Жобаны басқару. Лекция тезистері
1. Тақырып. Жобаның экономикалық мазмұны
2. Тақырып. Жобаларды басқару тұжырымдамасы
3. Тақырып. Жоба түрлерінің жіктемесі
4.Тақырып. Жобалардың мақсаты мен стратегиясы
5.Тақырып. Жобаның қоршаған ортасын анықтау
6. Тақырып. Жобалардың өмірлік циклы
7.Тақырып. Жобаны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық экономикалық жүйесі
8. Тақырып. Жобаларды басқару көрсеткіштері
9. Тақырып. Жобаларды басқару әдістері
10. Тақырып. Жобаларды талдауда қолданылатын есептеу тәсілдері
11. Тақырып. Дисконтау, NPV, ARR, ІRR.
12. Тақырып. Ұзақ мерзімдік қарыздарды қайтару тәсілдері
13. Тақырып. Инвестициялық жобаларды қаржылық.экономикалық бағалаудың негізгі ережелері.
14. Тақырып. Инвестициялық жобаларды қаржылық.экономикалық бағалау
15. Тақырып. Ақша ағымын анықтау тәсілдері
16.Тақырып. Жобалардың тиімділігін бағалаудың негізгі тәсілдері
17. Тақырып. Жобалардың тәуекелдігін бағалау
18. Тақырып. Инфляция жағдайының инвестициялық жобаларды бағалауға тигізетін әсері
19. Тақырып. Жобаларды қаржыландыру
20. Тақырып. Жобаны басқарудың нәтижесі

Жобаны басқару практикасы типтік жобаларды атап шығуға және жобаларды өңдеу тәжірибесін жинақтап қорытуға жол береді. Шет ел практикасында кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі типтері мыналар:
1. Ескірген жабдықтардың ауыстырылуы, өзгертілмеген масштабтардағы бизнестің жалғасуы. Мұндай түрдегі жобалар әдетте ұзақ және күрделі шешімдерді қажет етпейді.
2. өндіріс шығындарын азайту мақсатындағы жабдықтардың алмастырылуы. Мұндай жобалардың мақсаты- жұмыс істеп тұрған жабдықтардың орнына жетілгендерін пайдалану, бірақ соңғы кезде ескірген, салыстырмалы түрде тиімділігі аздау жабдықтар болу қажет.
3. өнім шығаруды ұлғайту немесе қызмет рыногын кеңейту.
Жобаның бұл түрі.
Әдетте кәсіпорын басқармасының жоғары деңгейімен қабылданатын өте жауапты шешімді талап етеді.
Міндетті түрде жобаның коммерциялық орындалуына талдау жасау керек, сонымен қатар жобаның қаржылық тиімділігін де бақылап отыру қажет.
4. Жаңа өнімді шығару мақсатымен кәсіпорынды кеңейту. Жобаның бұл типі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады. Ол бизнестің шын мәнісінде өзгеруін жамап өтуі мүмкін. Бұл жоба үшін анализдің барлығы бірдей деңгейде қажет. Мұндай жобаларда жіберілген қателік кәсіпорын үшін үлкен қауіп-қатер тудырады.
5. Экологиялық жүктемесі бар жобалар.
Инвестициялық жобалаудың барысында экологиялық талдау қажетті элемент болып табылады.
Бар жобалар әр уақытта қоршаған ортаны ластаумен байланысты болады, сондықтан талдаудың бұл бөлігі сыншыл болып келеді. Қаржылық китерийлердің көмегімен негіздеп, шешіп алатын негізгі – жобаның қайсы нұсқасын таңдау (1) капиталдық шығындарды көбейту арқылы, қымбат және жетілген жабдықтарды пайдалану, немесе (2) арзандау жабдықтар алып, күнделікті шығындарды көбейту.

13. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
1. Тақырып. Жобаның экономикалық мазмұны
Жобаны басқару практикасы типтік жобаларды атап шығуға және жобаларды
өңдеу тәжірибесін жинақтап қорытуға жол береді. Шет ел практикасында
кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі типтері мыналар:
1. Ескірген жабдықтардың ауыстырылуы, өзгертілмеген масштабтардағы
бизнестің жалғасуы. Мұндай түрдегі жобалар әдетте ұзақ және күрделі
шешімдерді қажет етпейді.
2. өндіріс шығындарын азайту мақсатындағы жабдықтардың алмастырылуы. Мұндай
жобалардың мақсаты- жұмыс істеп тұрған жабдықтардың орнына жетілгендерін
пайдалану, бірақ соңғы кезде ескірген, салыстырмалы түрде тиімділігі
аздау жабдықтар болу қажет.
3. өнім шығаруды ұлғайту немесе қызмет рыногын кеңейту.
Жобаның бұл түрі.
Әдетте кәсіпорын басқармасының жоғары деңгейімен қабылданатын өте жауапты
шешімді талап етеді.
Міндетті түрде жобаның коммерциялық орындалуына талдау жасау керек, сонымен
қатар жобаның қаржылық тиімділігін де бақылап отыру қажет.
4. Жаңа өнімді шығару мақсатымен кәсіпорынды кеңейту. Жобаның бұл
типі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады. Ол
бизнестің шын мәнісінде өзгеруін жамап өтуі мүмкін. Бұл жоба үшін
анализдің барлығы бірдей деңгейде қажет. Мұндай жобаларда
жіберілген қателік кәсіпорын үшін үлкен қауіп-қатер тудырады.
5. Экологиялық жүктемесі бар жобалар.
Инвестициялық жобалаудың барысында экологиялық талдау қажетті элемент
болып табылады.
Бар жобалар әр уақытта қоршаған ортаны ластаумен байланысты болады,
сондықтан талдаудың бұл бөлігі сыншыл болып келеді. Қаржылық китерийлердің
көмегімен негіздеп, шешіп алатын негізгі – жобаның қайсы нұсқасын таңдау
(1) капиталдық шығындарды көбейту арқылы, қымбат және жетілген жабдықтарды
пайдалану, немесе (2) арзандау жабдықтар алып, күнделікті шығындарды
көбейту.
Бақылау сұрақтары:
• Жобаның экономикалық мазмұны қалай түсінесіздер?
• Жоба экономикадағы рөлі қандай?
• Жобадағы шығындар қалай бөлінеді?
2. Тақырып. Жобаларды басқару тұжырымдамасы
Жоба дегеніміз өнімді немесе қызметті жасайтын уақытша кәсіпорын.
Жобаларды сапамен басқару тұжырымдамасы өндіріс сипаттамасымен
салыстырмалы түрде қарастырылады. Төменде көрсетілген кестеге назар
аударсақ мекеме мен жоба арасындағы айырмашылықты айқын көруге болады.
