«Еңсегей бойлы ер Есім хан»


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ЕСІМ ХАН

Есім хан - (1598-1643) билік құрғаны.

Есім хан: Есім хан
Есім хан: Хан
Есім хан: Орнауы
1598-1643
Есім хан: Таққа көтерлуі
1598
Есім хан: Алдыңғысы
Тәуекел хан
Есім хан: Соңғысы
Салқам Жәңгір хан
Есім хан: Әулеті
Орыс хан үйі

Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598-жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан - Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.
Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді. Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты. Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627-жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді. Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған. Есім хан Ташкент қаласына білдіртпей түнде кіріп, хан сарайының күзетшілерін байлап тастап, тұрсын ханды қаперсіз ұйықтап жатқанда қапылыста өлтіреді, сонда Есім ханның қасындағы Төлеген (Марқасқа) жырау оны мынадай жырмен оятады:
«Ей, Қатаған хан Тұрсын!
Кім арамды ант ұрсын.
Жазықсыз елді жылатып,
Жер тәңірісің, жатырсың,
Хан емессің қасқырсың,
Қара албасты басқырсың!
Алтын тақта жатсаң да
Қазаң жетті қапылсың!
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есігіңе келіп тұр,
Шашқалы тұр қаныңды,
Кешікпей содан қатарсың!

Есім хан шошып оянған Тұрсын ханның басын алады. «Бахыр әл асырардың» авторы Махмұд ибн Уәлидің айтуына қарағанда, есім хан 1628-жылы қайтыс болған. Ал «Қазақ совет энциклопедиясының» мәліметіне қарағанда 1645-жылы қайтыс болған делінеді.

Есім хан! Еңсегей бойлы ер Есім - қазақтың ұлы хандарының бірі, ол 1598 жылы Тәуекел қайтыс болғаннан кейін хан тағына отырады. Туған ағасы Тәуекел ханнан кейін ел билігін қолға алған Есім хан Қазақ Ордасын 1598-1628 жылдары басқарған. Ол өз билігін Қазақ хандығының астанасы - Түркістан қаласында тұрып жүргізді. Есім хан таққа отырған кез - қазіргі өзбек жерінде 1 ғасырға созылған Шайбани әулетінің билігі жойылып, орнына аштархандықтар келген тұс болатын. Тарихшылар оларды аштархандық немесе Қажы тархандық әулет деп атайды.
БЕРЕКЕТ КӘРІБАЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: «Міне бұлар Бұқара жаққа қоныстанады. Шыңғыс әулеті болғаннан кейін олар үлкен қошеметке ие болады. Бұлар сонда өсіп өнеді. Ал, 1598 жылы Шайбанилық әулет құлағаннан кейін жергілікті дін басылары, әмірлер, мықты деген ру басылары өздері билікке келе алмайды. Сол кездегі түсінік бойынша мемлекет болу үшін Шыңғыс тұқымының өкілі болуы керек. Сонда ғана бұл мемлекет болып саналады. Осылар Қажы Тархандықтарға сіздер бізге басшы болыңыздар дейді. »
Бұл Аштархандықтардың өз ішінде таққа таласу жүріп жатқан кез болатын. Қазақ ханы Есім хан Имам Кули атты сұлтанды қолдап, билікке алып келеді. Ол билікке қол жеткізген соң, 1611 жылы, Есімнің өзіне қарсы шығып, екеуінің арасында ірі шайқастар болған. Екі жүзді Имам Кули 1613-1614 жылдары қазақ сұлтаны Тұрсынды жақтап, оның Ташкенттің ханы болуына көмектеседі.
ЕДІЛ НОЯНОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: «Бұл бір мезгілде екі ханның билік еткенін көрсетеді. Бірақ Есім хан бұған көңіл аударған жоқ. »
ТАЛАС ОМАРБЕКОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: «Ташкентте Тұрсын өзін хан көтереді, ал, Жетісу жерінде Есім хандық құрады. Сол тұста қазақ жерінде үш хан пайда болады. Осының бәрін Есім хан заңдастыруы тиіс болды. Төре тұқымдарының арасындағы таққа таласушылықты тоқтату үшін өзінің заңын негіздеді. Бұл шын мәнінде қазақ халқын үш жүзге бөліп басқару заңы. Яғни қазақтардың үш жүзге бөлінуі осы кезден басталады. »
Есім хан шығыста қалмақтармен соғысып жатқанда, оңтүстікте Тұрсын хан Аштархандармен шайқасты. Өйткені зымиян саясат ұстанған Имам Кули Ташкентті қазақтардан тартып алуға қатты кіріскен еді.
ТАЛАС ОМАРБЕКОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: «Оңтүстікте Тұрсын хан Имам Кулиге қарсы күресті. Яғни екі хан иелік еткенімен, екеуі оңтүстік шекараны қорғаса, бірі шығыс шекараны қорғап отырды. »
Көшпенді халықтың өмір салты жайылымды жерлердің шұрайлығымен байланысты. Сол себептен де көрші отырған қалмақтар қазақ жерлерін жаулап алу үшін үнемі шабуыл жасаумен болды. Жерден айырылу қазақ үшін халық ретінде жойылу қаупін туғызды. Жоңғар шапқыншылықтары осы Есім ханның тұсында басталған еді.
ТАЛАС ОМАРБЕКОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: «Есім ханның тұсында жоңғар қалмақтарының шабуылы басталды. Олармен ашықтан-ашық қарулы қақтығыстар дәл осы Есім ханның тұсынан басталды. Ол өзінің беделін пайдаланып, қазақтың би-сұлтандарын ұйымдастырып қарсы шығады. Және жоңғарлардың алғашқы шабуылдарына тойтарыс береді. »
Есім хан жоңғар-қалмақтарымен болған шайқастарда ерекше ерлік пен батылдық танытып, халық арасында Еңсегей бойлы ер Есім деген атақ алады. Есім хан билік еткен тұста қазақ әскерінің саны өсіп, тек атты әскерінің

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есім ханның ескі жолы
Шығай ханның баласы
Есім хан
«ЕСІМ ХАН» ЖЫРЫНЫҢ НҰСҚАЛАРЫ МЕН ТАРИХИЛЫҒЫ
Есім хан жайлы деректер
Жиембет Бартоғашұлы
Есім хан туралы
Марғасқа жырау
Есім және Жәңгір хандар билеген тұстағы қазақ хандығы
Тұрсын ханның өлуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz