Банктердің нарықтық экономикадағы маңызы


Жоспар
Кіріспе
1 Банктердің мәні, қызметтері және ұйымдастырылуы.
2 Банк ресурстарын қалыптастыру операциялары
3 Қазақстан Республикасындағы банк ісін
ұйымдастыру және реттеу жүйесі.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Банктердің нарықтық экономикадағы ролі
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі баскарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін аткарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады.
1 Банктердің мәні, қызметтері және ұйымдастырылуы.
Банктік заңдарда, банктердің жарғылық қоры қандай көздерден құралғанына байланысты оларды: мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, аралас және шетелдік банктер деп жіктейді.
Банктерді ұйымдастырудың акционерлік формасының ерекшеліктері мен артықшылықтары неде? "Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы" заңға сәйкес, біріншіден, акционерлік қоғам - бұл кұрылтайшылардың (акционерлік қоғамының қатысушыларын құрылтайшылар дейді) меншік құқығын, Ұлттық банк берген лицензия негізінде шығарылатын акциялармен куәландырылатын занды тұлға. Акционерлердің банк меншігіндегі үлесі мен табысы сатып алынған акциялардың санымен тікелей байланысты. Акционерлердің жауапкерлішігі тек сатып алынған акция сомасымен ғана шектелген. Егер банк банкротқа ұшыраса немесе өз қызметін тоқтатса, барлық кінә жеке акционерлерге емес, банкке қойылады.
Банкті басқаруда акционердің жауапкершілігі тек басқарманы сайлау мен жылдық жиналыстарда банк саясатына қатысты сұрақтар бойынша дауыс берумен шектеледі.
Банкті ұйымдастырудың акционерлік емес формасы (үлестік жарна формасы) қатысушылардың меншік құқын куәландыратын қандайда бір формалды куәлікті қажет етпейді.
Үлес қосушы банк қызметімен байланысты бар тәуекелді өз мойнына алады да, оның барлық міндеттері бойынша жауап береді. Банкрот болған жағдайда кінә банкке және де өзінің бар мүлкімен жауап беретш әрбір үлескерге де қойылады.
Екіншіден, акционер өз акцияларын басқа тұлғаға бере алады. Бұл жерде банктің қызмет етуі жекелеген акционерлердің қоғамнан шығуына, біліксіздігіне банкроттыққа ұшырауына байланыссыз. Ал үлестік жарна формасында қатысушы өз үлесін, басқа қатысушылардың келісімінсіз бере алмайды.
Үшіншіден, акционерлік банкте оны басқару бойынша қызметтер нақты үлестірілген. Акционерлер басқарманы таңдайды, соңғысы - төрағаны, ал ол басқару аппаратын, басқару аппараты өз кезеңінде мамандар мен қызметкерлердің міндеттерін анықтайды.
Жеке банкте қатысушылар өздері тікелей банкті басқаруға қатысады да әкімшілік қызметкерлері болады және басқарудың тиімділігі олардың жеке бастарының жұмыс сапасына байланысты.
Банкті ұйымдастырудың акционерлік формасының кемшіліктеріне мыналар жатады: акционерлік банкті құру қиындығы (жергілікті билік органдарынан рұксат алуды талап етеді), өзгермелі жағдайларға бейімделу мен икемділік дәрежесінің төмен болуы. Осы жоғарыда аталған кемшіліктерге қарамастан банкті ұйымдастырудың акционерлік формасы нарық жағдайда тиімді, қолайлы болып келеді және нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде банктер акционерлік компания немесе корпорация нысанында ұйымдастырылуы да кездейсоқтық емес.
2 Банк ресурстарын қалыптастыру операциялары
Ұлттық банк "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды.
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан
Республикасында мемлекеттік ақша несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
- кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
- Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
- Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдіктерін апаруға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;
- банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
- ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
- банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді;
- Қазақстан Республикасында ресми мөлшерлемелерді өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
- Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеуі әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді;
- Қазақстан Республикасында есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;
- банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операцияларжүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;
- бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;
- егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу мақсатында бекіте алады;
- Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құқылы;
- қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервтік қорларын құрады;
- Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады және тұрақты түрде жариялайды;
- ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
- ақшалай қаражаттарды есептесе алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқына ие;
- Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады;
Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады.
Ақша айналысын басқару
Ұлттық банк - заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі - теңге болып табылады.
Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаның инкассациялау тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқығы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.
Эмиссия - бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталар-дың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.
Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия - айналысқа банкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипттайды.
Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі - кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма-қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз кұбылыс деп есептеуге болады.
Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшаларды эмиссиялаудың үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарды.
Депозиттік банктердің эмияссиясы депозиттік қарыздық операциялардың процесіңде іске асады. Банкідегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үщін қажет потенциалын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл операциялардың сызбасы келесідей: 100 акша бірлігіндегі депозит үшін міндетті резерв 15 ақша бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банкі арқылы қарызға берілуі мүмкін.
Сонда айналымдағы ақша массасы: 100+85=185 ақша бірлігі болады. Бұл - сомасы 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы жолмен құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола алатын басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни ақша мультипликативті көбеюі орын алады.
Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу ¥лттық банкінің ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.
Ақша базасы - бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер - бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің белігі (бұл Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктермен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады) .
Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоттардағы калған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.
Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.
Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.
Бұл - айналымдагы қолма-қол ақшалардың банктерден тыс (болғанда) орналасқанда байланысты. Ақша мультипликациясының интенсивтілігі олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликацияның коэффициенттік жылдамдығы азаяды.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы (бұл жағдайда банк жүйесі арқьыы жүретін төлем жылдамдығы туралы айтылмайды) Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесінің өсуіменен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық субъекттерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударуменен бірге жүреді.
Ақша айналысының жылдамды экономикалық монетаризация деңгейіне байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация деңгейі жоғарылайды.
Монетаризация деңгейі 1989 жылы Францияда 68, 5%, Германида - 64, 5%, Ұлыбританияда - 89, 1%, АҚШ-та -77, 5%, Жапонияда - 116, 7% болды. Қазақстанда 1995 жылы монетаризация деңгейі 12%-ға жуық болды, бұл әрине жеткіліксіз.
Пайыздық саясат ақша-несие саясатының құралдарының бірі болып табылады Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта каржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді.
Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың негізгі мақсаты - теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі. Яғни жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек.
Қазакстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы күресте пайдалануға мүмкіндік беретін келесі бір факторға -шетел валютасына деген шектен тыс сұранысты азайту шаралары жатады. Теңгені енгізгеннен кейін жарты жыл ішінде валютаның бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық жолмен табыс алу мүмкіндігінің болуы ірі банктердің қысқа мерзімді капиталының қарыздық нарықтан еліміздің валюта нарығына ағылуына жол берді. Айырбас бағамымен анықталатын теңгенің сыртқы құнының көрсеткіштері мен қарыздар бойынша пайыздык мөлшерлемелер және бағалы қағаздар бойынша табыстылық арқылы анықталатын теңгенің ішкі құнының көрсеткіштері арасындағы қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.
Ұлттық банкінің қайта қаржыландыруының ресми мөлшерлемесінің өзгеру динамикасы - 1994 жылы қаңтар-ақпан айларында 270%, ал наурыз-тамыз айларында 300% құрады. Теңгенің айырбас бағамының тұрақтануы мен инфляцияның төмендеуіне байланысты 1994 жылдың ортасынан бастап пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі қыркүйекте 280%-ға дейін төмендеп, ай сайын азайып отырды. 1994 жылдың аяғында ол 230%, 1995 жылы - 52, 5%, 1996 жылдын қыркүйегінде - 30%, 1997 жылы - 24% құрады.
Қаржы операцияларының барлық түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі Ұлттық банкінін қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша индикативті анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін пайыздык мөлшерлемелер өзара кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әр түрлілігі, пайызды төлемеуімен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі.
Мемлекетгік қазыналық міндеттемелер, банкаралық несие, Ұлттық банкінің ноталары бойынша пайыздық мөлшерлемелер сауда мәніне сай келеді. Жалпы барлық нақты нарық пайыздық мөлшерлемелер 1994 жылдың тамызынан бастап оң көрініске ие болды.
Ұлттық банкінің ноталы және қазыналық вексельдер бойынша табысы Ұлттық банкінің банкаралық несие бойынша табысынан төмен болды. Бұл мемлекеттік қазыналық міндеттемелер және Ұлттық банкінің ноталарының пайызды және қарызды төлеу жағынан несиелерге қарағанда үлкен сенімділігімен түсіндіріледі.
3 Қазақстан Республикасындағы банк ісін ұйымдастыру және реттеу жүйесі.
Банктік жүйенің елдің экономикасында алатын ролі мен орны ауқымды. Сондықтан несие-банктік сфера мемлекеттік органдар жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. Әрбір елде банктік қызметгі әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер жүйесі жұмыс істейді. Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының банктік және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруашылық-қаржылық қызметті және банктегі оның мекелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған кешенді шаралар жиынтығы ұсынылады.
Банктер үстінен жасалатын бақылау мен қадағалауды: халықаралық, мемлекеттік, аудиториялық және құрылтайшылық деп бөлуге болады.
Республикада банктер үстінен халықаралық бақылауды Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюталық қор, т. б. жүзеге асырады. Олар республикаға өз несиелері мен экономикасын нарыкқа көшіру барысында каржылық және ғылыми-техникалық көмек көрсете отырып, белгілі бір талаптар мен шарттар қояды. Мысалы, елде инфляцияны белгілі бір шекке төмендету, банктік реформа бойынша олардың ұсыныстарын есепке алу, т. б.
Сонымен қатар, елдегі экономикалық жағдайдың дамуымен бірге - банктік жүйенің жұмысы мен жеке банктердің қызметін де бақылап отырады.
Мемлекеттік бақылау ведомствадан тыс және ішкі ведомоствалық болады.
Банктер үстінен ведомоствадан тыс бақылауды Президент жанындағы Қаржылық бақылау Комитеті, Жоғары Кеңестік бақылау палатасы, бас салықтық инспекция, құкық қорғаушы органдар жүзеге асырады.
Олар банктік қызметі әр түрлі бағыттар бойынша тексереді: шаруашылық және операциялық, бухгалтерлік есеп пен есеп берудің жағдайын, заңдық және нормативтік талаптардың сақталуы, клиенттер мүдделерінің қорғалуы, акша-несие саясатының дұрыс жүргізілуі және т. б.
Банктер қызметіне қадағалау және ішкі ведмоствалық, бақылауды банк жүйесінің жоғары буыны - ¥лттық банк өзінің Қадағалау департаменті арқылы жүзеге асырады.
Аудиторлық бакылауды арнайы және тәуелсіз аудиторлық мекемелер, бақылау палаталары, ассоциациялар жүзеге асырады. Аудит өз алдына банктердің қызметіне бақылаудың тәуелсіз нысаны болып табыла отырып, ол ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Банк қызметінің сыртқы аудиті лицензиясы бар арнайы тәуелсіз аудиторлық ұйымдармен немесе лицензиясы бар тәуелсіз жеке аудитормен ақы төлеу келісім-шарты негізінде жүргізіледі.
Аудиторлық ұйымдар және аудиторлар бухгалтерлік есеп пен есеп берудің нактылығын тексере отырып, қаржы-шаруашылық операциялардың заңдарға сәйкестігі мен олардын мәліметінің растығын бекітеді; іс жүргізу дұрыстығын, құжат айналымының ұйымдастыруылуын келісім-шарт жасау шарттары мен несиенің қамтамасыз етілуін бақылайды; төлемдердің уақтылы төленуін, кассалық тәртіптің сақталуын, т. б. жағдайларды тексереді.
Өз қорытындысында аудиторлар жіберілген қателер мен кемшіліктер бойынша кеңестер мен ұсыныстар береді.
Ішкі аудит жетекші бақылау формасын білдіреді және оны жүзеге асыруы үшін банкте арнайы ішкі бақылау бөлімі құрылады. Оның негізгі міндеті: бөлімшелерге берген банк жетекшілерінің нұсқауларын дұрыс орындалғанына, банктік қызмет және оның жеке қызмет пен бөлімдердің әлсіз жерлерін анықтау, материалдық және қаржылық құндылықтарының сақталу қауіпсіздігін тексеру және қамтамасыз ету, т. б. жатады.
Банк қызметіне құрылтайшылық бақылау бірнеше формада жүргізіледі: басқарма қызметіне бақылау кеңесінің жүргізетін; ревизиялық комиссия; акционерлерінің бақылауы.
Акционерлер банк жетекшісімен өткен қаржылық жылдағы, оның қызметінің нәтижелері жайлы қажетті мәліметтерді алуға, қорытындыланатын банк қызметіне тікелей бақылау жасауға құқылы және олар бақылау қорытындысын акционерлердің жиналысында жариялайды.
Бақылауды жүргізу үшін акционерлер сараптамашыларды, аудиторларды, т. б. шақыра алады.
Шет елдерде әрбір жеке елде, тарихи даму мен әр түрлі саяси экономикалық факторлар әсерінен қалыптасқан банктердің қызметіне бақылау мен қадағалаудьщ өзіндік жүйесі бар.
Мысалы, Англияда соңғы кезге дейін банктін жұмысын реттейтін арнайы заңдар болған жоқ, ал оларға жасалатын бақылау жасырын және қағаз жүзіндегі сипатта болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz