«Қазақ тілі» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы


1. Глоссарий .
2. Практикалық сабақтар.
3. Студенттің оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін өздік жұмысы (СОӨЖ).
4. Студенттің өз бетімен жұмысы (СӨЖ)
5. Емтихан сұрақтары (тест).
6. Берілген әдебиеттер тізімі.
студенттерге ана тілінің қадыр-қасиетін ұғындыру, тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру, тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау.
Тіл – халықтың жаны, ажары, кескін- келбеті. Халық өзінің ғасырлар бойына жасаған асыл мұраларын ұрпақтан- ұрпаққа, алдымен, ана тілі арқылы табыс етеді. Тіл арқылы кез-келген ұлт Отанын, халқын, оның тарихы мен салт-дәстүрін танып біледі және соларға деген өзінің перзенттік махаббатын тілі арқылы жеткізеді. Тіл – тек қарым – қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге дүниетану кілті. Тіл – халықтың ұлттық мәдениетінің сақшысы және достық пен түсіністік елшісі.
Қырғыздың ұлт жазушысы Шыңғыс Айтматов : «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде . Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы» - деп баға берсе, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы : «Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, ертеңгі, бүрсүгіні де тағдыры.. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – ата-бабамыздың, тарихымызды ұмыту» - деп толғанады.
Тілдің тілге жаулығы жоқ. Өзге тілді құрметтеу, алдымен, өз тіліңді құрметтеуден басталады. Ана тілін жанындай сүйген ұлы жазушы Мұхтар Әуезов дағыстан ақыны Расул Гамзатовқа «Өлеңіңді авар тілінде оқышы» деп тілек білдіріпті. Расул өлеңін ойға шомып тыңдаған Мұқан : « Тілің күңгірлеп жатқан тастардың үніне ұқсайды екен»,- деп тебірене теңеу айтыпты. Ал Расул Гамзатовтың өзі « Егер ертең тілім болса құрымақ. Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ»- деп жырлап кеткен жоқ па ?!
Ана тілі ... Бұл туралы қаншама айтылып келеді. Ал ана тілінің құдіретін қанша айтсақ та түгесу мүмкін емес. Бала кезіңде балдай сорып , ана сүтімен бойға сіңген қасиетті туған тіл жаныңа шуақ әкеледі, жүрекке ұлттық мақтаныш ұялатады. Қазақ халқының кешкен өмірі, аңыз ертегілері, өлең-жырлары, дүние жайындағы ұғым- түсініктері, ойы, сезімі ана тілімізде дамып, атадан-балаға мұра болып келеді.
Қазір қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін алып, қоғамдық өмірдің барлық саласында: мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарда,білім беру, мәдениет, ғылым, экономика, медицина мекемелерінде, қызмет көрсету,бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде қолданылып келеді. Кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу қолға алынды. Есеп-сынақтық, қаржылық және техникалық құжаттар да қазақ тілінде жүргізіледі. Осылайша қазақ тілін қолдану мен дамытудың бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.
1. Ш. Бектұров, А. Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих».
2. К. Жүнісбекова «Казахский язык».
3. Ж. Түймебаев «Қазақ тілі қысқаша грамматикалық анықтағыш
4. Х. Кожахметова «40 уроков казахского языка»
5. А. Мусинов, М. Мұхамбетқалиева, Е. Құдайбергенов «Қазақ тілі»
6. К. Аханов Қазақ тілі оқулығы
7. Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабаев «Практикалық қазақ тілі»
8. М.Серғалиев «Қазақ тілі»
9. А.Белботаев, Ж.Төкебаева «Қазақ тілі үйренушілерге көмек»

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 143 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Атырауский институт нефти и газа

Факультет Экономика
Кафедра Казахского и русского языка

Учебно-методический комплекс дисциплины студента

Дисциплина Казахский язык

Для всех специальностей

Атырау – 2005
Учебно-методический комплекс по дисциплине Казахский язык
для студентов АИНиГ по специальности для всех специальностей

Учебно-методический комплекс дисциплины студента разрабатывается в
соответствии с содержанием ГОСО РК, квалификационной характеристикой,
типовым и рабочими учебными планами специальностей и направлений подготовки
с учетом языка обучения и отражает основное содержание преподаваемой
дисциплины. Учебно-методический комплекс дисциплины студента предназначен
для конкретизации методов и средств учебной деятельности студента по
достижению поставленных образовательных целей и задачи дисциплины,
обеспечивает формирование базовых знаний, умений и навыков студента,
необходимых для усвоения им инженерно-технических дисциплин по избранной
специальности.

Учебно-методической комплекс дисциплин студента состоит из разделов:

1. глоссарий;
2. конспект лекционных занятий;
3. лабораторные занятия;
4. практические занятия
5. самостоятельная работа студентов под руководством преподавателя (СРСП)
6. самостоятельная работа студентов (СРС);
7. экзаменационные вопросы;
8. список рекомендуемой литературы;

Атырауский институт нефти и газа, 2006 г.

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Атырауский институт нефти и газа

Лист согласования

Утвержден на заседании Методического совета АИНиГ
Протокол № __от ____ ______________2006 г.

Председатель Метод совета АИНиГ
первый проректор, проректор по УМР Джумамухамбетова Н.Г.

Согласовано:
Начальник отдела УМД: Исмагулова А.И.

Рассмотрено на заседании Методического бюро________________________
___________________________________ ________________факультет (а)

________________ 2006 г.

Председатель метод бюро факультета, доцент: Жанбирова Б.А

Ф.И.О. (звание, степень)

Рассмотрено и одобрено на заседании кафедры __________________
___________________________________ _____

____________________ 2006 г.

Зав кафедрой; доцент: Кульжанова Н.Х.____________________
Ф.И.О. (звание,
степень)

Разработал: ___________________________________ __________
Ф.И.О. (уч. звание, степень)

Глоссарий

Ауызша және жазбаша коммуникативке байланысты басты түсініктер.

Өмірбаян- іс қағаздарының түрі,адамның өз өмірін баяндауы, әңгімелеуі.
Аннотация-түсініктеме,андатпа,(кіта п,мақала мазмұнының қысқаша
сипаттамасы.
Анкета (сауалнама) – белгілі бір мәліметтер жинақтаудағы сауалдар жинағы.
Анықтама-мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын,
сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық іс қағазының түрі.
Әңгіме- ауызша хабарлау, белгілі бір оқиғаны баяндау.
Рецензия – ғылыми, шығармашылық жұмыстардың (қойылым, кинофильм) сыни түрде
бағалануы.
Суреттеу – белгілі бір шығарманы, оқиғаны, мазмұндаманы суреттеу.
Шығарма – 1) әдеби, ғылыми туынды. 2) жазбаша жұмыс; берілген тақырып
бойынша шығарма жазу.
Мазмұндама – берілген тақырып бойынша (өз сөздерімен) әңгімелеу, жазбаша
түрде бейнелеу.
Конспект- белгілі бір тақырыптың қысқаша, жазбаша мазмұны.
Ақпарат – мәлімет, ауызша хабарлама беру, басты ақпарат туралы мәлімет
беру.
Мәнжазба – белгілі бір кітап, мақала және баяндаманың қысқаша сипаттамасы.
Морфология – сөздердің құрылысы (тұрпаты), сөздердің өзгерілуі туралы ілім.
Ол сөздердің морфологиялық құрамын талдайды, сөздерді таптастырады,
сөздердің өзгерілу ережелерін белгілейді.
Мінездеме – түрлі мекеме, ұйым, бірлестік, оқу орындарында белгілі бір
адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша
сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.
Арыз – ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына
белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс
қағазының бір түрі.
Стиль – латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда жазу құралы деген мағына
береді. Жазу мәнері сөзге сендіру тәсілі, мәнерлі сөйлеу және белгілі бір
әдеби жанрға тән тілдік құралдар жүйесі деген сияқты көптеген мағынада
қолданысқа түседі.
Сенімхат – белгілі бір тұлғаның өз өкілеттігі мен құқын екінші бір тұлғаға
берілгенін жазбаша растайтын іс қағаздың бір түрі.
Аргумент – дәлел, негіз (белгілі бір деректің дәлелденуі).
Мақала – ғылыми, публицистикалық шығарманың ықшамдалған түрде жинақ, газет,
журнал бетінде жариялануы.
Тақырып – белгілі бір оқиғаның, әңгіменің атауы.

Тезис – шығарманың, баяндаманың, лекцияның қысқаша желісі.
Мәтін – жазылған шығарма, баяндама, лекция немесе солардан үзінді.
Комментарий – түсіндірме, мәтін, мақала бойынша түсінік беру.
Жинақтау, қорыту – жалпы тұжырым, белгілі бір құбылыстың, оқиғаның, істің
нәтижесі.
Баяндама – белгілі бір мазмұны бар тақырып бойынша көпшілікке арналған
хабарлама түрі.
Диалог – бір немесе бірнеше адамдардың бір-бірімен сөйлесуі.
Жоспар – белгілі бір мазмұндаманың қысқаша бір бағдарламасы (баяндама
жоспары).
Конференция – жиналыс, қоғам өкілдерінің мәжілісі, белгілі бір сұрақтарды
шешу және талқылаудағы ғылыми ұйымның түрі. (студенттердің ғылыми
конференциясы).
Интервью – баспасөзге, радиоға, теледидарға берілетін тілшілердің
сауалдарына қайтарылған жауап.
Диспут – ғылыми немесе қоғамдық маңызы бар тақырыпқа көпшілік алдындағы
пікірталас.
Үзінді – шығарманың қажетті бөлігінің мәтіні өзгертілмей жазылған, қолға
берілетін нұсқасы.
Кіріспе – 1) кітаптың, шығарманың кіріспесі. 2) ғылыми пәннің алғашқы
беташар, түсіндірме бөлімі.

Атырау мұнай және газ институты
Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

1 – сабақ
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

Мақсаты: студенттерге ана тілінің қадыр-қасиетін ұғындыру, тілге құрметін,
сүйіспеншілігін арттыру, тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен
жұмыс жасау.
Тіл – халықтың жаны, ажары, кескін- келбеті. Халық өзінің ғасырлар бойына
жасаған асыл мұраларын ұрпақтан- ұрпаққа, алдымен, ана тілі арқылы табыс
етеді. Тіл арқылы кез-келген ұлт Отанын, халқын, оның тарихы мен салт-
дәстүрін танып біледі және соларға деген өзінің перзенттік махаббатын тілі
арқылы жеткізеді. Тіл – тек қарым – қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге
дүниетану кілті. Тіл – халықтың ұлттық мәдениетінің сақшысы және достық пен
түсіністік елшісі.
Қырғыздың ұлт жазушысы Шыңғыс Айтматов : Халықтың мәңгі ғұмыры –
оның тілінде . Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы - деп баға берсе, Халық
қаһарманы Бауыржан Момышұлы : Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын
кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, ертеңгі, бүрсүгіні де тағдыры..
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – ата-бабамыздың,
тарихымызды ұмыту - деп толғанады.
Тілдің тілге жаулығы жоқ. Өзге тілді құрметтеу, алдымен, өз тіліңді
құрметтеуден басталады. Ана тілін жанындай сүйген ұлы жазушы Мұхтар Әуезов
дағыстан ақыны Расул Гамзатовқа Өлеңіңді авар тілінде оқышы деп тілек
білдіріпті. Расул өлеңін ойға шомып тыңдаған Мұқан : Тілің күңгірлеп
жатқан тастардың үніне ұқсайды екен,- деп тебірене теңеу айтыпты. Ал
Расул Гамзатовтың өзі Егер ертең тілім болса құрымақ. Мен дайынмын
өлуге де бүгін-ақ- деп жырлап кеткен жоқ па ?!
Ана тілі ... Бұл туралы қаншама айтылып келеді. Ал ана
тілінің құдіретін қанша айтсақ та түгесу мүмкін емес. Бала кезіңде
балдай сорып , ана сүтімен бойға сіңген қасиетті туған тіл жаныңа
шуақ әкеледі, жүрекке ұлттық мақтаныш ұялатады. Қазақ халқының кешкен
өмірі, аңыз ертегілері, өлең-жырлары, дүние жайындағы ұғым- түсініктері,
ойы, сезімі ана тілімізде дамып, атадан-балаға мұра болып келеді.
Қазір қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін алып, қоғамдық өмірдің
барлық саласында: мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарда,білім беру,
мәдениет, ғылым, экономика, медицина мекемелерінде, қызмет
көрсету,бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде қолданылып келеді.
Кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда іс қағаздарын мемлекеттік тілде
жүргізу қолға алынды. Есеп-сынақтық, қаржылық және техникалық құжаттар да
қазақ тілінде жүргізіледі. Осылайша қазақ тілін қолдану мен дамытудың
бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.

Атырау мұнай және газ институты
Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

Әдебиеттер тізімі:
1. Ш. Бектұров, А. Бектұрова Қазақ тілі для начинающих.
2. К. Жүнісбекова Казахский язык.
3. Ж. Түймебаев Қазақ тілі қысқаша грамматикалық анықтағыш
4. Х. Кожахметова 40 уроков казахского языка
5. А. Мусинов, М. Мұхамбетқалиева, Е. Құдайбергенов Қазақ тілі

Атырау мұнай және газ институты
Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

2 -сабақ
Қазақ жазуы туралы

Мақсаты: Қазақ жазуының тприхы туралы, мағлұмат беру, сөздікпен жұмыс
жасату. Қазақ халқы VII-VIII ғасырларда туысқан түркі халықтарына тең
ортақ Орхон – Енесей, Талас және көне ұйғыр жазуларын қолданған, олар
тасқа қашалып жазылған. Кейін араб жазушылары мұсылман дінін енгізуіне
байланысты араб жазуын пайдаландық. Осы жазуды халқымыз 1924 жылға дейін
қолданды. 1924 жылы араб әріптеріне реформа жасалады. Қазақ халқының
абзал ұлы Ахмет Байтұрсынов араб жазуына негізделген алфавит ұсынды, оны
жәдид (жаңа) деп атады. Оны 1929 жылға дейін қолданып келдік. 1929
жылдан 1940 жылға дейін латын әрпін қолдандық. 1940 жылы орыс графикасына
негізделген әріпке көштік.

Фонетика. Тіл дыбыстары
Мақсаты: Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі бойынша мәлімет беру.
Фонетика тіл дыбыстарын зерттейді. Қазақ әліпбиінде 42 әріп (таңба), 36
дыбыс бар. 12 – дауысты дыбыс, 24 – дауыссыз дыбыс.
Дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, о, ө, ы, і, ү, ұ, и, у.
Дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ, с, т, п, ф, к, қ, н, ң, м, л,
р, й, ч, ш, щ, х, ц.

Қазақ тілінің төл дыбыстары: ә, ө, і, ү, ұ, қ, ғ, ң, һ.
Мысалы: ән, өлең, ілгіш, ұя, қалам, ғылым, аң, жиһаз
Дауысты дыбыстар:
1. Жуан: а, э, о, ы, ұ, у.
Жіңішке: ә, е, і, ү, и, у.
1. Ашық: а, е, э, о, ө.
Қысаң: ы, і, ү, ұ, у, и.
2. Езулік: а, ә, е, э, и, і, ы.
Еріндік: о, ө, ү, ұ, у.
Дауыссыз дыбыстар:
1. Қатаң: с, т, п, ф, к, қ, ч, ш, щ, х, ц, Һ.
2. Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з,
3. Үнді: н, ң, м, л, р, й, у.

Буын дауысты дыбыстарға байланысты бөлінеді:
1. Ашық буын: ә-ке, а-на, ба-ла, қа-ла.
2. Тұйық буын: ас, он, ән, ақ, ел, от.
3. Бітеу буын: нан, бес, жүз, қор.

Екпін қазақ тілінде соңғы буынға түседі: мұнай-шы-лар-дың.
Атырау мұнай және газ институты
Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

Тапсырмалар тізімі:
1. Берілген сөздерге фонетикалық (дыбыстық) талдау жасаңыз: нарық,
экономика, сауда, бәсеке, салық, пайда, табыс, қаражат
2. Сөздерді буынға бөліп, қандай буын екенін ажыратыңыз Мұнайшыларың,
өндіру, Атырау, кеніштерде, байлық, теңіз.
3. ә, ө, і, ы, ү, ұ, қ, ң, ғ қазақтың төл дыбыстарының әрқайсысына бес
–бестен мысал жазыңыз.

Әдебиеттер тізімі:
1. Ш. Бектұров, А. Бектұрова Қазақ тілі для начинающих.
2. К. Жүнісбекова Казахский язык.
3. Ж. Түймебаев Қазақ тілі қысқаша грамматикалық анықтағыш
4. Х. Кожахметова 40 уроков казахского языка
5. А. Мусинов, М. Мұхамбетқалиева, Е. Құдайбергенов Қазақ тілі

Атырау мұнай және газ институты
Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

3-сабақ
Тақырыбы: Буын (Слог)
Мақсаты: Буынның түрлерімен таныстырып, студенттердің тіл байлығын арттыру.

Қысқаша сипаттама:

Қазақ тілінде буынның үш түрі бар:
1.Ашық буын. Дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады, не тек
дауысты дыбыстан тұрады. Мысалы: а-на, ә-же, қа-ла, ба-ла, ша-на т.б.
2.Тұйық буын. Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа
аяқталады. Мысалы: ас-та-на, ек-пін, еш-кім. т.б.
3. Бітеу буын. Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа
аяқталады. Мысалы: бал-шық, бат-пақ, бөл-шек, таң-дау, сақ-тау, т.б.
Тапсырмалар:

1. Мына сөздерді буынға бөліп, жазыңдар.
Жасырынбақ, жаңалық, екінші, қайық, қоңыз, ұйықтау, дайындық, күндер,
жазда, ысиды, пішен, орады, жаңбыр, жапырақ.

2. Шешендік сөздерді мәнерлеп оқып, жаттап алыңыз.
Әр сөзді буын түрлеріне талдаңыз.
Көбей шешен сөздері
Тау белгісі тас болар,
Май белгісі ас болар
Алған жарың жаман болса,
Тазалық жоқ нас болар
Алған жарың жақсы болса,
Қартайғанша жас болар...
Зер ұстаған зердің жайын біледі,
Жақсы басшы елдің жайын біледі.
Басынан көп өмірді өткізген жан,
Қайғы менен шердің жайын біледі.
3. Мына сөздерді буынның үш түріне бағанаға бөліп, жазыңыздар.
Образец: (үлгі):
Открытый Полузакрытый Закрытый
слог
әже отан
жолдас
ала оқ
дәптер
мә еп
қарт

Атырау мұнай және газ институты
Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

Жолдас, дәптер, ата, кеме, аса, төрт, боз, бет, бота, бөле, бір, дерт, тау,
жар, қант, құс, мазмұн, маза, мақала, мақсат, мәсі, мұз, мұрт, міндет,
озат, оқ, оң, орын, өнім, пана, сақина, тары, үкі, шөже, шөп, ене, тор.
т.б.

4. Бір буынды төрт дыбыстан тұратын 10 сөз жазыңыз, ол сөздермен сөз
тіркесін жасап, сөйлем құраңыз

Үйге тапсырма: Буынның түрлеріне мысал келтіру.

Әдебиеттер тізімі:
1. Ш. Бектұров, А. Бектұрова Қазақ тілі для начинающих.
2. К. Жүнісбекова Казахский язык.
3. Ж. Түймебаев Қазақ тілі қысқаша грамматикалық анықтағыш
4. Х. Кожахметова 40 уроков казахского языка
5. А. Мусинов, М. Мұхамбетқалиева, Е. Құдайбергенов Қазақ тілі

Атырау мұнай және газ институты
Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

4 - сабақ
Тақырыбы: Үндестік заңы (Закон сингармонизма)
Мақсаты: Үндестік заңы туралы толық мағлұмат беру.

Үндестік заңы 2-ге бөлінеді.
1. Буын үндестігі (Гармония гласных)
2. Дыбыс үндестігі (Гармония согласных)

Түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал
жасап, өзара үйлесіп айтылуын үндестік заңы (сингармонизм) дейміз.

Қазақ тіліндегі сөздердің басым көпшілігі не жуан буынды, не жіңішке
буынды болып келеді. Сөздің соңғы буынының жуан, жіңішке болуына қарай
қосымшалардың да бірыңғай жуан, не жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі
немесе сингармонизм деп атайды. Мысалы: жазу-шы-лар-ға, ән-ші-лер-ге, оқу-
шы-лар, мек-теп-тер, т.б.

Дыбыс үндестігі бойынша дауыссыздар бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп
айтылады. Түбір мен қосымшаның немесе сөз тіркесіндегі екі сөздің жігінде
дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсер ету нәтижесінде өзгеруін дыбыс
үндестігі немесе ассимиляция деп атайды.

Тапсырмалар:
1. Сөздерге қалаған қосымшаларыңды жалғап көшіріңдер.
Кір. Мектеп. Көңіл. Қала. Баспасөз. Қазық. Акт. Кенші. Бұлбұл. Пошта.

2. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін құрамына қарай талдап,
бұлардың араларындағы дыбыс үндестігін табыңдар.
Бұрынғы. Аймангүл. Он бес. Орманбай. Тұзсыз. Көре алмадым. Көз сала жүр.
Есенгелді. Амангелді. Досжан. Тас жол. Бос жүрмен.

3. Берілген сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырып, айтылудағы
ерекшеліктерін байқаңдар.
Торы ала ат. Жаңа ауыл. Қара күрең. Ала кет. Көк ала. Үлкен ғалым. Жүз
жылқы. Бас штаб. Сенбі. Сәрсенкүл. Қазанқап.

Үйге тапсырма: Үндестік заңын қайталау.

Атырау мұнай және газ институты
Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

Әдебиеттер тізімі:

1. Ш. Бектұров, А. Бектұрова Қазақ тілі для начинающих.
2. К. Жүнісбекова Казахский язык.
3. Ж. Түймебаев Қазақ тілі қысқаша грамматикалық анықтағыш
4. Х. Кожахметова 40 уроков казахского языка
5. А. Мусинов, М. Мұхамбетқалиева, Е. Құдайбергенов Қазақ тілі

Атырау мұнай және газ институты
Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

5 - сабақ
Тақырыбы: Дыбыс үндестігінің түрлері.
Мақсаты: Дыбыс үндестігі туралы жалпы түсінік берумен қатар, түрлерін
ажырата білуге үйрету.
Қысқаша сипаттама:
1Дыбыс үндестігінің екі түрі бар. Ілгерінді және кейінді ықпал.
Прогрессивная ассимиляция и регрессивная ассимиляция.
Түбір мен қосымшаның немесе сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың
алдыңғысының кейінгі дыбысқа әсер етіп, өзіне ұқсатуын ілгерінді ықпал
дейміз.
а)Сөздің соңғы дыбысы дауысты, я үнді, я ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі
болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң
болады.
Мысалы: бала-лар (бала-дар не бала-тар емес), күздік(күз-тік емес).
ә )Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, не сөз б,в,г,д, дыбыстарының біріне
аяқталса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады.
Мысалы: от-пен, космосқа, Ленинград-қа.
б)Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң болып, соңы
сыңары ұяңнан басталса да ол қатаңға айналады, бірақ жазғанда түбірі
сақталады.
Мысалы: айтылуы: жазылуы:
Қоныспек Қонысбек
Тыныспек Тынысбек
Тас пер тас бер
Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа
әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз.
а) Сөздің соңғы дыбысы қатаң п,қ,к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан
басталса, олар ұяң сыңарларына (п-б, к-г, қ-ғ болып) айналады, кейде п
дыбысы у-ға айналады.
Мысалы: күрек-күрегі, доп-добы, тарақ-тарағы.
Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар:
а) Сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалар қ, ғ,г,б,п
дыбыстарынан басталғанда,н өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда
түбірі сақталды.
Мысалы: айтылуы: жазылуы:
Жампейіс Жанпейіс
Ермағамбет Ермағанбет

Тапсырмалар:
1.Көп нүктенің орнына көрсетілген қосымшалардың )жалғаудың немесе
жұрнақтың) фонетикалық (дыбыстық) түрлерінің тиістісін қойып, олардың
түрліше жалғану себебін түсіндіріңдер.
1) –ның,(-нің,-дың,-дің,-тың,-тің) бала ... ойыншығы, колхоз... малы,
есік ... тұтқасы, өзен... жағасы, күн ... ыстығы, қуаныш ... белгісі.
2) –ға, (-ге, -қа,-ке); тау ... шығу, белес...көтерілу, қағаз... жазу,
кеме... міну, завод... бару, аэроклуб.. кетті.
3) –нан,(-нен, -дан,-ден,-тан,-тен); бетеге... биік, жусан.. аласа, тас..
қатты, сүт.. таза, жүн... тоқылған, қырман.. қайтты, өзен.. өтті.
2. Бір сөз (біріккен сөз) ішіндегі және сөздердің аралығындағы көршілес
дыбыстардың айтылуда өзгеру себебін, қалай үндесіп тұрғанын
түсіндіріңдер.
Әлдеқалай, әлдекім, әлдеқашан, әркім,әрқалай, өнеркәсіп, боз кеуде,әр
күні, әл кету, ала көз болу(араздасу), айтып бар, ала кел, қара қоңыз
алып бер, кісі, отыра қал, бұлтты күні, жазып бер.

Әдебиеттер тізімі:
1. Ш. Бектұров, А. Бектұрова Қазақ тілі для начинающих.
2. К. Жүнісбекова Казахский язык.
3. Ж. Түймебаев Қазақ тілі қысқаша грамматикалық анықтағыш
4. Х. Кожахметова 40 уроков казахского языка
5. А. Мусинов, М. Мұхамбетқалиева, Е. Құдайбергенов Қазақ тілі

Атырау мұнай және газ институты
Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

6 - сабақ

Лексика
Мақсаты: Тіл білімінің лексика саласы бойынша мағлұмат беру, сөз
мағыналарын ажырата білуге үйрету.
Лексика сөз мағыналарын, сөз байлығын зерттейді. Кез – келген сөздің
мағынасы болады.
1. жаңбыр, жел – табиғат құбылысының атауы
2. ақ, қара – түс атауы
3. екі, бесінші – санды білдіреді.
4. келу, бару – қимылды білдіреді.
5. ертең, бүгін – мезгілді білдіреді.

Тура мағына
Ауыспалы мағына
Қара шаш
қара жүрек
Суық тамақ
суық хабар
Қисық ағаш
қисық адам
Ұзын жол
ұзын хабар
Ақ көйлек
ақ сезім

Антонимдер – мағыналары қарама –қарсы сөздер: ақ – қара, аласа – биік,
жоғары – төмен, жақсы – жаман, бүгін – ертең, алыс – жақын, қою – сұйық.
Синонимдер: мағыналары жақын сөздер. Мысалы: әдемі – сұлу, ажарлы, көркем,
көрікті, келбетті.
Алыс – шалғай, қаһарман
Тез – шапшаң, жылдам, лезде.
Омонимдер: жазылуы, айтылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер:
Түс – 1. Бояу (ақ түс)
2. Ұйқы (түс көру)
3. Мезгіл (түс мезгілі)
4. Қимыл (аттан түсу)
Ара – 1. Құрал (ағашты аралау)
2. Жәндік (бал арасы)
Сыр – 1. Бояу (сырмен сырлау)
2.Құпия (сыр бөлісу)
Фразеологизмдер (тұрақты тіркестер):
Ит өлген жерде – алыста
Төбе шашы тік тұрды – қорықты, шошыды
Жүрек жалғау – ас ішу
Төбесі көкке жетті – қатты қуану
Беті қызарды – ұялу
Қолы ұзарды – көмекші табылды
Атырау мұнай және газ институты
Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

Тапсырмалар тізімі:
1. Тура және ауыспалы мағынаға бес мысал жазыңыз
2. Антонимдік жұбын жазыңыз: тез, бейбітшілік, өмір, күн, аспан, үнемдеу
3. Синонимдерін жазыңыз: жай, адам, дүние, бала, көз, бет, салмақты.
4. Омонимдерін жазыңыз: ор, бас, шаш, жүз, сана, көш, бөлме, көрме
5. Фразеологизмдерге бес мысал жазыңыз.

Әдебиеттер тізімі:
1. Ш. Бектұров, А. Бектұрова Қазақ тілі для начинающих.
2. К. Жүнісбекова Казахский язык.
3. Ж. Түймебаев Қазақ тілі қысқаша грамматикалық анықтағыш
4. Х. Кожахметова 40 уроков казахского языка
5. А. Мусинов, М. Мұхамбетқалиева, Е. Құдайбергенов Қазақ тілі

Атырау мұнай және газ институты
Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

7 - сабақ

Тақырыбы: Қазақ тілінің сөздік қоры. Терминдер. Неологизмдер. Архаизмдер.
Кірме сөздер. Кәсіби сөздер.
Мақсаты: студенттердің сөздік қорларын байыту, тілін дамыту танымдылығын
арттыру.
Сабақтың жоспары мен жүру барысы.
Қысқаша сипаттама.
Қазақ тілі – ғасырлар бойы дамып жетілген, қолдану аясы кең бай тілдердің
бірі. Өйткені қазақ тілінің құрамындағы сөздердің саны шексіз. Қазақ
тілінің сөздік құрамы өзінің даму барысында басқа тілдерден енген сөздер,
байырғы сөздермен толысып, дамып отырады. Қазақша сөйлеуге және жазуға
қатысатын барлық сөздердің жалпы жиынтығы қазақ тілінің сөздік қоры
немесе лексикасы деп аталады.
1. Мамандыққа және ғылым мен техниканың әр түрлі салаларына ғана қатысты
сөздерді терминдер дейді. Мысалы: сюжет, бейне, теңеу, композиция,
идея, шумақ, азимут, компас, глобус, метосфера, астрономия, медицина,
этнография.
2. Кірме сөздер
а) ескі грек, рим мәдениетінен: республика, милиция, грамматика.
ә) латын тілінен: геометрия, физика, экономика.
б) ағылшын тілінен: чемпион, клуб, вокзал.
4. Қазақ тілінің кейбір сөздері халық тұрмысының дамуына байланысты
ескіріп, қолданудан шығып қалады.
Мысалы: шоқпар – (дубина с утолщенным концом, оружие)
найза – копье
айбалта – (секира)
болыс – (волостной управитель)
пері –(волшебное (сказочное) существо в образе
прекрасной женщины, фея, русалка).
Бұлар белгілі бір дәуірдің, тарихи кезеңнің тілдік көрсеткіші
ретінде жұмсалуы мүмкін. Оларды көнерген сөздер деп атайды.
Тілімізде көнерген сөздердің екі түрі бар: историзмдер және
архаизмдер.
Кейбір сөздер көнеріп, тілде қолданбайды. Мұндай сөздерді
историзмдер дейді.
Мысалы: сұлтан, ояз, атшабар.
Бұрынғы атаулары ескіріп, қазірде басқа атаулармен беріліп жүрген
сөздерді архаизмдер дейді. Мысалы: жасақ-әскер, жатақ-отырықшы, бірлесу-
серіктік.

Қоғамның дамуына, халықтың санасының өсуіне байланысты жаңа сөздер пайда
болады. Мұндай сөздерді неологизмдер дейді.
5. Белгілі бір мамандық пен кәсіп түріне байланысты қолданылатын сөздерді
кәсіби сөздер деп атайды.
Мысалы: таутан - (ерш)
атыз – (грядка, поливное поле)
күнбағыс – (подсолнух)
6. Сұрақ – жауап.
а) Қазақ тілінде қандай тілдерден енген сөздер бар?
ә) Кәсіби сөздерге мысал келтір.
б) Неологизм деген не?
7. Үйге тапсырма: Өнеркәсіп, бесжылдық, қолөнер, телефон, химия
сөздерін қатыстырып сөйлем жазып келу.

Әдебиеттер тізімі:
1. Ш. Бектұров, А. Бектұрова Қазақ тілі для начинающих.
2. К. Жүнісбекова Казахский язык.
3. Ж. Түймебаев Қазақ тілі қысқаша грамматикалық анықтағыш
4. Х. Кожахметова 40 уроков казахского языка
5. А. Мусинов, М. Мұхамбетқалиева, Е. Құдайбергенов Қазақ тілі

Атырау мұнай және газ институты
Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

8- сабақ
Тақырыбы : Атырау мұнайлы өлке.
Мақсаты: Студенттерді елін, жерін сүюге, қазба байлықтарын
бағалауға,
қорғауға баулу.
Грамматикалық тақырып: Лексика. Сөз бен мағына.

Сабақтың жоспары мен жүру барысы.

1. Қысқаша сипаттама. Атырау мұнайлы өлке.
2. Лексика – бір тілдегі барлық сөздердің жинағы деген ұғымды білдіреді.

Сөз және оның мағынасы
(слова и его значение)

Сөздің ауыспалы мағынасы Сөздің тура
мағынасы
Кітап - білім кілті
Есіктің кілті

Омонимдер – жазылуы бір, мағынасы басқа сөздер.
Мыс : Ай – луна, Ай – месяц

Синоним – жазылуы әртүрлі, мағынасы ұқсас сөздер.
Мыс: Әдемі киім, Сұлу қыз.

Антоним – мағынасы қарама- қарсы сөздер.
Мыс : Алыс – жақын, ұзын – қысқа.

3.Мәтінмен жұмыс.
4. Сұрақ – жауап.
Сұрақ қою арқылы студенттердің тіл байлығын дамыту.
1. Мұнай кеніштерін ата?
2. Атыраудағы шетелдік компанияларды ата ?
3. Облысымыздағы мұнай – газ өндіру зауыттарын ата?

5.Сөздердің қандай мағынада қолданып тұрғанын айтыңыз?
1. Солтүстіктен соққан суық жел күшейе түсті.
2. Суық хабарды естіп, оның көңілі бұзыла бастады.
3. Қисық біткен ағаш.
4. Сөзге түсінбейтін қисық шал екенсің.
6. Мәтіндерді аударып, синоним сөздерді тап.
7. Синоним сөздерді тап.
Атам Сембай биік, мығым денелі, сұлу жүзді, әдемі бурыл сақалды адам.
Ол қандай қиыншылық кездессе де қайыспайды, мойымайды, қайғырмайды. Өмірде
не қилы жақсы адамдар толып жатыр ғой. Біреу мейірбан, біреу жомарт, біреу
адал, біреу турашыл болады.

8. Антоним сөздерді тап.
Ауыр киім, ыстық жел, ұзақ жол, алыс жер, биік өкше, қысқа жіп, ерте ояну,
қалың қар, жас жылқы.

Үйге тапсырма : Омоним сөздер.

Әдебиеттер тізімі:
1. Ш. Бектұров, А. Бектұрова Қазақ тілі для начинающих.
2. К. Жүнісбекова Казахский язык.
3. Ж. Түймебаев Қазақ тілі қысқаша грамматикалық анықтағыш
4. Х. Кожахметова 40 уроков казахского языка
5. А. Мусинов, М. Мұхамбетқалиева, Е. Құдайбергенов Қазақ тілі

Атырау мұнай және газ институты
Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

9 - сабақ

Тақырыбы: Морфология. Сөзжасам. Сөз құрамы. Қосымша, оның түрлері.
Мақсаты: Студенттерге морфология туралы толық мағлұмат беру және сөздік
қорын, тіл байлығын арттыру, өз ойын анық айта білуге баулу.
Қысқаша сипаттама:
1. Морфология – сөздің құрлысын, тұлғасын зерттейді. Сөз таптарын
қарастырады.
2. Сөзжасам – деп жаңа сөздердің пайда болуын айтамыз.
3. Сөз түрлі бөлшектерден құралады, ол бөлшектер сөз құрамы деп аталады.
Сөз құрамы деген ұғымға қосымша деген бөлшек кіреді.
Қосымша (Аффикс)
1. Жұрнақ (Суффикс) – Түбірден кейін тұрып, жаңа сөз тудыратын қосымшаны
жұрнақ дейміз.

Жұрнақтардың екі түрі бар:

1.Сөз тудырушы жұрнақ-өзі жалғанған сөзге жаңа лексикалық мағына
тудыратын жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ деп аталады

Мысалы: заман-дас, жер-лес, ерін-шек, біл-гіш, балық-шы.
2.Сөз түрлендіруші жұрнақ -өзі жалғанған сөзге (түбірге) сәл де
болса жаңа мағына
үстейтін,бірақ негізгі лексикалық мағынасын өзгертпейтін жұрнақ сөз
түрлендіруші
жұрнақ деп аталады.

Мысалы: үй-шік, кітап-ша, сұр-сұр-ша, кел-келер.

2.Жалғау (окончание)-сөздерді бір-бірімен байланыстырып,оларға
грамматикалық мағына үстейтін қосымшаны жалғау дейміз.
а) Көптік жалғау – зат есімге жалғанып заттың көптігін білдіреді.
Олар :
лар,-лер,-дар,-дер,- тар,-тер.
б). Тәуелдік жалғау- бір заттың екінші затқа немесе біреуге (адамға)
тәуелді,меншікті екенін білдіреді.

жақ Дауыстыдан соң мысалы Дауыссыздан соң мысалы
жуан жіңішке жуан жіңішкежуан жіңішке
І -м -м Атам әжем -ым
Мыз Міз Атамыз әжеміз Ымыз

ІІ -ң -ң Атаң әжең -ың
-ыңыз Іңіз Атаңыз әжеңіз

ІІІ -сы -сі атасы әжесі


-ыңыз



11.50-60, Алатау. Жетпістей. Жүздеген. Мыңыншы. Біреу. Бес-бестен. 242.
Бірер. Қырықтай. 40-50. Отыз шақты. 5527. 1924. Жетінші. Екеу. Жиырмаға
тарта. Төртеу. Сексен. Тоқсандай. Алпыстай. Он-оннан. 10. Бестен үш.
Алтыдан төрт.

Үйге тапсырма: Сан есім бар мақал – мәтелдерді жазып, жаттап келу.

Әдебиеттер тізімі:
1. Ш. Бектұров, А. Бектұрова Қазақ тілі для начинающих.
2. К. Жүнісбекова Казахский язык.
3. Ж. Түймебаев Қазақ тілі қысқаша грамматикалық анықтағыш
4. Х. Кожахметова 40 уроков казахского языка
5. А. Мусинов, М. Мұхамбетқалиева, Е. Құдайбергенов Қазақ тілі
6. К. Аханов Қазақ тілі оқулығы

Атырау мұнай және газ институты
Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

19 – сабақ

Тақырыбы: Есімдік (Местоимение).
Мақсаты: Тақырыпты өрбітіп, есімдік түрлерін ажырата білу, сөйлемдер
құрауға жаттықтыру,ауызекі сөйлеуге үйрету.
Сабақтың жоспары мен жүру барысы:
Есімдік-есім сөздердің орнына жүретін (зат есім,сан есім,сын есім ) сөз
табы.Есімдік –сөйлем мүшелері (бастауыш, толықтауыш, анықтауыш) ретінде де
қолданысқа түседі.
Мыс: Біз саған келдік.
Бұл кітапты оқығанмын.
Оны мен оқыған жоқпын
Қазақ тілінде мағынасына қарай есімдіктің 7 түрі бар.
1.Жіктеу есімдіктері – Личные местоимения.
2.Сілтеу есімдіктері – Указателъные мест.
3. Өздік есімдіктері – Возвратные мест.
4. Жалпылау есімдіктері – Определителъные мест.
5. Сұрау есімдіктері – Вопросителъные мест.
6. Белгісіздік есімдіктері – Неопределенные мест.
7. Болымсыздық есімдіктері – Отрицателъные мест.
1.Жіктеу есімдіктері – негізінен заттық мағынаны білдіреді, соның қызметін
атқарады. Сұрақтары: кім? кімдер? не? нелер?
Мыс: мен, сен, сіз, ол – көпше, жекеше түрі.

2.Сілтеу есімдіктері – бұл, мынау, мына-этот, эта, это.
осы- этот
самый
қай? қайсы? – сұрақтары сол – тот самый
ол, анау,
ана – тот, та.
әні, міне,
сонау, әнеки.
3.Өздік есімдіктері - өз-сөзі (сам - себя)
Өздік есімдігі мынадай жұрнақтардан (суффиксы) тұрады.
а) –нікі, - дікі, -өзімдікі- мой, свой.
ә) –ше, -нше, өзімше – по своему.
4.Жалпылау есімдіктері. –бәрі, барлық, барша, күллі, бүкіл, күллі, бар,
бүтін,
түгел. Мысалы: Бәріміз театрға бардық. –Мы все ходили в театр.
5.Сұрау есімдіктері –кім? (кто?) не? (что?) неше? (сколько?) нешінші?
(который по счету?) қанша? нешеу? (сколько?) қандай? қай? (какой?) қайсы?
(который?) қайдан? (откуда?), қашан? (когда?), қалай? (как?), қайтіп?
(каким образом?), немене? (что такое?), қайда? (где? куда?).

6. Белгіздік есімдіктері: - біреу кто-то, бірдеме что-то, бірнеше
несколько, әлдеқайда где-то, куда – то, кейбір некоторый\ -ая, кейбіреу
қайсыбіреу – где-то, что-нибудь, әрқалай-әрбір, әркім, әрне, әрқайсысы –
каждый, всякий, әлдене – кое-что, әлдекім кто-то, әлдеқандай какой-то,
әлдеқашан, әлдеқалай, әлденеше, әлдебір, кейбіреулер.
Мысалы: Біреу есік қағады. Кто – то дверь стучить!

7.Болымсыздық есімдіктері – ешкім –никто ешнәрсе- ничто,
ештеме -ничего,
ешқандай – никакой,
ешқашан – никогда,
ешқайда – никуда,
ешқайдан –
ниоткуда, ешқалай – никак,
ешбір – ничего,
ешқайсы- никакой,
ешбіреуі – ничей,
ештеңе – ничего.

Мысалы: Ешкіммен сөйлеспейді, ешкімнің қасына бармады.
Ол ештеңе білмейді.

Тапсырмалар:

І. Сілтеу есімдігін табыңыз.
1. Мұнан басқа сөз айтып та үлгерген жоқ. 2. Не ексең, соны орасың
(мақал). 3. О шеті мен бұ шеті көз жетпейтін, бауырдай ілінген қоңыр
топырақ.4. Күлтайдың баяғы оқыған ағасы осы ауылға қызметке келді.
5. Мұныңыз адамшылық, енді Назгүлдің мұнда екенін тез барыңыз да
айтыңыз, ана жүрегін қуантыңыз. 6. Омардың оқыған інісі бар деуші еді,
сен солмысың ? – Иә, солмын ! 7. Анау Абай ағаға жүгінгенмін.

ІІ. Алматы көлі. Мәтіні.
Берилл – меруерт тастың бір түрі. Меруерт - жемчуг.
Мәтіннен есімдіктерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

ІІІ. Күллі, бәрі, бүкіл есімдіктерін келтіріп үш сөйлем жазыңыздар.
ІV. 5 жаттығу.

V. Сөйлемді көшіріп жазып, жақша ішіндегі еш сөзін тиісті жеріне өзінен
кейінгі сөзбен біріктіріп, тиісті емес жерінде бөлек жазыңдар.
1. Бірақ Көксерек әлі күнге (еш) бір уақытта қыңқ етіп, ауырсынған
дыбысын шығарған жоқ.
2. Тыңдамаса (еш) адам, өз жүрегім толғансын.
3. Жүз жасап, жүз жыл көрген бұл Жамбылды, (еш) қайда кетпе, -деді
Катя.
4. Сенен басқа (еш) жерден таба алмадым орнымды.
Атырау мұнай және газ институты
Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

VI. Ештеңе, ешбір, ешқайсысы, ешқайда деген болымсыздық есімдіктерін
қатыстырып сөйлем құраңдар.

VII. Есімдіктерді мағыналарына қарай, топ – топқа ажыратып, бөліп
жазыңдар.
Ешкім, бәрі, әлдеқашан, әркім,қайда, кейбір, қашан, барша, ешбір,
қайсы, күллі, қалай, анау, біреу, ешқашан, қандай, бар, қай тіл, неше,
әлденеше, қайсыбір, барлық, ешқандай, ешкім, ештеңе, бүкіл, өз, мына,
әлдеқалай, әлдекім, әлденешеу, әрбір, қай , қанша, бірнеше, қайбір,
нешеу, біреу.

Үйге тапсырма: Есімдіктің түрлеріне мысал келтіру.

Әдебиеттер тізімі:
1. Ш. Бектұров, А. Бектұрова Қазақ тілі для начинающих.
2. К. Жүнісбекова Казахский язык.
3. Ж. Түймебаев Қазақ тілі қысқаша грамматикалық анықтағыш
4. Х. Кожахметова 40 уроков казахского языка
5. А. Мусинов, М. Мұхамбетқалиева, Е. Құдайбергенов Қазақ тілі

Атырау мұнай және газ институты
Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

20 - сабақ

Тақырыбы: Етістік-Глагол
Мақсаты: Етістік туралы жалпы түсінік беру, жаттығу жұмыстары арқылы
толықтай меңгерту және студенттерді өз бетімен сөйлем құрастырып, сауатты
жазуға дағдыландыру.

Қысқаша сипаттама:
Заттың қимылын, ісін, күй-жайын білдіретін сөз табы етістік деп аталады.
Етістік сөйлемде көбінесе баяндауыш болады, не істеді ? не қылды? не
істелінді? қайтті? Деген сұрақтарға жауап береді.
Етістік істің белгілі бір уақытта болатынын білдіреді. Мысалы мен бардым,
мен барғанмын, мен барып едім (өткен шақ),мен барамын,мен барармын,мен
бармақпын(келер шақ), мен оқып отырмын, ол көріп тұр(осы шақ).

Тұлғасына қарай(По способу образования) :
1.Негізгі (непроизводные)---оқы(читай), жаз(пиши), бар(иди), кел(приходи),
бер(дай)

2.Туынды (производные)----тұзда(соли), гүлде(цвети),
ойна(играй),ойла(думай)

Мағынасына қарай (По значению):

1.Негізгі (Основные)----ал(бери), қал(останься), көр (смотри), әкел
(принеси)

2.Көмекші ( Вспомагательные)---бол(быстрей), әкет(унеси), тұр (вставай),
шық(выйди)

Құрамына қарай(По составу):.

1. Дара (Простое)---жаз(пиши), оқы(читай), ойна(играй), гүлде(цвети)

2. Күрделі (Сложные)—барып кел(сходи), кіріп шық(зайди), келіп
кет(приходи),алып бар(отнеси),алып қайт(принеси на обратном пути)

Тапсырмалар:
1. Көрсетілген жұрнақтарды пайдаланып, төмендегі сөздерден туынды етістік
жасаңыз.
1)-ла,-ле,-да,-де,-та,-те
Атырау мұнай және газ институты
Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

Бас,аяқ,ой, іс, су, тіс, таза, шеге, баға, әңгіме,із,көзде.

2)-лас,-лес,-дас,-дес,-тас,-тес:
Ақыл, қате, тіл, ұйым, үн, шарт, ым, сот, серт , сәлем.
3)-а, -е:
Ат, түн, тең, бос.
4)-қар, -кер,- ғар,-гер,-р:
Бас, ес.
5)-ар, -ер:
Ақ, көк, қысқа, жас.

2. Көп нүктенің орнына төмендегі сөздердің тиістісін қойып, сөйлемді
толықтырыңыз.

Біз бірінші курста ... ... Бос уақытымызда түрлі үйірмелерге ... ... .
Бірінші семестірді тобымыз жақсы ... ... Бір жылдың ішінде бір-бірімізді
жақсы ... .., тіпті достасып та ... ..
Керекті етістіктер: танып, қатысамыз, аяқтады, үлгердік, оқимыз

Үйге тапсырма: Дара және күрделі етістіктерді қатыстырып 6 сөйлем жазып
келу.

Әдебиеттер тізімі:
1. Ш. Бектұров, А. Бектұрова Қазақ тілі для начинающих.
2. К. Жүнісбекова Казахский язык.
3. Ж. Түймебаев Қазақ тілі қысқаша грамматикалық анықтағыш
4. Х. Кожахметова 40 уроков казахского языка
5. А. Мусинов, М. Мұхамбетқалиева, Е. Құдайбергенов Қазақ тілі

Атырау мұнай және газ институты
Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

21 -сабақ

Сабақтың тақырыбы : Етістіктің болымды және болымсыз түрлері

Мақсаты : Студенттерді етістіктің түрлерімен және олардың жасалу
жолдарымен таныстыру. Мамандықтарына байланысты мәтінмен

жұмыс.

Етістік іс әрекеттің жүру барысына орай болымды және болымсыз болып екіге
бөлінеді. Болымды етістік (положительные глаголы) іс - әрекеттің жүзеге
асатындығын білдірсе, болымсыз етістік (отрицательные формы глагола) іс-
әрекеттің жүзеге аспайтындығын білдіреді. Болымсыз етістік түбірге ма-ме,па-
пе,ба-бе жұрнақтары жалғану арқылы және жоқ, емес
көмекші етістіктерінің тіркесуі арқылы жасалады.
Отрицательная форма глагола образуется путем присоединения к исходной форме
суффиксов ма-ме, ба-бе, па-пе и присоединением служебных слов емес, жоқ.
Отрицательные суффиксы ма-ме , ба-бе, па-пе пишутся вместе со
словами, а служебные слова пишутся отдельно.
Оқыған жоқ (не читал)
Сөйлеген жоқ (не говарил)
Келген емес (не приходил)
Айтқан емес (не сказал)

Оқы (читай) Оқыма (не читай)
Сөйле (говари) Сөйлеме (не разговаривай)
Айт (скажи) Айтпа (не говари)
Көш (переезжай) Көшпе (не переезжай)
Сен (верь) Сенбе (не верь)
Көн (повинуйся) Көнбе (не повинуйся)

Жаттығулар 11, 13, 15
Қазақ тілі для начинающих Ш.Бектұров, А. Бектұрова

Әдебиеттер:
1. Рысбаева. Г.К. Қазақ тілі (грамматикалық анықтағыш)
2. К. Джунусбекова. Казахский язык
Атырау мұнай және газ институты
Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

22 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Етістер (Залог)
Мақсаты: Етістер туралы білімдерін толықтыру, тіл байлығын дамыту.
Қимыл - әрекеттің іс істеуші адамға қатынасын білдіретін етістіктің түрін
етіс деп атайды.
Етістің төрт түрі болады: өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс және
ортақ етіс.
Өздік етіс -ын, -ін, - н.
Мысалы: жу+ын, ки+ін, тара+н, т.б.
Өзгелік етіс - дыр, - дір, - тыр, - тір, - ғыз, - гіз, - қыз, -кіз, -
ыр, -ір, -т.
Мысалы: ойлан+дыр, киін+дір, ас+тыр, кес+тір,
жай+ғыз, бер+гіз, арт+қыз, жет+кіз, бат+ыр, кет+ір, боса+т т.с.с.
Ырықсыз етіс -ыл, -іл, -л.
Мысалы: ас+ыл, кес+іл, есепте+л т.б.
Ортақ етіс -ыс, - іс, -с.
Мысалы: Біз сенімен айтыспаймыз. Біздер хат
жазысып тұрамыз. Достар бір-бірімен құшақтасып амандасты.
Тапсырмалар:
Төмендегі сөйлемдерден етістіктердің етіс түрлерін (өздік етіс, ырықсыз
етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс) ажыратыңыз.
1.Вена маңынан құс ұялары табылады. Олардың бірі ұсақ металл сынықтарынан
жасалыпты. Құстар бұл құрылыс материалын осы маңға жақын жерде салынған
теміржол станциясынан тасып жасапты.

(Зерде журналы)
2.Колхоз егістігін жағалай түзу ағаш отырғызылады, яғни егіс алқабы
жасалады. Қазақстанның дала аймағында көбіне қайың егіледі. (Ғ.Мұст.)
Сырғалы бұтағынан гүл төгілген.
Өркені – жібек шашақ күлтеленген.
Қойғандай кесте тігіп ақ жібекке.
Теңбілін таң қалады адам көрген. (Д.Ә.)
Үйге тапсырма: Етістердің жұрнақтарын қатыстырып сөйлем құрап келу.
Әдебиеттер тізімі:
1. Ш. Бектұров, А. Бектұрова Қазақ тілі для начинающих.
2. К. Жүнісбекова Казахский язык.
3. Ж. Түймебаев Қазақ тілі қысқаша грамматикалық анықтағыш
4. Х. Кожахметова 40 уроков казахского языка
5. А. Мусинов, М. Мұхамбетқалиева, Е. Құдайбергенов Қазақ тілі
23- сабақ
Сабақтың тақырыбы: Көсемше ( Деепричастие)
Мақсаты: Көсемше бар сөздер арқылы ойларын жеткізіп, ерекшелігін түсіндіру.

Етістіктің бір түрі - Көсемше.
Көсемше мынадай 3 түрлі жұрнақтар арқылы жасалады:
1. -а, -е, -й ;
күл+е күле береді, жаз+а (жаза салды), сөйле+й (сөйлей берді) т.б.
2. –ып, -іп, -п;
ал+ып (алып қойды), іл+іп (іліп алды), сана+п (санап берді) т.с.с.
3. - қалы, -келі, -ғалы, -гелі,
ұсын+ғалы, бер+гелі, жап+қалы, кет+келі т.с.с.
Көсемше пысықтауыштың және баяндауыштың қызметін атқарады.
Мысалы: Асығып (қалай?) сөйледі. Ол жымиып (қалай?) күлді.
Ол үйіне барып келді. Ол сөйлескелі келді.
Тапсырмалар:
1. Сөйлемдерден көсемшені тауып, ауызша түрде орындаңыз, қай түрі
екенін ажыратыңыз.
Жібек үйге сөйлей кірді. Менің әкем жатып оқиды. Сәуле бір топ адамды
бастап келді. Мен кітапты оқып бітірдім. Мен институтқа келіп едім, сен
кетіп қалыпсың. Ол үйге келе кітап оқыды. Саған мен бірдеңе айта келдім. Ол
кино көргелі келді. Ол менімен сөйлескелі келді.
2.Етістіктердің мағыналарын анықтап, бұлардан көсемше жасаңдар.
Үлгі: сал-сала, салып, салғалы.
Сал. Тер. Ойла. Құр. Бекіт. Сөйле. Айт. Жүр.Тұр. Көрсет. Жат. Жаз. Жан.
3.Төмендегі көсемшелерден сөйлемдер құраңыз.
Көргелі, сөйлескелі, амандасып, ойланып, тыңдай, жазып, күліп.
4. Жақшадағы етістіктерді көсемшеге айналдырыңыз.
Мен саған (бару) жатырмын. Самат маған (айту) отыр. Ләззат хат (жазу) отыр.
Сені (көрмеу) көп болды. Бала кереуетте (ұйықтау) жатыр. Мен мына кітапты
(оқу) отырмын. Студенттер емтиханды (тапсыру) жатыр. Меруерт әжесіне көйлек
(алу) жатыр. Бала (ояну) қалды. Мұғалім бізбен (сөйлесу) келді.
Қорытынды: Берілген сөйлемдер арқылы студенттердің жаңа тақырыпты
қаншалықты түсінгендерін байқау.
Үйге тапсырма: Қазақстан экономикасы. (Мәтінмен жұмыс)
Әдебиеттер тізімі:
1. Ш. Бектұров, А. Бектұрова Қазақ тілі для начинающих.
2. К. Жүнісбекова Казахский язык.
3. Ж. Түймебаев Қазақ тілі қысқаша грамматикалық анықтағыш
4. Х. Кожахметова 40 уроков казахского языка
5. А. Мусинов, М. Мұхамбетқалиева, Е. Құдайбергенов Қазақ тілі
Атырау мұнай және газ институты
Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

.24- сабақ

Сабақтың тақырыбы: Есімше (Причастие)
Мақсаты: Студенттерге есімшенің ерекшелігін түсіндіріп, білімдерін
жетілдіру.

Есімше түбір етістік бола тұра, есімдерше тұлғаланатын етістіктің түрі.

Есімше мына жұрнақтар арқылы жасалады:
1) –ған, -ген, -қан, -кен: ал-ған, көр-ген, айт-қан, кет-кен;
2) –ар, -ер, -р: бар-ар, кел-ер, оқы-р;
3) –атын, -етін, -йтын, -йтін: айт-атын, кел-етін, тыңда-йтын, сөйле-
йтін.

... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Саяхаттану пәні бойынша жұмыс бағдарламасы
Педагогика пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасы
Қазақ тілі – 1 пәні
Қазақ тілі бағдарламасы, оның оқулықпен байланысы
«АРНАЙЫ МАҚСАТТАРҒА АРНАЛҒАН ШЕТЕЛ ТІЛІ» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУШЫНЫҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәннің студенттерге арналған жұмыс оқу бағдарламасы «менеджмент» пәні бойынша
Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәні
Net - программалау пәні бойынша оқу бағдарламасы (syllabus)
«Қазіргі қазақ тілі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Интернет құралдары бойынша жұмыс оқу бағдарламасы
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь