Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықты талдау
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1 ТАРАУ. ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ
СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2 ТАРАУ. ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1. Жасөспірімдер қылмыстылығына ықпал келтіретін жағдайлар мен себептер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.2. Жасөспірімдер қылмыстығының алдын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64

Қазіргі кезде өскелең ұрпақты салаутты мінез және адамгершілікті көзқарастар мен мінез-құлыққа ие жалпы адамзаттық құндылықтар рухында тәрбиелеу мемлекеттік мағынадағы маңызды және шұғыл міндет болып отыр.
Біздің қоғамның бұдан әрі дамуына байланысты балалар мен жастарды тәрбиелеу мен жаңа адамды қалыптастыру мәселелері ерекше маңызды мағынаға ие болып келеді.
Егеменді және тәуелсіз Қазақстан демократиялық және құқықтық мемлекет құратынын жариялады.
Осындай күрделі және қиын-қыстау өтпелі кезеңде жастар халқымыздың материалдық тұрмысы мен біздің республикамыздың қуатын тез көтеру үшін іскерлікпен нарықтық экономиканың түрлерін, тәсілдерін мен қағидаттарын игеріп, ие болуылары қажет.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығына басты назар аудара отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз құқық және өнегелілік идеясы салтанат құратын өркениетті қоғам құрғымыз келетін болса, онда әрбір азамат мектеп жасынан бастап қарапайым негізді игеру қажет»-деп атап өтті.
Бірақ өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды кемшіліктер кездеседі.
Республикада кездесетін кәмелетке толмағандар арасындағы бақылаусыздық пен қылмыстылық маңызды қамсыздану мен қорқыныш тудырады.
Өскелең ұрпақтың денсаулығын қорғау мен нығайтуда, олардың ортасында көрініс тапқан маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, қылмыстылық сияқты теріс әлеуметтік құбылыстармен күрес қандай да бір өркениетті қоғамның айрықша қамқорлығының негізі болып табылады.

1. Абдиров Н.М., Интыкбаев М.К. Подросток в наркотизме: проблемы, предупреждение. Караганда, 1997.
2. Амирова А. К вопросу о многослойности феномена «маргинальности» и его потенциале в контексте модернизационных процессов.- 2002, №2
3. Антонян Ю. Социальная среда и формирование личности преступника.-М., 1975.
4. Антонян Ю.Борьба с бродяжничеством.-М.,1972.
5. Бегалиев К. Меры борьбы с безнадзорностью и преступностью среди несовершеннолетних.//Кримонологический журнал.-2002.-№1.
6. Джекебаев У. Соучастие в преступлении: криминологические и уголовно-правовые проблемы.-А.,1981.
7. Жетписбаев Б.А. Айтпаева А. Концептуально-теоретические проблемы девиантного поведения и правовой социализации несовершеннолетних в РК.-А., 2002.
8. Забрянский Д. Изучение и предупреждение преступности несовершеннолетних. – Краснодар, 1979.
9. Зарипова Д. Борьба с преступностью маргинальных групп населения: теоретические и прикладные проблемы. – Казань, 2000.
10. Заритовская Т. Причины преступности несовершеннолетних //Саясат.-2002. - № 1.
11. Зиядова Д. Криминологическая характеристика преступлений совершаемых школьниками //Следователь.-2003.-№7.
12. История государства и права Советского Казахстана.- 1961. Т.1.
13. Карпец И.Современные проблемы уголовные права и криминологии.- М., 1976.
14. Криминология. – М., 1979.
15. Криминология. Под ред. Ю.Кваши. – Ростов на Дону, 2002.
16. Криминология. – Под ред. А.Эминова.- М., 1997.
17. Круттер М. Профилактика преступности молодежи: теоретическая мысль и социальная реальность.//Уголовное право.-2002.-№4.
18. Кудабаев Р. Освобождение несовершеннолетних от наказания в связи с применением принудительных мер воспитательного воздейства//Фемида.- 2003.-№10.
19. Кульчинская Е. Формирование антиобщественного направленнности личности подростка-правонарушителя.//Вопросы изучения и предупреждения правонарушения несовершеннолетних.- М., 1970.
20. Лопушанский Ф.А. Следственная профилактика преступлений. Опыт, проблемы, решения. – Киев, 1980.
21. Макаренко А.С. Соч., т.4.
22. Мауленов Г. Основные характеристика преступности в Республике Казахстан. –А., 2001.
23. Миллер А. Противоправное поведение несовершеннолетних. Генезис и раняя профилактика. – Киев, 1985.
24. Молодежь в меняющем обществе. Проект МОNEE. – Флоренция, Италия: Детский Фонд ООН. Исследовательский центр «Инноченти», 2002.
25. Назарбаев Н.А. Идеяная консолидация общества – как условие пргресса Казахстана. Алматы, 1993.
26. Нарикбаев М. Правовая охрана детства в Республике Казахстан. – А., 1996.
27. Новиков В., Хорьков В. Комиссии по делам несовершеннолетних. //Законность. – 2003.-№5.
28. Озеров В. Детская безпризорность как один из факторов угрозы национальной безопасности // Право и образование. – 2002.-№1.
29. Приказ МВД РК от 31 июля 1995 г. №195 «О мерах совершенствования деятельности ОВД по предупреждению преступности и правонарушений среди несовершеннолетних». –А., 1995.
30. Рябухин С.Н. Детская безпризорность и преступления Право и образование. – 2002.-№1 Право и образование. – 2002.-№1 как следствие...// Право и образование. – 2002.-№1
31. Сартаева Н. На грани конфликта с законом (о причинах подростковой преступности) //Фемида.-2003.-№9.
32. Сатыбалды Л. Формы вовлечения несовершеннолетних в преступную деятельность // Вестник КазНу им. Аль-Фараби. – 2003.-№1.
33. Сахаров А. Пересторйка и борьба с преступностью.//Советская юстиция.-1989.-№3.
34. Уголовное право РК. Общая часть. Под ред. И.Рогова. –А., 2003.
35. Уголовное право РК. Общая часть. Под ред. И.Рогова. –А., 1998.
36. Фукс С. Обычное право казахов в 18-первой половине 19 века. – А.,1981.
37. Щепалин И. Преступность несовершеннолетних как самостоятельный объект крминалистического исследования // Казахстанский журнал международного права. – 2003.-№2.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:
Ф-ОБ-001033
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1 Тарау. Жасөспірімдер қылмыстылығының қылмыстық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 7
2 Тарау. Жасөспірімдер қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы
2.1. Жасөспірімдер қылмыстылығына ықпал келтіретін жағдайлар мен
себептер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.2. Жасөспірімдер қылмыстығының алдын
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .41
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 64
Кіріспе
Қазіргі кезде өскелең ұрпақты салаутты мінез және адамгершілікті
көзқарастар мен мінез-құлыққа ие жалпы адамзаттық құндылықтар рухында
тәрбиелеу мемлекеттік мағынадағы маңызды және шұғыл міндет болып
отыр.
Біздің қоғамның бұдан әрі дамуына байланысты балалар мен жастарды
тәрбиелеу мен жаңа адамды қалыптастыру мәселелері ерекше маңызды
мағынаға ие болып келеді.
Егеменді және тәуелсіз Қазақстан демократиялық және құқықтық
мемлекет құратынын жариялады.
Осындай күрделі және қиын-қыстау өтпелі кезеңде жастар халқымыздың
материалдық тұрмысы мен біздің республикамыздың қуатын тез көтеру үшін
іскерлікпен нарықтық экономиканың түрлерін, тәсілдерін мен
қағидаттарын игеріп, ие болуылары қажет.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығына басты назар аудара
отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: Біз құқық
және өнегелілік идеясы салтанат құратын өркениетті қоғам құрғымыз
келетін болса, онда әрбір азамат мектеп жасынан бастап қарапайым
негізді игеру қажет-деп атап өтті.
Бірақ өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды кемшіліктер кездеседі.
Республикада кездесетін кәмелетке толмағандар арасындағы
бақылаусыздық пен қылмыстылық маңызды қамсыздану мен қорқыныш тудырады.
Өскелең ұрпақтың денсаулығын қорғау мен нығайтуда, олардың
ортасында көрініс тапқан маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік,
қылмыстылық сияқты теріс әлеуметтік құбылыстармен күрес қандай да бір
өркениетті қоғамның айрықша қамқорлығының негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 бабына сәйкес, балалық
шақ мемлекет танитын және қорғайтын негізгі құндылықтардың бірі
болып санала отырып, мемлекеттің қорғауында болады.
Бірақ, кейінгі жылдары республикада жастардың өнегелілік,
құқықтық дене тәрбиесіне жеткілікті көңіл аударылмауда, оны біз жастар
арасында кездесіп отырған, кейде аса қатігездікпен жасалған қылмыстар
мен қоғамға қарсы құбылыстардың өсуінен байқаймыз.
Статистикалық мәліметтер жасөспірімдер арасында маскүнемдік,
есірткі, уытты заттарды пайдалану, қаңғыбастық және қайыр сұраушылық,
бақылаусыздық кеңінен таралғанын дәлелдейді.
Өкінішке орай, қарастырылып отырған тұлғалар арасындағы қылмыстылық,
соның ішінде топтық қылмыстылықта, жоғары деңгейде қалып отыр. Осыған
байланыста жасөспірімдік қылмыстылығымен байланысты мәселелерді зерттеуде,
олар жасаған қылмыстың ерекшелігіне, жасөспірімдер мен басқа да жас
аралық топтардың криминологиялық қылмыстылығының айырмашылықтарына, олардың
қылмыстылық мінез-құлықтарының дәлелді ерекшеліктеріне көңіл аудару қажет.
Криминология зерттеушілерінің көптеген зерттеулері, жасөспірімдердің
қылмыстылығы – бұл топтық қылмыстылық екенін дәлелдейді. Сонымен бірге
жасөспірімдердің қылмыстылығының жастардың қылмыстылығымен тікелей өзара
байланыстылығы тәжірибеден байқалады.
Жасөспірімдердің қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасын
қарастырмас бұрын біз кәмелетке толмағандардың қылмыстық-құқықтық
мәселелерін ашып көрсетеміз.
Жасөспірімдердің қылмыстылығы мәселесін зерттеу отандық, сондай-ақ
шетелдік ғалым-зерттеушілердің еңбектерінен көрініс тапқан.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы
қылмыстылықты талдау болып табылады.
Белгіленген мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды:
- Қазақстан Республикасындағы жасөспірімдердің қылмыстылығын қылмыстық-
құқықтық талдау;
- жасөспірімдер арасындағы қылмыстылық себептері мен оның пайда
болуына мүмкіндік беретін жағдайларды қарастыру;
- жасөспірімдердің қылмыстылығын ескерту.
Жасөспірімдер қылмыстылығының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық
мәселелері зерттеу нысаны болып табылады.
1. Тарау. Жасөспірімдер қылмыстылығының
қылмыстық сипаттамасы
ҚазКСР-ның қылмыстық заңдылығында кәмелетке толмағандардың қылмыстық
жауапкершілігінің жеке ерекшеліктерін реттейтін нормалар жүйеленбеді, ол
яғни кәмелетке толмағандардың дамуының психофизикалық ерекшеліктерін толық
есепке алған жоқ еді.
Алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік заңды ойдың жетістіктерін өз
бойына жинаған, қазіргі кезде әрекет етіп отырған Қылмыстық кодекс
бұрынғыға қарағанда әлдеқайда прогрессивті және одан концептуалды,
методологиялық, сондай-ақ құрылымы және нақты қылмыстық-құқықтық нормалары
жағынан айрықшаланады. ҚР ҚК кәмелетке толмағандардың қылмыстық
жауапкершілігінің ерекшелігін қарастыратын жеке тарауды енгізу, талас
тудыратын жекелей мәселелерді шешуге мүмкіндік берді, бірақ оған нақты
нүкте қойған жоқ және белгіленген мәселелер бойынша одан арғы пікір-таласқа
негіз салды.[1]
Ғылыми жағынан да, тәжірибелік көзқарас жағынан да, қазіргі кезде
тіпті жаңа ҚР ҚК енгізген кезде де өз шешімін таппаған мәжбүрлеу шараларын
қолдану арқылы кәмелетке толмағандарды жазадан босатуға байланысты,
қылмыстық заңдылықты жетілдірудің нақты мәселелерін қарастыру белгілі бір
қызығушылық тудырып отыр.
Тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің арнайы тарауы
кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі мен жазалау мәселелеріне
арналып отыр, бұл 1990 жылы 15 қазанда өз күшіне енген БҰҰ Бас Ассамблеясы
мақұлдаған, Балалардың құқықтары туралы Конвенцияда көрсетілген ізгілік
және әділдік қағидаттарына сәйкес келіп отыр.
Аталған жағдайда заң шығарушы, кәмелетке толмағандар қылмыстылығының
психологиялық ерекшеліктеріне, тұрмыстық ортасының қылмыстектілі
факторларына, өзін танытуға ұмтылыс т.с.с тән екендігіне сүйенеді.
Мемлекет кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алуға,
балалардың қараусыздығымен, жасы үлкен құқық бұзушылардың балалар мен
жасөспірімдердің мінез-құлқына теріс ықпалымен күреске ерекше назар аударып
отыр.
1921 жылдың өзінде-ақ әділет органдары жүйесінде дайындалған Балалар
қылмыстылығымен, жасы 18-ге толмаған жас балалар мен кәмелетке
толмағандардың адамгершілік жағының төмендеуі және қараусыздығымен күрес
жолындағы шұғыл шаралар туралы баяндамасында, адамгершілік жағынан
төмендеген және қараусыз тұрғындарға көшенің зиянды ықпалымен ең шешімді
күреске түсуді тек адам сүйгіштік және қоғамдық әділдікті түсіну ғана
талаптандырып қоймайды; мұндай күрес, жас қылмыскерлердің қандай қауіп
туғызатынын және туғызып отырғаны туралы ойдантуындайды...-деп атап
өтілген.
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартудың өзіндік
тарихи ерекшелігі мен даму кезеңдері бар.[2] Мәселен, қазақтың дәстүрлі
қылмыстық құқығы бойынша жас қылмыскерлер 15 жасқа толғанша сотқа
тартылмаған.
Профессор С.Л. Фукс осыған байланысты ...кісі өлтіру мен ұрлықтан
басқа, аса маңызды емес қылмыстан, жасы 15-ке толмаған баланы қылмыстық
жауапкершіліктен толық босату, олардың өз әрекеттеріне толық жауап бере
алмайтындығынан емес, жазалау кезінде салынатын айыпты олардың төлейтін
мүмкіндіктерінің жоқтығымен түсіндіріледі. Жасы 15-ке толған соң, жас қазақ
азаматтық жағынан да, неке жағынан да кәмелетке жеткен деп саналған. Он
бесте-отау иесі- деген қазақ нақылы осыған дәлел. Сот алдында енді өз
қылмысы үшін жауап бере алатын меншік иесі тұрған, яғни, қазақ құқығы
көзқарасы жағынан енді ол қылмыстық жауапкершілік атқара алған-деп
жазған.[3]
Қазақтардың дәстүрлі қылмыстық құқығы нормаларының ықпал етуін
Қазақстан территориясында әрекет еткен 1922 жылғы РСФСР Қылмыстық кодексіне
өзгертулер мен толықтырулардан байқауға болады. Қазақстан ОАК 3 сессиясы,
көшпелі халықтардың әлеуметтік тұрмыс жағдайын, ауыл еңбекшілерінің құқық
тану деңгейін есепке ала отырып, кәмелетке толмаған қазақтарды қылмыстық
жауапкершілікке тартудың ерекше жағдайын бекітті. Жекелей алсақ, жас
балаларға (14-ке толмаған) қылмыстық жаза қолданылмады, сондай-ақ кәмелетке
толмағандар қатарына қазақ ұлтының жасы 14-тен 18-ге дейінгі тұлғалары,
өзге ұлттың 14-тен 18-ге дейінгі тұлғалары жатқызылды.[4]
Қазақстан территориясында 35 жыл бойы әрекет еткен 1926 жылғы РСФСР-дің
Қылмыстық кодексі, қылмыстық жауапкершіліктің жасын төмендегідей анықтады:
Соттық-түзету сипатындағы әлеуметтік қорғаудың шараларын жасы он төртке
толмаған балаларға қолдануға болмайды, оларға қатысты медициналық-
педогогикалық сипаттағы ғана шаралар қолданылады.
Жасы он төрттен он алтыға дейінгі кәмелетке толмағандарға соттық-түзету
сипатындағы шаралар, тек кәмелетке толмағандар істері бойынша комиссия
медициналық-педогогикалық сипаттағы әлеуметтік шаралар қолдану мүмкін емес
деп шешкен жағдайда ғана қолданылуы мүмкін (1926 ж. РСФСР ҚК 12 бабы).
Бірақ КСРО ХКК ОАК 1935 жылғы 7 сәуірдегі Кәмелетке толмағандар
арасындағы қылмыстылықпен күрес шаралары туралы Қаулысымен КСР Одағы мен
одақтас республикалардың Қылмыстық заңдылығының басты негізінің 8 бабы
алынып тасталды және жасы 12-ге толған кәмелетке толмағандардың ұрлық, күш
көрсету, денеге зақым келтіру, кісі өлтіру және кісі өлтіруге әрекет еткен
жағдайлары анықталса, барлық қылмыстық жаза қолдану арқылы қылмыстық сотқа
тартылады.
Қазақстан Ресубликасының әрекет етіп отырған Қылмыстық кодексі
бойынша қоғамға қауіп төндіретін әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке
қылмыс жасағанға дейін жасы он алтыға толған тұлға тартылады. Сонымен
бірге кәмелетке толмаған жасөспірім қылмыстың қоғамдық қаупін түсінетін
кезде, қылмыстық жауапкершілікке он төрт жастан тартылады. Осындай
қылмыстардың тізімі ҚК 15 бабында анықталған.
Республика бойынша соңғы жылдардағы статисикалық мәліметтер, жасы
кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың үлес салмағы төмендегідей екенін
көрсетеді: 1995 жылы – 7,3%; 1996 жылы – 14,1%; 1997 жылы – 11,5%; 1998
жылы – 9,6%; 1999 жылы -5,4%; 2000 жылы – 7,0%; балалар мен
жасөспірімдердің үлес салмағы жалпы халық санының 33 % құрайды. Көріп
отырғанымыздай, кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарының үлес салмағы
азайып келеді, оны Қазақстаннның құқық қорғау органдарының соттық-құқықтық
реформасындағы болып жатқан үрдістермен және қылмыстың белгілі бір
беймәлімділігімен түсіндіруге болады. Тәжірибеден көргеніміздей, кәмелетке
толмағандардың қылмыстылығы күш көрсету мен мүліктік қылмыстармен
сипатталып отыр, олар кейде айрықша қатігездікпен жасалуда, олардың
арасында маскүнемдік, уытты заттарды, есірткіні пайдалану, жезөкшелік
кеңінен тарауда. Сонымен бірге кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық
көбіне топтық сипатта болатынын есте ұстау қажет, ал республикадағы
қылмыстардың 20% олардың қылмысты үлкендермен бірлесіп жасайтынын көрсетіп
отыр. ҚК 78 бабына сәйкес кәмелетке толмаған деп, қылмыс жасағанға дейін
жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған тұлғалар танылады.
Заң шығарушы қылмыстық жауапкершілікке аз мөлшерлі жасты анықтайды,
жасы белгілі бір жасқа жеткенде кәмелетке толмаған өз әрекетін дұрыс
түсініп, қылмыстық жазаны қабылдай алатынын атап өтеді.
Осылайша заң шығарушы кәмелетке толмаған терминінің түсінігін
анықтады, ал бұл болса қылмыстық жауапкершілік жөніндегі нормаларды дұрыс
қолдану үшін өте маңызды. Осыған байланысты КСРО Жоғарғы Соты Пленумының
1976 жылғы 3 желтоқсандағы №16 Кәмелетке толмағандардың қылмыстылықтары
туралы және оларды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы әрекетке тарту
істері бойынша соттардың задылықтарды қолдану тәжірибелері туралы
Қаулысының 6 тармағында сот кәмелетке толмағанның жас мөлшерін (күні,
айы, жылы) нақты анықтау шараларын қабылдауға міндетті деп түсіндірілген...
Сонымен бірге айыпталушының туған жылын соттық-медициналық сараптама арқылы
анықтауда сарапшылардың соңғы айтқан жасы есептеледі, ал аз мөлшерлі және
көп мөлшерлі жас санын анықтағанда сот сараптама болжаған осындай тұлғаның
аз мөлшерлі жасына сүйенеді[5].
Қылмыстылық әрекетке тарту, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауға
ұмтылысын туғызған немесе оны қылмыстылық әрекетке іс жүзінде тарту
әрекеттерінен көрінеді. Қылмыстылыққа тарту қылмыс жасауға арандату жолымен
де, сондай-ақ кәмелетке толмаған өз тілегінен тыс қылмыстылық әрекетке
тартылып, оның білместігі мен сенгіштігін пайдалану жолымен де жүзеге
асырылуы мүмкін.
Қылмыстылық әрекетке тарту әрқилы болуы мүмкін: кәмелетке толмағандар
арасында әңгімелер, қылмыскерлік әндер арқылы қылмыстық романтикаға
қызығушылығын тудыру, кештер ұйымдастыру, қорқыту, сатып алу, алдау,
орындалуы қылмыстылық әрекетке жататын әртүрлі тапсырмалар беру т.с.с.
Кәмелетке толмағандарды қылмыстылық әрекетке тарту, кәмелетке
толмағанды психикалық немесе күш қолдану арқылы ықпал ету жолымен (өтініш
ету, уәделесу, ұсыныс жасау, алдау, қорқыту, қауіптендіру, күш көрсету
т.с.с. есірткі қолдану) қылмыс жасауға итермелеген әрекет нақты жасалған
сәтте, қарастырылатын қылмыстың құрамы жоқ болған кезде аяқталды деп
саналады.
Барлық жағдайларда да заң кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы және
адамгершілікке жат кәсіпке тартуда үлкендердің белсенді ықпалы болғанын
қарастырады.
Арамтамақтық тіршілік ету үшін кәмелетке толмағандарды пайдалану, қайыр
сұраумен айналысқанда жас балаларды, жас нәрестелерді де пайдалану түрінде
көрінеді.
Осындай әрекеттер баланың денсаулығы мен дұрыс дамуына зиянды әсер
етеді, ал үлкеннің адамгершіліктен тыс арамтамақтық тіршілігін жеңілдетеді.
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық немесе өзге де қоғамға қарсы әрекетке
тартудың субъективтік жағын зерттегенде қылмысқа тартушының қылмысқа
тартылушының кәмелетке толмағаны туралы білетіндігін не білмейтіндігі
дерегін анықтау қажет. Бұл жай ғана сәт емес, қылмысты дұрыс жіктеудің
міндетті шарты. Егерде қандай да бір тұлғаны қоғамға қарсы әрекеттің
қарастырып отырған түрінің біріне тартқанда, үлкен адам қылмысқа
тартылушының кәмелетке толмағанын білмесе аталған қылмыстың құрамы жоқ
болып саналады[6].
Қарастырылып отырған қылмыстыққа тартудың қоғамдық қаупінің артуы,
қылмысқа тартушы өз мінез-құлқымен кәмелетке толмағанның өзінің
адамгершілік жүйелеу үрдісіне көбіне эмоцинальды түрде (мәселен, қылмыстық
өмірдің романтикасын насихатау арқылы) ықпал етеді, осылайша ол нығайып
қалыптасып болмаған жас сананың қызметін бұрмалайды.
Кәмелетке толмағандарды қылмыстыққа және өзге де қоғамға қарсы әрекетке
тартудың түрлерін қарастыруды қорытындылай отырып, біз аталған қылмыс, бұл
– толық түсінген акт екенін атап өтеміз[7].
Қылмыстықты қарастыру көбіне арам ниетті жүзеге асыру мақсатында
жасалады. Қылмыстың себебі мен мақсаттарын анықтау сотқа жасалған қылмыстың
қоғамдық қаупінің деңгейін анықтауға мүмкіндік беріп, айыптыға дұрыс жаза
тағайындауға көмектеседі.
Қазіргі кезде көптеген шетелдік Қылмыстық кодекстерде кәмелетке
толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі мен оларды жазалау ерекшеліктері
жеке тарауға бөлінген. Қазақстан Республикасындағы Қылмыстық кодексте
кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі туралы нормаларды жеке
тарауға бөлу олардың қылмыстық-процессуалдық нормалармен өзара
байланыстылығын көрсетеді. Қазақстан Республикасындағы жаңа Қылмыстық-
процессуалдық кодексте Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер
бойынша өндірістер тарауының болуы алға басушылық болып саналады, онда
кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істердің алдын ала тергеу мен
соттық істі қарауға жататын барлық нормалары шоғырланған.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі тарауы кәмелетке
толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекшеліктерін сипаттайтын жалпы
ережелерден (78 бап), кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың
сипаттамасынан (79 бап), кәмелетке толмағанға жаза тағайындау (80 бап),
кәмелетке толмағандарды жазадан босатудың шарттарын қарастырудан (81 бап),
тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары (82 бап) және оның мазмұнынан (83
бап), кәмелетке толмағандарды жазасын өтеуден шартты-ерте босатудың
негіздемесін көрсетуден (84 бап), соттылықтың мерзімінің ескіруі (85 бап)
мен өтеу мерзімін көрсетуден тұрады, сондай-ақ, осы тараудың қылмыстық
жауапкершілік және жазалаудың ерекшеліктері жөніндегі ережелерін он сегіз
жастан жиырма жасқа дейін қылмыс жасаған тұлғаларға ең алғаш рет қолдануды
қарастырады, ол жасалған қылмыстың қоғамдық қаупінің сипаты мен деңгейіне,
қылмысты жасау жағдайлары мен айыптының жеке тұлғасына байланысты, ізгілік
қағидаттары мен қылмыс жасаған тұлғалардың өзіндік қасиетін жүзеге асыруын
дәлелдейді.
Кәмелетке толмағандарды жазалаудың түрлерін атап өтейік. ҚК 79 бабына
сәйкес, кәмелетке толмағандарды жазалаудың түрлеріне төмендегілер жатады:
а) айыппұл;
б) белгілі бір қызметпен айналысуға тиым салу;
в) қоғамдық жұмысқа тарту;
г) түзету жұмыстары;
д) тұтқындау;
е) бас бостандығынан айыру[8].
Кәмелетке толмағандардың жас ерекшелігін есепке ала отырып, оларға
қолданатын жазаларды ең алдымен тәрбиелік және ескерту арқылы ықпал ету
мақсатын пайдаланады. Соттық тәжірибе алғаш рет қылмыс жасаған кәмелетке
толмағанға қатысты бас бостандығынан айырудың тиімсіздігін көрсетеді.
Кәмелетке толмағандарға оның бас бостандығын шектеу (45 баптың 3
тармағы), өмір бойы бас бостандығынан айыру (48 баптың 4 тармағы), өлім
жазасы (49 баптың 2 тармағы), сондай-ақ мүлкін тәркілеу сияқты жазалар
қолданылмайды.
Кәмелетке толмағандарға қолданылатын жазалардың мазмұнының өзіндік
ерекшеліктері бар. Мәселен, 79 баптың 2 тарауына сәйкес, айыппұл кәмелетке
толмағанның өзінің еңбек жалақысы немесе мүлкі болғанда ғана тағайындалады.
Екі аптадан алты айға дейін сотталған кәмелетке толмағанның 10-нан 500
айлық айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде немесе еңбек жалақысы немесе өзге де
кірісі мөлшерінде айыппұл тағайындалды.
Көріп отырғанымыздай, үлкендерге қарағанда (40 баптың 2 тармағы - екі
аптадан алты айға дейін сотталған сотталушының 25-тен 20000 айлық айлық
есеп көрсеткіші мөлшерінде немесе еңбек жалақысы немесе өзге де кірісі
мөлшерінде айыппұл тағайындалды) кәмелетке толмағандар үшін айыппұлдың
төмендетілген мөлшері бекітілген, бірақ, айыппұл мөлшері жасалған қылмыстың
ауырлығын және сотталушының мүліктік жағдайын сот есепке ала отырып айыппұл
тағайындайтын, 40 баптың 2 тармағының ережесі сақталады.
Кәмелетке толмағандарды белгілі бір қызметпен айналысуға тиым салу,
олар заңды түрде бір қызметпен айналыса жүріп, қылмыстық жазаланатын әрекет
жасаған жағдайда, бір жылдан екі жылға дейін тағайындалады.
Қоғамдық жұмыстарға тарту қылмыстық заңдылықта жаңа түр болып
саналады, ол қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейін тағайындалады. Ол
кәмелетке толмағанның оқудан немесе негізгі кәсібінен тыс уақытта күші
келетін жұмыстар атқарудан тұрады. Аталған жаза түрінің орындалу ұзақтығы
он алты жасға дейінгі тұлғалар үшін күніне екі сағаттан аспау керек, ал он
алтыдан он сегізге дейінгілер үшін – күніне үш сағат болуы керек. Аталған
жағдайда кәмелетке толмағандардың мерзімі үлкендерге қарағанда әжептәуір
төмен (42 баптың 2 тармағында үлкендер үшін мерзім 60 сағаттан 240 сағатқа
дейін және күніне 4 сағат).
Қоғамдық жұмыстан бас тартқан жағдайда, ҚК 45 және 46 баптарында
қарастырған мерзім көлеміндегі тұтқындаумен ауыстырылады.
Түзету жұмыстары сот үкімі шыққанға дейін жасы он алтыға толған
кәмелетке толмаған сотталушыларға, бір жылға дейінгі мерзімде (үлкендерге –
43 баптың 1 тармағында екі жылға дейін) тағайындалады.
Ең аз мерзім үлкендердікі сияқты екі ай. Аталған жазаның түрі шектеулі
сипатта болады, себебі жазаның бұл түрі қандай да бір меншік түріне
қарамастан, өндірісте жұмыс істейтін кәмелетке толмағандарға ғана
қолданылады. Бұл әрбір нақты жағдайда жеке әдіс пайдаланылатынын көрсетеді.
Еңбек жалақысынан ұстау әртүрлі объективтік, субъективтік факторларды
(отбасы, қаржылық жағдайы, отбасы мүшелерінің мүгедектігі т.с.с) есепке ала
отырып жүргізілуі қажет.
Тұтқындау сот үкімі шыққанға дейін жасы он алтыға толған кәмелетке
толмаған сотталушы үшін, бір айдан алты айға дейін тағайындалады. Жазаның
осы негізгі жаңа түрі, заң әдебиеттерінде қаншама рет көрсетілген, қысқа
мерзімді бас бостандығынан айырудың тиімсіздігіне байланысты енгізілді.
Тұтқындау бас бостандығынан айыруға жақын жаза болып табылады және тұлғаны
қатаң оқшаулау жағдайында ұстау мен оның қозғалысын шектеуден тұрады.
Кәмелетке толмағанды бас бостандығынан айыру алты айдан он жылға дейін,
қиын жағдайларда адам өлтіргені үшін – он екі жылға дейін тағайындалуы
мүмкін. Аса ауыр емес қылмысты алғаш рет жасаған жасы он төрттен он алтыға
дейінгі тұлғалар үшін бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.
Бас бостандығынан айырылған кәмелетке толмағандар жазаларын үлкендерден
бөлек, екі түрлі колонияда өтейді: еркек жыныстыларға арналған ең алғаш рет
қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ әйел жыныстыларға
арналған – жалпы тәртіптегі тәрбиелік колонияларда; еркек жынысты бұрын
жазасын өтеген кәмелетке толмағандарға арналған – күшейтілген тәртіптегі
тәрбиелік колонияларда. Сонымен қатар, жазаланушы тұлғаның қоғамдық
қаупінің сипаты мен деңгейіне және өзге де істің жағдайларына байланысты
сот қабылдаған шешімнің дәлелін көрсете отырып, сотталған еркек жынысты
кәмелетке толмағанды бас бостандығынан айырып, жалпы тәртіптегі тәрбиелік
колонияда жазасын өтеу тағайындауы мүмкін.
Сонымен бірге, кәмелетке толмағандарға тағайындаған жазаның
ерекшеліктерін анықтағанда, сот жазаны орындайтын органға қылмыстық істі
қарағанда белгілі болған кәмелетке толмаған сотталушы тұлғаның белгілі
ерекшеліктеріне есепке алу туралы талап беру туралы ереже енгізілуі мүмкін.
Мұндай жағдайларда кәмелетке толмағандардың жас мөлшерлік, психологиялық
және жеке ерекшеліктерін есепке алу қажет: мәселен: тіршілік жағдайы мен
тәрбиесі, денсаулық жағдайы, мүмкіндігі мен бейімділігі, үлкендер жағынан
қоршаған ортасының ықпалы т.с.с.
Аталған ерекшеліктерді есепке алу, әділ жазаға қол жеткізу үшін,
тәрбиелік колонияларда кәмелетке толмағанның түзетілу мүмкіндігін табу
үшін; олар тарапынан болатын жаңа қылмыстардың алдын алу үшін, сондай-ақ
жазаны жекелендіру мен жауапкершіліктендіру үшін қажет.
ҚК 53 бабының 1 тарауындағы б тармағында кәнәлінің кәмелетке
толмағандығы жазаны жеңілдететін жағдай болып саналады, бірақ аталған
жағдай шешуші болып табылмайды. Істің жағдайын жан-жақты, толық шынайы
зерттеу туралы заң талаптарына сәйкес, әрқашан жеңілдететін, қиындататын
жағдайлардың барлығын есепке алып, кәмелетке толмағанды қылмыс жасауға
итермелеген себептері мен жағдайлардың барлығын анықтау маңызды. Сондықтан,
ҚК 90 бабының 2 тармағына сәйкес, жеңілдететін жағдай ретіндегі жас
мөлшерін басқа жеңілдететін және ауырлататын жағдайлармен жинақтап есепке
алу қажет.
Кәмелетке толмағандарды жазадан босататын және тәрбиелік ықпал етудің
мәжбүрлеу шаралары да өзгеріске ұшырады. ҚК 81 бабына сәйкес заң шығарушы
әділдік және ізгілік қағидаттарынан шыға отырып, ауыр емес немесе орташа
қылмыс жасағаны үшін алғаш сотталған кәмелетке толмағанға тәрбиелік ықпал
етудің мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы ол түзеледі деп танылса, жазадан
босатылуы мүмкін. Мұндай шаралар:
а) ескерту;
б) ата-анасының немесе олардың орнындағы тұлғалардың, болмаса
мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
в) жасалған зиянның орнын толтыру міндетін жүктеу;
г) кәмелетке толмағанның бос уақытын шектеу мен тәртібіне жеке талаптар
қою;
д) кәмелетке толмағандарға арналған арнайы тәрбиелік немесе емдеу-
тәрбиелік мекемелерге орналастыру.
Аталған шараларды қолдану тек соттың құзіреті болып саналатындығы
аталған бапта тікелей көрсетілген.
Жазадан босату белгілі бір жағдайлардың болуын талап етеді:
1) қылмысты алғаш жасау;
2) ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасау;
3) объективті және субъективті факторлардың (әрекеттің қоғамдық қаупінің
сипаты, жасөспірімнің жеке тұлғасы, қылмыс жасағанға дейінгі оның
тәртібі, алкогольдік немесе есірткіге бағыныштылығы; отбасындағы, оқу
орынындағы немесе өндірістегі тәртібі; қылмысты ашу барысында
тергеуге көрсеткен көмегі т.с.с.) қарым-қатынасы, бірқатарының
жиынтығынан қалыптасқан тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын
пайдалану жолымен кәмелетке толмағанды түзету туралы соттың шешімі.
Көрсетілген жағдайлар болғанда сот айыптау үкімін шығарып, тәрбиелік
ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы, оның мағынасы мынадай:
1. Ескерту кәмелетке толмағанның оның істеген әрекетінің зияндылығын
және Кодексте қарастырылған қылмыстарды қайталап жасағанда болатын
зардаптарын түсіндіруден тұрады.
2. Қадағалауға беру, бұл яғни ата-анасына немесе олардың орнындағы
тұлғаларға, болмаса мамандандырылған мемлекеттік органға кәмелетке
толмағанға тәрбиелік ықпал ету мен оның тәртібін қадағалау бойынша
міндеттер жүктеуден тұрады;
3. Жасалған зиянның орнын толтыру міндетін жүктеу, кәмелетке
толмағанның мүліктік жағдайын есепке алып, оның сәйкес еңбек тәжірибесі
болғанда жүргізіледі.
4. Кәмелетке толмағанның бос уақытын шектеу мен тәртібіне жеке талаптар
қою, белгілі бір орындарға баруға тиым салу, бос уақытты өткізудің белгілі
бір түрлерін пайдалануды, соның ішінде, механикалық көлік құралын басқаруға
да байланысты, белгілі бір уақыттан кейін мамандандырылған мемлекеттік
органның рұқсатынсыз үйден тыс жерлерде болуды шектеу; кәмелетке толмаған
үшін сондай-ақ, білім беретін мекемеге қайтып бару, оқуын жалғастыру немесе
аяқтау, болмаса мамандандырылған мемлекеттік органның көмегімен жұмысқа
орналасу ұсынылуы мүмкін. Осы тізім әлі толық емес.
5. Орташа ауырлықты қасақана қылмыс жасаған кәмелетке толмағандар үшін
алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге арнайы тәрбиелік немесе емдеу-
тәрбиелік мекемелерге орналастыруды сот тағайындайды. Аталған мекемелерде
болу жасы кәмелетке толғанына, сондай-ақ түзетуді қамтамасыз ететін
мамандандырылған мемлекеттік органның қорытындысы негізінде, сот кәмелетке
толмағанның түзелуі үшін аталған жазаның түрі қажетсіз болса, сот
қорытындысына байланысты тоқтатылады.
Сот тәжірибесінде кәмелетке толмағандарға тәрбиелік ықпал етудің
мәжбүрлеу шараларын пайдалану мерзімін бекітудің заңдылық бекітілуінің
жоқтығы аталған мәселені шешудің бірнеше негізгі әдісін тудырды.
1998-2002 жылдары Қарағанды облысының соттарының тәжірибесіне біз
жүргізген талдау, ҚР ҚК 82 бабының 1 тармағы б және г тармақтарында
қарастырылған тәрбиелік ықпал ету шараларын тағайындағанда, мерзім туралы
мәселені шешудің бірнеше әдістері бар екенін көрсетті:
1) 6 айға дейінгі ұйғарым - 18%;
2) 1 жылға дейінгі ұйғарым - 35%;
3) кәмелетке толмағанның 18 жасқа толуына байланысты шаралар
жүргізілуінің ұзақтығын байланыстыру – 22 ;
4) шамаланған мерзімге қандай да бір ұйғарымның жоқтығы – 25 %.
Кәмелетке толмағандарға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын
пайдалану мерзімі туралы мәселені шешудің алғашқы үш түрі, біздің ойымызша
заңның жалпы мағынасына қарама-қарсы келмейді. Соңғы жағдайда оқиға
шиеленіскен. Біздің ойымызша, жүзеге асатын уақыт бойы уақыт кезеңін
көрсетпей қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары туралы шешім қабылдау
мүмкін емес. Осы жағдайда сот қабылдаған шешімнің жүзеге асырылуын бақылау
өте қиын. Әділдік үшін аталған құқықтық оқиғаны, ҚР ҚК 82 бабының 1
тармағының б және г тармақшаларын пайдаланудың формальды-логикалық
жүйелеу жағынан қателіктер жіберген, заң шығарушының өзі шығарып отырғанын
атап өту керек.
Белгілеген мәселені шешу мен заңдылықтағы қателікті толтыру, жасалған
кезде тіпті де қолданылмаған ҚР ҚК 82 бабы қолданылатын қылмыстың
ауырлығының бағасына байланысты болуы мүмкін.
Ауыр емес қылмыстар жасағаны үшін ең ұзақ жаза екі жылға дейін
(қасақана әрекет) бас бостандығынан айырылу тағайындалуы мүмкін, ал орташа
ауыр қасақана қылмыс үшін екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан
айырылуы мүмкін. Өзінің мәні бойынша тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу
шаралары нақты қылмыстық жазаны алмастыратын болып саналады.
Осыған байланысты, ҚР ҚК 10 бабында белгілеген мерзімдерге сүйену
қажет.[9]. Қылмыстың сипатына, кәмелетке толмағанның жеке тұлғасының
өнегелілік-психологиялық сипаттамасына байланысты сот, оның түзелуіне, жаңа
қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік беретін көрсетілген қандай да бір шараны
таңдауға құқылы.
Мұнымен бірге ҚК кәмелетке толмағанға бір уақытта бірнеше тәрбиелік
ықпал ету шараларының тағайындалуын да қарастырған. Ата-анасына немесе
олардың орнындағы тұлғаларға, болмаса мамандандырылған мемлекеттік органның
қадағалауына беру, сондай-ақ, кәмелетке толмағанның бос уақытын шектеу мен
тәртібіне жеке талаптар қою сияқты осындай мәжбүрлеу шараларының ұзақтығы
мерзімін осы шараны тағайындаған сот бекітеді.
Тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын кәмелетке толмаған
жасөспірім жүйелі түрде орындамаған жағдайда, заң оның заңды салдарын
белгілейді: мамандандырылған органның ұсынысы бойынша кәмелетке толмағанның
түзелуін қамтамасыз ететін көрсетілген шара тоқтатылады және материалдар
оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін жіберіледі. Қарастырылған
шаралардың басты ерекшелігі, олардың мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары
екендігінде, олар тәрбиелік сипатта және соттылыққа апармайды.
ҚК 83 бабының 5 тармағында қарастырылған мерзім өтіп кеткен соң,
кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған тәрбиелік немесе емдеу-
тәрбиелеу мекемесінде болу мерзімін ұзарту, кәмелетке толмағанның орта
білім алуы мен кәсіптік дайындығын аяқтау қажет жағдайында рұқсат етіледі,
бірақ олар кәмелеттік жастан аспау керек. Мамандандырылған тәрбиелік немесе
емдеу-тәрбиелеу мекемесінде болу тәртібі заңдылықпен белгіленеді.
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жазадан шартты-мерзімінен бұрын
босату, соттылық және оны өтеуді де қарастырып өтейік.
Қылмыстық кодекс кәмелетке толмағандарды қылмыстық жазадан шартты-
мерзімінен бұрын босатудың белгілі бір ерекшеліктерін қарастырады, онда ҚК
84 бабына сәйкес жасы кәмелетке толмағандар жасаған қылмысы үшін бас
бостандығынан айырылған немесе түзету жұмыстары қолданылып жазаланған
тұлғаларға жазасының:
а) ауыр емес немесе орташа қылмыс үшін сот тағайындаған жазаның
мерзімінің үштен бір бөлігінен аз емес;
б) ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жазалау мерзімінің жартысынан аз
емес;
в) аса ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жазалау мерзімінің үштен екі
бөлігі нақты аяқталған соң қолданылуы мүмкін.
Кәмелетке толмағанды жазалау мерзімінінен шартты-мерзімінен ерте
босатуға негіз болып, тұлғаның түзелуі үшін сот тағайындаған жазаның
қажетсіздікдігі табылады. Кәмелетке толмаған сотталушылар үшін шартты-
мерзімінен ерте босатуды пайдалану, үлкендерге қарағанда, заң қылмыс
санатына байланысты алғашқы тағайындаған жазасын өтеу мерзімін өте шағын
мерзімге белгілейді. Жазасын өтуден шартты-мерзімінен ерте босату
қолданылған кәмелетке толмағандарға қатысты, ҚК 70 бабының 7 тармағының
шартты-мерзімінен ерте босатуды жою мен жазаның қалған бөлігін өтеу
жөніндегі талаптары таратылады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі мен оларды жазалаудың
ерекшеліктері ескіру мерзімі мен соттылықты қысқартудан да тұрады.
Мәселен, ҚК 85 бабына сәйкес, аталған Кодекстің 69 және 75 баптарында
қарастырылған ескіру мерзімі, кәмелетке толмағанды қылмыстық
жауапкершіліктен немесе жазасын өтеуден босатқанда жартысы қысқарады, яғни,
ауыр емес қылмыс үшін бір жыл; орташа ауыр қылмыс үшін – екі жарым жыл;
ауыр қылмыс үшін – бес жыл; аса ауыр қылмыс үшін – жеті жыл алты ай.
Сондай-ақ, атап өту керек, ҚК 4 бабына сәйкес жасы 18 толмаған тұлға
жасаған қылмыс үшін соттылық қылмыстың қайталануы мойындалғанда есепке
алынбайды.
Ізгілік түсінігіне сүйене отырып, заң шығарушы алғаш рет біздің
еліміздің қылмыстық заңдылығына бұрын беймәлім ережені қарастырды, ол яғни,
ерекше жағдайларда қылмыс жасаған тұлғаның тәртібін есепке ала отырып, сот
аталған тараудың, оларды арнайы тәрбиелік немесе емдеу-тәрбиелік
мекемелерге орналастырудан басқа, ережесін, он сегізден жиырма жасқа дейін
қылмыс жасаған тұлғаларға қолдана алады (ҚК 87 бабы)[10].
Заңда қандай жағдайлар ерекше болып танылатыны көрсетілмеген. Бірақ,
жасалған қылмыстың сипатын, айыптының жеке тұлғасын, оның өмірі мен тәрбие
жағдайын, қылмыс жасауға мүмкіндік жасаған себептері мен жағдайларын
т.с.с. сөзсіз ескеру қажет.

2.1. Жасөспірімдер қылмыстылығына мүмкіндік туғызатын жағдайлар мен
себептер
Жастық шақ – бұл жеке тұлғаның қоғамда орнығу шағы. Бірақ өтпелі
кезеңмен қатар жүрген қоғамдағы өзгерістер мен жаңа әлеуметтік жағдайлар
кезеңінде жастардың заңмен жанжалдасу мүмкіндігі өсіп отыр. 2000 жылғы
Инноченти ЮНИСЕФ Зерттеу орталығының өзгеріп жатқан қоғамда (зерттеу
аумағына Орталық және Шығыс Еуропаның, ТМД-ң 27 елі енгізілді) жастар
мәселесін қарастырған аймақтық мониторингтік баяндамасына сәйкес, 1998 жылы
тіркелген кәмелетке толмағандар арасындағы (14-17 жас) қылмыстардың
деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда Тәжікстанда 91 қылмыс, Словенияда 5393.
Баяндама мәліметтері бойынша бұл көрсеткіш Қазақстанда 626 қылмысты
құрайды.[11].
Жастар қылмыстылығының мәселелерін зерттей отырып, оған ықпал ететін
маңызды фактор маргинализация болып табылады. Маргинальный латынша
marginalis -шетінде орналасқан, яғни шетінде дегені- өту жағдайының
шетіне қатысты: қоғамнан, қоғамдық өмірден тыс. Саясаттануда маргинальдық
психика мен саяси тәртібіне із қалдырған, ірі әлеуметтік топтарға қатысты,
адамдар (индивидтер мен қабаттар) жағдайының аралығы, шегі
түсіндіріледі[12].
Қазіргі заманғы қоғамда маргинальдар мынадай әлеуметтік топтар бөлігін
құрайды, олар - жұмыссыздар, қаладағы ауыл мигранттары, иммигранттар,
босқындар, репатрианттар, белгілі бір тұратын жерлері жоқтар, қайыршылар,
нашақорлар, қылмыскерлер.
Маргинальдарды екі топқа бөлуге болады: биомаргинальдар –
денсаулығына байланысты ауытқушылықтары барлар, оларға кәмелетке жетпеген
нашақорлар, маскүнемдер, жыныстық аурулармен ауыратындарды т.с.с.
жатқызуға болады.
Екінші топ – социомаргинальдар, яғни, қоғамдық-пайдалы байланыстары
жоқ, ата-анасыз қалғандар мен ата-анасы тірі болса да, ата-ана қамқорлығын
көрмегендер, жазалау мерзімін өтеп келгендер т.с.с. жатады.[13].
Жастар аталып өткен барлық маргинальдық топтардың құрамына кіреді.
Бірақ, ерекше айырмашылықтарына қарамастан, маргинальдардың ортақ
сипаты өзінің әлеуметтік мәртебесінің жоғалуымен анықталатын және осы
әлеуметтік мәртебені уәде еткен қандай да бір сыртқы ықпалға көнгіштік
болып саналады. Саясаткерлердің айтуынша, осы арқылы оларға саяси
көзқарастарды зорлап міндеттеу оңай. Осы аралық әлеуметтік топ, көбіне
қоғамға қарсы және мемлекетке қарсы бірлестіктер мен қозғалыстарға кіруі
заңды да.[14].
Соңғы кездері жастар мен жасөспірімдер қылмыстылығы мәселелеріне
ғылыми әдебиет және мерзімді басылымда көп көңіл аударылуда. Бұл түсінікті
де, себебі осы мәселе мемлекеттің, жалпы елдің болашақтағы дамуы мен
перспективаларымен тығыз байланысты және оған тікелей ықпал етеді.
Жастар қылмыстылығының бұрын көтерілген мәселелерін қайталамауға
тырысып, біздің бүгінгі әңгіміміздің пәні өнегелілік көріністерді
қалыптастырудың әлеуметтік-экономикалық, педогогикалық, психологиялық
себептерін, тұсында маргинализация жүретін және оның механизмінің дамуына
ықпал ететін жасөспірімдердің заңға қарсы тәртіптері мен құндылық бағыттар
мен тәртіптік құрылғыларды талдауды жөн көріп отырмыз.
Басқаша айтатын болсақ, жасөспірімді заңмен қарсы қоятын, қоғамға қарсы
тәртібін қалыптастыратын жолды зерттейміз.
Оқудан бастайық. Оқу – бұл жасөспірімнің күшін салатын, оны өзінің мәні
туралы түсінігін қалыптастыратын маңызды сала. Әлеуметтік зерттеулер
нәтижесі, сауал қойылған 50% астам кәмелетке толмағандардың үлгерімі жақсы
(5 және 4) екені, ал құқық бұзушы жасөспірімдер арасында ол – 7,1% ғана
құрайды, сонымен бірге олардың арасында 3 және 2 оқитындардың саны 3,5
есеге (17,9%) көп.
Нашар үлгерушілік жасөспірімнің ішкі жағдайын, оның мектепке бару
тілегін анықтайды. Әсіресе Сендер мектепке, училищеге қандай көңіл-күймен
барасыңдар?-деген сауалға жауап кезінде ол айқын көрінеді. Әдеттегі
жасөспірімдер арасында оқуға баруды жаза ретінде қабылдау 3,7% болса, жас
құқық бұзушылар арасында мектепке бару өте теріс қатынасты туғызады.
Олардың 41% мектепке қажеттілік бойынша барса, 15% оқуды жаза ретінде
қабылдайды.
Мектептегі жасөспірімнің жағдайы күрделі және бір жақты емес деген
пікір дұрыс. Ол сөзсіз тек үлгеріммен ғана емес, сондай-ақ жабдықталғандық
және қорғалғандық сезімімен де анықталады.
Жасөспірімдердің көбі оларға жақсы қарайды деп есептейтіндері қуанышты.
Бірақ әдеттегі оқушалар арасында 4% ғана өздеріне қатысты парықсыздық
және немқұрайымдылықты сезінсе, онда құқық бұзушы жасөспірімдер арасында
бұл 14,7%, ал 7% олардан сыныптастары өздерін алыс ұстайды болмаса ұнатпай
қарайтынын сезінеді – осылайша маргинальдар үшін жатсыну сипаты байқалады
және қиын жасөспірімдер мәселесі бас көтереді.
Криминологияда мемлекеттің қоғамға қауіпті қылмыс жасағаны үшін,
қылмыскер мәртебесін жапсыру (таңбалау) үрдісі (немесе нәтижесі)
стигматизация түсінігі бар.[15]. Кәмелетке толмаған құқық бұзушылар
арасында оқу үрдісін жаза ретінде қабылдайтын жасөспірімдер 4 есе көп.
Егерде көптеген оқушылар өздерінің сыныптастарының оларға деген қатынасына
қанағаттанса, әрбір бесінші құқық бұзушы жасөспірім немқұрайымдылық немесе
ұнатпайтын қарым-қатынасты сезінеді. Сауалға жауап берушілердің пікірінше,
ауытқушылық мінез-құлық феномені нашар үлгерімнен, мұғалімдеріне деген
дұрыс емес қарым-қатынастан, сабақтарға келмеуден көрінеді. Бұл ауытқушылық
мінез-құлқы бар жасөспірімнің өзі, осы пікірді түсіне отырып, өз бойынан
маңызды тәртіпсіздікті байқамайды, болмаса оған көңіл аудармайды. 4,6%
оқушылар ғана өздерін қиындар қатарына жатқызады.
Осыған байланысты мектептерде әлеуметтік педагогтар мен полицияның
мектептік инспекторлары лауазымын енгізу уақыты келді. Ойымызша, осы жаңа
лауазымдардың негізгі жігері қиын жасөспірімдерге тек мұғалім жағынан ғана
түсінушілік емес, сонымен қатар, оқушылар тарапынан да көмек көрсету
тілегін жағдайын жасауға бағытталады. Бұл теріс психологиялық күш
түсіретін, мінез-құлықтың тұрақты қоғамға қарсы жүйесін қалыптастыруға
мүмкіндік жасайтын, таңбалау әсерін жоюға көмектеседі.
Заңға қарсы мінез-құлықтың қалыптасуы уақыт өткізудің түрімен,
мәнерімен тікелей байланысты. Осыған байланысты жасөспірімдердің бос
уақытын зерттеу ерекше қызығушылық туғызады. Жасөспірімдердің бағалауы
бойынша, олардың бос уақыттары орташа сипатта болады: кейде қызық, кейде
қызықсыз.
Бос уақытта айналысатын негізгі кәсіп – достарымен араласу - 46%,
теледидар хабарларын қарау – 23,6%, музыка тыңдау, кітап оқу – 21,5% және
21,8%. Құқық бұзушы жасөспірімдер өздерінің бос уақыттарын қалай өткізетіні
туралы аз жазған. Олардағы бос уақыттың мазмұны да біршама басқаша: олар
кітапты аз оқиды, сирек сурет салады және музыкалық аспаптарда сирек
ойнайды.
Жасөспірімдік жас мөлшерінің негізгі тенденциясының бірі – бұл қарым-
қатынастың ата-аналары мен жасы үлкен туыстарынан өз жағдайына азды немесе
көпті теңдес құрдастарына ауысуы болып табылады.
Құрдастарымен араласу қажеттігі жеке тұлғаның өзіндік танымында күшейе
түседі. Сондықтан осы жаста бос уақытты бірлесіп өткізу үлкен маңыз
атқарады. Осы нысанды емес топтарда кім басымды?
Сәтті компанияларда ол ең алдымен, көшбасшы қасиеттеріне ие: достарына
адалдық, өзі үшін жауап бере алушылық, ақыл, білім, адалдық және намысты,
ойлап тапқыштық.
Құқық бұзушы жасөспірімдердің пікірінше, олардың көшбасшылары өзі үшін
жауап бере алады, достарына берілген, адал, намысты, ойлап тапқыш, ақылды,
ал ерекше қасиеті ақша жасау білетіндігі мен өзіне басқаларды бағындыра
алатындығы саналады. Көшбасшылық туралы осындай пікір құндылықтардың
иерархиясын жалпы өзгертеді, ал жаппай болып жатқан барлық қоғамдық
қатынастарды үнемдеудің әлеуметтік-психологиялық үрдіс кезінде
жасөспірімдер ортасында тұлғааралық қарым-қатынастың қасақаналану жөнінде
айтуға мүмкіндік туғызады. Осылайша, қандай да бір жолмен баю қағидасы
дұрыс іскерлік белсенділік ретінде бағаланып, ол кейіннен жастардың
идеологиясына айналатындығы қауіп тудырады. Осындай идеологияның
зардаптары күні бұрын болжанған – қылмыстық-құқықтық тиым салу аз әрекет
етеді, ал жасөспірім заңмен таласқа түсуге психологиялық жағынан жақын
болады. Қылмыскерлер санатына өтудің жоғары мүмкіндігі бар, сондай-ақ
олардың өздерінің қылмыстың құрбаны болуға жақындығы – аталған жағдайда
маргиналдардың ерекше сипаты жасөспірімдерге тән. Мұны толық қарастырайық.
Көп жағдайда жасөспірімнің қоғамға қарсы мінез-құлқын қалыптастыру оның
құндылық бағыттары мен өмірлік жоспарына байланысты – бұл – аксиома. Осы
саланы зерттеу, жасөспірімдер жезөкшелікті (53,9%), есірткіні қолдану
(52,2%), қорқытып алушылықты (51,3%) ұят санап, оған теріс қарайды. Сонымен
қатар жасөспірімдердің көп бөлігі (9,2 %-тен 58,5% дейін) қоғамдық
адамгершілікте, заңда ұят санайтын құбылыстарды айыптамайды. Мәселен,
күнделікті ішімдік ішуді тек 35,2%, ал қаңғыбастықты – 32,6% айыптайды.
Сауал қойғандардың қалған бөлігі осы құбылыстарға түзу ниетпен қарайды.
Қауіпті қылмыстық симптомдардың болуы туралы оқушылардың 41% өз өмірінде
біреуге қол жұмсағаны туралы, 23,1% қасақана біреудің мүлкін бүлдіргені, ал
26,3% сұраусыз біреудің затын алғанын мойындаған дерегі дәлелдейді.
Осылайша, құндылық бағыттарының өзгеруі, олардың ауытқуы
жасөспірімдердің дүниетанымдық бағытын ғана анықтап қоймай, сондай-ақ оның
одан арғы тәртібін анықтайды.
Енді маргинальдардың тағы да бір сипаттамасы – қылмыс құрбандығы болуға
жақындығы. Жасөспірімдердің құрбандығы әлі аз зерттелген. Сонымен бірге,
оны есептеу жастар қылмыстылығының алдын алу шараларын жасау үшін,
жасырындық деңгейін орнату үшін, мемлекеттің, құқық қорғау органдарының осы
мәселелерге реакциясының теңбе-теңдігін анықтауда маңызды. Сауалнаманың
нәтижесі, жасы үлкен жасөспірімдер немесе құрдастары тарапынан қорқыту
жолына сауал қойғандардың 6,6%-нан 12,5 дейінгілері ұшыраған. 6,3%-тен 8,5%
мүлкі ұрланған, 1%-ден 6,5%-дейін ұрып-соғуға ұшыраған. Ең қызықтысы
ұрлыққа көбіне жақсы оқитын оқушылар ұшырайды, күш көрсетудің басқа түрлері
3 және 2 оқитындар арасына тән. Мұндайларды жиі ұрады (13,2%), ішкішер
компаниясына тартуға тырысады (9,4%) немесе ұрлыққа тартады (3%). Соңғы
жағдай, олардың жасымен анықталған, психологиялық өнегелілік ерекшеліктері
сипатты жасөспірімдер қоғамға қарсы, қылмыстық топтардың базасы болып
саналады, қылмыстылық үшін, қылмыстық орта қалыптастыруға жалпы жағдай
жасайды.
Олар үшін маргинальдық деп аталатын, маскүнемдік, алкоголизм,
уытқұмарлық, жезөкшелік және басқа да әлеуметтік ауытқушылық құбылыстары
сипатты екендігімен жағдай шиеленісе түседі; болмаса қылмыстың астары
қызметін атқаратын болмаса қоғамға қауіпті қылмыстылық деңгейіне жетпеген,
өзі арқылы құқық бұзушылықты көрсетеді.[15].
Сауалнама көрсеткендей, жасөспірімдердің үштен бір бөлігі (36,3%)
жарты жылда бір-екі рет алкогольды, 20,2% - айына бір-екі рет, ал 74% -
аптасына бір-екі рет пайдаланады. Алкогольды пайдаланудың осындай
тұрақтылығы ерте, оны алғашқы пайдаланудың саналы пайдалану болады. Осыған
дәлел, оқушылардың 15% алкогольды ішімдіктерді жасы 12-ге келгенше татып
көрген. 12-13 жастарында алкогольды 22,8 %, ал 14-15 жаста – 23,3% татып
көреді. Одан әрі жасөспірім өскен сайын алкоголь аз қызығушылық тудырады.
17 жастан асқандардың тек 1,8% ғана алғаш рет татып көрген.
Жасөспірімдердің есірткі пайдалану дерегі де онша емес. Сауал қойған 35,4%
жасөспірім есірткі пайдаланатындармен таныс, олармен араласады немесе
оларға есірткіні татып көруді ұсынған, олардың 6,7% азғыруға көнген т.с.с.
нәтижесінде есірткі пайдаланған.
Алкоголь пайдалану да, нашақорлық та қандай да бір көлемде достарының,
құрдастарының немесе үлкендердің мақұлдау, ынталандыру қатынасының нәтижесі
болып саналады. Сауалға жауап берген әрбір оныншы жасөспірім оған табанды
түрде ішімдік ұсынған кезде бас тарта алмайтынын атап өтті. Жасөспірімнің
өзінің күтетін, тілейтін емес, оны қоршаған ортаның мінез-құлқын таңдау,
тағы да жасөспірімнің тікелей қоршаған ортасына, бөтен ықпалға тәуелділік
факторын атап көрсетеді, сондай-ақ есірткі немесе ішімдік азғыруларына
қарама-қарсы тұратын ішкі иммунитеттің жоқтығын дәлелдейді.
Осындай жағдайларда жасөспірімдердің, әсіресе құқық бұзушылардың
заңсыз бірлестіктері айрықша теріс рөл атқаруы мүмкін. Осы жерде ең бірінші
міндет болып, жасөспірімнің қажеттігін әлеуметтік-жақсы бағыттары бойынша
құрдастарымен араласуға бағыттау қажет. Сауал қойған жасөспірімдердің
пікірі бойынша осындай әдістердің бірі, арнайы балалар (жасөспірімдер)
ұйымдарын құру болып табылады. Олардың 60,7% оның болғанын мақұлдаса, әрбір
үшінші-төртіншісі жауап бере алмайды,тек 9% - қарсы болды.
Құқық бұзушы жасөспірімдердің жартысы оның болуын міндетті деп санады.
Қорытындылай келе, Қазақстан халықаралық құқықтың жалы танылған
қағидаттарының құзіретін есепке ала отырып, 1994 жылы 8 маусымда өз
Заңнамасын конвенцияға сәйкес жүргізу бойынша халықаралық міндеттеме алып,
бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті. Осыған дәлел 2002 жылы
қабылданған Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының бала
құқығы туралы Заңы. Онда бала құқығын қорғаудың негізгі бағыттары
белгіленген, сондай-ақ олардың заңға қарсы әрекеттері үшін жауапкершілігі
анықталған. Біздің ойымызша, тек балалардың құқығын қорғау мәселелерін ғана
емес, сондай-ақ олар қылмыс жасаған уақытта жауапкершілігін реттейтін
нормативтік-құқытық базаның құрылуы жасөспірімдер қылмыстылығы мәселесіне
ғана жақсы жағынан ықпал етіп қоймай, елдегі жалпы қылмыстекті оқиғаға да
өз ықпалын тигізеді
Республикада соңғы бес жыл ішінде жалпы қылмыс екі есе өсті, әрбір
бесінші құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған жасайды, қылмыстылықтың өсуі
барлық облыстарда бірдей байқалады.
Осы уақыт ішінде кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстылықтың жалпы
санының 75% топтарда және үлкендердің қатысуымен жасалады.[16]
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықпен күрестің өзектілігі
қазіргі кезде оның деңгейі қандай да бір шамада жалпы қылмыстылықтың
жағдайы мен болашағын анықтайтындығымен байланысты. Бірқатар әлеуметтік-
құқықтық зерттеулер мәліметтері бойынша ұрлық, шабуыл жасап тонау,
бұзақылық, жеке тұлғаға озбырлық жасаудың әртүрлі түрлері үшін сотталған
үлкендердің 23 өздерінің ең алғашқы қылмыстарын кәмелетке толмаған кезде
жасаған екен. Бұл қылмысты қайталап жасаушы ұрылардың арасында жоғары
деңгейде қалып отыр.
Сот-тергеу тәжірибесі кәмелетке толмағандар жасаған ауыр қылмыстардың
барлығының 20% алкогольмен мас болу және есірткілерді пайдаланған кезде
жасайтындарын көрсетеді. Көптеген ауыр қылмыстар (адам өлтіру, шабуыл жасап
тонау, пәтерлерлерге ұрлыққа түсу т.с.с) спирттік ішімдіктер мен есірткілік
заттарды сатып алу үшін материалдық құндылықтарға ие болу мақсатында
жасалады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 наурыздағы
Қылмыспен күрес және құқықтық тәртіпті нығайту бойынша шұғыл шаралар
туралы Қаулысында алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен күресті
күшейтуге айрықша орын берді. Жасөспірімдер мен жастарды маскүнемдікке
тартуға мүмкіндік жасап, спирттік ішімдіктер мен темекі сататын
дүңгіршектер тәулік бойы жұмыс істейді. Кейбір жағдайларда жасөспірімдер
мен жастар арасындағы қылмыс, өтпелі кезеңде нарықтық экономика көптеген
жас адамдар арасында бизнес, коммерция, кәсіпкерлік қызмет туралы
бұрмаланған ой қалыптастырды дегенмен түсіндіріледі. Бірқатар жағдайларда
кейбір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz