Ішкі бақылау



1 Ішкі бақылау жүйесінің, ішкі бақылау жүйесін ұйымдастырудың анықтамалары және мақсаттары
2 Ішкі бақылау жүйесі қызметінің қағидаттары
3 Ішкі бақылау рәсімдері
4 Ақпараттық қамтамасыз ету және ақпараттармен алмасу жүйесі
Ішкі бақылау – кәсіпорын, ұйым, фирма билігінің алаяқтық немесе жолсыз әрекет жасауы мүмкіндігін барынша азайту үшін қолданатын шаралар. Оларға белгілі бір құжаттарға бір адамның емес бірнеше адамның қолы қойылу талабы, бағалы қағаздармен операциялар жасау кезінде қолданылатын қауіпсіздік шаралары, бақылаушоттарын енгізу, арнаулы парольдерді пайдалану, компьютерлік файлдарды бақылау, т.б. жатады. Ішкі аудиттің аса маңызды міндеттерінің бірі – Ішкі бақылаудың сыртқыаудиторлар ұйымның шоттары мен есеп-қисаптарына сеніммен қарайтындай жұмыс істеуі. Ішкі бақылау сондай-ақ басқарушылардың өз қызметінің заңдылыққа сай әрідұрыс жүргізіліп отырғанын іштей сезінуіне, сенімді болуына мүмкіндік беруге тиіс.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ішкі бақылау
Ішкі бақылау – кәсіпорын, ұйым, фирма би лігінің алаяқтық немесе жолсыз
әрекет жасауы мүмкіндігін барынша азайту үшін қолданатын шаралар. Оларға
белгілі бір құжаттарға бір адамның емес бірнеше адамның қолы қойылу талабы,
бағалы қағаздармен операциялар жасау кезінде қолданылатын қауіпсіздік
шаралары, бақылаушоттарын енгізу,
арнаулы парольдерді пайдалану, комп ьютерлік файлдарды бақылау, т.б. жатады.
Ішкі аудиттің аса маңызды міндеттерінің бірі – Ішкі бақылаудың
сыртқыаудиторлар ұйымның шоттары мен есеп-қисаптарына сеніммен қарайтындай
жұмыс істеуі. Ішкі бақылау сондай-ақ басқарушылардың өз қызметінің
заңдылыққа сай әрідұрыс жүргізіліп отырғанын іштей сезінуіне, сенімді
болуына мүмкіндік беруге тиіс.

Ішкі бақылау жүйесінің, ішкі бақылау жүйесін ұйымдастырудың анықтамалары
және мақсаттары
Ішкі бақылау Қоғамның директорлар Кеңесі, Басқармасы, бөлімшелері және
жұмыскерлері тарапынан жүзеге асырылатын үрдіс ретінде және олардың Қоғам
мақсаттарының орындалуына саналы кепілдік болатындай іс-әрекеттері деп
танылады, соның нәтижесінде төмендегілерге қол жеткізу көзделеді:

- Қоғам қызметінің тиімділігі;
- Қоғамның активтерінің сақталуы және қорларының тиімді пайдаланылуы;
- Қоғамның қаржылық және басқарушылық есептерінің сенімділігі және растығы;
- Қазақстан Республикасы заңнамасы және қоғамның ішкі құжаттарының
талаптарының орындалуы;
- шығындардың ықтималдығын және мөлшерін (соның ішінде, кірістің азаюы,
түрлі залалдар, корпоративтік басқарудың рейтингісі төмендеу және т.т.)
азайту;
- оңтайлы ұйымдастырушылық құрылымды құру;

Ішкі бақылау жүйесі Қоғам өз мақсаттарына қол жеткізу барысында елеулі
тәуекелділіктерге қарсы лайықты әдіспен тиімді де ұтымды әрекет етуге себін
тигізетін түрлі саясаттар, үрдістер және рәсімдер, тәртіп пен іс-әрекет
нормаларының жиынтығы ретінде тұжырымдалады.

Ішкі бақылау жүйесі төмендегідей өзара байланыстағы бөліктерден құралады:

- бақылау ортасы;
- ішкі бақылау рәсімдері;
- ақпараттық қамтамасыз ету және ақпаратпен алмасу жүйесі;
- ішкі бақылау жүйесінің өзінің тиімділігін бағалау.

Ішкі бақылау жүйесі тәуекелділіктерге қарсы шұғыл әрекет ете алуы керек,
Қоғамның үрдістері мен күнделікті іс-әрекеттеріне кірігуі тиіс және ішкі
бақылаудың байқалған кез-келген елеулі кемістіктері және осал тұстары
жөнінде және оған қатысты қабылданған немесе қабылдануға тиіс түзету
шараларының егжей-тегжейімен басқарушылықтың тиісті деңгейін жедел
құлақтандыруға тиіс.

Қоғамда ішкі бақылау жүйесіне кіретін органдардың құзыреті - олардың ішкі
бақылау жүйесін құрастыру, бекіту және бағалау үрдістеріне қарым-қатынасына
байланысты белгіленеді.

Қоғамның директорлар Кеңесі және Басқармасы Қоғам қызметкерлерінің құрамына
ішкі бақылау жүйесін және этикалық нормалардың Қоғамның барлық деңгейінде
және қызмет бағыттарында сақталуының маңыздылығын айқындайтын және
көрсететін бақылау ортасының құрылуын қамтамасыз етеді.

Директорлар Кеңесі Қоғамда ішкі бақылау жүйесінің ұйымдастырылуы үшін
жауапты. Директорлар Кеңесі сенімді ішкі бақылау жүйесін құру мақсатында
тәуекелділікке қарсы бағытталған тәсілдерді пайдаланады. Басқарма ішкі
бақылау жүйесінің сенімді жұмыс істеуіне және оған уақтылы мониторинг
жасалуы үшін жауапты. Қоғамның бөлімшелерінің бастықтары, өздерінің
қызметтік (функционалдық) міндеттеріне орай Қоғам қызметінің өздеріне
тапсырылған бағыттарында ішкі бақылау жүйесін құрастыруға, құжаттауға,
енгізуге, мониторинг жасауға және ішкі бақылау рәсімдерін жетілдіруге
міндетті.

Қоғам үрдістері мен қызметіне ішкі бақылау жасау жүйесінің жекеленген
функциялары Қоғамда ұйымдастырылған арнайы бөлімшелерге немесе Қоғамның
жеке қызметкерлеріне тапсырылуы мүмкін.

Ішкі бақылау жүйесі қызметінің қағидаттары

Қоғамдағы ішкі бақылау жүйесі төмендегідей қағидаттарға негізделеді:

- әрдайым үздіксіз жұмыс істеуі – ішкі бақылау жүйесінің өз міндетін
тұрақты және тиісті дәрежеде атқаруы Қоғамға қалыпты жағдайдан
ауытқушылықтың кез-келгенін уақтылы анықтауға және болашақта олардың пайда
болуына жол бермеуге мүмкіндік береді;
- ішкі бақылау жүйесі субъектілерінің есеп беруге тиістілігі – әр тұлғаның
бақылау функцияларын орындау сапасы ішкі бақылау жүйесінің басқа субъектісі
тарапынан қадағаланып отырады;
- міндеттерді бөлісу – Қоғам бақылау функцияларының қосарлануын қаламайды,
сондықтан ол функциялар Қоғамның лауазымды тұлғалары және жұмыскерлері
арасында, қандай да болмасын бір адам белгілі бір активтерге қатысты іс-
әрекеттерді бекіту, операцияларды есепке алу, активтердің сақталуын
қаматамасыз ету және оларды түгендеуге байланысты қызметтерді қосақтап
атқаруына жол берілмейтіндей етіп бөлінуге тиіс.
- іс-әрекеттерді тиісті тәртіппен мақұлдау және бекіту - Қоғам барлық
қаржылық-шаруашылық іс-әрекеттердің өкілетті органдар және тұлғалар
тарапынан олардың өздеріне тиесілі құзыреттері шеңберінде бекітілу тәртібін
орнатуға талпынады;
- Қоғамда жұмыс істейтін ішкі бақылау жүйесінің барлық субъектілерінің
бақылау қызметтерінің тиісті дәрежеде орындалуы үшін жауапкершілігі;
- ішкі бақылауды Қоғамның барлық органдары және бөлімшелерінің айқын
ынтымақтастығы негізінде жүзеге асыру;
- үздіксіз дамыту және жетілдіру - Қоғам ішкі бақылау жүйесін, оны жаңа
міндеттерді жүзеге асыру қажеттілігіне орай бейімдеу мақсатында оралымды
икемдеу мүмкіндігін қамтамасыз етуді көздейді, және ондай жүйенің өзін
кеңейтіп әрі жетілдіріп отырады;
- бақылаудың елеулі кемшіліктері және осал тұстары туралы кез-келген
ақпараттардың уақтылы жеткізілуі – Қоғамда бақылаудың кез-келген елеулі
кемшіліктері мен осал тұстарын түзеу туралы шешім қабылдауға құзырлы
органдарға жәненемесе тұлғаларға тиісті ақпаратты жеткізудің барынша қысқа
мерзімі белгіленуі керек;
- ішкі бақылау жүйесінің күрделілік деңгейі мен бақылаудағы объектінің
күрделілік деңгейі бір-біріне сай болуы керек;
- Қоғамның бақылау жұмысы жолға қойылып жатқан қызмет салаларындағы
басымдықты анықтау – ең алдымен ішкі бақылау жүйесі қамтитын стратегиялық
бағыттарға көңіл бөлінеді, тіпті олардың қызметінің тиімділік деңгейін (
шығын – экономикалық тиімділік арақатынасы) анықтау қиын болған жағдайда
да;
- ішкі бақылау жүйесінің кешендік және жүйелі сипатта болуы.

Бақылау ортасы

Бақылау ортасы – Бірден-бір жалғыз акционердің, Директорлар кеңесі және
Басқарманың Қоғамда ішкі бақылау жүйесін құру қажеттілігі мен оның әрекет
етуіне деген жалпы қатынасын, Қоғам жұмыскерлерінің ондай жүйенің
маңыздылығын ұғынуы және соған байланысты жүзеге асыратын іс-әрекеттерін
білдіреді.

Бақылау ортасының факторларына кіретіндер:

- адалдық, этикалық құндылықтар және Қоғам жұмыскерлерінің өздеріне
тапсырылған жұмыстарды орындауына қажетті білімдері мен машықтарын
айқындайтын біліктілігі;
- басқару философиясы мен стилі;
- Қоғамның өз қызметін жоспарлауға, орындауға және мониторинг жасауға негіз
болатын ұйымдастырушылық құрылымы;
- қызметшілер құрамын басқару саясаты және тәжірибесі;
- Директорлар кеңесінің ықыласы және стратегиялық басқаруы.

Тәуекелділіктерді бағалау

Тәуекелділіктерді басқару қағадиттары және әдістемелері, мониторинг жүргізу
тәртібі , тәуекелділіктерді басқару тиімділігін бақылау және мониторинг
жасау тәртібі, оның жұмыс істеуіне және ол туралы ақпараттарды жариялау
үшін жауап беретін органдар Қоғамның ішкі құжаттары арқылы белгіленеді.
Тәуекелділіктерді басқару қызметі тәуекелділіктерді басқару үрдісінің
негізгі үйлестірушісі болып табылады. Тәуекелділіктерді басқару саясатының
жүзеге асырылуы үшін Қоғамның қызмет бағыттары бойынша барлық құрылымдық
бөлімшелерінің басшылары жауап береді.

Ішкі бақылау рәсімдері

Қоғамның органдары және жұмыскерлері сақтауға тиіс ішкі бақылау рәсімдері

Қоғам мақсаттары, міндеттері мен жоспарларының орындалуына тиімді ішкі
бақылауды, қалыптан тыс операцияларды анықтау және жүзеге асыруды
қамтамасыз ететін, сондай-ақ тәуекелділіктердің, Қоғамның лауазымды
тұлғалары мен қызметкерлері тарапынан жасалуы мүмкін жауапсыз жәненемесе
заңсыз әрекеттердің алдын-алу, шектеу және болдырмаудың нақты құжат түрінде
айқындалған іс-шаралар жүйесі мен әрекеттері болып табылады.

Ішкі бақылау рәсімдеріне төмендегілер жатады:

- Қоғамның бөлімшелері, жұмыскерлері және лауазымды тұлғаларының мақсаттары
мен міндеттерін Қоғамды басқарудың барлық деңгейінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік қаржылық бақылау
Шаруашылық қызметінің аудиті
Ішкi бақылаудың негiзгi элементi – түгендеу
Мемлекеттік бюджеттік бақылаудың құқықтық негіздері
Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі
Қаржылық бақылауды ұйымдастырудың қағидалары
Қаржылық бақылау түрлері және қаржылық бақылаудың органдары
ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ
Ішкі аудит
Нарық экономикасы жағдайында қаржылық бақылаудың дамуы
Пәндер