғыс ханның әйелі
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова
Әлия Молдағұлова
Әлия Молдағұлова (1924-1944)
Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы
Тағызым етем, естен кетпес ерлігіңе туралы
Ұлы отан соғысы туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz