Ауыл шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмін зерттеу



Кіріспе
1. Ауыл шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмінің теориялық негіздері
1.1 Агроқұрылымдарда шаруашылық механизмінің теориялық негіздері
1.2 Ауыл шаруашылық өндірістегі түрлі меншіктегі шаруашылық механизмінің ерекшелігі
2.1 Шаруашылық жүргізудің
2.2 Шаруа (фермер) қожалықтарының шаруашылық механизмін жүргізудің жағдайлары.
3.1 Ауылдың экономикасын жетілдіруде аграрлық өндірістегі шаруашылық механизмінің рөлі
3.2. Ауыл шаруашылық құрылымдарында өндірісті мамандандыруды жетілдірудің маңызы
Қорытынды
Мемлекеттің аграрлық секторының қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі негізгі проблемаларның бірі саланы тезірек нарық қатынасына қалыптастыру, халықты отандық азық-түлік, өнеркәсіпті шикі зат өнімдерімен жеткілікті түрде қамтамасыз ету, өндірістің тиімділігін арттыру, бәсекелікке төтеп беретін өнім өндіру және әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті дамыған 50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыру болып отыр. Сол үшін аграрлық секторда бірінші кезекте шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмін қалыптастыру және дамыту өте қажетті қозғаушы күштің негізгісіне айналуда.
Мемлекеттің халық шаруашылығының барлық салаларының ішінде ауыл шаруашылығында біразға созылған экономикалық дағдарыстан шығуы бірте-бірте өз нәтижесін беріп келеді. Дегенмен, өндірістің негізгі саласының бірі, азық-түлік және шикі зат проблемасын шешетін ауылшаруашылығында өнім өндіру өсімі әлі де болса төмен деңгейде. Өндірістерде қалыптасқан жағдайларды сараптай және талдай келе аграрлық сектордағы шешілмей жатқан мәселелерді зерттеу, ауыл шаруашылық өндірісінің экономикасына әсер ететін іс-шараларды (тиімділігін көтеретін, бәсекелікке лайықты өнім өндіру т.б.) жүзеге асыру нарық жағдайындағы келесі мәселелердің негізгісі болып отыр.
Қоғамның даму жағдайы, өндірістердегі күрделі өзгерістер шаруашылық жүргізудің барлық денгейінде басқару мен экономикалық ынталандырудың барынша тиімді жолдарымен әдістерін іздестіруді және қолдануды талап етуде. Шаруашылық жүргізудің механизмін нарық қатынасына бейімдеу, ұдайы өндіріс көрсеткіштерінің, атап айтқанда, өндірістің тиімділігі, өнімнің сапалы түрде көлемінің өсуі, еңбек өнімділігінің көрсеткіштері, өндіріс, айырбас, тұтыну, үлестіру жүйелерін қалыптастыру қазіргі алғы шарттардың бірі болуда.
Ауыл шаруашылық өнімдерін және азық-түлік проблемасын шешу жалпы мемлекеттік деңгейде өте маңызды проблема болғандықтан, оны жақын уақыт ішінде шешу, құрылымдардағы өндірістерге реформаның жаңа түрін енгізу, экономика ғылымында қалыптасқан теориялық және әдістемелік -тәжірибелік шараларды қолданудың қажеттілігін керек етіп отыр.
Сондықтан да, шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмдерін макро және микро деңгейде жаңадан игеру, оған экономикалық мән беру, өндіріске енгізу, пайдалану қазіргі өндірістің даму кезеңіндегі өзекті мәселелердің негізгісі. Тәсілдерді қолдану жөнінде ғалым экономисттер Әбділдина Л.Е., Калдыбаев O.K., Кемел М.К., Кубаев К.Е., Молдашев А.Б., Нурланова Н.К., Нурсеит А.Ш., Сейфуллин Ж.Т., Сундетов Ж.С., Тінәсіл М.Д., және де бір қатар басқа авторлар өз жұмыстарында көрсетуде.
1. Назарбаев Н.А. Послание Президента РК народу Казахстана. Астана 2004
2. Калиев Г.А. Аграрная реформа в Казахстане: история, современность, перспективы. Алматы: «Бастау» 1998
3. Ашимбаев Т.А. «Экономика Казахстана на пути к рынку». Алматы. Изд. «Казахстан» 1994. –С. 168
4. Куватов Р.Ю. «Повышение эффективности АПК» // Алма-ата, Кайнар 1991.-С.166
5. Буткаев И. «НЭП: прошлое и необходимое на сегодня»// Вопросы экономики, 1990.- № 3- С.36-37
6. Аутов Р.Р., Ертазин Х.И. «Другие проблемы перехода к регулируемым рыночным отношениям в АПК»// Каз.СХИ, Алматы 1992.-С. 24-25
7. Аутов Р.Р. «Острые грани перестройки АПК»// Алматы: «Кайнар», 1990. –С. 154
8. Шутьков А.А. «Аграрной реформе –научный подход и законодательную основу»// М.Ж. «Сельское хозяйство»1995. -№ 1
9. Купешев А.Ш. «Производственные кооперативы и из формирование, интеграция в хлопководстве –важные условия разития АПК в условиях рынка»// Алматы, «Экономика и статистика» ежеквартальный журнал республиканского агентства по ститистики, №3 – 2003.- С. 59-61
10. Закон «О предприятиях», 1991
11. «Проблемы повышения эффективности агропромышленного производства Казахстана в условиях перехода к рынку»// Сборник научных трудов под редакцией Ж. Балапанова, Алматы, 1992.- С. 8-27
12. Указ Президента РК «О национальной программе разгосударствления и приватизации в Республике Казахстан на 1993-1995 годы (2 этап)»// газета Каз. Правда, 5 марта 1993 года.
13. Буздалов И.Н. «Аграрная реформа и рынок»// Ж. АПК: Экономика, управление, 1991.- № 2
14. Калиев Г.А. Аграрная реформа в Казахстане: история, современность, перспективы. Алматы: «Бастау». 1998
15. Кензегузин М.Б. «Проблемы стабилизации и развитие экономики»// Алматы, «Ғылым»,1997
16. Куралбаева А.Ш. «Развитие крестьянских (фермерских) хозяйств как основа малогои среднего бизнеса»//2002. Шымкент 6.0. п.л.
17. Буздалов И.А. «Собственность и рынок»// Ж. АПК: экономика, уравление.1993 № 1 С. 13-16
18. Оспанов М.Т., Аутов Р.Р., Ертазин Х. «Теория и практика агробизнеса». Алматы.1997
19. Калиев Г.А. и другие «Казахстанский рынок в АПК»// Алматы изд. «Кайнар» 1997.
20. Чаянов А. В. «Организация сельского хозяйства» Москва: «Колос», 1993- № 9. С. 8-12
21. Куралбаева А.Ш., Жузбаева А.Т. Научно-теоретические основы мирового хлопка рынка. ж. «Наука и образование» ЮКГУ, им. М.О. Ауезова, Шымкент, 2002 г.
22. Указ Президента РК «О дополнительных мерах по приватизации имущества государственных, сельскохозяйственных и обслуживающих предприятий агропромышленного комплекса»// Каз. Правда, 1993
23. Закон «О хозяйственных товариществах и акционерных обществах»
24. Бураков С. «Проблемы сочетания различных форм хозяйствования и собственности в АПК»// Ж. Экономика сельскохозяйственных и перерабатывающих предприятий, М. 1991. № 10 –С.21-23
25. Купешев А.Ш. «Эффективность производства на предприятиях различных форм хозяйствования в условиях многоукладной экономики»// Алматы, университет «Туран». Материалы международной научной конференции, посвященной 85- летию академика НАН РК Т.А. Ашимбаева
26. «О совершенствовании системы органов хозяйственного управления»// Указ Президента РК от 23 июня 1993 года
27. «Өндірістік кооперативтер туралы» заң күші бар ҚР Президентінің 1995 жылғы 5 қазандағы № 2486 Жарғысы
28. Купешев А.Ш. «Особенности интенсификации хлопководства в многоукладной экономике»// Алматы. Ж. Каз. ЭУ хабаршысы им. Т. Рыскулова, № 3-2003.- С. 23-25
29. Калиев Г.А., Григорюк В.В. и др. «Трудовые крестьянские (фермерские) хозяйства»// Алма-ата, КазНИИЭО АПК 1990
30. Купешев А.Ш. «Сельскохозяйственное производство в условиях рыночной экономики»// Алматы, 2001 год Университет «Туран». Материалы международной научной коференции. Десять лет реформ на постсоветском пространстве, ожидания, результаты, перспективы, ч.З. – С. 78-82
31. Куралбаева А.Ш. Совершенствование структуры производства в хлопководстве как основа повышения эффективности в условиях рынка. Материалы международной научно-практической конференции. Алматы. Университет «Туран», 2004г, 21-22 мая. С. 256
32. Прудон П.Ж. Что такое собственность? – М.: ЮНИТА -1936
33. Менгер К.Р. Основы политической экономики: Пер. С англ. – Москва, Оскар. – 1997
34. Сулейменов Ж.Ж. «Проблемы государственного регулирования аграрного производства РК». Международная научно-практическая конференция «Национальные экономические системы в Центрально-Азиатском союзе: возможности и перспективы интеграции» 27-29 мая 2005 г. Туркестан. ч. 1. С. 268-280

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ОБ-001033
Кіріспе
Мемлекеттің аграрлық секторының қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі
негізгі проблемаларның бірі саланы тезірек нарық қатынасына қалыптастыру,
халықты отандық азық-түлік, өнеркәсіпті шикі зат өнімдерімен жеткілікті
түрде қамтамасыз ету, өндірістің тиімділігін арттыру, бәсекелікке төтеп
беретін өнім өндіру және әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті
дамыған 50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыру болып отыр. Сол үшін
аграрлық секторда бірінші кезекте шаруашылық жүргізудің экономикалық
механизмін қалыптастыру және дамыту өте қажетті қозғаушы күштің негізгісіне
айналуда.
Мемлекеттің халық шаруашылығының барлық салаларының ішінде ауыл
шаруашылығында біразға созылған экономикалық дағдарыстан шығуы бірте-бірте
өз нәтижесін беріп келеді. Дегенмен, өндірістің негізгі саласының бірі,
азық-түлік және шикі зат проблемасын шешетін ауылшаруашылығында өнім өндіру
өсімі әлі де болса төмен деңгейде. Өндірістерде қалыптасқан жағдайларды
сараптай және талдай келе аграрлық сектордағы шешілмей жатқан мәселелерді
зерттеу, ауыл шаруашылық өндірісінің экономикасына әсер ететін іс-шараларды
(тиімділігін көтеретін, бәсекелікке лайықты өнім өндіру т.б.) жүзеге асыру
нарық жағдайындағы келесі мәселелердің негізгісі болып отыр.
Қоғамның даму жағдайы, өндірістердегі күрделі өзгерістер шаруашылық
жүргізудің барлық денгейінде басқару мен экономикалық ынталандырудың
барынша тиімді жолдарымен әдістерін іздестіруді және қолдануды талап етуде.
Шаруашылық жүргізудің механизмін нарық қатынасына бейімдеу, ұдайы өндіріс
көрсеткіштерінің, атап айтқанда, өндірістің тиімділігі, өнімнің сапалы
түрде көлемінің өсуі, еңбек өнімділігінің көрсеткіштері, өндіріс, айырбас,
тұтыну, үлестіру жүйелерін қалыптастыру қазіргі алғы шарттардың бірі
болуда.
Ауыл шаруашылық өнімдерін және азық-түлік проблемасын шешу жалпы
мемлекеттік деңгейде өте маңызды проблема болғандықтан, оны жақын уақыт
ішінде шешу, құрылымдардағы өндірістерге реформаның жаңа түрін енгізу,
экономика ғылымында қалыптасқан теориялық және әдістемелік -тәжірибелік
шараларды қолданудың қажеттілігін керек етіп отыр.
Сондықтан да, шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмдерін макро
және микро деңгейде жаңадан игеру, оған экономикалық мән беру, өндіріске
енгізу, пайдалану қазіргі өндірістің даму кезеңіндегі өзекті мәселелердің
негізгісі. Тәсілдерді қолдану жөнінде ғалым экономисттер Әбділдина Л.Е.,
Калдыбаев O.K., Кемел М.К., Кубаев К.Е., Молдашев А.Б., Нурланова Н.К.,
Нурсеит А.Ш., Сейфуллин Ж.Т., Сундетов Ж.С., Тінәсіл М.Д., және де бір
қатар басқа авторлар өз жұмыстарында көрсетуде.
Алайда, зерттеулердің басым көбі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының
шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмдерінің макроорта элементеріне
бағыттаған. Бұны қазіргі күні нарық қатынас жағдайында ауыл шаруашылық
құрылымдарының табысты қызмет етуіне әсері айтарлықтай болмай отырғанын
ескертуге болады.
Сондықтан да, осының бәрі шаруашылық жүргізу механизмін агроқұрылымдарда
қалыптастыру проблемасын таңдап алуға себепкер болды.
Құрылымдардың экономикалық қызметінің негізгі ішкі және сыртқы
факторларын анықтау ғана саланың табысты дамуына қажетті жағдайларды
қамтамасыз етеді.
Ауыл шаруашылығын жетілдіру барысында келесі мәселелерді шешу
қарастарылды: агроқұрылымдарда экономика қатынасының ғылыми-теориялық
негізде даму әдістемелік маңызын талдау; шаруашылық жүргізу мен шаруашылық
жүргізудің экономикалық механизмінің отандық және шетелдік мәнімен
құрылымына шолу жасау; Қазақстан Республикасындағы реформаны қалыптастыру
жағдайындағы түрлі меншіктегі экономика механизмінің ерекшектелерінің
теориялық негізін анықтау; экономика механизмінің өндіріс рентабельділігін
көтеруге тигізетін әсеріне талдау жасау; ауыл шаруашылық өндірісінің
экономикасының дамуына ықпал ететін қозғаушы күштер (факторлар) және оны
зерттеудің маңыздығына зер салу; агроөндірісіндегі жаңа құрылымдардың
шаруашылық жүргізу механизмін ұйымдастыру — экономика концепциясына түсінік
беру:
Дипломдық жұмыстың құрылымы
1. Ауыл шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмінің теориялық
негіздері
1.1 Агроқұрылымдарда шаруашылық механизмінің теориялық негіздері
Қазақстан мемлекетінің экономикасының сапалы жаңа деңгейге көтеру және
ондағы өзгерістер қажеттілігінің туындауы бәсекеге қабілетті экономиканы
қалыптастыруға бағытталған. Бұндай өзгерістерді бұрын қалыптасқан
шаруашылық жүргізудін экономикалық механизмін жан-жақты зерттеп,
кемшіліктерін анықтап, қайта құру жолымен ғана іске асыруды өмір талап етіп
отыр. Шаруашылық жүргізу жүйесі элементтерінің өзара байланыссыз,
үйлесуінсіз қызмет етуі оның тиімділігін төмендетеді, кей жағдайда, тіпті
оны жоққа шығарады. Шаруашылық механизмінің барлық элементтерінің өндіріс
барысында кешенді және өзара байланыса жетілуі ғана кәсіпорынның
өміршеңдігін қамтамасыз ете алатыны қазіргі экономика жағдайының ерекшелігі
болып отыр [1].
Агроөнеркәсіп құрылымдарының дамуы еңбек ұжымдарының шаруашылық іс-
әрекетін ынталандыру формаларының күрделі жүйесін туғызатын, белгіленген
өндірістік қатынастар жүйесімен анықталатын мәселе. Ауыл шаруашылық
кәсіпорындарының, оның шаруашылық бөліктерінің, қызмет етуі мен дамуында
шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмнің маңызы зор.
Шаруашылық жүргізу механизмі деп өнімді өндіру, қызмет көрсету
бойынша өндірістік қатынастар мен экономиканы басқаруға
негізделген
шаруашылық жүргізу жүйесін түсіндіреді.
1. Шаруашылық жүргізу механизмін шаруашылықты басқару жүйесінен
әлдекайда кең ұғым деп қарастырады.
2. Шаруашылық жүргізу механизміне тек экономиканы басқаруға қатысты
категорияларды ғана жатқызады.
4. Шаруашылық жүргізу механизмі нақты қалыптасқан
жағдайға
байланысты шаруашылық жүргізудің нақты формалары, басқару әдістері,
құқықтық нормалары, ұйымдық құрылымдарының жиынтығын көрсетеді. Осылардың
көмегімен қоғам экономикалық заңдары қолданылады.
Қазіргі таңда шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмі ұғымына да
түрліше түсінік берілуде. Шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмі
туралы түрлі көзқарастар ішінен бірқатар анықтамаларды атап өтуге болады.
Олардың ішінде ғалым-экономист, академик Ғ.Ә. Калиевтың, айтыуы бойынша,
шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмдері ұғымын өндіріс, айырбас,
үлестіру, тұтыну және жинақтау өрісіндегі экономикалық қатынастар
механизмдері, немесе осы қатынастарды реттеу және ынталандыру әдістері мен
тәсілдерінің өзара байланысты жүйесі, экономикалық процестерді бағалаудың
критерийлері мен көрсеткіштері, деп түсіндіреді [2].
Басқа ғалым-экономист, атап айтканда, Ұлттық академияның академигі
Т.Әшімбаев, шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмін өнім өндірісінің
экономикалық реттегіштері мен оларды қолдану ережелерінің жүйесі деп
дәлелдейді. Экономикалық реттегіштер жүйесіне, олар, өнім мен қызмет
бағаларын, салықтар мен басқа да бюджеттік төлемдерді, бюджеттен бөлінетін
жәрдем ақылар мен несие үшін төленетін пайыз мөлшерін, бюджеттік
қаржыландыру, еңбек ақы, экономикалық ынталандыруды жатқызған [3].
Ал, ғалым-экономист, академик Р. Ю. Қуватовтың пікірі бойынша,
экономикалық механизм - бұл қоғамдық таным; ол арқылы қоғамның даму өмірі
мен оның қазіргі өсу жағдайын дәлелдеуге болады. Оның пікірінше,
экономикалық механизмдер құрамына ауыл шаруашылығына және оның қатысты
өндірісіне негізгі біраз мәселені бөліп көрсетуге болады. Олар - жер
қатынастары, баға белгілеу, салық салу, несиелеу, сақтандыру, жоспарлау мен
болжамдау, мақсатты бағдарламаларды субсидиялау, келісім шарт қатынастары,
меншік түрлерінің дамуы, еңбекті ынталандыру, монополияға қарсы қызмет,
сыртқы экономикалық байланыстар [4].
Экономикалық механизмдер экономикалық заңдар талаптарына сәйкес жүзеге
асыру бағыттарын түсіну арқылы тарихи дамудың әрбір кезеңінде қайта
қаралып, жаңадан қалыптастырылуы қажет. Аталған экономикалық заңдар адамның
қызметі арқылы жүзеге асырылады. Бұнда, мемлекеттік, ұжымдық және жеке адам
мүдделері ескеріле отырылып, шаруашылық жүргізудің экономикалық
механизмдерінің қызмет етуіне мүмкіндік жасайтын қозғаушы күштің калыптасуы
деп түсінуге болады.
Шаруашылық жүргізу механизмі мен шаруашылық жүргізудің экономикалық
механизмі деген ұқсас ұғымдарды ажырата білген жөн. Өйткені, шаруашылық
жүргізу механизмі деп, бүкіл мемлекеттік механизмінің ортақ мақсатына ықпал
жасайтын, оған жетуге итермелейтін, қызмет атқаратын бірыңғай ірі қозғаушы
ұйымдастыру күшке айналуын айтады. Барлық жағдайда шаруашылық жүргізу
механизмі категориясы тұтас әлеуметтік қоғамға қатысты қолданылады, яғни
тек макродеңгейде ғана пайдаланылады. Ал, әлеуметтік қоғам жүйесінің
элементтерінің бірі мемлекет болып табылады.
Жалпылама түрде, экономикалық ынталандыру мен құқықтық мөлшерлер
көмегімен қоғамдық өндіріс пен басқаруды ұйымдастырудың түрлері мен
әдістері шаруашылық жүргізу механизмі деген ұғым береді. Бұл - өндіріске
экономикалық ықпал ету жүйесі мен экономикалық қатынастардың қызмет ету
түрлерінің жиынтығы. Көптеген экономисттер шаруашылық жүргізу механизмінің
мәнін өндірістің басымды түрімен сипаттайды.
Бірақ та шаруашылық жүргізу механизмінде көбіне оның буындарын бөліп
көрсететінің атап өткен жөн (өндірісті және шаруашылық байланыстарын
ұйымдастыру формалары, жоспарлау құрылымы, формалары мен әдістері,
өндіріске экономикалық әсер ету тұтқаларының жиынтығы).
Шаруашылық жүргізу механизмінің мазмұнын өндірістік қатынастар жүйесінің
шеңберімен ғана шектеу қажеттілігі (дұрыстығы) мәселесі бойынша
экономисттер арасында бірдей көзқарас жоқ. Бірқатар экономисттер шаруашылық
жүргізу механизмін толық суреттеу үшін өндірістік қатынастар жүйесін
қолдану жеткіліксіз деп санайды. Олардың көзқарасы бойынша, тарихи
материализм, құқық, психология және т.б. категорияларына да талдау жүргізу
екенін ескереді. Алайда, біздің ойымызша, бұндай зерттеу саяси-экономикалық
шеңберінен тыс шығып кетеді.
Шаруашылық жүргізу механизмінің элементтерін анықтағанда шаруашылық
жүргізу механизмі категориясын түсіндіруден бастаған жөн. Сондықтан
шаруашылық жүргізу және механизм деген ұғымдарды жекелей қарастырып
түсіну қажет.
Шаруашылық жүргізу механизмі категориясының мәнін анықтағанда тағы да
төмендегі жағдайларға назар аударған абзал. Механизм ұғымын (грек тілінен
аударғанда — машина) саяси экономия механика ғылымынан алып қолдануда.
Экономикаға қатысты механизм категориясын барлық формация экономисттері
өз жұмыстарында кеңінен қолданған. Олар қоғамдық механизм, буржуазиялық
құрылыс механизмі, өндірістік механизм, қоғамдық шаруашылық жүргізу
механизмі сияқты ұғымдарды көптеп қолданған болатын.
Механикада механизмнің құрамдас компоненттеріне келесілерді жатқызады:
* кірме буын - машина-двигателінен қозғалыс алатын құрылғы;
* шығатын буын - машина-құралға қозғалыс беретін құрылғы;
- қозғалысты реттейтін буын - кіретін құрылғыдан шығатын құрылғыға
жеткізетін құрылғы.
Кәсіпорынның шаруашылық жүргізу элементтерін нақтылай түсу мақсатында
келесі мәселелерді анықтап алған жөн:
1. Механизмнің кіретін буыны ретінде нені қарастыру қажет және қай
жерден олар қозғалысқа импульс алады (шаруашылық жүргізу механизмін
иерархия түрінде құрғанда экономикалық рөль мәселелері және өндірісті
басқару жүйелері).
2. Механизмнің шығатын буыны ретінде нені қарастыру қажет және қай
жерге олар импульсын береді (өндірісті ұйымдастырғанда
өндірістік
қатынастар мен құрылымдық деңгейлердің проблемалары).
3. Шаруашылық жүргізуде үлестіретін буын ретінде нені қарастырған жөн
және өндірісті реттеу тәсілдері қандай болады (шаруашылық жүргізудің мәні,
мазмұны, құрылымы және жетілдіру жолдарының проблемалары).
Мемлекеттің экономикалық саясаты кәсіпорынның шаруашылық жүргізу
механизміне әсер ету көзін анықтайтын негіз болып саналады. Мемлекеттің
экономикалык саясатында екі шешуші күш бар:
* мемлекеттің ұйымдастыру күші:
* аймақтың ұйымдаспаған күші [5].
Сондықтан, нарық жағдайында, кәсіпорынның шаруашылық жүргізу механизмі
өндірісті қозғау импульсын үш бастамадан алады:
- мемлекет, аймақтың атқару органдарынан;
- экономикалық қатынастар мәселелері бойынша жұмыскерлердің шешімдері
мен келісім шарттарының шешімдері түрінде кәсіпорынның еңбек ұжымынан;
- өнім (тауар) тұтынушыларынан.
Бұдан бұрын айтылған мәселелер кәсіпорындарға қатысты шаруашылық жүргізу
механизмін анықтап өтуге мүмкіндік берді. Кәсіпорынның шаруашылық жүргізу
механизмі - бұл ұдайы өндіріс барысында өндірістік күштер мен өндірістік
қатынастардың дамуы мен өзара әрекет ету формалары мен әдістерінің жүйелі
түрде үйлесі болып табылады.
Шаруашылық жүргізу механизмін жетілдіру өздігінен емес, өнім өндірісін
барынша көбейту құралы ретінде маңызды болып келетінін атап өткен жөн.
Шаруашылық жүргізу механизмі өздігінен жетілу қабілетіне ие және
қоғамдык өндіріс элементтерінің жиынтығына неғұрлым бейімделгіш және сай
болса, солғұрлым ол тиімді болып келеді деген тұжырымдама жасаған
экономисттерді қолдаймыз.
Меншік қатынастары, оның формалары, өзара әрекет ету принциптері,
экономикалық заңдар, олардың дамуы осы жүйенің іргетасы саналады. Бұл
шаруашылық жүргізу механизмін толық сипаттай алмайды.
Экономикалық әдебиетте шаруашылық жүргізу механизмінің ықпал ету өрісіне
шаруашылық қызметтің қай формалары мен әдістерін, қатынастарын енгізу
мәселесі бойынша әртүрлі көзқарастар қалыптасқан.
Алайда, экономика категориясы (кең мағынада) өндіріс, айырбас,
үлестіру, тұтыну барысында адамдар арасында туындайтын өндірістік
қатынастар жиынтығын, яғни қоғам базисін анықтайды. Бұл дегеніміз, ол
қондырма элементтеріне әсер еткенмен, олар назардан тыс қалып отыр
(қоғамның мемлекеттік құрылысы, ұлттық қатынастар, идеологиялық және саяси
өмір, құқықтық, моральдық, философиялық және діни көзқарастар, т.с.с.).
Осыдан, шаруашылық жүргізу механизмі ұғымын түсіндіргенде қондырма
элементтері қамтылмай отыр. Алайда, олар қоғам тарапынан белгілі-бір
реттеуді қажет ететіні даусыз.
Мұнда маңызды, күрделі, перспективті проблемалардың бірі болып табылатын
өндірістік қатынастар (экономикалық базис) мен өндірістік күштер мен қоғам
қондырмасының түйіскен жерінде пайда болатын шекаралық категориялар
мәселесіне келіп тіреледі. Мәселенің мәні келесіде, қоғамдық құрылымның
(өндірістік қатынастар, экономикалық базис, қондырма) түрлі элементтері
өзара қатаң шекарамен бөлінбеген. Олардың түйіскен жерінде қатынастардың
шекаралық қабаты қалыптасады. Ол, ендігі жерде, қоғамдық құрылыстың екі
өрісінің де қатынастары болып табылады.
Сондықтан, шаруашылық жүргізу механизмін тек экономикалық базис өрісіне
немесе қондырмаға ғана қатысты категория деп қарастыру бұл ұғымды толық
анықтамай, біржақты болып қалады. Бұл, өте маңызды категорияның мәнін
соңына дейін ашып беруге мүмкіндік бермейді.
Бұдан, шаруашылық жүргізу механизмін кең мағынада түсіндіретін
авторлардың тұғырнамасы дұрыс болып келетінін атап өту қажет:
Шаруашылық жүргізу механизмі әлеуметтік, саяси қатынастарымен
байланысты. Ол қондырма құбылыстарын да қамтиды, атап айтқанда құқықтық
нормаларын, еңбек және мүліктік, т.б. қатынастарын реттеу мәселелерін;
Шаруашылық жүргізу механизмі қоғамдық ұдайы өндіріс процесін
реттеу құралдары мен әдістерінің жиынтығының барынша кең,
кешенді
сипаттамасы болып табылады [6,7].
Қоғамдық ұдайы өндіріс категориясы шаруашылық жүргізу механизмінің әсер
ету өрісін дәлірек сипаттайды, өйткені қоғамдық өнім, жұмыс күші мен
өндірістік қатынастардың ұдайы өндірісін, сонымен бірге қоғамдық қондырманы
(саясат, идеология, құқық, мораль, т.б.), яғни қоғамның бүкіл қызметін
қамтиды. Осыған орай шаруашылық жүргізу механизмін қоғамдық механизмдер деп
атау дұрыс болар. Қоғамдық механизмдер көмегімен қоғамның өмірі реттеліп
отырады деп айтуға болады. Алайда, шаруашылық жүргізу механизмі категориясы
экономикалық терминдерге сіңіп кеткендіктен, осы атауды өзгертпей-ақ қоюға
болады.
Шаруашылық жүргізу механизміне (қоғамдық механизміне) келесідей анықтама
беруге болады: Шаруашылық жүргізу механизмі дегеніміз - бұл белгілі-бір
қоғамдық-экономикалық формацияға тән қоғамдық өмірдегі ұдайы өндіріс
процесін реттеу әдістерімен (ұйымдастыру, экономикалық, құқықтық,
моральдық, діни, т.б.) сипатталынатын шаруашылық жүргізу тәсілдері [8].
Шаруашылық жүргізу механизмінің функционалдық құрылымын келесі
түрде сипаттау қажет:
- әлеуметтік механизм (идеология; ұлттық және таптық
қатынастар;
әлеуметтік қамсыздандыру; кадырлар даярлау; еңбек пен денсаулықты қорғау) -
бұлар жеке тұлғаның дамуы мен әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ететін және
адамдар қажеттілігін қанағаттандыру бойынша экономикалық
қызмет
нәтижелерінің жүзеге асырылуын реттейді;
* ұйымдық-экономикалық механизм (баға белгілеу; айырбас пен үлестіру;
салық салу; қаржыландыру мен несиелеу; өндірісті ұйымдастыру және басқару;
материалды ынталандыру және жауапкершілік; меншікті иеленуі құқықтарын
жүзеге асыру формалары мен) - бұлар шаруашылық жүргізу механизмінің негізгі
және бастапқы буыны болып табылады және моральдық, эстетикалық нормалар
шеңберінде материалдық игіліктердің өндіріс, тұтыну
қатынастарының жүйесін реттейді;
* құқықтық механизм ( жеке құқықтар мен еркінділік; саяси құқықтар мен
еркінділік; мәдени-әлеуметтік құқықтар мен еркінділік;
әлеуметтік-
экономикалық құқықтар мен еркінділік) - бұлар меншіктің түрлерін және
азаматтардың негізгі құқықтары мен еркінділігін заң жүзінде бекітеді (1-
сурет).
Шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмі шаруашылық жүргізу
механизмінің құрамдас бөлігі болып табылады. Шаруашылық жүргізу механизмін
жалпы экономиканың қызмет атқару тәсілі деп қарастыру, шаруашылық
жүргізудің экономикалық механизмі экономиканың бастапқы буыны ретіндегі
тікелей кәсіпорынның өндірістік қызметін талдау арқылы сипатталады.
Шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмінің мазмұнын өндірістік
қатынастар жүйесі шеңберінде қарастыру қажет.
Саяси экономика тұрғысынан, өндірістік қатынастар - бұл материалды
бағалықтардың өндірісі, оларды үлестіру, айырбастау, тұтыну барысында
адамдар арасында құрылатын экономикалық қатынастар жиынтығынан туады.
Өндірістік қатынастар кез-келген өндіріс тәсілінің қажетті шарты болып
табылады. Өндірістік қатынастар шектері - бұл олардың қызмет ету өрістері
туралы мәселе болып келеді [9].
Ел экономикасы - бұл бірыңғай халық шаруашылық кешені. Ал оның бастапқы
буыны кәсіпорын (өндірістік кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер және
т.б.) болып табылады.
Өндірістік қатынастар жүйесінің анықталған деңгейлері негізгі өндірістік
буындарының шеңберіндегі ұдайы өндіріс процестерінің ерекшеліктерімен
сипатталып, шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмін құратын
қатынастарды орнатады. Бұл қатынастардың қасиеттері аграрлық сектордағы
шаруашылық жүргізудің экономикалық механизм қызметін анықтайтын басты
факторлары болып келеді. Сонымен, өнімнің ұдайы өндірісі шаруашылық жүргізу
механизмінің қызмет ету аясы болып табылады [10].
Кәсіпорынның шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмінің графикалық
үлгісі 2 суретте көрсетілген. Меншік нысандары, өндіріс құралдары, еңбек
ресурстары осы үлгінің бірыңғай орталығы деп саналады.

1-сурет. Ұдайы өндіріс жағдайындағы шаруашылық жүргізудің экономикалық
механизмінің үлгісі.

Меншік нысандары шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмінің
дамуы, қызмет етуінің ұйымдық-экономикалық заңдарына негізделген өндірістік
қатынастарының негізі болып келеді. Экономикалық өндірістің түрлі
кезеңдеріндегі (ақшалай, тауарлы және өндірістік) өндіріс құралдарының
жағдайын бейнелейтін өндірістік құрылымның синтезі шаруашылық жүргізудің
экономикалық механизмінің басты аспектісі болып табылады. Өндірістік
процестерді реттеу қажеттілігін анықтайтын еңбек ресурстары да шаруашылық
жүргізудің экономикалық механизмінің басты буыны болып саналады. Реттеу
процесі, өз кезегінде, шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмін
байланыстырушы буыны болып келетін басқару құрылымының қалыптасуын қажет
етеді [11].
Өндірістік қатынастарды толығымен сипаттау үшін осы өндірістік қатынастар
қандай бөліктерден құралады, бұл бөліктердің өзара байланысы мен
тәуелділігі қандай деген мәселелерді шешіп алған жөн. Бұл мәселенің терең
теориялық және практикалық мәні бар, өйткені өндірістік қатынастар
жүйесінің құрылымын тану арқылы ғана нарық жағдайында, ұдайы өндіріс
барысында, бұл тұтастықтың қызмет етуін, қайта құрылуын және нығаюын дұрыс
түсінуге мүмкіндік береді [12].
Өндірістік қатынастардың жүйелік құрылымын қарастырмақ бұрын, бұл
қатынастардың құрамдас бөліктерін белгілеп алу қажет (2-сурет). Бұл
тұрғыдан, өндірістік қатынастар жүйесін 4 кезеңге бөлуге болады:
* материалды бағалықтардың өндірісі;
* оларды үлестіру;
* айырбастау;
* тұтыну.
Бірақ, кәсіпорынның шаруашылық жүргізуінің экономикалық механизмінің
ұйымдастырылуы мен тиімді қызмет етуі үшін, өндірістік қатынастардың
қалыптасу процесін жүйе түрінде қарастырған жөн.
Өндірістік қатынастар фазаларының (кезеңдерінің) өзара байланысын талдау
барысында келесі тұжырымдама жасауға болады: бұл фазалар өзара тікелей және
кері байланысқан; тікелей байланыстар құрылысшы ролін атқарса (2-суретте
тұтас сызықпен берілген); кері байланыс реттеуші ролін атқарады.
Сондықтан, шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмін талдау барысында
бұл механизмнің мазмұнын құратын қатынастарды білу қажет. Бұл жұмыстың
келесі бөлімдері шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмінің жеке
элементтерін жүйелік тұрғысынан талдап, бірқатар мәселелерін шешуге
бағытталады.
Шаруашылық жүргізу механизмін өздігінен жетілу қабілетіне ие және
қоғамдық прогресс элементтерінің жиынтығына неғұрлым бейімделгіш және сай
(адекватты) болса, солғұрлым ол тиімді болып келеді деген тұжырымдама
жасаған экономисттерді қолдаймыз.
Нақты жағдай талабына сай және өзара үйлесімді болып келетін шаруашылық
жүргізу механизмінің барлық буындарының бірыңғай бағытталуы, шаруашылық
жүргізу механизмі өндіріс тиімділігін арттыруға ықпал етуінің маңызды алғы
шарты болып табылады.

2-сурет. Ұдайы өндіріс жағдайында өндірістік қатынастар фазаларының
қызмет етуі.
Ал, шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмі - бұл, шын мәнісінде,
нақты кәсіпорынның өндіріс, айырбас, үлестіру және тұтыну процестеріндегі
қайшылықтарын шешу әдістерінің жүйесі. Бұл дегеніміз, нақтылы
кәсіпорындарының негізін жоспарлау, басқару әдістері, экономикалық
ынталандыру, қаржыландыру, несиелеу, баға белгілеу,
Коммерциялық есеп секілді элементтерді іске асыруды құрайды (3-сурет).
Осы құрамдас бөліктердің әрқайсысы өндіріске тікелей, не жанама
ықпалын тигізеді.
Бірыңғай ұғымды түрліше түсіндіру мәселенің теория жүзінде
жеткіліксіз зерттелгенімен түсіндіріледі. Технологиялардың күрделенуі, ҒТП
жетістіктерінің енгізілуі экономикалық зерттеулердің ауқымын және
сәйкесінше шаруашылық жүргізу механизмдер түсінігін кеңейтеді. Күрделі

3-сурет Экономикалық механизм
экономикалық жүйелерді зерттеу барысында басқа ғалымдар есебінен білім
синтезі жүзеге асады. Ғылыми білімдердің дифференциациясы жаңа ғылыми
түсініктердің пайда болуына ықпал етеді. Бірақ, басқа жағынан алып қарасақ,
қолданып отырған ұғымдардың тарихын да ескерген абзал. Біріншіден, олардың
тарихы өздігінен маңызды болады, ал екіншіден ол қоғамның экономикалық
дамуының тарихын жанама түрде суреттейді [13].
Жаратылыстану ғылымында ортақ байланысы бар, ортақ қасиеттерге ие заттар
арнайы атауы бар ерекше топқа біріктіріледі. Ал, жаңа түсініктемелер пайда
болғанда, оны жаңа техникалық термин арқылы сипаттайды. Экономикалық
ғылымда бұндай жағдайдың қалыптасуы мүмкін емес.
Өйткені, экономикалық ғылым аргументтері кең қауымға түсінікті тілмен
анықталады [14].
Сондықтан, ол дағдылы, күнделікті өмір терминдеріне бейімделуге икемделуі
міндетті. Күнделікті тұрмыста әрбір сөз бірнеше мәнге ие болуы мүмкін,
сондықтан оны контекстіде түсінген абзал. Болмаса, экономикалық
терминологияда әрбір құбылысты түсіндіру үшін сөз жетпей қалады. Сол
себептен, шаруашылық жүргізу механизмі категориясын талдап, оның мәнін,
мазмұнын, құрылымын, нарыққа бейімделу әдістерін тауып анықтаған жөн.
Осыған байланысты, экономика механизмінің өндіргіш күштердің даму
деңгейіне сәйкес болуы, оның қажеттілігі күмән туғызбайды. Өндіргіш
күштердің сапалы жағдайы өзгерген жағдайда экономикалық механизм де
міндетті түрде өзгеруі керек. Бұл - бүкіл экономиканың алға қарай басуының
кепілі. Экономикалық механизм қатып қалған жүйе емес, керісінше, ол әрдайым
жетілдіріліп, оның сапалы-құрылымдық көрсеткіштері үнемі жаңа мазмұнмен
толығып отырады. Бұл мазмұн қоғамның экономикалық мүдделеріне сай болуы
шарт [15].
Бұндай өзгерістердің өзекті мәселесі шаруашылық жүргізудің экономикалық
механизмінің қызмет ету принциптері болып келеді. Ол басқару жүйесінің
құрамдас бөлігі болып табылып, жалпы басқарудың принциптеріне негізделеді.
Шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмін басқаруда экономикалық
әдістерінің шоғырлануымен ерекшеленеді. Сонымен қоса, басқару принциптері
экономикалық механизмнің мазмұнына сай біршама өзгеріске ұшырайды. Басқару
негіздері өндірістік қатынастар мен қоғам өмірінің заңдарымен қалыптаса
отырып, өндіріс, айырбас, үлестіру және тұтыну процестеріндегі өзара
қатынас мөлшерлері мен ережелерін басшылыққа алады. Бұл принциптер
негізінде экономикалық қатынастарды реттеу әдістері мен экономикалық
механизмінің қызмет етуін, сонымен бірге өндірістік жөне өндірістен тыс
процестерге ықпал етуді жүзеге асырады. Өндірістік қатынастарының
міндеттері нақтылы түрде орындалуы шарт, өйткені, олардың белгілі-бір
бөліктері нақ осы принциптерде шоғырланған.
Кәсіпорындардың кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету,
барынша жоғары экономикалық нәтижеге бағытталған шешімдерді орындалуы да,
осы жоғарғы принциптерді өндірісте іске асыру болып табылады.
Қызмет ету принциптері шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмдерін
толығырақ сипаттауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік деңгейде бұл принциптер
заң актілері, үкімет шешімдері арқылы реттелініп отырады. Мемлекет саясаты
шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмінің дамуы мен жетілдіру
басымдылықтарын дер кезіңде және нақты анықтап отыруы шарт. Осыған
байланысты бұл саясат икемді, нақты объективті жағдайлар талаптарына сай
болып, нақты өмірден көрініс табуы керек.
Шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмінің мәні оның қызметімен
сипатталынады. Осыны ескере отырып, Академик РАСХН И.А. Буздаловтың пікірі
бойынша шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмінің қызмет ету
ерекшеліктеріне байланысты келесідей бөліктерге бөлуге болады:
- жұмыскерлер мен ұжымдардың біліктілігін әрдайым жоғарылатуға,
кәсіпорынның материалды-техникалық базасын сапалы түрде
өзгертуге,
ұлғаймалы өндіріске деген қызығушылығын туғызып отыру;
- барлық кәсіпорын үшін бірдей экономикалық
жағдайларды қалыптастыру;
- барлық шаруашылық субъектілердің ұтымды экономикалық іс-әрекетін
қамтамасыз ету;
- өндірісті басқарудың түрлі деңгейлерінде экономикалық ой-
өріс
қалыптасуына қажет ортаны құру.
Осыған лайықты, әрбір ауыл шаруашылық кәсіпорын даму бағытын өзі таңдап,
инвестициялау негізінде ұлғаймалы өндірісті жүзеге асырып, ресурстарды
тиімді пайдалану мен соңғы нәтиже алу мақсатында ақша ресурстарын
орналастырудың болашақтағы формаларын табу қажет [17].
Мұнда негізгі өндірістік қор ретінде жерді, сонымен бірге, өсімдік және
жануарлар ағзаларын пайдалану секілді ауыл шаруашылық өндірісінің
ерекшеліктері ескерілуі шарт. Табиғи жағдай мен экологиялық шектеулердің
көптүрлілігіне байланысты экономикалық реттегіштердің барынша икемді
болуына мүмкіндік жасау.
Сонымен, шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмінің негізгі және
ажырамас бөлігі ретінде нақты кәсіпорынға қатысты өндіріс, айырбас, тұтыну,
үлестіру процестеріңдегі қайшылықтарды шешу әдістерінің жүйесі
қарастырылады. Соның әсерінен шаруашылық жүргізудің экономикалық
механизмінің әрбір элементі өндірістің экономикалық тиімділігіне ыкпалын
тигізеді. Онымен бірге, олардың мазмұны қоғамның экономикалық мүдделеріне
сай екенін дәлелдейді.
1.2 Ауыл шаруашылық өндірістегі түрлі меншіктегі шаруашылық механизмінің
ерекшелігі
Дүниежүзінде аграрлық өндіріс дамуының түрлі модельдері орын алуда.
Ғылыми әдебиеттерде солтүстік-американдық, батыс еуропалық және
Скандинавиялық, Израильдық, Қытайлық, Ресей модельдерін бөліп қарастырады.
Модельдің әрқайсысы өзіндік ерекше қасиеттерге ие және нақты жағдайда ғана
қолданылуы ықтимал. Бір мемлекет моделін сол түрде өзгертпей, басқа елде
қолдануға болмайды. Өйткені, әрбір мемлекет өзіне тен экономикалық,
әлеуметтік ортаға ие. Бүкіл әлемде өндірісті шоғырландыру және
кооперацияландыру процесінің кең етек алып отырғандығын естен шығармауымыз
керек. ҚР ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жұмыс тәжірибесі, АҚШ, Алмания,
Франция, Швеция, Голландия және т.б. елдердің ауыл шаруашылығы туралы
мәліметтері, ірі өндірістің жоғары тиімділігін дәлелдейді. Фермерлердің
ірілену тенденциялары экономикалық себептерден туындап отыр. АҚШ-тың ірі
фермерлері (жалпы кәсіпорындар санында 13,8% құрайды) жалпы табыстың 48,8 %
берсе, 51,2 % деп саналатын ұсақ фермерлер жалпы табыстың тек 2,8% ғана
өндіреді [18, 19].
Кез-келген ауыл шаруашылық реформа келесі ірі мәселелерді қамтуы тиіс:
-өндіріс құралдарына, әсіресе ауыл шаруашылығындағы егістік жерлеріне,
деген меншік құқықтары;
-ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық нысандары;
-шаруашылық ішіндегі экономикалық механизм;
-қоғам мен мемлекеттің ауыл шаруашылығына деген қатынасын (бағалар,
несие, салық, жәрдем ақы, ауыл дамуын әлеуметтік-экономикалық қолдаудың
басқа да формалары).
Осы жоғарыда аталған мәселелерді толық талдау төмендегіні көрсетеді.
Меншік мәселесі. Ауыл шаруашылығындағы экономикалық реформаның басты
ерекшелігі — бұл жеке меншік нысанына негізделген кәсіпкерлікті дамыту
болды. Реформа барысында ауыл шаруашылық жерлер жер үлестеріне, ал
өндірістің басқа құралдары мүлік үлестеріне бөлініп кетті. Осының негізінде
ауыл шаруашылық жұмыскерлері өз шаруашылығының қожайындары болып шығады деп
көзделді. Ал бұл, өз кезегінде, өндіріс тиімділігінің өсімінде олардың
материалдық қызығушылығын арттырады деп есептелінді [20].
Егістік жерлер жеке меншікте болғанда ма (егер жұмыскер бір мезгілде сол
жердің иесі болса), жоқ мемлекеттің қолында шоғырланғанда ма (егер жерді
пайдаланушы оны мемлекеттен немесе басқа да меншік иелерінен жалға алып
отырса), қай кезде тиімдірек пайдаланылатыны туралы мәселеге әлемдік
тәжірибе нақты жауап бере алмай отыр.
АҚШ, Батыс Еуропа мемлекеттері, Израиль, Қытай мемлекеттерінің
тәжірибесі бұл фактордың аса үлкен роль атқармайтынын дәлелдеп отыр. Бұған
қарағанда ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан қолдау
көрсету және өндірілген өнімді үлестіру құқы маңыздырақ деп саналады.
Біздің мемлекетімізде осы мәселе төңірегінде пікір-таластар әлі де болса
жалғасуда [21].
Ауыл шаруашылық жерлерін бөлуге қарағанда мүлікті (негізгі және
айналмалы қорлар) бөліп таратылуының маңызы әлдеқайда төмен болды. Оның
себебі мынадай:
- шаруашылықтардың басым көпшілігінде мүлік 1991 жылы қалыптасқан
қалдық құны бойынша бөлінген. Мүліктің инфляцияға байланысты
индексациясы айтарлықтай нәтиже бермеді. Сондықтан, нақты түрде күны
төмендеген мүлік ауыл еңбеккерлерінде қожайын сезімін туғыза алмады;
- негізгі қорлардың моральдық және физикалық тозуы салдарынан
мүліктік үлестердің мөлшері жылдан-жылға қысқарды.
Бұндай жағдайда мүлік үлестері ешқандай-да қызығушылық әкелмеді. Егер
кәсіпорыннан шығамын деген жұмыскерге мүлік үлесінің өтемақысын төлеген
болса, онда бұл мардымсыз ғана көлемге тең болды. Бұның барлығы мүлік
үлестерінің ауыл шаруашылық кәсіпорындарындағы өндіріс тиімділігін
арттыруда экономикалық ынталандырғыш ролін атқара алмайтынын қорытып айтуға
болады [22].
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық нысандары мемлекеттің
барлық аймағындағыдай, Оңтүстік Қазақстан аймағында да соңғы жылдары ауыл
шаруашылық кәсіпорындарының қайта құрылуының бірнеше кезеңдері болып өтті.
Меншік нысаны, жарғылық қоры және оның қалыптасу көзі, басқару формалары,
еңбек қатынастары, табыстары үлестіру секілді негізгі қасиеттерге
байланысты аграрлық экономиканың бес секторын бөліп көрсетуге болады:
1. Мемлекеттік сектор.
Мемлекеттік меншік негізінде қызмет ететін ауыл шаруашылық
кәсіпорындарынан құралады. Мемлекеттік меншік екі формада баскаруға берілуі
мүмкін: оперативті басқару құқығы негізінде және толық шаруашылық жүргізу
құқығы негізінде. Бұндай кәсіпорындар мемлекетке қажет тауарлы өнім
өндіреді немесе ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу
үшін құрылады.
2. Ұжымдық сектор.
Ол жер, өндіріс құралдары, өндірілген өнімі ортақ, бірлескен меншікте
болатын кәсіпорындарды сипаттайды. Кәсіпорын мүлкінің күны бөлінбейтін
заңды статусы болмайды, бірақ олар өндірістік қызметін дербес жүргізеді.
3. Кооператив секторы.
Бұл секторды ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен (жеке және заңды
тұлғалармен) еркін түрде құрылған кәсіпорындар құрайды. Олар мүлік пен жеке
еңбектерін біріктіру жолымен ауыл шаруашылық өндірісін бірлесіп жүргізеді.
Өз еңбегімен қатыса алмайтын, бірақ кәсіпорында үлесі бар тұлғалар
(зейнеткерлер, мұрагерлер, әлеуметтік сфераның жұмыскерлері) кәсіпорындарды
басқаруға шектеулі түрде қатысады. Ұжым алған пайда шаруашылық қызметке
қатысу үлесіне орай мүшелер арасында бөліске салынады, ал дивидентке
бағытталған пайда мөлшері шектеулі болады.
4. Акционерлік бірлестік.
Бұл секторды акционерлік қоғамдар құрайды. Акция иелері кәсіпорын
қызметіне тікелей қатыспауы да мүмкін. Басқару шешімдерінің барлығы дауысқа
салу жолымен қаралады. Қоғамда алынған пайда толығымен дивиденд төлемдеріне
жіберіледі.
5. Шаруа (фермер) қожалықтар.
Бұлар шаруа қожалықтары мен олардың ассоциацияларынан құралады.
Шаруашылықтардың бұл типі жеке азаматтармен немесе жанұя мүшелерімен
ұйымдастырылады және жеке меншік пен жеке еңбекке негізделеді. Жер мен
мүлік жалға алынуы мүмкін [23,24].
Мұндай жіктелуді кәсіпорындарды ұйымдық-экономикалық қатынастардың,
әсіресе шаруашылық ішіндегі қатынастардың, құрылу қасиеті бойынша
топтастыру үшін қолдануға болады.
Аймақтағы шаруашылықтардың кайта құрылу процестері қазірге дейін
жалғасуда. Кейбір шаруашылықтар бірнеше ұйымдық-құқықтық нысандарды
қолданып, соңында қайтіп бастапқы, бірақ жаңа мазмұнмен толыққан шаруашылық
жүргізу нысандарына оралуда. Бұл келесі жағдайға байланысты болды:
- кейбір жағдайда ауыл шаруашылық кәсіпорындарының тіркелуі бойынша
статусы олардың ішкі мазмұнына сай келмейді, өйткені заңдылықта түрлі
ұйымдық-құқықтық нысандарының қасиеттері нақты шектелмеген;
- жалпы экономикалық дағдарыс ұйымдық-құқықтық нысандарды таңдауына ықпал
етеді. Кейде ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басшылары шаруашылықтағы
экономикалық жағдайды оның статусын өзгерту арқылы жақсартуға тырысады.
Мемлекетте болып өткен аграрлық реформаның барысы ауыл шаруашылық
кәсіпорындарының жері мен мүлкін жекешелендіруге және шаруашылық жүргізудін
жаңа ұйымдық-құқықтық нысандарын қалыптастыруға бағытталған болатын. Бірақ
та, кәсіпорындардың жері мен мүлкін жекешелендіру орасан үлкен
қателіктермен жүзеге асырылған, оларды сараптау және кемшіліктерін жою
болашақта қателіктер жібермеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі нарық қатынастары жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық
жүргізудің экономикалық механизмі елеулі өзгерістерге ұшырауы, түпкілікті
өзгеруі шарт, ауыл шаруашылығы өндірісінің бұрынғы және жаңа формалары
негізінде оның қалыптасуы мен қызмет етуінің негізгі принциптері қайта
анықталуы қажет. Сонда ғана шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмі
өндіріс тиімділігіне ықпал етуінің мәні басты мәселе болуы керек. Өнім
өндірісінің жоғары тиімділігі бүкіл халық шаруашылығың үйлесімді дамуына
түрткі болады. Серіктестердің теңсіздігін, дербестіліктің, сәйкессіздігін
жою мақсатында шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмдері нақ сондай
болуы шарт.
Экономиканың көп укладты болуы жағдайында әрбір меншік нысаны,
шаруашылық жүргізудің әрбір ұйымдық-құқықтық нысаны өндіріс тиімділігін
барынша жоғарылатуға мүмкіндік беретін экономикалық

4 -сурет Шаруашылық нысандарын тежейтін қозғаушы күштер
қатынастар жүйесінде өз орнын табуы керек [25].
Жүргізілген қайта құрылардың барысына шолу жасау меншік қатынас-
тары емес, меншік нысандары мен шаруашылық жүргізудің нысандары қайта
құрылғанын көрсетіп отыр. Ал бұл әлі де болса тауар өндірушілерге өнім
өндірушілері ғана емес, олардың меншік иелері ретінде де өздерін көрсете
алмай отырғанында.
Шаруашылық жүргізу нысанын таңдағанда келесі басты факторлар ықпал
тигізетіні анықталды: шаруашылық жүргізу үшін қажетті ақшалай және
материалды қаржылардың болуы, шаруашылық жұмыскерлерінің акция сатып алуға
мүмкіндігінің болуы, өндірістің дамуына қажет материалды ынталандыру
шарттарының деңгейі, интеграциялық байланыстардың дамуы (4-сурет). Жаңа
шаруашылық жүргізу нысандарының қолданылу нұсқаларының көптүрлілігіне
байланысты олардың жіктелуі ерекше өзекті мәселе болып отыр (5-сурет).

5- сурет Шаруашылық жүргізу нысандарының жіктелуі
Қазіргі күні белгілі-бір нысанның артықшылығы туралы сөз қозғау дұрыс
болмас. Өйткені, нарықтық қатынаста жұмыс істеу барысында тиімсіз
шаруашылық жүргізу нысандары өздігінен жойылады. Бұл дегеніміз, меншік
қатынастарымен ерекшеленетін аграрлық өндірістің көпукладтылығына
бағытталуы қажет [26].
Қайта құру барысында пайда болған экономикалық және ұйымдастырушылық
шарттарын зерттеу шаруашылық қатынастарының құрт өзгеретінін дәлелдеп берді
(6-сурет).
Мүлікті ұжымдық-бірлескен нысанда пайдалануға негізделген кәсіпорындар
бірқатар елеулі ерекшеліктерге ие:
* жер мен мүлік пайларға бөлінбеген және
бірлесіп
пайдаланылады;
* жұмыскерлерді материалды ынталандыру жүйесі еңбек ақыны оның
саны мен сапасына сәйкес төленуін көздейді.
Шаруашылық жүргізудің түрлі ұйымдық-құқықтық нысанындағы кәсіпорындардың
тиімді қызмет етуі экономикалық қатынастар даму деңгейімен сипатталады. Бұл
қатынастар кәсіпорынның түрлі жақтарын қамтиды. Оларды жетілдірудің келесі
әдістемелік бағыттарын бөліп қарастыруға болады:
* кәсіпорынның негізгі, көмекші және қызмет етуші,
сонымен
бірге арнайы қызметтерінің бастапқы еңбек ұжымдарын қалыптастыру;
* шаруашылық бөлімшелерінің қызметін жоспарлау, ағымдағы жылғы
және болашақта дамудың негізгі бағдарламаларын құру;
* өндірістің негізгі салаларының өзін-өзі қаржыландыру, өзін-
өзі
өтеу негізінде шаруашылық қатынастарды ұйымдастыру,
көмекші
және қызмет көрсетуші салалар жұмысының қызмет сапасын арттыру;
* бөлімшелер деңгейінде кәсіпорын ішіндегі жер мен мүлік қатынастарын
ұйымдастыру;
* кәсіпорын мен оның шаруашылық белімшелерінің қызметін
басқару жүйесін қалыптастыру;
- жұмыстың соңғы нәтижесіне байланысты шаруашылық бөлімшелерінің
жұмыскерлерін материалды ынталандыру жүйесін құру.
Бұған қоса, өндірістік бөлімшелерді кәсіпорынның қалыптасқан өндірістік
құрылымы мен нарықта сұранысы бар өнім өндірісіне бағытталуда оның мүмкін
болатын өзгерісін ескере отырып құру қажет деген қорытынды жасалады.
Кооперативтер мен серіктестіктерде әрбір мүлік түрінің қолданылуы есебін
қамтамасыз ету өте маңызды мәселе болып отыр.
Шаруашылықтардағы аграрлық қатынастарды талдау барысында бұл қатынастар
жерді, негізгі және айналмалы қорлар, қаржы мен еңбек ресурстарын пайдалану
шеңберінде құрылатыны анықталды. Бұл жерде өндіріс, айырбас, үлестіру және
тұтыну аясындағы шаруашылық қатынастар жүйесінің қай жақтарын кәсіпорын
деңгейінде қолдау тиімді болып келетінін анықтау міндеті қойылып отыр.
Сонымен қоса, өндірісті тиімді құру принциптерінің бірі өндірістің
заттай ресурстарының оптимальді пропорционалдығын қамтамасыз ету болып
келетінін атап өту керек. Сондықтан, кәсіпорын жұмысының тиімділігі оның
бөлімшелерінде бұл принциптер қалайша ұштасқандығына тәуелді болады.
Осындай жағдайда, бөлімшелер арасында жер мен мүлікті теңдей бөлу
тәсілін қолдануға бола ды ма? Әрине, жоқ.

6-сурет Шаруашылық қатынастарын қайта құру

Біріншіден, жерге қатысты алғанда механизаторлар бөлімшесі өздерінің жер
үлестерінен құралған жер бөліктерін меншігінде ұстаса, жерді өндіріс құралы
ретінде қолданбайтын ұжым мүшелерінің жер үлестері жалға алынады. Бұл, ең
алдымен, егістікке қатысты. Егер бұндай ауыл шаруашылық жерлер малшылармен
пайдаланылатын болса, онда бұл жер не олардың меншігі болады, не жалға
алынады.
Екіншіден, мәселенің басқа да аспектісіне назар аудару кажет. Оның мәні
келесіде: мүлікті үлестерге бөлу мен кейбір жұмыскерлердің өз үлестерімен
кәсіпорын құрамынан шығу салдарынан (ал олардың құрамында, негізінен,
өндіріс құралдарының белсенді бөлігі — трактор, ауыл шаруашылық машиналар
бар еді) кәсіпорын қолында тозған, есептен шығарылған қорлар қалып қойды.
Бұған мал шаруашылық баспаналарын да жатқызуға болады. Олардың басым бөлігі
қазіргі таңда бос, қараусыз қалып отыр. Бұндай мүлікті үлестерге бөлмей,
кәсіпорынның бөлінбейтін қорында қалдырып, немесе жалға беріп, сату аркылы
бұл мәселені шешу керек еді.
Үшіншіден, кәсіпорын мүлкінде айналмалы қаржыларының ерекше орын
алатынын зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. Өндіріс процесін жүзеге асыру
үшін негізгі қор мен айналмалы қаржылардың натуралды түрінде де, күн
түрінде де белгілі-бір ара-қатынастарының сақталуы қажет екені белгілі.
Өйткені, бұл ара-қатынас негізгі, көмекші өндіріс күші және қызмет
көрсетуші салалар үшін де әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан да, қаржылардың
тапшы болуы жағдайында, өнім өндіретін өндірістердің көлемі төменгі
деңгейдегі факторлармен анықталатын тәртіпті сақтау арқылы, өндіріс
бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру өзекті мәселеге айналуда.

2.1 Шаруашылық жүргізудің
Аграрлық реформаның ауыл шаруашылығындағы негізгі бір бағыты
көпукладты экономикаға өту болды. Оның себебі көпукладты экономика нарық
қатынас жағдайында әртүрлі меншік түріне және оның бір-бірінің қатынасына
шаруашылық денгейінде негізделген. Шаруашылық жүргізу және меншік түрі
әртүрлі ұғымды бергенімен, бұлар бір-бірімен өте тығыз байланысты.
Шаруашылық жүргізудің әртүрлі формасын да, меншік түрінің бір түрі болуы да
мүмкін. Мысалы, өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктер - жеке тұлғалар тағы басқа меншік түрлері де.
Дегенмен, шаруашылық жүргізудің қай түрі болмасын, ол бір типтегі
меншік иесінің қатынасын анықтайды, сол укладты түрге қалыптасады.
Сондықтан да, меншіктің негізгі түрі бір-бірімен әртүрлі қатынастағы
ұйымдастыру-құқықтық түрде болуы мүмкін.
АӨК кешеніндегі осындай ұйымдасқан экономикалық
құрылымдарды көпукладты экономика деп түсінуге болады.
Көпукладты экономика тауар өндірушілерге бостандықты таңдауға, оның
шаруашылық жүргізу мақсатына жеке меншіктік кәсіпкерлікке негізделе отырып,
коллективтік кәсіпорындарға мүше болуына, жалдамалы еңбек етуіне мүмкіндік
береді. Мұндай көп варианттық таңдау ұйымдастыру-құқық процесінде
шаруашылық жүргізуді көп жағдайда өндірістің аймақтық ерекшелігіне,
өндірістің өсу қарқынына қарай табиғат-климаттық шаруашылық жүргізу,
инфрақұрылымның дамуы (өндірістік, әлеуметтік, нарықтық) және сонымен бірге
жергілікті салт-сананың ұлттық мүддесінің ықпалына қарай бейімделуін өмір
талап етіп отыр. Бірақ та, кейбір экономист - ғалымдар көпукладты
экономиканың дамуын осы кезеңдегі реформа процессін іске асыруға бірінші
peт нарықтық жүйедегі шаруашылық жүргізу жүйесімен байланыстырады.
Біріншіден, өндірістік күш пен өндірістік қатынастың дамуы қазіргі
қоғамда үкімет басындағы саясатшыларды және заңды ұйымдардағы негізгі
бағыттан ауытқұына итермелейді.
Екіншіден, нарықтық қатынастың дамуы үшін әртүрлі меншік иесінің болуы
шарт емес, оның ішінде жеке меншік иесінде айтады. Нарықтық тауар айналымы
сферасында әртүрлі формадағы меншікке бір тәртіпті сақтауды талап ету өте
қиын және күрделі. Өйткені, ондағы негізгі мақсат - ұсыныс пен сұраныстың
болуы. Нарық экономикасында мынадай да жағдай болуы көп кездеседі. Егер де,
тауар-ақшаның қатынасының даму барысында жеке өзінше тауар өндірушілер
әкімшілік қатынасқа тәуелсіз ұқыпты жұмыс істейтін болса, олардың
шаруашылық жүргізу меншіктік формаға және өндірісті ұйымдастыру түрі
тәуелді болмаған жағдайда нарық экономикасы, оның қатынасы кідірісіз
дамуының мүмкін екендігін дәлелдейді.
Көпукладты экономика жағдайында меншіктің қай түрі болмасын, ұйымдастыру-
құқықтық шаруашылық жүргізу түрі ме, немесе жоқ басқа түрі ме, экономикалық
қатынаста өз орнын табуы керек. Міне, бұл жағдайда ғана теңдікке және
өндірістің жоғарғы тиімділігіне жетуге болады.
Ауыл шаруашылығы барлық уақытта (қалай болса солай, немқұрайлы) әр түрлі
формада көпукладты болды. Өйткені, шаруашылықты жүргізу түрі ауылда ұжымшар
мен кеңшарларды және жеке меншік үй қожалығы болғанымен, бұл шаруашылық
түрлерін жүргізу өте қатаң тек мемлекеттің бақылауында болды. Негізгі бағыт
- күрделі көлемді өндіріске бейімдеу, коллективтік-ұжымшарлық сектор
тәжірибеде тек мемлекеттік меншік жүйесінде өндіріс жүргізуді уағыздады.
Негізінен, мемлекеттік концепция басым болып, тек мемлекеттік меншік
өндірісті біледі. Міне, соның себебінен ауыл шаруашылығында тек бір
мемлекеттік уклад жүйесі қалыптасты.
Экономикада көпукладты экономиканың қалыптасуы үшін ауылдағы
кәсіпорындарды мемлекет меншігінен алу және меншікті жекешелөндіру процесі
керек болды. Бұл деген, мемлекет өз меншігінен өзінің мақсатына билік ету,
иелік ету және жерді және де басқа мүлікті пайдаланудан бас тарту деп
есептеуге болмайды.
Мемлекетті меншіктен жою - бұл мемлекеттік меншікті қайта құрудың бір
күрделі жолы, экономикаға мемлекеттің күш артатын бір бағыты болса, екінші
жағынан мемлекет шаруашылық басқарудағы көптеген функцияларын өзінен алып
тастау, көптеген жауапкершілікті кәсіпорынның өзінің атқаруына, жоғары
шаруашылық байланысын, көлденең басқаруға жүктеу еді..
Мемлекеттік меншікті жою - түгелімен мемлекет экономикалық сферадан бас
тарту деп ойлау қате. Қазіргі жағдайдағы өндіріс мемлекеттік реттеусіз бір
қалыпты тиімді жұмыс істемейді және бір қалыпты дамиды деуге болмайды. Ол,
кейбір жағдайларда ғана болуы мүмкін. Егер де, осы кейбір жағдайлар
бұзылатын болса, қоғамдық өндірістің тиімділігі төмендейді. Қазіргі кезеңде
бұл жағдай жалпы дүниежүзілік мәселеге айналды.
Меншікті мемлекеттен алу әртүрлі бағытта жүргізілді:
* мемлекеттен меншікті алу процесі жеке тұлғалардың,
еңбек
коллективтерінің қабылдауы, бір қалыпты монополияландыру болды;
* көпмағыналы шаруашылық жүргізу түрі, кәсіпорындардың барлық
формасына тең құқық беру, шаруашылықты еркін жүргізу заңыменен рұқсат
етілді;
- жаңа құрылымды ұйымдастыруды қалыптастыру, кәсіпкерліктің жаңа
түрін құру (концерн, консорциум, ассоциациялар және басқалар) бұлардың
арасындағы қалыптасқан жағдайды көлденең байланысқа ауыстыру.
Сонымен, меншікті мемлекеттен алу монополияға қарсы бағытталған
бәсекелікті, кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік жасады. Бұл нарықтық
экономикаға толық өтудегі негізгі (орталық) проблема болып есептелінеді.
Ауыл шаруашылығында меншікті мемлекет билігінен алу, сол арқылы бұл
салада әр түрлі нысанды құрылымдар құру жаңа ұйымдық-құқы бар қазіргі
күннің талабына сай, өнімнің бәсекелік қабілетін көтеріп, шаруашылық
жүргізу механизмін толық өзгертуге мүмкіндік жасайтынын тәжірибе көрсетіп
отыр. Ол, ауыл шаруашылығында әр түрлі серіктестіктер мен өндірістік
кооперативтерді ұйымдастыру, олардың ұйымдастыру-құқығын нарықтық қатынас
жағдайына бейімдеу.
Мемлекеттен меншікті алу мүлікті жекешелөндірумен тығыз байланысты.
Жекешелөндіру мемлекеттен меншікті алудың бір бағыты деуге болады, оның
қорытындысы мүлікті (меншікті) жеке немесе заңды тұлғаға өткізу.
Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелөндіру Қазақстан Республикасында
азаматтардың, акционерлік бірлестіктердің, жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің және жергілікті үкіметтің меншік иесі болатындығын
анықтайды:
* кәсіпорындар және оның бөліктерінің жеке өзінше кәсіпорын болуы;
* кұрылымдардың материалдық актілерінің болуы;
* акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
акцияларының төлемдерінің мемлекетке немесе жергілікті
үкімет ұйымдарының беретін үлесі;
* жекешелөндіруге жататын құрылымдардың басқа кәсіпорындары үлесі
(пайы, акциясы) қаржысы.
Сонымен, жекешелөндіру мен мемлекеттен меншікті алу арасындағы ерекшелік
мынаған келіп тіреледі. Егер де, бірінші процесте меншіктегі түпкілікті
өзгерту қатынасын қамтыса, екіншісінде барлық комплекстегі қайта құру
түсінігін қамти отырып, қазіргі шаруашылық жүйесіндегі теріс бағытталған
мемлекет құзырындағы үстемдікті тежеп, мемлекет сферасындағы қоғамдық
шаруашылықтағы адамдарға экономикада іс жүргізуге жағдай жасауды реттейді.
Мемлекеттен меншікті алу және жекешелөндіру негізінен ұйымдастыру-
құқықтық арқылы іске асырылуы тиіс еді. Өйткені кәсіпорындарға сату,
жеңілдіктерін пайдалану жағдайында жүргізіледі-акцияны сату, кәсіпорынды
жалға беру, кіші кәсіпорындарды сату, акция немесе бәсеке арқылы.
Жекешелөндірудің әдісі және таңдау түрі, тағы да оны жүргізу жылдамдығы
жекешелөндірудің мақсатына байланысты болды. Егер де, жекешелөндіру
әлеуметтік бағыттағы қоғамдағы әділділікке жеткізгісі келсе, онда ол
бюджеттің табысын толтыруды мақсат етті. Бұл өте жоғары меншікті сату
арқылы орындалған жұмыс деп есептесе, ал аукцион арқылы сату коммерциялық
конкурс арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алудың бірінші қадамы мемлекетте 1987-
1990 жылдары жүргізіле бастады, мұнда мемлекеттік кәсіпорындарды жалға
беруге мүмкіндік туды. Кәсіпорынды сатып алу мемлекеттің қатаң бақылауынан
айрылатын жол бола тұрса да, кәсіпорындардың шаруашылығына еркіндік
беретін, жоспарлауға және шаруашылық жүргізуге коллективте оның
жұмыскерлеріне еркіндік берді. Мұны көлемді ұдайы өндірісті тиімді жүргізу
жағдайына мүлікті көбейтуге меншік иесіндегі жұмыскерлерге мүмкіндік беру
деп есептеуге болады.
Жалдау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары
Басқарудың экономикалық механизмінің түсінігі
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар: қағидалар және тарихи тағылым (1991-2007 ж.ж.)
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары әртүрлі кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін бағалау ерекшеліктерін анықтау
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары ( Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде
Қазіргі заман жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы аграрлық саясат. Қазақстан Республикасының ғаламдық аграрлық нарығында алатын орны мен перспективалары
Қаржының ғылыми-теориялық аспектілері
Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі
Заңды тұлғаларға салық салу
Қазақстанның қаржы механизмнің қалыптасуы және дамуы
Пәндер