МЕКЕМЕ ЖОБА
Пайдаланымдық процесстер және өнім. Жаңа процесстер немесе өнім.
Мекемеде бірнеше мақсат және міндет Жобада бір ғана мақсат көзделеді.
көрініс табады.
Тұрақты қызмет Бір жолғы шектелген өмір.
Бір тектілік қызмет Алуан түрлі қызмет
Жұмысшылардың жөнделген интеграциялықЖұмысшылардың интеграциялық жүйесін
жүйесі бар. жаңадан құру керек.
Сапа, мезгіл, құны жағынан сенімділікЖобаның сапа, мезгіл, құн жағынан
бар. сенімділік жоқ.
Мекеме қызметі жағдайдағы жұмыс. Тыс мекеме қызметі жағдайында жұмыс
істелінеді.
Жбаларды басқару дегеніміз жобаның мақсатына жету үшін жоба
процесстеріне (білімді, тәжірибені, тәсілдерді) қоса тіркеу.
Сондықтан да, жобаларды сапамен басқару циклдық қадам жолымен жүзеге
асады.
Бақылау сұрақтары:
• Жоба дегенімізді қалай түсінесіз?
• Жобаларды басқару қалай жүзеге асады?
• Мекеме мен жобаның айырмашылықтарын атаңыз?
3. Тақырып. Жоба түрлерінің жіктемесі
Жобалардың бірнеще түрлері бар және де жобалардың басқа типтері, олардың
шешім қабылдаудағы жауапкершілігі аса маңызды емес. Мысалы: жаңа офистің
құрылысы, автомобиль сатып алу т.б.
Жобаларды классификациялау
Масштабтылық жағынан жобалар кіші жобалар және мегажобалар болып екіге
бөлінеді.
Кіші жобалар жоба командасының түрлену, жүзеге асыру, жобалану
процедурасын жеңілдіктер жібереді. Сонымен қатар жіберілген қателерді
жөндеудің қиындығы жобаның көлемді сипаттамаларын өте мұқият анықтауды
талап етеді.
Мега жобалар- бұл ресурстар және оның орындалуына уақыты бөлінген,
ортақ мақсатымен бірлесіп бір-бірімен байланысқан бірнеше жобалары бар
мақсатты бағдарламалар.
Мұндай бағдарламалар халықаралық, мемлекеттік, ұлттық, аймақтық болуы
мүмкін.
Мегажобалар мыналармен ерекшеленеді:
-жоғары құнымен (1 млрд долл. және одан жоғары).
-капитал сиымдылығымен- мұндай жобалардағы қаржы- қаражаттардың
қажеттілігі қаржыландырудың дәстүрлі емес түрлерін (акционерлік, аралас)
талап етеді.
-еңбек сыйымдылығымен;
-орындалуының ұзақтығымен: 5-7 жыл және одан да көп.
-орындалу аймағының алыстығымен, соған қарағанда инфрақұрылымға
кететін қосымша шығындармен.
Мегажобалардың ерекшеліктері бірнеше факторлардың есебін талап етеді;
-Жоба элементтерін әр түрлі орындаушыларға бөлу және олардың іс-
әрекеттерінің үйлестілігінің қажеттілігі.
-Аймақтың, жалпы елдің, мүмкіндігінше жобаға қатысушы- елдердің
әлеуметтік-экономикалық ортасының анализінің қажеттілігі.
-Жоба жоспарының өңделуі және әруақытта шақырылуы.
Орындау мерзіміне қарай жобалар: қысқа мерзімді, орта мерзімді және
ұзақмерзімді болып бөлінеді.
Қысқа мерзімді жобалар әдетте жаңа заттар өндіретін кәсіпорындарда,
қалпына келтіру жұмыстарында орындалады.
Мұндай объектілерде тапсырыс беруші жобаның бастапқы құнына қарсы
соңғы құнын ұлғайтуға барады, себебі ол оның тезірек бітуіне қызығады.
Орта және ұзақ мерзімді жобалар орындалу мерзімімен ерекшеленеді және
олар үшін бастапқы жоспардың созылуы тән нәрсе.
Сапа жағынан жобалар дефектілі және дефектісіз болып бөлінеді.
Дефектісіз жобалар жоғары сапалы болады. Әдетте дефектісіз жобалардың
құны жоғары, жүздеген миллион, тіпті миллиард доллармен есептеледі.
Ресурстардың шектелу факторын есептегенде, мультижобалар, моножобалар
және халықаралық жобаларын бөліп көрсетуге болады.
Мультижобаларды тапсырыс берудің жобасы бір-бірімен байланысқан
бірнеше жобаларға қатысты болатын жағдайларда пайдаланады.
Тапсырыс берушінің талаптары мен сол фирманың өндірістік, қаржылық,
уақытша мүмкіншіліктерінің шектелуі, сол фирманың өндіріс бағдарламасының
шегіндегі қызметтері мен көптеген тапсырыстардың (жобаның) орындалуы
мультижоба деп табылады.
Альтернативті жобалық реттеуде моножобалар бар. Олардың нақты
ресурстық, уақытша және т.б. бірыңғай жобалық командамен орындалатын және
жеке инвестициялық, әлеуметтік және т.б. проектілер ретінде көрінетін
шектеулер бар.
Халықаралық жобалар күрделілігімен және құнымен ерекшеленеді. Бұл
жобалардың ерекшелігі: мұндай жобаларға жабдықтар мен материалдар әлемдік
рыноктарда сатып алынады.
Мұндай жобаның дайындығы, міндетті түрде ішкің жобалардан жоғары болу
қажет.
Бақылау сұрақтары:
• Шағын жобаларды атаңыз.
• Мегажобаларға мысал келтіріңіз.
• Халықаралық жобаларды қалай түсінесіз?
• Қандай жобаларды халықшаруашылық жобалар деп атаймыз?
4.Тақырып. Жобалардың мақсаты мен стратегиясы
Ішкі айнымалылар – бұл жобаның ішіндегі ситуациялық факторлар. Ішкі
байланыстар басқармашылық шешімнің нәтижесі болып табылады. Бірақ олар
толығымен басқармамен бақыланбайды. Көбінесе ішкі факторлар басқармадан
белгілі бір тәуелсіздікте болады. Ішкі айнымалыларға ұйымның мақсаты,
құрылымы, міндеті, технология және адамдар кіреді. ұйым адамдарға жеке жете
алмайтын мақсаттарға бірігіп коллективті түрде жетуге көмек береді.
Мақсаттар – бұл топтың бірге жұмыс жасай отырып нақты және керекті
нәтижелерге жетуге ұмтылуы. Жоспарлау прцессінің барысында басшылық
мақсаттарды құрады және олар туралы ұйымның мүшелеріне хабарлап отырады.
Бұл процесс ұйым мүшелеріне олардың неге ынтылып әрекет жасау керектігін
түсінүге көмек береді.
Мақсаттар жобаның типіне қарай әртүрлі болады.
Жобаның міндеттері.
Міндет – бұл арнайы алдын ала келісілген мерзімде, белгіленген
әдіспен орындалуы тиіс болған жұмыс сериясы және жұмыстың бір бөлігі.
ұйымның міндеті 3 категорияға бөлінеді:
- адамдармен жұмыс істеу
- заттармен жұмыс істеу
- информациямен жұмыс істеу
Мысалға, станокта жұмыс істейтін адамдар заттармен жұмыс істесе,
мастердің міндеті – адамдармен жұмыс істеу. Корпорация казначейінің міндеті
информациямен жұмыс істеу болып табылады.
Бұл адамдарда, заттарда және информацияларда болған өзгерістерді
жүзеге асыру үшін қажетті квалификациялық құрал-жабдықтармен технологиялық
білімдердіңғ, инфрақұрылымдардың үйлесуі. Міндеттердің орындалуы бұл нақты
технологияны қолдануды талап етеді. Машиналар құрал-жабдықтар шикізат,
энергия бұл технология компоненттері болып табылады.
Джоан Вудворд пен Джеймс Томпсондардың технологияларды жіктеуі
міндеттір мен технологиялар арасындағы өзара қарым-қатынасты бейнелейді.
Д. Вудворд технолггияларды келесідей 3 категориғя бөлістірді:
1.Бірлік, кіші сериялы және жеке өндіріс. Бір және аз сериялы бірдей
өнімдерді шығарумен сипатталады.
2. Жаппай және көп ірі сериялы өндіріс. Бірдей және өте ұқсас өнімнің
көп санын шығаруда қолданылады.
3.‡здіксіз өндіріс. Бұнда көп мөлшерде бірдей заттарды шығаруда
автоматтандырылған құралдарды пайдаланады.
Басшылар үшін жеке адамның тәртібінде үлкен роль ойнайтын оның
қабілеттілігі, таланттылығы, қажеттілігі, қарым-қатынасы, көз-қарасы,
құндылық және т.б. қасиеттері болып табылады. Қабілеттілік ұрпақтық және
тәжірибеде арттырылған болуы мүмкін.
Таланттылық – бұл адамдардың нақты бір жұмысты орындаудағы потенциалы.
Таланттылық тума немесе өмірден арттырылған болуы мүмкін. Қажеттілік бұл
адамның бір нәрсенің жетіспеуін психологиялық және физиологиялық сезінуі.
Күту өткен тәжірибеге және ағымдық жағдайды бағалауға негізделе
отырып, адамдар өздерінің тәртібінің нәтижесіне салыстырмалы түрде
күтулерін қалыптастырады, адамның қажеттілікті сезініп жатырма және осы
жағдайда оның нені күтіп жатқанын анықтап береді.
Құндылық бұл жалпы түсінік, сенім, өмірде не жақсы, не керек емес
туралы түсінік.
Сонымен жеке тәртіп және қызметтердің жетістігі осы факторларға
тәуелді.
Сыртқы ортаның мәні
Ашық жүйе принципінен келіп шығуды қалайтын басқарушы бірінші болып
сыртқы ортаны анықтау проблемасына кез келеді. Басқарушы әр уақытта ұйымның
табыстылығы тәуелді болатын факторларды ескеріп отыруы қажет. Мысалға,
Джеральд Беллдің айтуы бойынша ұйымның сыртқы ортасы келесі элементтерді
өз ішіне алады: тұтынушылар, бәсекелестер, мемлекеттік заңдылықтар,
жабдықтаушылар, қаржы ұйымдары т.б. ң ұйымға әсер ететін барлық факторларды
келесі 2 топқа бөлу мүмкін:
- тікелей әсер ететін факторлар
- жанама әсер ететін факторлар
Тікелей әсер ететін орта ұйымның операцияларына тікелей яғни, бірден әсер
ете алу қабілеттілігіне ие факторлар жиынтығы болып, оларға жабдықтаушылар,
еңбек ресурстары, заң және мемлекеттік реттеу органдары, тұтынушылар және
бәсекелестер жатады.
Жанама әсер ететін орта ұйымның операцияларына бірден әсер ете алмайды,
бірақ оларға жанама әсерін тигізетін факторлар жиынтығы. Оларға
халықаралық жағдайлар, экономика жағдайы, ҒТП, әлеуметтік мәдений
факторлар, саяси жағдайлар жатады. Мысалға, ңДженерал Моторсң фирмасына
материалмен қамтамасыз ететін жабдықтаушылар, бағаны реттейтін және жұмысқа
алу тәртібін реттейтін заңдар, тұтынушылардың қалаулары, бәсекелестердің
негізгі әрекеттері.
Сыртқы орта мынандай мінездемеге ие:
-сыртқы орта факторларының өзара байланысы;
-сыртқы ортаның күделілігі;
-сыртқы ортаның әрекетшілдігі;
-сыртқы ортаның анықталмағандылығы.
Күрделілік - бұл ұйымға әсер ететін факторлардың саны мен түрлілігі.
Әрекетшілділігі - бұл ұйымның қоршаған ортасында болатын ортаға
байланысты өзгерістердің салыстырмалы жылдамдығы.
Сыртқы ортаның анықталмағандылығы – бұл орта түралы ақпараттардың
салыстырмалы саны. Егер информация аз болса немесе оның дәл екендігіне
күмән болса, орта анық болмайды. Сыртқы орта қаншалықта анық болмаса,
соншалық тиімді шешім қабылдауда қиын болады.
Жүйелік жанасу көзқарасы мен алғанда, ұйым бұл кірістерді шығуға
айлантыратын механизм. Кірістерге материалдар, ресурстар, құрал-жабдықтар,
энергия, капитал және еңбек күші жатады. Бұл кірістерді қамтамасыз етуде
фирма жабдықтаушыларға тәуелді болады.
ұйымның дамуы үшін капиталда қажет. Қажетті капитал мен ұйымны қамтамасыз
ететін инвесторларға банктер, акционерлер, облигацияларды сатып алушы жеке
тұлғалар жатады. ұйымның жұмысы қаншалықты жақсы болса, соншалық оның
жабдықтаушылар мен келісу мүмкіндігі жоғары болады.
ұйым өзінің мақсатына жету үшін, алдына қойылған міндеттерді орындау
үшін, керекті мамандықтарды мамандандырылған еңбек күшімен қамтамасыз етіп
отыруы қажет.
Заңдылықтардың жағдайы оның күрделілігімен ған емес, ол оның
әрекетшілділігімен, кей бір кездерде анықталмағандығымен сипатталады.
Мысалға, бір неше заңдар бар. Қауіпсіздік және жұмысшы орнында денсаулықты
қорғау туралы заң, қоршаған ортаны қорғау туралы заң, тұтынушылар мүддесін
қорғау туралы заң т.б.
ұйымдар тағыдамемлекеттік реттеу органдарының талаптарын орындауы қажет.
Бұл органдар өздеріне тиісті заңдарды орындауды талап етеді. Мысалға, құнды
қағаздар және биржа бойынша компаниялар акционерлері қалай қаржылық және
бухгалтерлік есеп жүргізуі керектігін анықтап береді. Ал еңбекті қорғау
басқармасы жұмыс жағдайының нормативтерін жасайды.
Бәсекелестер – әр бір фирма басшылары егер тұтынушының қажеттілігін
бәсекелестерге қарағанда тиімді қанағаттандырса, ұйымның өмір сұрүі нарықта
көп ұзамайтындығын өте жақсы түсінеді. Көп жағдайларда қандай өнімді сату
керектігін және қандай баға сұрау кректігін тұтынушылар емес, ал
бәсекелестер анықтап береді. өндірушілер еңбек ресурстары, материалдар,
капитал және жаңалықтарды қолдану құқұғы үшін бәсекелестік күрес алып
барулары мүмкін. Еңбек ақы, жұмыс жағдайы басшы мен бағыныштылардың
арасындағы қарым-қатынас сияқты ішкі факторларда бәсеке жағдайына болған
реакцияға тәуелді болады.
Бірақ, кейбір кездерде бәсекелесуші фирмалар бір-бірлеріне көмек беруі
мүмкін. Мысалға, Дженерал Моторсң фирмасы Крайслерң корпорациясына
1979ж. Кризистік жағдайдан шығуы үшін бір неше миллион доллар көмек беріп
тұрған болатын.
Технология ұйымның ішкі факторы да, сыртқы факторы да бола алады.
Технологиялық жаңалықтар еңгізу қандай жаңа өнім шығару және сату крек,
қандай жаңа қызметтер мен өнімдерді тұтынушылар ұйымнан күтіп отыр, т.б.
сондай мәселелерді шешуде көмек береді.
Әледік экономика жағдайы барлық кіріс ресурстарының құнына және
тұтынушылардың тауар және қызметтерді сатып алу мүмкіншіліктеріне әсер
ететді. Мысалға, егер инфляция жағдайы күтілетін болса, басшылық ресурс
запастарының көлемін көбейтуі мүмкін, ал егер экономикалық құлдырау жағдайы
болжамданатын болса, ұйым дайын өнімнің санын азайтады, неге дегенде оны
өткізуде қиыншылықтар түүы мүмкін. Экономика жағдайы ұйымның қаржы алу
мүмкіндігіне өте күшті әсер тигізуі мүмкін. Бірақ, экономика жағдайының
өзгеруі кей бір ұйымдарға тиімді, кей бір ұйымдарға тиімсіз әсерін тигізуі
мүмкін.
Кез келген ұйым кем дегенде бір мәдени ортада әрекетте болады.
Сондықтанда, өмірлік құндылықтарды орналастыру, әдет, ғұрып, салт,
дәстүрлер сияқты әлеуметтік мәдени факторлар ұйымға өз әсерлерін тигізіп
отыруы мүмкін.
Саяси факторлар:
1 ең бірінші саяси факторлар бұл әкімшілік заңды органдардың және
соттардың көңіл күйі. Бұл көңіл күйлер фирманың табыстарына салық салу,
салық жеңілдіктерін және жеңілдетілген сауда пошлиналарын анықтау
тұтытушыларды қорғау заңдылықтары т.б. өкімет әрекеттеріне әсерін тигізеді;
2 ерекше қызығушылар топтары мен лоббисттер;
3 саяси тұрақтылық.
Жергілікті халық пен қатынас. Әр бір қоғамдастық ұжымда белгілі бір
заңдар, бизнеске қатысты белгілеулер болады.
Бақылау сұрақтары:
• Жобаның ортасы туралы жалпы түсінік
• Ішкі ортаға әсер ететін факторлар
• Сыртқы ортаға әсер ететін факторлар
5.Тақырып. Жобаның қоршаған ортасын анықтау
Жобаны басқару қоршаған ортамен тығыз байланысты, себебі жобаның тиімді
нәтижесі бүкіл экономикаға әсерін тигізеді. Сондықтан да, жобаларды
басқару курсы бізге жобаны сапамен басқарудың тәсілдерін үйретеді
Жеке-жеке жобалардың қоршаған ортамен байланысын төменітекте
көрсетеміз:
Жоба және экономика
Экономика ғылымы адамдардың мұқтаждықтары мен олардың мұқтаждықтарын
өтейтін тауар мен қызметтердің арасындағы байланыстарды зерттесе, ал
менеджмент адамдардың қажеттіліктерін өтейтін тауар мен қызмен өндіретін
кәсіпорындармен айналысады. Экономика ғылымының барлық салаларында
менеджмент кездеседі және оның жұмыс шеңбері мен негізгі принциптерін
белгілейді. Кәсіпорындардың тарихи дамуын сөз еткенде менеджменттің
заңмен тығыз байланыста болғанын және одан бөлініп жеке бір ғылым
саласына айналған экономика ғылымынан бөлініп шыққан және оның жалпы
айналысқан бір бөлімін экономиканың қағидаларына бағына отырып егжей-
тегжейлі қарастырғанын көреміз. Осы тұрғыдан алып қарағанда менеджмент
пен экономика ғылымы өте тығыз байланысты. Сонымен бірге заң ғылымы мен
экономика ғылымы сияқты емес одан бір саты жоғары, бірақ басқа ғылымдарға
қарағанда бір саты жақынырақ. Анығырақ айтатын болсақ, заң мен
менеджменттің арасында ата мен бала арасындағы байланысы сияқты жақындық
бар.
Жоба және социология
Социология қоғамдық мәселелерді зерттеумен айналысады. Ол қоғамдағы
шындық пен оған байланысты мәселелерді қарастырады. Заң қоғамға қатысты
жазбаша ережелерді шығарады. Ал, социология ғылымы болса заң сияқты
қоғамды реттейтін, бірақ заңды түрде белгіленбеген, сонымен қатар қоғам
қабылдаған және қоғамдық өмірді бір жүйеге келтірген жазылмаған
ережелерден тұрады. Кәсіпорындар қоғамдағы заңмен тыйым салынған
шектеулерге сай жұмыс істеуге қандай міндетті болса, социологияның
ережелеріне де бағынып, соған қарай жұмыс істеуге міндетті. Сол себепті
де социология мен менеджменттің арасында тығыз байланыс бар.
Жоба және психология
Кәсіпорындардың құрылымын зерттегенімізде олардың адамдардан құралған
жүйе екенін байқаймыз. Өндіріс факторын зерттегенде табиғт пен капитал
факторларынан тыс, тағы да үш фактор: еңбек, кәсіпкерлік, басқару және адам
қарым-қатынастарынан тұратынын көреміз. Кәсіпорындардың істейтін жұмысы мен
мақсатын зерттеген кезде кәсіпорындар адамдардың жеке басының немесе
қоғамдағы қажеттіліктерді өтейтін тауар және қызмет өндіру үшін жұмыс
істейтінін және осы тауар мен қөызметті оларға ұнайтындайетіп өндіруге
міндетті екендігін көреміз. Міне, кәсіпорында істейтін жұмысшы, басқарушы
мен тұтынушылардың барлығының іс-әрекеттері кәсіпорындардың пайдалылығына
қатты әсер тигізетіндіктен, кәсіпорындар осы адамдардың іс-әрекеттерін
зерттеп, оларды өз мақсатына сай пайдалана білу үшін психология, әлеуметтік
психология, өндірістік психология, ұйымдастыру және еңбек психологиясымен
тығыз байланыста жұмыс істейді.
Жоба және технология
Кәсіпорындардың өндіріс факторларының бірі болып саналатын капитал
бүгінгі күнде компьютерлендіруге байланысты еңбек факторларының да орнын
басатындай дәрежеде кеңейтілген әрі соншалықты маңызды болып табылады.
Қазіргі кездегі кәсіпорындар бәсекелестік ортада жұмыс істей алуы үшін
алдыңғы қатарлы технологияны пайдаланып, бір жағынан жүргізілген зерттеулер
және жетілдіру жұмыстарының негізінде пайдаланған технологияны одан әрі
дамыту үшін тырысуда. Ендігі жерде кәсіпорындар қарапайым өндіріс
факторларынбір жерден басқаратын ұйымнан шығып, өндіріс факторларының бірі
болып саналатын капиталмен бірге еңбек факторы машиналардың алмастыруы,
күрделі технологиялар жиынтығын басқаратын күйге көшті. Осы анықтамалардан
ұқққанымыздай қазіргі кездегі кәсіпорындар техника және технологиямен тығыз
байланысып, технология көптеген қызметтерді қамтитын құрылым жағдайына
жеткен.
Бақылау сұрақтары:
• Жобалардың саяси ортамен байланысы
• Жобалардың экологиямен байланысы
• Жобалардың нарықпен байланысы
6. Тақырып. Жобалардың өмірлік циклы
Өнеркәсіптік инвестициялық жобаның өткізілуі мен дайындалуы – алғашқы
пікірінен кәсіпорынның эксплуатациясына дейін – 3 жеке кезеңнен тұратын:
инвестициядан бұрын, инвестициялық және эксплуатациялық кезең түрінде
көрініс табуы мүмкін. Өз кезегінде бұл кезеңдердің әрқайсысы кезеңдерге
бөлінеді және олардың кейбіреулері кеңес беру, жобалау және өнідіріс сияқты
қызметтің маңызды түрлерінен тұрады. Бұл кезеңдердің толық өзара әсері 1.2.
суретте көрсетілген.
Сонымен жобаның өмірлік циклі жобаның дамуы мен және оның өтімділік
моменті арасындағы уақыт аралығы аталады.
Жоба арқылы өтетін барлық жағдайлар кезеңдер (этаптар, кезңдер) деп
аталады.
Нақты кезеңдердегі жобаны өткізу процесінің бөлінуіне әмбебап подход
бере алмаймыз. Жобаның қатысушылары өздері үшін мұндай тапсырмаларды шеше
отырып өзінің тәжірибесімен және жоба орындалуының нақты шарттары мен
жобадағы өздерінің рөлімен басқара алады. Сондықтан жобалардың кезеңдерге
бөлінуі ең әртүрлі болуы мүмкін.
Өз кезегінде әрбір бөілінген кезең келесідей деңгейдегі кезеңдерге
бөлінуі мүмкін.
Жобаның өткізілуі жоба өткізуінің мүмкіндіктерін қайта жасаумен,
жобаның жұмысы және техникалық экономикалық негізінің дамуымен, келісімдік
қызметімен, жоба бойынша қаржыландырылуы және ұйымдастырылуымен,
ресурстарды жоспарлаумен, материалдар мен құрал-жабдықтарды сатумен, сондай-
ақ эксплуатацияда дайын объектілердің өткізілуі мен және құырылыс
байланысты жиналыстың анықталған жиынтықтарының орындауын талап етеді.
Жобаны өткізу бойынша жұмыстарды топтастыруға болады. Олардың
жиынтықтарынан 2 ірі жұмыс блогына бөлуге болады:
1. Жоба бойынша негізгі қызмет;
2. Жобаның қамтамасыз етілуі;
Жоба бойынша негізгі қызметке қатыстылар:
- Инвестициядан бұрынғы зерттеу;
- Жобаның жоспарлануы;
- Жобалық сметалық құжаттардың дамуы;
- Сауданың жүргізілуі және келісім шарттың бекітілуі;
- Құрылыс монтаждық жұмыстар;
- Жобаның өткізілуі;
- Жобаның эксплуатациясы, өнімнің шығуы;
- Құралдардың жөнделуі және өнідірістік дамуы;
- Құралдардың демонтажы;
Жобаны қамтамасыз ету бойынша қызметіне қатысты:
- жоба бойынша жұмыстың ұйымдастылуы;
- кадрларды сұрыптау;
- қаржылық жоспарлаудың құрылуы;
- материалдық техникалық қамтамасыз ету;
- маркетингтің жүргізілуі;
- ақпараттық қамтамасыз ету;
Алайда жұмыстың бөлінуі кезеңдердегі жобалардың қосындылары мен сәйкес
келмейді, сондықтан негізгі және қамтамасыз етілетін қызмет уақытында
атқарылуы мүмкін.
Жобалардың түрлі бөліктері мен түрлі ұйымдастырылған дейгейлерде жүзеге
асырлатын жобаларды, өткізулерді, басқару бойынша қызметінің өзі басқаруды
қажет етеді. Мұнда сондай-ақ жүйе ретінде жобаларды өткізуді басқарудың
қажеттілігі туындайды.
2. Жалпы түрде жобаны кезеңдері
Инвестициядан бұрынғы фаза
Динамикалық аспектінің Басқарудың функционалдықПәндік аспектінің мәні
мәні аспектісінің мәні
ниет 1.Инвестициялық Кадрлар
мәселені талдау мүмкіндік терді анықтау Ақпарат
жобаның концепциясын 2. Альтернативті
өңдеу жобаларды
талдау
3.Жоспарлау
4. Бақылау
5. Реттеу
Инвестициялық фаза

Жобалау 1.жобаның жағдайын қаржы
жобаны өткізу талдау кадрлар
2. жоспарлау тәуекеділік
3. жұмыстың орындалуын материалдық ресурстар
талаптандыру келісімдер
4. жоспарлық
көрсеткіштердің нақты
көрсеткіштерімен
салыстыру
5. ауытқуларды реттеу
Эксплуатациялық фаза (кезең)
Динамикалық Басқарудың функционалдық Пәндік аспектінің мәні
аспектінің аспектісінің мәні
мәні
жіберу 1.өндірістік мүмкіндіктердіқаржы
эксплуатация бағалау кадрлар
демонтаж 2.жоспарлау тәуекеділік
3. өндірістің материалдық ресурстар
инициализациясы (жіберу) келісімдер
Бақылау сұрақтары:
• Жобалардың инвестиция алдындағы циклын анықтаңыз.
• Инвестиция циклын анықтаңыз.
• Пайдаланым циклын анықтаңыз.
7.Тақырып. Жобаны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық экономикалық жүйесі
Жоба тәуекел және белгісіздік жағдайында жүзеге асады.
Белгісіздік – жобаны жүзеге асыру шарттары туралы мәліметтің толық емес
және қате болу жағдайы.
Жобаны жүзеге асыру барысында қолайсыз жағдайлардың және әсерлердің болу
мүмкіндігін тәуекел деңгейі арқылы анықтайды.
Жобаны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық экономикалық жүйесі.
Тәуеклмен белгісіздікті төмендету немесе азайту мақсатында арнайы
механизмдерді қолдану.
• Жобаларды байланысты барлық шығындар:
• Алғашқы шығындар
• Ағымдағы шығындар
• Ликвидация шығындары
Жобалардың шығындары мен нәтижелерін анықтағада төмендегідей бағалар
қолданылады:
1. базистік
2. әлемдік
3. болжамданған
4. есептелген
Базистік бағалар – белгілі уақыттыа қалыптасқан баға.
Болжамданған – есептеу қадамдарының аяғына қарай өзгеруі мүмкін бағалар
индексіне базистік бағаға көбейту арқылы анықталады.
Есептелген – шығындар мен нәтижелер болжамданған бағалар арқылы пнықталған
жағдайында жалпы көрсеткіштерді есептеу үшін қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
• Жоба тәуекелділігін төмендету механизмі
• Жоба шығындары
• Жобаны анықтау бағалары
8. Тақырып. Жобаларды басқару көрсеткіштері
Жоба бойынша басқарылатын қызметті бағалау мен қарастыру кезінде
аспектілерге бөлуге болады. Олардың ішінде кеңінен қарастырылатындары:
функционалдық, динамикалық, пәндік.
Функционалдық аспект басқару мәселесіндегі жалпы сипаттайды
және басқарудың келесідей негізгі функцияларын қарастыруды ұсынады:
1. анализ;
2. жоспарлау;
3. ұйымдастыру;
4. бақылау;
5. реттеу:
Басқару функциясы ортақ түсінік болып саналады. Олар жобаның барлық
процестері мен басқарылатын объектілері үшін жобаның әрбір өткізу фазасында
барлық басқару қызметінің деңгейлерінде орындалады.
Басқару функциясының тізбектілігі 1.3 –суретте берілгендей өзіндік
түрге ие.
1.3 –сурет. Менеджменттің функциялары.
Реттеу басқарудың келесідей деңгейлерін қарастырады:
1. Жоспардан жұмыстың нақты жағдайының ауытқуын талдау;
2. Ауытқуларды жою бойынша жұмысты жоспарлау;
3. Ауытқуларды жою бойынша қызметтерді ұйымдастыру;
4. Түзілген жоспарлардың орындалуын бақылау және т.б.
Жоба бойынша барлық жұмыстар анализ жасаудан басталады. Анализге
жобаның барлық элементтері жатады: орындалған жұмыстың мерзімі,
тәуелділіктің деңгейі, қаржы кадрлар, жобалаудың жолдары, құрылыстық және
монтаждық жұмыстардың орындалуы мен жабыдықталуы, нәтижелерінің сапасы және
т.б.
Жоспарлау қызметтегі осы облыста көпжылдық тәжірибе жұмысын бекітетін
жобаны өткізу процесін басқару бойынша негізін салатын функция болып
табылады.
Жоспарлауға жобалық жұмыстың орындалуы технологяилардың сатылып
алынуы, материалдар мен құрал-жабдықтар, құрылыстық және монтаждық
жұмыстар, эксплуатацияға объектілердің берілуі және т.б.
Жобаның әрбір кезеңі үшін құны анықталады және жұмыстың орындалуының
күнтізбелік жоспары естелінеді. Жұмысты орындаудың сызбалары мен
ресурстардың шығындары және жұмысты жүргізу мерзімі реттеледі. Жобаны
өткізу жоспары және онымен байланысты сызбалыр қажет болған жағдайда оның
орындалуының өзгертілген шарттар есебімен қарастырылуы керек.
Жоспарлаудың маңызды бағыты жобаның құнын бағалау болып табылады.
Жобаның құнын бағалау үшін жобаның құнын жүйелі түрде айқындайтын
бағалаудың 4 түрі қолданылады.
Жобалық жұмыстың дайындық деңгейімен:
- өмір сүруге бейімділікті бағалау;
- факторлық бағалау;
- жақындатылған бағалау;
- кесімді бағалау;
Қайта өңделген жобаны өткізу жоспарының орындалуы ұйымдық қызметпен
қамтамасыз етіледі. Кез-келген жобаның табысты болуы персоналды дұрыс
таңдауға тәуелді болады. Сондықтан ұйымдық қызметтің негізгі мақсаты
жобаның орындалуы үшін коллективтіерді құру және оларды тиімді еңбекпен
қамтамасыз ету болып табылады.
Динамикалық аспект – жобаның орындалуы бойынша негізгі қызметпен
байланысты процестердің уақтылы қарастырылуын болжайды. Бұл процестер былай
ірілендіріледі:
1. мәселені талдау;
2. жобаның концепциясын қайта өңдеу;
3. базалық және деталдық жобалау;
4. құрылыс;
5. монтаж, тапсырма, жіберу, эксплуатация, демонтаж.
Пәндік аспект – басқаруға бағытталған жобаның объектілерін анықтайды.
Жобаны құруда мұндай обхектілер ең аз көлемде 2 түрі бар.
Бірінші түрі - өндірістік объектілер. Олардың құрамы жобаның
сипатымен анықталады.
Екінші түрі – жобаны өткізуді қамтамасыз ету бойынша қызметтер мен
байланысты объектілерді көрсетеді.
Оның ішінде:
- қаржы;
- кадрлар;
- маркетинг;
- тәуелділік;
- материалдық ресурстар;
- сапа;
- информация;
Бақылау сұрақтары:
• Жобаның көлемі және құны.
• Жобаның орындалу мерзімі және фазасы.
• Жоба шешімдерінің сапасы.
9. Тақырып. Жобаларды басқару әдістері
Жобамен басқару мақсаты қаржылық және ақшалай айналымдардың қозғалысын
тиімді пайдалану, сондай –ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында
инвестициялық жобаны өткізу процесінде пайда болатын проблемаларды тиімді
шешу болып табылады. Сураққа жауап ретінде, бұл әрекеттер мен қарым
қатнастармен тамаша басқару жобамен басқарудың мазмұнын құрайды.
Жоба орындалудың жылдамдығы оның ниеті қаншалықты тиімді жүзеге
асырылуына байланысты анықталады. Бірақ жоба ниетінің тиімді өткізілуі жоба
орындалуының процесімен тиімді басқару кезіндегі өткізуді қамтамасыз ететін
барлық процесстердің келісімен мақсатқа бағытталған даму кезінде ғана болуы
мүмкін.
Жобаны өзінің элементтерінің арасындағы байланысқан жүйе ретінде
анықтауға болады. Жобаның элементтерімен арасындағы байланысы уақтысында
дами және пайда бола отырып оның өткізілуінің процесін құрады. Басқаша
айтқанда, жоба орындалуының процесі оның барлық элементтері арасынндағы
анықталған байланысы бар өткізу процесі болып табылады. Осы позициямен
жобамен басқарудың түсінігін келесідей үлгімен анықтауға болады.
Жобамен басқару жүйесі жоба мақсаттарының алдына қойылған мақсаттарға
жетуге мүмкіндік туғызатын ресурстардың қаншалықты көптігі және олардың
қалай қолданылып жатқанына тәуелді болады. Осы жерден ресурстармен тиімді
басқару жобамен басқару проблемасының бір бөлігі болып табылады.
Басқару кез келген экономика саласындағы қызметтің күрделі төтенше
түрі болып табылады. Жобамен басқару сол сияқты басқа кез келген басқарудың
түрі өзіне басқарудың тактикасы мен стратегиясын қосады. Стратегия мен
жалпы бағыт және қойылған мақсаттарға жету үшін құралдарды пайдалану әдісі
түсіндіріледі.
Бұл әдіске шешім қабылдау үшін шектеулер мен ережелердің анықталған
жиынтығы сәйкес келеді.
Тактика –бұл қойылған стратегиялық мақсаттарға жету үшін нақты әдістер
мен тәсілдер. Басқару тактикасының мақсаттары көбірек тиімді шешімдер мен
көбірек қазіргі шаруашылық жағдайында қабылданған басқарудың әдістері мен
тәсілдерін таңдау болып табылады.
Басқарудың жүйесі ретіндегі жобамен басқару екі жүйеліктен тұрады:
басқаратын жүйелік және басқарушы жүйелік. Сызбасы 1.1 суретте көрсетілген.
Бұл жағдайда басқару объектісі жоба болып табылады.
1.3.2. Инвестициялық жобаның сипаттамасы мен түсінігі.
Инвестициялық жоба нені көрсететін қарастырайық.
“Инвестициялық жоба” түсінігі екі мағынада қолданылады: қойылған
мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге мүмкндік туғызатын кешеннің жүзеге
асырылуына қандай да бір басқарушылық әсерін тигізетін қандай да бір
жиналыс.
Жобамен басқару жүйесі
Сыртқы әсер
Кіру
Кері байланыс
Шығу
қандай да бір әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті анықталған ұйымдық
құқықтық және қаржылық құжаттар жүйесі ретінде.
Жоба құрылымының негізгі элементі – бұл жобаның қатысушылары сондай-ақ
олар жобаның мақсаттарына жету және ниетінің өткізілуін қамтамасыз етеді.
Жобаның түріне байланысты оның өткізілуінде бірден бірнеше ондаған
ұйымдар қатыса алады. Олардың әрқайсысының өзінің функциясы, жобадағы
қатысу деңгейі және оның өміріне жауап беретін мөлшері болады.
Сонымен бірге барлық ұйымдар функцияларының орындалуына байланысты
жобаның қатысушыларын нақты топтарға біріктіруге болады.
1. Тапсырыс беруші – келешек иемденуші және жобаның нәтижелерін
қолданушы, тапсырыс беруші жеке және заңды тұлғалар болады. Бұл
тапсырыс беруші кезінде жеке бір ұйым болуы мүмкін, сондай-ақ жобаның
өткізілуі және оның нәтижелерін қолдану үшін өзінің күштерін,.
Капиталдарын біріктірген бірнеше ұйымдар болуы мүмкін.
2. Инвестор – жобаға қаражат салатын адам. Кейде инвестор тапсырыс беруші
болып табылады. Егер инвестор мен тапсырыс беруші бірдей болып
табылса, инвестор тапсырыс беруші мен келісім шартты бекітеді, шарттың
орындалуын бақылайды және жобаның басқа қатысушыларының есеп
айырысуларын жүзеге асырады.
3. Жоба жасаушы – жобалық сметалық құжаттарды зерттейтін адам.
4. Жабдықтаушы – жобаның матераиалдық техникалық қамтамасыз етілуін
жүзеге асырады.
5. Мердігер – келісім шартқа сәйкес жұмыстың орындалуына жауап беретін
заңды тұлға.
6. Жобаның менеджері – бұл тапсырыс беруші жобаның жұмыстарын басқару
бойынша яғни жоспарлау, бақылау және жоба қатысушыларының жұмысын
координациялау жұмыстарының өкілеттігін беретін заңды тұлға.
7. Консультант (кеңес беруші) – бұл барлық мәселелер бойынша және оның
өткізу кезеңдері жобаның басқа қартысушылары мен кеңестік көрсету үшін
келісім шарт жағдайында қатысатын фирмалар мен мамандар.
8. Жобаның командасы – жоба басшылығымен басқарылатын және оның
мақсаттарына тиімді жету мақсатымен жобаның жүзеге асырылуы кезеңінде
құрылған арнайы ұйымдық құрылым.
9. Лицензиар – жобада қолданылатын Ноу-Хауң және лицензияғаң ие заңды
немесе жеке тұлға. Лицензиар жобада қажетті ғылыми техникалық
жетістіктерд қолдану құқығын береді.
10. Банк – жобаны қаржыландырумен қамтамасыз ететін негізгі инвесторлардың
бірі. Банктің міндеттеріне жобаны ақшалай қаражаттары мен үзіліссіз
қаматамасыз ету және егер тапсырыс беруші де қажетті қаражатты
болмаған жағдайда субмердігерлермен есеп айырысу үшін мердігерлерді
несиелеу кіреді.
Бақылау сұрақтары:
• Жүйелік жоспарлау және басқару әдістері
• Күнтізбелік жаспарлау әдістері
• Құрылымдық жоспарлау әдістері
• Жобаларды модельдеу әдістері
10. Тақырып. Жобаларды талдауда қолданылатын есептеу тәсілдері
Жобаларды талдауда көптеген есептеу тәсілдері келесідей жіктейміз:
1. Проценттерді есептеу
• Жай проценттік ставквка өсімше S = P (1+і*n)
• Күрделі проценттік ставквка өсімше S = P (1+і)
P – бастапқы қарыз мөлшері
І – проценттік мөлшерлеме
S - өсірілген сумма
Егер проценттер жылына бірнеше рет болса, онда әр жолы проценттік
мөлшерлемесі бойынша есептеледі. Мұндай операциялардың табыстылығын анықтау
үшін эффективті проценттік мөлшерлеме қолданылады.
Эффективті проценттік мөлшерлеме дегеніміз қаржылық нәтижесі
мөлшерленген жылына х-рет есептелген жағдайға тең болатындай күрделі жылдық
мөлшерлемені айтады.
2. Дисконттау дегеніміз болашақтағы мөлшерлер S болатындай кез-
келген құны бар көрсеткіштердің қазіргі құнын анықтаудың тәсілі
немесе құралы.
3. Қаржылық рента немесе аннууитет тұрақты уақыт аралығы сайын
болатын төмендерді айтады.
Егер төлемдер бірдей болса,онда оны тұрақты қаржылық рента деп
атаймыз.
Егер төлемдер мерзім басында болса, ондай рентаны преднумерандо деп
аталады.
Қаржылық рентаның қазіргі немесе ағымдағы құны дегеніміз барлық
төлемдердің дисконтталған шамалардың белгілі уақытта жобаның басы шектелген
тұрақты аннуитет постнумерандо.
Тұрақты қаржылық рентаның келтірілген өсірілген сомасы немесе болашақтағы
құны.
Болашақтағы құн % шектелген барлық төлемдердің рента мерзімінің аяғына
қарай есептелген қосындысына тең болады.
Бақылау сұрақтары:
• Қаңдай жобаларды талдау тәсілдерін білесіз?
• проценттік есептеу тәсілінің формуласын көрсетіңіз.
11. Тақырып. Дисконтау, NPV, ARR, ІRR.
Қажет етілген ақпараттарды жинағаннан кейін әртүрлі инвестициялық
жобалардың эффективтілігін бағалауға болады. Шешім қабылдаудың нәижесінде
жобаны қабылдау немесе одан бас тартуға болады. Бұл бөлімде инвестициялық
жобаларды бағалаудың бірнеше әдістерін қарастырамыз:
1. инвестициялардың орташа пайда мөлшері (AAR);
2. қайтарымдылық мерізімі (PP);
3. ішкі рентабельділік нормасы (ІRR);
4. таза бүгінгі құн әдістері (NPV).
Бірінші екі әдіс – жобаның құнын анықтаудың жуықталған әдістері болып
табылады. Келтірілген жобалардың мысалдарын жеңілдету мақсатында ақша
ағымдарын жылдың соңында жүзеге асырылады деп ұйғаратын боламыз.
Инвестицияның орташа пайда нормасы
Бұл әдіс салық салынғаннан кейін орташа пайда мөлшерінің жобаға жасалған
инвестициялардың көлеміне қатынасы арқылы анықталады. Мысал бойынша 5
жылдық мерзімде инвестициялық жоба бойынша баланстық пайда 2100 доллар
құрайды, ал таза инвестициялар мөлшері 18000 доллар құрайда. Демек орташа
пайда нормасы:
Орташа пайда нормасы = 2100 долл. 18000 долл. = 11,67%
Инвестиция жасау шешімін қабылдау үшін бұл көрсеткішті пайда нормасымен
салыстыру қажет.
Аталмыш әдістің қолайлығы ақпараттың жеткіліктілігі және және ону қолдану
шарттарының оңай болуына байланысты, оның үстіне бұл әдісті қолдану қиынға
соқпайды. Оның негізгі кемшіліктері: бұл әдіс табысты ақша ағымдары емес,
бухгалтерлік есеп нәтижелеріне сүйенеді; басқаша айтқанда ақша ағымдарының
мерзімдері, инфляцияның өзгерістері есепке алынбайды. Сонымен қатар,
алғашқы жыл пайдасы мен сонғы жылдар немесе кезеңдер құны бірдей есепке
алынады.
Мысал ретінде 3 жобаның бар екендігін қарастырып көрейік. Әрбір жобаның
құны 9000 долл. құрайды және жобаның жүзеге асырылу мерзімі 3 жыл деп
ұйғардық. 3 жылдың ішінде аталмыш жобалар бойынша пайда мөлшері төменде
кестеде көрсетілген баланстық пайда жасалады және таза ақша ағымдары жүзеге
асырылады:
КЕЗЕҢ- А ЖОБАСЫ В ЖОБАСЫ С ЖОБАСЫ
ДЕР
Баланстық Таза Баланстық Таза Баланстық Таза
пайда ақша пайда ақша пайда ақша
ағымдары ағымдары ағымдары
1 3 000 6 000 2 000 5 000 1 000 4 000
2 2 000 5 000 2 000 5 000 2 000 5 000
3 1 000 4 000 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz