Бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттерін тану, ажырата білу, олардың емдік қасиеттерін анықтау



1 Жарығы:
2 Жылуы:
3 Суғарылуы:
4 Ылғалдылығы:
5 Қоректендірілуі:
6 Аурулары:
7 Көбейтілуі:
8 Қызықты дерек
9 Сыртқы сілтемелер
10 Сілтемелер
11 Пайдаланылған әдебиеттер
«Өсімдік өмір кепілі» деген қағиданы ұстана отырып өсімдіктердің емдік қасиеттерін зерттеуге бел будым. Менің бұл тақырыпты таңдауыма сынып жетекшім мен анам ықпал етті. Өзім кішкентайымнан бөлме өсімдіктерін өсіріп, күтіп, баптауды ұнататынмын. Ес білгеннен бері оқыған - түйгенімнің арқасында тек бөлме өсімдіктері ғана емес, жалпы өсімдік атауының адам өміріне, олардың денсаулығына тигізетін пайдасы, қасиеттері қызықтыра бастады.
Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күмән келтіре алмас.
Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген.
Өсімдіктердің емдік қасиеттерін білу үшін көп еңбек етуге тура келді. Мектеп және аудан кітапханаларында болып осы төңіректе көптеген мәліметтер, деректер жинақтадым. Сонымен бірге Хромтау қаласындағы дәріхана қызметкерлерімен кездесулерге барып, дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерімен танысып отырдым. Көп ізденіп, көп оқыдым. Өз бөлімше дәрігерім, терапевт Қайрашева Сауле апаймен кездесіп, емдік өсімдіктердің түрлерін, қолданылуын білдім.
Көп ізденіп зерттеу барысында өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы деректер жинала бастады.
Отбасымызда анам Алтынай Шоқылқызы емдік мақсатта пайдалану үшін бөлме өсімдіктерін көп отырғызады. 1 - 2 сыныптардан бастап «ана көрген тон пішер» демекші менде анамнан көргенімді ойға түйе отырып, бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттерін біле бастадым.
1. Ж.А.Адаев. Р.Н.Нұрғалиев. Шаңырақ энциклопедиясы.
2. Ж.Жатқанбаев.Өсімдік және адамзат.
3. М.Қожабеков.Дәрілік өсімдіктер. Алматы, «Қазақстан»1982.
4. .М.Оспанова, Ж.Лұқпанов.Өсімдік жанға шипа, дертке дауа.
5.В.Г. ПышинскийЛечение травами Ленинград «Наука»1990
6. Денсаулық журналы №8 2006 жыл.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан ұлы державада болуы үшін ақылды да ойлы, дарынды жастар керек.
(Н. Ә. Назарбаев)
Зерттеудің мақсаты: Бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттерін тану, ажырата
білу, олардың емдік қасиеттерін анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау.
Зерттеудің міндеттері: Туған өлкеде өсетін және бөлме өсімдіктерін зерттей
отырып, олардың адам, қоғам өміріндегі маңызын ашу. Бұл өсімдіктердің
таптырмайтын емдік көзі екенін дәлелдеу. Олардың өсетін жерлерін, өсу
ерекшеліктерін анықтап, қоршаған ортаны таныту, олардың адам өмірінің
арашасы екеніне көз жеткізу.
Зерттеудің өзектілігі: Туған жерде өсетін дәрілік өсімдіктердің құпиасын
Аша, зерттей отырып, адамзат қауымын өзін қоршаған табиғат аясын қорғауға
және оны аялай білуге шақыру. Табиғат әлемінің адамдарға берер нәрі мол
екеніне көз жеткізу.
Аннотация
Өсімдіктердің емдік қасиеттері атты бұл зерттеу жұмысын таңдап, зерттей
бастағаныма бір жылдан асты. Сынып жетекшім мен ата анамның көмектесуінің
арқасында көптеген іс шаралар атқарылды.
Зерттеудің алғашқы баспалдағы жалпы дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер
жинақтаудан басталды. Осы мақсатта мектеп, аудан кітапханаларын үздіксіз
аралап, дәрілік өсімдіктер туралы деректер жинақталды. Сонымен қатар,
аудандық аурухана қызметкерлерімен және халық емшілерімен жие жүргізілген
сұқпаттар оң нәтиже бере бастады.
Зерттеудің келесі сатысында жинақтаған деректерге сүйене отырып жасалған
жұмыс өз нәтижелерін бере бастады. Зерттеу барысында аулада, бақшада өсетін
дәрілік өсімдіктердің ( итмұрын, түймедақ, жусан, бақбақ, қалақай, өгейшөп)
түрлерін жинақтау, теру, өңдеу жұмыстары атқарылды. Бұл өсімдіктер туралы
көптеген деректер жинақталып, жұмыс алға жылжыды. Бос кездің бәрінде бөлме
өсімдіктерін өсіріп, баптап, күттім. Өсіріп ғана қоймай олардың ауырғанда
қандай мүшесін, қандай ауруға қолдануға болатынын зерттеп білдім.
Зерттеу жұмысы көп оқуды, білуді талап етті. Өзім зерттеп жүрген дәрілік
өсімдіктердің, атап айтсақ алоэ, герань, золотой ус, жусан, түймедақ,
итмұрындардың қаншама шипасы екеніне көзім жетті.
Осы дәрілік өсімдіктерді пайдалана отырып, мектеп жасындағы балалар және
жас сәбилер жиренбей іше алатын, түрлі дәмдеуіштер қосылған, дәмі жағымды
дәрілер жасалса нұр үстіне, нұр болар еді.
Зерттеу жұмыстарының оң нәтижелерін көре отырып мынадай ұсыныстарды алға
міндет етіп қойғым келеді:
- Мектеп оқушыларына өз жерінің дәрілік өсімдіктерін таныту мақсатында
жазғы демалыстарында мамандар немесе мұғалімдер топсеруендер ұйымдастырса;
- мектеп қабырғасынан емдік қасиеттері бар бөлме өсімдіктерін арнайы
өсіріп, баптап, зерттеп, күтетін бұрыш берілсе;
- тек дәрілік өсімдіктерді және олардың емдік қасиеттерін жарнамалайтын
дәріханалар ашылса;
- дәрілік өсімдіктерге түрлі дәмдеуіштер қоса отырып, жас балалар жиренбей
іше алатын түрлі - түсті кәмпиттер секілді дәрілер жасалса;
Егеменді, тәуелсіз мемлекетте тұрып салауатты өмір салтын сақтай білейік!

Кіріспе
Өсімдік өмір кепілі деген қағиданы ұстана отырып өсімдіктердің емдік
қасиеттерін зерттеуге бел будым. Менің бұл тақырыпты таңдауыма сынып
жетекшім мен анам ықпал етті. Өзім кішкентайымнан бөлме өсімдіктерін
өсіріп, күтіп, баптауды ұнататынмын. Ес білгеннен бері оқыған - түйгенімнің
арқасында тек бөлме өсімдіктері ғана емес, жалпы өсімдік атауының адам
өміріне, олардың денсаулығына тигізетін пайдасы, қасиеттері қызықтыра
бастады.
Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі.
Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор
екеніне ешкім күмән келтіре алмас.
Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын
білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген.
Өсімдіктердің емдік қасиеттерін білу үшін көп еңбек етуге тура келді.
Мектеп және аудан кітапханаларында болып осы төңіректе көптеген мәліметтер,
деректер жинақтадым. Сонымен бірге Хромтау қаласындағы дәріхана
қызметкерлерімен кездесулерге барып, дәрілік өсімдіктердің емдік
қасиеттерімен танысып отырдым. Көп ізденіп, көп оқыдым. Өз бөлімше
дәрігерім, терапевт Қайрашева Сауле апаймен кездесіп, емдік өсімдіктердің
түрлерін, қолданылуын білдім.
Көп ізденіп зерттеу барысында өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы
деректер жинала бастады.
Отбасымызда анам Алтынай Шоқылқызы емдік мақсатта пайдалану үшін бөлме
өсімдіктерін көп отырғызады. 1 - 2 сыныптардан бастап ана көрген тон
пішер демекші менде анамнан көргенімді ойға түйе отырып, бөлме
өсімдіктерінің емдік қасиеттерін біле бастадым.
Атап айтсам, бөлме өсімдіктерінен емдік мақсатта алой (алоэ), орыс халқы
оны столетник (жүзжылдық) деп те атайды, герань, фикус, золотой ус,
кактус т. б. өсіремін.
Жаз айларында өзіміздің бақшамызда өсетін аскөкті, меруетгүлді, бақбақты,
сонымен қатар даланың кез келген жерінде өсетін түймедақ, өгейшөп, жусан
өсімдіктерін теріп, кептіріп емдік мақсатта пайдаланамын.
Қазіргі технология қарқындаған заманда ауаның түрлі себептермен ластануына
байланысты адамдарда көптеген ауру түрлері көбейіп отырған жайы бар. Сол
ауруларды өсімдіктермен емдеу жолдарын білген әрбір адамға тиімді болар
еді. Өкінішке орай аяғымыздың астында өсіп тұрған емдік қасиеті жоғары
өсімдікті тани бермейміз. Егер әрбір саналы, сауатты
Қазақстан азаматы, азаматшасы өз елінің табиғат сыйлаған сыйын танып,
қолдана білсе, салауатты өмір кепілі болмас па еді. Олай дейтінім ерінбей
бар затты пайдалану керек.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде демей ме атам қазақ.
Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды
зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты мақсат деп
білемін.
Қоғам бар жерде адам бар. Адам бар жерде түрлі аурулар бар. Бірақ, сол
мәселені шешу әр адамның саналы қорғанысында.
Бөлме өсімдіктерін зерттеу сәтінен көрініс.

І. Негізгі бөлім
Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын
білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Шипалы
өсімдіктерден дәрі жасау әдістері ұрпақтан - ұрпаққа өтіп, бұл дәстүр
атадан жалғасып отырған.
Қазақстан табиғи жағдайлары әртүрлі болып келетін орманды, далалы, таулы
аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін
кездестіруге болады екен десек, оның 500 түрінен дәрілік заттар алынады
екен. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны
танып, білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан
көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін
ертеден білген.
Әбу - Насыр - Әл Фараби, Әбу - Әли Ибн - Сина, Беруни, Әл - Джуржани қазақ
халқының медицинасының дамуына әсері дәрілік өсімдіктерді тауып
пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40 -%- ы өсімдіктен
дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу әдіс - тәсілдері кеңінен
қолданылып жүр. Үй жағдайында кеңінен қолдануға жеткілікті. Ол үшін
дәрісіз ем - дом дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. [5, 31б]
Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес,
сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде дәрі
ауруы, аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала
бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Дәрілік
өсімдіктерді ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға
айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көре аламыз.

1. 1Мың теңге тұратын дәрі шарбағының дәл түбінде өсіп тұр.
(Халық мақалы)
Қазақ емшілерінің ауру - сырқаулармен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып
келе жатқан алуан түрлі дәрі - дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғаттағы
өсімдіктер дүниесі. Олай болса, аяғымыздың астында өсіп жатқан дәрілік
өсімдіктерді танып, білім зерттеп ауруымызға шипа етпеске. Біздің Хромтау
ауданы маңындағы жерлерде, елді мекендерде өсиетін көптеген дәрілік
өсімдіктер бар. Оларға түймедақты, итмұрынды, бақбақты, өгейшөпті, жусанды,
аскөкті, киікотын жатқызуға болады. [8, 24б.]
Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктер де жатады, өйткені
олардың көпшілігі ляззат мүмкіндігімен ғана (бұлардың шипалы күші де
осында) шектелмейді, бойындағы физиологиялық сергек заттардың арқасында
(меруетгүл, шегіргүл, гүлшетен) олардың денсаулығымыздың серігі де бола
алады. Сондай - ақ біздің бау – бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін
арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады, өздерінің жер үстіне және жер
астында өсетін мүшелерінде аса бағалы үй дәріханасына қажетті заттардың
болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы, мәселен, бақбақ ата заманнан
өмір нәрі аталған, ал қалақай – витаминдер қоймасы саналады. Өсімдіктерді
отап тастауға асықпай, алдымен олардың пайдалы қасиеттерін біліп алуға
тырысу керек.
Қазақ емшілерінің ауру - сырқауларымен ұзақ жылдар күресу барысында
қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі - дәрмектердің қайнар көзі – ұлы
табиғатты өсімдіктер дүниесі.
Өсімдіктердің сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі шәйірі және
тұқымынан дәрі - дәрмек жасалады. Қазақ емшілерінің қолданатын дәрілерінің
басым көпшілігі - өсімдіктер. Өсімдіктердің әрбір бөлігінің, мәселен,
тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс тұқымдарының дәрілік қуаты әртүрлі болып
келеді. Сондықтан оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілде жинағанда
ғана сапалы дәрі - дәрмек алуға болады.
Дәрілік өсімдіктер жиналып алғаннан кейін, жас күйінде бірден пайдаланудан
қалғандарын кептіріп, жақсы сақтай білу оның емдік қасиеті мен сапасының
жоғалмауының басты кепілі болып табылады. Мұндай өсімдіктердің дәріге
бірден пайдаланылмайтын бөліктерін топырақ, балшық секілді лас нәрселерден
арылтқаннан кейін, әрқайсысының ерекшелігіне қарай кептіру, көлеңкеде
кептіру, самалдатып кептіру.
Көбіне үй ішінде өсетін өсімдіктер өз үйіңізде сізге еш кедергі жасай
қоймайды. Өйткені олар ауаны жақсы тазартады. Ауаға таралған химиялық
заттарды жапырақтарына сіңіретін оларды қараусыз қалдыруға тағы болмайды.
Жапырақтарын жуып, сүртіп, уақытылы су құю керек. Өсімдіктер кереует пен
үстелге тым жақын орналаспауы керек. Олар жатын бөлмелердегі кереуеттерден
бір, не екі метр қашықтықта тұрғаны жөн. Әйтпесе олардың тез өсуі сіздің
тыныш ұйқыңыздың шырқын бұзуы мүмкін. Өсімдіктер үй ішіндегі басқа
бөлмелерге қарағанда, жатын бөлмеде аз болғаны дұрыс.
Хлорофитум.
Бұл өсімдік ауаны ылғалдандырып, таза ауаны қалыпты деңгейде сақтайды.
Спатифиллум. Терезелер арқылы сырттан келіп кіретін шаңдар мен микробтардан
бөлмеңізді тазартқыңыз келсе, осы өсімдікке бүйрегіңізді бұрғаныңыз дұрыс.
Бұл гүлді бөлменің кез келген жеріне қоюға болады, тек жатын бөлмесінде
тұрса одан да жақсы болар еді. Өйткені ол тыныш әрі тәтті ұйқыға кепілдік
береді.
Алоэ.
Алоэ тұрған бөлмеде түн мезгілінде көп мөлшерде оттегі бөлініп, көмірқышқыл
газы жұтылады.
Каланхоэ.
Бұл да түнде оттегіні қарқындытүрде  бөледі де, күйзелістен шығуға
жәрдемдеседі.
Бегония.
Зиянды заттарға қарсы тұрады. Отбасындағы татулық пен сүйіспеншіліктің
символы болып саналатын бұл үй өсімдігі депрессияны басады. Көбіне қартаң
тартқан жандар мен аурушаң адамдардың жатын бөлмесіне қойылады.
ҚАЛЫҢҚОЙ (KALANCHOE КАЛАНХОЕ)– көпжылдық, жақсы гүлдейтін шөптесін өсімдік.
Өсімдіктің емдік қасиеттеріне байланысты оны халық арасында дәрігер,
өмір гүлі деп те атайды. Оның емдік қасиетімен бірге ауа тазарту қасиеті
де өте жоғары. Ол ауадағы зиянды микробтарды жоюмен
бірге антивирустық пәрмені бар өсімдік. Таралған аймақтары – Оңтүстік
Африканың, Оңтүстік Американың тропиктік аудандары, Оңтүстік Шығыс
Азия, Қытай мен Ява аралдары. 200-ге жуық түрі белгілі. Ал оның 30-ға жуық
түрі мен сұрпы үй жағдайында өсіріліп келеді. Өсімдіктің жапырақтары түріне
қарай жалпақ, етті, жиектері ирек болып келеді. Гүлдері қоңырау, себет
тәріздес, ұзындығы 30см гүлсабаққа шоғырланған. Дұрыс күтім жасалса, жыл
бойы гүлдейді.
Жарығы:
Жарық, күн көзі жақсы түсетін жерлерде өседі.
Жылуы:
Қыста 12ºС төмен болмауы керек.
Суғарылуы:
Жазда топырағының беткі қабаты құрғаңқырағанда, ал қыста салқын жерде
ұстасаңыз, айына бір рет суғарып тұру керек.
Ылғалдылығы:
Құрғақ ауаға төзімді. Су бүркуді қажет етпейді, дегенмен де жапырақтарын
тазарту мақсатында су бүркіп, шаңын жуып тұрған абзал.
Қоректендірілуі:
Көктем-жаз айларында кірпігүлге арналған тыңайтқышпен айына бір рет
қоректендіріп тұру қажет.
Аурулары:
Ауруға көп шалдықпайды. Суккулентке жататындық тан, артық суғарғаннан шіріп
кету қаупі бар. Зиянкестерден ақ ұнтақ құрты,щитовка, өрмекші кенесі зақым
келтіруі мүмкін.
Көбейтілуі:
Қалыңқой өте оңай көбейтілетін бөлме гүліне жатады. Жапырақ, қалемше және
жанама өскіндері арқылы көбейтіледі.

Герань.
Микробтарды өлтіреді. Ауаны озонға айналдырып, ішкі күйзелісті басады.
Көбіне әйел адамдарға пайдасы мол бұл өсімдік ұйқысыздық кезінде де көмегін
аямайды. Бірақ, абай болыңыз, аллергия тудыруы мүмкін.
Сансевиерия. Жатын бөлмеге арналған тамаша үй өсімдігі. Көбіне түн
мезгілінде оттегі мөлшерін көп шығарады.
Кактус. Микробтарды жойып, ауаны тазартады.
Лавр. Көбіне балалар бөлмесіне жайғасатын бұл өсімдіктер кішкентай
балалардың тыныш ұйқысын күзетеді. 
Герань бөлме гүлдерінің ішіндегі емдік қасиеті мол көпжылдық өсімдік. Оның
жас жапырағы күйікке, жаңадан пайда болған жараларға жапсырса тез жазылуына
көмектеседі. Тері ауруларының ішінде қышымаға, бөрткендерге пайдалы.
Гераньның үйде өсіп тұрғанының тамырын алып, ұйқы безі қатерлі ісігіне
шалдыққанда қайнатып ішу керек. Оның жапырағы мен тамырын шомылуға астауға
қосады. Ол үшін 1 литр суға 3 ас қасық гераньның үгіндісін қайнап тұрған
суға салып, үш сағат бұқтыру қажет. Осыдан соң астаудағы шомылатын суға
қосады. Бұл орталық жүйкені тыныштандырып, тері сырқаттарының алдын алады.
Мөлшерден тыс көп келетін етеккірге 1 ас қасық жапырағын алып, бір стақан
суға 3-5 минут баяу қайнатып бұқтыру керек. Суы азайса қайнаған су қосып,
әуелгі қалпына келтіруге болады. Әр жолы 2 ас қасықтан астан бұрын күніне
үш рет ішкен жөн. Осы суға 4 еседей қайнаған су қосып, жылыдай жатырды жуу
керек.
Самай, маңдай, жүйке ауырған кезде үйде өсіп тұрған гераньның бірнеше
жапырағын жуып тазартып, ауырған жерге басады. Әр 2-3 сағат сайын
ауыстырып, бірнеше рет қайталасаңыз, көпке дейін жүйке сырқатын ұмытасыз.
Алқым безінің сырқатына 10-20 тал жапырағын таза банкіге салып, үстінен 40
градустық спирт құйып, бір ай қараңғы жерге қояды. Осыдан соң шөбін сығып
алып тастайды да, тұнбадан бір ас қасықты асқа дейін жарты сағат бұрын
күніне үш рет ішу керек.
Тістің түбі ісініп, түбі босаса 4-5 тал жапырақты сығып, қайнап жылыған
суға қосып, күніне 2-3 рет ауызды шайқаған дұрыс.

Роза гүлінің емдік қасиеті
 Медицина, халық емі
Әтіргүл, раушан, роза, медицина
Бағзы заманнан бұл гүл, гүлдердің патшайымы болып есептеледі. Көне Индияда
әлемнің сұлуы деп есптелген сұлу Лакшми, розаның гүлінен пайда болыпты да
оның бесігі — роза гүлі жаратушы құдыреттің құпиясының айғағы екен деген
аңыз. Көне индияның заңында патшаға роза гүлін әкелген адам одан сұрайын
деген затын(нәрсесін) сұрап алған екен.
Мұсылмандар аңызында Жердің бүткіл өсімдіктері Алладан ылғи шала ұйқыда
немесе өте паң Лотостың орнына басқа бұйырушы(повелитель) беруін сұрағанда
Аллаһ оларға ең керемет гүл — Розаны жасап беріптіміш.
Персияда розаны кереметтей көретіндіктен сол елдің өзі Гүлстан аталып
кетуіне себеп болды.
Ал гректерде — өмірдің тым қысқалығының символы ретінде яғни осы бір әсемде
хош иісті гүлдің жаратылысы мен солуындай деп қарайды. Оларда: Егер сен
розаны байқамай жанынан өтіп кетсең қайта іздеме — деген мәтел бар...
Қысқасы — аңыздар көп!
Емдік қасиеттері: Қызыл немесе ақ түсті гүлдерінің жапырағынан жасалған
тұнба немесе сиорп бедеулікті емдеуде қолданылып халық арасында оның емдік
қасиеті мақұлдандыда. Себебі ол жапырақтар Е дәруменіне өте бай. Ол
дәрумен(витамин) — жастық витвмині және жыныстық құшталықтың витамині. Ақ
немесе қызыл розалардың гүлдерінен жасалған сироп әйелдердің жүкті болуына
себепкер болады, егер кінәрәт әйелден болса. Ер адамға емдеоу үшін тек
қызыл немесе алқызыл түсін таңдау керек. 
Халық емінде өкпе ауыруына, тыныс жолдарын емдеуге де қолданылады.

Қазтамақ

  Көпшіліктің  сүйікті  гүліне   айналған  қазтамақ  -   pelargonium  
тұқымдасына    жататын    көпжылдық    шөптесін   өсімдік. Отаны -Оңтүстік
 Африка. Алғашқы  кезде  қазтамақ  гүлі  өзінің  сұлулығымен  тек
 байлардың  аулаларында, биік  үйлердің  алдында  өсірілетін  ақсүйектер
 гүлінеайналған. Содан  да  болар, гүлдің  сұрыптары да   ақсүйектердің 
 ұғымына  сай Кароль Эдуард VII, Кароль Альберт,  Эмиль  Лемуан
сияқты  атақтылардың  құрметіне  аталған. Ал, XIX ғасырдан  бастап
 қазтамақ  гүлі  әлемге  таралған.
        Қазірде   қазтамақтың   200-ге жуық  түрі   белгілі. Көптеген  
гүлпаздар   қазтамақты әдемі   гүлі   үшін   ғана  емес,  хош    иісті   
жапырақтары, сондай-ақ  шипалық  қасиеті үшін  де  өсіреді.Гүлдері
   қызыл, көкшіл,  күлгін, ақ түсті   ал, жапырақтары  ашық  жасыл, сары,
көгілдір  т.б.   түсті   болып  келеді.
       1929  жылы  Батыс  Грузияда   алғаш рет қазтамақ  мәдени  гүл 
ретінде  енгізілген. Бүгінгі таңда Арменияда, Абхазияда, Тәжікстанда
мыңдаған    гектар   алқапқа   егілген  қазтамақтың   гүлінен сапасы
жоғары геранин атты   эфир  майы   алынып отыр.
Қазтамақтың  күтімі
         Қазтамақ    тез   өсетін, оңай    көбейтілетін,  күтімі жеңіл
гүлдерге жатады.  Өсімдіктің   күтімі  дұрыс  болса,  араға  аз  уақыт 
салып демалып, үздіксіз   гүлдей  береді.  Мамыр  айында  аулаға   
шығарып,   гүлзарларға     егіп   қоюға болады. Күзде     қайтадан   
қазып  алып, түбекке  отырғызып  үйге кіргізеді. Қараша айында жапырағы 
сарғайып, түсе  бастағанда, сабағын    тамырдан   жоғары   10-15см –дей 
 биіктікте  кесіп  тастау     қажет. 
        Қазтамақты    жаз    айларында   жиі, ал  қыста   бірқалыпты 
суғарған    дұрыс. Аталмыш    гүл   шамалы   суыққа   шыдағанымен,
негізінен   жылу   мен    жарықты   жақсы   көреді.   Көптеген   қазтамақ 
  жарықта   ерекше    гүлдейді.  Өсімдік    жиі    тыңайтқанды  қажет 
етпейді. Сондықтан, өсімдікті ерте көктемде  және    жаз   айларында айына
бір  рет  тыңайтып   тұрса   жеткілікті. 
        Қазтамақ  гүлі  ұзақ  гүлдейтін бөлме  гүлдерінің  бірі. Десек те,
кез  келген   гүлді  бір   уақыт  демалдырған   дұрыс. Себебі, демалыс
 алған  гүл  келер  жылы  молынан  гүлдейді, әрі  жақсы өседі. Сол  үшінде 
желтоқсан  айының   екінші  жартысында  қазтамақ   гүлін қырқып, демалыс
 берген   дұрыс. Ол  үшін:
       - топырақтан биік 15 см сабақ қалдырып, қалған бұтағын қырқып
алыңыз.
       - көлеңке, ауа температурасы  жоғары   бөлмеге  қойыңыз.
           Екі  айдан соң,  яғни  ақпанның  15-нен  бастап,  өсімдікті 
суғарып, қураған   жапырағын  кесіп, тыңайтып  алып,  жарық мол түсетін 
жерге  қойғаныңыз  абзал. Егер,  түбегі  кіші  болса, үлкенірегіне 
ауыстырып  қойғаныңыз   жөн. Сонда, демалыс алған қазтамақ   қайта
 жанданып, көркейіп  өсуін  қайта  бастайды. Көктемде  өсімдіктің  жаңа 
өскіндерін  кесіп алып,  сабағын   қалемшелеу  арқылы  көбейтуге болады. 
          Ескерту!  Қыста  бөлме  гүлдеріне  молынан су  бүркіп  тұру
қажет. Себебі, үйге қосылған  жылудың әсерінен үйдің ауасы құрғайды. Бұл
жағдай  өсімдігіңізге кері әсерін тигізіп, ылғал  сүйгіш гүліңіздің 
жапырағына  зақым   келіп,  қурап қалуы мүмкін.

            Қазтамақтың  емдік  қасиеті 
         Қазтамақ   илік   заттарға   бай, оның гүлінің құрамында  және
 сабағында танин, каротин, кальций, бояғыш  заттар,аминқышқылдары, 
дәрумендер мен  антибиотиктер  бар.
      Халық    медицинасында   қазтамақтың    тұнбасын  ішу  арқылы   
асқазан,  ішек,  және   көз    ауруларын    емдеуге  болады.  Сонымен 
 қатар, бүйрекке  тас   байланғанда, тамақ     пен    ауыз   қуысы  
 қабынғанда, сыртқы    жараларға,   тұмауға, бас   ауруына,  жөтелге 
 және  ревматизмге    қарсы   қолданылады. Қазтамақтың    гүлінің  де,
жапырағының  да, сабағы   мен   тамырының    да   шипалық   қасиеті
   мол. 
         Қазтамақты     косметологияда     да   қолданады. Өсімдіктің   200
грамм  ұсақталған    жапырағы  мен     гүлінің     шырынын   сығып, 
қақпағы    бар   ыдысқа   құйып,   тоңазытқышқа     қояды. Дайын    болған 
   мұзды  таңертең  бетке    уқалап   жағады.  Ол    беттің     қан 
  алмасуын   жақсартып,    өңін кіргізіп, теріні     жақсартуға  
көмектеседі.

               Қызықты   деректер 
        Қазтамақ     бөлмедегі    ауаны    стафилакокк,  стрептококк
  бактерияларынан  тазалайды.  Оны    тексеру    үшін    ғалымдар    
стафилакокк    бактериясының   1-2  тамшысын   қазтамақтың   жапырағына  
тамызғанда, үш    сағатта     бактериялар    өліп  қалған. Сонымен  қатар, 
шыбын-шіркейлер   қазтамақ    бар    жерден   қашады.
           Қазтамақ    тұрған   бөлмеде   ұрыс-керіс    болмайды-мыс.
          Дәрі-дәрмекті    пайдаланғанша,  үйіңізге   қазтамақ   егіп,
емделіңіз    және    әдеміліктің    ортасында    өмір   сүріңіз!

Cut-leaved Crane's-bill

Geranium dissectum
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:
Plantae

Бөлімі:
Magnoliophyta

Табы:
Magnoliopsida

Сабы:
Geraniales

Тұқымдасы:
Geraniaceae

Тегі:
Geranium
L., 1753

Species
See list.

Қазтамақ - қазтамақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін
өсімдік.Қазақстанда шалғындық жерлерде өзен аңғарында, орманда, тау
беткейлерінде өседі, 15 түрі бар. Биікт. 10-80 см. Сабағы тік, сыртын түк
жапқан. Тілімденген жапырақтары қарама-қарсы не кезектесіп орналасады.
Қызыл, көкшіл, күлгін, ақ түсті гүлдері, көбінесе шоқталып, кейде жеке дара
шығады. Маусым-тамыз айлароында гүлдеп, шілде- қыркүйекте жемістенеді.
Жемісі - дәнек. Қазтамақ илік заттарға бай, оның гүлдерінің құрамында,
сабағында танин, бояғыш заттар, кальций мен каротин, С дәрумені
менгеранин (эфир майы алынады) бар. Қазтамақтың кейбір түрлері: орман
қазтамағы, шалған қазтамағы, Роберт қазтамағы және сібір қазтамағы -
дәрілік өсімдіктер. Қазтамақтың тамырынан немесе кепкен шөбінен алынған
тұнбаны бүйрекке байланған тасты ерітуге,ревматизм мен радикулитті е мдеуге,
сондай-ақ, баспамен ауырғанда тамақ шаюға, сүйек сынғанда ванна жасауға,
түсе бастаса шашты жууға пайдаланады. Кейбір түрлері әсемдік үшін де
өсіріледі.
ҚАЗТАМАҚ (PELARGONIUM ПЕЛАРГОНИЯ (ГЕРАНЬ)) – герань тұқымдасына жататын
көпжылдық шөптесін өсімдік. Негізгі отаны – Оңтүстік Африка. 280-ге жуық
түрі белгілі. Сәуірден қазан айына дейін үздіксіз гүлдейтіндіктен, қазтамақ
көптеген гүлпаздардың сүйікті гүлі. Гүлпаздар қазтамақты әдемі гүлі үшін
ғана емес, сонымен қатар хош иісті жапырақтары үшін де өсіреді.
Жапырақтарының емдік қасиетімен бірге ауа тазарту қасиеті де өте жоғары. Ол
ауадағы зиянды микробтарды, [[стафилакокк] бактерияларын жоюға пәрмені бар
өсімдік. Қазтамақ тез өсетін, аса құнарлы топырақты қажет етпейтін, оңай
көбейтілетін, күтімі жеңіл гүлдерге жатады. Мамыр айында аулаға шығарып,
гүлзарларға егіп қоюға болады. Күзде қайтадан қазып алып, түбекке отырғызып
үйге кіргізеді. Қараша айында жапырағы сарғайып, түсе бастағанда сабағын
тамырдан жоғары 10-15см-дей биіктікте кесіп, жыл сайын өсімдікті жасартып,
жаңартып отыру қажет.
Мазмұны
  [жасыру] 
1 Жарығы:
2 Жылуы:
3 Суғарылуы:
4 Ылғалдылығы:
5 Қоректендірілуі:
6 Аурулары:
7 Көбейтілуі:
8 Қызықты дерек
9 Сыртқы сілтемелер
10 Сілтемелер
11 Пайдаланылған әдебиеттер

[өңдеу]Жарығы:
Жарық сүйгіш. Жаз айларында аулада күн астында өсіруге болады.
[өңдеу]Жылуы:
Қыста 10ºС төмен болмағаны абзал.
[өңдеу]Суғарылуы:
Топырағының беті құрғаңқырағанда суғарып тұру қажет.
[өңдеу]Ылғалдылығы:
Ылғалдандыруды қажет етпейді.
[өңдеу]Қоректендірілуі:
Көктемнен күзге дейін 10-15 күнде гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқышпен
қоректендіріп тұру қажет.
[өңдеу]Аурулары:
Ауруға көп шалдыға бермейді, төзімді өсімдік.
[өңдеу]Көбейтілуі:
Тұқымы, түбін бөлу және сабағын қалемшелеу арқылы көбейтіледі.
[өңдеу]Қызықты дерек
Ең жағымды гүлдердің бірі қазтамақ деп есептелінеді. Қазтамақ тұрған
бөлмеде ұрыс-керіс те болмайды, ал бола қалған жағдайда өсімдік адамның
жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөле бастайды. Содан ұрысып қалғандар тез
татуласып кетеді екен. Сондықтан болар, бұл гүлді бұрындары әр үй өсірген.
Өсімдіктер (Plantae) Сезімтал өсімдіктер
Қоршаған ортаның адам-ға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Әсіре-
се, өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаңыз, ол да сізге солай жауап
береді. Адамзат баласы сан ғасырлар бойы өсімдікті ем ретінде қолдануда.
Өсімдік әлемінің адамға берері көп десе де болады. Мысалы, гүлді
құмырасымен біреу сыйға тартса, сіз ол адамға сол гүл үшін аз болса да ақы
төлеуіңіз керек екен. Себебі, құмырадағы гүл мені бағалады деп риза
болып, одан әрі жайқалып өсе түседі екен. Ал, өсімдіктерге дұрыс қарамаса,
уақытын-да суғарып тұрмаса ренжіп, адам ағзасына зиянды улы химиялық
заттар бөліп шығаратын көрінеді. Мысалы, қызанақ көшетін бөлмеде өсіріп, су
құюды ұмытып кетсеңіз, түнімен ұйықтай алмайсыз.
Ал, кактустар да адамның көңіл-күйіне әсерін тигізеді екен. Кактусқа туу,
түрі құрысын, қандай сүй-кімсіз деп айтқан сәтте-ақ құрамында алкогольдік
қоспалар бар улы зат бөліп шығарады екен. Бұл зат адамды ішімдікке
итермелейтін көрінеді. Содан адам ішімдікке әуестеніп кететін кездері
болғанын ғалымдар анықтаған.
Ал, кейбір өсімдіктер өз қожайынын басқа бір адамнан қызғанатын көрінеді.
Биохимия маманы, доцент Дина Балясова көп жылдар бойы адам мен өсімдіктер-
дің қарым-қатынасы туралы зерттеулер жүргізген. Ағылшын физиологы С.Мей-
сонның бөлмесінде көп жылдар бойы фикус өсіп тұрған. Ғалым үйленгеннен
кейін оның әйелі күннен-күнге әлсіреп, сырқаттанып қалады. Ал, жерік болған
кезде қатты ит жерік болып, тіпті дәрігерлердің қандай ем қолданғанына
қарамай, түсік тастайды. Ғалымның ойына бөлмесінде өсіп тұрған фикус
түседі, әйелінің ауруға шалдыққанына сол кінәлі деп оны үйдің қасындағы
баққа апарып қояды. Көп ұзамай әйелі құлан-таза айығып, қайтадан бала
көтеріп, дені сау, әдемі сәбиді дүниеге әкеледі.
Сөйтсе, фикус өз қожайы-нын әйелінен қызғанып, хи-миялық қоспа заттар бөле
бастаған, ол зат Мейсонның өзіне ешқандай әсер етпеген.
Әрине, өсімдіктердің барлығы тек зиянды екен деуге болмайды. Мысалы, фиалка
(шегіркүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалық, ол басқа жаққа сапарға
кетсе, сағынады екен. Ал қазтамақ (герань) бірінші суғарма-са, кәдімгідей
ренжитін көрінеді. Өзінің ренішін ол көпке дейін гүл ашпай тұру арқылы
білдіреді.
Ертеде адамдар зығыр (лен) еккен кезде, жала-ңаштанып егеді екен. Әйт-песе,
мол өнім болмайды деп есептеген. Көрдің бе, сен (зығыр) өнім бермесең, мен
жалаңаш қаламын деп айтады екен. Адамдар киімді зығырдан жасап, кигені
белгілі ғой.
Ертеде қыдырып кеткен күйеуін үйге қайтару үшін әйелдер жатын бөлме-ге
алқызыл түсті гүлді қойған. Сол бөлмеде үш күн қонған ер адам ендігә-рі
басқаға қарамай, тек өз әйеліне деген сезімі арта түседі екен. Ең жағымд-ы
гүлдердің бірі қазтамақ деп есептелінеді. Қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс-
керіс те болмайды, ал бола қалған жағдайда, өсімдік адамның жүйке жүйесіне
әсер ететін зат бөле бастайды. Содан ұрысып қалғандар тез татуласып кетеді
екен. Сондықтан болар, бұл гүлді бұрындары әр үй өсірген.
Гүлді өз қолыңыздан егіп, күтіп-баптаған жөн. Оларды сәбиді баққандай
күтсеңіз, өс-кен соң сіздің денсаулығыңыз-ға, отбасыңызға оң әсер етеді
дейді. Гүлдердің қасында бір сағаттай отырсаңыз көңіл-күйіңіз көтеріліп,
барлық жаман ойдан арыласыз.
Ал, мына бір оқиға осыдан 7 жыл бұрын болған. Бір үйдің ауласында жапырағы
жайқалып, әдемі үлкен ағаш өсіп тұрған. Үй иесі отыздағы әйел бұл ағашты
шауып тастайын деп, алдымен оның қабығын аршып тастайды. Ағаш солып қалған
соң, кесіп тастамақшы болады. Әне-міне деп жүріп қолы тимейді. Бір күні
әйел өз болашағын білмекші болып көріпкел-ге барады. Көріпкел оған отыз
жасыңда өлесің дейді. Әйелдің өзі де, туыстары да дені сап-сау, аяқ қолы
балғадай адам қалай өледі? деп, көріпкелдің сөзіне аса мән бермейді. Тамыз
айында әйел отыз жасқа толады да, туыстарын, көршілерін, жора-жолдастарын
шақырмақшы болып, той қамына кірісіп кетеді. Құрбысы екеуі есіктің алдына
шығып, мерейтой туралы әңгімелесіп тұрған сәтте, ауа райы күрт өзгеріп,
аспанды қара бұлт торлап, қатты жел соғады. Онсыз да әрең тұрған ағаш
желдің күшімен тура екі әйелдің үстіне келіп құлайды. Біреуі қашып
үлгіреді, екіншісі ағаштың астында қалып, қайтыс болады.
Тура отызға толған күні, көріпкел айтқандай, ағашты кескен әйел қайтыс
болыпты. Көріпкелдің айтқаны тура келді. Бұл оқиғада ең таң-
қаларлығы–ағаштың әйел-ден өшін алғаны. Мүмкін, кездейсоқ болған шығар. Кім
біледі? Бірақ, ағаштың да жаны бар, олар да сезеді дейді ғой.
Емші өсімдіктер Адамзат дамуының алғаш-қы дәуірінде адамның негізгі
қорегі өсімдік болды. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдіктер түрінің көбейуіне
қарай, адам осылардың кейбіреуле-рінің ерекше қасиеті бар екенін байқаған.
Бертін келе сол өсімдіктерді емделуге пайдалана бастаған. Яғни айтқанда,
адамның тұңғыш ұстазы – табиғат, алғашқы дәріханасы – орман мен дала болды.
Сөйтіп, адам өсімдіктерді тағам ретінде пайдаланудың арқасында халық
медицинасын ашты.
Ертедегі египеттіктерге алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос,
көкпар, жалбыз, тал, арша, т.б. өсімдіктер-дің шипалық қасиеті белгілі
болған. Ғажап сиқырлы күші бар шөптермен Үндістанның аты шыққан. Бұдан 4
мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана білген.
Қытайда дәрілік өсімдіктер жөнінде алғашқы кітап бұдан 5 мың жыл бұрын
жазылған. Орта ғасыр ғалымы Парацельс ерте заманнан келе жатқан ілім
бойынша емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен иісі аурудың сипатына сай
келуі тиіс дейді. Мысалы, сарғайып ауырған адамды сары түсті өсімдікпен,
бүйрек ауруын жапырағы бүйрек тәрізді өсімдікпен емдеу қажет. Халықтық меди-
цинаның ел арасына көп тараған және тәуір дамыған саласы – шөппен емдеу.
Қазақ халқының емшілік салтында шипалы өсімдіктерді пайдалану ежелден бар
дәстүр. Ха- лық емшілері бұл жөнінде көптеген тәжірибелер де жинаған.
Мысалы, қазақтар-дың қылшадан дәрі жасауына сүйеніп, 1924 жылы
П.С.Моссагетов Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалы қасиетін
ашқан. Оның құрамында емдік эфирин за-ты табылды. Шырғанақтан алынатын
майды қазақтар жараны, күйікті жазуға, итмұ-рын жемісінің қайнатылған
тұнбасын аурудан әлсіреген адамға әл беру үшін, тобылғы сабағын
қыздырғаннан кейінгі майын теміреткіні және қотырды емдеуге, қалақай,
мыңжапырақ тұнбаларын қан тоқтатуға пайдаланған.
Қазақстан жерінде тұзды көлдер, батпақты сорлар көп-теп кездеседі. Жаздың
ыстық күндері ол жерлерде қос тігіп, ас, сусын ала келіп емделетін. Ұзынша
науа тәріздес етіп жерді қазып, ауру кісіні жатқызып, үстін батпақпен көміп
тастайтын. Дәл осындай халықтық қағидаға сүйенген ем орындарының бірі Жаңа-
Қорған санаторийінің жанын-дағы Борықтыкөл емдеу орталығы еді. Радикулит,
ревматизм ауруларын емдейтін бұл санаторий республикадан тыс жерлерге де
белгілі болған. Халық аңызы батпақтың емдік қасиетін алғаш ашқан аңшы
оғынан жараланған киік деседі.
Айта кететін бір жай – қазақ халқы дәрмене жусанды емдеу үшін пайдалануын
ғылыми медицинаға қосқан үлкен үлес деп бағалау ләзім. Өйткені, дәрмене
жусанды қазақтың халық медицинасы ішек құрты ауруына қарсы пайдаланған.
Бабаларымыз аталмыш өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сау-да
керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп тұрған. Ол өте бағалы шипалы шөп
ретінде, жоғары бағаланған. Себебі, дәрмене жусан Қазақстанның оңтүстігінен
басқа жерде өспейді, яғни бұл өсімдікке дүние жүзінде сұраныс көп болған.
Халық медицинасы арқылы дәрілік шөптердің тізімі-нің ішінде атақты женьшень
өсімдігімен таласа алатын бірден-бір өсімдік – қызғылт семізот (радиола
розовая). Немесе оны халық алтын тамыр деп те атап кеткен. Алтайдың
халықтық медицинасында алтын тамыр адамның жұмыс қабілетін арттыратын
дәрі ретінде пайдаланылып келді.
Кейінгі жылдары ғалымдар алтын тамырдың құра-мындағы экстракттың ағ-заның
(организм) дене жұмысына шыдамдылығын арттыратынын, жүрек-сосуд системасын
жақсартып, жоғарғы нерв жүйесінің ырғағына жағымды әсер етіп, қан қысымының
реттелуіне көмегін тигізетіндігін анықтады.
Қазақстан бойынша семізот (алтынтамыр) туысының он бір түрі кездеседі. Оның
ішінде жалғыз қызғылт семізот түрінің ғана шипалық қасиеті бар. Бұл өсімдік
Алтай, Тарбағатай және Жоңғар тауларының біраз жерінде ғана өседі. Кейінгі
жылдардағы зерттеу жұмыс-тары мен экспедициялық және далалық практика
кезіндегі бақылау жұмыстары бұл өсімдіктің өсу аймағы едәуір тарылып
кеткенін көр-сетіп отыр. Жергілікті жерлерде алтын тамырды жинаушылар
көбейіп кеткен. Өкініштісі, кейбіреулер бұл тамаша өсімдікті пайданың көзі
етіп алған. Мұндай жүйесіз жинаудан табиғатқа да, адамға да келер пай- да
жоқ. Қызғылт семізот- тан жасалынған дәріні ор- нымен пайдаланбаса, ол
кейбір адамдардың қан қы-сымын арттырып жібереді. Бұдан қайғылы жағдайға
ұшырау қиын емес. Біздің Қазақстанда өсетін тағы да бір шипалы шөп –
мақсыр, немесе марал тамыр (рапонтик). Бұл да шипалық өсімдіктер тізіміне
халықтық медицина арқылы енген өсімдік. Алтайлықтар көктем кезінде бұл
өсімдікті маралдар тұяғымен қазып, тамыр сабағын жейтіндігін байқаған,
осыдан марал тамыр, марал шөп деп атап кеткен. Мақсырды халық ертеден
бері алтын тамыр және женьшень сияқты әл беретін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет ғұрыптарды қалыптастыра отыру
Суккулентті бөлме өсімдіктерін өсіру
Оқушылардың өзіндік зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі
Ересек тобындағы мектепке дейінгі тәрбиедегі балаларды учаскедегі өсімдіктермен таныстыру
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер жайлы
Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері
Бөлме өсімдіктерін іріктеп алу, өсіру және баптал күту
Дәрілік өсімдіктер туралы
Бөлме өсімдіктерін күту және баптау жолдары
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды биология пәнін оқытуда қолдану
Пәндер