Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы



Кіріспе
1. Ислам және қазақтардың әдет.ғұрпы
2. Ислам және Қазақстан мәдениеті.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. Академик Бартольд В. В.: «ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді,» /1/ — деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. «Аруақ аттаған оңбас» деп аруақты ұмытпады...
Әбу Ханифа жол салған суниттік ағым басқаларына қарағанда көнімпаз, басқа халықтардың әдет-ғұрып заңдарына бой ұсынғыш болуы себепті қазақ тайпаларына да өте тиімді болды. Сондықтан да қазақтардың әдет-ғұрпы өз кезегінде ислам діні шариғат заңдарын кері итеріп тастамай, қайта феодалдық қарым-қатынастың жандануына игі әсер ететін шариғат заңдарын қабылдап алды. Сөйтіп, екі наным ұзақ мезгіл бойы бір-біріне зиян келтірмей, қатар өмір сүрді. Сол себепті де қазақтардың әдет-ғұрпы көбіне өзінің бұрынғы болмысын сақтап қалды. Билер қазақтардың қоғамдық маңызы зор мәселелерінің көпшілігін ежелден келе жатқан бұрынғы ата-бабалары әдет-ғұрып заңдары бойынша талқылап шешті. Ал өз кезегінде араб миссионерлері де қазақ тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, сенімдерін, праволық нормаларын, мәдени жетістіктерін лақтырып тастамай, санасуына тура келді. Бұлардың бәрін исламға қайшы келмейтіндей етіп, қырын жатқызуға тырысты.
1. Бартольд В.В. Соч. Т. V 68-б.
2. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. –Москва. 1961 ж.
3. Орынбеков М.С. Протоқазақтардың дүниетанымы. –Алматы 1995 ж.
4. Гафуров Б.Г. Таджики. Древнейшая, древняя и средневековая история. –Москва, 1972 ж. 316-б.
5. Орынбеков М.С. Қазақ сенімдерінің бастаулары. Алматы 2002ж. 103-б.
6. Н. Өсеров, Ж. Естаев. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрыптары. Алматы 1992 ж. 135-б.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе
1. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы

Ислам және Қазақстан мәдениеті.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны
бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні
Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса
бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол
феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық
үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан
шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра
алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан
болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді
жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман
дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән
бермеді. Академик Бартольд В. В.: ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм
билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен
соғысуына тура келді, 1 — деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ
тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін
қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI
ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы
ғазауат соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб
миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-
баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба
аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар
әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін
олар аруақты разы етуге тырысты. Аруақ аттаған оңбас деп аруақты
ұмытпады...
Әбу Ханифа жол салған суниттік ағым басқаларына қарағанда көнімпаз,
басқа халықтардың әдет-ғұрып заңдарына бой ұсынғыш болуы себепті қазақ
тайпаларына да өте тиімді болды. Сондықтан да қазақтардың әдет-ғұрпы өз
кезегінде ислам діні шариғат заңдарын кері итеріп тастамай, қайта феодалдық
қарым-қатынастың жандануына игі әсер ететін шариғат заңдарын қабылдап алды.
Сөйтіп, екі наным ұзақ мезгіл бойы бір-біріне зиян келтірмей, қатар өмір
сүрді. Сол себепті де қазақтардың әдет-ғұрпы көбіне өзінің бұрынғы болмысын
сақтап қалды. Билер қазақтардың қоғамдық маңызы зор мәселелерінің
көпшілігін ежелден келе жатқан бұрынғы ата-бабалары әдет-ғұрып заңдары
бойынша талқылап шешті. Ал өз кезегінде араб миссионерлері де қазақ
тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, сенімдерін, праволық нормаларын, мәдени
жетістіктерін лақтырып тастамай, санасуына тура келді. Бұлардың бәрін
исламға қайшы келмейтіндей етіп, қырын жатқызуға тырысты.

1 Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы

Қазақтардың ең бір қадірлеп-құрметтейтін дәстүрі — өлген ата-баба
аруақтарына табыну. Өлген ата-баба аруаққа айналып, тірілердің зор
құрметіне ие болады. Олар тірі ұрпақтарының әдет-ғұрып заңдарын, кәде-
қаумет, салттарын сақтап жүрулерін талап етеді. Ата-баба аруағына асы
болғандарға олар әр түрлі ауруларды мал-жанына әкеледі, құрғақшылыққа душар
етіп, бірде-бір тамшы жаңбыр жаудырмайды, қажет болса, әйелдерді бала
табудан махрұм етіп, ұрпағын өсірмейді деп ойлайды. Сол себепті де қазақтар
ата-баба аруағын разы етуге тырысады, олар жолына малдарын құрбандыққа
шалып, үнемі есте ұстап, оларға жалбарынып отырады. Өлімін күтіп, төрінен
көрі жақын қалған қарттарды аса құрмет тұтып, ақсақал, отағасы деп
сыйлайды. Оның себебін бұл қарттар өлгендер мен тірілер арасындағы
байланыстырғыш деп қарағандықтан ғой дейміз. Сондықтан да қазақтар ата-
анасын өте құрмет етеді. Өлгендеріне шаң жуытпайды, аруаққа айналдырады.
Әрине, мұндай құрметке кез келген қарт ие бола бермейді. Әр рудан оза
шауып, ақыл-парасатымен, істеген ісімен ел құрметіне бөленгендер ғана үлкен
құрметке ие болады. Мұндай дуалы ауызды адамдар көзі тірісінде-ақ әулиеге,
өлгеннен соң аруаққа айналған. Мұндай адамдардың сөзін де жыр қылып айтып,
қабірін де құрметтеген. Дегенмен де, әркімнің өз ата-бабасы өзіне жақын,
әрбір семья, от басы – ошақ қасының өзіне қас аруақтары болып, оларға
жалбарынған. Әрине, ата-баба аруағын құдайға теңеуге болмайды. Оларды
Алламен екі ортадағы жебеуші деуге болады. Біреуге наразы болып ашуланғанда
аруақ атсын, аруақ ұрсын деп қарғайды.
Қазақтар былай қарағанда, момақан көрінгенмен, егерде өзінің және
семьясының намысына тиетіндей бірдеме істелінсе, онда қазақтар шыдай
алмайды, қажет болса, намысқа шыдамай өлуге дейін барады.
Ежелден-ақ қазақ халқы үйленуге мән, маңыз берген, От басы – ошақ
қасы деп, семьяға ерекше мән бере отырып, сол от басы – ошақ қасының
беріктігін көздеген. Әрдайым от басы — семья берік әрі тату-тәтті болса,
сол семьядан өрбитін ұрпақтар да жақсы болып өсетінін жете білген. О бастан
дұрыс таңдалған семья бұзылмаған. От басы – ошақ қасын бүлдіргендер,
семьяны сақтай алмағандар қоғамдық теріс пікірге ұшыраған. Сол себепті де
революцияға дейінгі қазақ семьяларының өте сирек болмаса, бұзылғандары
кездеспейді. Оның себеп-салдары өте көп. Мен осы зерттеу жұмысымда шамамның
келгенінше сол себеп-салдарынайтып өтейін.7
Қазақ семьясы тек қана ер, әйел және балаларынан ғана емес, үлкен
семьядан (патронимия) тұрған, яғни әкесі мен анасы, үйленген ұлдары, қажет
болса үйленген немере-шөбересі, былайша айтқанда, ата-бабалары бір болып,
оларды үлкен әкесі басқарған. Оларды мұндай бірігуге мәжбүр еткен жалпы
экономикалық мүдделері ғана емес, сол секілді қандастық-туыстық, намыс
біршілдігі деп ұғуымыз керек. Мұндай үлкен семья бірге тамақ ішкен, бәрі
бірге маңызды үй мәселесін шешкен. Рас, енші алып, бөлек отау еткенімен,
енші алып бөлінген ұлдары ата ақылынан тыс кете алмай, әке нұсқауымен жүріп
отырған. Барлық тұрмыстық мәселелерді (мысалы, өлім-жітім, көші-қон, қонақ
күту, т.б.) әке шешкен. Өйткені үйлену оңай болғанымен, семья болу оңай
емес, семья беріктігі, дәулеттілігі, көңіл-күйінің жақсы болуы бәрі сол от
басы—ошақ қасынан. Сол семьяға деген сүйіспеншілік, туысқанға деген
мейірбандық туысқандардың өзара мақсат-міндеттерін айқындап, олардың
жауапкершілігін, коллектившілдігін арттырған. Мұндай семья оңайлықпен
күйремеген, қайта ауызбіршілігі нығайып, біріне-бірі таяныш болып,
табалдырықтары мықты болған.
Үлкенсемья болғаннан соң, әрине, оның мүшелері арасындағы мақсат-
мүдделері бір-біріне қайшы келіп жатуы мүмкін ғой. Бірақ мұндай кереғарлық
мақсат мүддесінен асып кете алмаған, әрі ондай таласты мәселелерді бәрі
ақылдасып кеңесіп шешіп отырған. Өйткені ақылдасып пішкен тонешуақытта да
қысқа болмайды. Алтау ала болса—ауыздағы кетеді, төртеу түгел
болса—төбедегі келеді. Әрине, мұндай нақыл сөздерді әрбір қазақ жете
түсініп, сол нұсқамен амал еткен. Бұл бір салдары.
Екінші салдары, рулық қоғамның алғашқы бастамасынан-ақ пайда болып,
әрі—қоғамда жиі ұшырасып отырған қанға – қан, жанға – жан дәстүрі, яғни
құн алу. Бір қарын майды бір құмалақ шіріьеді дегендей, қоғам болғаннан
соң бір биден ала да туады, құла да туады, яғни қоғам ішінде жақсылары
да, жамандары да болады. Үлкен семьяға келтірген намыс – сол семьяның
кісісін өлтіру, жесірін алу, малын ұрлау, т.б. қылмыстар сол үлкен семья
түгіл, бүкіл руына жағылған күйе. Сондықтан да бүкіл ру қажет болса өз
ұраны шақырылғанда, атқа мінбеу, сойыл ұстамау ездік саналған. Қайсы ру
болмасын намысын қолдан бермеген. Заң органдарының күштеу аппараты болмаған
заманда қылмыстының жазасын тек қана осындай жолмен қайтару бірден-бір
дұрыс жол еді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілеріміз құн, қанды кек
қайтару институтына тосырқай қарап, жылы лебізін білдірмеуі өкінішті.
Күштеу аппараты жоқ қоғамда бұлай істеу кісіні өлтіру ниеті бар адамды
алдымен қылмыс істер алдында мыңда бір рет ойлануды, егер қылмыс істеп,
кісі өлтірсе тек өзіне ғана емес, бүкіл туысқандарына келетін кесірін
пайымдауды талап етеді. Бұл—қылмыстың алдын алу, оны болдырмаудың жолы.
Егер қанды қол кісі өлтірсе, не өзі өледі, не бүкіл туыстары болып құн
төлейді, бұл оңай шаруа емес, оның үстіне бүлінген елден бүлдірген алма
деп, ондай рудан басқалар шеттеп, қанды қолдарын беттеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі Қазақстандағы Ислам дінінің жағдайы
Қазақ халқының этникалық мәдениеті
Қазақ жеріндегі исламның таралуы
Қазақстандағы ислам туралы ақпарат
Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері
Ислам дінінің қазақ қоғамындағы рөлі
ИСЛАМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Баспасөз және ұлттық дәстүр
Қазақ дүниетанымына ислам құндылықтарының енуі
XVIII ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік өмірі және мәдениетіндегі ескерткіштер
Пәндер